Коммерциялық банктің ұйымдастыру, басқару құрылымы



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Банк жүйесінің реформасын жүргізу. заман туындатқан қажеттілік ... ... ... 5
1.1 Қазақстандағы банктік реформа ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 1995 жылына арналған Қазақстанның банк жүйесін реформалаудың бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

2. Коммерциялық банктің ұйымдастыру, басқару құрылымы ... ... ... ... ... ... ... 19
2.1 Коммерциялық банктер . қаржы делдалдары ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.2 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары ... ... ..24

3. Банк жүйесін одан ары қарай реформалаудың барысы ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Кіріспе
Өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан бірден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін меншікті банктік жүйесін кұруға кірісті. Сөйтіп банк жүйесінің реформасын жүргізудің қажеттілігі туындады. Дегенмен, бұл іске мемлекеттің араласуы, оны бақылауға алуы қажет болды.
1991 жылдың қаңтарында, елдегі банктік реформаның бастамасы болып табылатын, "Қазақ КСР- дағы банктер және банктік қызмет туралы" Заң қабылданды.
Республикалық Мемлекеттік банк облыстық басқармалары мен бөлімшелері бар ҚР Ұлттық банкіне айналды.
1989 жылдың басынан бастап, алғашқы коммерциялық, аралас, кооперативтік, жеке банктер пайда бола бастады.
Жалпы алғанда банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі болғандығына ерекше көз жеткізудің маңызы зор.
Олай болса, аталмыш курстық жұмыстың басты мақсаты – Қазақстан Республикасындағы банктердің қызметін мемлекеттік реттеу болып табылады.
Яғни халыққа қызмет көрсете бастаған банктердің тыныс-тіршілігін, көздеген бағыттарын жан-жақты саралау.
Әдебиеттер тізімі
1. Ақша, несие, банктер: ҚР жоғары экономикалық оқу орындары мен бизнес мектебі тындаушылары үшін оқулық ретінде ұсынылған / Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, Т. Рысқұлов атындағы қазақ мемлекеттік басқару академиясы Жалпы ред. басқарған Ғ.С.Сейітқасымов.- Алматы: Экономика, 2001.- 466 б.
2. Алимова М. Қазақстан Республикасындағы банктік заңдар: жүйесі, жетілдіру проблемалары, негізгі сипаттамасы// Заң.- 2005. - N 3. - Б. 30-33
3. Бекболатұлы Ж. Коммерциялық банктердің келешегі баянды ма// Заман Қазақстан.- 1997.- 9 мамыр.- Б.2
4. Бекболатұлы Ж. Қазақстан коммерциялық банктері арасында бәсекелестікті арттырудағы жарнаманың ролі ("ТұранӘлембанк" ААҚ үлгісінде): Автореферат.- Алматы: Экономика, 1999.-286.
5. Беляев А., Беляева Ә. "Валют-Транзит" банктік тобының құрылуы - тиімді бизнестің соны стратегиясы / Әзірлеген Н.Асқар// Егемен Қазақстан.- 2004. - 30 желтоқсан. - Б. 6
6. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына(депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру(сақтандыру)ережесі// Заң.- 2000.- N 4.-Б. 17-21.
7. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары: Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.- 229 б.
8. Сейітханүлы Қ. Тұран әлем банктің жаңа қадамдары// Егемен Қазақстан.- 2005. - 25 наурыз. -Б. 6

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Банк жүйесінің реформасын жүргізу- заман туындатқан
қажеттілік ... ... ... 5
1.1 Қазақстандағы банктік
реформа ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 1995 жылына арналған Қазақстанның банк жүйесін реформалаудың
бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...11

2. Коммерциялық банктің ұйымдастыру, басқару
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... .19
2.1 Коммерциялық банктер - қаржы
делдалдары ... ... ... ... ... ... . ... ... 19
2.2 Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары ... ... ..24

3. Банк жүйесін одан ары қарай реформалаудың
барысы ... ... ... ... ... ... ... . ... 26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Кіріспе
Өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан
бірден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін меншікті банктік
жүйесін кұруға кірісті. Сөйтіп банк жүйесінің реформасын жүргізудің
қажеттілігі туындады. Дегенмен, бұл іске мемлекеттің араласуы, оны
бақылауға алуы қажет болды.
1991 жылдың қаңтарында, елдегі банктік реформаның бастамасы болып
табылатын, "Қазақ КСР- дағы банктер және банктік қызмет туралы" Заң
қабылданды.
Республикалық Мемлекеттік банк облыстық басқармалары мен бөлімшелері бар
ҚР Ұлттық банкіне айналды.
1989 жылдың басынан бастап, алғашқы коммерциялық, аралас, кооперативтік,
жеке банктер пайда бола бастады.
Жалпы алғанда банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және
біртұтас құрылымдарының бірі болғандығына ерекше көз жеткізудің маңызы зор.
Олай болса, аталмыш курстық жұмыстың басты мақсаты – Қазақстан
Республикасындағы банктердің қызметін мемлекеттік реттеу болып табылады.
Яғни халыққа қызмет көрсете бастаған банктердің тыныс-тіршілігін,
көздеген бағыттарын жан-жақты саралау.

1. Банк жүйесінің реформасын жүргізу- заман туындатқан қажеттілік
1.1 Қазақстандағы банктік реформа
Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынасқа өту кезеңінде
несиені басқарудың жүйесі мен шаруашылық қызметке банктік қызмет көрсетудің
тетігіне көшудің, кәсіпорындар мен банктердің қызметін басқаруда
экономикалық әдістерді кеңінен пайдалануға ауысудың мүлдем жаңа тәсілдері
қажет болды; банктердің арасындағы және банктер мен клиенттердің арасындағы
өзара қарым-қатынас жүйесін, сондай-ақ, банк жүйесінің өз аясындағы -
олардың жекелеген буындарының арасындағы өзара қарым-қатынасты қайта құру
керек, яғни, банк жүйесін жаңа құбылыстар мен процестерді ескере отырып
реформалау қажет.
Қазақстан Республикасында банк жүйесінің реформасын жүргізудің
қажеттілігін Әлемдік банктің мамандары макроэкономикадағы реформацияның
жүзеге асуына кедергі келтіретін қысқа мерзімді проблеманың екі
категориясының болуымен түсіндіреді. Бірінші категорияға орталықтандырылған
экономикадан мұраға қалған банктің іс-тәжірибесі мен мақсатты несиелерді
мемлекеттік тұрғыдан бөлудің ескі жүйесінің толық жойылмауына байланысты
қаржы ресурстарын дүрыс орналастырмау проблемасы жатады. Проблеманың екінші
категориясы: банктер сапасыз (мерзімі өтіп кеткен) ссудаларды және
залалға ұшыраған мемлекеттік кәсіпорындарды мұраға алады. Бұл проблемалар
тіршілікке икемді (немесе несиені өтеу кабілеті бар) мемлекеттік
кәсіпорындар мен жеке кәсіпорындардың қаржылық ресурстарға апаратын жолын
жауып тастады, қаржы ресурстарын тіршілікке икемсіз (немесе залалды)
кәсіпорындардың пайдасына бұрып жіберді.
Оның үстіне, бұрынғы ескі жүйе кәсіпорындар мен ұйымдардың арасындағы
төлемдер мен есеп айырысуларды дұрыс жүргізе алмады.
1992 жылдың ішінде Қазақстан экономикасына салынатын несие салымдары
артты. Жалпы ұлттық өнім несиесінің сомасы 1992 жылдың I тоқсанында 11,3%-
ды құрады, IV тоқсанда -29,8%. Бұл негізінен өз кезегінде Ресей Орталық
банкісінің контокорренттік несиесімен қаржыландырылған Ұлттық банктің
несиесі арқылы қайта қаржыландырудың есебінен жүзеге асырылды. Мұны мына
мәліметтер айғақтайды: 1992 жылдың I тоқсанында Ұлттық банктің коммерциялық
банктерге берген несие сомасы Жалпы ұлттық өнімде 6,7%-ды құрады, ал осы
жылдың IV тоқсанында - 17,8%, Мамандандырылған банктер арқылы несие
ресурстарын осылайша орталықтандырылған әкімшілік жолмен болу тіршілікке
икемсіз, залалды мемлекеттік кәсіпорындарға несиенің берілуіне жол ашты,
бұл өз кезегінде нашар несиелердің қалыптасуына, яғни банктерде нашар несие
портфелінің пайда болуына әкеп соқтырды. 1993 жылы Ұлттық банк 7,5 млрд
теңге сомасында несие берді, оның 5,6 млрд теңге - үкіметтік, яғни, олардың
үлесі 7,6%-ды құрады, ол бойынша қайтарылған жалпы сома 138,5 млн теңгеге
немесе 3,9%-ға теңесті, қалған бөлігінің мерзімі ұзартылды.
Ұлттық банк несиесімен қайта қаржыландыру іс-тәжірибесіндегі кемшілік
мынада, банктер қайта қаржыландыру несиесіне қол жеткізгеннен кейін
депозиттік ресурстарды дербес жұмылдыруға ынталы болмайды. Оның үстіне, бұл
несиені субъективті негізде орналастырған кезде банктердің жұмыс тиімділігі
ескеріле бермейді, осының салдарынан несие ресурстары әрдайым оңтайлы
бөлінбейді.
Несиені тиімді орналастыруға кедергі келтіретін фактілердің біріне
пайыздық мөлшерлеменің төмен болуы жатады. Пайыздық мөлшерлемелер
деңгейінің төмен болуы ссудаға қажеттілікті арттырып, несие өтініші
негізінде тікелей орталықтандырылып несиеленетін мемлекеттік
кәсіпорындардың қаржылық тәртібін әлсіретіп тастады.
Мемлекеттік кәсіпорындар бұл арзан несиені негізінен инвестиция үшін
емес, еңбекақы төлемдеріне және материалдык құндылықтарды жинауға
пайдаланды. Инфляцияның деңгейі мен Ұлттық банктің атаулы пайыздық
мөлшерлемесін салыстырса да жетіп жатыр: соңғысы 500%-дан да асып түсетін
бөлшек сауда бағасының жылдық инфляциясында - 1992 жылдың наурыз айында -
жылына 25%-ды құрады. 1992 жылдың қараша айында атаулы пайыздық мөлшерлеме
65%-ға дейін артты, ал инфляция -1000%. Сол кездің тұсында арзан несие
алған кәсіпорындар өз жағдайларын түзеуге асықпады.
Осылайша, қолдау көрсетілетін мемлекеттік кәсіпорындарды тікелей
несиелеудің саясатын төмен пайыздық мөлшерлеме саясатымен біріктіру несие
ресурстарының дұрыс орналаспауына әкеп соқтырды.
Өз қәсіпорындарының өтеу қабілетін салмақтап жатпастан оларға несиені
тікелей беретін мамандандырылған банктердің бұл әрекеті мерзімі өткен
ссудалардың көбеюіне әкеп соқтырады, ал нарыққа бағдарланған кәсіпорындар
банктерден несие ала алмады.
Пайыздық мөлшерлеменің төмен болуы банктерге өз жинақ ақшасын толық
жұмылдыруына мүмкіндік бермеді. Кәсіпорындар мен халық өз жинақ ақшасын
нақты ақтивтерге орналастыруды ұйғарды. Азаматтар көбінесе ұзақ пайдалануға
жарайтын тауарларды және жылжымайтын мүлікті сатып алатындықтан
кәсіпорындар өндірген тауарлар уақтылы сатылмады, яғни кәсіпорындар тауар
қорын өсірумен ғана шектелді. Нақты активтер -инфляциядан, ақша
қорланымының құнсыздануынан қорғанатын бірден-бір жол болды. Салым ақша
үшін төлейтін банктің пайыздары инфляцияның салдарына болған ысыраптың
орнын толық толтыра алған жоқ. Кәсіпорындар мен халыққа тиесілі жинақ
ақшаның жеткілікті дәрежеде жұмылдырылмауынан орын алған несие
ресурстарының жетіспеушілігі банктердің тиімді кәсіпорындарды несиелеуіне
мүмкіндік бермеді.
Несие ресурстарының бөліну сипатына мемлекеттік кәсіпорындарға берілетін
демеу қаржы мен жеңілдікті несиелердің іс-тәжірибесі жағымсыз әсерін
тигізді. Кәсіпорындардың өзіндік ерекшелігі бар шығынының, мәселен, халықты
әлеуметтік қорғау шығынының, сондай-ақ, кәсіпорындардың әдетке айналған
тиімсіз жұмыс істеуіне байланысты шығынның орнын толтыруға арналған несие
демеу қаржы несиесі деп аталды. Ол (демеу қаржы несиесі) Ұлттық банктің
кайта қаржыландыру несиесінің мөлшерлемесіне қарағанда темен пайыздық
мөлшерлемемен берілді (1992 жылдың IV тоқсанында 65% төмен).
Демеу қаржылық несие саясаты жай несие мен мемлекеттік демеу қаржы
арасындағы айырмашылықты жойды. Бұл ссуданы кәсіпорындар мүлдем өтемеді
десе де болады. Ауыл шарушылық кәсіпорындарына есеп айырысудағы өзара
шегерімдерді жүргізуге жеңілдікті несиелерді берудің іс-тәжірибесі кеңінен
тарады. 1992 жылы Ұлттық банктің жеңілдікті несие үлесі барлық қайта
қаржыландыру несиесінің шамамен 70%-ын немесе барлық несие салымдарының 42%-
ын құрады. Жеңілдікті несиенің көп бөлігін ауыл шаруашылығы мен дайындаушы
ұйымдар алды.
Мақсатты үкіметтік бағдарламаларға орталықтандырылған несие 1993 жылы
негізінен жеңілдікті пайыз мөлшерлемесі (3%, 25,3 жэне 65%) бойынша берілді
7,5 млрд сомасында банк берген несиенің 7,6%-ы олардың үлесіне тиді,
өйткені 1992 жылы пайыз мөлшерлемесіне коммерциялық банктердің белгіленген
шектеулері алынғаннан кейін Ұлттық банктің орталықтандырылған несие
ресурстарының есебінен банктердің беретін несиесінде маржа мөлшерінде
сақталып қалды. Нәтижесінде орталықтандырылған несиенің орташа пайыздық
мөлшерлемесі тұтас республика бойынша 1993 жылы 48,2%-ды құрады. Сол жылы
тұтыну бағасының индексі 2269,8% деңгейінде анықталды.
Кәсіпорын борышының жаппай клирингісін жүргізу барысында Ұлттық банк
борышқор кәсіпорындарға жеңілдікті - демеуқаржы несиесін берді. 1992 жылы
осы мақсатта берілген несиенің үлесі барлық жеңілдікті несиелердің шамамен
30%-ын құрайды. Несиенің көп бөлігі өтелмей қалды.
Жоғарыда аталған несиелер кәсіпорындарға өз қаржылық жағдайларын
жақсартып алуы үшін берілсе де, олар оның залалын қаржыландыру құралына
айналды. Оның үстіне, демеуқаржы және жеңілдікті несие бойынша атаулы
пайыздық мөлшерлеме мен инфляция деңгейінің арасындағы үлкен айырмашылық
қаржылық алып-сатарлыққа жол берді.
Несие салымдарының жалпы сомасында үкіметке мемлекеттік емес борыштық
бюджет тапшылығын жабу үшін бірілген несиенің үлес салмағы басым: 1992
жылдың 1 каңтарында ол 13,7 және 11%-ды құраса, 1993 жылдың 1 қаңтарында -
1,5 және 2%, ал, 1993 жылы бюджет тапшылығын жабуға 877 млн теңге
мөлшерінде немесе барлық несие сомасының 11,8%-ын құрайтын несие сомасы
берілді.
Нәтижесінде несие салымдарының құрылымы айтарлықтай нашарлап, жарамсыз
(мерзімі өткен) несиенің үлесі артты. Пайыздық мөлшерлеменің төмен болуынан
орын алған Ұлттық банктің ысырабы және капитал ысырабы орасан зор сомада
болды.
1992 жылы басталған республикадағы төлемсіздік дағдарысы кәсіпорындардың
және тұтас экономиканың қаржылық жағдайына кері әсерін тигізіп келеді.
Көптеген кәсіпорындар өнім өндірісін күрт төмендетуге мәжбүр болса,
кейбіреулері өндірісті мүлдем тоқтатып тастады. Есеп айырысуларда баспа-бас
алмасу (бартер), алдын ала төлеу қолданылады.
1991 жылдың 1 каңтарында мерзімінде төленбеген есеп айырысу құжаттары 5
млн теңгені құрады, 1992 жылдың 1 каңтарында - 11,2 млн теңге, 1992 жылдың
маусымында - 384 млн теңге немесе жалпы ұлттық өнімнің немесе алынған
банктік 12,3% - ын несиенің жалпы сомасының 84,1 %-ын құрады. 1993 жылы
мерзімі өткен төлем 91,5 млн теңгеден 5,5 млрд теңгеге дейін немесе 60 есе
өсті. Банк ссудасы бойынша мерзімі өткен берешек 12,6 млн теңгеден 1,7 млрд
теңгеге дейін немесе 135 есеге өсті.
Мұндай құбылыс көптеген себептермен, ең алдымен төлем жүйесінің
тиімсіздігімен, сондай-ақ несие нарығының проблемаларымен түсіндіріледі.
Әсіресе, бұлар 1992 жылдың басында Ұлттық банк кәсіпорындарга несие беруді
шектей бастағанда байқалды. Соңғылары басқа кәсіпорындардан жөнелтілген
жүктің төлемін ала алмайтын жағдайға ұшырады, төлемдер жарты жылға немесе
одан да көп уақытқа кешіктірілді. Бүкіл кәсіпорындар, соның ішінде, төлем
қабілеті бар кәсіпорындар да қиын жағдайда қалды.
Несие нарығының проблемалары бұрынғы ақшасыз есеп айырысу жүйесі және
есеп айырысу құжатымен несиелеу жүйесі жойылғанда байқалды. Кәсіпорын өз
тауарын сатып алушыға оның төлем қабілетін тексеріп жатпастан, жоспар мен
келісім-шартқа сәйкес жөнелтетін. Егер сатып алушының шотында қаражат
болмаса, оған банк автомат түрде несие аударатын, төлемсіздік қатері нөлге
тең болды. Бұл жүйе жойылғаннан кейін (банктер төлем қабілеті жоқ
кәсіпорындарға несие бермейтін болды) төлемсіздік дағдарысы басталды;
төлемін кешіктірілуі немесе төлемнің мүлдем жүргізілмеуі төлемсіздіктің
тізбекті реакциясын тудырды.
Оның үстіне, төлемдердің кешіктірілуі құрал-саймандардың тозуымен және
банктердің артта қалған техникалык жарақтандырылуымен (ЭЕМ желілерінің және
олардың программалық қамтамасыз етуінің тозуы) байланысты болды.
Кәсіпорындар арасындағы төлемсіздік дағдарысын жою үшін үкімет үш шараны
жүзеге асырды. Біріншіден, тіршілікке икемді кәсіпорындардың берешек
мөлшерін кеміту мақсатында тіршілікке икемді немесе тиімді кәсіпорындарды
басқа кәсіпорындармен қайта қаржыландырды. Ұлттық банк бұрынғы
мамандандырылған банктер арқылы қайта қаржыландыруға 245,36 млн теңге
сомасында несие берді. Екіншіден, үкімет жана төлем аспаптарын енгізді.
Мемлекеттік кәсіпорындарға төлем тапсырмасы немесе чек бойынша алдын ала
төлемді кажет ететін төлем аспаптарын пайдалануды тапсырды. Үшіншіден,
бұрынғы кеңестік республика аралық есеп айырысу банкісіне құрылтайшы болуға
келісімдерін берді. 1992 жылдың аяғында Қазақстан мен Ресей 1992 жылдың
соңында 80 млн теңгені құраған екі ел кәсіпорындарының берешегін өзара
шегеру туралы екі жақты келісімге кол қойды.
Аталмыш шаралар төлемсіздік дағдарысын жоя алмады, өйткені көптеген
маңызды мәселелер сол күйі өз шешімін таппады. Төлем жүйесі мен несие
нарығының тиімсіздігі де толык жойылған жоқ бұл кәсіпорындардың өзара
берешегінің пайда болуына әкеп соқтырды, мысалы, бұл арада төлемдердің
кешіктірілуін және кәсіпорындарда қаржылық тәртіптің болмауын айтуға
болады. Төлемсіздік дағдарысы 1992 жылдың соңында қайталанды, үкімет
жеңілдікті пайыз мөлшерлемесі (жылдық 25%) бойынша 1993 жылдың I тоқсанында
600 млн теңгені берешектерді өтеуге, 800 млн теңгені мемлекеттік
кәсіпорындардың айналым капиталын толықтыруға беруге мәжбүр болды.
1993 жылдың қараша айында ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық
банк ақша-несие саласының жұмыс істеуіне, оның бюджетпен және банкпен өзара
қарым-қатынасының классикалық принциптерін жүргізуге, банктердің қызметін
реттейтін жүйені нығайтуға толық жауапты болды.
Ұлттық валютаның енгізілген сәтінен бастап 1995 жылга дейін орталық
банктің қызметін орындауда, жүйелердің қызметін реттемелейтін нормативтік
құжаттарды әзірлеу мен қабылдауда дәстүрі мен тәжірибесі жоқ Ұлттық банк
ақша-несие саясатын дербес жүргізудің тәжірибесін жинақтады. Бұл кезең,
сонымен бірге, ұлттық валютаның бағаны ырықтандыруды көздейтін факторларына
және ақша-несие аспаптарының әрекетіне бейімделу кезеңі болды. Бір мезгілде
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың ақпанындағы Жарлығымен
бекітілген 1995 жылы Қазақстанда Банк жүйесін реформалаудың алғашқы
бағдарламасы әзірленді.

1.2 1995 жылына арналған Қазақстанның банк жүйесін реформалаудың
бағдарламасы
1995 жылдың соңына дейін Бағдарламаны сәтті жүзеге асыру шартымен Ұлттық
банк ақша-несие саясатын тиімді жүргізуге және банктер үшін қолданыстағы
заңда анықталған негізгі міндеттерді толық орындауға мүмкіндік беретін
классикалық орталық банкке тән ақша-несие және валюта тұрғысынан реттеудің
бүкіл құралдар жиынын толықтай енгізіп, пайдалана бастайды деп ұйғарылған
болатын;
Ұлттық банктің тарапынан бақылауды күшейтудің әрі нормативтік реттеуді
жетілдірудің және экономикалық ынталандыруды дұрыс қолданудың есебінен
барлық коммерциялық банктердің қызмет сапасын оларды капиталдандырудың
деңгейін арттырумен және халықаралық стандарттарға сәйкес олардың топтарын
(10-15 банкті) қалыптастырумен жақсартуды жүзеге асыру;
Банк аралық ақшалай, несие және валюта нарықтарын дамыту арқылы мынадай
жағдайға қол жеткізу: онда калыптасқан пайыздық мөлшерлемелер мен айырбас
бағамдары анықтаушы күшке ие болады, ал оған Ұлттық банк өзінің тікелей
және жанама реттеу құралдарының көмегімен әсер ететін болады;
Ұлттық банкпен республикалық бюджеттің тапшылығын тікелей несиелеуден
бас тартып, оны ішкі және сыртқы қаржы нарықтарында қаржыландырудың
бейинфляциялық тәсіліне көшу;
Елдің қауіпсіздік бөлігінде аралық деп аталатын төлемнің жұмыс істеуін
жаңа сапалы деңгейге көтеру, шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында
төлемдерді уақтылы әрі тиімді жүзеге асыру, ұзақ мерзімді ұлттық төлем
жүйесін құру;
Орта және ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды бейинфляциялық несиедеу
жүйесінін негіздерін қалыптастыру.
Бағдарламының өте салмақты екеніне қарамастан нақты жағдайды ескере
отырып оны жүзеге асырудың сәті түсті.
Ең алдымен ақша-несие тұрғысынан реттеудің әдістері мен құралдарының
одан ары дамуына жол ашылды.
Банктің қайта қаржыландыру тетігі елеулі өзгеріске ұшырады. Директивтік
несие 1995 жылдың ақпан айына дейін берілді. Орталықтандырылған көздердің
есебінен берілетін несиенің мөлшері де, мерзімі де кеміді, экономиканы
несиелеудің қызметі негізінен Ұлттық банктен осы үшін тартылған халықтың
жинақ ақшасынан, сыртқы қарыздарды өздері дербес тұратып шаруашылық
жүргізуші субъектілердің еркін қаражатынан экономиканы несиелеуді жүзеге
асыратып екінші деңгейдегі банктерге өтті. Ұлттық банк орталық банкке тәп
қызметтерді орындауға икемделді, екінші деңгейдегі банктерді олардың
өтімділігін сақтау мақсатында несиелеу қызметіп, Үкіметті несиелеуді; ақша-
несие және валюта тұрғысынан реттеуді тұтастай өз қолына алды.
1995 жылдың бірінші жартысында Ұлттық банктің екінші деңгейдегі
банктерге ұсынған несиенің көбісі ресурстар аукционы арқылы үш ай мерзімге
дейін берілді, ал осы жылдың екінші жартысында операцияның ең көп бөлігі
мемлекеттік құнды қағаздардың қайталама нарығында жүзеге асырыла бастады.
Банк аралық несие нарығы да даму жолына түсті. Қыркүйек айынан бастап
ломбардтық несиелеу жүйесі енгізілді. Базалық ақшаның өсімін шектеу
мақсатында Ұлттық банк жекеленген жылдар үшін де айналымға Ұлттық банктің
құнды қағаздарын (нотасын) шығару арқылы ақша массасының өсуіне тосқауыл
қойды.
1995 жылы Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерінің жағымды әрі нақты
мәнін қалыптастырды. Мөлшерлер инфляцияның деңгейіне қарай артып немесе
кеміп отырады. Инфляцияның деңгейі 1995 жылдың қаңтары айында 8,9%-дан
қыркүйек айында 2,4%-ға дейін кемігені белгілі, осыған орай қайға
қаржылаңдырудың мөлшерлемесі 210-нан 4%-ға біртіндеп азайды. Бұдан кейінгі
айларда инфляция есуі (айына 4,4%-ға дейін) Ұлттық банкті қайта
қаржыландырудың мөлшерлемесін 20 қарашадан бастап 52,5%-ке дейін көтеруіне
мәжбүр етті. Бұл өзгеріс екінші деңгейдегі банктердің пайыздық саясатында
да көрініс танытты.
Акша массасын оңтайлы мөлшерде ұстап тұрудың және банктердің етімділігін
реттеудің қажеттілігіне қарай міндетті резервтердің деңгейі 1995 жылдың
наурыз айында теңгемен әрі шетелдік валютамен алғанда депозиттік
міндеттеменің 20%-ын құрады. Ұлттық банк резервтеудің баламалы тәсіліне
көшкен банктердің резервісі үшін төлем принципін сақтады, төлем мөлшері
қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 20%-зы деңгейінде болды.
Бұл арада бастапқы және қайталама нарықтардың жұмыс істеуі қамтамасыз
етілді. Нәтижесінде 1995 жылдың соңында қазынашылық вексельдердің мөлшері 3
аи айналыс мерзімінде 4,1 млрд теңгені, ал 6 ай мерзімінде - 0,8 млрд
теңгені құрады. Қайталама нарықта жүзеге асырылған 1 жыл ішіндегі
операциялардың мөлшері 11,4 млрд теңгені құрады, оның ішінде, ашық нарықтың
операция мөлшері — 22 млрд теңгеге жетіп жығылды.
Ұлттық банк жүргізген валюта бағамының саясаты нарық ахуалының аз уақыт
ішіндегі өзгерісінен туындаған теңгенің айырбас бағамының динамикасын
жұмсартуға бағытталды.
1995 жылы Қазақстан банк аралық валюта қор биржасындағы Ұлттық банктің
АҚШ долларын сатып алу формасындағы интервенциясын сату формасындағы
интервенциямен сәйкес келді.
Ұлттық банқ өтімділік нарығын құрудағы жағымды тенденцияны ескере
отырып, 1995 жылдың екінші жартысында экспорттан түскен түсімді
кәсіпорындарға ішкі валюта нарығындағы шетелдік валюта да міндетті сатудың
талабын 30%-ға дейін кемітуді әрі оны бұдан бұлай қарай доғаруды ұйғарды.
Жылдың соңында биржадан тыс валюта нарығы дами бастады және ондағы
операциялардың мөлшері биржалық операцияларының мөлшерінен асып түсті.
1995 жылы алтын валюта резервісін басқаруға қатысты көптеген жұмыстар
жүзеге асырылды. 1995 жылдың сәуір айында Ұлттық банк басқармасы Алтын
валюта резервісін басқарудың тұжырымдамасын бекітті.
Алтын валюта резервісін арттыру мақсатында Ұлттық банк валюталармен
құндық металдарды депозиттерді орналастыруды, валюталар мен асыл тастарды
сату және сатып алу секілді операцияларын жүргізді. Әр түрлі елдердің
мемлекеттік бағалы қағаздары мен операциялар жүзеге асырылды.
Аттестацияны өткізумен және Лондонның алтын тастар нарығында сауда
маркілері (клеиманы) алумен байланысты жұмыстар жанданады. 1995 жылдын 14
наурызында қазақстандық күмістің тауарлық таңбасы тіркеледі. Мүндай жұмыс
алтын бойынша да жүргізіледі.
Мұндай, ақша-несие саясатын жүзеге асырудың нәтижесінде 1995 жылдың
монетарлық бағдарламасына кіргізілген параметрлердің көбісі орындалды. Бұл
инфляцияның орташа айлық қарқынын 1994 жылы 24,1%-тен 1995 жылы 4,8%-ға
дейін кемітуге және теңгенің шетелдік валюталарға қатысты бағамын
тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Ұлттық банк жүргізген ақша-несие саясаты
барлық экономиканың тұрақтануына қолайлы жағдай тудырды. Жалпы ішкі өнімнің
құлдырау қарқыны 9%-га (1994 жылы - 23,7%) дейін кеміді. 1994 жылмен
салыстырғанда бірқатар экономика саласында өндіріс дамыды. Сауда балансының
сальдосын жақсартатын тенденция анықталды.
1995 жылы, сондай-ақ Ұлттық банк пен Қаржы министрлігінің ел
экономикасын сауықтыру мақсатында ақша-несие және салық-бюджет саясаттарын
үйлестірудегі әрі микроэкономиканы тұрақтандырудағы өзара әрекеті дамып, өз
жалғасын тапты. Осының нәтижесінде Қаржы министрлігімен өзара қарым-
қатынастың іс-тәжірибесі жақсарып, қаржылық қатынас тәртіпке келді, Қаржы
министрлігінің мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің аукционын өткізу
бойынша агенттіктің қызметі сәтті орындалып, бюджеттің қассалық қызметін
Ұлттық банктен қаржы министрлігінің қазынашысына табыс ету бойынша дайындық
жұмыстары жүргізілді.
Нақты қызметке экономиканың талаптарына жауап беретін баршаға ортақ
халықаралық принциптер мен стандарттарды енгізуге мүмкіндік беретін,
кешенді шараларды білдіретін банк жүйесінің бухгалтерлік есеп жүйесін
реформалау бойынша маңызды жұмыстар одан ары ұзартылды.
Ұлттық банк іс-тәжірибеге шоттардың жаңа жоспарын, бас және қосалқы
бухгалтериялар бойынша шоғырландырылған балансты және нормативтік
құжаттарды, сонымен бірге, Орталық банктің жүйесіне қажетті бухгалтерлік
және статистикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің басқармасы
Коммерциялық банктердің делдалдық қызметі және олардың дамуы
Банк жүйесі басқарылатын жүйе
Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы және коммерциялық банктердің операциялары
Коммерциялық банк қаржысын банктік баланс негізінде талдау
Коммерциялық банктің активі мен пассивін басқару әдістемесі және тәжірибесі
Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде, қызметтері мен операциялары
Коммерциялық банктердің қаржылық қызметі
Банктік менеджмент және оның ерекшеліктері
Қаржы менеджменті банктік менеджменттің құрамдас бөлігі және аясы ретінде
Пәндер