Қазақ ұлттық ойындары: Тоғызқұмалақ, Қыз қуу және Қызойнақтың тарихы мен әлеуметтік мәні


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақтың ұлттық ойындары

ұлттық ойындары тоғызқұмалақ

Тоғызқұмалақ - еліміздің дәстүрлі ұлттық ойындарының бірі. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін.

Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Өкінішке қарай, ол Кеңес Одағы кезінде біршама тоқырауға ұшырап, артынан тіпті насихатталмай-ақ қойды. Бірақ еліміз тәуелсіздік алған кезден бері осынау ұлттық ойынымыз қайта жандану жолына түсті. Қазіргі таңда республикамызда оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғызқұмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған.

Тоғызқұмалақтың дамуы оның насихатталуына байланысты ғой. Десек те оны басқа жолдармен алға жылжытуға болады. Бұл үшін әуелі тоғызқұмалақтан халықаралық қауымдастық ашылуы керек. Сонда ғана ұлтымыздың ақыл-ой спортының көсегесі көгереді. Ал егер де халықаралық қауымдастық аша алмасақ, онда тоғызқұмалақты ертең басқа бір ұлт еншілеп кетуі әбден мүмкін.

Тоғызқұмалаққа ұқсас бұл нендей ойындар? Қазір олардың даму деңгейі қандай?

Жалпы, тоғызқұмалақ зияткерлік ойынға жатады. Ал зияткерлік ойындар дегеніміз - адамның ойлау қабілетін, ой-өрісін дамытатын спорт түрі. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, оның тағылымдық, тәрбиелік, танымдық құндылықтары көп, оның үстіне зияткерлік ойындардың терапиялық сипаты да зор екен. Сондықтан бүгінгі таңда дүние жүзінде зияткерлік ойындарды дамыту, өркендету маңызды шаралардың бірі болып саналады.

Қазір әлемде тоғызқұмалаққа ұқсас египеттіктердің калах, Шри-Ланкада олинда, калиа, қырғыздарда тогузкоргоол, африкалықтарда манкала, габата, абапа, нам-нам, бао, тамподуо, омвесо, маработ, америкалықтарда аджи-бото, варри роунд және роунд, азиялықтарда сунгка, паллангули, гонгкак сынды ойындар бар. Айта кетерлігі, бұлардың барлығы адамның бойында сабырлылықты, төзімділікті, ойшылдық, есептегіштік пен үнемшілдік қасиеттерді қалыптастырады. Соған байланысты болу керек, қазір бұл ойындарды барлығы өз елдерінде тиісті деңгейде дамытып келеді. Өйткені, ондағы қонақ үйлердің бәрінде орындық жанында осы ойынның үлкен картасы қойылады екен. Ал бізде ше? Бізге неге қонақ үйлерге тоғызқұмалақ тақталарын қойып, шетелдіктерді үйретпеске? Қазақстанда да мұны жасауға болар еді ғой. Жалпы, осындай мысалдарды тоғызқұмалаққа ұқсас ойындардың бәрінен келтіруге болады. Қазір олардың бәрінде халықаралық қауымдастықтары бар, ең бастысы, ойынға жаны ашитын адамдары көп.

Қыз қуу (дәстүр, ойын) .

«Тойда ат шабу, балуан күресу, қыз қуу сияқты ұлт ойындары болады» (С. Мұқанов) . «Қыз қуу» дәстүрге де, ойынға да жататын қазақ арасына кең тараған көңілді көрініс. Оның шарты - қыз атпен қашады, жігіт оны қуып жетсе бетінен сүйеді де, кейін қашады. Енді қыз қуып жетсе, оны қамшының астына алады. Бұл қызықты дәстүр әлі де жалғасып келе жатыр.

Шынын айтқанда, “Қыз қуудың” әрбір саны күнен-күнге көрерменді өзіне тартып, келесі ойынды асыға күттіретін жағдайға жақындап келеді. Ойын шарты да қызық. Алдымен ойыншыларға бір сөзді айтады. Сол сөзге сөйлем құрап, жігіт қызға сезімін білдіреді. Мәселен, ойынның соңғы, яғни 12 ақпандағы санында алғашқы жұп Ермек пен Толғанайға “тырнақ” тақырыбы берілді. Ермек: “саған тырнақтай болса да ұнасам арманым болмас еді”. Толғанай: “жігіттерге мен өзім қаталдау едім. Тырнағым батып кете ме деп қорқып отырғаным” . . . Жігіт: “бұл еркелігіңді көтерейін, тек тырнақ астынан кір іздемеші”. Қыз: “мен ұнатқан жігіттің тарыдай десем тым артық болар, тырнақтай да кемшілігі болмауы керек” - деп бір-біріне сезімдерін білдіріп жатты. Олардың бағасын сонда отырған көрермендер береді.
Бағдарламаның бұл санында тағы бір өзгерісті байқадық. Лақпа, қайым, қыз бен жігіт айтысы түрлерін таңдау ерігі ойыншыларға берілді. Сондай-ақ оны әуенмен айту қажет. Сонымен, жігіт:

“Қыз емес қызығы әсем құралайсың,

Қызықшыл жігітсің деп кінәлайсың.

Бетіңнен албыраған бір сүйгізіп,

Тағдырдың тезіне сап сынағайсың”

Қыз:

“Бұл қалай оңай олжа тапқаныңыз,

Одан да бар өнерді ақтарыңыз.

Бетіңнен бір сүйгіз деп жалынғанша,

Жөн шығар атқа мініп шапқаныңыз” - деп қыз бен жігіт айтысының ажарын аша түсті. Бұл жолғы айтыс домбыраның сүйемелдеуімен өтті. Айтысқа ойыншылардың дайындықпен келгендігі сезілді. Бастысы - бұл емес. Дегенмен ойын шынайы өтті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ұлттық ойындарының тарихы мен ережелері: тоғызқұмалақ, күміс алу, қазақша күрес, қыз қуу
Асық, тоғызқұмалақ және Қыз қуу: қазақ ұлттық ойындарының тәрбиелік рөлі мен сақталу мәселелері
Наурыз мерекесіндегі дәстүрлі ойындар: Алтыбақан, Ақсүйек, Тоғызқұмалақ және Қыз қуу
Қазақтың ұлттық спорттық ойындары: тарихы мен түрлері
Қазақ ұлттық ойындары: тарихы, түрлері және мектептегі тәрбиелік-педагогикалық маңызы
Қазақтың ұлттық ойындары: тарихы, түрлері және тәрбиелік маңызы
Қазақтың ұлттық ойындары: тарихы, типологиясы және негізгі ережелері
Қазақ ұлттық ойындарының тарихы, тәрбиелік мәні және насихаттау
Қазақ халық ойындары мен ұлттық спорт түрлерінің жіктелуі және ерекшеліктері
Қазақ ұлттық ойындары: Ақсүйек, Алтыбақан және Тоғызқұмалақтың тарихы, ережесі және тәрбиелік маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz