1922 – 1924 жж. Ақша реформалары туралы ақпарат


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Ақша реформасын өткізудің қажеттігі.

Революцияға дейінгі Қазақстанда жүргізілген 1895-1897 жж. Ақша реформалары нәтижесінде алтын монета айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын, күміс және мыс монеталары жүрді. Негізгі ақша белгілеріне 92% алтынмен қамтамасыз етілген Мемлекеттік банктің несиелік билеттері жатты. Ақша массасының басты бөлігін алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдары құрады, сондықтан да оларға деген халықтың сенімі болды.

1917 ж. жазда Уақытша үкімет 20 және 40 рубльдік ақша белгілерін шығарды, олар шынының бетіне жабыстырылған этикеткаларға ұқсас, бұны халық арасында «керенки» деп атады. Несиелік ақшалар мен «керенкилерден» басқа Уақытша үкімет айналысқа суррогаттың әр түрін енгізді: мемлекттік қазынаның қысқа мерзімді міндеттемесі, займ купондары.

Мемлекеттік шығыстарды жабу мақсатында үкімет ірі купюрада қағаз ақшаларды шығарды. Ұсақ ақшалар ролін чектер, бондар, маркалар және басқа да ақшалай суррогаттар атқарды. Ресейде ақша жүйесінің жалпы құлдырауы басталып, оның Қазақстанға да өзіндік ықпалы болды. Қазан революциясынан кейін ақша айналысының жағдайы біршама нашарлай түсті. Үш жыл ішінде (1913-1920) айналыстағы қағаз ақшаларының массасы 48 есеге дейін өсіп кетті. Ақша 10 мың есеге құнсызданды. 1919 ж. алғаш рет кеңестік мемлекеттік билеттер, кейіннен РСФСР-дің есеп айрысу белгілері айналысқа шығарылды. Түркістанда, Солтүстік Кавказда, Кавказда, Қиыр Шығыста және басқа жерлерде жергілікті ақша белгілерін шығаруға рұқсат берілді. Ақша массасы сан алуан түрлі болды. Жергілікті ақша белгілері Жетісуда, Верный қаласында (қазіргі Алматы) шығарылды. Жетісулық несиелік билеттер Мемлекеттік банкте апиынмен сақталған және Жетісу облысының барлық байлығымен қамтамасыз етілді. Бұл туралы несиелік билеттің бет жағында көрсетілген жазу куәландырады. Дүние жүзілік тәжірибеде мұндай жағдайлар болған емес. Жергілікті билік органдарының иелігіндемұндай бағалы дәрәлік шикізаттың 275 пуды болды, олар елдің байлығы болып саналды. Бірақ бұлар қаржылық жағдайды нығайта алмады. «Верненск рублі» күн сайын құнсыздана бастады.

Азамат соғысы мен шетел интервенциясы жағдайында интервенттер, шетелдіктер және ақ гвардия «үкіметі» өздерінің ақшаларын басып шығарды. Олардың бағамдары әр түрлі болды, және олар тезірек құнсызданды.

Ақшаның қатты құнсыздауының нәтижесі: шаруашылық қатынастардың натуралдануы мен ақшаның айналыстан шығарылуы болып табылды. 1920 ж. соңынан бастап «еңбек паегін» ақысыз беру басталды. Келесі жылдары пәтерақы және коммуналдық қызметтер үшін төлем төлеу алып тасталды. Оқушыларға тегін киім берді. Базарлардың өзінде азық-түліктермен алмасу ақшасыз, яғни кездейсоқ айырбас эквивалент (мысалы, етік жұбы 30 фунт крупаға, немесе 1 пуд қара ұнға, немесе 3 фунт махоркаға және т. б. ) түрінде жүзеге асырылды.

1921 ж. наурызда болған РКП(б) -ның Х съезінде жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) қабылданды. Шаруалар өнім салықтарын мемлекетке төлегеннен кейін, артық өнімдерін базарға сатуға мүмкіндік туды. Қала мен ауыл арасында нарықтық қатынас дами бастады. Жеке меншік капиталдың саудаға және ұсақ өнеркәсіпке араласуына жол берілді.

Біртіндеп еңбек ақыны ақшамен төлеу қалпына келтірілді. Егер, 1921 ж. көктемінде ақшалай еңбек ақыны төлеу тек 10% құраса, онда 1923 ж. бірінші тоқсанында, ол - 80%-дан астамын құрады. Бұл ақша реформасының арқасында ғана мүмкін болды.

1921 ж. қазанда Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасында Мемлекеттік банкі ұйымдастырылып, ол елдің басты эмиссиялық орталығы болып саналды. Мемлекеттік банктің басты міндеті ақша реформасын жүргізуге дайындық жасау болды.

Ақша реформасын өткізудің экономикалық алғышарттарына ЖЭС жүргізудің нәтижесіндегі шаруашылық жағдайдың біршама жақсаруы: әр түрлі өнеркәсіп салаларындағы өнімдер көлемінің өсуі, еңбек өнімділігінің артуы, ауыл шаруашылығының басты өнімдерінің өсуі (бидай, мақта), тауар айналымының артуы жатады.

Тауар шаруашылығындағы ақша айналысының бірқалыпты болуының екінші бір алғышарты - бұл ақшаның алтынмен қамтамасыз етілуі. 1. 01. 1922 жылдан 1. 01. 1923 жылдар аралығында Мемлекеттік банктің алтын валюта резерві 6, 7 млн-нан 31 млн. рубльге дейін өсті. 1922 ж. сәуірде бағалы металдарды және тастарды еркін түрде иеленуге рұқсат берілді, оған дейін халық оларды мемлекетке тапсыруға міндетті болатын. Бағалы металдардан жасалған монеталар мен шетел валюталарын сатып алуды мен сатуды Мемлекеттік банктің өзі ғана жүргізуге монополиялық құқығы болды.

Ақша айналысын қалыпқа келтірудің басты бір қадамына 1922 ж. мемлекеттік ақша белгілерін шығару жатты. Мұндағы 1 рубль бұрын шығарылған 10 мың рубльге теңесті. Ақшаларды қайта есептеу олардың төрт нолін сызып тастау (деноминациялау әдісі) арқылы жүргізілді.

1922 ж. 1 мамырынан бастап, барлық есептесулер жаңа ақшалармен жүзеге асты. Айналыстағы ескі ақша белгілерін 1923 ж. 1 қаңтарына дейін кассаларда қабылдады.

Екінші рет деноминациялау барысында 1923 жылғы үлгідегі 1 рубль 1922 жылы 100 рубльге немесе бұрынғы кеңестік ақша белгілерінің бір миллионына теңесті.

Деноминациялар ақшаны есепке алуды оңайлатты, ақша айналысын бір қалыпқа келтіру жөніндегі ұмтылыстарды куәландырды. Әйтсе де рубльді тұрақтандыру мүмкін болмады. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында жаңа ақшалар үсті-үстіне шығарыла бергендіктен де, олар тезірек құнсыздануға ұшырады.

Ақша реформасының мазмұны.

Ақша реформасы екі кезеңде жүргізілді. 1922 ж. 25 шілде және 11 қазанда Кеңхалком декретімен Мембанкке 1, 2, 3, 5, 10, 25 және 50 червонец тұрғысындағы банктік билеттерді шығару туралы құқық берілді. Бір червонец соғысқа дейінгі алтын монетадағы (7, 74234 г алтын) 10 рубльге теңесті. Мембанк червонецтерді кәсіпорындарда вексельдік және тауармен қамтамасыз етілген қарыздар беру арқылы шығарып отырды. Бұл тауар айналысының қажеттілігімен байланысты червонецтерді шығаруға мүмкіндік берді.

Червонецтерді эмиссиялаудың несиелік сипаты олардың қарызды өтеу барысында банкке қайтарылуына қызмет етті. Вексльдер мен тауарлы-материалдық бағалылықтардан басқа червонецтер эмиссия сомасынан 25% алтынмен және шетел валютасымен қамтамасыз етілді. Банктік билеттер алтынға айырбасталмады, бірақ банк червонецтердің алтын рубльдегі бағамының сақталуын бақылап отырды. Кеңес мемлекетінің барлық тарихында червонец жалғыз ғана тұрақты валюта болып табылды.

Сауда-саттықтың және банктік несиелердің ұлғаюына қарай червонецтер де айналыста қолданыла бастады. Олар айналыстағы барлық ақша массасының нақты құнының 1. 04. 1923 ж. - 37%, және 1. 10. 1923 ж. - 74% құрады. Кәсіпорындар арасындағы барлық ақшалай есеп айрысулар, мемлекеттің кірістері мен шығыстары және басқа да төлемдер червонецтермен бейнелене бастады.

Червонецтер ірі ақша болғандықтан да олар көбіне көтерме шаруашылық айналымына қызмет етті. Кеңестік ақша белгілері өздерінің ұсақ құндылығына қарамай, олар ұсақ бөлшек сауда және базар айналымында қызмет ете берді. Шын мәнісінде елде екі валютаның қосарлы айналысының жүйесі қалыптасты: Мембанктің несиелеу барысында шығарған червонецтері және Халықаралық қаржы комитетінің бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарған кеңес ақшасының белгілері.

Екі валютаның қосарлы айналысы - халық пен елдің экономика жағдайына қатты әсер етті. Жалақы червонец түрінде есептелгенімен кеңестік ақшалық белгілерінде берілді. Шаруалар өздерінің өнімдерін құнсыз кеңестік ақша белгілеріне сатқылары келмеді.

1. 05. 1924 жылы айналыстағы ақша массасы астраномиялық санға - 762, 3 квадрильон рубльге (квадрильон - 15 нолі бар ақша бірлігі) жетті. Бұл ақша массасының нақты құны (червонецтегі) 15, 2 млн рубльді құрады. Кеңестік ақша бірліктерінің құнсыздану қарқыны орташа және ұсақ купюрадағы ақшалардың жетіспеушілігіне әкеліп соқты. Сөйтіп, ұсақ ақшалар ретінде әр түрлі ақшалар, әсіресе тұрақты валюталарда бейнеленген сурогаттарды шығарды.

Кеңестік ақша бірліктерінің құсыздануы шаруаларға үлкен зиян әкелді. Червонецтер қаланың валютасы болды, іс жүзінде олар ауылдарға жетпеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауарлығы төмендей бастады. Мұның бәрі ақша реформасын тезірек аяқтауды талап етті. Бұған деген өзіндік экономикалық алғышарттары болды: бюджет ташылығы 15%-ға дейін қысқарды, өндіріс пен тауар айналымының өсуі байқалды, алтын қоры ұлғайды (1. 01. 1923 ж. 10, 9 млн. рубльден, 1. 02. 1924 ж. 153, 6 млн. рубльге дейін) . Бірақ алтын қорының сомасы Ресей патшалығы соғысының қарсаңындағы болған алтын қорына қатынасты алғанда 9%-ға жуығын құрады.

5. 02. 1924 ж. Орталық атқару комитеті (ОАК - ЦИК) жәнеХалық Комиссарлар кеңесі (ХКК - СНК) декретіне байланысты ақша реформасы тоқтатылды. Айналысқа 1, 3 және 5 рубльдегі қазыналық билеттер шығарылды, мұндағы 10 қазыналық рубльдің құны 1 червонецке теңесті. Кеңес ақша белгілерін шығару тоқтатылды. Олардың қаржы Халық Комиссариатының қорында болған қоры жойылды. 22. 02. 24 жылдан бастап 10, 15, 20 және 50 тиындық күміс монеталар және 1, 2, 3 және 5 тиындық күміс монеталар шығарылды. 1924 ж. бастап айналыстағы ақшаның кеңестік белгілерін нақты бағамен сатып алу басталды, 1 рубльдік қазыналық билет 50 мың рубльге теңесті. Қазыналық билеттердің шығарылу шамасы айналыстағы червонецтер сомасының жартысынан аспауға тиіс болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша және ақша реформасы
Ақша мәні және реформалары
Ақша мәні және ақшаның формасы
Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаты
1922-1924 жж. ақша реформалары
Ақша реформасы жайлы мәлімет
Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары және оның ерекшелiктерi
Ақша туралы дәріс
Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары мен қазIргI ақша жүйесIнIң дамуы
Ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі мен маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz