Қазақ әдет құқығындағы неке және отбасы



КІРІСПЕ
6
1 ҚАЗАҚ ӘДЕТ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ 9
1.1 Әдет құқығы бойынша некеге тұрудың негізгі шарттары 9
1.2 Әдет құқығындағы некеге тұрудың негізгі тәртіптері 32


2 НЕКЕНІҢ ТОҚТАТЫЛУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ 42
2.1 Некені бұзу және ажырасу түсінігі 42
2.2 Әдеттік құқықтағы ажырасу 45
2.3 Ерлі.зайыптылардың бірінің қайтыс болуына байланысты некенің тоқтатылуы 49
2.4 Некені заңсыз деп тану 54


ҚОРЫТЫНДЫ 61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
63
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық жүйе әдет-ғұрып құқығы нормаларына негізделген еді. Сондықтан құқықтық жүйеге оның тарихтағы орнына сай көзқарас, соған лайық зерттеу әдісі және ұғым-түсініктер қажет.
Қазақ қоғамындағы әдет-ғұрып дәстүрінің өмірлік құпиясы оның адами ажарында, рухани келбетінде, мәдени астарында. Ұлттық әдет-ғұрып болмысының осы бір қиын да қилы қатпарларына, түңғиық тұнықтарына ой жүгіртіп, олардан тұшымды сыр тарта алғанда ғана қазақ сахарасындағы салт-дәстүр мәдениеті жәйлі шынайы тұжырымдар жасауға болады. Оның сырт көзге қораш көрінер құрылымдық қарапайымдылығы адам табиғатына әсер етудегі ғажайып мүмкіндігімен астасып жатады, көп шығынды қажет етпей тез, жеңіл әрі оңай орындалар шарттылықтары игілігі мол нәтиже, тұтастай тағылым берер пәрменділігімен ұштасады.
Қазақ салт-дәстүрі осыған дейін кеңес құқықтанымы аумағанда, негізінен, таптық көзқарас тұрғысынан зерттелді. Соның нәтижесінде, әдет-ғұрып дәстүрінің таптық, күн көрістік сипаты асыра бағаланып, оның мазмұны көшпелі қоғамдағы әлеуметтік қатынастар жүйесімен және солардың негізінде жатқан экономикалық мүдделермен анықталды. Таптық көзқарастың объективті мәнінен гөрі идеологиялық сипатын асыра сілтеу қазақ әдет-ғұрып дәстүрінің пішімін бұрмалап, оны артта қалған, тарихи түрғыдан алғанда дамуы кешуілдеген, ескі құқықтық жүйелер қатарына жатқызуға жол берді. Қазақ әдет-ғұрып құқығы консервативті, негативті суреттермен боялды. Демек, әдет-ғұрып құқығын зерттеуде бірізділік, бір-жақтылық сарыны біршама орын алды. Ендігі міндет жеткен жетістіктерімізден жерінбей оны көре біліп, сонымен қатар жіберген олқылықтарымыздың орнын толтыру, аталмыш мәселені зерттеудегі, оған баға берудегі кеткен бұра тартулардан арылу. Сөйтіп, қазақ қоғамындағы құқықтық-нормативтік өмір арнасының шынайы табиғатын ашып, оның объективті кескін-келбетін, бітім-болмысын ғылыми тұрғыдан сомдау.
Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрі ұзына бойғы тарихының жемісі, серігі және оның қоғамдық өмірінің құндылықтарының бірі болды. Әдет заңдары тарих кейіпкері, өткен өмір елесі ретінде қаралып бағаланады.
Қазақстан Республикасы егемендік алып, оның саяси тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін жағдай түбегейлі өзгерді. Егемендік, тәуелсіздік, ұлттық мемлекет идеялары қоғамдық өмірдің барлық салалары, оның ішінде мемлекеттік құрылыс және құқықтық жүйе арналарына да соны серпін, жаңа леп алып келді.
Ұлттық сананың қайта түлеп, жанданып-жаңғырығуы бірте-бірте салт-дәстүрлік саланы да қамти бастады. Бұл өмір аумағындағы құбылыс, әрекеттер де енді ұлттық сана-сезім бастаулары және құндылықтары биігінен қаралып, бағалана бастады.
1 Фукс С.Л. Некоторые моменты казахского права и описание киргизских обычаев. - Известия АН КССР, 1948. – 359 с.
2 С. Өзбекұлы. Тәуке хан Жеті Жарғы. - Алматы. - 1994. – 233 б.
3 Қ. Толыбаев. Бабадан қалған бар байлық. – Алматы. - 2000. - 188 б.
4 М. Әуезов. Әдебиет тарихы. – Алматы. - 1991. - 181 б.
5 Х.А. Арғынбаев Қазақ халқындағы семья және неке. – Алматы. - 1973. -228 б.
6 Кенжахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрлерімен әдет-ғұрыптары: көпшілік оқырман қауымға арналған. Алматы: Ана тілі, 1994. – 80 б.
7 Х.А. Арғынбаев. Қазақ отбасы. – Алматы. - 1996. - 261 б.
8 С. Кенжеахметұлы. Ұлттық әдет-ғұрыптың беймәлім 220 түрі. – Алматы. - 1998. - 210 б.
9 Трепавлов В.В. История Ногайской Орды. – М.: Восточная литература РАН, 2002. – 752 с.
10 Ф. Энгельс. Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы. –Алматы. – 1967. - 251 б.
11 Кенжалиев З.Ж. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. – Алматы: Жеті Жарғы, 1997. - 192 б.
12 История государства и права Казахской ССР / Под ред. С.С.Сартаева. Алма – ата: Мектеп, 1982. - Ч. 1. – 182 с.
13 Қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдары / Құраст. З. Кенжалиев және т.б. – Алматы: Жеті жарғы, 1996. – 208 б.
14 Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. – Алматы: Алматыкітап, 2005. – 284 б.
15 ¬Өсеров Н. Мұсылмандық неке заңдары. – Алматы. - 1997. – 120 б.
16 Өсеров Н. Шариғат. - Алматы. – 1996. - 87 б.
17 Мағауин. М. Қазақ тарихының әліппесі. – Алматы: Қазақстан, 1995. – 208 б.
18 Н. Өсеров. Қазақ әдет-ғұрып заңдарына шариаттың әсері. Алматы, 1998 ж. 47 бет
19 Ақбаев Ж. Қазақтардың отбасылық-неке қатынастары туралы ойлар // Парасат. - 1992. - №10. – 3 б.
20 С. Өзбекұлы. Абай және адам құқығы. – Алматы. – 1995. - 98 б.
21 Материалы по казахскому обычному праву. - Алматы: Жалын, 1998. – . 580 с.
22 Материалы по казахскому обычному праву. Алматы, 1948, стр. 257.
23 Абай Құнанбаев. Шығармалар. – Алматы. – 1968.- Т. 2. - 220 б.Қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдары. Алматы,1996, 198 бет.
24 Өсерұлы Н. Қазақтың үкім-кесімдері: - Алматы: Ана тілі, 1994. – 104 б.
25 Ф. Энгельс. Сесмьяның, жеке меншіктің жӘне мемлекеттің шығуы. Алматы, 1967, 38-39 беттер.
26 Артықбаев Ж.О. Жеті жарғы - мемлекет және құқық ескерткіші (зерттелуі, деректер, тарихы, мәтіні): Оқу құралы. – Алматы: Заң әдебиеті, 2003. – 150 б.
27 М. Тәтімов., Ж. Әлиев. Дербестігіміз – демографияда. – Алматы. - 1999. - 247 б.
28 М.Ниязбеков. Біз қалай туыспыз?. - Алматы: Өнер, 1992. – 135 б.
29 Қазақтың ата заңдары: Құжаттар, деректер және зерттеулер. 10 томдық, 2 басылым. - Алматы: Жеті Жарғы, 2005. – 1 Т. - 616 б.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ–ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Утегенова Ж.А.

Қазақ әдет құқығындағы неке және отбасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

050301 мамандығы – Юриспруденция

Алматы 2011
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ–ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді
____________ т.ғ.к., профессор ____________ Нездемковский В.В.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Қазақ әдет құқығындағы неке және отбасы

050301 мамандығы – Юриспруденция

Орындаған 4 курс
күндізгі оқу бөлімінің студенті
Утегенова Ж.А.

Ғылыми жетекші
з.ғ.к., доцент
Турсынкулова Д.А.

Норма бақылаушы
з.ғ.к., доцент
Ахатов У.А.

Алматы 2011
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 6
1 ҚАЗАҚ ӘДЕТ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ 9
1.1Әдет құқығы бойынша некеге тұрудың негізгі шарттары 9
1.2Әдет құқығындағы некеге тұрудың негізгі тәртіптері 32

2 НЕКЕНІҢ ТОҚТАТЫЛУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ МЕН НЕГІЗДЕРІ 42
2.1Некені бұзу және ажырасу түсінігі 42
2.2Әдеттік құқықтағы ажырасу 45
2.3Ерлі-зайыптылардың бірінің қайтыс болуына байланысты некенің 49
тоқтатылуы
2.4Некені заңсыз деп тану 54

ҚОРЫТЫНДЫ 61

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 63

Глоссарий

Айттыру - балалардың әке-шешелері тарапынан іске асырылатын әрекет.
Кәмілетке толған баласына өздеріне ұнаған, көңілдері түскен үйдің ата-
аналарымен қызын беру туралы сөз салады.
Жаушы-жаушы ретінде кісі жіберуден бастайды. Жаушының негізгі міндеті -
қыздың әкесінің ниетін біліп, егер ол қарсы болмаса құдалыққа қай уақытта
келетіндігі туралы келісіп қайту.
Құйрық-бауыр жегізу - құйрық-бауыр жеудің мәнісі екі жақтың бауырласып
туыс болғанын көрсетсе керек. Бұл ең бір бастысы – құйрық-бауыр заң орнына
жүрген. Екі жақтан дау-дамай туа қалғанда кез-келген "құйрық-бауыр жеп пе
едіңдер?" -деп сұрайды. Желінген болса, онда құдалық заңды деп саналып,
дауларын қараған.
Отқа май құю - күйеу әкесінің үйіне келесі күні туыстар, ауыл үлкендері
жиналады. Үйдің сол жағына шымылдық ұсталады. Қыз шешесі де осында
шақырылады. Бұдан соң келінді де бетін ақ торғынмен жауып үйге кіргізеді.
Қайын атасының босағасынан аттай беріп тізе бүгіп, сәлем етеді. Атасы бұған
жауап ретінде көп жаса балам деп ризашылық білдіреді. Қайын енесі үй
ортасындағы отқа май құйғызады. От ана, май ана қабыл ет, аруақ-құдай разы
болсын деп отырған үлкендер бата береді. Бұл әдет өте көне - отқа
табынудың, аруақтар құдіретіне сенушіліктің сілімі ретінде сақталған. Халық
түсінігі бойынша сақталған бұрын өлген ата-бабаларының рухы әрдайым
ұрпақтарын жағалап келіп жүреді. Көңілі түссе жебеп, қолдап жүреді дегенге
халық әбден сенетіндіктен аруақ рухын риза ету үшін отқа май құйып, олардың
жаңа тілеу, жас қосақтарға оң көзімен қарап, шарапатын тигізуін тілейтін.
Осы әдетке байланысты келіннің отқа май құярына деп, қыз шешесі күйеу
әкесінің үйіне кілем жапқан түйе, не кілемнің өзін жібереді. Бұған шамасы
келмегендер шапан әкеледі.
Беташар - Бұл әдеттер орындалған соң жас келіннің бетін ашу, яғни күйеу
жұртының үлкендерімен келінді таныстыру, оларға келінді көрсетіп көрімдік
алу үшін беташар дәстүрі басталады. Беташардың мазмұны әзіл-шыны аралас
қайын ағалардың жетістігі мен кемшілігін сипаттаумен бірге, келінге толып
жатқан ескертулерден тұрады.
Төркіндеу – төркіндеу ұзатылғаннан кейін бір жыл өткенде немесе екі-үш
жылдан соң да болады. Ұзатылган қыз туған ауылына келіп, өзінің аман-
саулығын, жай-жапсарын білгізіп, сағынышын басып, аунап-қуанып, төркінінде
біраз күн болып қайтады. Төркіндеу - арнайы сапар

Реферат

Диплом жұмысының тақырыбы: “Қазақ әдет құқығындағы неке және отбасы”
деп аталады.
Диплом жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, 6 бөлімшеден, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І бөлім қазақ әдет құқығындағы неке және отбасы деп аталады. Ол екі
бөлімшеден тұрады: бірінші әдет құқығы бойынша некеге тұрудың негізгі
шарттары деп аталады, екінші әдет құқығындағы некеге тұрудың негізгі
тәртіптері талданады.
ІІ бөлім некенің тоқтатылуының алғышарттары мен негіздері деп аталады.
Бұл бөлім төрт бөлімшеден тұрады: некені бұзу және ажырасу түсінігі,
әдеттік құқықтағы ажырасу, ерлі-зайыптылардың бірінің қайтыс болуына
байланысты некенің тоқтатылуы, некені заңсыз деп тану мәселелері
сараланады.
Дипломдық жұмыстың негізгі объектісін қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша
неке институтының құқықтық-нормативтік табиғаты және астары құрайды.
Дипломдық жұмыстың нақты пәнін қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша неке
қатынастары, оның басты құрамдас нормативті бөліктері – некені бұзу,
ажырасу, тоқтату және т.б. құрайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі
мақсаты - қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша неке институтының мәні мен
маңызын ашу, оның құрамдас бөліктерін анықтау, олардың қазақ қоғамындағы
атқарған қызметтерін зерделеу, қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша неке
қатынастарынан туындайтын міндеттерді бұзғаны үшін тартылатын
жауапкершіліктің негіздерін айқындау болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделеді:
- әдет құқығы бойынша некеге тұрудың негізгі шарттарын айқындау;
- әдет құқығындағы некеге тұрудың негізгі тәртіптерін саралау
- некенің тоқтатылуының алғышарттары мен негіздерін саралау;
Жұмыста қолданылатын терминдер: неке, отбасы, әдет-ғұрып, құқық, заң
және т.б.

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі
құқықтық жүйе әдет-ғұрып құқығы нормаларына негізделген еді. Сондықтан
құқықтық жүйеге оның тарихтағы орнына сай көзқарас, соған лайық зерттеу
әдісі және ұғым-түсініктер қажет.
Қазақ қоғамындағы әдет-ғұрып дәстүрінің өмірлік құпиясы оның адами
ажарында, рухани келбетінде, мәдени астарында. Ұлттық әдет-ғұрып болмысының
осы бір қиын да қилы қатпарларына, түңғиық тұнықтарына ой жүгіртіп, олардан
тұшымды сыр тарта алғанда ғана қазақ сахарасындағы салт-дәстүр мәдениеті
жәйлі шынайы тұжырымдар жасауға болады. Оның сырт көзге қораш көрінер
құрылымдық қарапайымдылығы адам табиғатына әсер етудегі ғажайып
мүмкіндігімен астасып жатады, көп шығынды қажет етпей тез, жеңіл әрі оңай
орындалар шарттылықтары игілігі мол нәтиже, тұтастай тағылым берер
пәрменділігімен ұштасады.
Қазақ салт-дәстүрі осыған дейін кеңес құқықтанымы аумағанда, негізінен,
таптық көзқарас тұрғысынан зерттелді. Соның нәтижесінде, әдет-ғұрып
дәстүрінің таптық, күн көрістік сипаты асыра бағаланып, оның мазмұны
көшпелі қоғамдағы әлеуметтік қатынастар жүйесімен және солардың негізінде
жатқан экономикалық мүдделермен анықталды. Таптық көзқарастың объективті
мәнінен гөрі идеологиялық сипатын асыра сілтеу қазақ әдет-ғұрып дәстүрінің
пішімін бұрмалап, оны артта қалған, тарихи түрғыдан алғанда дамуы
кешуілдеген, ескі құқықтық жүйелер қатарына жатқызуға жол берді. Қазақ әдет-
ғұрып құқығы консервативті, негативті суреттермен боялды. Демек, әдет-ғұрып
құқығын зерттеуде бірізділік, бір-жақтылық сарыны біршама орын алды. Ендігі
міндет жеткен жетістіктерімізден жерінбей оны көре біліп, сонымен қатар
жіберген олқылықтарымыздың орнын толтыру, аталмыш мәселені зерттеудегі,
оған баға берудегі кеткен бұра тартулардан арылу. Сөйтіп, қазақ
қоғамындағы құқықтық-нормативтік өмір арнасының шынайы табиғатын ашып, оның
объективті кескін-келбетін, бітім-болмысын ғылыми тұрғыдан сомдау.
Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрі ұзына бойғы тарихының жемісі,
серігі және оның қоғамдық өмірінің құндылықтарының бірі болды. Әдет заңдары
тарих кейіпкері, өткен өмір елесі ретінде қаралып бағаланады.
Қазақстан Республикасы егемендік алып, оның саяси тәуелсіздігі
жарияланғаннан кейін жағдай түбегейлі өзгерді. Егемендік, тәуелсіздік,
ұлттық мемлекет идеялары қоғамдық өмірдің барлық салалары, оның ішінде
мемлекеттік құрылыс және құқықтық жүйе арналарына да соны серпін, жаңа леп
алып келді.
Ұлттық сананың қайта түлеп, жанданып-жаңғырығуы бірте-бірте салт-
дәстүрлік саланы да қамти бастады. Бұл өмір аумағындағы құбылыс, әрекеттер
де енді ұлттық сана-сезім бастаулары және құндылықтары биігінен қаралып,
бағалана бастады.
Көшпелі қазақ қоғамындағы әдет-ғұрып дәстүрін арнайы бақылап, оны жүйелі
түрде зерттеп-зерделеудің ұзаққа созылған тарихы бар. Оның бастауы
көшпенділер тарихының ежелгі дәуіріне барып тіреледі. Дегенмен, қолда бар
деректер қазақ әдет-ғұрып зандарының зерттелу барысын Ресейдің қол астына
ену кезеңінен бастауға ғана мүмкіндік берді. Ресей империясы тұсында әдет-
ғұрып дәстүрін зерттеудің өз ерекшеліктері болды. Бұл уақытта әдеп зандары
қазақ қоғамындағы басты құқықтық жүйе болғандықтан ол жайлы деректерді
жинап, жүйелеу және сарапқа салу патша органдарының ресми қызметі болды.
Демек, жергілікті халықтың құқықтық нормаларын жинақтап зерттеу, көп
жағдайда ресми органдардың тапсырмасымен, бақылауымен және солар тарапынан
іске асты.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Ресей дәуірінде жарық көрген әдет заңдары
жәйлі әдебиетте көшпенділердің құқтық институттары мен нормалары
жинақталып, сұрыпталды, олар белгілі бір жүйеге келтіріліп зеттелді. Және
бұл нормалар жәйлі алғашқы ғылыми болжамдар, 1948-1949 жылдары. С. Л. Фукс
[1] және М.Г.Масевич қазақ әдет-ғұрып құқығына арналған тақырыптарға
докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғады. Аталған авторлардың және
С.В.Юшковтың, Т.М.Культелеевтің мақалалары жарық көре бастады. Ал, 1955
жылы С.З.Зимановтың редакторлық етуімен Т.М.Культелеевтің белгілі
монографиясы басылып шықты.
Саяси және идеологиялық қысымшылықтарға байланысты тоқтатылып қалған
ұлттық құқықтық өмірдің тарихына арналған зерттеулер 70 жылдары академик
С.З. Зимановтың бастауымен өз жалғасын тапты. Әдет-ғұрып құқығының қайнар
көздерін, ескерткіштерін, үлкен және кіші заң кодекстерін іздестіріп,
қалпына келтіруге арналған ізденіс-жүмыстары одан әрі жалғасуда.
Дипломдық жұмыстың объектісі және пәні. Дипломдық жұмыстың негізгі
объектісін қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша неке институтының құқықтық-
нормативтік табиғаты және астары құрайды. Дипломдық жұмыстың нақты пәнін
қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша неке қатынастары, оның басты құрамдас
нормативті бөліктері – некені бұзу, ажырасу, тоқтату және т.б. құрайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі
мақсаты - қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша неке институтының мәні мен
маңызын ашу, оның құрамдас бөліктерін анықтау, олардың қазақ қоғамындағы
атқарған қызметтерін зерделеу, қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша неке
қатынастарынан туындайтын міндеттерді бұзғаны үшін тартылатын
жауапкершіліктің негіздерін айқындау болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделеді:
- әдет құқығы бойынша некеге тұрудың негізгі шарттарын айқындау;
- әдет құқығындағы некеге тұрудың негізгі тәртіптерін саралау
- некенің тоқтатылуының алғышарттары мен негіздерін саралау;
Дипломдық жұмыстың ғылыми-әдістемелік базасы. Диплом жұмысты жазу
барысында қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша неке қатынастарын зерттеген
ғалымдардың еңбектері, материалдар мен құжаттар жинақтары, баспасөз
материалдары пайдаланылды. Сондай-ақ, жалпы қоғамдық ғылымдарға ортақ және
арнайы танымдық әдістер: диалектикалық, синтездеу, тарихи, салыстырмалы,
функционалды т.б. қолданылды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Диплом жұмысы нәтижелерінің
теориялық маңызы дәстүрлі қазақ қоғамындағы қазақ әдет-ғұрып құқығы
бойынша неке институтына байланысты саяси-құқықтық ойды, теориялық
тұжырымдарды толықтырумен көрініс табады.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, алты бөлімшеден,
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ҚАЗАҚ ӘДЕТ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ
1

1.1 Әдет құқығы бойынша некеге тұрудың негізгі шарттары

Адам өміріндегі ең бір қызықты да ұмытылмас белең, оның үйленіп жеке
отау тігуі. Бұл орайда қазақ елінің ұлын үйлендіріп, қызын ұзатуда ғасырлар
бойғы сақталып келе жатқан өзінің салт-дәстүрлері бар.
Қазақ халқында "Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақжаулық,
үшінші байлық - он саулық" деген үш тармақты, бір бүтін аталы сөздің бар
екені мәлім. Халықтың өсіп-өнетін жан ұясы - жас жұбайлардың шаңырағы. Қыз
бен жігіттің бас қосып үйленуі сырт қарағанда олардың жеке өз істері сияқты
көрінгенімен бұл бүкіл халық мүддесімен, оның болашағымен ұштасып жатқан
қоғам өмірінің өзектес құбылысы. Сондықтан да ежелден ата-аналар балаларын
кезінде үйлендіріп, жақсы келін түсіруді мұрат тұтып, мұны тікелей өз
қолдарына алып отырған.
Айттыру - балалардың әке-шешелері тарапынан іске асырылатын әрекет.
Кәмілетке толған баласына өздеріне ұнаған, көңілдері түскен үйдің ата-
аналарымен қызын беру туралы сөз салады. Айттыру әр түрлі нәтижемен
аяқталып отырған, нәтижесіз болғаны да көп кездесіп отырған. Себебі
қыздарының дәулетті, текті жерге баруын қалаған ата-аналары бұрын етене
таныс емес адамдарға қыздарын беруге онша ниеттері болмаған. Мұны талай
аңыз, ауыз әдебиеті дәлелдейді. Өз еркімен, яғни ата-аналарының ақ батасын
алмай қосылған болса ел арасында үлкен дау туып отырған. Мұнда айттырылып
қойған қызды алып қашқан жігіт те, онымен бірге қашқан қыз да айыпты деп
танылып, оларға өлім жазасын кесуте дейін барған [2, 33-34 бб.].
Қазақ салтында құдаласудың түрлері көп. Әкелердің көңілі табысқан
достығынан да құдаласу қатынасы орнайды. Алайда ең көп тарағаны -
серілікпен табысқан қыз таңдау тәсілі. Салт бойынша қыз таңдау - жігіттің
міндеті. Қыз таңдау тек бет-жүзіне, шырай-ажарына ғана қарап шешім қабылдау
емес. Соған қоса жігіт өзі таңдап, қалаған қыздың мінезін, білігін, бойына
сіңірген үлгі-өнегесін де пайымдайды. Қандай жағдайда болса да ыңғайын
тауып, ауызба-ауыз сөйлеседі. Орайы келсе әзіл-қалжыңымен көңілін аударып,
сыр тартады. Мұндай тұста қыздың да қарап қалмайтыны белгілі. "Қыз көретін
жігітті біз көрелік" деп, жігіттің қабілет қарымын, ой шалымын екшейді.
Діттеген деңгейіне дөп келсе, жарастық ыңғайын сездіреді. Осындай көңіл
табысқан жарастықтан кейін барып жігіт әке-шешесіне өзінің мақсатын
мәлімдейді. Үй-іші үшін бұл үлкен қуаныш [3, 138 б.].
Жігіт әкесі тарапынан қыз таңдау, қыз көру аяқталғаннан кейін
айттырылатын қызға құда түсуге кіріседі. Оны қыз әкесіне "жаушы" ретінде
кісі жіберуден бастайды. Жаушының негізгі міндеті - қыздың әкесінің ниетін
біліп, егер ол қарсы болмаса құдалыққа қай уақытта келетіндігі туралы
келісіп қайту. Құдаласушы екі жақтың бір-біріне тең, үйлесімді болуына
халық айрықша мән берген. Құдалыққа келген жаушы, жарастырушылар сөздерін
астарлап, жұмбақтап, тұспалмен айтып, көңілге тиіп қалмау жағдайына да
зейін қойған.
Құдаласа келген жақтың тілегін қабыл алмаса, түрлі сылтау айтып
созбалаққа салып, тікелей жауап бермей кейінге қалдыратын болған. Ал қабыл
алып, келісілген жағдайда қалың мал мәселесі жөнінде пәтуаласады. Мұндай
келісімнен кейін қыздың әкесіне "қарғыбау", анасына "сүт ақысы" өткізіліп,
фатиха-бата сөздер айтылады. Құдалардың құрметіне көңіл көтерерлік
кішігірім той жасап "құдатартыс" аталатын жол-жоралғылар жасалады. Сонан
соң қыз әкесі құдалардың келу уақытын белгілеп, жаушыны аттандырады.
Қыз әкесінің жылы лебізін әкелген жаушы келісімен жігіт әкесінің үйіне
жанашыр туыстар жиналып, құдалыққа кімдер баратыны және аттану мерзімі
белгіленеді. Бас құда болып, көбінесе, жігіт әкесінің жөн білетін сенімді
туысының бірі барады. Бұрын таныс-біліс болмаған жағдайда екі жақ тектесіп,
жай-күйлерін үғысады. Ондағы мақсаты - қандастық жақындықтың шығып қалмауы.
Сонан кейін ашық пікірлесіп, қалың мал мен алыс-беріс мәселесіне келіседі.
Құдалардың саны үш-төрт кісіден, кейде одан да көп болуы мүмкін, мұның
өзі негізінен қалың мал мөлшеріне, құдалардың ауқаттылығына байланысты
болды. Қалың мал айтса-айтпаса да бай болсын, кедей болсын, киіт, ілу және
сүт ақы, осы үш нәрсе ешқашан тоқтатылмайды, "ата күші, ана сүті" шарт
етілген нәрсе. Киіт өз алдына құдаларға екі жақтан бірдей берілетін кәде.
Ілу мен сүт ақы өз алдына кит мөлшеріне байланысы жоқ күйеу тарапынан, оның
барлығына қарай қара шаңыраққа және қыз анасына арнайы әкелінетін
сыйлықтар. Бұдан басқа, міндетті түрде, күйеу жағының апаратын бір малы
болады, ол "өлі-тірі" делінеді.
Құдалардың келуіне жеке үйлер тігіліп, қонақасы беріледі. Сый-құрмет
көрсетілгеннен кейін құдалар қалың мал мөлшерін, оны қай мерзімде, қалай
өтейтіндігін, жасау жағынан тек отау жөнінде сөз болып, өзге жағы
айтылмайды. Бұдан басқа әр түрлі шақырыстар мен берілетін жоралғы мөлшері,
ең соңында қызды ұзату мерзімі туралы келісім жасалады. Қыз бой жетіп
отырған жағдайда құда түсу рәсімін жеделдете өткізіп, әрі қарай қыз ұзату
тойына дайындық жасалады. Мәселе әбден шешіліп болғанда құдалық үшін
анттасып, бата қылысады. Ол үшін ақсарбас айтылып, оның бауыздалу қанына
қол батыру ақ батаны бүзбауға серт бергендік болып табылады. Серт
бүзылмайды, қол алысқан шартты аттауға жол жоқ. "Уәде – құдай сөзі" деп
білетін қазақ аруақтар назасынан қорқады. Уәде бұзылса, ел алдында қара бет
болып, масқаралық күйге ұшырағаны. Мысалы, "Қыз Жібек" жырының бір
нұсқасында Төлеген батыр Қыз Жібектің ауылын іздеп бармақ болып, әкесі
Базарбайдан рұқсат сүрағанда: "Өзімнің құда түсуге көңілге алған жерім бар.
Еділ-Жайық бойында қыз құрып қалғандай, алыстан қыз іздеп, ант бұзып
аттанамын дегенің қай көргенсіздік", - деп рұқсат бермейді. Жібекпен уәде
байласқан Төлеген әкесі Базарбайдың наразылығына қарамай аттанбақ болады.
Ата салтын бұздың деп назаланған Базарбай баласы Төлегеннің жанына ешбір
жолдас ертпей алыс сапарға жалғыз жібереді. Төлеген аттанарда Базарбай
теріс батасын береді. Теріс бата алып, "ата назарына" ұшыраған Төлеген сол
сапардан оралмай, жолда қапылыста Бекежан қарақшының қолынан қаза табады.
Ел ондай ант бұзған адамдарды, екі жүзділер қатарына қосады. Бұдан өткен
қорлық жоқ қазақ үғымында.
Бата аяққа арнап күйеу әкесі өзінің дәулетіне қарай бір жылқы не түйе
немесе олардың әрқайсысын бір, яки бірнеше тоғыз етіп береді. "Қыз Жібек"
жырында Төлеген Қыз Жібектің бата аяғына 250 жылқы берген. Бұдан бөлек
қалыңдық "қарғы бауына" деп жылқы не түйе түлігінен бір тәуір мал немесе 10
сомнан 60 сомға дейін күміс ақша апаратындар да болған. Бата мен қарғы
бауы алынған қыз бұдан былай айттырушының заңды қалыңдығы боп есептеледі.
Құдалары келгенде қыз әкесі ақ қой сойып, бата оқытып, той жасайды. Осы
той үстінде құдаларға құрт тартқан сорпаға құйрық-бауыр салып, таратады.
Құда түсіп, туысқан болудың белгісі "құйрық-бауыр" жегізу. Құйрық-бауыр
жеудің мәнісі екі жақтың бауырласып туыс болғанын көрсетсе керек. Бұл ең
бір бастысы – құйрық-бауыр заң орнына жүрген. Екі жақтан дау-дамай туа
қалғанда кез-келген "құйрық-бауыр жеп пе едіңдер?" -деп сұрайды. Желінген
болса, онда құдалық заңды деп саналып, дауларын қараған.
Той бітіп құдалар қайтарда олардың әрқайсысына кит кигізіп, ат
мінгізеді, түйе жетектетеді. Киттің ең бастысы жігіт әкесіне арналады. Бүл
арада оның құдалар құрамында болу, болмауы шарт емес, яғни үйінде жатса да
оған деп, қыз әкесінің шамасына қарай кілем жауып, нар жетектетеді не
жүйрік жорғадан таңдап тәуір ат мінгізеді. Қалған құдаларға күйеуге туыстық
жақындық қатынасына қарай жолын беріп, кит кигізеді. Кит есебінде үлкенді-
кішілі мал (көбінесе түйе мен жылқы түліктері) әр түрлі киім түрлері
беріледі.
Құдалар оралысымен жігіт әкесі құдасын шақырып, белгіленген қалың малдың
алғашқы бөлімін беруге дайындалады. Қыз беретін жақтан келетін құдалар саны
күйеу жағынан келетін құдалар санына қарағанда бір адамға кем. Ел арасынан
жиналған деректерге қарағанда дәл осындай міндеттілік болмағанмен, қыз
беретін жақтың құдалар саны әрқашан артық болады. Бұл жағдай халық өміріне
сіңісіп, әбден бекіген дәстүр. Бұл жерде де қыз ауылындағы рәсімдер айнымай
қайталанады. Құда күту тойының соңында қалың мал қыз әкесіне тамам жұрттың
алдында түгенделіп беріледі, кейде жігіт әкесі қалың малды біртіндеп
төлеуге мұрсат сұрайды. Қалың малдың ауыртпалығы тек жігіт әкесіне ғана
емес, құдалыққа бірге барған ағайын-туыстарга да түседі. Ең бағалы киіт
алған адам қалың малға да ең қомақты үлес қосуы керек.
Күйеудің әкесі қалың малын төлеуге қандай міндетті болса, қалыңдықтың
әкесі қызына жасау беруге сондай борышты. Жасаудың көлемі жайында ешқандай
келісім-шарт болмайды. Қазақ халқындағы жасау дегеніміз – құдалар ара-
сындағы біртуыстық, теңтаразылық қатынастардың екі басы. Барлық қыздардың
жасауы бірдей бола бермейді. Қалай болған күнде де ұяты бар, ауқатты
қазақтардың жасауға беретіні оның алған қалың малынан және күйеудің берген
кәделерінен кем болмайды. Жасау қызының келешек үй жұмысының керегі үшін
емес, ата-аналарының өз даңқы үшін берілген. Егер келін өз жасауынсыз тек
малға ғана келген болса, ол шынында малға сатылғаны және оның жаңа ортаға
қалыптасуы мен жәй-күйі жалтақ, жалынышты болған болар еді. Ал егер жас
келіннің бағасы жағынан қалың малға сәйкес келетін өзімен бірге келген
жасауы болса, онда оның келген жеріндегі өзін-өзі сезінуі, оның "көңіл
терезесінің" жанұяның басқа мүшелерімен тең болары да ақиқат. Яғни жас
келін тек өзінің жеке басының зерделік, психологиялық, имандылық
ерекшеліктерімен ғана шектеліп қоймайды, оның өзімен келген мал-мүлікке
деген сүйенішімен де анықталады.
Қалыңдықтың әкесі қалың малдың ауқымына қарай жасау әзірлетеді. Орташа
тұрмысты және жарлы адамдар көбіне қалың малдан кем жасау береді, өйткені
олар үшін қызын күйеуге беру жағдайын түзеп, тұрмысын бүтіндеудің бір жолы.
Ал енді 77 бастан артық қалың мал алған бай адамдар қызының жасауын қалың
малынан асырып жасамаса, кем жасамайды.
Мал мен ақшадан тұратын қалың малдан жасаудың айырмашылығы — оның
негізін киім-кешек, көрпе-жастық, кілем-төсеніш, үй жабдықтары, киіз үй
құрайды. Малдан тек қыз мінетін ат пен жасау артатын түйе болады. Қазақтың
ескі салты бойынша, сәукеле мен қымбат әшекейден басқа қыз киімі түгел
тоғыздан беріледі. Қазір ол дәстүр көп сақталмайды, әркім киімді 40-тан
берсе, кедейлер бір-бірден бергенді місе түтады, күллі жасауын түгендеуге
олардың әл-ауқаты жетпейтін.
Тұтас жасау мынандай: ат, түйе, отау, үй, ер, шылбыр, үзеңгі, өмілдірік,
құйысқан, жүген, жәмші, қамшы; ыдыстан: қазан, таған, аяқ-табақ, шөміш,
қасық, құмған, төсек, ағаш, кебеже, жүк аяқ, әбдіре; киімнен: сәукеле,
желек, көйлек, дамбал, етік, тон, ішек, белбеу; төсек-орын: көрпе, жастық,
шымылдық, киіз, түс киіз, кілем, алаша, сырмақ.
Осы аталған заттардың ішінде сәукеле мен желек арнайы тойға тіктіріледі.
Желек көбіне қызыл матадан тігіледі, қалыңдық оны тойдан кейін бір жыл бойы
басынан тастамайды. Сәукелені қалындық күйеу жігіттің аулына келін боп
түскенде киеді. Құда түсіп қалың малын төлеген соң жігіт жағы қыздың
жасауының жасалып бітуін күтеді. Ол бір жылға немесе одан да көбірек
уақытқа созылуы мүмкін. Бұл аралықта күйеу жігіт қалыңдығына ұрын келіп
түрады. Күйеудің некеге дейін жасырын баруын қазақтар ұрын барған не ұрын
той дейді. Егер қалың мал тұтасқа жуық өтпесе күйеу балаға бұл кеңшілік
жоқ. Бірақ бұл аралықта күйеу бала бармағанмен, екі жақ араласып жатады.
Қалыңдық пен күйеудің туған-туыстары қыз ұзатылмай тұрғанда екі жағы бір-
біріне араласып қарым-қатынас жасаудың бастамасы "ірге-көрер" деген кәдемен
басталады. Алдымен күйеудің әкесі, содан соң қыздың әкесі барып ірге
көреді. Екі жақтың құдасы да ірге көруге барғанда шамасына қарай бір
қарадан үш қараға дейін жетектетіп барады. Қалыңдық жақтан балалар келсе
тай мініп, үлкендері сыбағаларын жеп, арақайшыласып жатады. ұрын келудің
екі жастың болашақ тағдыры үшін маңызы үлкен. Өйткені бірін-бірі тұңғыш
көріп тілдескен жастардың өзара көңілі толып тіл табысуы, не көңілдері
жараспай қалса құдалықтың бүзылуы да мүмкін. Күйеу жігіт қалыңдығына ұрын
барғанда болашақ кайын енесі мен атасының көзіне түспеуі керек. Қалыңдығын
әкетуге барғанда ғана қайын атасымен жүздесіп танысады. Әйткенмен алғашқы
ұрын келудің жүгі ауыр, күйеу де, оның жолдастары да тіс қаққан, жөн-жобаны
жақсы білетін, өнерпаз, қолынан да, тілінен де келетін адамдар болады.
Өйткені олар қалыңдық ауылында қазақтың жоралғысына орай көп сыннан өтеді.
ұрын тойға келген күйеудің қасқайып жарықта келуіне рұқсат жоқ. Бүйту бір
жағынан - әдепсіздік, екінші жағынан — баса көктеп көргенсіздікке барғаны.
Сондықтан қас қарая күйеу келді делінетін уақытта келуі керек. Күйеуді баса
көктетпей, өстіп келтірудің өзінде үлкен мән бар. Ата-ананы, үлкенді
сыйлау, қайын жүртты құрметтеу, бұған қалыптасу жастар үшін аса қажет.
Айдаладан тауып алған алтыннан гөрі, алты қабат тау астынан қазып алған
алтынның қадірлі болатынындай, қалындықтың да зарықтырып көрінгені жақсы,
қымбат. Ләйлі мен Мәжнүн де бірін-бірі көре алмай, бірге бола алмай
зарыққаны үшін әлемге әйгілі болған ғой. Біздің қазақ ұлы мен қызын Ләйлі
мен Мәжнүн құсатып жібермесе де, олардан үлгі алғызуды атам заманнан-ақ
білген.
Қайын жұртына күйеу жігіттің келе жатқаны туралы хабаршы жібереді.
Күйеуден хабар алған қыз ауылы дереу күйеуді күтіп алудың қамына кіріседі.
Өзіне арнайы тігілген үйдің байғазысысын беріп, ішке кірген соң күйеу
қалыңдығының әйел жынысты жақындарына, анасына, әжесіне, әпке-сіңілісіне
арнайы әкелген сыйлықтарын таратады. Ол: ілу, күйеу кәде, үйге кірер,
жыртыс деп аталатын сыйлықтар таратылады. Бұл кәделердің мәні зор. Қазақта
"қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу болмайды" деген мақал бар. Алғашқы
ұрын келген күйеу тарту-таралғыдан аянбай, бар тәуірін, бағалысын тартады.
Зейін аударып қарасақ күйеу жігіт келгенде қыздың ауылында жасалатын
ертеден келе жатқан дәстүрлік ғұрып жолдарын орындау адамгершілік деп
санаған, атап айтар болсақ, ол мыналар: Қалыңдықтың "қол ұстату" рәсімі,
"ит ырылдатар" ырымы, кемпір өлді (күлдіру үшін жасалған жол), босаға
аттату немесе есік ашу әдебі, "есенсің бе" (амандасу) рәсімі, сөйлестіру
(жеңгелерді сырластыру) жоралғылары.
Мұнша ырым мен жол-жоралғылардың көптігін фальклор зерттеушілер мен
этнографтар былай түсіндіреді:
1. Болашақ күйеудің алдында қыздың бағасын арттырып, беделін көтеру,
қиындық пен бөгесінді жеңу барысында құштарлық, ынтығуды арттыру үшін
жасалады.
2. Адам істе, әрекетте сыналатын болса, жігітті сыннан көру.
3. Қыз бен жігіттің шашбауын көтеріп, мадақтап, абыройын арттырып,
айналасындағы адамдардың көңілін көтеріп, шаттыққа кенелту.
Барлық қазақтардағы ұрын тойлардың ежелгі мақсаты- күйеудің келісімі
және қалың малды толық төлеу туралы мақұлдасу, қалың малдың қалғанын
төлеуге уәде еткен күйеуге сеніп қызын ұрын тойда ұзататындар да ұшырасады.
Осылайша салтанатты той жасаудан құтылады.
Ұрын той мен қыз ұзату тойының немесе үйлену тойының арасы әртүрлі
мерзімге созылады. Егер қалың мал түгел беріліп, қыз жасауы сай болса,
қалыңдық ұзатылар жасына толса, үйлену тойын жасап, қалындықты ұзатады.
Ұрын тойдың нәтижесінде құдалар арасында да, күйеу мен қалыңдық арасында
да бірін-бірі түсінушілік, татулық қатынас өрби түскен жағдайда екі жақ та
келесі тойдың дайындығына кіріседі. Қыз әкесінің негізгі дайындығы баласына
беретін жасауы мен қыздың киім-кешегі, құдаларға беретін жолы мен
киттерінің айналасында болады. Ал, күйеу әкесі болса - қалың малдың соңын
беру, қыз алуға барардағы көптеген сыйлықтар, екі жақта жасалатын той
шығыны, т.б. толып жатқан дайын-дықтар қамын жасайды. Бүл уақытта екі құда
бір-бірімен хабарласа, ақылдаса отырып дайындыққа кіріседі.
Қыз ұзату тойының басталатын күнін белгілеу қыз әкесінің еркінде. Ол
әдетте ауа райының ашық болуын есептей келіп, апта ішіндегі бір сәтті күнді
белгілейді. Той басталардан 2-3 күн бұрын қалындық ауылына 5-6
жолдастарымен баласын аттандырады. Кейде баласын қыз алу тойына шешесі
ертіп барады. Бұ жолы күйеудің апаратын сыйлықтарының бастылары "сүт ақы",
"той малы", "жыртыс", т.б. көптеген кәделерге деп мал, шапан, орамал, күміс
ақшалар алады. Қызға жасау ретінде берілетін отау үйдің киізін кейде
жартылап, кейде отаудың шаңырағы мен босағасын да күйеу әкелетін көрінеді.
Ал, қалған жабдықтары түгелдей қыз әкесінің мойнында болады. Негізінде
отауға керекті киіздің жартысын немесе түгел әкелу құдалардың жағдайына
және келісуіне қарай жасалады да, ал міндетті түрде, киіз үйдің шаңырағын
және босағасын әкелу ертеден келе жатқан халықтық әдет-ғұрып. Ал енді
шаңырақ, босаға және киіз жамылышын күйеудің әкелуінен отауды түбінде
өзімдікі деу үшін апаратын.
Күйеу ауылға жарты шақырымдай жол қалғанда бір жолдасымен қалады да,
қалғандары ауылға барып күйеудің келгендігін хабарлайды. Бір топ келіншек
күйеудің алдынан шығып, қарсы алады. Күйеудің мініп келген атын жақын
балдызы жетектеп келіп, ат байлауышқа байлағаны үшін "ат байлар" кәдесін
алады. Оған көбінесе мата беріледі. Күйеу жеке үйге орналасады. Қалған
жолдастарына бөлек үй тігіледі.
Күйеу жолдас болып барған басшы жігіт алып келген сыйлықтарын, той
малын, жыртысын құда-құдағиының алдына салады. Құдалар әкелгенге разы
болса, ұзату тойын тездетуге уәде береді. Ал, көңілдері толмай,
әкелгендерін олқысынса, кернау-лыққа салынып істі созатындар да аз
болмайды. Сайып келгенде, мүмкіндігі болса күйеу жағынан тағы да қосымша
мал не ақшадай көмек келеді де, ақыр аяғында қыз әкесі той жасап, қызын
ұзатады.
Күйеу әкесі отауға арнап берілетін киізді күні бұрын жіберсе, отау
жабдықтарын алдын-ала жасап қоюға болады. Отауды қыз әкесінің үйінің артына
тігеді. Отау тігуге ауылдағы балалы-шағалы ауқатты, бақытты, үлгілі деген
әйелдер ғана қатысады. Отау тігіліп болған соң құдалардан отау тігуші
әйелдер отау байғазысын алады. Бұдан соң отауды көрсетуге қалыңдық
кіргізіледі. Ол кірісімен отаудың ас-су түратын сол жақ босағасына барып оң
аяғымен жерді бір теуіп далаға шығады. Одан соң күйеуді кіргізеді, ол да
соны істеп сыртқа шығады. Бұл әдет олардың келешекте отауымызға нағыз ие
боламыз, тату тұрамыз, ас-сулы, дастарқанды боламыз деген уәдесін бергендей
сезімде екендігін білдіретін ғұрып. Үй тігіскен әйелдер күйеуден "отау
жабар", "шаңырақ көтерер" кәделеріне малдай, ақшадай немесе тігулі киімдей
сыйлықтар алады. Отау тігіліп, күйеу мен қалыңдыққа арналған төсек қойылып
шымылдық байланады. Отау дайын болған күні кешкісін осы отауда күйеу мен
қальщдық алғашқы рет кездеседі. Қайткен күнде де бүл кеш күйеу мен
қалыңдықтың тағдыр ұштастыруының алғашқы түні есебінде көптеген дайындықты
талап етумен бірге қалыңдыққа, оның ата-анасына, туған-туыстарына үлкен сын
сағаты болып есептеледі. Әр кісінің көңіліндегі белгісіз күдіктен не
айығып, не әйгіленіп аяқталатын өте жауапты кезең.
Бұл түннің де толып жатқан ырым, кәделері бар. Қыз жеңгелері күйеуден
ұрын келуде алатын кәделерін бұ жолы тағы қайталайды. Кешке бір үйде жастар
жиналып ойын-сауық, айтыс ұйымдастырады. Түн ортасы ауған кезде қыздар мен
жігіттер арасында қалыңдық үшін дәстүрлі талас басталады да, жеңгелердің
көмегімен жігіттер жеңіп, қальңдықты отауға әкетеді. Қалыңдық отауға
келісімен төсек салынып, бірнеше жеңгелер күйеу шақыруға барып, бақан
аттар, ит ырылдатар ғұрыптарынан өткізіп, күйеуді әкелген соң, отау ішінде
кемпір өлді, төсек саларды да, көрпе үстінде ақ шүберек (неке жаулық)
төсеп, қалыңдық пен күйеуді жатқызып, шамдарын сөндіріп жеңгелер сыртқа
шығады.
Алғашқы түнге дейін жеңгелер күйеуте онша қатал болмайды, қайта оны жылы
жүзбен қарсы алып, мейірімді, шырайды аңғарта түседі. Оның өзіндік себебі
бар. Қалыңдық ойлаған жерден шығып, оның арулығы дәлелденсе, құдайдың
бергені. Сондықтан ешнәрсеге көзі жетпей тұрып жаны ашыр жеңгелер күйеудің
қабағын шыттырмауға тырысады. Сөйтіп, отаудан сыртқа шыққан жеңгелер бірден
кете қоймай, үй іргесінен құлақ салып тыңдайды. Таңертең қалыңдық төсегін
жинауға келген жеңгелер әдейі төселген шүберектен қалыңдық адалдығының ізін
көрсе, қуаныштары қойнына сыймай, күйеу мен қыз аналарынан сүйінші сұрайды.
Арулы қалыңдық құшқан күйеу тәуір киімдерін киіп, атына мініп,
жолдастарымен бірге қайын атасының алдына барып, қайын жұртына да,
қалыңдығына да ризалыгын білдіреді. Атасы да батасын беріп, тойды
тездететіндігін айтады.
Егер қалындық алғашқы неке түні таза болмай шықса, күйеу бұл жайды
жеңгетайларға хабарлап, олар жайсыз хабарды қалыңдықтың анасына жеткізген.
Сосын анасының: "бетіме күйе жағып, елге қарамастай қылдың" деген сәлемін
қызына айтып барған. Қыз әкесі "қызға қырық үйден тиым салмадың" деп әйелін
сабаса, күйеу қалыңдығының кінәсін айтып, қыз әкесіне кісі салған. Егер
қыздың абройсыздығына әке-шешесі кінәлі болса, онда күйеуге кіші қызын
беруге тиіс, өйтпеген жағдайда жігіт қалың малын қайтарып алуға қақылы.
Қалыңдық абыройсыз болып шыққанда жасалатын түрлі рәсімдерді "қатын шықты"
деп атайды. Жігіт берген қалың малын қайтарып алу үшін куәгерлерін алдыға
тартып, қыздың кінәсін дәлелдеуі керек. Кейде ақылды жігіт қалыңдығының
айыбын біле тұрса да ешкімге айтпай, ішіне бүгіп қалады, себебі қазір
айыпсыз қалыңдықты кездестіру қиын да. Егер күйеу реніш білдірумен
шектеліп, үйленуден бас тартпаса, онда қалың малдың жартысын кейін қайтарып
алады. Егер ол қалыңдығын алудан бас тартса, онда басқа қыздарының біреуін
таңдауын, не қалың малды тегіс қайтарып алуын сұрайды.
XIX ғ. басында қалыңдықтың күнәлілігіне байланысты мұндай жазаға бару
өте сирек кездесетін. Күйеу тарапынан наразылық туған күннің өзінде қыз
әкесі оған кісі салып кешірім сұрап, айып төлейтіндігін білдіреді. Бұған
келіспеген жағдайда, қалың малын қайтарғысы келмесе, басы бос басқа қызын
беруте де келісімін білдіреді. Екі жақ бір-бірімен өз бетінше келісе
алмаса, би алдына жүгінеді.
Билер екі жақтың шығынын, кінәсін есептей келе қалың малдың белгілі
мөлшерін ғана қайтартқызады. Мұндай мүмкіндіктер болмаған жағдайда қалың
малды қайтаруға келісімін береді. Қызының абыройсыздығы үшін оның әкесі
куйеуге бұрын үш тоғызға дейін айып төлесе, XIX ғ. соңында ат-тонға дейін
төмендеген. Жалпы, бұл мәселе аяқсыз қалдырылмайтын.
Бұдан шығатын қорытынды: ата-бабаларымыз үйлену тойына айрықша мән
беріп, оны халықтың тәрбие мектебі деп білген. Ол құр әшейін ғана жеңіл
ойын-күлкі, қисапсыз тыраштанып текке мал шашу емес, адам өмірінде бір-ақ
рет қана берілетін ұлы қуаныш, үлкен асу, тіршілік өзегі. Осылай деп
түсінген аталарымыз балаларының жолына барын шашып, тойдың мәнді де, сәнді
өтуіне елден ерек көңіл бөлген. Ал ата-ананың ол сенімін ақтау жастардың
перзенттік борышы, азаматтық ақ парызы саналған.
Үйлену тойының негізгі дайындығы мен негізгі шарттары біткен кезде
тойдың басталуынан бірер күн бұрын маңайдағы елдерге тойға шақырушылар
жіберіледі. ұзату тойына маңайдағы ауылдарды қыз жеңгесі басына қалыңдықтың
жаңа сәукелесін киіп, мойнына қоңырау тағылған күміс ертоқымды жорғамен
жүріп шақыратын болған. Ауыл адамдары түгелімен бірнеше күнге созылатын
үлкен тойды дұрыс өткізу қамында болатын. Бәйге, күрес, көкпар сияқты
ойындарды ұйымдастырушылар белгіленеді. Жалпы, тойдың бір ғана жанашыр
басқарушысы болады.
Тойға келушілерді олардың жас, жыныс ерекшеліктеріне қарай әр үйге
түсіріп, тамақ береді. Кешке таман түрлі өнердің тиегі ағытылады. Жастар
таң атқанша ойын-сауық құрады. Таң қылаң бере той тарқайды. ұзату тойы
аяқталып, күйме сән-салтанатымен жөнелтілер сәтте үй сыртынан өз жүртымен
қоштасқан қыздың елжіреген жүрегін, қайғылы көңілін басқысы келген, салт
атқа мінген өнерлі жігіттердің бірі жұбаныш жырын қозғайды. Оған басқа
жігіттер қосылады. М.Әуезов айтқандай:"... жүзге ауыр тимейтін 'жар' деген
сөзбен, әнмен жаңа өмірге келгендігін естіртеді. Соны құлағына сіңіру үшін,
соған көндіру үшін қайта-қайта 'жар' атын айтады". Алайда, қалыңдық еркелі
еркіндігін тидырып, біреумен қосақтаған беймәлім тағдырына үрке, үрейлене
қарап, жұбаныш сөзге тоқтай қоймайды. Үй-ішіндегі қыз-келіншектердің
көтермелеуімен бүкіл көңілінің әлі де өз жүртында екендігін айтып, сазды,
сағынышты үн созады. "Жар" деген сөздің өзін ауызға алғысы келмей, біресе
"сылқым-ау", біресе "жұртым-ау" деп қайырмалап отырады. Бірақ ұрын келіп,
қалыңдық ойнаған күйеу жігіт жағы ақырында басым түседі де, тағдырына бас
иген қыз құлын-тайдай тебісіп бірге өскен құрбыларымен қимай қоштасса,
жігіттер жағы "үлгілі, әдепті бол, қайын атаңды сыйла, туған ауылыңа сөз
келтірме",-деп наздарын айтады [4, 51 б.].
Сырт қарағанда жар-жар қалыңдықпен ауыл жігіттерінің айтысы тәрізді.
Ал, шын мазмұнына үңілсек, бір ауылда бірге өскен қыз-бозбалалардың бірі-
бірімен қоштасуы және бөтен елге кетіп бара жатқан қызды ауыл жігіттері
онда да қайын ата, қайын ене, қайын аға, қайын, қайынбике, қайын сіңлілер
бөтен емес, өз туысыңнан кем болмайды, үйренесің деп жұбату айтады. Жат
жерде әдепті болып көргенділікпен көзге түссең сыйлы боласың, шыққан ордаңа
сөз келтірмейсің деп ақыл-кеңес береді. Егер қалыңдық баратын жеріне,
болашақ күйеуіне көңілі толмаса, әкесіне, ел-жұртына жар-жар айту
сылтауымен өзінің наразылығын да айтып салады. Бірақ бұл есепке алынбайды.
Жар-жар айтылып болған соң қалыңдық пен күйеуді қоршаған жастар ән
салып, күй тартады, сыртқа шығып ақ сүйек, айгөлек сияқты ойындарды
ойнайды, түн ортасы ауа тарасады. Ертеңіне қалындықты аттандыру қамына
кіріседі. Ол үшін қалыңдық үйді-үйге кіріп ел-жұртымен қоштасады, молда
жастардың некесін қияды, қызға берілетін жасауды бас құда мен куйеудің
серіктеріне көрсетіп оларды жолға дайындайды. Мұның бәрі бір-ақ күнде
бітпей, кейде екі-үш күнге созылады.
Ұзатылатын қыз өз ауылымен, көрші отырған жақын туыстарымен қоштасу үшін
жас жеңгелерін, ауылдас құрбыларын, жасөспірім сіңілілерін ертіп үй-үйге
кіріп "танысады". Қыздың ауыл аралайтын күні туыстары үйлерінде болады,
әрқайсысы өзінше дайындалып, дастарқаннан дәм татқызады. Бірі балқаймағын
қайнатса, екіншісі бауырсағын пісіріп, жаңа былғанған майы мен дәмді
сықпасын, ірімшік, ежгеймен сыйлайды. Кіретін үйлердің саны мен қай үйде
қанша кідіретін мерзімді бастаушы жеңгелері белгілейді.
Қоштасудың бұл түрінің негізгі мәні ол үйлердің адамдарымен ғана
жүздесіп шығу емес, әр туыстың от орнымен, шаңырағымен қоштасып, сол
шаңырақ иелерінен, қазақ дәстүрі бойынша, ескерткіш есебінде құнды болса
көпсінбей, арзан болса қомсынбай ықыласына ризашылық білдіріп, ұсынған
сыйлықтарын қабылдап, оны көзіндей көріп жүру болса керек.
Кешке қарай қыз әкесінің үйіне туысқандар жиналып, жастардың некесін қию
үшін молда шақырылады. Неке қию мұсылман дінінің, яғни шариғат қағидаларына
сай өткізіледі. Молда үйдің төрінде отырады, оның сол жағында қыз әкесі,
шешесі, одан төмен қалыңдық, жеңгелерімен отырады. Ал, молданың оң жағында
күйеуді бастап келген отағасы - бас құда, одан төмен жолдастарымен күйеу
отырады. Бұлардың екеуі қыз жағынан болса, үшіншісі күйеу жолдастарының
бірі болады. Сырлы тостағанға су құйып, қыз анасы оның ішіне күміс жүзік,
сақина не садақ жебесін, яки шіріткі жазылған қағаз салып, молданың
алдындағы ақ шүберектің үстіне қояды. Молда неке дүғасын оқып, "бәленше
қызды түгеншені әйелдікке алуға риза ма екен күйеу жігіт?",- деп тостағанды
алдына келген үш куәнің ортасындағы жігітке ұсынады. Тостағанды қолына
алған жігіттер өздерінің куәлікке жүріп, құдай алдында да, адам алдында да
сенімді ақтайтындығын сөздерімен уәделерін беріп үшеуі бірдей күйеу алдына
барып, "бәленше қызы түгеншені әйелдікке алуға ризасың ба?",- деп
тостағанды ұсынады. Күйеу ризалық ишаратын білдіріп, тостағаннан су ұрттап,
қайтып береді. Күйеу ризашылдығын естіген молда "бәленше ұлы түгеншеге
тұрмысқа шығуға, оның құдай қосқан қосағы болуға риза ма екен қалыңдық",-
дейді. Одан соң тостағанды екінші жігіт алып қызға, бәленше баласы
түгеншеге тұрмысқа шығуға ризасың ба? — деп, тостағанды ұсынады. Қыз
тостағанды алып ұрттайды да, қайтып береді. Бұдан кейін қыз әкесі мен бас
құдасынан да жастардың некесіне ризалық алып су ұрттатады. Болған іске
куәліктік білдіріп, куәлікке жүрген жігіттер де, басқа отырған адамдар да
түгелдей бір-бір ұрттап, тостағанды молдаға қайтарып береді. Молда тостаған
ішіндегі бұйымдарды қалыңдыққа ұсынады. Некенің берік болуын тілеп батасын
береді. қалындық ол затты жоғалтпай өзінде сақтау керек. Неке қию тәртібі
осымен аяқталады.
Қыз әкесі молдаға неке қиярды малдай не ақшадай береді. Ал, куәлікке
жүрген жігіттер бір-бір шапан киеді. Бұдан соң үлкендер қыз әкесінің үйінде
қалады да, жастар басқа үйге барып әңгіме-дүкен созыла түседі. Келесі күнгі
таңертеңгі шай ішіліп жайланған соң, күйеу жағынан келген бас құданы барлық
жолдастарымен қыз әкесінің үйіне шақырып, қызға берілетін жасауларын
көрсетеді, құдаларға кит есебінде жетектететін түйе, мінгізетін ат,
кигізетін шапандарын атап-атап үлестіреді. Әдетте болашақ отаудың көшер
көлігі де, сауып ішер сиыры мен биесі де қыз әкесінің барлығына қарай қыз
жасауының құрамына кіреді. Сондықтан құдаларға берілетін мал саны да
айтылады.
Қызға берілетін жасауға, малға, кигізілген киттерге құдалар ризалығын
білдіргеннен соң, ертеден келе жатқан әдет бойынша, қыз әкесінен өз қалауы
бойынша бір мал алады. Әкесінің құты деп есептелінетін белгілі айғыр,
буралардан басқаның қайсысын алам десе де еркі, еш уақытта бетінен
қақпайды. Мұндайда қалыңдық, көбінесе болашақ күйеуінің айтуынша, атышулы
бәйге, жорға аттарды қалайтын. Әрине, егер күйеу көңіліндегі ат, қыз жасауы
мен көлігінің құрамына енген жағдайда. Мұндай жақсы аттан ажырасу қыз
әкесіне қанша қиын болғанымен, қызының қалағанын береді. Бүған "Ер төстік
батыр" ертегісіндегі оның қалыңдығы Кенкекейдің әкесінен сұраған қалауы
мысал бола алады.
Бас құданың рұқсатымен енді қыз жасауы буылып, түйіледі. Қалыңдықты
аттандыру мәселесі жасау жөнелтумен тығыз байланысты. Қайсібір уақытта
жасау қалың малдан екі-үш есе артық болған. Тіпті қызы көп үйлер ұзатылған
қыздарына жасау берумен шабылып, мүлде кедейленіп отырып қалатындары
болған. Қалыңдық жасауы тиелген көштің сәнді, салтанатты болуын қыз әкесі
мен шеіпесі қадағалайды. Жүк артылған түйелердің үстіне үлкен-үлкен
кілемдер жауып, үкі тағып, бәле-жаласынан сақтай гөр деп аруақ-қүдайға
сыйынып, көшті алдын-ала жүргізіп жібереді. Қалындық пен күйеу аттанар
алдында қыз әкесінің үйіне кіреді. Әкесі қыз бен күйеуге ақылын айтып,
батасын беріп, рұқсат береді. Қыз әкесінің үйінен шығарда жақын туысының
мосқал тартқан әйелі алдын-ала шүберекке орап қойған піскен ет, бауырсақ
немесе тұз сияқты тағамды қыздың басынан үш айналдырып алып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ құқығындағы көп әйел алушылық
Ертедегі қазақ халқының некелесу дәстүрі
«Мұсылман құқығының бастаулары»
Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің қалыптасуындағы әдет-ғұрып нормаларының ролі
Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жаза түсінігі
Қазақ елінің әдет - ғұрып құқығындағы қылмыстық жазалар
Әдеттегі құқықтың көздері
Отбасы құқығының мақсаты мен қағидалары
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша неке шартының теориялық маңызы
Мұсылмандық құқық және оның бастаулары
Пәндер