XVI-XIX Қазақстан мәдениеті



Қазақтардың XVI-XIX ғ.ғ материалдық мәдениеті. Қазақтардың XVI-XIX ғ.ғ материалдық мәдениетінің жай-күйі қоғамның экономикалық дамуы деңгейімен анықталды. Оның дамуы барысына көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда дамуының, көрші халықтардың прогресті ықпалының да маңызы аз болған жоқ.
Материалдық мәдениетінің маңызды элементтерінің бірі мал шаруашылығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнермен байланысты еңбек құралдары болып табылады. Көшпелі мал шаруашылығына күрделі еңбек құралдары керек болған жоқ. Жылқы ұстау үшін құрық, арқан пайдаланылды, қайыстан немесе жылқының жал-құйрығынан тұсау мен шідер жасалды; құлындар мен боталарды байлау үшін жуан арқандар, ноқталар пайдаланылды; мал суаруға қауға, науа және т.б. дайындалды. Барлық осы айтылған қарапайым еңбек құралдарын, ер-тұрман әбзелдерін қоспағанда, мал өсірушілер өздері жасап алып отырды. XVIII ғасырдың аяғында қазақ даласына орыстардың қысқа шөп дайындауға арнлған шалғылары біртіндеп тарала бастады. XIX ғасырдың орта шегінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады.
Қазақстан аумағында суармалы және тәлімді егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден болып келген еді. Осыған байланысты қазақтарда егіншілік құралдарының қарапайым түрлері болды. Мәселен, тіс ағаш, мала, егін оратын ошақ, ағаштан жасалған аша, ағаш күрек, сыпыртқы егіншілік құралдарына жатады. Егісті суару үшін суды көтеріп шығаратын әр түрлі аспаптар --- атпа, шығыр, сондай-ақ кетпендер мен күректер пайдаланылды, оларды жергілікті ұсталар өздері істеді.
1. Кюнер В.Н. Китайские известия о народах Южной Сибирии, Центральной Азии и Дальнего Востока. М., 1961. с. 105
2. Байпаков К.М., Подушкин А.М. Археологические памятники древне-земледельческой культуры Казахстана. Алма-ата, 1969;
3. Левина Л.М. Керамика нижней и средней Сырдарьи. М., 1971.
Миняев С.С. Сюнну (Исчезнувшие народы, М., 1988 с. 113-125.)

4. Қазақстан тарихы (очерктер), Ж.Қ. Таймағанбетов., І-т., 1994ж, 32- 36 бет.

5.. Сақтар туралы көне деректер, Ж.Қ. Қасымбаев., 1994ж, 12-13 бет.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
.

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: XVI-XIX Қазақстан
мдениеті.

Қазақтардың XVI-XIX ғ.ғ материалдық мәдениеті. Қазақтардың XVI-
XIX ғ.ғ материалдық мәдениетінің жай-күйі қоғамның экономикалық дамуы
деңгейімен анықталды. Оның дамуы барысына көшпелі қазақтар
экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы
әсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда дамуының, көрші
халықтардың прогресті ықпалының да маңызы аз болған жоқ.
Материалдық мәдениетінің маңызды элементтерінің бірі мал
шаруашылығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнермен
байланысты еңбек құралдары болып табылады. Көшпелі мал шаруашылығына
күрделі еңбек құралдары керек болған жоқ. Жылқы ұстау үшін құрық, арқан
пайдаланылды, қайыстан немесе жылқының жал-құйрығынан тұсау мен шідер
жасалды; құлындар мен боталарды байлау үшін жуан арқандар, ноқталар
пайдаланылды; мал суаруға қауға, науа және т.б. дайындалды. Барлық осы
айтылған қарапайым еңбек құралдарын, ер-тұрман әбзелдерін қоспағанда,
мал өсірушілер өздері жасап алып отырды. XVIII ғасырдың аяғында қазақ
даласына орыстардың қысқа шөп дайындауға арнлған шалғылары біртіндеп
тарала бастады. XIX ғасырдың орта шегінде шалғымен қоса темір айыр да
кеңінен қолданыла бастады.
Қазақстан аумағында суармалы және тәлімді егіншіліктің ежелгі
ошақтары ертеден болып келген еді. Осыған байланысты қазақтарда
егіншілік құралдарының қарапайым түрлері болды. Мәселен, тіс ағаш,
мала, егін оратын ошақ, ағаштан жасалған аша, ағаш күрек, сыпыртқы
егіншілік құралдарына жатады. Егісті суару үшін суды көтеріп шығаратын
әр түрлі аспаптар --- атпа, шығыр, сондай-ақ кетпендер мен күректер
пайдаланылды, оларды жергілікті ұсталар өздері істеді.
Салт атқа арналған әбзелдерді қоспағанда қазақтың мал
шаруашылығына және егіншілікке байланысты негізгі еңбек құралдары
Қазақстанның бүкіл аумағында бір-біріне ұқсас болды. Қазақтың ат-тұрман
әбзелінің ішіндегі ердің түрі мен дайындау тәсілінде жергілікті
ерекшеліктер байқалады. Олардың үлгілері тиісті өзіндік атаумен аталып
келді. Ердің ең көп таралған түрі, қайыңнан шауып жасалған алдыңғы
қанаты кең “қазақ ері” болып табылады. Мұндай ерлер құрамдас бес
бөліктен тұрады --- алдыңғы қас пен артқы қастан, екі жақтағы қапталдан
және орта ағаштан түрды. Ердің ағаш сүйегі мұқият өңделді, ал халықтың
ауқатты топтарына арналған күміс кейде алтынмен қақтап түрлі-түсті
бағалы тастан көз салған түрлері болды. Әсіресе әйелдерге арналған
ерлер сәнді безендірілді
Оңтүстік Қазақстанда ердің “құранды ер” дейтін түрі таралған. Ол
22 құрамдас бөліктен тұрған және бұл элементтердің әр қайсысының өз
атауы болған, бұл бөліктердің бәрі желіммен жапсырылып, сыртынан
түйенің көнімен немесе тарамысымен және қайыңның қабығымен тартылып,
күміспен немесе алтынмен безендірілген.
Ер-тұрман әбзелдерін жасау негізінен ершілердің ісі болған. Олар
тек қана ердің өзін ғана емес, сонымен бірге бүкіл ат-әбзелдерінің
бәрі: тоқым, құйысқан, өмілдірік, жүген, айыл, тартпа, үзеңгі, таралғы,
қамшы және т.б. жасап, оларды әсемдеп-көркемдеп отырған. Ерші ер
шабумен өз үйінде, ішінара арнайы шақыртып алушылардың үйінде
айналысқан. Сондай-ақ қайыстан ат-тұрман әбзелдерін арнайы өретін
шеберлерді “өрімші” деп атаған.
Ең көп таралған қару түрі үш метрлік “сойыл”, одан соң “шоқпар”
(қатты ағаш ырғайдан жасалған, ұзын күрзі сияқты) болды. Неғұрлым
дәулетті қазақтардың жауынгерлік айбалтасы, жебелерә мен қорамсағы бар
садағы болған. Қол бастаған ықпалды билік иелері мен батырлар сауыт
киіп, қалқан, қылыш, наркескен, селебе, сапы және темір ұшты найза мен
сүңгі ұстаған. Қазақ шонжарлары арасында қолдан жасалған білтелі мылтық
өте сирек кездесетін. XIX ғасырдың орта шеңіне дейін аң аулау кезінде
садақ қлданылды, бірақ XIX ғасырдың екінші жартысында жебелі садақ
қазақтардың тұрмысынан шығып қалды деуге болады. Оның есесіне бұл кезде
Ресейден және Орталық Азиядан сатып алынатын әр түрлі мылтықтар біршама
көбейе түстеді.
Қазақтардағы көшпелі тұрмысқа бейім шаруашылықтың үстемдігі алуан
түрлі қолөнерінің: тоқымашылықтың, киіз басудың, ағаш, металл, тері,
сүйек және мүйіз өңдеудің дамуына себепші болды. Тоқымашылықпен және
киіз басумен көбінесе әйелдер айналысты, олар негізінен алғанда үйге
керек-жарақтың тоқымашылық пен ісмерлікке қатысты заттарын: кілемдер,
алашалар, шекпендер, киіз үй ішіндегі алуан түрлі басқұрлар,
текеметтер, түскиіздер, сырмақтар, аяққаптар және т.б. дайындалды.
Ағаш, сүйек, мүйіз және тері ұқсатуға байланысты істермен үйшілер
мен ағаш ұсталары, зергерлер, өрімшілер мен етікшілер және т.б.
айналысты. Еңбек құралдары едәуір қарапайым бола отырып, қолөнерші
шеберлер қазақтардың қолданбалы өнерінің биік деңгейін сипаттайтын
тұмыстық және мәдени жағынан алғанда әр түрлі бұйымдар жасады.
Көшпелі қазақтардың негізгі тұрғын үйлері көші-қонға ыңғайлы киіз
үйлер болатын. Бұл --- Еуразия көшпелілерінің ертеден келе жатқан
тұрғын үйлерінің бірі. Көшпелі тұмыс жағдайларында киіз үйлер тұрғын
үйдің өте қолайлы түрі болды. Оның жығып, тігуі әрі жеңіл. әрі тез,
көлікке теңдеп артып жүруге қолайлы, жазда салқын, ал қыста жылы
болатын.
Қазақтың киіз үйлерінің негізінен алғанда олардың үлкендігімен,
яғни тігілген киіз үйде қанат деп аталатын кереге санымен аталатын.
Қанаттар саны 4 қанаттан 12 қанатқа дейін және одан да көп болды.
Сыртқы түрі бойынша қазақтың киіз үйлері күмбез тәрізді және
шошақ болып келетін. Алғашқы түрі --- батыс, солтүстік, шығыс және
орталық, ал екінші түрі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс
аймақтарында таралды. Қазақ үйлерінің мұндай түрлері шаңырақтарының
көлеміне және шаңырақтарды көтеріп тұратын уықтар иінің иілу мөлшеріне
байланысты болды.
Киіз үйдің сүйегі кереге мен уықтан, шаңырақтан және “сықырлауық”
деп аталатын жарма есіктен тұратын.
Киіз үй сүйегін айналдыра уық қарына дейін 3-4 туырлық, шаңырақ
пен кереге басының арасын 2-3 үзік, сықырлауықты киіз есік жауып
тұратын болған. Киізден басылатын бұл әбзелдер “киіз үй жабуы” деп
аталған. Киіз үйдің киіз жабулары көбінесе ақ қойдың жүнінен басылған
ақ киізден пішілген.
Қысқы қыстаулар орналасқан өзендерінің аңғарлары мен тау
шатқалдарына қазақтардың тұрғын үйлері тұрақты үлгімен салынатын. Бұлар
жер бетіне киіз үй сияқты етіп тастан (шошала), қамыстан (доғара)
тұрғызылған құрылыс түрінде, тік бұрышты жеркепе және жертөле, жер тік
бұрышты етіп салынған шым үй және саз балшықтан домбалдаған соқпа там
болды. Қазақстанның орманды аудандарында ағаштан салынған алты қырлы
шошалар мен орыс үлгісіндегі бір бөлмелі үйлер пайда болды.
Қыстаудағы отырықшылыққа бейімделген тұрғын үйлердің дамуы, үй-
жайлар санының көбеюі және орыс мәдениетінің ықпалы тұрғын үйлердегі
керек-жарақтардың едәуір өзгерісіне әкеп соқты. Дәстүрлі ағаш жәшіктер
--- кебежелердің, көрпе-төсек жинауға арналған жүкаяқтардың және
ескіден келе жатқан төс-ағаштардың орнына, қазақтардың тұрмысында
әйнектелген ыдыс қоятын шағын шкафтар, жақтаулы ағаш кереуіттер, іші
құлыпталатын, көлемі әр түрлі сандықтар пайда болды. Қазақтардың ұлттық
киімінде өздеріне тән этнографиялық белгілер сақталып қалды. Киім-кешек
үшін малдың жүні және терісі материалдар болды. Киімнің едәуір болігі
мақта-мата, жіьек және басқа маталардан тігілді. Ұлттық киімнің пішіні
мен түріне өзгерістер енді. Еркектердің сыртқы киімінің ең таралған
түрі шапан болды, ол көп жағдайларда фабрика жүнінен тігілетін. Ал
ауқатты қазақтар түрлі-түсті жібегінен, барқыттан қымбат матамен
әдіптеп тігілген шапан киетін. Шапандар жазғы және қысқы болып екіге
бөлінеді.
Қазақтар әдемі “мәуіті шапан” мен “мәуіті шекпен” де дайындады.
Олардың қос шабуынан өрнек салынды, шабудың төменгі жағынан тілік
қалдырылып, жұқа түйе жүнінен тоқымасынан тігілді.
Барлық жастағы еркектердің көбінесе күз бен қыс кезінде киіп
жүретін әмбебап сыртқы киім түрлерінің түнрі --- шекпен қолдан тоқылған
түйе немесе қой жүнінен тігілген. Жазғы шекпеннің тоқымасы жеңіл, етегі
қысқалау болды.
Қазақтардың отбасыларында қазақтардың кеңінен қолданылған қысқы
сырт киімінің ежелгі түрлерінің --- күпі көктемде қырқылдаған түйе
немесе қой жүнінен (жабағы жүн) дайындалды және жоғарыдан төмен қарай
тығыз тігілді. Ол сапасы әр түрлі матамен, көбіне тоқыма шекпенмен де
қапталатын.
Қазақтар арасында өте кең таралған және бәрінің қолы жеткен қысқы
киім түрі қой терісінен өңделіп, жүні ішіне қаратып тігілген тон болды.
Қазақтар арасында еркектерге қысқа арнап теріден тігілген
киімдердің жарғақ дейтін бірнеше түрі кең таралды. Ол үш үлгіде: “тақыр
жарғақ”, “құлын жарғақ” және “тайжақы үлгісінде болды. Қазақ байлары
серке терісінен өңделіп қолмен жасалған “тақыр жарғақ” дейтінді киіп
жүрген. Оны көбінесе сырт жағынан жібек жіппен кесте төгіп сәндеп
отырған. “Құлын жарғақ” --- жүні сыртына қаратылып құлын терісінен
тігілген ішік түрі. Бұл үшін түсі бір, көбінесе қара түсті терілер ғана
таңдап алынған. Оларға көбінесе матадан астар тігілген. Жылқышылар үшін
“тайжақы” дейтін --- тай терісінен астар салмай, жүні сыртына қаратылып
тігілген үлкен тон дайындалған. Жарғақтардың осы түрлерінің бәрі қыс
кезінде жылы киім сыртынан оңай киілуі үшінкең пішілетін болған.
Қазақтардың негізгі аяқ киімі былғары етік, кәбісті мәсілер
болды. XVIII ғасырдақазақтардың жазда киетін етіктерінің өкшесі биік,
тұмсығы қайқы келген. Алайда XIX ғасырдың екінші жартысында олар сирек
ұшырасатын еді. Барлық жастағы еркектердің қыста киетін негізгі аяқ
киімі ішінде киіз байпағы бар, аласа да жалпақ өкшелі, ұзын қонышты
саптама етік болды. Неғұрлым ауқатты қазақтар қыс пен жазда теріден
тігілген, былғары кебісі бар мәсі киіп жүрген. Бұл аяқ киім түрлерінің
бәрі сол аяққа немесе оңаяққа бөлінбей, бір қалыппен тігілген.Ересек
еркектердің бәрі шашын тықырлап алдырған, басына тақия, тебетей киетін.
Тебетейдің сыртынан төбесі жалпақжәне теріменкөмкерілген бөрік киген.
Мұндай бөріктер тігілген терісінде сәйкес пұшпақ бөрік, сусар бөрік,
елтірі бөрік және т.б. деп аталған. Сонымен бірге жаз кезінде
тебетейдің үстінен ақ киіздің шошақ етіп тігілген қалпақ киген.
Қазақстанның бүкіл аумағында қазақтардың ең көп таралған қыстық
бас киімі “тымақ” болды. Тымақтың киізден бірнеше сайлы етіп пішетін
биік төбесі матамен тысталды. Екі құлағы, желкелігі мен маңдайы аң
(түлкі) немесе мал терісінің (елтірі) пішіліп, оның да сырты
матаментысталды. Тымақ еркектердің ең сенімді бас киімі болған.
Әйелдердің киімі жекелген түрлерінің пішіні бойынша да, олардың
дайындалатын материалы бойынша да көп жағынан алғанда еркектердің
киімімен ұқсас болған.
Әйелдердің көйлегі иығына тігіс түспейтін етіп пішіліп, жалпақ
қайырма жағалы, жеңдері ұзын етіп тігілген. Кеуде тұсындағы өңір
қақпағына кесте төгілген. Қыздардың немесе жас келіншектердің
көйлектері пішімі жөнінен де, матасы жағынан да жасы үлкен әйелдердің
көйлектерінен өзгеше болған. Ол етегі бүрмеленіп, түймеленетін қатырма
жағалы етіп тігілді. Қай жастағы әйел болса да көйлектің сыртынан
фабрикалық матадан тігілген кезекей киді. Кезекейдің сыртынан үлгісі
жағынан еркектердің камзолынан ерекшелігі жоқ жеңді камзол киді.
Әйелдердің сырт киімі еркектердің шапанына ұқсас етіп тігілді,
ауқатты әйелдерге шәйі жең жібек шапандар болған. Әйелдер ішігі
еркектер ішігінен қайырма жағасымен ерекшеленетін.
Негізінен алғанда барлық жастағы әйелдердің аяқ киімі мәсі мен
кебіс болатын. Қыздардың және жас келіншектердің ішінде қайқы тұмсық,
биік өкшелі жеңіл етік киіп жүретіндері де аз болмаған.
Әйелдердің жасына және оның отбасындағы жағдайына қарай олардың
бас киімдері де ерекшеленіп отырған. Жаз кезінде қыздар түрлі-түсті
мақпалдан, жібек пен барқыттан тігілген, төбесі жайпақ дөңгелек тебетей
киіп жүрген, ол зеркестемен әсем нақышталатын еді. Бай нақышты үкілі
тебетей “қасаба” деп аталды. Қасабаның шет-шетіне моншақтан немесе
бағалы металдан шекелік тағылды. Қыздардың қысқы бөріктері камшаттың,
құндыздың, сусардың және елтірінің терісімен биік етіп әдіптелетін.
Әйелдер бас киімінде қалыңдықтың тойдағы бас киімі --- сәукеле ең
қымбат болып саналды, ол бағалы металдармен, асыл тастармен, аң
терілерімен барынша сәнделетін еді.
Күйеуге шыққан әйелдің бас киімі --- кимешек ақ матадан
дайындалған.
Ауқатты отбасынан шыққан қазақ әйелдері күмістен және алтыннан,
асыл тастар мен танадан жасалған сәнді бұйымдар тағып жүрген. Бұлар ---
қымбат тұратын сақиналар, білезіктер, жүзіктер, сырғалар бұрымдары мен
киіміне тағып жүретін әр түрлі алқалар, шолпылар мен моншақтар,
өңірліктер және т.б.
Мал шаруашылығына негізделген қазақтардың тұрмысы олардың ішетін
тамақтары мен ыдыс-аяқтарынан айқын көрінді. Негізгі тамақтары ет-сүт
өнімдері болды. Қолында малы жоқ кедей отбасылары үшін ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Осман империясы құрамындағы араб елдері және олардың түрік езгісіне қарсы көтерілістері
СОҢҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХНАМАСЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
XIX ғасырының мәдениеті
Орыс өнерінің қалыптасу кезеңдері
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОҢҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЛАЛАРЫ МЕН ҚОНЫСТАРЫ
Ресей мәдениеті
Ресей мәдениеті жайында
Қола дәуiрі ескерткіштері
Ежелгі славяндардың мәдениеті
Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі алғашқы деректер
Пәндер