XХ ғасырдағы батыс еуропа музыкасы



КІРІСПЕ 3
1 XX ҒАСЫРДАҒЫ БАТЫС ЕУРОПА МУЗЫКАСЫ 6

1.1 XX ғасырдағы Батыс Еуропа музыкасы: өзгерістер 6
мен даму жолдары

2 XX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫ 12

2.1 XX ғасырдың басындағы қазақ музыкасы 12

2.2 Қазақстандағы кәсіби музыка өнерінің қалыптасуы мен дамуы 21


ҚОРЫТЫНДЫ 40
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 41
XX ғасырдың күрделі оқиғаларымен тығыз байланысты болып (яғни, тарихи кезеңімен, оның саяси-әлеуметтік жағдайымен), қоғам өмірінің тынысын музыкалық, поэтикалық тілмен баяндайды. Өнерде Кеңестік заманның идеологиясына, оның күшті насихат құралына бейімделініп, дәуір сұранысына сәйкес туындылар пайда болды. Мұнда ұлт музыкасының байырғы түрлері жаңа идеялармен сомдалып, жаңа дәуірге үндес тақырыптармен мазмұндалды.
Қазақтың жиырма ғасырлық рухани дүниесінде – ауызекі әдебиетінде, поэзиясында, музыкасында, қолөнерінде – халқымыздың даналығы мен дарындылығы, өміршеңдігі мен кең пейілдігі, тектілігі мен парасаттылығы, діні мен ділі кеңінен бейнеленген. Бұл ұлт құндылықтары Ұлы даланың ұлы перзенттері Әбу Насыр әл-Фараби, Мұхамед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр, әл Қыпшақи, Шоқан Уәлиханов, Әлкей Марғұлан, Мұхатр Әуезов, Ахмет Жұбановтардың мұралары жан-жақты қарастырылды. Ал, жоғарыда аталған рухани қазынамыздың ішінде музыка өнерінің мағынасы мен мазмұны ерекше. Сонау байырғы дәуірдегі сарын, мақам, әуеннен нәр алған өнердің бұл саласы өз тарихында әртүрлі кезеңдерден өтіп, ауызекі түрінде қалыптасып, өзінің қол жетпес көркеюін, «алтын ғасыр» аталған XIX ғасырда тапты. Орыстың ғалымы, түркітанушы Л.Н.Гумилевтің анықтауы бойынша бұл дәуірде қазақ халқы нағыз «көшпелілердің өркениетін» орнатты. Өнердің әр саласында (ән, күй, орындаушылықта) керемет классикалық мағынаға ие болған асыл тарландар, дара кемеңгерлер дүниеге келді. Олар – Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Естай, Біржан сал, Ақан сері, Мәди, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Алтынай, Майра, дина және т.б.
Бұл өркендеген дәстүрлі музыка, оның талантты өкілдерінің шығармашылығында, орындаушылық шеберлігінде халық музыкалық творчествосымен өзектес болып, жаңа жазба өнердің, оның еуропалық жүйеге бет бұрысып, кәсібиліктің жаңа түрін игеруде сарқылмас өзегін құрастырды.
Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi. XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарында ұлттың дәстүрлі мәдениеті (оның ішінде поэтикалық, прозалық, музыка, қолөнері мен орындаушылық өнері және т.б. түрлері) өзінің жалғасын тауып, көркемдік құндылығы, кәсіби даму, жанрлық байлығы және стильдік өзіндік ерекшелігі жағынан ең биік шыңына жетті. Ұлы даланың кең байтақ жерінде аймақтық жағынан ерекшеленетін, бірақ біртұтас қазақтың музыкасын құрайтын мектептер жалпы түрде қалыптасып, өз болмысын көрнекті өкілдерінің шығармашылығында айқындады. Олар – Жетісу өңірінен классикалық мұра қалдырған жыр алыбы Жамбыл, оның жолын қуушы дарабоз ақын, халық композиторы Кенен, асқан дарын иелері Қалқа, Қапез, Бейсебай, Дәнеш; оңтүстік жақтан Нартай, Құтбай; Арқаның ән мектебінен қазақтың ән мәдениетін жаңа сатыға көтерген классик ақын Сәкен Сейфуллин, асқан сазгер, халық композиторлары Естай Беркімбайұлы, Иса Байзақов, Мұхаметжан Өтелбайұлы, Ахат Құдайбердиев, Ғали Дүйсеков, Манарбек Ержанов, Қосымжан Бабақов. Батыс аймағының ән мәдениетін жаңа деңгейге көтерген Аманғали Кенжеахметұлы, Ерғали Аязбаев, Сарышолақ Боранбайұлы, Қызыл Тұрдалыұлы. Ал олармен туындылары, орындаушылығы сабақтас сазгер, ұстаз – Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиев болып келеді.
1. Е.Л.Гуревич. Западно-европейская музыка в лицах и звуках: XVII – первоя половина XX века. – М.: ТОО «Пассим», 1994
2. М.С.Друскин (главный редактор). Вопросы современной музыки. Ленинград. Музгиз.
3. Зарубежная музыка XX века в материалах и документах. Изд. Музыка, 1975. Ганс Эйслер – Общественные основы современной музыки.
4. М.С.Друскин. О западно-европейской музыке XX века. М.: Советский композитор, 1973.
5. Д.В.Житомирский, О.Т.Льеонтьева, К.Г.Мяло. Западный музыкальный авангард после второй мировой войны. М.: Изд. «Музыка», 1989.
6. Современная энциклопедия Аванта+. Музыка наших дней. Вед. ред. Д.М.Володохин. М.: Аванта+, 2002
7. В.В.Бондаренко, Ю.В.Дроздов. Энциклопедия популярной музыки. Минск, изд. центр Экономпресс, 2002.
8. http://works.tarefer.ru/59/100034/index.html
9. Қазақ музыкасы. Антология. 8-том (XX ғасырдағы 40-70 жазба дәстүрдегі қазақ музыкасы). Алматы: ҚазАқпарат, 2009 жыл.
10. Қазақ музыкасының антологиясы. 7-том. XX ғасырдағы ҰОС дейінгі қазақ музыкасы. Алматы: ҚазАқпарат, 2009 жыл.
11. Т.Қоңыратбай. Қазақ музыкасының тарихы. Алматы: Дәуір, 2011.
12. Пернебек Момынұлы. Қазақ музыкасының қысқаша тарихы. Қ.А.Йассауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік Университеті. Алматы-Шымкент: Ғасыр, Шымкент, 2007.
13. Қазақ өнерінің тарихы. 3-том, 1-ші кітап. Алматы: Өнер, 2006.
14. История казахского искусства: в 3-х томах. Том третий. Алматы: Арда, 2011.
15. Қазақ өнерінің тарихы. 3-том. Алматы: Арда, 2009.
16. Бұл да сонда.
17. Қазақ өнерінің тарихы. III-том, 2-кітап. XX ғасырдың екінші жартысы. Алматы: Өнер, 2009.
18. Бұл да сонда.
19. Бұл да сонда.
20. XX ғасыр: Қазақ мәдениеті, тілі мен өнері (ғылыми-теоретикалық конференция материалдары, Алматы: ҚазМӨҒ ЗИ, 2000жыл. 10-наурыз, 2000.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
1 XX ҒАСЫРДАҒЫ БАТЫС ЕУРОПА МУЗЫКАСЫ 6

1.1 XX ғасырдағы Батыс Еуропа музыкасы: өзгерістер
6
мен даму жолдары

2 XX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫ
12

2.1 XX ғасырдың басындағы қазақ музыкасы
12

2.2 Қазақстандағы кәсіби музыка өнерінің қалыптасуы мен дамуы 21

ҚОРЫТЫНДЫ
40

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
41

КІРІСПЕ

XX ғасырдың күрделі оқиғаларымен тығыз байланысты болып (яғни,
тарихи кезеңімен, оның саяси-әлеуметтік жағдайымен), қоғам өмірінің тынысын
музыкалық, поэтикалық тілмен баяндайды. Өнерде Кеңестік заманның
идеологиясына, оның күшті насихат құралына бейімделініп, дәуір сұранысына
сәйкес туындылар пайда болды. Мұнда ұлт музыкасының байырғы түрлері жаңа
идеялармен сомдалып, жаңа дәуірге үндес тақырыптармен мазмұндалды.
Қазақтың жиырма ғасырлық рухани дүниесінде – ауызекі әдебиетінде,
поэзиясында, музыкасында, қолөнерінде – халқымыздың даналығы мен
дарындылығы, өміршеңдігі мен кең пейілдігі, тектілігі мен парасаттылығы,
діні мен ділі кеңінен бейнеленген. Бұл ұлт құндылықтары Ұлы даланың ұлы
перзенттері Әбу Насыр әл-Фараби, Мұхамед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр,
әл Қыпшақи, Шоқан Уәлиханов, Әлкей Марғұлан, Мұхатр Әуезов, Ахмет
Жұбановтардың мұралары жан-жақты қарастырылды. Ал, жоғарыда аталған рухани
қазынамыздың ішінде музыка өнерінің мағынасы мен мазмұны ерекше. Сонау
байырғы дәуірдегі сарын, мақам, әуеннен нәр алған өнердің бұл саласы өз
тарихында әртүрлі кезеңдерден өтіп, ауызекі түрінде қалыптасып, өзінің қол
жетпес көркеюін, алтын ғасыр аталған XIX ғасырда тапты. Орыстың ғалымы,
түркітанушы Л.Н.Гумилевтің анықтауы бойынша бұл дәуірде қазақ халқы нағыз
көшпелілердің өркениетін орнатты. Өнердің әр саласында (ән, күй,
орындаушылықта) керемет классикалық мағынаға ие болған асыл тарландар, дара
кемеңгерлер дүниеге келді. Олар – Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет,
Естай, Біржан сал, Ақан сері, Мәди, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Алтынай,
Майра, дина және т.б.
Бұл өркендеген дәстүрлі музыка, оның талантты өкілдерінің
шығармашылығында, орындаушылық шеберлігінде халық музыкалық творчествосымен
өзектес болып, жаңа жазба өнердің, оның еуропалық жүйеге бет бұрысып,
кәсібиліктің жаңа түрін игеруде сарқылмас өзегін құрастырды.
Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi. XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарында
ұлттың дәстүрлі мәдениеті (оның ішінде поэтикалық, прозалық, музыка,
қолөнері мен орындаушылық өнері және т.б. түрлері) өзінің жалғасын тауып,
көркемдік құндылығы, кәсіби даму, жанрлық байлығы және стильдік өзіндік
ерекшелігі жағынан ең биік шыңына жетті. Ұлы даланың кең байтақ жерінде
аймақтық жағынан ерекшеленетін, бірақ біртұтас қазақтың музыкасын құрайтын
мектептер жалпы түрде қалыптасып, өз болмысын көрнекті өкілдерінің
шығармашылығында айқындады. Олар – Жетісу өңірінен классикалық мұра
қалдырған жыр алыбы Жамбыл, оның жолын қуушы дарабоз ақын, халық
композиторы Кенен, асқан дарын иелері Қалқа, Қапез, Бейсебай, Дәнеш;
оңтүстік жақтан Нартай, Құтбай; Арқаның ән мектебінен қазақтың ән
мәдениетін жаңа сатыға көтерген классик ақын Сәкен Сейфуллин, асқан сазгер,
халық композиторлары Естай Беркімбайұлы, Иса Байзақов, Мұхаметжан
Өтелбайұлы, Ахат Құдайбердиев, Ғали Дүйсеков, Манарбек Ержанов, Қосымжан
Бабақов. Батыс аймағының ән мәдениетін жаңа деңгейге көтерген Аманғали
Кенжеахметұлы, Ерғали Аязбаев, Сарышолақ Боранбайұлы, Қызыл Тұрдалыұлы. Ал
олармен туындылары, орындаушылығы сабақтас сазгер, ұстаз – Қазақстанның
халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиев болып келеді.
Ал, 30-шы жылдарынан бастап Батыс еуропа жанрларын жемісті түрде игеру
басталды. Осы кезеңнен бастап жаңа (социалистік) мәдениеттің көптеген
түрлері қалыптасты. Ол – ән-романстар, көпдауысты вокалдық туындылар,
балет, аспапты музыка. Ал ғасырлар бойы жеке домбырада, қыл-қобызда,
орындаушылықта, биік деңгейіне жеткен ұлттық өнер жаңа көркемдік,
көпдауыстылық, ұжымдық болмыстарына бағыт бұрды. Ұлт аспаптар оркестрінің
өзі де қайта жаңаруға (реконструкцияға) түсіп, өзінің орындаушылық шеңберін
кеңейтті. Осы жаңа мәдени құбылыстарды жүзеге асыру мақсатында арнайы
(консерваториялық) еуропаша білім алған мамандар белсенді, қарқынмен,
шабытпен іске кірісті. Олар Е.Брусиловский, А.Жұбанов, Л.Хамиди,
М.Төлебаев, С.Мұхамеджанов, Н.Тілендиев және т.б. болды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. XX ғасырдағы Батыс Еуропа музыкасы
тақырыбына еңбектерін арнаған зерттеушілердің оқулықтарына сүйене отырып,
қарастырдым. Бұл зерттеушілердің қатарына: Е.Л.Гуревичтің Западно-
европейская музыка в лицах и звуках: XVII – первоя половина XX века;
М.С.Друскин Вопросы современной музыки;
Зарубежная музыка XX века в материалах и документах1975. Ганс Эйслер –
Общественные основы современной музыки; М.С.Друскин О западно-европейской
музыке XX века; Д.В.Житомирский, О.Т.Льеонтьева, К.Г.Мяло Западный
музыкальный авангард после второй мировой войны еңбектері жатады.
XX ғасырдағы қазақ музыкасы жөнінде Т.Қоңыратбайдың Қазақ музыкасының
тарихы, Момынұлы Пернебектің Қазақ музыкасының қысқаша тарихы еңбектері
мен Мәдени мұра бағдарламасы бойынша жазылған еңбектерге сүйендім.
Зерттеу жұмысының нысаны: дәстүрлі қазақ музыкасының европалық кәсіби
музыкасын игеруі.
Зерттеу жұмысының пәні: XX ғасырдағы Батыс Еуропа музыкасы және оның
қазақ музыкасына әсері.
Зерттеудің жұмысының мақсаты мен міндеттері: XX ғасырдағы Батыс Еуропа
мен қазақ музыкасында болған өзгерістерді қарастыру. Қазақ музыкасында
алғаш рет классикалық үлгідегі музыканың пайда болуы, жазу үлгісіндегі
музыка.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- XX ғасырдағы Батыс Еуропа музыкасы: өзгерістер мен даму
жолдары;
- XX ғасырдың басындағы қазақ музыкасы;
- Қазақстандағы кәсіби музыка өнерінің қалыптасуы мен дамуы.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Курстық еңбектің негізгі жаңалығы-көтерген
тақырыптың маңыздылығымен және алға қойған мақсат-міндеттерінен туындайтын
типологиясы мен рәміздік белгі аспектісін қарастырып, оны жан-жақты
жүйелеп төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:
1. Батыс Европа мен қазақ музыкасының дамуын қарастыра отырып,
классикалық бағыттағы музыканың ұлттық музыкамен үйлесуі.
2. XX ғасырда болған өзгерістердің бастапқыда, батыс музыкасына,
кейіннен, қазақтың да музыкасына әсер етуін қарастырылуында.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.
1. XX ғасырдағы Батыс Европа музыкасының өзгеріске ұшырап, жаңа
бағыттардың қалыптасуы.
2. Ұлттық музыкамызда қалыптасқан дәстүрлілік пен европалық
классиканың үйлесімі.
3. Қалыптасқан жаңаша бағыттың дамуға мүмкіндігі мен халықтың
арасында тарауы.
Зерттеудің тәсілі мен әдістемелік негіздері.
Қорғауға алынған пікірлер мен тұжырымдарды дәлелдеу барысында
салыстырмалы және тарихи-синхронды, компоравистикалық талдау әдістері
қолданылды.
Курстың теориялық және тәжірибелік маңызы. XX ғасырдың күрделі
оқиғаларымен тығыз байланысты болып (яғни, тарихи кезеңімен, оның саяси-
әлеуметтік жағдайымен), қоғам өмірінің тынысын музыкалық, поэтикалық тілмен
баяндайды. Өнерде Кеңестік заманның идеологиясына, оның күшті насихат
құралына бейімделініп, дәуір сұранысына сәйкес туындылар пайда болды. Мұнда
ұлт музыкасының байырғы түрлері жаңа идеялармен сомдалып, жаңа дәуірге
үндес тақырыптармен мазмұндалды. Бұл келешекте қазақ музыкасына жаңа
музыкалық бағыттарды бойына сіңіруіне бастама кезең болды.
Курстық жұмыстың құрылымы.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстың жалпы көлемі 41 бет

1. XX ҒАСЫРДАҒЫ БАТЫС ЕУРОПА МУЗЫКАСЫ

1.1 XX ғасырдағы Батыс Еуропа музыкасы: өзгерістер мен даму
жолдары
XX ғасыр ұлы жаңалықтарға толы ғасыр! Революциялар мен дүниежүзілік
соғыстар қоғамдық санаға өз әсерін тигізіп, өнер мен мәдениетке жаңаша
өзгерістер алып келді. Музыка өнеріндегі бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі
классикалық музыкамен қатар жаңаша музыкалық бағыттар туындады. Музыка
мәдениетінің дамуына әсер еткен маңызды болған бірден-бір фактор –
техниканың ұлы жетістіктері. Радио, кино, грамзапись секілді пайда болған
жаңа өнімдер өнердің дамуы мен қоғамда кең тарауына зор мүмкіндіктер
туғызды.
Музыкалық өнердің эколюциясына эстетикалық ойдың интенсивті дамуы
елеулі ықпалын тигізген болатын. Еуропалық көркемдік интеллегенциясының
ақыл-ойдың билеушісінің біріне неміс философы Артур Шопенгауэр айналды.
Оның көзқарасы бойынша, әлем жеке индивидтің қарсы күресуге шамасы
жетпейтін бәріне өктемдігін жүргізетін әлемдік ерік-жігерден жаратылған.
Өзінің “Ерік және түсінік ретіндегі әлем еңбегінде Шопенгауэр музыканың
ерекше мағынасын басқа өнер түрлеріне қарағанда, өмірлік реалийлерден
мүмкіндігінше тәуелсіз екенін атап өтеді.
Кейіннен, тағы бір неміс философы Фридрих Ницшенің идеялары орасан зор
ықпалға ие болды. Шопенгауэрдің жеке индивидтің өмірге деген ерігі
құдіретті әлемдік ерік-жігерге дәрменсіздігіне қарсы Ницше, билікке
деген ерікті, яғни, тобырдан биік тұратын, ерекше таңдалған адамдарға ғана
тән ерікті атайды. Ницшенің басты жорамалдары - шығармашылық индивидуализм,
аристократтық қалаулылық, бейхабар тыңдарманға, оқырманға елемеушіліктің
кейіпкері ретінде қарапайым адамдарға тән сезімнен жұрдай жоғарғы адам
болып табылады.
Неміс эстетигі Эдмунд Гуссерльдің философиялық концепцияларына
объективтіліктен, ақиқаттың ғылыми танымынан асқақталған ішкі пайымдау
интуициялық культ тән. Ал, француздық ойшыл Анри Бергсон айналадағы дүниені
тек сананың бақылауынан босатылған стихиялық, құпиялық ұғыну жолы арқылы
түсінуге болады деп тұжырымдаған.
Осындай мағынадағы философиялық көзқарастар XIX ғасырдың соңы мен XX
ғасырдың басында пайда болған модернизмге жатқызатын әр түрлі көркемдік
ағымдардың пайда болуына ықпалын тигізді. Бұл термин француздың moderne
(жаңа, қазіргі замандық) сөзінен шыққан. Кейде XIX ғасырдың соңы мен XX
ғасыр өнеріндегі барлық бағыттарын декаденттік (француздың decadence –
құлдырау) деп атаған [1, 259-260].
Бұл кезеңдегі жаңа бағыттардың ішінен ең ықпалдысының біріне Францияда
пайда болған импрессионизм болды. Импрессионизм атауы әсер деген мағына
беретін француздың impression сөзінен шыққан. Музыка өнеріндегі бұл
бағыттың алғашқы жарқын өкілінің бірі Клод Дебюсси (1862-1918) болды.
Дебюссидің музыкалық стилі көбіне гармониялы тілдің (гармонический язык)
жаңалығымен ерекшеленді. Оның шығармаларында түпнұсқалы, дәстүрлі аккордтық
реттіліктен алшақтау үндестік пен үйлесімділік жиі кездеседі.
XX ғасырдың басында музыкалық өнер Германияда jugendstil (мюнхендік
Югенд журналының атауынан) немесе сецессион (латынның secessio -
кету) деген атауға ие болған бағыттар символистік поэзия мен көркем
суреттің елеулі ықпалымен сыналды. Осылай академиялық, дәстүрге айналған
бағыттарды қабылдамайтын Мюнхен, Вена, Берлиндегі суретшілердің
бірлестіктері аталды. Бұл бірлестіктердің қатарында болған суретшілерді
психологиялық нәзіктік, болмыстың сұлулығына сүйсіну, талғамды еліктіретін
жоғарғы (неземной) бейнелерден ләззаттануымен ерекшелендіреді. Бірінші
дүниежүзілік соғыстан бес-алты жыл алдында өнерді нәзіктік талғамдылықтан
шаңқиған дөрекілікке, үндескен дыбыстардан диссонанстарға, дөрекі тембрлік
қиыстыруларға (комбинация), өткір, қоздырғыш ырғақтарға бетбұрыс байқалды.
Алғаш рет Будапештте 1911 жылы ұсынылған Бел Бартоктың (1811-1945)
Варварлық аллегросы орасан зор резонансқа ие болды. Бұл музыканың жорта
жасалған дөрекілігі, шабуыл ретінде қабылдаған көрерменнің көпшілігін өзіне
тән айбынды күшімен мұқалтты.
Осы ғасырдың әр түрлі көркемдік бағыттарының арасынан айрықша
ерекшеленгені экспрессионизм болды. Экспрессионизм атауы бейнелеу,
білдіру деген мағына білдіретін латынның expression сөзінен шыққан.
Экспрессионизмнің отаны немістілді елдер – Австрия мен Германия болды,
алайда, кейіннен, шекарасы кеңейіп басқа да мемлекеттердің өнерлеріне
ықпалын тигізе бастады.
Музыкадағы экспрессионизмнің өкілдеріне жаңавеналық мектептің
композиторлары – Арнольд Шёнберг пен оның ізбасарлары – Альбан Берг пен
Антон Веберндердің шығармашылықтары жатады. Жаңавеналық атауы қайдан
шықты? Гайдн, Моцарт, Бетховендардың атағын шығарған XVIII ғасырда
Австрияда веналық классикалық мектеп қалыптасқан еді. Осылайша, Венада
қайтадан бір бағыттас композиторлардың тобы құрылды. Алайда, шығармаларында
көрсетілген бейнелер әлемі оларға тән ішкі және көркемдік құрылымдары мүлде
басқаша болды. Бұл жерде таңқалатындай нәрсе жоқ. Себебі, танымастай болып
өзгерген уақыт, оқиғалар, адамдар еді. Жаңа қоғамдық құрылыс басымдыққа
иеленіп, басқа философиялық көзқарастарды алып келген басқа дәуір басталды
[2, 162]. Дәл веналық композиторларының шығармашылықтарында әлемдік
қорқыныштардың, апаттардың ерекше, өткір күшпен көрініс табуы кездейсоқ
емес еді. Себебі, түгел Еуропаны шайқатып отырған қақтығыстар күйреу
шамасында тұрған Австро-Венгрияда шексіз түңілушілік пен абыржу сезімін
тудырып, ерекше өткірлікпен қабылданды. Арнольд Шёнберг (1874-1951) пен
оның шәкірттері өзінің шығармаларында адамдардың қажығандық пен
дәрменсіздіктен туындаған сәулесіз жұтаң көңіл, күйзелген, ашулы психикалық
эмоционалды күйлерін ашып көрсетуге тырысты. Шёнбергтің, Бергтің
шығармашылықтарында басымдылыққа сыртқы дүниеден жасырыну талпынысы, ащы
шындықты ұмытуға тырысу, адамның жүрегіндегі сырын, сұрапыл бейсаналығын
ішкі жан дүниесін ұғынуға, сезімдерді білдірудің жаңа жолдарын іздестіруге
итермеледі. Арнольд Шёнберг XX ғасыр өнерінде үлкен орын алған
дедакофония деп аталатын жаңа композиция техникасын жасаушысы болды. Бұл
термин гректің екі сөзінен шыққан: dodeka – он екі, phone – дыбыс, яғни,
он екі дыбыстық. Ешқандай тұрақты және тұрақсызға дифференциясыз,
біреулерінің екіншісіне ұмтылыс пен рұқсатынсыз хроматикалық қатардағы
барлық он екі түрлі тон тең болып есептеледі. Антон Веберннің (1883-1945)
музыкасына, әдетте, талғампаздық, асқақтық, нәзіктілік тән. Дарынды ақын
және суретші, композитордың жақын досы Х.Йоненің сөзіне Свет глаз
кантатасы тамаша жазылған. Кантатаның музыкалық мазмұны пуантилизм
техникасына тән көркем суреттермен байланыс тудырады. Бұл атау нүктемен
жазу деген мағына беретін француздың pointiller сөзінен шыққан. Музыкада
пуантилизм деп ноталар мен үндестіктер бір-бірінен тыныс арқылы
ажыратылатын ерекше техника композициясын атайды [3, 16-17].
Сонымен қатар, музыка өнерінде неоклассицизм, яғни жаңа классицизм
(гректің noes – жаңа және латынның classicus – үлгілі) деген атауын алған,
экспрессионизмге қарама-қайшы мүлде өзгеше бағыт дами бастады.
Неоклассицизм көркемдік бағыт ретінде XX ғасырдың 10-20 – жылдарында
қалыптасты. Өзіндік манифесті ретінде 1920 жылы жарияланған атақты итальян
композиторы, пианист, педагог және жазушы Ферруччо Бузонидің (1866-1924)
Жаңа классицизм деп аталған ашық хаты болды. Автор жаңа классицизм
ретінде бұрынғы тәжірибеде жеткен жетістіктерді дамыту, өркендету және
пайдалана отырып оларды тұрақты да әсем формада іске асыруды түсінді. Жаңа
өнердің жаратушыларына Бузони объективтіліктің анық рухына, стильдің
ынтымақатастығы мен полифониның ұлы шеберлерінің өсиеттеріне деген
беріктікке шақырды. Неоклассицизм экспрессионизмге қарама-қарсы бағыт
ретінде пайда болды. Экспрессионизмнің тым асқақ эмоционалдық тонусына
неоклассицизм сезімді көрсету мен күйзелістегі ерекше ұстамдылық пен
парасатты саралықты қарама-қарсы қойды. Бұл бағыттың өкілдеріне итальяндық
шеберлер Отторино Респеги (1819-1936) мен Альфредо Казелла (1819-1936),
неміс композиторлары Пауль Хиндемит (1895-1963) және Карл Орфты (1895-1892)
жатқызамыз [1, 272-273].
XX ғасырда ағылшын ұлттық мектебі атақты композитор, пианист және
дирижер Бенджамин Бриттеннің шығармашылығының арқасында әлемдік атаққа ие
болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Франция елінің де тыныштығын мен берекесін
бұзған болатын. Адамдардың көзқарастарының өзгеруі өнерге де әсерін
тигізді. Мәдени қайраткерлердің арасында антиромантизмдік және
антиимпрессионизмдік көзқарастар қалыптасты.
XX ғасырдың бірінші жартысының музыка өнеріндегі жарқын өкілдерінің
бірі Артюр Онеггер (1892-1955) болды. Бұл дарынды композитордың ерекшелігі
оның шығармаларының жоғарғы этикалық үнінде болды.
Екінші дүниежүзілік соғысты басынан өткізген композиторлардың өмірлері
мен тағдырлары әр түрлі қалыптасты. Біреулері соғыстың алдында қалыптасқан
жолды таңдаған болса, екіншілері, әсіресе, жастар бұрынғы қағидаларды
қабылдамай немесе түбірімен өзгерте отырып жаңа дыбыстық әлемдерді іздеуге
ұмтылды. Авангардизм музыка өнеріндегі жаңа тенденциядағы ынталы
аполлогеттер қарсыластарымен қақтығысып отырған тартысты жанжалдармен,
батыл ұмтылыстар мен өткір талқыланулардың қосталуымен пайда болды [4,
157].
Француздық avantgardisme сөзбе-сөз аударғанда алдыңғы отряд деген
мағына беретін avant-garde сөзінен шыққан. Бұл басқа терминдермен іспеттес
эстетикалық жүйелер, композиторлық техникалар, мектептер мен ағымдар
секілді әр түрлі бағыттағы ала-құла құбылыстардың конгломератын қамтитын
шартты ұғым. Әралуандығына қарамастан, авангардизмнің нышанына айналған
ортақ белгілері тез анықталды. Бұл жаңамен қатар, таңқалдыратындай
үйреншікті емес, айқын әдіс-тәсілдерді үздіксіз ізденіс болып табылады.
Батыл, кей кезде ақылға сыймайтындай көрінген тәжірибелер. Музыкалық өнерге
наразылық қатынас пайда болып, тіпті, бұрынғы жинақталған тәжірибені
түбегейлі қатынас үзуге дейінгі талпыныс. Жалпы музыка өнері туралы түсінік
мен оның ішкі мәні мен сыртқы реңін мүлдем өзгерту ұмтылысы қалыптасты.
Авангардизм үшін Арнольд Шёнбергтің ізбасары Антон Веберннің шығармашылығы
маңызды болды. Оның шығармаларының негізінде басым бөлігі жүйеленген
қайталанбайтын дыбыстардан таңдалған серия болып табылады. Авангардизмнің
қолдаушылары бұл ұстанымды музыканың барлық бағыттарына таратты. Олардың
шығармаларында композитормен таңдалған қайталанбайтын дыбыстардың қатары,
ритмикалық ұзақтық, динамикалық реңктер мен тебрлер негізге айналады.
Осылайша, сериалды деп аталған техника қалыптасты. Сериалықтың антиподы
ретінде алеаторика болды. Бұл термин ойын тасы, жеребе, кездейсоқ деген
мағынаға ие латынның alea сөзінен шыққан. Белгілі шамада алеаторика бұрынғы
дәуірлердегі орындаушылық өнердің импровизациялық сипатын жаңғыртып отырды.

Авангардизмнің басқа бағыттарының қалыптасуына қарқынды ғылыми-
техникалық прогресстің арқасында пайда болған магниттік жазбаның ойлап
табуы мен жетілдіруі, электрониканың жіті дамуы өз септігін тигізді. Бұндай
бағыттардың қатарына нақты (конретная) музыка жатады. Осы бағыттың
арнасында пайда болған шығармалардың негізгі материалы ретінде музыкалық
емес магниттік таспаға жазылған табиғи дыбыстар, яғни, судың тамшылауы,
поездың шуылы, құстардың дауысы, есіктің сықырығы, дем алу, айқай-шу және
т.б. Көбінесе, бұл дыбыстар дәстүрлі музыкалық аспаптар мен әншілік
дауыстардың дыбысы электроаппаратуралардың көмегімен жаңартылады. Нақты
музыканың үлгісіне Пьер Шеффер мен Пьер Анридің Симфония для одного
человека шығармасы айналды. Нақты музыкамен электронды-акустикалық және
дыбысшығаратын (звуковоспроизводящая аппаратура) аппаратураның көмегімен
шығарып орындалатын электрондық музыкамен жанасады. Ол кең ауқымды және
құрамына генераторлар, фильтрлер, модуляциялайтын құрылғылар электрондық
синтезаторлар, магнитофондар, күшейткіштер, динамикаларға бірігеді.
Сол кезеңнің композиторы қолдана алатын техника арсеналы кеңейе берді.
Бұл жағдай дыбыстық материалды өзі жасап, жөндеп, ерекше көркем тебрлерді
табуға мүмкіндік туғызды. Электрондық музыка тарихындағы маңызды факт
Карлхайнц Штокхаузен мен Херберт Эймерттің бастамасымен арнайы студияның
құрылуына хабардандырылған Кёльн (ГФР) радиостанция жанындағы ұйым болды.
Осы секілді студиялар Италияның Милан қаласында, Швейцарияның Гравезан
қаласында пайда болды. Шығармашылығы электрондық музыкамен байланысты
композиторлар қатарына – Лучано Берио (Италия), Двёрдь Лигетилер (Венгрия)
жатады. Содан кейін, дыбыстық материалды жасау мен шығарманың формаларын
жасауды компьютердің мойнына арту, яғни, белгілі шамада автоматтандыру
талпынысы ретінде электрондық музыканың бір түрі компьютерлік музыка
пайда болды. Сонымен қатар, осы ғасырда соноризм бағыты пайда болды. Бұл
шулы, қатты дауысты мағынасын беретін латынның sonorous сөзінен шыққан. Бұл
бағытта дыбысталу көркемдігі оның құрамынан, басқа дыбыстармен байланысынан
жоғары тұратын композициялық техникасы [5, 10-13].
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, классикалық музыкамен қатар, джаз,
рок секілді бұқаралық музыка пайда болып, тез қарқынды дами бастады. Бұл
бағыттағы музыка пайда болуына фольклорлық музыка негіз болған. Ағылшын,
шотландтық, ирландық халықтық балладаларының негізінде пайда болған кантри-
энд-вестерн мен афроамерикандық бағыт ритм-энд-блюздің қосылуынан рок-н-
ролл пайда болды. Рок бұл жастардың сұхбат құралы, қоғамның айнасы болып
табылады. Рок жастардың өзін көрсетуі үшін, үлкендерге қарсы келіспеушілік
пен қарсыласу, материалдық және моральдық құндылықтарды қайта қарауға деген
тәсіл болып табылады. Роктың қарқын дамуы қоғамдағы техникалық,
экономикалық, саяси және экономикалық дамуымен байланысты. Роктың дамуы 50-
жылдарға келеді [6, 8]. Рок ақ пен қара нәсілділерді біріктіре алған
музыкалық бағыт болып табылады. Кейіннен, роктың әр түрлі стильдері пайда
болды. Мысалға, глэм-рок, готикалық рок, гранж, мерси-бит, мод-рок, жаңа
толқын және т.б. [7,15]. Поп-музыка тыңдарманның басым бөлігіне өзінің
әсерін тигізетін құрал болып табылады. Қазіргі таңдағы бұқаралық музыка
алуан түрлі және біртекті емес. Көптеген музыканттарды поп-тауарға
айналдырған шоу-бизнес үстемдігі туды [8].
XX ғасырда жазылған көптеген шығармалар күрделі болып келеді. Бұндай
шығармаларды қабылдау үшін тыңдарманның жоғары музыкалық пен көркемдік
мәдениеттен түсінігі болғаны абзал. Тарихи кезеңдерде музыкалық өнер қандай
өзгерістерге енгенін, даму эволюциясымен танысып, әр түрлі музыкалық
бағыттар мен мектептер, стильдер мен композиция техникаларын зерттеу арқылы
ғана бұрынғы ғасырдың авторларының көкейін қандай мәселелер толғандырғанын,
қандай шыңға бағытталғанын, олардың шығармаларының мәнісін түсінуге болады.
Музыка өнері әр кезде дамып, жаңа бағыттар пайда болып, музыкалық қордың
құрамында қалады. Сондықтан, музыкалық өнерде пайда болған бізге дейінгі
барлық бағыттар қатар өмір сүреді және жойылып кетпейді.
Осылайша, XX ғасырда болған дүниежүзілік соғыстар, революциялар,
ғылыми-техникалық прогресс саясатқа, экономикаға, мәдениетке де өз әсерін
тигізді. Қоғамда жаңаша көзқарастар пайда болып, қоғамдық сана өзгере
бастады. Әсіресе, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін музыкада жаңа
бұқаралық музыканың (поп-музыка) пайда болуына әке мен бала, үлкен ұрпақ
мен жастардың арасындағы түсініспеушіліктер қалыптасуына септігін тигізді.
Осы музыка арқылы жастар өздерінің болмысын көрсетуге тырысып, музыка
өнеріне жаңа бағыт алып келді. Бұл бағыт жастарға орасан зор әсерін
тигізеді. Бұндай үрдіс музыканың нарықтағы тауар ретінде орын алуға
септігін тигізді.

2 XX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫ

2.1 XX ғасырдың басындағы қазақ музыкасы
XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарында ұлттың дәстүрлі мәдениеті (оның
ішінде поэтикалық, прозалық, музыка, қолөнері мен орындаушылық өнері және
т.б. түрлері) өзінің жалғасын тауып, көркемдік құндылығы, кәсіби даму,
жанрлық байлығы және стильдік өзіндік ерекшелігі жағынан ең биік шыңына
жетті. Ұлы даланың кең байтақ жерінде аймақтық жағынан ерекшеленетін, бірақ
біртұтас қазақтың музыкасын құрайтын мектептер жалпы түрде қалыптасып, өз
болмысын көрнекті өкілдерінің шығармашылығында айқындады. Олар – Жетісу
өңірінен классикалық мұра қалдырған жыр алыбы Жамбыл, оның жолын қуушы
дарабоз ақын, халық композиторы Кенен, асқан дарын иелері Қалқа, Қапез,
Бейсебай, Дәнеш; оңтүстік жақтан Нартай, Құтбай; Арқаның ән мектебінен
қазақтың ән мәдениетін жаңа сатыға көтерген классик ақын Сәкен Сейфуллин,
асқан сазгер, халық композиторлары Естай Беркімбайұлы, Иса Байзақов,
Мұхаметжан Өтелбайұлы, Ахат Құдайбердиев, Ғали Дүйсеков, Манарбек Ержанов,
Қосымжан Бабақов. Батыс аймағының ән мәдениетін жаңа деңгейге көтерген
Аманғали Кенжеахметұлы, Ерғали Аязбаев, Сарышолақ Боранбайұлы, Қызыл
Тұрдалыұлы. Ал олармен туындылары, орындаушылығы сабақтас сазгер, ұстаз –
Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиев болып келеді [9, 5б].
Көрнекті әрі сезімтал суреткер әрдайым өз заманындағы тарихи кезеңнің
жаршысы болғаны белгілі. Бұл тұрғыдан жыр алыбы, классик ақын, екі
заманның куәгері Жамбыл Жабаевтың (1846 – 1945) шығармашылық жолы мысал
бола алады. Атақты жырау, суырып салма айтыскер Жамбыл – теңдесі жоқ
поэтикалық дүниесінде, музыкалық туындыларында өз халқының көпғасырлық
мұрасын терең игеріп, ұлттың көркемдік дәстүрін асқар Алатаудың шыңына
көтерді. Өзінің сол таудан аққан сарқылмас бұлақтай өлеңдерінде туған
жерінің, елінің ой-арманын, тауқыметті тағдырын, бақытты болашағын,
есімдері аңызға айналған батыр ұлдарының ерліктерін паш етті. Жер жәннаты
Жетісу өңірінің ірі тұлғасы бола тұра, Жамбыл әрдайым өзінің ұстазы
Сүйінбай Аронұлынан (1815 – 1898) Менің пірім Сүйінбай, сөз сөйлемен
сыйынбай деп, талай-талай әйгілі айтыстарда жеңіп шыққан.
Халық ақыны ұлт мәдениетінде күрделі құбылыс болды. Сондықтан оның
поэтикалық туындыларын академик М.Әуезов, Ә.Тәжібаев, Б.Кенжебаев,
Н.Төреқұлов, С.Садырбаев, С.Бегалин, С.Қасқабасов және т.б.
әдебиеттанушылар ғылыми, тарихи, әдеби тұрғыдан жан-жақты зерттеді.
Ұлы жырау ерен қабілеттің иесі бола тұра, қазақ халқының эпикалық
мұрасын терең игерген.
Ж.Жабаевтың мұхиттай поэзиясы музыкалық мұрасымен біртұтас болып, оның
тұлғасын көркейте түседі. Ақынның термесін тұңғыш рет 1936 жылы ноталық
жазуға этномузыколог Б.Г. Ерзакович (1908 – 1997) хаттаған. Ол кезде
фольклоршы Қазақ радиосының музыкалық редакциясында қызмет еткен екен, сол
кезде Жамбылдың жасы 90-ға толыпты. Сол жылы Б.Г.Ерзакович Жәкеңнің
орындауында айтыс мақамын, дидактикалық Өсиет әнін, Жаз жырын, Ел едің
құт дарыған Есім-Салай деген туындыларын үнтаспаға түсіріпті. Жамбылдың
құдіретті дарыны Жетісу ән-күй мектебінен нәр алды. Оның музыкалық
туындылары жүрекке жылы, сұлу сазды, жанға тартымды, көңілді сипатта болып
келеді. Атаның қанымен, ананың сүтімен нәрленген шығармалар халық
творчествосының барлық жанрларын, түрлерін қамтиды. Олар – жоғарыда аталған
әндерге қосымша лирикалық Угай-ай, арнау әндері Жаныс ақынға,
патриоттық ән Туған елім, айтыс мақамдары, толғау-дастандары және 1943
жылы Отан соғысында қайтыс болған кенже ұлы Алғадайға арнаған жоқтау әні.
Жамбыл Жабаевтың өнері күйшілік дәстүрінде де кеңінен орын алған. Ол
өзінің бір өлеңінде былай депті:
Домбыраны қолыма,
Он жасымнан алғанмын.
Дәл жетпіске келгенше,
Күй тартудан танбадым!
Кенен Әзірбаев (1884 – 1976) өзіне тән дарынымен, гуманистік және
азаматтық көзқарасымен, Жамбылдың асыл мұрасын, дәстүрлі мектебін
жалғастыра келе, оны одан әрі ұшқыр тілімен, терең ойымен, сұлу сазымен
дамытып, идеялық және тақырыптық көркемдік тұрғысынан дамытып, идеялық және
тақырыптық көркемдік тұрғысынан жандандырған дара ақын, импровизатор, халық
композиторы және орындаушы, Қазақстанның халық ақыны (1961), еңбек сіңірген
қайраткері (1956).
Кенен әндері сүйкміді сазды, жүрекке жылы, лирикалы мәнерде айтылады.
Олардың ладтық жүйелері, құрылымдары, өлшемдік-ырғақтық жағынан сан қырлы,
ал сарын-мақамдары заман үрдісіне үндес, әуені мен мәтіндері біртұтас,
синкреттік үйлесімде болады. Ол жаңа дәуірдің тынысына жаңа әндерді –
Октябрь, Колхоз әні, Екпінділерге, Отан соғысы жылдары Біздің Отан
жеңеді, Жеңіс жылғы шаттық ән, халқымызжың бейбіт өмірін мадақтап, Бал
құйылды даладан, Мен сүйемін халқымды, Туған жер және т.б. шығарды.
Кенен шығармашылығы ұлттық сал-сері институтының бірден-бір ірі
саласын құрайды. Ол атақты нағыз халықтық өнер өкілдері сияқты еліміздің
эпостық дәстүрін жалғастырып, оны насихаттауға, дамытуға үлес қосты.
Жыршының репертуарында қырғыздың Манасы, батырлық эпостар Көрғұлы,
Ертөстік, Жалғыз қаз, Қырғызбай, Кенебай-Кербез, Алпамыс, лиро-
эпостық жырлар Қыз Жібек, Қозы Көрпеш – Баян Сұлу, Ләйлі-Мәжнүн орын
алды. Ал өз басы Әли батыр (1956) дастанының авторы. 1950-жылдардың
аяғында Мәскеуде өткен VII-халықаралық конгресте М.Әуезовтың жәрдемімен
К.Әзірбаев асқан шеберлікпен Қобыланды қиссасының күрделі эпизодтарын
домбыра сүйемелдеуімен орындап берді. Кененнің сан қырлы талантын домбырашы-
күйшілік өнері толықтырады. Ол Жетісу күйшілері Байсеркенің (Ұран, Көш
тоқтатқан), Бердібектің (Асау торы ат, Сұлу төр), Тілендінің (Аққу)
туындыларын орындаған, сонымен қатар өзі де бірнеше күйлер шығарған. Олар –
Құлақ күйі, Қызыл әскерге, Сарбарпы, Алып қара құс, Жаудан қашқан
өгіз, Ботаң қалды Қарқарау.
Арқа ән мәдениетінің көрнекті өкілдерінің бірі – Естай Беркімбайұлы
(1868–1946). Естайдың қайталанбас дарындылығы сал-сері институтының ең бір
қомақты бөлігін құрайды. Сал-серілердің дәстүрлерін жалғастырып,
туындыларында өзінің және шығармасының тарихын, аты-жөнін көрсетіп кеткен.
Ертістің арғы жағы Арғанаты,
Әншінің домбырасы қолғанаты.
Жағалап қара Ертісті Естай ақын,
Деп салғам Жайма қоңыр әннің аты.
Естай – асқан лирик. Өз туындыларында ол нәзік сезімталдықпен қыз-
келіншектердің сұлу бейнелерін ерекше шеберлікпен бейнелеген. Олар – Майда
қоңыр, Ақжалмаш, Назымгүл, Қаракөз, Еркем, Сандуғаш,
Гүлнәрайым, Ғашық және т.б.
Халық композиторының әндері кең тыныстылығымен, асқақтаған биік үнмен,
нәзік және сезімтал әуенмен, сұлу және жүрек қобылжытатын әуез
көркемділігімен сипатталады. Олар шексіз мелостық байлығымен әрі оның сан
алуан оралмдығымен терең әсер қалдырып, эмоциялық реңкке толы болып келеді.
Бұл тұрғыдан атақты Қорлан әні сөзсіз дәлел. Ол ән дүниесіндегі аса
көрнекті классикалық туынды. Мұнда Естай асыл арманы Қорланның мал
бергеннің жетегінде кеткені, жан-тәнімен сүйген ғашығына қосыла алмағыны
туралы зарлы жүректің сырын бачндайды. Ән баяу, екпінмен, ақырындап
жылжыған дыбыс қозғалысымен, әңгімелеу түрінде басталады.
Бір қыз бар Маралдыда Қорлығайын,
Табиғат берген екен күн мен айын.
Мұратқа іздеген жан бәрі жетпес,
Дариға арманым көп, не қылайын-ай!
Одан әрі дыбыс көлемі кеңи бастайды, әуен ерекше күш-құштарлықпен
дамып, ыза-дәрменсіздікті бейнелейтін интонацияларға ауысады. Оның
қайырмасы – тағы да биікке шалқып, кульминацияға жетеді. Мұнда Өзіндей боп
жан тумас, Туса туар артылмас дей келе, автор трагикалық үнмен аяқтайды.
Естай Беркімбайұлы сан қырлы дарынымен туған халқының ардақты
перзенті болып, қошеметке бөленді. Ол – Қазақстан Композиторлар одағының
тұңғыш мүшесі (1939), ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1939).
Кең байтақ қазақ даласының көпғасырлы дәстүрлі музыкасының қомақты әрі
бай саласы – Батыс өнерінің ән мен күй мәдениеті. Ол өзінің тақырыптық,
жанрлық, стильдік, орындаушылық өзгешелігімен ерекшеленеді. Мұнда эпикалық
мәнерде құрылған, кәсіби түрдегі жыршылық өнері музыкалық-поэтикалық
фольклорда канондық (тұрақты) орын алған, сонымен қатар халық және авторлық
шығармашылықтың дамуына елеулі ықпалын тигізген. Батыс өңірінің әндері
көбінесе терме, желдірме, толғау түрінде болады, олар екпінді, жылдам
ырғақтармен безендіріліп, ал мелостық иірімдері жалынды, жігерлі, қажырлы,
эмоциялық қызумен үнделеді. Батыс Қазақстанның ән мәдениеті өзінің жанрлық
байлығымен сипатталады.Ол ғұрыптық, тұрмыстық фольклордың көптеген түрлері,
қара өлең, күлдіргі өлең, қоңыр ән, мәтөк әндер, ғашықтық әндер болып
жүйеленеді. Осы аталған және басқа да бұл өлкенің дәстүрлі музыкасын
насихаттап, кең концерттік сахнаға шығарып, оларды жаңашыл тәсілмен
көркейткен ҚазКСР-нің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ғарифолла
Құрманғалиевтің еңбегі зор.
Әнші 1965 жылы Республикалық эстрада-цирк өнері студиясында батыс
әншілік мектебінің класын ашып, осы оқу орнында 1985 жылға дейін ұстаздық
етеді. Ғарифолла Құрманғалиев өмірінің соңына кезеңіне дейін Абай атындағы
Қазақтың опера және балет театрында қызмет атқарды. Әнші Елемес, Шеге,
Сақан, Молда (Е.Брусиловскийдің Жалбыр, Қыз Жібек, Ер Тарғын,
Дударайда), Естай (М.Төлебаевтың Біржан-Сарасында), Нарымбет (А.Жұбанов
пен Л.Хамидидің Абайында), Тито (З.П.Палиашвилидің Даисиінде), Трике
(П.К.Чайковскийдің Евгений Онегинінде) т.б. бейнелерін шебер сомдап,
партияларын кемеліне келтіріп орындады.
Батыс өңірінің дәстүрлі ән өнерін концерттік репертуарына енгізуімен
қатар, өзі де осы мәнерде көптеген әндер шығарды. Олар Ақ Жайық, Сүйген
жар, Нұржамал, Жан еркем, Сүйемін туған өлкемді, Аққу, Кел,
құрбым, Алтын аймақ, Құдайым қызды маған үйіп берген, Әнші даусы
т.б. [10,9-21бб].
Бұл кезенде қазақ музыкасы кәсіби сипатқа ие бола қойған жоқ болатын.
Халық әндерінен бөлек 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған
әндер белгілі. Аттан, Тұр да, сілкін секілді өршіл әндердің барлығы
дерлік Амангелді бастаған көтеріліске қатысты болды.
20-жылдары қазақ баспасөзінің бетінде музыка өнеріне байланысты
жекеленген мақалалар жарияланды. Оларда А. Затаевич бастамасы, қазақ әндері
мен күйлеріне қатысты ойлар айтылды. Қазақстанның орталық, солтүстік
аймақтарында орыс мәдениетінің әсерімен хор үйірмелері жұмыс жасады.
Осы кезеңде А. В. Затаевич өз еркімен қазақ және қырғыз халықтарының
музыкасын жинау ісімен айналысты. Кең байтақ қазақ даласын жаяу аралаған
этнограф мыңнан астам ән-күй үлгілерін жазып алған. Оларды бірде қазақтың
көрнекті түлғаларынан, бірде Орынбор, Қызылорда халық ағарту институтының
тыңдаушыларынан, бірде ел арасынан шыққан талант иелері мен қарапайым
халықтың аузынан жазып алған.
А. В. Затаевич - Орталық Азия мен Еуропаға мәлім көрнекті музыка
жинаушысы, композитор. Ол қазақ және қырғыз халықтарының музыкалық
мәдениетін жинап, жарыққа шығарған үлкен ағартушы.
А. В. Затаевич 1869 жылы Орлов облысында дүниеге келген. Оның балалық шағы
Ресейде өтеді. 1886 жылы Орловтағы Бахтин әскери гимназиясын аяқтап,
Варшавадағы "Варшавский дневник" атты газеттің музыка және театр бөлімін
басқарады. Сонымен қатар, Варшава консерваториясының бақылау кеңесінің
жұмысына да қатысып отырған. 1904-1915 жылдар арасында А. Затавичтің
көптеген мақалалары жарык көріп, ол көбіне музыка сын-шысы ретінде
танылады. Э. Розенов, М. Балакирев, С. Танеев, К. Станиславский, т.б. өнер
кайраткерлерімен тығыз байланыста болған А. Затаевич 1915 жылы Ресейге
оралып, 1920 жылы Қазақ АССР-нің сол жылдарғы орталығы Орынборға келеді.
Осы кезеңнен бастап қазақ халқының музыкалык фольклоры - ән-күйлерін нота
жазуына түсіру ісімен шүғылданады. Оның Қазақстанның барлық аймақтарынан
жинаған Қазақ халқының 1000 әні (1925, 1963), Қазақтың 500 ән-күйі
(1931, 2002) атты музыкалық-этнографиялық жинақтары кезінде жақсы
қабылданған.
А. Затаевич түңғыш рет халық әндерін барынша мол көлемде жинап, нотаға
түсіріп, жарыққа шығарған этнограф. Сол сияқты халықтық кәсіби-домбыра
өнерінің көрнекті түлғалары – Құрманғазы, Дәулеткерей, тағы басқалардың
шығармаларын да алғаш жазып алған осы А. Затаевич болатын. Аталған
музыкалык-этнографиялық жинақтардың соңынан берілген түсініктемелерде А.
Затаевичтің тарихи-музыкалық танымы мен мәдени-музыкалық көзкарастары анық
байқалады. Әсіресе Құрманғазы туралы пікірлері, Біржан, Жаяу Мұса секілді
талант иелеріне қатысты деректері арнайы зерттеуді қажет етеді.
Әрине, бұл жинақтардың кемшілігі де жоқ емес. Соның бастысы – халық
әндерінің әдеби мәтінсіз жариялануында. Соның салдарынан Қазақ халқының
1000 әні жинағына енген халық әндерінің басым көпшілігі фольклорлық-
этнографиялык мұра ретінде ғана аталып жүр. Бұл кемшілік жинақтың екінші
басылымында мүмкіндігінше жөнделген еді. Академия қорында А. Затаевич
жинаған халық әндерінің әлі де жарық көрмеген үлгілері аз емес. Ол қырғыз
халқының 250 аспаптық пьесаларын да жинап, бастырған.
А. Затаевичтің келесі бір қыры – композиторлығы. Жиырмасыншы жылдары
фортепианоға арнап бір топ шығармалар жазған автор, одан бергі жерде шағын
миниатюралар жинағын бірнеше рет бастырған. Оның көркем шығармалары
сексенінші жылдары қайта жарық көрді. Солардың қатарында фортепиано
аспабына лайықталып өңделген көптеген халық әндері де бар.
Әрине, А. Затаевич кәсіби композитор емес. Сол себепті ірі көркем
шығармалар жазбаған. Оның есесіне А. Затаевич жинаған фольклорлық мұраларды
кезінде С. Прокофьев, т.б. ірі композиторлар қолданып, күрделі
шығармаларына арқау еткен.
А. В.Затаевич – қазақ музыкалық этнографиясының негізін қалаушы әрі
зерттеушісі. Оның материалдарын қазақтың көрнекті композиторлары – Е.
Брусиловский, А. Жұбанов, Д. Мацуцин, М. Төлебаевта өз шығармаларында
кеңінен қолданды. Оның фольклорлық-этнографиялық шығармашылығы туралы
кезінде А. Жұбанов, Б. Ерзакович, Б. Ғизатов және басқа да музыка
зерттеушілері арнайы мақала, зерттеулер жазды.
А. В. Затаевич халық ән-күйлерін ел арасынан шыққан талант иелерінен
жазып алған. Онын корреспонденттерінің қатарында белгілі ақын, жазушы,
ғалым және қоғам қайраткерлері де болды. Мысалы, этнографтың екі музыкалық-
этнографиялық жинақтарындағы корреспонденттер саны бес жүзден асады. Олар
Қазақстанның барлық аймақтарынан, атап айтар болсақ, Орынбор, Қостанай,
Ақмола, Адай, Бөкей, Орал, Ақтөбе, Семей, Торғай, Түркістан уезі мен
губернияларының түрғындары болатын. А. Затаевич осы жұмысы барысында қазақ
халқының бетке ұстар түлғаларымен де, өнер иелерімен де, қарапайым ел
адамдарымен де жүздесіп, олардың аузынан көптеген ән-күйлер жазып алған.
Солардың санатында XX ғасырдың бас кезінде бой көрсете бастаған С.
Сәдуақасов, Б. Қаратаев, Г. Мурзин, Қ. Айнабеков, М. Сералин, Б. Күлеев, С.
Есова, М. Саматов, А. Оразбаева, О. Жандосов, М. Қойайдаров, С. Сейфуллин,
Б. Майлин, Е. Өмірзаков, Т. Жүргенов, И. Байзаков, Ә. Жангелдин, Қ.
Сәтпаев, С. Мұқанов және басқа да есімдерді атауға болады. Осының өзі А.
Затаевич жинақтарына енген ән-күйлердің кездейсоқ кісілерден емес, ұлт
жанашырларынан, қазақ мәдениетінің көрнекті түлғаларынан жазылып алынғанын
аңғартады.
А. Затаевич корреспонденттері мұнымен шектелмейді. Халык музыкасының
жанашыры ретінде ол қазақ даласын қара жаяу жүріп аралап, әр аймаққа тән
көркем шығармаларды сол жерлердің тұрғылықты иелерінің де аузынан жазып
алған. Бұл реттен оған қол ұшын берген талант иелерінің бір шоғыры мыналар:
И. Абдыханов, С. Алманов, А. Бегишев, К. Бүркітов, Г. Бөкейханов, X.
Бөкейханов, Ф. Ғалиев, Е. Жұмағалиев, М. Жылкыайдаров, С. Қалжанов, 3.
Кәрібаев, М. Қаратаев, Е. Құрманов, А. Құлымбетов, Н. Манаев, Р. Макатов,
А. Болдыбаев, Г. Мұхитов, А. Наурызбаев, С. Найманбаев, X. Мукин, Г.
Медетов, Д. Сәрсенбаев, И. Сабыров, А. Өтекин, К. Оразалиев, Н. Шаншалиева
және т.б. Бұлардың басым көпшілігі халық әндерін орындаса, Г. Медетов, К.
Әкімғалиев, Г. Бөкейханов секілді өнерпаздар халық композиторларының
күйлерін жеткізген.
А. Затаевичтің назарына Қобыланды, Көрүғлы секілді шағын жыр
үлгілері түссе де, қазақ халқының музыкалық-эпикалық дәстүрі, әсіресе, Сыр
бойы мен Атырау өлкесіне тән жыраулық дәстүр іліге қоймаған секілді.
Айталық, оған Сыр бойында жиырмасыншы жылдары атағы шыққан Кете Жүсіп,
Қаңлы Жүсіп, Даңмұрын, тағы басқалардың жыр-термелерін жеткізген бірде-бір
корреспондент болмаған. А.Затаевичтің өзі де көбіне әншілік және күйшілік
мұрамен шектелген секілді. Оның корреспонденттері жеткізген түрлі
мәліметтердің халық күйлерінің варианттық ерекшеліктерін анықтауға кызмет
етері анық. Сонымен бірге бұл деректерден халық ән-күйлерінің авторы,
орындалу ерекшеліктері туралы да құнды мағлұматтар табуға болады.
А. Затаевич жазып алған ән-күйлер санатында эстетикалық қуатымен
әлдилейтін әсем әндер де, ерлік, батырлык рухымен әйгіленетін эпикалық
жырлар да, тарихи-этникалық болмысымен дараланатын этнонимдік түлғадағы
туындылар да көптеп кездеседі.
А. В. Затаевич жинап, нотаға түсіріп бастырған музыкалық-этнографиялық
жинақтардың бірі – Қазақтың 500 ән-күйі. Бұл басылымға Адай, Бөкей, Семей
және Орал аймақтарынан жазы-ып алынған күйлер мен әндер, аздап терме,
толғау үлгілері енген. Жинақтың алғы сөзі мен 403 ескертпелерін жазған –
А.Затаевич. Бұл этнографиялық жинаққа барлығы 400-ден аса әндер, 100-ге
тарта күйлер енген. Олардың қатарында қазақ халқының тарихына құрылған Ел
айрылған, Асан Қайғы, Қалмақтың қара жорғасы, Кенесарының Көк
балағы, Шора, Жошы, Көрүғлы, қазақ-түрікмен байланысына негізделген
Үлкен айқай, Көкек (Еділ бақсы) күйлерін атауға болады. Сонымен қатар,
А. Затаевич Құрманғазы (Ойбай, балам, Ақсак киік, Серпер, Кісен
ашқан), Дәулеткерей (Салық өлген, Қоңыр екі ішек, Қоңыр, Керілме,
Ващенко), Түркеш (Байжұма), Тәттімбет (Былқылдақ), Жантөре
(Шалқыма), т.б. халық күйшілерінің шығармаларын да алғаш нотаға түсірген.
Жинақта Ақан серінің Құлагер, Сәулем-ай, Мақпал, Біржан салдың
Жанбота, Жамбас сипар, Естайдың Хұсни Қорлан, Назымкүл, Жаяу
Мүсаның Қатын өлгенде, Майраның бірқатар әндері де қамтылған. Кейбір
әндер Балуан Шолақ, Иманжүсіп, Шөже, Шаһкерім, Мүхит есімдерімен аталса,
Гауһартас, Телқоңыр, Аққұм, Әпиөк, Екі қурай (Балқурай),
Жайдарман – халық қазынасы ретінде берілген. А. Затаевичке бұл
шығармаларды жеткізген корреспонденттер қатарында Ғ. Мүхитов, Ә. Қашаубаев,
Н. Бөкейханов, Қ. Сәтбаев, М. Бөкейханов, М. Шамсуддинова, Ж. Шанин, Н.
Майшекин, Қ. Байжанов, I. Жансүгіров, Ә. Марғүлан, Б. Нұрмақова, Ж.
Лекеров, Ғ. Айтбаев, Ә. Ғайсин, М. Әбсалықов, т.б. әдебиет және мәдениет
қайраткерлерінің есімдері бар.
Бұл басылымның екінші жинақтан өзгешелігі – белгілі халық күйшілерінің
ел арасына тараған шығармаларына басымдау орын берілуінде. Әсіресе, жоңғар
шапқыншылығын суреттейтін күйлердің тарихи-танымдық табиғаты аса құнды. Бүл
туындылар әлі күнге ғылыми тұрғыдан зерттеліп, танымдық деңгейде
зерделенген емес. Сол сияқты хандық дәуір тұсында туған күйлердін де
ладтық, интонациялық, ырғақтық құрылымы аса маңызды. Сол шығармаларды
талдау арқылы қазақ күй өнеріне тән үн-әуендердің түп-тегін анықтауға
болады. Олар – қазақ халқының музыкалық лексикасына анықтық енгізетін
туындылар.
Осы кезге дейін Қазақтың 500 ән-күйі басылымы туралы А. Жұбановтан
бастап көптеген музыка зерттеушілер жақсы лебіздер қалдырған болса, 2002
жылғы басылымға жазған алғы сөзінде И. Қожабеков те жинақтың этнографиялық
маңызына кеңінен тоқталыпты. Соның бәрі бүұл басылымның маңызын айқындайды.
А. Затаевич эпикалық жырлардың қай аймақта кеңірек дамып, таралғанын
анықтауды мақсат тұтпаса да, Қазак халқының 1000 әні жинағы бұл жанрлағы
шығармалардан да кұралақан емес. Қобыланды (№ 443), Көрұғлы (№526, 796)
жырларының үзінділері, жеке жырау-жыршылардын орындауынан жазылып алынған
өзге де шағын мақам үлгілері (№ 572, 790, 800, 863, 877) аракідік кездесіп
отырады. Толық болмаса да, бүл шығармалардың эпикалық үрдіске тән кейбір
мақамдық ерекшеліктерін аңғаруға болады. Соның бастысы – екінші басқыштағы
дыбыстың төмендеуіне құрылған фригиялық, алтыншы басқыштың жоғарылауына
негізделген дориялық мақамдар. Осы сипатқа жыр үлгілерінің дәстүрлі
речитативтік қүрылымын да қосамыз.
Жинақтағы этногеографиялық атауларға негізделген шығармалардың
ментальдік маңызы да айрықша. Біз оларды тарихи топонимдер – Атырау (№
374), Нарындық ән (№ 375), Сарыарқа (№ 728), оронимдер – Қаратау (№
902), Боғда (№ 324), Көкшетау (№ 1000), гидронимдер – Жайық (№ 382),
Еділ бойы (№ 805), Сары өзен (№ 921) деп жіктеген болар едік. Осы
салаға Елім-ай (№ 444, 493, 714), Қайран, елім (№ 556), Сағындым
елімді (№ 774) әндерін де қосуға болады.
Бұл шығармалар бірде көңілді (№ 336, 728, 902), бірде мұңды (№ 324,
444, 510, 556, 774, 805), бірде аралас (№ 328, 468) мақамдық жүйеге
құрылған болса, олардың жалпыхалықтық сипаты қайсы, жергілікті ерекшелігі
неде деген мәселе анықтауды кажет етеді. Бір анығы, бұл әндердің басым
көпшілігі фригиялық мұңды мақамдарға негізделген. Оны әндердің үлттық
сипаты, болмаса аймактық болмысы ретінде тану үшін де арнайы зерттеулердің
қажет болары анық.
Біздің назарымызды аударған келесі бір мәселе - этнонимдік арқауы бар
әндердің этникалық болмысы. Қазақ халқының музыкалык мәдениетіне тән
ментальдік ерекшеліктерді анықтау ретінен бүл бағыттағы шығармалардың
маңызы айрықша зор. Олардың қатарына Аймауыт, Найман, Тобықты
Сүлеймен, Арғын-қыпшақ, Арғын руының екі әні, Әлім, Қожа руының екі
әншісі деген шығармаларды жатқызуға болады. Осы секілді туындылардың
болмыс-бітімін саралау арқылы музыкалық этнология ғылымына өріс ашып,
ұлттық мәдениетіміздің этникалық арналарын анықтаудың да кезегі келіп отыр.
Бұл, қазақ диалектологиясы саласында естіліп жүрген кейбір каңқу сөздердей,
қазақ мәдениетінің тұтастығына нұқсан келтіру емес, керісінше, оның
генезисін құраған ру-тайпалардың тектестігін анықтау үшін қажет нәрсе.
Батыста әбден орныққан, бірде антикалық, бірде ежелгі грек, бірде
халык, тағы бірде монодиялық ладтар аталып жүрген йониялык, миксолидиялық,
лидиялық, эолиялық, дориялык, фригиялық және локриялық мақамдардың басым
көпшілігінің этнонимдік сипаты болса, қазақ музыкасының мақамдық
ерекшеліктерін осы негізде саралаудың несі артық?
Бір қызығы, жоғарыда аталған антикалық дәуір мақамдарына тән
ерекшеліктер қазақ әндерінің қүрылымына да ортақ. Мысалы, Қыпшақ, Қожа
руының екі әншісі - миксолидиялық, Қара балық, Аймауыт - фригиялық,
Алтай - дориялық мақамдарға қүрылған. Олай болса, ежелгі грек
мақамдарының этникалық сипатымен қатар тарихи тегін де, қазақ әндерінің
мақамдык жүйесімен ұқсатығын да тексеру қажеттігі туады.
Арғы жердегі көрнекті ғүламалар арқауын тартқан мақам туралы ілімнің
шығыс Ренессансы дәуірінде қайта жаңғыруы тегін болмаса керек. Егер біз
Фарабиді Аристотельдің шәкірті, екінші ұстаз санап жүрген болсақ, антикалық
дәуір мен орта ғасыр мәдениетіндегі бүл сабақтастықтың сыры неде? Оны
генетикалық тектестік дейміз бе, әлде типологиялық ұқсастық деңгейінде сөз
етеміз бе? Бұл, сөз жоқ, арнайы ізденістерді қажет ететін күрделі мәселе.
Бұл мәселенің бір ұшы термин табиғатына барып тіреледі. Антикалық
ладтарға сай мақамдық қүрылымдар ортағасырлық Мәуереннаһр жағдайында да
туып, олардың өзіндік атаулары қалыптасқан болса, қазақ музыкасы үшін
ежелгі грек емес, түркі тілдес халықтар мәдениетінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазушы тілі және оның көркемдік әлемі
Антикалық дәуір музыкасы. қайта өрлеу дәуіріндегі музыкасы. 18-ғасырдағы музыка
Шетелдерде балалар музыкалық тәрбиесінің дамуындағы негізгі бағыттар мен беталысы (тенденциялары) (Австрия, Венгрия, Болгария, Германия, Жапония, АҚШ және т.б)
Әдебиеті және музыкасы
Қала, қолөнер және сауда
Орта ғасырлардағы музыка өнері. Хандық дәуір музыкасы
Ұлы жібек жолы жайында
Британ кітапханасы
Араб және мұсылман елдерінің өнері
БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
Пәндер