«Қанды ғасырдың» қыран ұлы Ә.бөкейханов


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т. РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ: «ҚАНДЫ ҒАСЫРДЫҢ» ҚЫРАН ҰЛЫ Ә. БӨКЕЙХАНОВ

Жоспар

Кіріспе . . .

  1. Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы . . .
  2. Әлихан Бөкейхановтың саяси көзқарастары . . .
  3. Қыр баласы . . .
  4. «Алаштың» төрағасы . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Қай елде болмасын, халық мәдениетінің асқар шыңын, халық санасының шалқар жеңісі мен тұнық тереңін, рухани өмірдің ең жоғарғы күмбезін танытатын ардагер, абзал есімдер болады.

Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, ХІХ ғасырдың бел ортасында жол айырығына келген қазақ өмірінің барлық әрі мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға - бұл Әлихан Бөкейханов. Заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ мәдениетінің ХІХ ғасырдағы биік шыңы - артында қалдырған ұланғайыр мұраларын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушылар мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ.

Әрбір адам бұл ғалымдардың ұлағатты сөздерін әрдайым есте сақтап, болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдыруы тиіс. Бұл - барлықтарымыздың борышымыз және міндетіміз!

1. Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы

Қазақ халқының қайраткері Әлихан Нұрмұхамедұлы Қарқаралы оязы, Әлтеке-Сырым болысына қарасты Желтау баурайындағы Мырзатай қыстауында дүниеге келген. Оның бал-дәурен бала кезінен - туған жері Ұлытаудың тау-тасын армансыз аралап, өзіне жұмбақ болып көрінген табиғат таңбаларының құпия сырларын ашсам, білсем деген құштарлығы болды. Бұл аймақ өзінің бай тарихымен, шежірелерімен, атақты Қоянды жәрмеңкесімен, атышулы ақын-жырауларымен, алып балуандарымен даңқты еді. Қазір осынау қазыналы мекен Қарағанды облысының Ақтоғай ауданына қарайды.

Жалпы Әлиханның туып-өскен отбасына тоқталатын болсақ, бұл жөнінде мәліметтер өте аз. Әкесі - Нұрмұхамед, ал, анасы - Бегімхан. Атасы Мырзатай төре тұқымы болса да, ел билігіне араласпаған адам. Өйткені, ағайынды Мырзатай мен Рүстем өз заманында суырыпсалма ақын болған. Нұрмұхамедтің шаңырағында бес ұл, бір қыз болған. Әлихан осы отбасының тұңғышы. Әкесі ұлының сауатын ауыл молдасынан ашқызады. Кейін Әлиханның зеректігін байқап, 1884 жылы әкесі Қарқаралы уезіндегі орыс мектебіне береді. Сол жылы Шоқан Уәлихановтың досы, дала генерал-губернаторы Герасим Алексеевич Колпаковский Қарқаралыға ат басын бұрады.

Дала патшасы атанған Колпаковскийге қыр баласы Әлихан ерекше ұнаған еді. Губернатор оны өз қолымен жетектеп апарып, Омбы техникалық училищесіне оқуға қабылдатқызады. Ал, училищеде «бұратана» халықтың емес, өңкей дворяндардың, дін басы иелерінің балалары оқитын. Әлихан бұл оқу орнын, 1890 жылы үздік бағамен бітіріп шығады. Әрі қарай білімін тереңдету үшін Ресей астанасы Санкт-Петербургке аттанып кетті. Мұнда Императорлық орман шаруашылығы университетінің экономика факультетіне оқуға түсіп, оны 1894 жылы тәмамдайды. Санкт-Петербургте білім ала жүріп, оның өмірге көзқарасы қалыптасады.

2. Әлихан Бөкейхановтың саяси көзқарастары

1891 жылы Қазақ даласына сапар шеккен ІІІ Александрдың ұлы, таққа мұрагер II Николайды Ақмола оязы қошеметпен қарсалды, жік-жаппар болуды көргенде Әлихан қатты ойға қалды. Әсіресе II Екатеринаның Атбасарға барғанда сұлтан Уәлиханға әшекей тастармен безендіріп тарту еткен қылышы, ондағы патшайымның сөзі бар жазуды (қазақ өлкесінің орыс билеушілерінің қолында мәңгілік болатыны жөнінде) оқығанда жиырма бір жасар Әлихан тіпті айран-асыр болды және санасында қайтсем ұлтымды азат етем деген сілкініс туды.

Әлихан Бөкейхановтың саяси көзқарасының қалыптасуына негіз болған төрт нәрсе бар.

Бірінші, ол ел билеген сұлтанның баласы, еркіндік пен теңдікті жоғары бағалаған ортада өсті.

Екінші, халқының бай ауыз әдебиеті ұлтын сүюге құштар етті. Ол қысқа өмірінің ішінде «Қобыланды», «Ерсайын», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырларын жинап зерттеді. Сонымен бірге Абай және басқа ұлы ақындардың терең ойлы шығармаларын жатқа білді.

Үшінші, ол Кенесары Қасымов бастаған жалпы ұлттық көтерілісінен сабақ алды. Осы көтерілістен кейін патша өкіметі сұлтандардың балаларын ел билігіне араластырмауға тырысқан еді.

Төртіншісі, Ресейде оқып жүріп Еуропа мәдениетімен танысты. Санкт-Петербургтегі оқуын бітірген соң, Әлихан ішкі Ресейден қоныс аударушылардың жағдайын зерттемекке бекінді. Ол үшін Половцев экспедициясына қатысу керек. 1895 жылы осы экспедицияға мүше болуға Омбыға келеді. Алайда, экспедицияға Әлиханның қатысуына рұқсат бермеді. Сондықтан Омбыдағы орман шаруашылығы училищесіне математика пәнінен сабақ беретін оқытушы болып орналасты. Осында сабақ бере жүріп, социалистік бағыттағы «Степной край» газетінің жұмысына белсене араласады.

1896 жылы патша өкіметінің шешімімен Ақмола, Семей, Торғай қазақ облыстарының 12 уезіне қоныс аударған переселендердің жағдайын зерттеу үшін Щербина бастаған екінші экспедиция құрылды. Әлихан экспедиция құрамына кіру үшін бар әрекетін жасады. Ондағы мақсаты тарихи сол кезеңде ең зәру мәселеге айналған жер қатынастарын тереңірек түсініп, белгілі бір тұжырымға келу еді. Әлихан экспедиция құрамына енеді. Сөйтіп жүріп, қазақ елінің географиялық жағдайымен, экономикалық даму ерекшеліктерімен танысып, іштей ой түйді. Щербина экспедициясы осы сапарда жүріп, қазақ жерінен 13 томдық зерттеу материал жинақтап қайтады. Бұл 1896-1903 жылдар аралығы болатын.

Әлихан Бекейханов осы экспедициядан кейін өзі де байқай бермейтін қолы ұзын биліктің таяу жылдарда іске асуға тиіс астыртын саясатына көзін жеткізді. Қазақ жерін отарлаудың жаңа кезеңі басталғанын жақсы ұқты. Көп ұзамай Қазақ жеріне орыс шаруаларының жаңа легі қоныс аударды. 1905-1910 жылдары Оралдың шығыс бөлігіне қоныс тепкен переселендер 300 мыңнан 2, 5 миллион адамға дейін өсті.

Империялық үкімет қоныстандыру саясатын жүйеге келтіру үшін 1904 жылы Петербургте «Қоныс аудару, жерге орналастыру Бас басқармасын» құрады. Ал, 1905 жылы мұндай басқармалар барлық қазақ жерінде құрылған болатын. Әрине, мұндағы жерге мұқтаж крестьяндарға үкімет қаржы бөліп отырды.

Патша өкіметінің осындай озбыр саясатымен күресу оңайға соқпады. Бұл істің басында Ресей патшасымен бірге Мемлекеттік Дума да тұрды. Сол кезеңдер де, яғни 1917 жылға дейін Батыс Еуропада және шығыс елдерінде білім алған қазақ саны 120 болса, ал Ресейдегі оқу орындарында білім қуған қазақ жастары жеті жүздей еді. Оның он екісі Думаға депутат болған. Бұл Қазан төңкерісіне дейін де біздің елімізде кезі ашық, сауатты ұлт зиялылары болғанын дәлелдейді. Ал, патшалық биліктің Қазақстанда күшейе түсуі - жаңа қалыптаса бастаған ұлттық элитамен екі жақты ойынға түскенін көрсетеді.

Әлихан бұл кезеңде ұлтқа қызмет етуге бет бұрған еді. 1905 жылы Қарқаралыға келіп, атақты Қоянды жәрмеңкесіндегі петицияны ұйымдастыруға ұйытқы болды.

Қазақ қоғамының патша өкіметіне қойған талаптары мыналар болды:

  • діни сенімге шектеуді жою,
  • мектептер ашу,
  • мектептерде сабақты қазақ тілінде жүргізу,
  • цензурасыз газет шығару,
  • баспахана ашу,
  • қазақтар отырған жердің заңдылығын қалпына келтіру,
  • сот орындарындағы құжаттардың қазақ тілінде жүргізілуі және қостілділікті жою.

Әрине, патша өкіметіне Қарқаралы петициясы ұнай қойған жоқ. Себебі, мұндай наразылықтар бірінші орыс революциясына ұласты. Отар аймақтардағы толқулар патшалық өкіметті жандарм орындарын күшейтіп, билікке қарсы әрекет жасағандарды қуғындауға мәжбүр етті. Наразылықтардың басы-қасында жүрген Ә. Бөкейханов пен А. Байтұрсынұлы да абақтыға жабылып, көп ұзамай босатылды. Осыдан соң Әлихан (1905 жылдың аяғына қарай) Орал қаласында қазақ зиялы қауымы арасында кадет партиясын құруға кірісті. 1906 жылы Семей қаласында партия құру съезі шақырылып, оған Шәкәрім Құдайбердиев қатысты. Мақсат айқындала түсті. Қазақ кадет партиясының мүшелері ұлт мәселелерін күн тәртібіне қойып «Пікір», «Фикер» газетінде өз бағдарламаларын жариялады. Бағдарламада қамтылған басты мәселе:

  1. Орыстардың көшіп келуін тежеу.
  2. Жердің қазақтікі екенін дәлелдеу.
  3. Кедей жұмысшыларға еркіндік беру.
  4. Қазақ балалары үшін мектеп, медресе, университеттер ашу.

Бұл мәселелер оқыған қазақ зиялыларының арасында іштей қайнап, пісіп жатты. Осындай дүрбелең кезеңде Ресей Мемлекеттік Думасына депутат сайлау науқаны басталған еді.

Бірінші Мемлекеттік Думаға Әлихан Бөкейханов Семей облысы қазақтарының атынан сайланады.

Сол кезеңдері Семейде шығып тұрған «Семипалатинский листок» газеті былай деп жазды: «Ә. Бөкейханов мемлекеттік Думада ұлт мүддесін қорғай алатын, қазақтың жоғын жоқтап, тілегін жеткізе алатын бірден-бір адам. Халық оған сенсе керек!»

Алайда, бірінші Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланған Әлихан алғашқы съезге қатыса алмады. Оны жергілікті әкімшілік Омбы генерал-губернаторының бұйрығымен Павлодардағы абақтыға үш айға абақтыға қамап тастайды. Абақтыдан босап, Санкт-Петербургке келген кезде Дума патша өкіметінің үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері Выборг қаласында наразылық актісін қабылдауға қатысады. Бұл тарихта Выборг үндеуі деген атпен қалды. Ресейдегі бірінші орыс революциясы қазақ даласына да мешеуліктен шығу жолын табуды қажет етті.

Әлихан Бөкейханов сол жылдары жазған мақаласында: «Таяу болашақта далада қырғыз-қазақтар арасында қалыптасып келе жатқан бағытқа сай екі саяси партия құрылуы мүмкін. Оның бірі жергілікті мұсылмандарды біріктіретін Татар мұсылман партиясы. Енді бірі - батыстық бағыттағы партия» деп жазды. Бөкейхановтың өзі қазақ жұртын батыстың озық мәдениетін үйренуге шақырды. Өз мақаласында көтерген ойдың соңына таман былай дейді: «Қазақты автономия қылсақ . . . Қараөткел алты алаштың ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұл-қызын оқытсақ . . . «Қозы-Көрпеш - Баян сұлуды» шығарған, Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақты Еуропа білер еді-ау!»

3. Қыр баласы

Әлиханның «Айқап» журналына Қыр баласы деген бүркеншек атпен мақалалары жарық көріп тұрды. 1913 жылдан бері шыға бастаған «Қазақ» газетіне ол: «Қазақ 15 десятина жер алмаса, егін-жай, пішендік арығынан «қу, айда!» деген закон қайда? Біздің қазақты жерінен көшіретіндей не жазып еді?» деп жазды. Бұрын көшпелі тұрмыс кешкен халықтың бірден егіншілікке өтуі оңай емес. Сондықтан елге психологиялық дайындық керек.

Осы пікірді айтқан Әлиханның сөзінен соң баспасөз беттерінде айтыс туды. Ұлт қамын ойлап жүрген азаматтардың пікірлері де қақ жарылды. Бақытжан Қаратаев, Мұхамеджан Сералин, Жаһанша Сейдалин: «қазақ шаруалары жерден үлес алып, тез арада отырықшылыққа көшу керек» деген ұйғарымда болды. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов бастаған топ «бұған үлкен дайындықпен келу керек» деген пікірде болды. Өйткені, жер үлесі жөнінде заң шығарған патша өкіметі жерді дұрыс бөлмей, өздеріне ауқымды аймақты қамтып қалуды көздеп отырғанын айтты.

«Мал бағып, шаруа қылып жүрген жұрт жер берді деп егінші бола қоймайды. Мал шаруасы тымақ емес, төре келе жатса қолға жұлып алатын. 15 надел жер алу дегеніміз үлкен аяққа тар аяқ киімді кигізгенмен бірдей нәрсе». («Қазақ» газеті. 1914 жыл. 24 қараша) . Әлиханның бүркеншек атпен берілген осындай мақалаларынан соң, Орынбор губерниясының жандарм бастығы Бабич былай деп анықтама жазыпты: «Из крупных сотрудников известны: Алихан Букейханов - бывший член ГосДумы, специалист по агрономному вопросу степных областей . . . »

Бәрінен бұрын халыққа ауыр тигені майданға солдат алу болды. Қазақ халқы башқұрт пен татардың кебін кимесек деп үрейленді. Бөкейханов және Қаратаев бастаған қайраткерлер «Қазақ» газеті арқылы қазақтарды әскерге жібермеу туралы үндеу тастады. Дулатов, Байтұрсынұлы, Бөкейханов үшеуі бірігіп, «Алаштың азаматтарына», «Күнбатыс майданы», «Енді жігіттер жайына келейік» т. б. көптеген мақалаларын жазды. «Ел басшылары әділдікпен өздері түзеп беру керек. Мынау жақсы, мынау бай, мынау кедей деп бұрылмай, сатылмай дұрыстықпен іс қылу керек. Бұл іске қулық-сұмдық кіргізу зияннан басқа түк пайда бермейді». Қазақ азаматтарының майданға алынуына байланысты Бөкейханов Минскіге аттанды. Минскіде оның басшылығымен «Земгор» комитеті құрылады. Ол майданға алынған қазақтардың 19 қосында болып, жатар орнын, киімін сайлап береді. Онымен қоса қазақ жігіттеріне қызмет көрсету үшін аудармашылар, фельдшерлерді шақырды.

1917 жылдың ақпанындағы төңкеріс II Николайдың тақтан түсуімен аяқталды. Ресейде Уақытша үкімет құрылып, оның төрағасы болып князь Льбов бекітілді. Әлихан князьбен бұрыннан таныс болатын. Ол кадетке мүше еді.

«Земгорсоюздың» қарамағындағы бұратана халықтардың арасында қызмет еткен тілмаш, дәрігерлерді алып Әлихан осы тұста өзі бас болып елге қайта бастады. Ақ патша құлады, азаттық таңы атты, бұғаудан құтылдық деп қуана отырып, ол алда атқарылатын міндеттерді жүктеді. Бастысы, ұйымшылдық көрсетер сәт келді. Демократиялық республика, яғни унитарлық сипаттағы мемлекет құру үшін біз Уақытша Үкіметті қолдауымыз керек деген Әлихан ел азаматтарын бірігуге шақырды.

4. «Алаштың» төрағасы

Әлихан Бөкейханов мұсылман фракциясының ахуалымен танысып, мемлекет құру туралы екі түрлі көзқарас қалыптасқан болатын. Бірі - біртұтас демократиялық мемлекет құру жағында болды. Екіншісі -Ресейдегідей федеративтік республика құруды қолдады. Бөкейханов осы сапарында Торғай облысының комиссары мандатын алған. Мандат алған Әлиханның алдында біртұтас демократиялық республика құру жоспары тұрды. Енді ол мұсылман халықтарының съезін шақыруды ойластырады.

IV Мемлекеттік Думада хатшылық қызмет атқарған Мұстафа Шоқаймен кездесіп, Бөкейханов, Дулатов үшеуі бір шешімге келді. «Азаттық таңы атты, тілекке құдай жеткізді! Күні кеше құл болдық, енді бүгін теңелдік! Қуанышқа жеткізген кім? Бізге теңдік әперген орыс халқының адал ниетті көсемдері. Біз Уақытша үкіметті қолдауға шақырамыз! Олар бостандық жолында қанын қиғанда, біз терімізді қиялық! Өлсек бір шұқырда, тірі болсақ бір төбеде болайық!» - деді.

Уақытша үкімет Бөкейхановты Түркістан уәлаятын басқаратын комитет құрамына кіргізді. Алайда, Әлихан Торғай облысының комиссары болып тағайындалғандықтан алдымен облыстағы жұмыстарын аяқтауға бекінеді. Орынборға 1917 жылдың сәуірінде Торғайдағы съезд аяқталған соң келді. Ол қеле сала автономиялық құрылымды қолға алуды және «Алаш» партиясын құруды ойлады. Бұл идеяны қолдамайтын солшылдар бағыты «Үш жүз» партиясын құруды мәселе етіп көтерген. Дегенмен, көрнекті қайраткер Әлихан Бөкейханов аяқ асты туған саяси айтысты уақыт создырмай шешу үшін тез арада облыстық комитет сайлауын өткізуге кіріседі. 1917 жылдың 25 қазанында Петроградта төңкеріс болып, Уақытша үкімет құлады.

Өкімет билігі большевиктерге көшкенде оларға тезірек бітім жасау, жер беру Декреті қажет болды. Алайда, таптық негізде ел билемек болған партияға Әлихан сенімсіздік білдірген еді. Ол:«Уақытша Үкімет қамауда. Найзаның ұшымен, айбалтаның жүзімен орнаған Үкіметке Ресей жұрты сенім білдірмей отыр. Сондықтан қазақ жұрты өз алдымызға қам жасамасақ, есік алды дауыл, үй артынан жау келетін түрі бар. Ақсақал аға, інілер! Тағы ақтабан шұбырындыға ұшырамас үшін бас болуға кіріс!» деген үндеуін тастады. Сонымен бірге, «Алаш» партиясының бағдарламасын жасады. 1917 жылдың қарашасында Ұйысу съезі етіп, оның 43 ұлт қайраткері «Алашты» құру туралы шешімге келді. Оның терағалығына Әлихан сайланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының қалыптасу эволюциясы жайында
Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының қалыптасу эволюциясы
Қазақ ұлттық баспасөзінің дамуы
Қожаберген және Қазақ тарихы
Көне дәстүрдiң озығын қайта жаңғыртсақ
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми зерттеу еңбектері
Абайдың әдеби ортасы мен ақындық мектебі
Ә.БӨКЕЙХАН - ӘДЕБИЕТШІ ҒАЛЫМ
Нарманбет поэзиясындағы азаттық идеясы
Aлaш бaғдaрлaмaсы: өзектілігі мен тaрихнaмaсы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz