Банктекрдің депозиттік операцияларын реттеу



Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

І.ТАРАУ. Банктекрдің депозиттік операцияларын реттеу

1.1 Банктік депозит шарты және банктік депозиттік құқықтық қатынастар

1.2 ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003ж 4 шілдедегі қаулысына сәйкес жағдайлар

1.3 Заңды және жеке тұлғалардан салым қабылдау

1.4 Депозиттік салымдардан кім,қанша пайда табады?

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе


Қазақстанның банк саласының бүгінгі күнгі даму үрдісі тұрлаулы әрі тұрақты түрде нығайып келе жатқан жүйе ретінде сипатталады.Еліміздің эконамикасы да үнемі өркендеп ,дамып келеді.Бұл әрине ең алдымен ұтымды экономикалық реформалардың нәтижесі, сондай –ақ Ұлттық банк пен Қаржылық қадағалау агенттігінің банк жүйесін дамыту банктерде жинақталған жалпы капитал мөлшеріне қойылатын нормативтік талаптарды күшейту ,банк жүйесінің тұрлаулылығы мен сенімділігін олардың ел ішіндегі және халықаралық капитал рыногындағы бәсеке қабілеттілігін өсіруді қамтамассыз ету бағытындағы ұстанып отырған саясаттың нәтижесі.
Банктер арнайы қаржылық мекеме бола отырып ,өздеріне тән жарғылық капитал мен қаржы рыногында мамандану ерекшелігіне қарамастан бірінші кезекте банкке қаржы салушы халық сенімінің артуына тәуелелді болады . Бұл олардың қызметінің әлеуметтік мәні бар бөлігі ,әрі экономикалық өсімді жеделдетуге ықпал ететін кредиттік, депозиттік операциялар көлемін кеңейтудің қосымша көзі . Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары олардың есебінен банктің активтік опнрацияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты ,сондай –ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы тартылған қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.
Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөлінеді:
- депозиттік қаражаттар
- депозиттік емес тартылған қаражаттар
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Қолданылған әдебиеттері тізімі

1.«ҚР Банк және банкілік қызмет туралы заңы» 31.08.1995 ж
2.«ҚР екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы»7.07.2006 №169 заңы
3.С.М. Найманбаева «Банкілік құқық» А,«Жеті жарығы» 2005,152 б
4.Л.Давыдова,Д.Райманов «Банковское право РК» А, «Жеті жарығы»2005,640 5.Банковское дело под.ред.экон.наук,профессора члена –корр.АН РК Г.С.Сейітқасымова ,А,«Қаржы қаражат» 1999,576
6.Л.П.Кураков,В.Г.Тимирязов,В.Л.Кураков «Современные банковсие системы» М, «Геллиос АРВ» 2000,650
7.Р.Лерой Миллер,Д.Д.Ван Хуз «Современные деньги и банковское дело» М,«Информ М » ,2000,856
8.Банковское дело.Учебник.под.ред.И.О.Лаврушина,М,«Финансы и статистика»1998,576
9.Общая теория деньги и кредита,под.ред.профессора,члена корр.РАЕН.Е.Ф .Жукова .М.«Банки и биржи», «ЮНИТИ» 1998,359
10.С.Б.Мақыш,А.Ә.Ілияс «Банкілік іс» А,2004.241
11.Г.С.Панова «Кредитная политика коммерческого банка» М,«ИКЦ,ДИС»1997,464
12.Э.Дж.Долон,К.Д.Кэмппел,Р.Дж.Кэмппел «Деньги,банковское дело и деножно кредитная политика»М,«АНК »,1996,277
13.Финансовое и банковское право под.ред. О.М.Гарбунова М,1997,277 14.Г.А.Тосуян,А.Ю.Викумян,А.М.Экмалиян «Банковское право РФ» ,М,1999,195
15.А.С.Тасыбаева «Банкілік құқық» А,«Жеті жарығы»,1999,195
16.w.w.w gougle.com
17.Halyk Times (арнаулы шығарылым) №2,2006
18.Егемен Қазақстан 10.10.2006
19.Айқын газеті 8.10.2006
20.«ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының «Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне)міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру)жүйесінің жұмыс істеу және оған ΙΙ деңгейдегі банктердің қатысу ережесін бекіту туралы»2003ж 4 шілде №201 қаулысы.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

І-ТАРАУ. Банктекрдің депозиттік операцияларын реттеу

1.1 Банктік депозит шарты және банктік депозиттік құқықтық қатынастар

1.2 ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003ж 4 шілдедегі қаулысына сәйкес
жағдайлар

1.3 Заңды және жеке тұлғалардан салым қабылдау

1.4 Депозиттік салымдардан кім,қанша пайда табады?

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстанның банк саласының бүгінгі күнгі даму үрдісі тұрлаулы әрі
тұрақты түрде нығайып келе жатқан жүйе ретінде сипатталады.Еліміздің
эконамикасы да үнемі өркендеп ,дамып келеді.Бұл әрине ең алдымен ұтымды
экономикалық реформалардың нәтижесі, сондай –ақ Ұлттық банк пен Қаржылық
қадағалау агенттігінің банк жүйесін дамыту банктерде жинақталған жалпы
капитал мөлшеріне қойылатын нормативтік талаптарды күшейту ,банк жүйесінің
тұрлаулылығы мен сенімділігін олардың ел ішіндегі және халықаралық капитал
рыногындағы бәсеке қабілеттілігін өсіруді қамтамассыз ету бағытындағы
ұстанып отырған саясаттың нәтижесі.
Банктер арнайы қаржылық мекеме бола отырып ,өздеріне тән жарғылық
капитал мен қаржы рыногында мамандану ерекшелігіне қарамастан бірінші
кезекте банкке қаржы салушы халық сенімінің артуына тәуелелді болады . Бұл
олардың қызметінің әлеуметтік мәні бар бөлігі ,әрі экономикалық өсімді
жеделдетуге ықпал ететін кредиттік, депозиттік операциялар көлемін
кеңейтудің қосымша көзі . Банк ресурстарының құрылымында тартылған
қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары олардың
есебінен банктің активтік опнрацияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты ,сондай –ақ ескі банктік
жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес
тәсілдерінің болуы тартылған қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе
де болады.
Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау
тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөлінеді:
- депозиттік қаражаттар
- депозиттік емес тартылған қаражаттар
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер
банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.

І-ТАРАУ. Банкткрдің депозиттік операцияларын реттеу

Депозит (латын тіліндегі мағынасы depositium- сақтауға берілген,
қщйылған зат) Банк клиентінің банктік депозиттік ( салымдық ) шарт
негізінде өз банкіне уақытша пайдалануына ақша қаражатын беруіне
байланысты туындайтын банктік (экономикалық) қатынасты білдіреді.
Қандай болмасын банктің кредиттік ресурстарын негізінен алғанда
банк клиенттерінен тартылып жұмылдырылған депозиттер ( заңды және жеке
тұлғалардың банкке соқтауға салған уақытша бос ақша қаражаттары
құрайды. [ 4. 172 б ]
Қазақстан Республикасының заң шығарушысы депозит деп – депозиттердің
қайтарымдылық шарттылығымен оның алғашқы талап етуі бойынша немесе
белгіленген мерзімі өткеннен кейін толық мөлшерді бірден не болмаса
бөліп-бөліп банктік депозит шартында келілген үстемесімен не ондай
үстемесіз ( процентсіз қайтарылуға тиіс банкке беретін ақша қаражатын
есептеген [ 2 ]
Демек, депозит банк клиентінің кез келген уақытта талап етуін
және банктік депозит шартында көзделген мерзімнің аяқталуына орай
толығымен немесе бөліп-бөліп процентімен не процентсіз өзіне қайтару
шарттылығымен өз банкіне сақтауға беретін ақша қаражаты болып табылады.
Банктер капиталының 90%-ке жуығын әдеттеп клиенттерден тартылған ақша
қаражаттары құрайды. Нарықтық қатынастар аясындағы заңды немесе жеке
тұлғалардың уақытша бос және өзге де қаражаттарын депозит ( салымдар )
ретінде банкке тарту депозиттік операциялар деп аталады. Банктер үшін
депозиттік операциялар олардың пассивтік операцияларының нәтижесінде
жымылдырылған депозиттер ( ақша қаражаттары ) активті банктік
операциялар жүргізудің негізгі ресурсы болып саналады.
Банкке қолма-қол және қолма-қол емес нысанда ұлттық немесе
шетелдік валютада белгілі бір мәнжайлары көздеп меншік иесі ( клиент
) берген депозиттер “ банктегі ақшалар “ ретінде өзінің иесіне
ақшасын қандай болмасын түрде жұмсауына әрі капитал ретінде
проценттік табыс алуына мүмкіндік береді. [ 3. 152 б ]

Банктік депозиттер:
Талап етілгенге дейінгі ( талап етілмелі депозит
Мерзімді депозит
Шарттылы депозит болып бөлінеді.

Талап етілгенге дейінгі депозит – депозиттердің ақша қаражаттарын
банктен бірінші талап етуі бойынша бірден ( толығымен ) немесе
ішінара ( бөліп-бөліп ) қайтарылады.
Мерзімі депозит-банктік депозит шартында көзделген мерзімге
салынады және осы келісілген мерзім өткеннен ( аяқталғаннан ) кейін
қайтарылады.
Шарттылы депозит-банктік депозит шартында белгіленген мән-
жайлары туындағанға дейін салынады.
Талап етіліп алынатын депозит банкті алдын ала хабарда етпей
( ескертпей ) кез – келген уақытта талап ету арқылы алынатын ақша
қаражаттары болып табылады. Бұл ретте талап етіліп алынатын
депозитке ағымдағы, есеп айырысу бюджеттік және тағы басқа
шоттардағы есеп алырысуға немесе белгіленген мақсатта пайдалануға
арналған қаражаттар жатады. Ағымдағы есеп айырысуға арналған талап
етілмелі депозиттердің банктер арқылы қщзғалысы қолма-қол ақшамен,
чекпен, аудару жолымен және тағы басқа құжаттармен рәсімделеді.
Банктердің корреспонденттік шоттарындағы Қазақстан Ұлттық Банкінің
есеп айырысу кассалық орталығындағы немесе корреспондент
(коммерциялық банктегі ) қаражаттар да талап етілмелі депозит
болып табылады. Дүниежүзілік банктік практикада пайдаланылатын
конторренттік ( ағымдағы ) шоттардағы қаражаттар да талап етілмелі
депозитке жатады. Осы орайда көрініс табатын кредиттік сальдо
банк клиентінің өз қаражатын, ал дебеттік сальдо банктік шот
иесінің банкке қарыз екенін білдіреді.
Талап етілмелі депозит банктік корроспонденттік шоттарда
сақталатын, тұрақсыз ( қалдық мөлшері әрдайын өзгеріп отыратын )
сипаттағы депозит ( салым ) түрі болғандықтан аталмыш шот бойынша
проценттік өсім төленбейді ( тек сапалы әрі қосымша қызмет
көрсетіледі ).
Депозиторлар ( салымшылар ) санатына орай заңды тұлғалардың
депозитімен жеке тұлғалар депозиті көрініс табады.
Мерзімді депозит банк клиентінің табыс табу мақсатында нақтылы
белгіленген мерзімге банкке салынған ( сақтауға, пайдалануға берген
) өз меншігіндегі ақша қаражатын білдіреді.
Белгілі мерзімге өз қарамағына берілген депозитке орай банк
төлеуге тиіс проценттік ставка мөлшері салынған қаражат ( депозит
) шамасына ( көлеміне ) және оны сақтау ( пайдалану ) мерзіміне
байланысты болады. [ 10. 103-105 б ]
Мерзімді депозит ( қаражаттары ) депозиторға тек банктік
депозит шартында көзделген мерзім аяқталған кезде ғана қайтарылады

Мерзімді депозит белгілі бір негіздерге ( себептерге )
байланысты көзделген мерзімінен бұрын алынған жағдайда осы депозит
түрі бойынша айқындалған проценттік өсім мөлшері айтарлықтай
кемиді.
Депозиторларды қызықтыру үшін мерзімді депозит бойынша оларңа
күрделі процент түріндегі табыстар төленеді. Мерзімді депозит тек
мерзімі аяқталғанда ғана алынады және ол бойынша банктік депозит
шартында белгіленген процент мөлшері депозит ( салым ) сомасына
белгілі кезең сайын есептелініп, осы есептелінген табысқа келесі
кезеңде тағы да тиісті процент есептелінеді.
Мерзімді депозит бойынша белгіленген жай проценттердің табысы
сақтаулы қаражаттың нақтылы мөлшеріне банктік депозит шартында
көзделген процентті есептеу арқылы төленеді. Банктер үшін депозит
ссудалық капитал болып табылады [ 3. 115-116 б ]

1. Банктік депозит шарты және банктік депозиттік құқықтық
қатынастар

Банктік депозит шартында жазбаша нысанындағы, заттай ( депозит
сомасы ), ақылы және біржақты міндеттеуші сипаттағы клиент пен
банктің өзара келісімі, сондай-ақ тиісті заңнамалық және знңға
тәуелді нормативтік құқықтық актілер негізінде жасасылған құжатта
банкке берілетін ( салынатын ) депозит сомасы, оның мерзімі,
проценттері, оларды есептеу және төлеу тәртібі, депозитордың
міндеттері мен құқықтары, банктің міндеттері мен құқықтары,
тараптардың шартта белгіленген мән-жайлары сақтау жөніндегі
жауапкершілігі, талас-тартыстарды шешу тәртібі көзделеді.
Банктік депозит шартының нысанын ( әдетте жазбаша нысанда )
депозит түрлеріне орай банктер дербес әзірлейді.
Банктік депозит шарты бойынша бір тарап – банк екінші тараптан
депозитордан депозит алуға және оны пайдаланғаны үшін аталмыш
шартта көзделген мөлшерде және белгіленген тәртіппен оған сыйақы
төлеуге әрі депозит түріне қарай ақша қаражаттарын уақтылы
қайтаруға міндеттенеді. [ 6.108 б]
Банкке тартылған депозиттердің түрлеріне орай клиенттің ақша
қаражатын есепке алу мақсатында банктер өз клиентіне
біріздендірілген жекелей код ( БИК ) береді.
Банктік депозит ( салым ) шарты жазбаша нысанда, сондай-ақ
банктік заңнамада, Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық
актілерінде және банктік тәжірибеде қолданылатын іскерлік айналым
дағдыларында белгіленген талаптарға сай жасалады.
Депозитордың ( салымшының ) талабына сәйкес депозиттің
салынғанын куәландыратын құжат депозитордың атына не болмаса
көрсетілген үшінші тұлғаның атына ресімделуі мүмкін.
Банкті депозит шарты келісілген депозит сомасының банктегі
шотқа келіп түскен күнінен бастап жасалынды деп есептеленіледі.
Банк клиенттері ( депозиторлар ) депозиттерін қолма-қол ақшамен
де, қолма- қол ақшасыз аудару арқылы да енгізе алады. Талап
етілгенге дейін ( талап етілмелі ) депозит кез келген сомада және
кез келген кезенде жекелеген жарналар түрінде енгізіледі.
Мерзімді депозиттер мен шарттылы депозиттер бір жолғы жарна
түрінде бірден енгізіледі.
Банк өз депозиторына банктік депозит шартына айқындалып
көзделген мөлшерде және белгіленген тәртіппен депозит сомасына
сиақты төлейді.
Депозитор талап етілмелі депозит бойынша өзіне тиесілі
сыйақыны депозит сомасынан бөлек алуға құқылы.
Талап етілмелі банктік депозит шарты мерзімсіз болып табылады.
Мерзімді депозит бойынша депозиторға тиесілі сыйақыны сақтау
мерзімі аяқталғанда ғана берілетін депозит сомасынан бөлек алуға
болады.
Мерзімді депозит бойынша белгіленген мерзімнің аяқталуына орай
депозитор өзіне тиесілі сыйақына да және депозит сомасын да толық
мөлшерде алуға құқылы.
Депозитордың алғашқы талап етуі бойынша банкдепозитті немесе
оның бір бөлігін:
1. талап етілмелі депозит бойынша – депозитор талабының банкке
келіп түсуіне орай;
2. мерзімді депозит бойынша – банктік депозит шартында
көзделген мерзімнің басталуына байланысты;
3. шарттылы депозит бойынша – банктік депозит шартының
басталуын және депозиттің қайтарылуын байланыстыратын мән – жайлар
орын алған кезде беруге міндетті
Шетел валютасымен салынған депозит тиісті заңнамада, банктік
депозит шартында немесе банк пен депозитордың қосымша келісімінде
өзгеше көзделмесе, шетел валютасымен қайтарылуға тиіс.
Депозитор банктердің депозиттік операциялары барысында өзіне
көрсетілген банктік қызметтер үшін шартта белгіленген тәртіппен
ақы төлеуге міндетті.
Сонымен, депозитор талап етілмелі депозитті тиісті банктік
шотқа кез келген сомада және кез келген кезеңде ( уақытта )
жекелеген жарнамалармен енгізе алады. Ал банкке мерзімді депозит
пен шарттылы депозит салу кезінде депозитор қажетті мөлшердегі
ақша қаражаты сомасын бірден енгізеді.
Жеке тұлғалардың жинақ кітапшсында шот ашқан банктің немесе
оның филиаының орналасқан орны және аталуы; депозиттің түрі,
мерзімі; депозит шотының нөмірі; депозитордың фамилиясы, аты-жөні;
шотқа салынған депозиттің сомасы; шоттан шығарылған ақша
қаражатының сомасы; есептелген процент шамасы; шоттағы ақша
қаражатының қалдығы көрсетіледі.

2. ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2003ж 4 шілдедегі қаулысына сәйкес
жағдайлар

Банктік депозит салым шарты біржақты міндеттеуші сипатта
болғандықтан, міндетті тарап банк өзі жүзеге асыратын банктік
операцияның депозитор құқығы мен талабына сай болуын қалайды. [
3. 120-122 б ]
Осыған орай банк:
жеке тұлғалардан депозит қабылдау және оларға қаражаттар беру
орнында, көпшілікке көрінетін жерде тиісті банктік операцияларды
жүзеге асыруға Қазақстан Ұлттық Банкі немесе Қазақстан
Республикасын Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және
қадағалау жөніндегі Агенттігі берген лицензиялардың көшір-месін;
бухгалтерлік баланспен, пайда және шығын туралы есептемемен және
т.б. құжаттармен танысуға болатын адресті; белгіленген нысандағы
баланстық есептемені; белгіленген нысанда жасалған пайда және
шығын туралы есептемені; аудиторлық фирманы атауы және аудиторлық
қызметі жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Агенттігі
берген лицензияның нөмері көрсетілген аудиторлық қорытындыны іліп
қоюға;
депозитке қабылданған ақша құжаттарының сақталымдығы қамтамасыз
етуге;
шартта көзделген тәртіппен депозиторға депозит сомасын қайтаруға;
шартта көзделген жағдайлармен тәртіпке орай депозит сомасына
процент есептеуге және төлеуге;
депозитордың банктік шотына үшінші тұлғалардан келіп түскен
қаражаттарды есептеуге;
жеке тұлғалардың депозиттерін міндетті сақтандыру жолымен және
заңнамада көзделген жағдайларда өзгеде тәсілдер арқылы қайтаруға
міндеттенеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жарғылық капиталды
төлегенін растайтын құжат ұсынуы қажет болатын жаңадан құрылған
заңды тұлға үшін банктік депозит шарты ( шарттылы депозит )
негізінде банк уақытша жинақ шотын ашады.[ 16. 142 б ]
Уақытша жинақ шоты бойынша жаңадан құрылатын заңды тұлғаның
жарғылық капиталын қалыптастыруға және оларға банктік депозит
шарты бойынша банк көрсететін қызметке ақы төлеуге байланысты
операциялар жасалады, сондай-ақ осындай мән-жайлар аталмыш шартта
көрсетілуге тиіс.
Уақытша жинақ шотын ашу үшін клиент банкке:
уақытша жинақ шотын ашу туралы өтінішті;
құрылатын заңды тұлға құрытайшылардың уақытша жинақ шотын ашуға
және жабуға уәклеттік берілген жеке тұлғаның тағайымдау туралы
хаттамасының көшірмесін тапсырады.
Сонымен, банктік депозитшарты бойынша жинақ шотын ашқан
кезде банк депозитордан ақша ( депозит ) қабылдауға, ол бойынша
банктік депозит шартында көзделген мөлшерде және тәртіппен сыйақы
төлеуге және депозиттік салымның осы түрі үшін заңнамада және
банктік депозит шартында көзделген талаптар мен тәртіп негізінде
депозитті қайтаруға міндеттенеді.
Банктік депозит шарты бойынша жинақ шотын ашқан кезде
ақшаны салымшының өз атына немесе белгілі бір үшінші адамның
атына салуға болады.
Банктік депозит шартында:
шарттың мән-жайы;
салық қызметі органы берген құжатта көрсетілген салық төлеушінің-
клиенттің тіркеу нөмірі;
банктің қызмет көрсету шарттылықтары және оған ақы төлеу тәртібі
болуға тиіс.
Банктік депозит шарты жасалынғаннан кейін банк
депозитордың талап етуімен оның банктік шотына салынған салымды
растайтын, банк клиентінің атына ресімделген құжат ( депозиттік
құжатты ) береді. [ 11. 105-109 б ]
Депозитордың кітапшасы ( жинақ кітапшасы ) депозиттік
құжаты болып табылады. Депозиттік құжат банктің ішкі ережелері мен
талаптарына сәйкес беріледі.
Жинақ шотын ашу кезінде депозитор клиенттер:
Қазақстан Республикасын депозитор заңды тұлғалары-резиденттері және
олардың оқшауланған бөлімшелері ( филиалдары мен өкілдіктері ):
қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжатты;
клиенттің салып есебіне қойылу фактысын растайтын,
салық қызметі органы берген құжаттын көшірмесін;
статистикалық карточканың көшірмесін;
уәкілетті орган берген олардың мемлекеттік тіркеуден ( қайта
тіркеуден ) өткендігін растайтын белгіленген нысандағы құжаттың
көшірмесін;
филиалдар мен өкілдіктер- Қазақстан Республикасын резидент заңды
тұлғасы филиалдың немесе өкілдіктің басшысына берген сенім хаттың
көшірмесін;
жарғының ( ереженің ) не клиенттің қызметін үлгі жарғы
негізінде растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
Қазақстан Республикасының депозитор жеке тұлғалары – резиденттері:
қол қою үлгісі бар құжатты;
клиенттің салық есебіне қойылу фактісін растайтын салық
қызметі органы берген құжаттың көшірмесін;
заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке
тұлғалар уәклетті орган берген, өздерінің мемлекеттік тіркеуден (
қайта тіркеуден ) өткендігін растайтын белгілкнген нысандағы
құжаттың көшірмесін;
жеке басын куәландыратын құжатты.
3) Қазақстан Республикасының резидент емес депозитор заңды
тұлғаларды және олардың оқшауланңан бөлімшілері ( филиалдарымен
-өкілдіктері );
қол қою үлгілері және мөртаңбасы бар құжатты;
сауда тізілімінен не осындай сипаттағы, резидент емес заңды
тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, күні және тіркеу орны
туралы ақпарат бар, мемлекеттік немесе орыс тіліне аудару арқылы
белгіленген тәртіппен расталған ( құрылу ) үшін арнаулы тіркеу
талап етілмейтін ұйымдарды қоспағанда және қажет болған жағдайда
Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе қатысушысының біреуі
Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес
жария етілген құжаттан үзінді-көшірмені;
резидент емес заңды тұлғалардың филиалдарымен өкілдіктері
уәкілетті орган берген өздерінің мемлекеттік тіркеуден ( қайта
тіркеуден ) өткендігін растайтын, белгіленген нысандағы құжаттың
көшірмесін, сондай-ақ тиісті филиал немесе өкілдік туралы ереженің
мемлекеттік және немесе орыс тілдерінде жазылған, нотарият
куәландырған көшірмесін және Қазақстан Республикасын резидент емес
заңды тұлғасы филиалдың немесе өкілдіктің басшысына берген
сенімхаттың көшірмесін;
қол қою және мөртаңбасының үлгілері бар құжаттқа сәйкес
клиенттің жинақ шотын жүргізуге ( жинақ шотындағы ақшаға иелік
жасауға ) байланысты операциялар жасау кезінде төлем құжаттарына
қол қоюға уәклетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың
көшірмесін;
4) Қазақстан Республикасының резиденті емес салымшы жеке
тұлғалар:
қол қою үлгісі бар құжатты;
заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке
тұлғалар уәкілетті орган берген өздерінің мемлекеттік тіркеуден (
қайта тіркеуден ) өткендігін растайтын белгіленген нысандағы
құжаттың көшірмесін және жеке басын куәландыратын құжатты
тапсырады.
Белгілі бір үшінші адамның-клиенттің атына жинақ шотын ашу
барысында депозиторлар:
1) заңды тұлға және оның оқшауланған бөлімшелері:
шот ашу және шотты иелену құқығына берілген нотариалды
куәландырылған сенімхатты;
жинақ шотын ашу кезінде клиенттің салық есебіне қойылу
фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың
көшірмесін;
уәкілетті орган берген, заңды тұлғаның ( филиялдың, өкілдіктің )
– клиенттің мемлекеттік тіркеуден ( қайта тіркеуден ) өткендігін
растайтын белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесін.
2) жеке тұлға:
есепшот ашу немесе есепшотты иелену құқығына берілген
нотариалды куәландырылған сенімхатты;
клиенттің салық есебіне қойылу фактісін растайтын ( егер
клиент салық заңнамасына сәйкес салық төлеуші болып табылған және
оған салық төлеушінің тіркеу нөмірі берілген жағдайда) салық
қызметі органы берген құжаттың көшірмесін;
жасқа жетпеген, кәмелетке толмаған тұлғалар-клиенттер үшін тууы
туралы куәлікті;
депозитордың жеке басын куәландыратын құжатты тиісті банкке
тапсыруға міндетті.
Заңды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкілдіктері банкке
мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған № 1 қосымшаға сәйкес
нысан бойынша бірінші және екінші қол қою үлгілері және мөртаңба
белгісі бар құжаттарды ұсынады.
Жеке тұлғалар және заңды тұлғалар құрмай кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыратын жеке тұлғалар банкке мемлекеттік және орыс
тілдерінде жасалған № 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қол қою
үлгісі бар құжаттарды ұсынады.
Заңды тұлғалар мен олардың филиалдары немесе өкілдіктері
ұсынатын қол қою үлгілері және мөртаңба белгісі бар құжаттарда
бірінші қол қою құқығы басшының немесе ол уәкілеттік берген
басқа адамдардың құзырында болады. Екінші қол қою құқығы бас
бухгалтерге немесе басқа уәкілетті адамдарға беріледі.
Осындай өкілеттіліктер құрылтай құжаттары негізінде не тиісті
заңды тұлғалар, филиалдар немесе өкілдіктер басшыларының бұйрықтары
негізінде не осындай өкілдіктер беруге негіз болған басқа
құжаттарға сәйкес белгіленеді.
Егер заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің штатында
екінші қол қою құқығын беруге болатын тұлға жоқ болса, банк
құжатты тек бірінші қол қою үлгісімен қабылдайды да бұл жайында
осы құжатқа тиісті жазу жазылады. Қол қою үлгілері және мөртаңба
белгісі бар құжаттарда заңды тұлғаның, оның филиалдарының немесе
өкілдігінің мөртаңба белгісінің үлгісі болуға тиісті.
Бұл талап заңды тлғалар шыққан ел заңнамасының ерекшелігіне
байланысты мөрі жоқ болып отырған Қазақстан Республикасының
резидент емес заңды тұлғаларына, олардың филиалдары мен
өкілеттеріне қолданылмайды. [ 3. 122-124 б ]

3. Заңды және жеке тұлғалардан салым қабылдау

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Жеке тұлғалардың
салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру)
жүйесінің жұмыс істеу және оған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі
банктерінің қатысу ережесін бекіту туралы 2003 жылғы 04 шілдегі қаулыға
сәйкес, мына жағдайлар белгіленеді
Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік
беру (сақтандыру) жүйесін (бұдан әрі – Депозиттерге кепілдік беру жүйесі)
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі (бұдан әрі –
банктер) жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық
кепілдік беруді (сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйым, міндеттемелеріне осы
Ережеге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салымдарды
(депозиттерді) қайтару бойынша кепілдік берілетін банктер және олардың
салымшылары (депозиторлары) құрайды.
    2. Депозиттерге кепілдік беру жүйесі .Депозиттерге кепілдік беру
жүйесіне қатысатын банктерді мәжбүрлеп таратқан жағдайда жеке тұлғалардың
салымдарын (депозиттерін) қайтаруды қамтамасыз етуге негізделген.
    3. Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық
кепілдік беруді (сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйым Қазақстанның жеке
тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры жабық акционерлік
қоғамы (бұдан әрі – Қор) болып табылады.
    4. Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне осы Ережеде белгіленген
талаптарға жауап беретін кез келген банк қатысушы бола алады.
    5. Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер осы Ережеде
белгіленген мөлшерде және тәртіппен Қорға жарналар төлейді.
    6. Жеке тұлғалардың салымдарының (депозиттерінің) түрлері және
Қордың оларға кепілдік беру (сақтандыру) ерекшеліктері Қазақстан
Республикасының заңдарында айқындалады.
    7. Қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
    1) агент банк – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қормен
жасалған агенттік келісім негізінде салымшыларға (депозиторларға) өтемақы
төлеу жөніндегі рәсімді жүзеге асыратын қатысушы банк;
    2) қатысушы банк – олар тартқан жеке тұлғалардың салымдарын
(депозиттерін) қайтару жөніндегі міндеттемелеріне Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес келпілдік берілетін Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне
қатысушы болып табылатын банк;
    3) салым (депозит) бойынша өтемақы – Қор салымшыға (депозиторға)
кепілдік берілген салым (депозит) бойынша төлеуге тиісті ақша сомасы;
    4) салымшы (депозитор) – қатысушы банкте кепілдік берілген салымы
(депозиті) бар жеке тұлға;
    5) кепілдік берілетін салым (депозит) - Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісі
болып табылатын теңгедегі жәненемесе шетел валютасындағы салым (депозит);
    6) қосымша жарналар – салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеу
үшін өтемақы резерві жеткіліксіз болған жағдайда қатысушы банктердің Қорға
біржолғы төлемдері;
    7) міндетті күнтізбелік жарналар – қатысушы банктердің Қорға тоқсан
сайынғы төлемдері;
    8) қайтару резерві – осы Ережеде көзделген тәртіппен қалыптасатын,
салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеуге арналған ақша сомасы;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақш- тың банк жүйесі
Қазақстан Республикасы банкiнiң валюталық бақылауы
Екінші деңгейдегі банктердің қызметінің құқықтық негіздері
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Банктердің депозиттік операциялары, Қазақстанда депозит нарығын дамыту
Қазақстаннның банк жйесінің дамуына және ондағы мәселелер мен оларды шешу жолдары
Қазақстан Республикасының банктерін соның ішінде екінші деңгейдегі банктердің құрылуы, екінші деңгейдегі банктердің депозиттік операция жасау ерекшеліктері
НҰР БАНКІ МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің депозиттік операцияларын талдау
Несие беру теорисы мен тәжірибесінде банктің қарыз алушылардың өзарақатынасы
Пәндер