Банктік несиелеу. Корпоративтік клиенттерге берілген несие түрлері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Банктік несиелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Корпоративтік клиенттерге берілген несие түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1. 2. Корпоративтік клиенттерді несиелеуге қажетті құжаттар ... ... ... ... ... ...7
2. Жеке тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.1 Жеке тұлғаларға банктік қарыз беру Регламенті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.2 Тұтыну несиесін беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2.1 Жалақы несиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Банкті сауда, делдал кәсіпорыны десе болады. Жалпы, банктің саудамен ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып алып, оларды сатумен айналысады.
Сауда кәсіпорыны да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да банктің кейбір қызметтерін көрсетеді. Мысалы ірі сауда кәсіпорындары да банк сияқты белгілі мөлшерде ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда кәсіпорынынан банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен байқауға болады. Банктің негізі деп оның басты өнімі – несие ісі түсіндіріледі.
Сонымен, қазіргі түсінікте “ коммерциялық банк” - бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып табылады.
“ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы” заңның 1-бабына сәйкес, “банк –осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға”.
Банктік қызмет - бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәкес банктік операцияларға мыналар жатады:
- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың крреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;
- заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
- заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;
- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;
- сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай, ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;
- клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
1 «Банк ісі» С.Б.Мақыш
2 «Ақша, несие, банктер» Сейтқасымов
3 «Ақша айналысы және несие» Оқу құралы Алматы: Издат-Маркет, 2004.
4 «Коммерциялық банктер операциялары» Оқу құралы. Алматы: Издат-
Маркет, 2004.
5 « Қаржы және несие» Оқу-әдістемелік құралы Алматы:
Қазақ университеті, 2000.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Банктік
несиелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Корпоративтік клиенттерге берілген несие
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1. 2. Корпоративтік клиенттерді несиелеуге қажетті
құжаттар ... ... ... ... ... ...7
2. Жеке тұлғаларды несиелеуді
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.1 Жеке тұлғаларға банктік қарыз беру
Регламенті ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .10
2.2 Тұтыну несиесін
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .11
2.2.1 Жалақы
несиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .14
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...16
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

КІРІСПЕ

Банкті сауда, делдал кәсіпорыны десе болады. Жалпы, банктің саудамен
ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып
алып, оларды сатумен айналысады.
Сауда кәсіпорыны да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да банктің
кейбір қызметтерін көрсетеді. Мысалы ірі сауда кәсіпорындары да банк сияқты
белгілі мөлшерде ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда
кәсіпорынынан банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен байқауға болады.
Банктің негізі деп оның басты өнімі – несие ісі түсіндіріледі.
Сонымен, қазіргі түсінікте “ коммерциялық банк” - бұл ерекше өнім
шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада
төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып
табылады.
“ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы” заңның 1-бабына сәйкес,
“банк –осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық
ұйым болып табылатын заңды тұлға”.
Банктік қызмет - бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты
қызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәкес банктік операцияларға
мыналар жатады:
- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және
жүргізу;
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және
жүргізу;
- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың крреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;
- заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта
санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен
байланысты тапсырмаларын орындау;
- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін
және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
- заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару
шартымен ақшалай формада несиелер беру;
- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің
тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп
айырысу операцияларын жүргізу;
- сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша
және оның мүддесіне сай, ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы
қағаздарын басқару;
- клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау,
сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және
клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
- сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған
бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін
көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға
беру;
- ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен
жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
- төлем карточкаларын шығару;
- банкнота мен монеталарды және бағалы заттары инкассациялау және
жөнелту;
- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдасытыру;
- төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);
- чек кітапшаларын шығару;
- бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
- аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
- ақшалай формада орындалуды көздейтін, банктік кепіл-хаттарды беру;
Мен дипломға дейінгі тәжірибемді еліміздің ең танымал банктерінің бірі
Алматы қаласында орналасқан АТФ Банкінің №9 бөлімшесінде өттім.

1 БАНКТІК НЕСИЕЛЕУ

1.1 Корпоративтік клиенттерге берілген несие түрлері

Банктердің несиелік қызметтерінің маңызды бағыттарының біріне
корпоративтік клиенттерді несиелеу жатады.
Корпоративтік клиент – қызмет көрсетуде ерекше басымдықтарды иеленетін
және даму барысында ынтымақтасуға болатын банк клиенті.
Корпоративтік клиент деп материалдық өндіріс саласының өнім шығаратын
және қызмет көрсететін кез келген кәсіпорындарын түсінуге болады.
Корпоративтік клиенттерге акционерлік қоғамдар, жеке компаниялар мен
фирмалар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, шаруа қожалықтары,
бірлескен кәсіпорындар жатады.
Корпоративтік клиенттерді несиелеу – банктік мекемелерден өзге заңды
тұлға болып табылатын банктің клиенттеріне несие беруді білдіреді.
Корпоративтік клиенттерді несиелеу мынадай екі қызмет атқарады:
1) макроэкономикалық – елдің экономикасын
инвестициялауға арналған ақшалай ресурстарды
жұмылдыру;
2) микроэкономикалық – банктердің табыстылығы мен
тұрақтылығын арттыруға ықпал ететін негізгі
табыстарды алу.
Корпоративтік клиенттерге берілетін несиелерге мыналар жатады:
Овердрафт (ағыл.overdraft - жоспардан жоғары) - клиенттің ағымдық
шотындағы қаражат қалдығынан төлейтін төлемдер сомасы жоғары болған
жағдайда банктің беретін қысқа мерзімді несиесінің ерекше формасы. Мұндай
жағдайда клиенттің шотынан қаражатты толық көлемде шегеріп тастап, банк,
шоттағы қалдықтан асатын сомада клиентке автоматты түрде несие береді.
Овердрафт нәтижесінде, бухгалтерлік тілмен айтқанда банкте дебеттік
қалдық түзіледі. Овердрафты келісімшарт бойынша банктің сенімді клиенттері
ғана пайдалана алады, ол келісімшартта овердрафтың ең жоғарғы сомасы,
овердрафт бойынша несие беру және оны қайтару шарты көрсетіледі.
Овердрафтың басқа қарыздардан ерекшелігі, несиені қайтарудағы барлық сома
клиенттің ағымдық шотында есепке алынады.
Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу
мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие. Масымдық
несие көбіне ауыл шаруашылығы өндірушілеріне егін салып одан табыс алғанға
дейінгі шығынды жабу мақсатында беріледі.
Лизингтік несие – банк клиенттерінің құрал-жабдықтарды және техниканы
жалға алумен байланысты берілетін несие.
Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары
корпоравтиік клиенттерге берілетін несие. Мұндай несиелер қамтамасыз етусіз
беріледі.
Консорциалдық несие – ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің
өзара қосылып беретін несиелері. Мұндай несиелер негізінен ірі жоабалрды
несиелеуде бір банктің несиелеу шегінен асқан жағдайда қолданылуы мүмкін.
Инвестициялық несиелер – жаңа өндіріс орнын ашуға, өндірісті қайта
құруға және кеңейтуге арналған ұзақ мерзімді несие.
Инновациялық несие – банк клиенттерінің өндіріске озық технологияларды
немесе нау-хауды иегеруімен байланысты берілетін ұзақ мерзімді несие.
Вексельдік несие – банктің сенімді клиентеріне вексель формасында
берілетін қысқа мерзімді несиесі. Мұндай вексельдерді банктер шағарады және
олардың номиналдық құны болады, сондай-ақ олардың бағасы жай банктік
несиеге қарағанда біршама арзан.
Рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат
және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.
Контокорренттік несие - клиенттің барлық түсімдері мен төлемдері есепке
алынатын банктегі бірыңғай ағымдық (контокорренттік) шоты бар, өзінің
тұрақты клиенттеріне банктің беретін несиесі.
Ломбардтық несие - тауарлы-материалдық құныдылықтар мен мүліктік
құқықтарды, бағалы металдарды, бағалы қағаздарды және т.б. кепілге ала
отырып қысқа мерзімге несие берушінің қатаң тіркелген сомада беретін
несиесі.
Форфейтингтік несие - сыртқы сауда операцияларында қолданылатын
коммерциялық вексельді сатып алу жолымен экспортерлерды немесе сатушыларды
қысқа мерзімді (180 күнге дейінгі) несиелеу нысаны. Банк (форфейтор)
экспортердан (сатушыдан) сатқан тауары үшін импортердің (сатып алушының)
берген ақшалай міндеттемесін (векселін) сатып алуы арқылы экспортердің
сатқан тауарының құнын толық немесе жартылай төлейді. Кейіннен импортер
(сатып алушы) форфейтордың көрсеткен міндеттемесі бойынша ақшалай соманы
оған төлейді. Тез арада төлегені үшін форфейтор-банк экспортерден пайыз
ұстап қалады.
Факторингтік несие – жабдықтаушының немесе банк клиентінің жабдықтаған
тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-
фактурасын) банкке сатумен байланысты несиелік операция.
Экспорттық несие - экспорты қолдау құралы ретінде өнімді сатуды
қаржыландыру мақсатында сатып алушыға немесе оның банкіне берген несие.
Фирмалық экспорттық несие экспортер тарапынан беріледі де банктен
қаржыландырмайды. Банктік экспорттық несие банктен шетелдік сатып
алушыларға тікелей беріледі.
Несиелік желі – келісілген лимит шегіндегі белгілі бір уақыт ішіндегі
қарыз алушығы несие беріп отыруға несиелік мекеменің оған берген заңды
түрде рәсімделген міндеттемесі.
Ашылған несиелік желі арқылы несиенің есебінен банк пен қарыз алушының
арасында жасалынған несиелік келісім-шартқа сәйкес, кез келген есеп айырысу
құжаттарын төлеуге болады. Несиелік желі көбіне бір жылға ғана ашылады,
бірақ кейде одан да қысқа мерзімге ашылуы мүмкін. Клиент банктен несиелік
желі мерзімінің кез келген уақытында қосымша келіссөздер жүргізбей-ақ және
ешқандай бланк толтырусыз несие ала алады. Бірақ банк қарыз алушының
қаржылық жағдайының нашарлағанын байқап қойса, бекітілген шек көлемінде
несие беруге келіспеу құқығы сақталады. Белгіленген тәртіп бойынша,
несиелік желі тұрақты қаржылық жағдайы және жақсы ресурстары бар
клиенттерге ашылады. Клиенттің өтініші бойынша несиелеу шегі қайта қаралуы
да мүмкін.
Несиелік желінің жаңартылатын және жаңартылмайтын түрлері болады.
Жаңартылмайтын несиелік желі ашқан жағдайда несиені беріп және оны
өтегеннен кейін банк пен клиент арасындағы қарым-қатынас аяқталады.
Жаңартылатын несиелік желі барысында (револьверлік) несие автоматты түрде
қарыздың белгіленген лимит шегінде беріледі және өтеледі. Несиелік желі,
сол сияқты, мақсатты да болуы мүмкін. Мұндай мақсатты несиелік желі
клиенттің бір контракт төңірегінде белгілі бір тауарларды жабдықтауды
төлеуі үшін ашылады.
Жоғарыда аталған несиелерді банктер копоративтік несиелеу
тәжірибиесінде кеңінен қолдануда.

1.2 Корпоративтік клиенттерді несиелеуге қажетті құжаттар

Корпоративтік клиенттерді несиелеуге қажетті құжаттар жинау несиелеу
үрдісінің 1-кезеңінде жүзеге асады. Бұл кезеңде клиент банктің несие
менеджерімен сұхбаттасып, кеңес алғаннан кейін және несиелеу шартымен толық
келіскен жағдайда банктің жасаған формасында құжатты немесе құжатсыз
(компьютердегі арнайы бағдарлама) түріндегі несие алу үшін өтінішін және
сауалнаманы толтырады және несие алуға қажетті құжаттарды жинақтап банкке
тапсырады. Қажет құжаттардың тізімін несие менеджері клиенке тапсырады.
Клиенттердің әр түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі
мүмкін.
Жалпы банкке тапсыратын клиенттің құжаттары екі топқа бөлінеді:
несиелік сараптама және заңи сараптамаға арналған құжаттар.
Клиенттердің әр түрлі топтары үшін әртүрлі құжаттар пакеті әзірленуі
мүмкін. Мысал ретіндегі құжаттар пакетінің құрамына жататындар:
1) құрылтайшылық құжаттардың, жарғының, жалға алу шарттарының,
тіркелген куәліктерінің немесе патенттерінің, жерді пайдалану
құқығын куәландыратын құжаттарының нотариалды түрде куәландырылған
көшірмесі;
2) кәсіпорының басшысының немесе кәсіпорын атынан несие алуға сенім
білдірген тұлғаның төл құжаты және клиенттің несие алуға құқығын
растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері;
3) қаржылық есебі, яғни соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы,
қаржылық қызметінің есебі, ақша қаражаттарының қозғалысының есебі;
4) несиеленетін шаралардың рентабельдік деңгейін және оның қайтарылу
мерзімін сипаттайтын техникалық - экономикалық есебі;
5) несиеленетін мәмілелерді растайтын келісім шарттар көшірмелері
(материалдық бағалылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған
шарттар, тауарлы-материалдық бағалылықтар шотының көшірмелері және
т.с.с),
6) алашақ және берешек қарыздары туралы құажат (қарыздарының пайда
болу себебі мен мерзімі, және оны өтеу мерзімдері көрсетілуге
тиіс);
7) басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер (шоттар бойынша
көшірме);
8) қаматамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының
меншік құқығын растайтын құжаттар;
9) несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар;
10) қызметін жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да
құжаттары жоқ кәсіпорынның бизнес жоспары.
Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз
ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар,
банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір
құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін.
Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш жасаған уақытта, банк
несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау үшін сауалнама толтыруы
мүмкін. Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз алушының аты-жөні; қызметі және
меншік түрі; клиенттің заңды мекен-жайы; ағымдық және валюталық шот ашқан
банктің аты және реквизиттері; негізгі құрылтайшылары; ол сұрайтын несиенің
мақсаты, сомасы және мерзімі; соңғы есептік күнге берілген баланс құрылымы
және басқа да көрсеткіштер.
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалауда мынадай ақпарат көздерінің
маңызы зор:
• өтініш жасаушымен тікелей сұхбаттасу, яғни банк қызметкері ссуда алуға
өтініш жасау себептерін біле отырып, өтініштің банктің несиелік
саясатынан туындайтын талаптарына жауап беретіндігіне мән береді. Қарыз
алушының тарихы, өнімінің және көрсететін қызметінің сипаты, шикізат
көздері, жұмыскерлерінің біліктілігі туралы ақпараттар жинайды. Бұл
ақпараттар басқа жолдармен тексеріледі;
• клиенттерінің несиелік қабілеті, олардың өткен уақыттардағы несиелерге
қатынасы, шоттардағы қалдықтары және т.б. туралы ақпараттардан тұратын
банк картотекасын жүргізу;
• орнында инспекция жүргізу;
• қаржылық есебін талдау;
• басқа банктермен контракт арқылы, қарыз алушының жабдықтаушылары арқылы,
салық инспекциялары арқылы сырттай ақпарат көздері.
Шетелде клиенттердің несиелік қабілеті туралы ақпараттар жинауға
маманданған және оны беретін арнайы фирмалар немесе агенттіктер бар.
Қазіргі уақытта дамыған елдерде, банктерге келісім шарт негізінде қызмет
көрсететін сондай бірнеше тәуелсіз ұйымдар жұмыс жасайды. Мысалға, фирма
“Дан энд Брэд форд” 3 млн. жуық АҚШ-тың, Канаданың, Данияның фирмалары
туралы ақпараттар жинақтап, жалпы ұлттық және аймақтық анықтамаларда
жариялайды. Біздің елімізде 2003 жылдан бері Несиелік бюро қызмет ете
бастағанымен әлі банктердің, онымен ақпараттар алмасуы дұрыс жолға қойылған
жоқ. Банктер әлі де болса ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диплом алдындағы тәжірибенің есебі.«АТФБанк» АҚ
«АТФ Банк» акционерлік қоғамы - коммерциялық банк
Нарықтық экономика жағдайында несиелендіру
Банктің активті операцияларын талдау
Несие операцияларының түрлері және олардың есебі
Банк қызметіндегі маркетинг
«Темірбанк» АҚ
Қысқа мерзімді несиелеуді ұйымдастыру
Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру туралы
Банктің несиелік саясатының қағидалары
Пәндер