Құқықтық қатынастар құрамы және олардың сипаттамасы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҰҒЫМЫ
МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.1 Құқықтық қатынастардың түсінігі мен белгілер ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Құқықтық қатынастардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Құқықтық қатынастардың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 30

Құқықтық қатынастар - адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды
Құқықтық қатынас – белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте және адамдар арасында қалыптасқан күрделі де сан қилы қатынастар.
Мемлекет және құқық теориясында құқықтық қатынастардың алатын орны ерекше және ең маңызды тақырыптардың бірі болып саналады. Құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың бір ғана бөлігі. Қоғамдық қатынастардың құрамына саяси, топтық, экономикалық, діни, әдет – ғұрыптық, этикалық, құлықтылық, некелік сияқты көптеген қатынастар енеді. Немістің ірі ойшылы Георг Вилгельм Фридрих Гегель қоғамдық қатынастар хақында былай деп жазды: «Бар нәрселердің бәрі қатынастардан тұрады және бұл қатынастар барлығының бар болуының, күнелтуінің ақиқаты». Қатынастар материя формаларының дамуынан пайда болады, сол, дамудын, қозғалыстар туындайды.
Құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарттары. Алғышарттар – бұл құқықтық қатынастарды туындататын жағдайлар, факторлар. Құқықтық қатынастардың пайда болу алғышартының екі түрін бөліп қарастырады:
1,Материалдық (жалпы) алғышарттар; бұларға адамдардың құқықтық қатынастарға түсуіне әсер ететін өмірлік қажеттері мен мүдделері жатады. Кең мағынада – бұл белгілі бір қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің объективті қажеттігін көрсететін әлеуметтік – экономикалық, мәдени және т.б жағдайлардың жүйесі.
2,Заңды (арнайы) алғышарттар; бұларға құқық нормасы, құқық субъектілік және шынайы өмір жағдайы ретіндегі заңдыфакт жатады.Аталған алғышартсыз құқықтық қатынастың туындауы мүмкін емес.
Философия тарихы матералистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты емес. Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас – қоғамдық
өндірістің қажетті жағы. Жеке адам материалдық игіліктерді өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндіріс орын алады.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл (02.02.2011 жылы енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен).
2. С.Өзбекұлы, Ө.Қопабаев. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2006.
3. Ашитов З.О. Қазақстан Республикасының құқықтық негіздері. – Алматы, 2003.
5. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы, 2005.
6. Баянов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеті және құқығының негіздері. Алматы, 2003.
7. Венгеров А. Б. Теория государства и права. Учебник – Москва,2000г.
8. Жоламан К.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы «Эверо», 2004.
9. Ибраева А.С, Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, «Жеті жарғы», 1998 жыл.
10. Лазеров В.В. Теория государства и права. Москва,1992г.
11. Сапарғалиев Ғ.С, Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Астана,Фолтант,2007 жыл.
12.С.А. Табанов. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы: «Жеті жарғы», 2003.
13.Хропанюк В.Н. Теория государства и права.Учебник - М.2000г.
14.Черданцев А.Ф. Теория государства и права. Курс лекций: Екатеринбург. 2002г
15.Заң және заман №10 (107) қазан 2009.
16.Хабаршы Заң сериясы Алматы. №4 (40). 2006.
17.Егемен Қазақстан 2009. 9 шілде.
18.Т. Ағдарбеков. Мемлекет және құқық теориясының негізгі мәселелері. Алматы, 2003 жыл.
19.С. Әжібаев, Қ. Байділдаұлы. Азаматтық құқық. Алматы, 2003 жыл, 1 – том.

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
ЖАЛПЫҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Құқықтық қатынастар құрамы және олардың сипаттамасы
Орындады:
Ю-15К тобының студенті
Бейсенбаева Асель
Ғылыми жетекші:
аға оқытушы, заңтану магистрі
Әділбекова Қ.Қ.
ҚАРАҒАНДЫ 2016
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1 ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҰҒЫМЫ
МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.1 Құқықтық қатынастардың түсінігі мен белгілер ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.2 Құқықтық қатынастардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Құқықтық қатынастардың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 30
КІРІСПЕ
Құқықтық қатынастар - адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды
Құқықтық қатынас - белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте және адамдар арасында қалыптасқан күрделі де сан қилы қатынастар.
Мемлекет және құқық теориясында құқықтық қатынастардың алатын орны ерекше және ең маңызды тақырыптардың бірі болып саналады. Құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың бір ғана бөлігі. Қоғамдық қатынастардың құрамына саяси, топтық, экономикалық, діни, әдет - ғұрыптық, этикалық, құлықтылық, некелік сияқты көптеген қатынастар енеді. Немістің ірі ойшылы Георг Вилгельм Фридрих Гегель қоғамдық қатынастар хақында былай деп жазды: Бар нәрселердің бәрі қатынастардан тұрады және бұл қатынастар барлығының бар болуының, күнелтуінің ақиқаты. Қатынастар материя формаларының дамуынан пайда болады, сол, дамудын, қозғалыстар туындайды.
Құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарттары. Алғышарттар - бұл құқықтық қатынастарды туындататын жағдайлар, факторлар. Құқықтық қатынастардың пайда болу алғышартының екі түрін бөліп қарастырады:
1,Материалдық (жалпы) алғышарттар; бұларға адамдардың құқықтық қатынастарға түсуіне әсер ететін өмірлік қажеттері мен мүдделері жатады. Кең мағынада - бұл белгілі бір қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің объективті қажеттігін көрсететін әлеуметтік - экономикалық, мәдени және т.б жағдайлардың жүйесі.
2,Заңды (арнайы) алғышарттар; бұларға құқық нормасы, құқық субъектілік және шынайы өмір жағдайы ретіндегі заңдыфакт жатады.Аталған алғышартсыз құқықтық қатынастың туындауы мүмкін емес.
Философия тарихы матералистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты емес. Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас - қоғамдық
өндірістің қажетті жағы. Жеке адам материалдық игіліктерді өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндіріс орын алады.
Қоғамдық қатынастардың басым көпшілігі әлеуметтік нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Қоғамның мүдде - мақсаттары, саясат, мемлекеттік билік т.б. күрделі мәселелер құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылады.Өткені бұл бағытта қоғамдық қатынастардың ең маңыздысы, ең күрделі түрлері топтасып мемлекет мен құқықтың ең жауапты қызметіне айналды.
Сонымен, құқықтық қатынастар - адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым - қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір - бірімен қарым - қатынаста болады. Бұл объективті процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым - қатынастар да ескеріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс - әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдығы қарым - қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың жеке қоғамның мүдде - мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып кейбір қарым - қатынастарға шектеу қойылды.
Құқықтық қатынас дегеніміз - мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас, ол құқық нормаларының негізінде пайда болатын қоғамдық қатынас, мұнда тараптар өзара, мемлекетпен кепілденген нақты екі жақты құқықтар мен міндеттермен байланысады.
Құқықтық қатынастардың нышан - белгілері:
Бірінші - құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым - қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.
Екіншісі - қатынастың субъектілердің екі жақты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.
Үшінші - субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде - мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.
Төртінші - егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындалмаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.
Курстық жұмыстың мақсаты құқықтық қатынастар түсінігін, ерекшеліктерін айқындау, оның түсінігі мен белгілеріне тоқталу.
1 ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Құқықтық қатынастардың түсінігі, белгілері
Құқықтық қатынас категориясы құқықтың жалпы теориясында негізгі, орталық категориялардың бірі болып табылады. Және адамдардың жүріс - тұрысына құқықтың қандай жолмен әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Құқықтық қатынас - бұл қатысушылары субъективтік құқықтары мен заңды мүдделері иеленетін, құқық нормларымен бекітілген қоғамдық қатынас. Құқықтық қатынастар дегеніміз - қатысушылардың субъективтілік құқықтары мен заңда көрсетілген міндеттері болатын құқық нормаларымен заңда көрсетілген айғақтарға сәйкес туындайтын, ерік - ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар [5,165б.].
Құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар.
Құқықтық қатынастарға мынадай белгілер тән:
1) құқықтық қатынас - бұл қоғамдық қатынас, былайша айтқанда, адамдардың арасындағы қатынас және олардың іс - әрекетімен, мінез- құлқымен байланысты. Меншік иесінің өз заттарына қақысы бар, бірақ бұл құқықтарды ол басқа адамдармен қатынас жасағанда жүзеге асырады.
2) Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез - құлқына құқықтық норма әсер еткенде пайда болады. Құқықтық норма мен құқықтық қатынас арасында ажырамас байланыс бар, өмірде тек қана құқықтық нормада көрсетілген құқықтық қатынас пайда болады. Кейде заңда көрсетілмеген жағдайда да қатынас құқықтық сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы, құқықтық ұқсастық болған жағдайда құқықтық норма өзінде тікелей көрсетілмеген қатынастарға қолданылады.
3) Құқықтық қатынас - субъективтік құқықтар мен міндеттер арқылы пайда болатын адамдар арасындағы байланыс. Субъективтік құқыққа ие болушы соңы пайдалана алатын тұлға, ал құқықтық міндет жүктелген міндетті орындауға тиіс тұлға. Құқықтық қатынаста қақысы бар тұлға және міндеті бар тұлға болады; адам, ұйым, мемлекет органы.
4) Құқықтық қатынас - ерікті қатынас. Құқықтық қатынас пайда болу үшін қатысушылардың еркі қажет. Кейбір құқықтық қатынастар пайда болу үшін тараптардың еркі қажет (мүлікті қатынастар). Ал кейбір құқықтық қатынастар тек бір тараптың еркіне ғана байланысты пайда болады (қылмыстық іс заң қорғаушы органның еркі бойынша қозғалады).
5) Құқықтық қатынасты мемлекет қорғайды. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет құқықты қатынастарды да қорғайды. Мемлекет қорғайтын құқықтық қатынастар қоғамдағы құқық тәртібінің негізі болып саналады.
Демек, құқықтық қатынастар - бұл құқық нормалары реттейтін қоғамдық қатынастар. Қазіргі дамыған қоғамдық ғылымдарға құқықтық қатынастардан басқа экономикалық, саяси, адамгершілік, отбасы - некелік, экологиялық, еңбек, әлеуметтік қатынастар жиі кездеседі. Алайда, құқықтық қатынстардың өзіндік сыры, белгілері бар, олар арқылы біз басқада қоғамдық қатынастарды ажырата аламыз.
Құқық қоғамдық қатынастарды реттегіш ретінде заңды құқықтар мен міндеттердің нақтылы байланысын белгілейді. Сондықтан осындай байланыстың өзі құқық қатынастарын түсінудің кілті болып табылады. Алайда, құқық қатынастары негізінде жалпы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған. Оны құқықтық қатынастардың мынадай белгілерінен аңғаруға болады:
1. Әдетте, ол құқық нормалары негізінде туындайды, яғни құқық нормасы құқықтық қатынастардың туу, өзгерілу және тоқтатылу жағдайларын тұжырымдайды. Бұл жағдайлар нормалардың гипотезасын қараған кезде байқалуы мүмкін, оны заңдар актілер дейді.
2. Сезінушілік және еркіндік мәнінің болуы, құқық қатынастары субъектілерінің өзінің іс - әрекетін басқара алатын мүмкіншілігі мен оларды сезіне білетін жағдайларына есептелінген. Құқық қатынастарының алқымына субъектілердің өз еріктерін бақылай алмайтын іс - әрекеттер кіре алмайды. Дәлірек айтсақ, құқық қатынастары - бұл еріктілік қатынас.
3. Құқық қатынастарға түсушілердің арасында байланыста субъективтік құқықтар мен заңды міндеттердің болуы, яғни құқық нормаларында көзделген құқық қатынастар тараптарының құқықтары мен міндеттерінің байланыстылығы. Мұндай байланыс, осы нормадағы гипотезада көрсетілген айғақтардың пайда болар кезіндегі құқықтық нормалардың диспозицияларында тағайындалады.
4. Бұл, қатынастар, әрине мемлекет тарапынан қорғалады және олар мемлекеттік мәжбүрлеу негізін қалайды, яғни субъективтік құқықтар мен заң міндеттерін іске асыру мемлекетті көндіру мүмкіншілігімен қамтамасыз етіледі [12,464б.].
Құқықтар қатынастар түсінігі - жалпы құқық теориясының ең маңызды категорияларының бірі. Өйткені, құқықтық қатынастардың өзі құқықтық тетіктің сондай бөлігі болып табылады, онда құқық өзі реттейтін объектімен қосылады - әлеуметтік аямен. Құқықтық қатынастар нәтижесінде өте қиын құқықтық құрылым пайда болады.
1 - сызба
Құқықтық қатынас - бұл құқық нормаларының негізіндн пайда болатын қоғамдық қатынас, мұнда тараптар өзара, мемлекетпен кепілденген нақты екі жақты құқықтар мен міндеттермен байланысады
Құқықтық қатынастың түрлері:
oo салалық белгісі бойынша:
Конституциялық - құқықтық;
Әкімшіл - құқықтық;
Азаматтық - құқықтық және т.б..
oo сипатына байланысты:
материалдық (қаржылық, еңбек және т.б.);
процессуалдық (қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс жүргізушілік және т.б.)
oo құқық функциялары бойынша:
реттеуші:
қорғаушы
oo қатысушылардың құрамына бойынша:
жай;
күрделі
oo субъектілердің анықталғандығының дәрежесі бойынша:
абсолюттік (тек қана бір тарап анықталған);
қатысты( екі тарап та анықталған)
1.2 Құқықтық қатынастардың түрлері
Ең алдымен, құқықтық қатынастарды құқықтық нормаларды сияқты салалық белгісі бойынша мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, азаматтық, еңбек, отбасылық, және өзгеде қатынастар деп жіктеуге болады.[4]
Құқықтық қатынастың түрлеріне мыналар жатады:
1) субъектілерді жекелеу тәсіліне қарай - жалпы (субъектілердің жалпы құқықтары мен міндеттерінің негізіндегі құқықтық байланыс, әрине бұлар жекелеген өзіндік құқықтары мен міндеттеріне ие бола алмайды) және нақтылы (мұнда субъектілердің біреуі ғана (субъективтік құқыққа иелігі) құқықтық байланысының жеке даралық негізі арқылы анықталады);
2) нақтылы қатынастарға субъектілердің жеке даралану тәсіліне қарай - салыстырмалық, яғни бұларда барлық қатысушылар жеке тізбектеліп анықталады (субъктитік құқыққа негіздер және міндеттерге иелерде) және абсолюттік мұнде екі тараптардың бір жағы ғана субъективтік құқыққа иелі болады да, ал өзге адамдардың барлығы да міндетті болып келеді (дәлірек айтсақ тараптардың бір жағында құқық болса, оның екінші жақтары міндетті атқарады);
3) құқықтық функцияларына қарай - реттеушілік (реттелік нормалар мен құқықтың реттеушілік функциясын іс жүзіне енгізу, негізіне қалыптасқан, реттеуші нормалар қатынастарды реттеп - басқарып, дамытып отырады) және қорғаушылық ( нормаларды қорғау мен құқықтың қоғау функциясын іске асыру негізінде туындаған, қорғаушы нормалар қарым - қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді);
4) құқық салаларына қарай - конституциялық - құқықтық, азаматтық - құқықтық, қылмыстық - құқықтық, әкімшілік - құқықтық және басқалар болып табылады.
Құқықтық қатынастардың пайда болу кезінен құқықтық нормаларды іске асыру процесі басталады, яғни нақтылы мінез - құлықтағы (тәртіптегі) тұжырымдар оладың талаптарына сәйкестендіріледі. Сондықтан да болар құқық қатынастарын әр кезде өмірдегі құқық нормалары, іс - қимылдағы (әрекеттегі) құқық нормалары делінеді, олардың ылайша аталуының мәнісі қағаз жүзіндегі құқық нормаларынан ажырату үшін қажеттілігінен туындаған деседі.
Осыдан келіп, біз, құқық қатынасы туралы мынадай анықтама бергенді жөн көрдік: бұл оған қатысушылардың өзаралық субъективтік құқықтары мен міндеттерінің құқық нормалары негізінде болатын, әрі мемлекет тарапынан қамтамасыз етілетін құқықтық байланысы.
Құқықтық қатынастың құрамына элементтер ретінде дәстүрлі жолмен мыналарды қосады:
а) құқықтық қатынстардың субъектілердің (қатысушыларды);
ә) субъективтік заңды, құқық пен міндеттілікті (оларды құқықтық қатынстардың заңды мазмұны деп атайды).
б) фактілер негізіндегі құқықтық тәртіп, құқықты іс жүзіне асырудағы құқық пен міндеттілік ( оны құқықтық қатынстың материалдық мазмұны деп атайды), құқықтық қатынастың объектілері.
Құқықтық қатынастар әр түрлі негіздерге байланысты топтастырылады. Белгілі салаға жатуына байланысты және басқа салаларға бөлу арқылы айыруға болады.
Олардың функционалдық мақсатына байланысты реттеушілікке және күзетушілікке (қорғаушылық) бөліп қарауға болады. Өз жағынан, реттеушіліктің ішінен белсенді кейіптегі құқықтық қатынасты бөліп айтады
(олар міндеттеушілік пен өкілетті басқарушылықтың нормалары негізінде пайда болады және пассивтік кейіптегі құқықтық қатынас (тыйым салатын нормалардың негізінде пайда болып, құқықтық статистикалық, бекітушілік функциясын көрсетеді).
Жекеленген деңгейге байланысты салыстырмалы деп бөлінеді, онда құқықтық қатынастарға қатынасушылардың бәрі аталған және абсолютті, онда тек бір жағы ғана жекешеленген - өкілетті басқарушы (управомоченный)
(мысалы, меншік туралы құқықтық қатынастар). Сол қатарды кейбір авторлар (профессор С.С Алексеев, профессор Н. И. Матузов) жалпылама деп бөледі ( не жалпылама реттеушілік), онда субъектілердің құқықтық жағдайы, олардың құқықтық статусы, құқықтық субъектілігі жанама түрде қамтылады.
Құқық жүйесі қай жағына жақындығына (тәндігіне) байланысты құқықтық қатынастарды: материалдыққа, процессуалдыққа, жекешеленгендікке және көпшілікке бөледі.
Сонымен бірге, жәй күрделі құқықтық қатынастарға бөлуге болады. Күрделі құқықтық қатынастар өзінің құрамында бірнеше кешенді субъективтік заңды құқықтары мен міндеттері бар қатынасушыларды ұстай алады. Ең элементарлы (жәй) көрінетін екі субъектісі бар қатынастар, оның біреуінің заңды құқығы, ал екіншісінің корреспондировать ететін заңды міндеттілігі бар.
Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұрыс, прогрестік жолмен дамуын қамтамасыз етеді.
Құқықтық норма мен құқықтық қатынас өзара үйлесімді тығыз байланыста болады және белгілі бір дәрежеде біртұтас болып келеді. Бұл шағын, алайда, дамушы жүйе. Оның басты екі құрамдас бөлігі бірін-бірі демеп отырады.Құқықтық қатынас болмаса, құқықтық норма өлі сипатқа иеленеді, ал нормасыз құқықтық қатынастың болуы мүмкін емес. Олар себеп пен салдар ретінде өзара арақатынаста болады- құқықтық норма қашанда құқықтық қатынастың алдында жүреді.
Құқықтық норма мен құқықтық қатынастың байланысы күрделі, көпжақты сипатқа ие. Ол мыналардан көрініс табады.
1. Құқықтық қатынас тек құқықтық норманың негізінде пайда болып, әрекет етеді. Құқықсыз нормасыз бірде-бір құқықтық қатынастың пайда болуы мүмкін емес. Басқаша айтқанда, құқықтық қатынас оны көздейтін құқықтық норма болған жағдайда ғана орын алады. Субъектілер құқықтық нормалады елеместен, яғни, мемлекет еркіне қарсы, өз бетінше құқықтық қатынастарды орната алмайды, мұндай қатынастардыресми билік қорғамайды.
2. Құқықтық қатынас құқықтық норманың жүзеге асырылуы мен өмірге енгізілуінің нысаны. Дәл осы құқықтық қатынас арқылы мемлекеттік ереженің шынайы күші мен тиімділігі көрініс тауып, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізіледі. Құқықтық қатынас - құқықтық норманың әрекет етуі. Олардың түпкі мақсаттары сәйкес келеді және олар қандай да бір қоғамдық қатынастты реттеуге, жеке және заңды тұлғалардың өзара жүріс-тұрысын үйлестіруге бағытталған.
3. Құқықтық норма мен құқықтық қатынас құқықтық реттеудін біртұтас механизмінің құрамдас бөліктері (элементтері) болып табылады және өз функцияларын қоса, бірқатар ортақ функцияларды атқарады. Аталған элементтерсіз құқықтық реттеу механизмі жұмыс істей алмайды. Бұл механизмнің бірқалыпты, тұрақты болуы көп жағдайда құқықтық норма мен құқықтық қатынастың үйлесімділігіне тәуелді болады.
4. Құқықтық норманың гипотезасында құқықтық қатынастың пайда болу шарттары; диспозициясында оның субъектілерінің құқықтары мен міндеттері; санкциясында аталған норма мен оның негізінде пайда болған құқықтық қатынас бұзылған жағдайда орын алуы мүмкін жағымсыз салдар көрсетіледі. Құқықтық нормада шынайы қоғамдық қатынастың үлгісі,яғни, оның заңды мазмұнын құрайтын құқықтық қатынастың да үлгісі көрініс табады.
Әдебиетте құқықтық норма мен құқықтық қатынастың өзара байланысының екі тұжырымдамасы қалыптасқан. Теоректиктердің басым көпшілігі жақтайтын бірінші тұжырымдамаға сәйкес, құқықтық қатынас - құқықтық норманың қоғамдық қатынасқа ықпал етуінің нәтижесі. Бұл жағдайдағы кезектілік келесідей: құқықтық норма-іс-жүзіндегі қатынас-құқықтық қатынас. Екінші тұжырымдамаға сәйкес, құқықтық қатынас құқықтық норманың қоғамдық қатынастарды реттеуінің нәтижесі емес, ал құралы(Ю.К. Толстой). Бұл жағдайда кезектілік басқаша: құқықтық норма- құқықтық қатынас-қоғамдық қатынас. Алдымен қандай да бір құқықтық норманың негізінде құқықтық қатынас қалыптасады және кейін ол тиісті қоғамдық қатынасты реттеуге бағытталады.
Менің пікірімше, бірінші тұжырымдама шындыққа жақын. Алайда, аталған екі жағдайда да құқықтық қатынастың мәнін оның құқықтық нормамен байланысынан тыс түсіну мүмкін емес екенін ұмытпаған жөн[4, 415-416б.].
2-сызба
ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ
ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
Бірінші көзқарас
Екінші көзқарас
құқықтық норма
құқықтық норма
құқықтық қатынастар (құрал ретінде)
қоғамдық қатынастар
қоғамдық қатынастар
құқықтық қатынастар
(нәтиже ретінде)
Құқық нормасы - бұл мемлекет таныған және қамтамасыз ететін жалпыға міндетті, формальды анықталған жүріс - тұрыс ережесі. Құқық нормасынан қоғамдық қатынастар қатынасушыларының құқықтары мен міндеттері туындайды және осы ереже атанған субъектілердің әрекеттерін реттеуге бағытталған. Заң нормасы - құқықтың алғашқы буыны, оның жүйесінің элементі. Сол себепті, бұл нормаға ерекше әлеуметтік құбылыс ретіндегі құқықтың негізгі белгілерінің тән болуы заңды да. Алайда, бұл құқық және құқық нормасы түсініктерінің бір екенін білдірмейді. Олар бір - бірімен бүтін және оның бөлігі ретінде байланысқа түседі.
Құқық нормасының белгілері:
1. Жалпыға міндеттілігі - ол адамдардың мүмкін және міндетті әрекеттеріне қатысты мемлекеттік биліктік ережелерін білдіреді.
2. Формальды анықталғандығы - ол жазбаша түрде ресми құжаттарда көрініс табады.
3. Мемлекетпен байланысы - оны мемлекеттік органдар орнықтырады және мемлекеттік әсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі.
4. Ұсынушылық - міндеттемелік сипат - ол бір субъектілерге құқықтар берсе, келесі субъектілерге міндеттемелер жүктейді, себебі, құқықты міндетсіз, ал міндетті құқықсыз жүзеге асыру мүмкін емес.
Құқық нормаларының түрлері. Заң нормаларының түрлері : 1. Реттеуші және құқық қорғаушы; 2. Құқық беруші, тыйым салушы және міндеттеуші: 3. Императивтік және диспозитивтік
Реттеуші норма - бұл субъектінің субъективтік құқықтары мен міндеттерін, олардың пайда болу және әрекет ету жағдайларын анықтайтын норма.
Құқық беруші норма - бұл субъектіге белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруға байланысты құқықтарды беретін норма.
Міндеттеуші норма - бұл субъектіге белгілі бір мазмұндағы әрекеттерді жасау міндетін жүктейтін норма.
Императивтік норма - бұл қатаң ережелер түрінде көрініс табатын және құқық субъектілерінің қалауларынан тәуелсіз түрде әрекет ететін норма.
Диспозитивтік норма - бұл өзіндік қалау бостандығын білдіретін норма.
Құқық нормаларының құрылымы. Құқықтық норманың құрылымы үш элементтен құралады: гипотеза, диспозиция және санкция.
Гипотеза - бұл құқықтар мен міндеттердің пайда болу жағдайын көрсету; диспозиция - бұл құқықтар мен міндеттердің өзін көрсету; санкция - бұл норманы бұзудан туындайтын қолайсыз салдарды көрсету болып табылады [5].
1.3 Құқықтық қатынастардың құрылымы
Құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қоғамдық байланыстар. Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез - құлқына құқықтық норма әсер еткенде пайда болады. Құқықтық қатынас - бұл субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы пайда болатын адамдар, ұйымдар,мемлекеттік органдар арасындағы байланыс. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті де жақсартуға мүмкіншілік жасайды.
Құқықтық қатынастың құрылымы төрт элементтен тұрады: субъект, объект, субъективтік құқық, заңды міндеттер.
Құқықтық қатынастардың субъектісі дегеніміз тиісті субъктивтік құқықтар мен заңи міндеттерге ие құқықтық қатынастардың қатысушылары.
Құқықтық қатынастың субъектісі болу үшін олардың құқықтық қабілет және әрекеті қалыптасу қажет.
Құқық қабілеттілік ретінде мемлекетпен танылатын, заңда көрсетілген құқықтар мен міндеттерді иелену мүмкіндігі мен қабілеті түсініледі. Бұл жағдай құқықтарды іс жүзінде иеленуді емес, ал оларды иеленуге қатысты алдын ала бекітілген мүмкіндікті білдіреді. Барлық азаматтар құқық қабілеттілікке ие. Құқық қабілеттілік адам өмірге келгенде пайда болып, қайтыс болғанда тоқтатылады
Қазіргі заманғы өркениетті қоғамда жалпы құқық қабілеттілікті иеленбейтін азаматтар жоқ және болуы мүмкін емес. Бұл-тұлғаның саяси-құқықтық және әлеуметтік мәртебесінің аса маңызды алғышарты және ажырамас элементі. Құқық қабілеттілік субъектілердің табиғи емес, ал қоғамдық - құқықтық қасиеті және ол абсолютті, әмбебап сипатқа ие. Құқық қабілеттілік адам құқықтары туралы халықаралық пактілерден, гуманизм, бостандық және әділдік қағидаларынан туындайды. Кез-келген мемлекеттің міндеті-құқық қабілеттілікті тиісті түрде кепілдеу және қорғау.
Құқық қабілеттіліктегі басты мәселе-құқықтар емес, ал оларды иелену қабіоеті немес мүмкіндігі. Бұл өте маңызды жағдай, себебі, тарих көрсетіп отырғандай, барлық замандарда тұлғалардың барлығы мұндай мүмкіндіктерге ие болмаған (мысалы,құлдар) немесе ішінара иеленген (басыбайлы шаруалар).
Құқық қабілеттілік ұғымы алғаш рет XIX ғасырдағы буржуазиялық кодекстерге бекітілді.(1804 жылы Францияның Азаматтық кодексі,1896 жылғы Германияның Азаматтық ережесі). Ол заманда құқық қабілеттілік санаты ағылшындық азаматтық құқықта да қолданыста болды. Байқап отырғанымыздай, қарастырылып отырған институт азаматтық заңнаманың негізінде пайда болған,бірақ, кейіннен әлдеқайда кең мағынаны иеленген.
Алайда, құқық қабілеттілік өз бетінше ешқандай шынайы игіліктер бермейді. Ол тек құқыққа қатысты құқық, яғни, құқық иелену құқығы. Тек шын мәніндегі құқық қана қандай да бір игілікті иеленуге, белгілі бір әрекеттер жасауға, талаптар коюға жағдай жасайды. Құқық қабілеттілік қоғамның теңқұқылы мүшесі ретінде танылуға мүмкіндік береді.
Құқық қабілеттіліктің субъективтік құқықтан айырмашылықтары мынада: а) ол тұлғадан ажыратылмайды, тұлғаны құқық қабілеттілігінен айыру, оны алып қою, тартып алу немесе шектеу мүмкін емес; ә) тұлғаның жынысына, жасына, мамандығына, ұлтына, тұрғылықты жеріне, мүліктік жағдайына және басқа да жағдайларға тәуелді болмайды; б) оны басқа тұлғаларға беру мүмкін емес; в) субъективтік құқыққа қарағанда ол бастапқы сипатқа ие, оның алғышарты болып табылады; г) субъективтік құқық нақты, ал құқық қабілеттілік абстактілі сипатқа ие.
Құқық қабілеттілік ұғымында құқық емес, қабілеттілік басты мәнеге ие. Құқық қабілеттілікті тұлғаға тиесілі құқықтар мен міндеттердің жиынтығы ретінде қарастыруға болмайды, себебі, ол заңның өзінде тікелей көзделеді. Бұл тұрғыда Е.А.Флейшиц атап өткендей, құқық қабілеттілік бланкетті сипатқа ие.
Азаматтың қандай да бір нақты құқықтары иелену мүмкіндігі бірден, туа салысымен емес, уақыт өте келе, белгілі бір жасқа толғанда немесе басқа шарттар орын алған жағдайда пайда болатыны шешуші мәнге ие емес. Құқықтардың пайда болу уақытына қатысты айырмашылық құқық қабілеттіліктің мәнін өзгертпейді. Құқық қабілеттіліктің теңдігі оның көлемінің барлық тұлғаларда бірдей екендігін білдірмейді.
Алайда, әмбебап санат болып табылатын құқық қабілеттілік құқықтың түрлі салаларында түрліше көрініс табады. Тіпті, оның құқықтық реттеудің тиісті салаларындағы мәні мен рөлі де бірдей емес. Осыған байланысты құқық қабілеттіліктің жалпыға ортақ сипатына қатысты күмәндар мен даулар туындап жатады.
Тағы да атап өтейік, құқық қабілеттілік-қандай да бір құқықтардың жиынтығы, олардың сандық көрінісі емес, ол тұлғаның тұрақты азаматтық жағдайы, оның құқықтық мәртебесінің элементі, құқықты иеленуге қатысты алғышарт. Құқық қабілеттілік терминінің өзі осы ұғымның мағынасын дәл береді.
Әрбір тұлға құқық иеленуге қабілетті болып келеді, ол әлемдік қауымдастық пен мемлекеттердің құқықтық жүйелері таныған, өзіне қажетті құқықтарды (өмір сүруге құқық, бостаныққа, денсаулыққа, ар-ожданға, қадір-қасиетке, қауіпсіздікке қатысты құқықтар) иелене алады және иеленуі тиіс. Бұл қабілетті ешкім және ешбір жағдайда тоқтата, жоя алмайды. Ол о бастан шартсыз және даусыз аксиома ретінде танылады. Кез келген азамат, соның ішінде, жасы кәмелетке толмаған тұлға өзінің құқық қабілеттікке ие екенін біледі және тиісті құқықтар мен бостандықтарды иелене алады.
Бұл ретте басы мәселе-құқық иеленуге қатысты қабілетті құқық иеленумен шатастырмау. Н.М.Коркунов жазып кеткендей, құқық қабілеттілік тұлғаның белгілі бір құқықтарды иелене алатынын білдіреді, алайда, оның аталған құқықтарды шын мәнінде иеленетінін білдірмейді. Әрбір тұлға мүлікке қатысты меншік құқығын иеленуге қабілетті, алайда, бұл оның іс жүзінде мүлікті иеленетінін білдірмеді.
Жалпы, салалық және арнайы құқық қабілеттілік ажыратылады.
Жалпы құқықтық қабілеттілік тұлғаның қолданыстағы заңда көзделген кез келген құқықтар мен міндеттерді иелену мүмкінігін білдіреді, дегенмен, жоғарыда аталып өткендей, қандай да бір құқықтарды іс жүзінде иелену тек белгілі бір шарттар туындаған жағдайда ғана орын алуы мүмкін. Заңнамада жалпы құқық қабілеттілікке анықтама берілген. Алайда, ғылымда, құқықтың жалпы теориясында жалпы құқық қабілеттілік санаты бұрыннан қалыптасқан.
Салалық құқық қабілеттілік құқықтың қандай да бір салаларында құқықтарды иелену мүмкіндігін білдіреді. Дәл осы себепті ол салалық құқық қабілеттілік деп аталады. Мысалы, отбасылық, еңбек, сайлау құқық қабілеттілігі.
Арнайы (лауазымдық, кәсіби) құқық қабілеттілік арнайы білімдер немесе талантты талап ететін құқық қабілеттілік. Мысалы, судья,дәрігер, ғалым, артист, музыкант мамандықтары үшін.
Ұйымдар мен заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі де арнайы құқық қабілеттілік болып танылады, ол ұйым мен заңды тұлғалар қызметінің тиісті жарғылар мен ережелерде бекітілген мақсаттарымен және міндеттерімен анықталады. Ұйымның құқық қабілеттілігі ол құрылған сәтте пайда болып, таратылған сәтте тоқтатылады[4,419-421б.].
Құқық қабілеттілік дегеніміз - құқыққа бостандықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті. Құқық қабілеттілік адам туған сәттен басталып, өлгенде аяқталады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодесі азаматттардың құқықтық қабілетінің негізгі мазмұнын анықтайды: меншігінде мүлік, оның ішінде шетелдік валютаны ұстауға ие болу; мүлікті мұрагерлікке не өсиет етіп қалдыру; тұратын жерін өзі таңдап алу; шетелдерге кетуге, қайтып келуге ерікті; шаруашылық құруға, қарым - қатынас жасауға т.б. құқықтары бар ( кодекстің 14- бабы).
Әрекет қабілетілік ретінде субъектінің тек құқықтар мен міндеттерді иелену қабілеті емес, соған қоса, оларды өзінің жеке әрекеттері арқылы жүзеге асыру, олардың салдары үшін жауап беру, құқықтық қатынастар қатысушылары болу қабілеті танылады.[4,422б.]
Әрекет қабілеттілік дегеніміз - адамның өз әрекетімен құқығын пайдалана алу және оны жүзеге асыру, өзі үшін міндеттер тудырып, оларды орындау қабілеті. Әрекеттіктің басты шарты кәмілеттік немесе құқықтық нормада белгілі жасқа толу болып табылады. Адамның психикалық күйімен байланысы жоқ заңдық қасиет ретіндегі құқық қабілеттіліктен өзгеше, әрекет қабілеттілік онда айтарлықтай дамыған ақыл - ой мен еркіндіктің болуына, өзінің іс - әрекеттерін саналы түрде сезініп, оларды игере білу қабілетіне байланысты. Сондықтан заң адамның әрекет қабілеттілігі толық көлемде кәмлетке толғанда, яғни ол 18 жасқа жеткенде басталады деп көрсетеді. Кәмелетке толған адамдар өздерінің іс әрекеттері арқылы толық көлемде азаматтық құқықтары иеленіп, жүзеге асыра алады, өздері үшін азаматтық міндеттерді белгілеп, оларды орындай алады.
Егер құқық қабілеттілік тұлғаға туылғаннан бастап тиесілі болса, әрекет қабілеттілік тек белгілі бір жастан бастап туындайды. Жасы 14-ке толмаған балалар және жүйке ауруларына шалдыққан тұлғалар әрекет қабілеттілікті иеленбейді, олар белгілі бір құқықтарды иеленуі мүмкін, бірақ, оларды жүзеге асыра алмайды. Аталған тұлғалар үшін олардың заңды өкілдері- ата-аналары, қамқоршысы мен қорғаншылары әрекет етеді.
14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандар қажетті азаматтық мәмілелерді тек ата-аналарының, қамқоршылары мен қорғаншыларының жазбаша келісімімен жасай алады. Алайда, олар ұсақ тұрмыстық мәмілелерді өз бетінше дербес жасасып, өз жалақысына, стипендиясына және өзге де табыстарына билік ете алады, авторлық және өнертапқыштық құқықтарды жүзеге асырып, несиелік мекемелерге салымдар сала алады.
Жасөспірімдер жасаған қасақана қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан бастап туындайды. Әрекет қабілеттілік толық, ішінара және шектелген болуы мүмкін. Жоғарыда аталып өткендей, толық әрекет қабілеттілік кәмілеттік жасқа толған сәттен бастап; ішінара әрекет қабілеттілік 14 жастан бастап, ал шектелген әрекет қабілеттілік сот шешімімен тұлғаның (маскүнемдік және есірткелік ауруға шалдыққандар) әрекет қабілеттілігі шектелген жағдайда туындайды.
Жаңа Азаматтық кодекске эмансипация ұғымы енгізілді (27-бап). Оған сәйкес 16 жастағы кәмелетке толмаған тұлға еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін немесе ата-анасының рұқсатымен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын болса, толық әрекет қабілетті деп жарияланады.
Эмансипация ата- анасының, асырап алушысының рұқсатымен қамқоршылық және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz