Қаржы саясаты жайлы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Қаржы саясатының мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2Қаржы саясатының типтері, міндеттері мен қағидалары ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..7
3 Қаржы механизмініңмәні мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Қаржы саясаты өзіне бюджет, ақша, кредит, салық, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегінде, мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Осы бес бағыттың жиынтығы мемлекеттік саясатты жүргізудің негізгі құралы болып табылатын қаржы саясатын анықтайды.
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының елбасына жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды.
Қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасынан тұрады.
Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегияны білдіретін, болашаққа есептелген ұзақ мерзімді қаржылық саясат курсы. Қаржы стратегиясының жасалу барысында оның негізгі бағыттары болжамды, қаржыны қолдану ұйымдастыру қағидалары белгіленеді, экономикалық саясат арқылы жасалған және қабылданған экономикалық даму бағыттарындағы қаржы ресурстарының қажетті шоғырлануы туралы мәселелер шешіледі.
Қаржы тактикасы ел дамуының белгілі бір кезеңіндегі міндеттерінің шешімі және осы дамуды қаржы саясатының міндеттерін шешуге бағытталған қаржылық қатынастарды ұйымдастыру әдістерін дер кезінде өзгерту жолымен қамтамасыз ету. Қаржы тактикасы экономикалық жағдайлар және әлеуметтік факторлар қозғалысымен анықталатындықтан, икемдірек болады.
Қаржы саясатын экономикалық қатынастар тудырады, өйткені қоғам қаржылық саясатын жасауда ерікті емес, ол өзінің мүмкіндіктеріне объективті шындықтың шарттарына сүйенеді. Қаржы қатынастарының дамуының өзінің айрықша заңдары болады. Қаржының логикасы дамуға өзара кері ықпал жасай алады, экономиканы тездетеді немесе оған кедергі жасайды.
Қаржы механизмі-экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастыру, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын қамтиды.
Қаржы механизмін қалыптастыра отырып, мемлекет сол бір кезеңнің қаржы саясаты талаптарына оның толығырақ сәйкестігін қамтамасыз етуге тырысады. Бұл саясаттың мақсатары мен міндеттерін толық жүзеге асырудың кепілі болып табылады.
1 Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: оқулық. – Алматы, 2005 – 552 б.
2 Мельников В. Д., Ли В. Финансы. Учебник. Алматы, 2005ж.
3Сахариев С.С. Финансы: учебник – Алматы, Юридическая литература, 2004ж.
4Финансы: учебник для вузов / под ред. Романовского М.В. – Москва: Перспектива, 2000ж.
5Саясат: ақпаратты-аналитикалық журнал, 2002 – 2005ж.
6 Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007.
7 Құлпыбаев С.К., Баязитова Ш. «Қаржы теориясы» Оқу құралы-Алматы: Мерей, 2002

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Қаржы саясатының мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2 Қаржы саясатының типтері, міндеттері мен қағидалары ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..7
3 Қаржы механизмінің мәні мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

Кіріспе

Қаржы саясаты өзіне бюджет, ақша, кредит, салық, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегінде, мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Осы бес бағыттың жиынтығы мемлекеттік саясатты жүргізудің негізгі құралы болып табылатын қаржы саясатын анықтайды.
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының елбасына жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды.
Қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасынан тұрады.
Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегияны білдіретін, болашаққа есептелген ұзақ мерзімді қаржылық саясат курсы. Қаржы стратегиясының жасалу барысында оның негізгі бағыттары болжамды, қаржыны қолдану ұйымдастыру қағидалары белгіленеді, экономикалық саясат арқылы жасалған және қабылданған экономикалық даму бағыттарындағы қаржы ресурстарының қажетті шоғырлануы туралы мәселелер шешіледі.
Қаржы тактикасы ел дамуының белгілі бір кезеңіндегі міндеттерінің шешімі және осы дамуды қаржы саясатының міндеттерін шешуге бағытталған қаржылық қатынастарды ұйымдастыру әдістерін дер кезінде өзгерту жолымен қамтамасыз ету. Қаржы тактикасы экономикалық жағдайлар және әлеуметтік факторлар қозғалысымен анықталатындықтан, икемдірек болады.
Қаржы саясатын экономикалық қатынастар тудырады, өйткені қоғам қаржылық саясатын жасауда ерікті емес, ол өзінің мүмкіндіктеріне объективті шындықтың шарттарына сүйенеді. Қаржы қатынастарының дамуының өзінің айрықша заңдары болады. Қаржының логикасы дамуға өзара кері ықпал жасай алады, экономиканы тездетеді немесе оған кедергі жасайды.
Қаржы механизмі-экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастыру, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын қамтиды.
Қаржы механизмін қалыптастыра отырып, мемлекет сол бір кезеңнің қаржы саясаты талаптарына оның толығырақ сәйкестігін қамтамасыз етуге тырысады. Бұл саясаттың мақсатары мен міндеттерін толық жүзеге асырудың кепілі болып табылады.

1 Қаржы саясатының мәні мен мазмұны

Қаржы саясаты - бұл мемлекеттің қаржы аясындағы міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру үшін жүргізілетін шараларының жиынтығы. Қаржы саясаты экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады.
Қаржы саясаты экономикалық заңдарының талаптарының негізінде қалыптасады. Нақты өмірде қаржы саясаты қаржы механизмі арқылы жүзеге асырылады. Қаржы механизмі қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің, нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады.
Қаржы саясатының мақсаты - қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қаржы ресурстарын қанағаттандыру болып табылады.
Қәзіргі кезде қаржы саясатын жүзеге асыру барысында шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
-әлеуметтік жағдайдың жақсаруы;-мемлекеттік қаржылардық ұлғаюы;
-ақша тауар ағындарында тепе-теңдікке қол жеткізу;
-басқа заңсыз бағыттарға қаржылардың жұмсалуына жол бермеу;
-банк жүйесінің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету;
-өндірісте тұрақтылықтың қамтамасыз етілуі.
Мемлекеттің қаржы саясаты дегеніміз бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі міндеттерін шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі.
Қаржылық саясатқа бюджеттік, ақша, несие, баға және кедендік саясаттар жатады. Осыған сәйкес қаржы саясаты қосалқы рөлді атқара отырып, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүргізудің негізгі құралы болып табылады. Бюджеттік саясат Бюджетте жинақталған ІЖӨ бір бөлігін, бюджеттің шығыс бөлігінің қалыптасуын, әр түрлі деңгейлі бюджеттер арасында қаржылардың бөлістірілуін қарастырады. Бюджет дегеніміз - мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған ақша қорларының қозғалысын көрсететін заңды түрде бекітілген құжат.
Қаржы саясаты қаржы ресурстарын шоғырландыруға және зәру міндеттерді шешуге бағытталған, тап осы мемлекеттің қоғамдық өндіріске ықпал етуіне мүмкіндік жасайды. Экономика мен қоғамның әлеуметтік дамуына қаржы саясатының ықпал жасауы қаржы саясатының ғылыми негізделген теориясы негізінде жүзеге асуын талап етеді тек ғылыми көзқарас, саясатты анықтайтын барлық факторларды біліп, зерделеу оның салыстырмалы дербестігінің объективті экономикалық қатынастар тәуелділігіне ұласпауының кепілі. Экономикалық дамудың тәжірибесі қаржы саясатының экономикадан қол үзуінің қатаң экономикалық қиыншылықтарға ұрындыратынын, қоғамдық дамудың міндеттерін іске асыруды сөзсіз тоқтататынын дәлелдейді.

Қаржы саясатының негізгі бөлігінің бірі - салық саясаты. 500 жылдан астам уақыт бойы қаржы саясатының салыққа деген қатынасы анықталуда:
1 кесте
1
мемлекет салықсыз жүзеге асуы мүмкін емес;
2
салықтық емес төлемдер өсуге бағытталады;
3
салық өзінің белгілі бір деңгейінен өте көп артық көлемде бекітілген жағдайда табиғи ұлғаймалы өндіріс үрдісінің бұзылуынан экономикалық жағдайдың құлдырауы жүзеге асады;
4
дағдарыс жағдайында салықтар ең шекті мүмкін деңгейде бекітіледі;
5
салықтардың жоғары деңгейде бекітілуі капитал ағынына әкеледі;
6
мемлекеттің экономиканы реттеуі қажет болып табылады;
7
салықтық жеңілдіктер айқын түрде ұлғаймалы өндіріс субъектлері арасында теңдей бөлінуі тиіс;
8
салықтық саясат ашық, қарапайым және тиімді болуы тиіс;
9
негізгі салықтық база ретінде табыс пен мүлік қолданылуы тиіс.
Салық саясатының ел экономикасына әсері тікелей-жоғары салық деңгейі бекітіліп, оның нәтижесінде ұлғаймалы өндірістің инвестициялық мүмкіндіктері кеміген жағдайда және тұтыну деңгейінің төмендеп, өнім өндіру мен сату көлемі кеміген жағдайда айқын байқалады. Ақша саясатының құрамдас бөліктеріне эмиссиялық саясат және ұлттық валютаның тұрақтылығы жатады.
Эмиссиялық саясат, айналысқа қажетті ақша санын анықтаумен қатар бюджеттің табысын ұлғайту үшін де қолданылады.
Ұлттық валютаның тұрақтылығы өте күрделі процесс болып табылады себебі, егер ақша массасы қажетті көлемнен асып кетсе, инфляция қалыптасып, бюджеттің кірістері құнысызданады. Егер белгілі бір себептерге байланысты мемлекет өзінің ақша массасын реттей алмаса, онда елдің экономикалық қәуіпсіздігі бұзылады және ұлттық валюта басқа шет елдік валюталарға төтеп бере алмайды және ұлттық байлықтың белгілі бір бөлігі шығынға ұшырайды.
Несие жүйесі ішкі шаруашылық есеп-айырысу мен ссудалық капиталдың есебін қамтамасыз етеді. Ссудалық капитал бұл несие беруді жүзеге асыра отырып, айналым қаражаттарын қамтамасыз ету яғни ұлғаймалы өндіріс процесін жүзеге асырудың маңызды шарттарына жатады.
Баға саясаты мемлекет монопольды тауарлар мен қызметтерге бағалар мен тарифтерді реттеп отырады. Мемлекетте монопольды иелігіне жер, жер қойнаулары, темір-жол, мұнай, газ құбырлары жатады. Баға саясаты экономиканы реттеудің маңызды факторларының бірі болып табылады. Электр энергияға, шикізатқа, транспорттық тарифтерге тауарлар мен қызметтердің барлық түрінің бағалары байланысты болады.
Кедендік саясат-бұл саясатты салықтық және баға саясатының бөлігі ретінде қарастыруға болады, себебі кедендік алымдар мен салықтар тауарлар мен қызметтердің бағасына тікелей әсер етеді. Сонымен қатар кедендік саясат ішкі нарыққа импорттық тауарларды ендіру мен шектеуге қатысты немесе экспортқа тауарларды шығаруға қатысты әсер ете отырып, ел экономикасына әсер етеді.
Қаржы саясаты қаржы ресурстарын шоғырландыруға және зәру міндеттерді шешуге бағытталған, тап осы мемлекеттің қоғамдық өндіріске ықпал етуіне мүмкіндік жасайды. Экономика мен қоғамның әлеуметтік дамуына қаржы саясатының ықпал жасауы қаржы саясатының ғылыми негізделген теориясы негізінде жүзеге асуын талап етедітек ғылыми көзқарас, саясатты анықтайтын барлық факторларды біліп, зерделеу оның салыстырмалы дербестігінің объективті экономикалық қатынастар тәуелділігіне ұласпауының кепілі. Экономикалық дамудың тәжірибесі қаржы саясатының экономикадан қол үзуінің қатаң экономикалық қиыншылықтарға ұрындыратынын, қоғамдық дамудың міндеттерін іске асыруды сөзсіз тоқтататынын дәлелдейді.
Қазіргі жағдайда қаржы саясатының негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
-шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасында нарықтық қатынастарды нығайту жөнінде шаралар жүргізу;
-дағдарысты жай күйді жою және қаржы жүйесін сауықтандыру;
-халықты әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар кешенін жүргізу;
-қаржы саясатының мақсаты-қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру.
Осыған байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын алудың ұтымды нысандарын , сондай-ақ қаржы ресурстарын қалыптастыруға халықтың қатысу үлесін анықтауға көп көңіл бөледі. Қоғамдық өндіріс салалары арасында қаржы ресурстарын бөлу жолымен оларды пайдалану тиімділігін арттыруға, сондай-ақ оларды экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.

2 Қаржы саясатының типтері, міндеттері мен қағидалары

Көптеген елдердегі қаржы саясатына талдау жүргізе отырып, олардың 4 негізгі типтерін атап көрсетуге болады: классикалық, реттеушілік, жоспарлы - директивті және қәзіргі саясат.
Өткен жүз жылдықтың 20 жылдарында көптеген елдерде қаржы саясатының классикалық типі кең қолданылды. Мұндай қаржы саясаты классикалық саяси экономияның өкілдерінің еңбектерінде А. Смит (1723-1790) және Д. Рикардоның(1772-1823) еңбектерінде және олардың ізбасар ғалымдарының еңбектерінде айқын көрінеді. Олардың негізгі ұстанған бағыттары - экономикаға мемлекеттің араласпауы, еркін бәсекелестіктің қалыптасуы және нарықтық механизмді шаруашылық үрдістердің басты реттеушісі ретінде қолдану. Осының негізінде мемлекеттік шығындар мен салықтарды кеміту, тепе-теңдік бюджет құрылымын қамтамасыз ету.
Реттеушілік қаржы саясатының негізін ағылшын экономисті ДЖ. М. Кейнс (1883-1956) және оны қолдаушылар қалыптастырған. Олар экономиканың циклдық дамуын мемлекет әр уақытта реттеп отыруы қажет деген тұжырымды ұстанады. Ал қаржы саясаты дәстүрлік міндетттермен қатар халықты толық еңбекпен қамтуды жүзеге асыру мақсатында экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеуді де жүзеге асыру қажет. Реттеушілік қаржы саясаты жағдайында салықтар түбегейлі өзгеріп отырады. Басты реттеуші механизм ретінде прогрессивті салық мөлшерлемелерінде пайдаланылатын табыс салығы жиі қолданылады.
Жоспарлы - директивті қаржы саясаты экономиканы жоспарлы басқару жүйесін қолданатын мемлекеттерде жүзеге асырылады.
Өндіріс қаражаттарының мемлекеттік меншікке негізделуі экономиканы, қаржыны және әлеуметтік саланы тиімді басқаруға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары және қағидаттары
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жайлы ақпарат
Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
Франция стабилизация жылдарында
Экономика пәнінен дәрістер
Қазақстанның сыртқы саясатындағы Жапония рөлі
Бухгалтерлік есеп жүйесінің мәліметтері
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛАРЫ
Несие саясатының дамуы
Кәсіпорыннын жұмыс жоспары
Пәндер