Мақал-мәтелдер



Кіріспе.
1. Мақал . сөз мәйегі.
Негізгі бөлім.
1. Мақал.мәтелдер . қазақ ауыз
әдебиетінің аз зерттелген салаларының бірі.
2. Мақал.мәтелдердің қазақтың рухани
мәдениетінде алатын орны.
3. Мақал.мәтелдің даму көздерінің бірі . басқа
халықтардан ауысу.
4. Мақал.мәтелдердің жасалуы мен қалыптасуы.
Қорытынды бөлім.
1. Мақал.мәтелдер . халық мұрасы, халық
даналығы, рухани қазына.
Қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде мақал мен мәтел көлемі шағын, мазмұны бай, тілі көркем жанрға жатады. Мақал-мәтелдер өзін жасаушы халықпен бірге жасайды, біреулері ескіріп қолданудан шығады, екіншілері жасарып, жаңадан туындап жатады.
Халық шығармасының басқа түрлері сияқты мақал мен мәтелдерді де әуел баста жеке адамдар шығарады, оны біреуден біреу естіп, жаттап айта жүреді, өңдейді, өзгертеді, сөйтіп олар бірте-бірте жалпы халықтық мұраға айналады. Демек, мақал-мәтелді белгілі бір халықтың өмірде көрген-білгенін жасаған қорытындысы, ақыл-ой түйіні деуге болады.
Мақал мен мәтелдердің өміршеңдігі – тілінің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде, аз сөзбен көп мағына беретіндігінде, еске сақтауға қолайлылығында.
Мақал-мәтел адам тұрмысындағы алуан түрлі оқиғаларды, қарым-қатынастарды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді; айтылмас ойды ажарлайды, әрі анықтайды. Сондықтан да халық «Сөздің көркі – мақал» деп бағалаған.
Мақал мен мәтел халықтың өзі жасап алған заңы, өмірде болатын әр түрлі жағдайларды ұғындыратын, түсіндіретін оқу құралы іспетті. Мақал-мәтелде, көбінесе, ортақ ой, жалпы ереже, анықталған қағидалар айтылыды, формасы жағынан тілге жеңіл, құлаққа жағымды дыбысқа, ырғақ-ұйқасқа құрылады, көбінесе көркем тілмен - өлеңмен жасалады. Сол себепті де, тыњдаушыны еркін баурап алады.
Мақал-мәтел – қос мағыналы шығарма, онда көбінесе тура мағынамен қатар астарлы мағына да болады. Тура мағына мысал ретінде алынады да негізгі ой астарлап айтылады. Мысалы, «Тырнадан қарауыл қойсаң, төбеңнен қиқу кетпес».
Мақал-мәтел, әдетте, бүкіл адамзат баласына ортақ. Сондықтан бір халықтың мақалын екінші халық төл шығармасындай қабылдай береді. Көптеген мақал-мәтелдер көнермей көп жасайды, әлденеше ұрпаққа, қоғамға қызмет етеді. «Малым жаным садағасы, жаным арым садағасы»; «Қоянды қамыс өлтірер, ерді намыс өлтірер» дейтін ежелгі халық мақалдары Ұлы Отан соғысы кезінде де ел аузынан түскен жоқ, елдегі еңбеккерлерді, майдандағы жауынгерлерді жігерлендіретін құдіретті сөзге, ұранға айналды.
Мақал-мәтелдердің шығу, даму тарихын қоғам өмірінен, әлеуметтік ой-сананың өсуінен бөліп қарауға болмайды. «Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін»; «Ісіңнің ағына қарама, маңдайыңның бағына қара» дейтін мақалдар өткен қоғамның санасынан елес берсе, «Талапты ерге нұр жауар»; «Еңбек етсең, емерсің» дейтін мақалдар халық сана-сезімінің өскен кезін бейнелейді. Ал «Оқу - өмір шырағы, кітап – білім бұлағы»; «Отан үшін отқа түс – күймейсің» дейтін мақалдар жаңа заманның, біздің қоғамның ой-санасынан туған.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Мақал – мәтелдер

Дайындаған:
ТОЗ-03-1 тобының студенті
Әубәкір Жомарт
Қабылдаған:
Медеубаев Омарбай Әсетұлы

Қарағанды 2004

Кіріспе.
1. Мақал – сөз мәйегі.

Қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде мақал мен мәтел көлемі шағын,
мазмұны бай, тілі көркем жанрға жатады. Мақал-мәтелдер өзін жасаушы
халықпен бірге жасайды, біреулері ескіріп қолданудан шығады, екіншілері
жасарып, жаңадан туындап жатады.
Халық шығармасының басқа түрлері сияқты мақал мен мәтелдерді де әуел
баста жеке адамдар шығарады, оны біреуден біреу естіп, жаттап айта жүреді,
өңдейді, өзгертеді, сөйтіп олар бірте-бірте жалпы халықтық мұраға айналады.
Демек, мақал-мәтелді белгілі бір халықтың өмірде көрген-білгенін жасаған
қорытындысы, ақыл-ой түйіні деуге болады.
Мақал мен мәтелдердің өміршеңдігі – тілінің көркемдігі мен мазмұнының
тереңдігінде, аз сөзбен көп мағына беретіндігінде, еске сақтауға
қолайлылығында.
Мақал-мәтел адам тұрмысындағы алуан түрлі оқиғаларды, қарым-
қатынастарды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді; айтылмас ойды ажарлайды,
әрі анықтайды. Сондықтан да халық Сөздің көркі – мақал деп бағалаған.
Мақал мен мәтел халықтың өзі жасап алған заңы, өмірде болатын әр түрлі
жағдайларды ұғындыратын, түсіндіретін оқу құралы іспетті. Мақал-мәтелде,
көбінесе, ортақ ой, жалпы ереже, анықталған қағидалар айтылыды, формасы
жағынан тілге жеңіл, құлаққа жағымды дыбысқа, ырғақ-ұйқасқа құрылады,
көбінесе көркем тілмен - өлеңмен жасалады. Сол себепті де, тыњдаушыны еркін
баурап алады.
Мақал-мәтел – қос мағыналы шығарма, онда көбінесе тура мағынамен қатар
астарлы мағына да болады. Тура мағына мысал ретінде алынады да негізгі ой
астарлап айтылады. Мысалы, Тырнадан қарауыл қойсаң, төбеңнен қиқу кетпес.

Мақал-мәтел, әдетте, бүкіл адамзат баласына ортақ. Сондықтан бір
халықтың мақалын екінші халық төл шығармасындай қабылдай береді. Көптеген
мақал-мәтелдер көнермей көп жасайды, әлденеше ұрпаққа, қоғамға қызмет
етеді. Малым жаным садағасы, жаным арым садағасы; Қоянды қамыс өлтірер,
ерді намыс өлтірер дейтін ежелгі халық мақалдары Ұлы Отан соғысы кезінде
де ел аузынан түскен жоқ, елдегі еңбеккерлерді, майдандағы жауынгерлерді
жігерлендіретін құдіретті сөзге, ұранға айналды.
Мақал-мәтелдердің шығу, даму тарихын қоғам өмірінен, әлеуметтік ой-
сананың өсуінен бөліп қарауға болмайды. Таудай талап бергенше, бармақтай
бақ берсін; Ісіңнің ағына қарама, маңдайыңның бағына қара дейтін
мақалдар өткен қоғамның санасынан елес берсе, Талапты ерге нұр жауар;
Еңбек етсең, емерсің дейтін мақалдар халық сана-сезімінің өскен кезін
бейнелейді. Ал Оқу - өмір шырағы, кітап – білім бұлағы; Отан үшін отқа
түс – күймейсің дейтін мақалдар жаңа заманның, біздің қоғамның ой-
санасынан туған.
Мақал-мәтелдер ауызекі сөзді көркейту үшін ғана емес, көркем
шығармаларда да көп қолданылады. Ақын-жазушылар шығармаларында халық
даналығын пайдаланумен бірге, сол үлгімен өздері де жаңа мақал-мәтелдер
жасайды. Ыбырай Алтынсариннің Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш
болам деп ойламайды дейтін сөзі мақалға айналып кеткені белгілі.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Ішінде ит өлігі жатқан дейтін өлең жолы арам
ойлы зымиян адамдарды бейнелейтін мәтел болып кеткен. Мұхтар Әуезовтің
“Абай жолы” романындағы Күйі бірдің күні бір деген сөзін де жаңа мақалға
жатқызуға болады.
Ақын-жазушылар ғана емес, ана тілінде таза сөйлеп жаза білетін әрбір
мәдениетті адам мақал-мәтелді қолданып қана қоймайды, сонымен бірге оны
өңдейді, өз жанынан да жаңа мақал-мәтелдер шығарады, сөйтіп халықтың
даналық қоры байып отырады.
Мақал-мәтелдер – ертегі, аңыз әңгіме, батырлық-ғашықтық жырлар, қара
өлеңдер секілді халық шығармаларымен қатар жасап келе жатқан көне жанр.
Олай дейтініміз ХII – XIII ғасырлардан сақталған сирек жазба деректерде де
мақал-мәтелдерді кездестіруге болады. Орхон жазуларында: Жырақ болса жаман
сыйлық берер, жақын болса жақсы сыйлық берер; Бастыны еңкейткен, тізеліні
бүктірген (Күлтегіннен); Жұқаны тастау оңай, жіңішкені үзу оңай;
Өлімнен ұят күшті (Тоныкөктен) деген мақалдарды оқи аламыз. Ал Махмұт
Қашқаридің “Дивани лұғат ат-түрік” сөздігінен: Ұлық болсаң кішік бол...;
Тай ат болса – ат тынар, ұл ер болса – ата тынар; Күз болары көктемнен
мәлім; Бейнет түбі – зейнет сияқты мақалдарды; Баласағұнның “Құтадғу
білік” дастанынан: Біліп сөйлесең білікке саналар, білімсіз сөз өз басын
жояр; Ауыздан бірде от, бірде су шығар, бірі жанса, бірі сөндірер;
Аққан су ол –жақсы сөз, ол қайда ақса сонда су өсер дейтін мақалдарды
кездестіреміз.
Алайда ертедегі құлпытастарда, ескі кітаптарда жазылған осы секілді
бірен-саран деректер болмаса, қазақ мақалдары мен мәтелдері қағазда емес,
халық жадында сақталған. Оларды жинап, жазып қағаз бетіне түсіру, баспасөз
арқылы жариялау XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады.

Негізгі бөлім.
1. Мақал-мәтелдер – қазақ ауыз
әдебиетінің аз зерттелген салаларының бірі.

Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым – Шоқан
Уәлиханов. Ш.Ш. Уәлиханов пен И.Н.Березин архивтерінде XIX ғасырдың елуінші
жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтел сақталған.
Солардың ішінде күні бүгінге дейін құнын жоймаған Ақыл – дария, көңіл –
дүлдүл; Тоты құс бойын көріп зорланады, аяғын көріп қорланады деген
секілді ондаған мақал-мәтелдер бар. Сол уақыттан бері қазақ мақал-мәтелдері
әр түрлі жинақтарда, кітаптарда жарияланып келеді. Қазақ фольклорының басқа
түрлерімен бірге оны жинап жариялаушылар: Ш.Ибрагимов, М.Терентьев,
Ы.Алтынсарин, Я.Лютш және тағы да басқалар болды.
Мақал-мәтел көшпелі елдің тұрмысынан туып, сол халық өмірінің барлық
саласын қамтитынын, бейнелейтінін көрсете келіп С.Сейфуллин жалпы ауыз
әдебиетіне ортақ бір ой тастайды. “Ауыз әдебиетінің қай бөлімі болса да,-
дейді ол,- сол заманның тұрмысының қандай болғанын, тұрмыстың әсерімен ол
тұрмысқа ұқсап туған сана, қандай сөз, қандай әдебиет болғанын көрсетеді.
Заманына қарай күлкісі, тауына қарай түлкісі; Сабасына қарай піспегі,
мұртына қарай іскегі деген ереже сөздер әр заманның тілі, көркем сөзі,
әдебиеті сол заманның салт-санасына, сол заманның тұрмысына, ол заман
тұрмысынан туған мұратына ұқсай туды” деген сөзді қуаттайды. Демек, әдеби
мұра оны тудырған уақытпен, қоғам мүддесімен, мұратымен тығыз байланыста
қаралып, бағалануға тиіс.
М.Әуезов 1940 жылдардың басында жазылған “Қазақ халқының эпосы мен
фольклоры” дейтін зерттеуінде қазақтың мақалдары мен мәтелдерінің пішіні
өлең түрінде жасалатын, мазмұны халықтың негізгі кәсібі малшылықпен
байланысты болатын екі ерекшелігіне назар аударған. Оның мазмұнына,
көркемдігіне қарап автор мынадай қорытынды жасайды: “Мақал-мәтелдердің
молдығы, олардың тамаша поэтикалық формасы, шебер түрде берілген терең,
тіпті философиялық мән-мағынасы – осындай тамаша үздік шығармалар тудырған
қазақ халқының өзінің де асқан ақындық дарынының, оның сарқылмас
даналығының анық айғағы”.
М.Ғабдуллин “Қазақ халқының ауыз әдебиеті” атты жоғары оқу орындарына
арналған оқулығында мақал-мәтелдерді жұмбақтармен бірге дербес тарау етіп
қарастырады. Ғалым алдымен қазақ мақал-мәтелдерін жинап бастырушыларды
ілтипатпен атай келіп, бұл жанрдың табиғатын, әдеби-әлеуметтік мәнін ашады.
“Ең алдымен әлеуметтік жағынан алғанда мақал – үлкен толғау, образ арқылы
берілген логикалық ой қорытындысы болып келеді, - дейді профессор
М.Ғабдуллин, - ол адам өмірінде, тұрмыс-тіршілігінде, қоғамдық жағдайларда
кездесетін құбылыстарға, тарихи оқиғаларға берілген даналық баға, байсалды
тұжырым есебінде қолданылады. М.Горкийдің “Мақал мен мәтел еңбекші халықтың
тарихын, әлеуметтік, барлық өмір тәжірибелерін үлгілі, қысқа түрде айтып
береді” деуі де содан”.
Фольклордың басқа түрлері сияқты мақал-мәтелдер – халық оқулығы,
өсиеті. Олар жастарды тәрбиелейді, жамандықтан сақтандырады. Ең алдымен
қарапайымдылыққа, қайырымдылыққа, ұйымшылдыққа мегзейді, еңбекке, ерлікке
баулиды. Адалдықты, адамгершілікті мақтап, насихаттай отырып, оған қарама-
қарсы арамдық, қараулық, өтірік-өсек, жалқаулық, ұрлық, екі жүзділік
секілді жарамсыз мінез-құлықтар сыналады. Халық тұрмысының айнасы мақал-
мәтелдерде қоғамдық топтардың, таптардың арасындағы қарым-қатынастар,
қайшылықтар, тартыстар бейнеленеді. М.Ғабдуллиннің монографиясында осының
бәрі талданған, қорытылған. Автор өзінің педагогикалық ой-пікірлеріне лайық
парасаттылықты, мәдениеттілікті, саналылықты уағыздайтын, өнер-білімге,
ерлік-еңбекке, бірлік-ынтымаққа шақыратын мақал-мәтелдердің мағынасын ашып
насихаттауға ерекше көңіл бөлген, мақал-мәтелдердің әдеби-эстетикалық мәнін
айқындай түскен.
Мақалдар мен мәтелдер – мағынасы да, тұлғасы да әлдеқашан қалыптасқан,
тез өзгере қоймайтын жанр. Фольклорлық мұраны, соның ішінде мақал-
мәтелдерді зерттегенде бұл ерекшелікті елемеуге болмайды.
Мақалдар-мәтел – халықтың сан ғасырлық көрген-білгенінен, бастан
кешкен оқиғаларынан қорытқан ақыл-ойының жиынтығы, анықтамасы; табиғатта,
өмірде үнемі қайталанып отыратын оқиғалармен, құбылыстармен байланысты
туған тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.
Әр халықтың мақалы мен мәтелі – сол халықтың өзі жасап алған логикалық
формуласы, ережесі. Ол кез келген оқиғаның, мәселенің тұсында еске түседі,
тілге оралады. Сөйтіп көп ойлануды, ұзақ баяндауды керек ететін қиын
нәрсені жеп-жеңіл, оп-оңай, бір-ақ ауыз сөзбен түсіндіреді, ұғындырады.
Туған елдің қадір-қасиеті туралы балаға ұзақ әңгімелемей-ақ: Ел іші –
алтын бесік; Кісі елінде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол деп екі-үш
ауыз сөзбен-ақ Отан қадірін ұғындыруға болады.
Соңғы жылдары дидактикалық шағын жанрларға әдебиет қауымы назар аудара
бастады. әдеби қорымызды байытатын бірнеше аударма жинақтар мен зерттеулер
жарық көрді. Солардың ішінде М.Әлімбаевтің “Өрнекті сөз – ортақ қазына”
атты зерттеуі аударма мәселесіне арналған. Еңбекте қазақ мақал-мәтелдерінің
шығу тарихы, өмір танытқыштық мәні, қолданылуы және жаңа мақалдардың жасалу
жолдары жайында автор бағалы пікірлер айтқан, мақал-мәтелдерді орыс тілінен
қазақ тіліне аударудағы өз тәжірибелерін ұсынған. Еңбек мақала, очерк
стилінде жазылған. Поэтикалық аудармаға бой ұру, аллитерация-ассонанс қуу,
жанынан төлеу сөз қосуға әуестену сияқты кейбір даулы пікірлеріне
қарамастан очерк қазақ мақал-мәтелдерін зерттеуге қосылған елеулі үлес
болып табылады.

2. Мақал-мәтелдердің қазақтың рухани
мәдениетінде алатын орны.

Мақал-мәтел – егіз жанр, туыс жанр. Дегенмен мағынасына, құрылысына,
атқаратын қызметіне қарағанда өзіндік айырмашылықтары бар. Мақал дегеніміз
- өмір құбылыстарын жинақтайтын және типтендіретін, бір немесе екі бөлімнен
құралып, алдыңғысында шарт немесе жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды,
түйінді пікір айтатын бітімі бекем, өте ықшам, бейнелі әрі ырғақты халық
нақылы. Мәселен, “Мезгілі жетсе, мұз да ерір”, “Ер жігіт үйде туып, түзде
өлер”... Ал мәтел дегеніміз – халық арасына көп тараған, қорытындысы
болмайтын, тұжырымы тиянақталмаған, қарама-қарсы шендестіруі жоқ, ықшам
кестелі халық сөзі. “Көппен көрген ұлы той”, “Апама жездем сай” т.б.
Мақал мен мәтелдің осындай даралық ерекшеліктерін түсіндіре келіп
белгілі этнограф, жазушы В.И.Даль: “Мәтел, халық сөзімен айтқанда – гүл, ал
мақал – дән,”- дейді. Осы пікірді дамытып фольклорист М.А.Рыбникова: “Мәтел
– бұл сөз оралымы, қалыптасқан сөйлем, пікірдің элементі. Мақал – аяқталған
пікір, біткен ой”,- деп түйеді.
Сөйтіп, мақал мен мәтел – қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы, халықтың
тұрмысын, кәсібін, салтын, дүниеге көзқарасын бейнелейтін шағын поэтикалық
жанр.
Мақал-мәтелдерді халық не үшін қадірлейді? Саф алтындай асылдығы,
мірдің оғындай өткірлігі, ықшамдығы, дау тудырмас даналығы, өнеге үйреткіш
тәлімділігі, қиып түсер қылыштай уыттылығы мен тапқырлығы үшін деген болар
едік.
Ауыз әдебиетінде мақал-мәтелдердің араласпайтын жанры жоқ. Ертегі,
аңыз әңгіме, дастан-жыр, халық өлеңдерінде, тіпті жұмбақтарда да сөзді
әрлеу, ойды өткірлеу үшін мақал-мәтелдер дәлел, айшық ретінде қолданылады.
Мақал-мәтелдер қазақ ауыз әдебиетінің аталған жанрларына кірпіш болып
қалануымен бірге, олардан өзі де нәр алады, ойлы, өнегелі сөйлемдер
есесінен байып, дамиды. Қорқыт дегенде өстіп қорқыт деп пе едім дейтін
мәтел “Бөдене мен түлкі” әңгімесімен, Түйе бойына сеніп жылдан құр
қалыпты дейтін мақал жыл туралы аңызбен байланысты шыққан.
Ауыз әдебиетінде мақал-мәтелге жақын жанрлардың бірі – халық өлеңдері.
Онда поэзияға тән әдеби-тілдік көркемдікпен қатар астарлы мағыналы жолдар
аз емес. Жігітке өлең де өнер, өнер де өнер; Арғымақ бірде жалды, бірде
жалсыз, ер жігіт бірде малды, бірде малсыз; Жабыны жауға мінбе жалы бар
деп, жаманмен құба болма малы бар деп деген секілді көптеген мақал-
мәтелдер халық өлеңдерінен ауысқан.
Мақал-мәтелге етене жанрлар – шешендік сөздер мен нақыл сөздер. Бұл
екі жанрдың мазмұн-мағына жағынан туыстығы мен түріне қарағанда өзара
ұқсастықтары сондай – оларды кейде мақал-мәтелдерден ажырату қиын. Өзара
тығыз байланысты осы жанрларды бір-бірінен мағынасына, көлеміне,
қолданылуына қарай әзер ажыратуға болады. Байдың әйелі өлсе – төсегі
жаңғырар, жарлының әйелі өлсе – басы қанғырар; Уайым түбі – тұңғиық,
батасың да кетесің, тәуекел түбі-жел қайық, кешесің де өтесің деген
мақалдарды шешендік сөздерге де, нақыл сөздерге де жатқызуға болады. Әдетте
мақал-мәтелдің көлемі екі-төрт жолдан аспайды, асса нақыл, өлең сөздерге
айналады.
Жұмбақтан (Үй артында бәйтерек, күресуге кісі керек); қарғыстан
(Өзің білме, білгеннің тілін алма); бата-тілектен (Күле кіріп, күңірене
шыққаннан сақтасын; Малымды алса алсын, пейілімді алмасын) тағы да басқа
ауыз әдебиетінің ірілі-ұсақты түрлерінен ауысып, өзгеріп мақал-мәтел
санатында жүрген сөздер аз емес. Мақал-мәтелдің негізгі жасаушысы – халық
бұқарасы, соның ішінде қоғамның заттық қоры мен рухани қазынасын жасаушы –
еңбек адамы. Олай дейтініміз мақал-мәтелдің көпшілігі белгілі кәсіппен,
еңбек процессімен байланысты туған.
Құланның қасынуына мылтықтың басылуы; Киікті көрінбеген атады, не
ерінбеген атады; Ит иесі үшін жүгіреді, құс тамағы үшін ұшады деп
көзімен көріп, қолымен ұстаған аңшы ғана айта алады. Сол сияқты Бекіре
балық басы тасқа тимей тоқтамас; Желбезекке жебе дарыса, балық өрге жүзе
алмас дейтін мақалдар да балықшыдан шыққан.
Аңшылық пен балықшылыққа қарағанда қазақтың баянды кәсібі егіншілікпен
байланысты айтылатын Егінді дөңге сал, дөңге салсаң көңге сал; Диқан
болсаң сүдігеріңді сайла; Дән тоңға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінің маңызы
Қазақ паремиологиясының тіл білімінде зерттелуі
Ағылшын, қазақ және түрік тілдеріндегі анималистік мақал – мәтелдер
Мақал - мәтел, нақыл сөздер тілімізді байыта түсетін халықтың асыл қоры
Қазақ мақал - мәтелдерінің табиғаты
Ағылшын тілінен орыс тіліне мақал-мәтелдерді аударудағы лексикалық мәселелер
Мақал - сөз анасы
Мақалдар жарысы
Мақал – мәтелдер туралы ақпарат
Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісін мақал-мәтелдер негізінде дамыту.
Пәндер