Ақпарат жүйесін жобалау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4

Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.13
I Ақпарат жүйесін құруды негіздеу
1.1 Қолдану саласын сипаттау
1.2 Техникалық тапсырма
1.3 Концептуалдық сызба

II Ақпарат жүйесін жобалау
2.1 Мәселенің қойылымы
2.2 Кіріс ақпараты
2.3 Шығыс ақпараты
2.4 Программаны жабдықтау

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Қазіргі кезеннің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелінетін “ақпараттық экономикаға” ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика парламентінің “Қазақстан Республикасының ақпараттандыру Заңын ” қабылданғанын жатқызуға болады.
Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде біртекті әдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді ғылым түрі себеп болады. Мысалы, біз ақпараттық жүйе ұғымын былай айта аламыз: Ақпарат- латынның informatio деген сөзінен шыққан, яғни істің жай – күйі немесе біреудің іс- әрекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандай да бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны.
Дегенмен, мәліметтерді ақпаратпен теңестіруге болмайды. Ақпарат тек бізді қызықтыратын істердің нақты емес жақтарын азайтатын мәліметтерді ғана қамтиды. Ақпарат жүйесі (АЖ)- қандай да бір объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу және шығарып беру жүйесі деп қарастырылады. Әр бір ақпарат жүйесі (АЖ) ақпараттық объектілердің бірігуін қамтитын қандай да бір ақпаратты кеңістікке бейнелейтін пәндік саланы иемденеді.
Кез- келген жүйені зерттеу мен тұрғызу және ендіру әдістемесінің негізінде өзара бір бірімен қатынаста, байланыста болатын, әрі бүтіндей бірлікті құрайтын жүйе элементтерінің бірігуін жатқызуға болады. Жүйенің элементі деп нақты функцияны орындайтын және берілген есеп көлемі бойынша әрі қарай бөлшектеуге жатпайтын объектіні айтамыз. Жүйе және оның элементтері туралы ой қозғағанда: орта, объект, өзара байланыс пен қасиеттер ұғымы қоса жүреді. Осы ұғымдар бірігіп, зерттеудегі жүйелік ыңғайдың мән мағынасын береді.
Жүйенің күйі- оның даму барысындағы құбылыс мезетін білдіріді. Оны көбінесе жүйеге енуші әселер мен шығушы нәтижелер арқылы анықтауға болады. Егер жүйе бір күйден басқа күйге өтетін болса,осы үрдіс жүйенің өзгеріс барысын білдіреді.
Ақпараттандыру- жеке және заңды тұлғалардың ақпараттың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақпарттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды қолдану негізінде құруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік- экономикалық және ғылыми – техникалық үрдіс. Осы жағдайда ақпараттың маңызы артады, оның мәртебесі өзгереді- ақпарат бизнестің стратегиялық ресурсы болады.Осы орайда мекемені басқару тиімділігі көп жағдайда ақпараттық база сапасымен және оны аналитикалық өңдеудің мұқияттылығымен анықталады.
1. “Ақпарат жүйелері негіздері” Кайнарбаева Г.Б. Алматы “Альянс” 2008ж

2. “Ақпараттық жүйелер теориясы” Байшоланова Қ.С Алматы “Экономика”2002ж

3. “Банк ісі” Мақыш Қ. Алматы 2007ж

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4

Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-13
I Ақпарат жүйесін құруды негіздеу
1.1 Қолдану саласын сипаттау
1.2 Техникалық тапсырма
1.3 Концептуалдық сызба

II Ақпарат жүйесін жобалау
2.1 Мәселенің қойылымы
2.2 Кіріс ақпараты
2.3 Шығыс ақпараты
2.4 Программаны жабдықтау

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 14

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

Кіріспе

Қазіргі кезеннің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және
шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың
негізгі қоры болып есептелінетін “ақпараттық экономикаға” ауысу болып отыр.
Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат
мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика парламентінің “Қазақстан
Республикасының ақпараттандыру Заңын ” қабылданғанын жатқызуға болады.
Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде
біртекті әдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа
әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді
ғылым түрі себеп болады. Мысалы, біз ақпараттық жүйе ұғымын былай айта
аламыз: Ақпарат- латынның informatio деген сөзінен шыққан, яғни істің жай –
күйі немесе біреудің іс- әрекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандай
да бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны.
Дегенмен, мәліметтерді ақпаратпен теңестіруге болмайды. Ақпарат тек
бізді қызықтыратын істердің нақты емес жақтарын азайтатын мәліметтерді ғана
қамтиды. Ақпарат жүйесі (АЖ)- қандай да бір объектіні басқаруға қажетті
ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, іздеу және шығарып беру жүйесі деп
қарастырылады. Әр бір ақпарат жүйесі (АЖ) ақпараттық объектілердің бірігуін
қамтитын қандай да бір ақпаратты кеңістікке бейнелейтін пәндік саланы
иемденеді.
Кез- келген жүйені зерттеу мен тұрғызу және ендіру әдістемесінің
негізінде өзара бір бірімен қатынаста, байланыста болатын, әрі бүтіндей
бірлікті құрайтын жүйе элементтерінің бірігуін жатқызуға болады. Жүйенің
элементі деп нақты функцияны орындайтын және берілген есеп көлемі бойынша
әрі қарай бөлшектеуге жатпайтын объектіні айтамыз. Жүйе және оның
элементтері туралы ой қозғағанда: орта, объект, өзара байланыс пен
қасиеттер ұғымы қоса жүреді. Осы ұғымдар бірігіп, зерттеудегі жүйелік
ыңғайдың мән мағынасын береді.
Жүйенің күйі- оның даму барысындағы құбылыс мезетін білдіріді. Оны
көбінесе жүйеге енуші әселер мен шығушы нәтижелер арқылы анықтауға болады.
Егер жүйе бір күйден басқа күйге өтетін болса,осы үрдіс жүйенің өзгеріс
барысын білдіреді.
Ақпараттандыру- жеке және заңды тұлғалардың ақпараттың
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақпарттық ресурстарды, ақпараттық
жүйелерді, ақпараттық технологияларды қолдану негізінде құруға және
дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік- экономикалық және ғылыми
– техникалық үрдіс. Осы жағдайда ақпараттың маңызы артады, оның мәртебесі
өзгереді- ақпарат бизнестің стратегиялық ресурсы болады.Осы орайда мекемені
басқару тиімділігі көп жағдайда ақпараттық база сапасымен және оны
аналитикалық өңдеудің мұқияттылығымен анықталады.
Нарықтық жағдайда мекеменің өмір сүргіштігінің және тұрақтылығының
кепілдігін, қызметін оның қаржылық тұрақтылығын атқарады, ол ақша
қаражаттарымен еркін маневрлеу, оларды тиымды қолдану арқылы үздіксіз
өндіріс және өнімді өткізу процессін қамтамассыздандыратын қаржылық
ресурстардың жағдайын бейнелейді. Мекеменің қаржылық тұрақтылығын бағалау
үшін, объективті, ғылыми негізделген және оптимальді басқарушылық,
өндірістік және әсіресе қаржылық шешімдерді қабылдау үшін мекеменің
қаржылық жағдайын талдау қажет.
Қазіргі кезде барлық мекемелер нарыққа өтуге, даму перспективаларын
жасаумен, шаруашылық жүргізудің түрлі формаларын қолдану тиымділігін
кешенді бағалаумен, жедел басқарушылық шешімдерді жасаумен байланысты
талдау жұмыстарының ауқымының кеңейтілуінде қажеттілік сезінуде.Осыған
байланысты ЭЕМ негізінде экономикалық талдауды автоматтандыру объективті
қажеттілік болуда. Ол шаруашылық қызметті басқару процесіне сапалы
ақпараттық қызмет көрсетудің маңызының артуымен, қазіргі заманғы ЭЕМ- нің
техникалық мүмкіндіктерінің қарқынды дамуымен, экономика дамуының қазіргі
кезең ерекшеліктерімен шарттасады.
Әрине бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың
қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелерін
есептеу техникасыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және
автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.
Ақпараттық жүйе (АЖ)- экономикалық объектіні басқаруға қажетті
ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі.
АЖ- ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ)
тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп- ақпараттық жүйе тұрғызу
мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал
ақпараттық есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру
техникалық ешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп
беруді, өңдеуді, сақтауды жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ
жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.
Ұсынылып отырған курстық жұмыстың мақсаты – Коммерциялық банктің
физикалық клиенттермен операцияларды жүргізудің ақпараттық жүйесін тұрғызу.

Негізгі бөлім
I Ақпарат жүйесін құруды негіздеу
1.1Коммерциялық банктың физикалық клиенттермен операцияларын жүргізуді
талдау

Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша
бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар
есебінен кәсіпорындармен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын
арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның
қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
“ Банк ресурстары ” термині “ несиелік ресурсы” терминіне қарағанда кең
ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты
басқада активтік немесе комисиондық операцияларды қаржыландыру үшін
пайдаланылады.
Депозит- бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың ) банктегі алған
қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен
тарататын қаражаттары.
Депозиттер бұл банк үшін бірден- бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозиттік операциялар активті және болып бөлінеді. Активті депозиттік
операциялар- банктің уақытша бос ақша қаражаттарын Орталық банкте және өзге
корреспондент- банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялат.
Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз
бөлігін алады. Активтік депозиттер банктің өтімді қаражаттарына жатады.
Пассивті депозиттік операциялар- бұл клиенттердің уақытша бос ақша
қаражаттарын белгілі бір уақытқа және пайиз төлеу шарты бойынша тартумен
байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер
пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарын қалыптастырудың
негізгі көзі.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік
емес ресурстар шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы
бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын
қанағаттандыруға және олардың қаражаттарымен уақытша бос қаражаттарын
банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Несиенің түрі – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі
қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық
сақталатын көрініс.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай
өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйінде сақталады.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді.
Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі.
I.Қарыз алушы категорияларына қарай:
1.Қаржылық институттрға берілнтін несиелер:
-м0ақсатты қорларға;
-банктерге;
-қаржы-несиелік мекемелеріне.
2.Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
-өнеркәсіп салаларына;
-ауыл шаруашылығына;
-саудаға;
-дайындау ұйымдарына;
-жабдықтау-сату ұйымдарына;
-кооперативтерге;
-жеке кәсіпкерлерге.
Несиелеу қағидалары (принциптері) несиенің мәнін және
қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы
объективті экономикалық зандардың талаптарын бейнелейді.
Несиелеу қағидалары негізінде несиелік процесс, яғни банктік
несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады.
Несиелеу қағидаларына байланысты банктік несиелердің берілуінің
басты шарттары: несиенің мақсаты және мерізімі, олардың қаражаттар айналымы
шеңберінде қатынасу нәтижелігі және т.б. анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру қағидалары екі топқа
бөлінеді:
1 топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі қағидалар:
- несиенің мақсаттылығы;
- несиенің дифференциялдығы;
2 топқа- несиенің мәнін бейнелейтін қағидалар:
- несиенің мерзімділігі;
- несиенің қайтарымдылығы;
- несиенің төлемділігі;
- несиенің қамтамассыз етілуі.
Қазіргі несиенің дифференциялдық қағидаларының мазмұны өзгерген десе
болады. Біріншіден, ол мерзімдік қағидалармен байланысады, яғни несие
уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі.Екіншіден, бұл
қағида несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурсқа
деген сұраныссын оқып- үйрену барысында әлуетті қарыз алушылардың несиелік
қабілетін және сұралып отырған ссуданың қамтамасыз етілу сипатын және
олардың банк үшін пайдалылығын, сондай - ақ қаражаттардың жұмсалу
ұзақтығын жетікшілекке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін
іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің
дифференциялануы, оның өткен жүйедегі нұсқасымен салыстырғанда қаталдау
болып табылады.
Несиенің төлемділігі- бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін
қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын
білдіреді. Іс жүзінде ақылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы
(пайыз) түрінде беріледі.Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің
бағасы депте атайды.
Кассалық операциялар- ҚР-ғы екінші дейгейдегі банктер өздерінің
кассалық операцияларын 1999- жылы 15- қарашада Ұлттық банктің
Басқармасының қаулысымен бекітілген “ҚР екінші деңгейдегі банктерде
кассалық операцияларды жүргізу” Ережесіне сәйкес жұзеге асырылады.
Осы ережеге сәйкес кассалық операция - бұл құндылықтарды қабылдау,
қайта санау, майдалау, айырбастау, беру, сорттау, орау және сақтаумен
байланысты операцияны білдіреді.
Касса жұмысын ұйымдастыру, яғни клиенттерге кассалық операциялар
бойынша қызмет көрсету және қолма- қол ақшаны өңдеу үшін банктерде мынадай
бөлемшелер болуға тиыс:
- кіріс – шығыс кассалары;
- қайта санау кассасы;
- кешкі касса;
- сыртқа шығатын касса;
Банк кассасына клиенттерден қолма- қол ақшаларды қабылдау мен оларды
ағымдық және корреспонденттік шоттар бойынша есепке алу төмендегідей кіріс
кассалық құжаттар көмегімен жүргізіледі:
1) қолма- қол ақшаны салатындығының хабарламасы;
2) кіріс кассалық ордер бойынша.
Басқада құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлер арқылы
рәсімделеді.
Кассадағы қолма- қол ақшаны өткізу үшін клиент кіріс кассалық
құжатты толтырады және оған қосымша бетте кассаға өткізілетін банкнота мен
монеталардың тізімін жасап, онда олардың номиналдарын, санын, сондай ақ
банкноталар мен монеталардың жалпы сомасын санмен және жазбаша түрде
көрсетеді.
Операциондық жұмыскер кіріс кассалық құжаттың дұрыс
толтырылғандығын тексереді де құжаттарды бақылаушы – бухгалтерге
тапсырады. Ол бұл құжатта көрсетілген соманы кассалық журналға жазады.
Бақылаушы- бухгалтер, кассалық құжатты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер түсінігі және олардың жіктелуі
Кәсіпорындағы кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін жобалау
Кәсіпорындағы кадрлар бөлімінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Фирманың негізгі қорларының есебінің ақпараттық жүйесін негіздеу
Фирманың негізгі қорларының есебінің ақпараттық жүйесі
Кәсіпорынның басқару ісінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе
Маркетингтегі ақпараттық жүйе
Ақпараттық жүйелерді жобалау концепциясы
Пәндер