Жаратылыстану-математика сыныптарында оқытылатын математиканың элективтік курстарының мазмұны


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Физика-математика факультеті

Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Жаратылыстану-математика сыныптарында оқытылатын математиканың элективтік курстарының мазмұны

050109 - «Математика» мамандығы бойынша

Орындаған:

.

Қызылорда, 2011 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 Таңдау курстарының мазмұнына қойылатын жалпы талаптар

1. 1 Таңдау курстарының математиканы оқытудағы орны . . . 6

1. 2 Бағдарлы сыныптардағы элективтік курстарының оқу бағдарлама-ларының құрылымына қойылатын талаптар . . . 8

2 Бағдарлы сыныптар үшін математикадан таңдау курстарының мазмұнын айқындау

2. 1 Бағдар алды элективтік курстары . . . 14

2. 1. 1 "Квадрат теңдеудің құпиялары" математикадан бағдар алды элективтік курсының оқу бағдарламасы . . . 16

2. 1. 2 Квадрат теңдеулерді шешу жолдарының әр түрлі әдістері . . . 26

2. 2 Бағдарлы сыныптар үшін элективтік курстары және оларды жоспарлау жолдары . . . 32

2. 2. 1 «Математикадан зерттеуге берілген тапсырмалар» таңдау курсының мазмұны . . . 37

2. 2. 2 «Экономикадағы математикалық модельдеу» таңдау курсын жоғары сыныптарда жоспарлау және оның мазмұны . . . 41

2. 2. 3 «Экономикадағы математикалық модельдеу» таңдау курсындағы қызмет

тік ойындар үлгілерін іріктеудегі ұстанымдар . . . 47

2. 2. 4 «Таңдаулы математика» элективтік курсы . . . 55

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 61

ҚОCЫМША 1 . . . 63

ҚОCЫМША 2 . . . 64

КІРІСПЕ

Еліміздің президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында « . . . негізгі мақсатымыз -Қазақстанның әлемнің 50 дамыған елдерінің қатарына енуі» /1/ делінген. Бұл мақсатқа кез келген мемлекет жете алады, ол үшін жоғары санатты мамандар болу керек, ол үшін әр оқушыға оның қабілеттеріне, кәсіби қызығуларына, өмірлік қажеттіктеріне сәйкес келетін өзіндік білім маршрутын қамтамасыз ететін жетілген білім беру өрісі қажет.

Қазіргі кездегі жоғары сыныптарда енгізіліп жатқан бағдарлы оқыту-бұл оқытуды дифференциациялау және индивидиуализациялау негізінде оқу процесін ұйымдастырудың бір түрі.

Дифференциация біртұтасты бірнеше бөліктерге, формалар және сатыларға бөлу, бөлшектеу деген мағынаны білдіреді.

Оқытуды дифференциациялаудың негізгі екі түрі болады-сыртқы және ішкі.

Ішкі дифференциация кезінде оқушылардың жеке қабілеттерін анықтауды дәстүрлі түрде де, оқытудың жоспарлануына негізделген деңгейлі дифференциация түрінде де іске асыруға болады.

Сыртқы дифференциация-нақты факторлардың (қызығулары, икемдері, қабілеттері,, жетістіктері, болжанатын мамандығы) негізінде білім беру мазмұны және ол қойылатын талаптары ерекше болып келетін оқушылардың салыстырмалы түрде тұрақты топтарын құру болып табылады. Ол селективті (қатаң) немесе элективті (иілімді) жүйе төңірегінде іске асырылуы мүмкін. Бірінші жағдай дифференциациялы оқытудың формалары ретінде бағдарлы сыныптар және пәнді тереңдетіп оқытатын сыныптарды, ал екіншісінде оқу пәндерін таңдау, факультативті курстар, таңдау бойынша курстар және сыныптан тыс жұмыстарды көрсетуге болады.

Дифференциацияның әртүрлі аспектілеріне қазақстандық ғалым-педагогтер М. Жадрина, К. Қунақова, С. Мұқанова, С. Нұрахметова, Д. Қазақбаева, А. Әбілқасымова, Т. Садықов және т. б. зерттеулері арналған. Бүгінгі күні дүниежүзілік тәжірибеде инвариантты ядро мен вариативті құрам бөлікті бөліп алуға бағытталған мектептегі білім беру мазмұнының құрылымын жетілдіру үрдісі байқалады.

Оқытуды дифференциациялау оқушылардың әртүрлі танымдық қажеттіліктерін қанағаттандырып, олардың біліктері мен икемдерін ашуға және дамытуға, оқу процесіноқушылардың ерекшеліктеріне бейімдеп, олардың шығармашылығының өздігінен дамуына ықпал жасауды көздейді. Осыған байланысты ғалымдарымыз А. Әбілқасымова, Т. Садықов «Оқытудың дифференциациясы - оқушылардың икемдері, қызығушылықтары және байқалған қабілеттері ескерілетін, бірақ оқушылардың жалпы білім беру дайындығының базалық деңгейі төмендемейтін оқу іс-әрекетін ұйымдастыру түрі» деп анықтама беріп, оқытуды дифференциациялаудың келесі мақсаттарын көрсетеді:

-әлеуметтік тұрғыдан -«қоғамның шығармашылық-интеллектуалдық, кәсіби әлеуетін қалыптасуына көзделген әсерін тигізу, қоғамның әр мүшесінің мүмкіндіктерін неғұрлым толық пайдалануға ұмтылу»;

-психологиялық тұрғыдан - «оқушы - мұғалім жүйесінде субъект - субъектті қарым-қатынасқа көшу үшін қолайлы жағдайлар жасау»;

-дидактикалық тұрғыдан - «оқушылардың жеке бас қабілеттерін ескере отырып ұйымдастырылатын оқытудың әдістері, формалары және құралдарының жиынтығын іске асыру арқылы әр оқушының қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға, икемдерін анықтауға тиімді жағдайлар жасау»;

-әдістемелік тұрғыдан - «мектептің шешуді бұлжытпайтын мәселелерін білім беру стандарттары міндетті түрде болған кездегі оқытудың сыртқы және ішкі дифференциациясына негізделген жаңа әдістемелік жүйені құру».

Бағдарлы оқытудың ғылыми-теориялық негізі өз алдына күрделі және көп жоспарлы болып тұратын дифференциацияға байланысты.

Қазіргі заман білім беру кеңістігіндегі инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі мектепті бағдарлау болып табылады, ол өз алдына оқушылардың қызығуларын, икемдері мен қабілеттерін толығырақ ескеретін білім беру үрдісінің құрылымы, мазмұны және ұйымдастырудағы өзгерістер есебінен оқытудың дифференциациясы мен индивидуализациясын қарастырады.

Қорыта келгенде, бағдарлы оқытудың негізгі мәселелерінің бірі - оқытудың дифференциациясы, оқушылардың өз қабілеттері, икемдері мен қажеттіліктеріне сәйкес жеке білім траекторияларын таңдап алуы.

Осы орайда, орта мектепте математиканы оқыту жүйесінде бағдарлы - таңдау курстарының алатын орны ерекше. Бағдарлы оқытудың икемді жүйесін қамтамасыз ететін оқу пәндерінің ішінде базалық жалпы білім беретін пәндермен бірге қолданбалы және таңдау (элективтік) курстары ұсынылған. Және ұстаздар қауымынан бұл курстардың бағыттары мен мазмұндарын айқындап, оқыту процесінде жүзеге асыру үшін орасан еңбек пен шығармашылық ізденісті талап етеді. Өйткені, қолданбалы және таңдау (элективтік) курстары дегеніміз- бағдарлы пәндердің нақты саласы бойынша және бағдарлы пәндердің мазмұнынан өзгеше, оқушылардың білімге қызығушылығын қанағаттандыратын басқа да бағыттар бойынша білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды ұйымдастыру формасы болып табылады. Бұл өз кезегінде мұғалімдердің жүргізетін оқу-тәрбие процесіндегі әдістемелік жүйесін жаңартуды немесе қайта қарауды талап етеді. Маңызды, әрі жауапты бұл шара:

-мұғалімнің кәсіптік бейімделуіне әдістемелік жетекшілік жасау;

-өз бетімен үздіксіз білім алуды жолға қою;

-психологиялық-педагогикалық ахуалын қалыптастыруға арналған іс-шаралар жүйесін ұйымдастырып, жүргізу сияқты жұмыстардың тиімді жүзеге асырылуының нәтижесінде мүмкін болатындығы белгілі.

Сондықтан, қазіргі таңда осы үддеден шығу мақсатында мектептерде жедел қолға алынып жасалып жатқан жұмыстардың, әсіресе қолданбалы және таңдау (элективтік) курстарының мақсаты, міндеттері және мазмұны айқын болу керек. Тізімі бекітілген таңдау курстарының оқу бағдарламалары даярланып, ең болмағанда жергілікті білім басқармасының оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланып, бекітілуі тиіс.

Әрине, математика пәні бойынша элективтік курстардың жаратылыстану-математикалық, техникалық бағыттар үшін алар орны ерекше екені айтпаса да түсінікті.

Сондықтан, дипломдық жұмыстың тақырыбын «Жаратылыстану-математика сыныптарында оқытылатын математиканың элективтік курстарының мазмұны» деп және ізденістерді осы мазмұндарды ашуға арнаймыз.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - жаратылыстану-математикалық бағытындағы сыныптарында оқытылатын математикадан элективтік курстардың мазмұнын айқындап, оның оқу-әдістемелік құрылымын даярлау.

Бағдарлы оқу пәні бойынша таңдау курстарының оқу бағдарламалары-бағдарлы оқытуды жүзеге асырудың басты құралы. 10-11 сыныптарда берілетін білім сапасы осы курстардың мазмұнына тәуелді және оны тек бағдарлы пәннен сабақ беретін мұғалім өзі дарлайды.

Сондықтан, дипломдық жұмыстың міндеті - таңдау курстарын даярлаудағы ұстанымдар мен бағдарламаның жалпы құрылымын айқындау.

Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жетіп, міндеттерді орындау үшін көптеген ғалымдар мен әдіскерлердің жұмыстарына шолулар мен талдаулар жүргізілді. Әсіресе, 10-11 сыныптарда бағдарлы оқытуды ұйымдастырудағы, жүзеге асырудағы басты идеялар жан-жақты қарастырылған әдебиеттерге /2/, /3/, /4/, /5/ шолу жасап және осы бағытта жинақталған іс-тәжірибелерді /6/, /7/ басшылыққа алдық.

Дипломдық жұмыстың мазмұны жаңа идеяларға бағытталған, жаңалығы-таңдау курстарының оқу бағдарламаларына қойылатын талаптар айқындалып, тұжырымдалған. Осы талаптарды басшылыққа ала отырып, жаратылыстану-математикалық бағытта оқытылатын математиканың бірқатар элективтік курстарының мазмұны айқындалып, оқу бағдарламалары даярланды. Жұмыстың мазмұнын айқындауда бағдарлы мектептер мен сыныптардағы элективтік курстарды жоспарлау басшылыққа алынды. Сондай-ақ, бағдар алды курстарға да тоқталған.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

1 ТАҢДАУ КУРСТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР

  1. Таңдау курстарының математиканы оқытудағы орны.

Қазіргі таңда, республикамызда таңдау курстарын жүргізудің жинақталған тәжірибесі жоққа тән, бар болса да өте аз. Республика бойынша бағдарлы сыныптар үшін ҚР Білім академиясы бекіткен таңдау курстарының тізімдері бар. Бұл тізім мектеп ерекшеліктерін (мұғалімдердің даярлық деңгейлері, оқушылар сұранысы, мектептің материалдық базасы және т. с. с. ) ескеретін болсақ, бұл тізімде тақырыптар аз қамтылған. Бекітілген тізім соңында, мұғалімдер үшін бұл тізімге ілінбеген курстарды ұйымдастыруға болады делінген \3\, \4\, \5\. Сағат көлемі белгілі, ал оқу бағдарламаларын, мұғалімдер өз тәжірибелеріне сүйене отырып жасауда, яғни оларға қойылатын жалпыға бірдей талаптар айқындалмаған. Осы стандартта таңдау курстарының міндеті, мақсаты, оның мазмұны, ұйымдастырылу формалары мен түрлері және бағалау туралы ештеңе айтылмаған. Алайда, олардың жүргізілуін стандарт міндеттейді. Сондықтан, жалпы таңдау курстарының пәнді тереңдетіп оқытудағы алар орны, мақсаты мен міндеті туралы баяндаймыз.

Математика нақты ғылым ретінде, мектеп пәндерінің ішінде алар орны ерекше. Бұл пәннен негізгі мектепті бітірерде және орта мектепті бітіргенде міндетті пән ретінде емтихан тапсырылуы көп нәрсені түсіндіреді. Әрине, жоғарғы оқу орнына түскенде де оқу орнының негізгі білім бағытына қарамастан, математикадан емтихан тапсыратындығын ескерсек, оның орнының ерекшілігін айқындай түседі.

Математика техникалық технологиялық мамандықтар үшін базалық және таңдау пәні болып саналады, сондықтан математикадан ұйымдастырылатын таңдау курстарының мазмұны бағдарлы сыныптарда оқитын оқушылардың сұраныстарына жауап беруі керек.

Математикадан таңдау курстарының мазмұны қандай шарттарды қанағаттандыру керек деген сұраққа әр түрлі пікірлер айтылып жүр.

Мысал үшін солардың бірнешеуіне көз жүгіртеміз.

Математикадан таңдау курстарының мазмұны келесі шарттарды қанағаттандыруы керек \8\, \9\\:

-ғылымилығы, жүйелілігі, баяндалуы және т. с. с. ;

-математикалық білімнің міндетті деңгейінің қайталанбауы;

-курс мазмұнының меңгерілуін бағалау түрлері мен формаларының ұйымдастырылуы.

Таңдау курсы сол курсты таңдаған оқушылар тобы үшін ғана жүргізіледі. Оқушылардың сыныптық және мектеп бойынша білім жетістіктері де ескеріледі.

Таңдау курс мазмұны топ құрамындағы оқушылардың білім деңгейлеріне тікелей байланысты. Таңдау курстарының басты мақсаты оқушы-тұлғаның дамуына, дүниетанымын кеңейтуге және талабын ашуға бағытталады. Таңдау курстары оқушылардың жеке білім траекторияларын қалыптастыруға қызмет етеді.

Таңдау курстарын ұйымдастыру формалары өзімізге белгілі традициялық формада, лекция, семинар, пікір-сайыс, диспут, баяндамалар және т. с. с. жүргізуге болады.

Мұғалімдер курстарды оқытудың әртүрлі түрлерін қолдануда, әсіресе:

-пәннің «модельдік» оқытылуы;

-пәннің логикалық жүйелілігі;

-математиканың басқа пәндерде қолданысы.

Таңдау курстардың нәтижесін бағалау тапсырылған сынақтық және шығармашылық жұмыстардың нәтижесі бойынша жүргізіледі.

Таңдау курстарының мүмкіншіліктері өте жоғары. Себебі, математикаға деген қызығушылық, математикалық білім сапасының қорытындысы ретінде таңдау курстары жүргізілетін және оларды оқушылардың өз таңдауларына мүмкіндік беретін мектептерде өсе түседі.

Сондықтан, мұғалімдер таңдау курстарының оқу процесіне енуіне, әсіресе бағдарлы мектептерде болуына құзырла.

Жалпы бағдарлы оқытуға көшу келесі мақсаттарды көздейді:

-математиканы тереңдетіп оқыту;

-білім мазмұнын саралап оқытуға нақты жағдайлар туғызу;

Оқушылардың барлық категориялары үшін математикалық білімнің толық мазмұнымен олардың сұранысы мен бейімділігіне қарай қамтамасыз ету.

Ал, келесі оқу көздеріне \10\ бейінді оқыту бағдарламаларына таңдау және қолданбалы курстарын ендіру көптеген ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық сұрақтарды туындатады:

-таңдау курстарын енгізу қаншалықты оқу процесіне тиімді;

-жалпы пәндік, қолданбалы, таңдау курстарының бір-бірінен айырмашылығы және олардың бағдарлы оқытуды жүзеге асырудағы орны қаншалықты болмақ;

-бұл курстардың сағат көлемдері және оларды оқу процесінде үйлестіру мәселелері туралы болса, басқа авторлар \8\ бұл курстардың пәнаралық байланыс тұргысынан шешілуі туралы ой-пікірлерін арнайды.

Бұл әріптестеріміздің, ғалымдардың, әдіскерлердің пікірлерін ескере отырып, келесі параграфта таңдау курстарының бағдарламаларына қойылатын талаптар жөнінде баяндаймыз.

  1. Бағдарлы сыныптардағы элективтік курстарының оқу бағдарламаларының құрылымына қойылатын талаптар.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, таңдау курстарын оқу процесіне ендіру және оларды жоспарлау әрбір мектептегі мамандар даярлығына және олардың құзылығына берілген. Сондықтан, мұғалімдер басшылыққа алатын жалпы талаптар айқындалуы керек.

Бұл талаптарды айқындап бағалау үшін осы уақытқа дейін жүргізіліп жүрген таңдау курстары мұғалімдер тарапынан қалай жоспарланып, олар оқу процесінде қалай жүзеге асырылып жүр, соған көңіл бөлеміз. Қала мектептерінде мұғалімдердің жүргізіп жүрген, бірнеше таңдау курстарының тақырыптарын алайық:

  1. Евклидтен соны математикаға дейін.
  2. Элементар алгебра тарихы.
  3. Математика құрылыста.
  4. Қоршаған ортаның геометриялық моделі.
  5. Алтын қималар.
  6. Алгебралық есептерді геометрияны қолданып шешу.
  7. Функция графиктерін компьютерлік түрлендірулер.
  8. ҰБТ-ға дайындауда қиын есептерді шығару.
  9. Квадрат үшмүше және оның қолданыстары.
  10. Функциялар және графиктер.
  11. Экономикадағы проценттер және т. с. с.

Бұл курстарға, біріншіден, оқу жоспарында 10-11 сыныптар бойынша мектеп компонентінен - 3 сағат, оқушы компонентінен - 2 сағат белгіленген, барлығы - 5 сағат, бұл сағаттар негізгі оқу кестесінен тыс орындалады.

Екіншіден, мектеп компонентіндегі 3 сағаттың тағдыры да бағдарлы сыныптар мақсатынан шығатындай курстар бола бермейді, олар кейде сағат жетпей қалған апайларымыз бен ағайларымыздың есебіне де шешіліп жүр.

Үшіншіден, оқушы компонентіндегі курстарға түсініктеме стандартта айқын болғанымен оқушылар мен мұғалімдер үшін күмәнді. Себебі, оқушы таңдауындағы курстар болып айқындалып, жылбасында жоспарланғанмен, ол курстар белгілі себептермен (екі ауысымдық мектеп басымшылығы, курстарды өткізу базасының алдын-ала жоспарланбауы және т. с. с. ) орындалып жатқаны тағы да күмән тудырады.

Әрине, мұғалімдер мен әдіскерлер тарапынан жүргізіліп жатқан ізденіс жұмыстарын жоққа шығара алмаймыз.

Сондықтан, жоғарыда аталған кемшіліктерді болдырмас үшін, таңдау курстарының мақсатын, міндеттерін, оқу бағдарламасының жалпы құрылымын айқындап, оларды рәсімдеу талаптарын белгілеуіміз керек. Бұл, математикаға бағдарланған курстар үшін ғана емес кез-келген элективтік (бағдарлы, қолданбалы, таңдау) курстар үшін маңызды.

Төменде, айтылған ой-пікірлер мен іс-тәжірибелер қорытындыларын зерделей отырып, элективтік (бағдарлы, қолданбалы, таңдау) курстардың оқу бағдарламасын жасау алгоритмін ұсынамыз.

1. Бағдарламаның рәсімдеу талаптарымен сәйкестілігі (құрылымы, мазмұны)

Бағдарлама құрылымы 4 бөлімнен тұрады:

түсінік хат;

мазмұндық бөлім;

нормативті бөлім;

ақпараттық-әдістемелік бөлім.

Түсінік хат:

-курстың мақсаты мен міндеттерін;

-берілген бағдарламаның өзектілігінің (оның маңыздылығы және қажеттілігі) негіздемесін;

-курс мазмұнының іріктелу және тізбектелу логикасының негіздемесін;

-оқу үрдісінің, әдістерінің, құралдарының жалпы сипаттамасын;

-берілген курс мазмұнының жаңалығының сипаттамасын;

-курс мазмұнының бағдарлы пән мазмұнына сәйкестілігін қамтиды.

Мазмұндық бөлімде курстың құрылымы мен мазмұны сипатталады.

Онда мына мәселелер ашып көрсетіледі:

-тараулар мен тақырыптарды ерекшелеу және олардың көлемін анықтау;

-берілген бағдарлама үшін жетекші болып табылатын мазмұн құрамының толықтығы мен тізбектілігін көрсету.

Бағдарлама мазмұнын сипаттау барысында мына талаптарды ескеру қажет:

-оқушылар алатын барлық білім түрлерін (пәндік-ғылыми, дүние танымдық, бағалаушылық, танымдық іс-әрекет және т. б. ) көрсету;

-тиянақты меңгеруді талап ететін мәселелерді ерекшелеп көрсету;

-курстың негізгі міндетті және қосымша мазмұнын нақты ерекшелеу;

-іс-әрекет түрлері мен тәсілдерін, курсты меңгеру үрдісінде оқушылардың өзіндік және шығармашылық жұмыстарының деңгейінің міндетті сипаттамасы. Оқушылар орындауға қажетті барлық тәжірибелік жұмыстар (серуен, жобалар, мини зерттеулер және т. б. ) мазмұн толық сипатталуы тиіс;

-қоршаған әлемге сезімдік-жеке тұлғалық қатынас жасау мүмкіндіктерін, оқушылардың дүниетанымдық, адамгершілік-этикалық қызығушылықтарын қамтуы тиіс.

Нормативтік бөлімде жекеленген тақырыптарды (күнтізбелік жоспарлау) меңгеруге бөлінетін уақыт, оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар (білім, білік, дағдылар) анықталу тиіс (оқытудың жоспарланған нәтижесі ретінде оқушы нені және қалай меңгеруі қажет) екендігі, білім, білік, дағдыларды қандай іс-әрекет түрлерімен беруге болатыны, оқушылар қандай сапаларды игеруі тиіс екені көрсетіледі.

Бағдарламада оқу қызметін және оқыту нәтижелерін сипаттау үшін оқушылар «белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыра алуы тиіс» деген сияқты сөз тіркестері қолданылады.

Ақпараттық-әдістемелік бөлімде оқушылардың білімін бағалау түрі көрсетіліде.

Курс бағдарламасында бағалаудың оқушыларға түсінікті нақты критийлері көрсетілуі қажет. Мұндай критерийлер мұғалім мен оқушының оқыту кезіндегі өзара қарым-қатынасын анықтайды. Соған сәйкес оларға төмендегідей талаптар қойылады:

-бағалаудың құралдар мен әдістеріне сипаттаманың берілуі (әсіресе, шығармашылық сипаттағы тапсырмалар үшін) ;

-оқушылардың білімін бағалауға, олардың тұлғалық қасиеті мен дамуындағы өзгерістерді қадағалау мүмкіндік беретін бақылау құралдарының әртүрлі болуы;

-бақылау құралдарының курс мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келуі;

-бағдарламаның міндетті мазмұнының элементерінің дәл бағалануы;

-бақылау аппараты тек қорытынды бақылауды қарастырып қана қоймай, оқытудың аралық нәтижелерін қадағалауға мүмкіндік беруі.

Сонымен бірге, бұл курсты оқыту барысында жүзеге асырылатын пәнаралық байланыстар сипаты және пайдаланылатын әдебиеттер тізімі көрсетіледі.

2. Бағдарламаның оқушыларға жаңашылдық дәрежесі базалық білім беру бағдарламасында берілмеген, оқушыларға таныс емес білім мазмұнының қамтылуымен сипатталады.

3. Бағдарламаның игерілуі, нәтиже беру дәрежесі оқушылардың қызығуын туғызатын және жеке тұлғаның дамуына, қоғамдағы өзіндік орнын анықтау арқылы келешек өмірдегі орнын табуға, өз-өзіне баға беруіне ықпал ететін білім мазмұнының қамтылуымен анықталады.

4. Мазмұнның қомақтылығы оқытуда алға қойылған барлық мақсаттарды орындауға арналған білім мазмұнының анықталуымен қамтамасыз етіледі.

5. Бағдарламаның ғылымилығы прогрессивтік білім мен өмір сүру тәжірибесінің ең бағалы жақтарының енгізілуімен сипатталады.

6. Курстың практикалық бағыты оқушы қабілетін дамытуға және алған білімінің іс жүзінде әртүрлі тапсырмаларды орындауға қалдануға мүмкіндік беретін материалдардың қамтылуымен анықталады.

7. Оқу материалдарының байланыстылығы мен жүйелілігі ілгерідегі тақырыптар кейінгі тақырыптардың мазмұнын ашуға, өзара ортақ байланыста білім беруге негізделіп анықталуымен сипатталады.

8. Бағдарламаның оқыту мақсаты мен оқа материалдарындағы тапсырмаларды ашып көрсету тәсілдерінің сәйкестігі оқу тапсырмаларының мазмұны теориялық материалдардың қолданбалы сипатын ашатындай болуымен анықталады.

9. Оқыту әдістерін таңдауда олардың оқу тапсырмаларының материалдарының қолданбалы сипатын ашуы, мақсатқа сәйкес, барынша ыңғайлы әсерлі (мүмкіндігінше белсенді) болуы ескерілуі тиіс.

10. Бақылау дәрежесі. Өткізілуге тиісті бақылау әр тарауды немесе бағдарламаны толық меңгергендігін нақты анықтауға мүмкіндік беруі тиіс.

11. Мерзімдік ресурстарға шындық тұрғысынан қарау. Оқу материалдарын оқушылардың сапалы игерілуіне жеткілікті және жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін уақыт бөлінуі тиіс.

Енді осы талаптарға сүйене отырып және математикалық білімді меңгертуде басты рөл атқаратын біліктерді игертуді көздейтін қолданбалы курс бағдарламасын мысал ретінде қарастырамыз.

Жоғарыдағы талаптарды ұстана жоспарланған курстардың болашағы зор болатыны шүбәсіз. Әсіресе, аталған курстарды өту барысында мұғалімдер оқытудың әртүрлі түрлерін қолдануда, әсіресе, пәннің «модельдік» оқытылуы; пәннің логикалық жүйелілігі; математиканың басқа пәндерде қолданысы. Таңдау курстарының нәтижесін бағалау тапсырылған сынақтық және шығармашылық жұмыстардың нәтижесі бойынша жүргізілуі де маңызды.

Білім беру тұжырымдамасы айқындалған міндеттер жүзеге асырыла бастағалы бері, таңдау курстарының саны жыл сайын өсе түсуде. Әрине, мұғалімдер өздері ұсынған және жүргізіліп жатқан курстардың мазмұнына апробация нәтижелері бойынша, өзгерістер енгізіп отырады. Олардың математикаға қызығушылығына қаншалықты әсер ететіндігі де бағаланғаны жөн.

Мысалы, «Квадрат үшмүше және оның қолданыстары» таңдау курсын бағдар алды дайындық мақсатында 8-9 сынып оқушыларына арнап жүргізе аламыз.

Бұл курс 8 сағатқа есептелген, теориялық сұрақтарды нақты мәлімдеуді, практикалық мазмұнды типтік есептерді шешуді, өзіндік жұмыстарды қамтиды. Курс бағдарламасы оқушының кез-келген дайындық деңгейіне бағытталған, оның қызығушылығын, математикалық ойлауын дамытады, ерікті түрде оқу бағдарын айқындауға әсер етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) Әдістемелік құрал
Бейіндік оқытудың жүйесі
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Тарихты оқыту әдістемесінің міндеттері
Полиграфиядағы дизайн элективтік курсын оқытудың әдістемелік негіздері
Математикадан факультатив жұмыстарды ұйымдастыру
«Мұнайдың химиялық анализі» бағдарлы элективті курсын оқыту әдістемесі
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАИДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бейінді оқыту - оқушының жеке тұлғасын дамыту құралы
ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР КУРСЫНЫҢ ЖАТТЫҒУЛАРЫН ШЕШУДЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz