«Dara International» ЖШС



Кіріспе
1 «Dara International» ЖШС.ның жалпы сипаттамасы
2 «Dara International» ЖШС. ның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау
3 «Dara International» ЖШС.ның маркетингтік қызметін зерттеу
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Адамзаттың бүкіл тарихында әрбір қоғам ресурстары шектеулі бола тұрып, не және кім үшін өндіру керек деген негізгі экономикалық проблеманы шешуге тиіс болды. Нарықтық экономиканың тума табиғатына тән ерекшеліктер: ол бір орталыққа бағынбайды, икемді, қолайлы және құбылмалы болып келеді. Нарықтық экономиканың ең басты факторы ¬¬¬¬– оның орталығы болмайды. Нарықтық экономика жеке адам бостандығының мынадай принциптеріне негізделеді: тұтынушының тауарлар мен қызметтер арасынан керегін таңдап алу бостандығы, өндірушінің өз бизнесін бастау және оны көбейту, кәсіподақтарға кіру немесе жұмыс берушілерді өзгерту бостандығы.
Президент Н.Назарбаев өзінің Жолдауларында Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру қажеттігін атады. Осы мәселені шещу және «Қазақстан-2030» Стратегиясында қойылған мақсаттарғажету нарықты дамытатын қозғаушы күштер мен тәсіл-құралдарды түсінуге бағытталған ұйымның қазіргі бизнес философиясы- маркетингтің әдістері мен қағидаларын шығармашылық тұрғыда пайдалануын талап етеді. Қазіргі кезде маркетинг кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жоспарлау, өндірісті ұйымдастыру мен барлық жақтарын қамтуы ттиіс. Бұл жағдай осы заманғы маркетингтің ролі менмаңызы туралы көзқарастарға сәйкес келеді. Шындығында кәсіпорын тиімді қызметін басқару үшін қазіргі замандағы маректинг біртұтас және жүйелі бағытта дамуы қажет, бірақ мұндай бағыт әзірге жүзеге асырыла қойған жоқ. Бүгінігі таңда қоғамдық өндірістің даму бағыты - әлемдік нарықта инновацияға негізделген бәсекеге төтеп беретін өнім шығару.Соның нәтижесінде еліміздің экономикасы әлемдегі мейлінше қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөнінде мақсат қойып отыр.
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастады. Дағдарыс салқыны біздің компанияны да айналып өткен жоқ. Оқтын- оқтын айналып соғатын әр деңгейдегі дағдарыстарға біз бұған дейін де төтеп беріп келгенбіз. Мемлекет дағдарчстың алдын алудың барлық шараларын жасауда. Ұлттық қордан бөлінген ауқымды қаражат қазір отандық экономиканың кідіріссіз жұмыс істеуіне қызмет ете бастады. Дағдарыс балдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес.
Нарықтық қатынастар толыққанды болу үшін міндетті түрде бәсеке болуы шарт. Сондықтан осы бәсекеде жеңіп шығу үшін ақпараттың жеткілікті болуы өте маңызды. Бүгінгі күні әрбір компания өз ісін бастамас бұрын маркетингтік зерттеулерге жүгінеді. Яғни, тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеп, тауарға деген сұранысты анықтай бастайды. Нарықтық қатынастар толыққанды болу үшін міндетті түрде бәсеке болуы шарт. Сондықтан осы бәсекеде жеңіп шығу үшін ақпараттың жеткілікті болуы өте маңызды.
1. «Закон о нефти» - 2003, ст. 5.6 – 1;
2. Нефть и газ – 2005, 5;
3. Нефть и газ - 2007 3
4. Нефть и Газ – 2009, 5

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Адамзаттың бүкіл тарихында әрбір қоғам ресурстары шектеулі бола
тұрып, не және кім үшін өндіру керек деген негізгі экономикалық
проблеманы шешуге тиіс болды. Нарықтық экономиканың тума табиғатына
тән ерекшеліктер: ол бір орталыққа бағынбайды, икемді, қолайлы және
құбылмалы болып келеді. Нарықтық экономиканың ең басты факторы – оның
орталығы болмайды. Нарықтық экономика жеке адам бостандығының мынадай
принциптеріне негізделеді: тұтынушының тауарлар мен қызметтер арасынан
керегін таңдап алу бостандығы, өндірушінің өз бизнесін бастау және
оны көбейту, кәсіподақтарға кіру немесе жұмыс берушілерді өзгерту
бостандығы.
Президент Н.Назарбаев өзінің Жолдауларында Қазақстан әлемдегі
бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру қажеттігін атады. Осы мәселені
шещу және Қазақстан-2030 Стратегиясында қойылған мақсаттарғажету нарықты
дамытатын қозғаушы күштер мен тәсіл-құралдарды түсінуге бағытталған ұйымның
қазіргі бизнес философиясы- маркетингтің әдістері мен қағидаларын
шығармашылық тұрғыда пайдалануын талап етеді. Қазіргі
кезде маркетинг кәсіпорындардың шаруашылық қызметін жоспарлау, өндірісті
ұйымдастыру мен барлық жақтарын қамтуы ттиіс. Бұл жағдай осы заманғы
маркетингтің ролі менмаңызы туралы көзқарастарға сәйкес келеді. Шындығында
кәсіпорын тиімді қызметін басқару үшін қазіргі замандағы маректинг біртұтас
және жүйелі бағытта дамуы қажет, бірақ мұндай бағыт әзірге жүзеге асырыла
қойған жоқ. Бүгінігі таңда қоғамдық өндірістің даму бағыты - әлемдік
нарықта инновацияға негізделген бәсекеге төтеп беретін өнім шығару.Соның
нәтижесінде еліміздің экономикасы әлемдегі мейлінше қабілетті 50 елдің
қатарына кіру жөнінде мақсат қойып отыр.
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын
бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта
бастады. Дағдарыс салқыны біздің компанияны да айналып өткен жоқ. Оқтын-
оқтын айналып соғатын әр деңгейдегі дағдарыстарға біз бұған дейін де төтеп
беріп келгенбіз. Мемлекет дағдарчстың алдын алудың барлық шараларын
жасауда. Ұлттық қордан бөлінген ауқымды қаражат қазір отандық экономиканың
кідіріссіз жұмыс істеуіне қызмет ете бастады. Дағдарыс балдырмау және бәрін
алдын ала көздеу мүмкін емес.
Нарықтық қатынастар толыққанды болу үшін міндетті түрде бәсеке
болуы шарт. Сондықтан осы бәсекеде жеңіп шығу үшін ақпараттың
жеткілікті болуы өте маңызды. Бүгінгі күні әрбір компания өз ісін
бастамас бұрын маркетингтік зерттеулерге жүгінеді. Яғни, тұтынушылардың
қажеттіліктерін зерттеп, тауарға деген сұранысты анықтай бастайды. Нарықтық
қатынастар толыққанды болу үшін міндетті түрде бәсеке болуы шарт.
Сондықтан осы бәсекеде жеңіп шығу үшін ақпараттың жеткілікті болуы
өте маңызды.
Соңғы он жылда Қазақстан нарықтық қатынастарға бет бұрып,
экономикасы дамыған алдыңғы саптағы елу елдің қатарына қосылуды жоспарлап
отыр. Қойылған мақсатқа жету үшін республикамыз ішкі және сыртқы рынокты
білуі шарт. Бұл жерде маркетингтік зерттеу әдістерінің атқаратын ролі зор.
Қазір маркетинг ақпаратты өз бизнесінде дұрыс пайдалана білген
нәтижесінде үлкен табыстарға қол жеткізіп нарықтық ортада лидерлық
позицияға шығады, Қазақстан экономикасының ілгері жылжуына өз үлесін
қосады. Сондықтан сөз етіп отырған тақырыбымның өзектілігі осыған саяды.
Оқу тәжірибесінің мақсаты маркетинг қызметінің әдістемелерінің
қолдану аясын белгілеп, осы тәсілдердің тиімді жақтарын анықтауды Dara
International ЖШС мысалында көрсету.
Оқу тәжірибесінің міндеті маркетингтік зерттеу тәсілдерін қолданып
компанияның маркетингтік қызметін айқындау және:
─компанияның ұйымдық құрылымен таныстыру;
─ компаниядағы көрсететін қызметтер түрін айқындау;
─компанияның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау;
─ компанияның маркетингтік қызметін зерттеу.
Жұмысымның бірінші бөлімінде мен Dara International ЖШС-на жалпы
сипаттамасын бердім. Оның ішінде компанияның маркетингтік қызметін, тауар
және тауар ассортименті, баға саясатын, бәсекелестік ортасын көрсетіп
өттім.
Ал екініші бөлімінде аталып өткен компанияның экономикалық жағдайын
талдаy, мұнай саласындағы маркетинг қызметінің дамуы мен қалыптасуы,
сонымен қатар компания басқармасының маркетинг қызметін ұйымдастыру
туралы мәліметтер толық берілген.
Үшінші бөлімде мен практикада жүргізілген жалпылама компанияға
маркетингтік зерттеулерді қарастырып өттім. бұл бөлімде компанияның соңғы
үш жылдағы баға көрсеткіштеріне мәліметтер бердім.

1 Dara International ЖШС-ның жалпы сипаттамасы

Dara International ЖШС СонарМұнайӨнімдері компаниясының жаңадан
құрылған еншілес компаниясы болып табылады. Қазіргі кезде кDara
International омпаниясы Қазақстан аумағында жұмыс істейтін және мұнай мен
оның ілеспе өнімдерін сатумен шұғылданатын және өз қызметін қауіпсіздік
техникасы мен қоршаған ортаны қорғаудың стандарттарына сай жүзеге асыратын
кәсіпорын.
Компания – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның
әлемдік экономикаға сәтті көшуді қостайтын энергетикалық ресурстарды
рационалды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін Қазақстанның мұнайгаз
саласын кешенді дамыту мақсатында құрылды [1, 15 б].
Dara International ЖШС-ның тағы бір мақсаты– мұнай және мұнай
өнімдерін ішкі және халықаралық нарыққа сату болып табылады. Негізгі
мақсаты – АҚ “ҚазМұнайГаз” компаниясының экономикалық дамуының максималды
стратегиялық көрсеткіштеріне жеткізу, мұнайгаз саласында сауда
операцияларының жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ету.
Компанияның мұнайды өткізуге байланысты негізгі бағыттары:
1 Мұнай және газ өнімдерін өңдеуді бөлшек және көтерме сауда арқылы
жүргізу;
2 Мұнайдың экспортқа шығуын қамтамасыз ету;
3 Транспорттық – экспедициялық, жүк бағыттау қызметтерін жүргізу;
Компания миссиясына тоқталатын болсақ:
1 Ұлттық мұнай-газ саласын дамытуға қатысудан Қазақстан Республикасы үшін
алынатын барынша көп пайданы қамтамасыз ету.
2 Компания құнын барынша арттыру, рентабельділікті жоғарылату, өндіріс
қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
3 Халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті интеграцияланған мұнай-газ
компаниясы ретінде қалыптасу.
4 Отандық тауарлар жеткізушілерді қолдау, жергілікті кадрларды дамыту.
Компанияның маркетинг бөлімі өндірілетін өнімді тасымалдау үшін әртүрлі
компаниялардың көмегін пайдаланады. Бұл жерде артықшылыққа ие болатын “НКТН
КазТрансОйл” компаниясы. Компания - мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау,
экспорттау және импорттау, инвестиция тарту, магистральдық құбырлар жүйесін
пайдаланушылар үшін бір тарифтік саясатты қолдану мақсатында құрылған.
Мұнай құбырлары транспортының стратегиялық дамуы ҚР президентінің
“Қазақстан 2030” стратегиясына байланысты құрылған, яғни бұл –
энергетикалық тәуелсіздік, экономикалық потенциалының нығаюы, мемлекет
бюджетінің кіріс көзінің жоғарылауы.
Компания Қазақстанда монополист және Қазақстанда өндірілетін
мұнайдың 90 пайызын мұнайгаз компаниялары осы “ҚазТрансОйл” компаниясының
қызметін пайдалануда. Соның ішінде 54 пайызы “ЕмбіМұнайГаз”,
“ҚұлсарыМұнайГаз” және “ӨзенМұнайГаз”, үлесіне тиеді. “КазТрансОйл”
компаниясының мұнай мен суды тасымалдаумен қатар қосымша қызметі ретінде
материалдық – техникалық жабдықтау, мұнай құбырларын, технологиялық және
арнайы транспорттарды ремонттау және эксплуатациялау, сонымен қатар
инженерлік – техникалық және әлеуметтік – шаруашылық қызметтер [2, 96 б].
2005 жылы қазан айында Dara International комапниясымен бірге
сегіз мұнай кен орындары құрыла бастады: Құлсары. Қосшағыл, Тұлұс, Ақінген,
Терең-Өзек, Қаратон + Қошқымбет, Қисымбай, Аққұдық. Осы жерлерде мұнай
өндіруге байланысты 3 цех құрылған:
- (Қосшағыл, Құлсары, Ақінген, Тұлұс)
- Терең-Өзек (Терең-Өзек, Қаратон + Қошқымбет)
- Қисымбай (Қисымбай, Аққұдық) Қазақстан экономикасының мұнайгаз
саласындағы марктингті қолданудың ерекшеліктері мен серпіні және
экономикалық субъектілердің қоршаған орта факторларының қағидаларын
пайдалану барысында ықпал ету сипаты көбіне өтпелі кезең жағдайына орай
анықталады. Қазіргі кезде Қазақстанның мұнайгаз саласының ірі инвесторлары
АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Италия, Норвегия, Германия т.б болып табылады.
Мысалға, “Шеврон” американдық корпорациясы “Теңіз” мұнай кен орнына 40
жылға созылған 25 – 30 млрд. АҚШ долларын салуды көздеуде.
1989 жылы 7 мамырда Тажиғали мұнай кен орынын Каспий теңізі сулары
астында қалып, экологиялық ластанудың алдын алу себебімен 1989 жылдың 1
көкегінде консервацияланды [3].
Құлсары мұнай кен орыны: Атырау облысы, Ембі ауданы, Атырау қаласынан
онтүстік шығысында 160 км шақырым жерде орналасқан. Өндірістік құрылысы
1939 жылы басталды. Бұл жердегі мұнай өндіру негізі 1989 жылы
“КазНИПИнефть”-пен жасалынған өндіру жобасымен жүргізіледі. 2006жылға қарай
6404,198 мың тонна мұнай және 36667,182 мың тонна су алынған. Ағымдағы
мұнай қайтарымдылық коэффициенті 0,48 ал жобалық 0,53-ті құрайды. Есептік
жылда 2764 тонна мұнай және 143225 тонна су алынды. Бір скважинаға келетін
орташа дебит 0,45 тонна мұнай және 23,5 тонна су. Мұнай тығыздығы – 785 -
919 кгм3.
Тұлұс мұнай кен орыны: Тұлұс мұнай орынының өндірістік құрылысы 1958
жылы 12 ақпанда басталды. Бұл жердегі мұнай өндіру негізі 1989 жылы
“ТеңізМұнайГаз” өндірістік бірлестікпен жасалынған өндіру жобасымен
жүргізіледі. 2005 жылы бұл жерден 2627 тонна мұнай және 69637 тонна су
алынды. Бір скважинаға келетін орташа дебит 1,01 тонна мұнай және 30,1
тонна су.
Қисымбай мұнай кенорыны – Атырау облысының ембі ауданында, Атырау
қаласынан оңтүстік батыста 210 км жерде орналасқан. Оның құрылымы 1961-1963
жылдары гравиметрикалық және сейсмикалық түсіру барысында анықталған.
Бұрғылау ізденісі 1976 жылы басталды. Мұнай кенорыны 1978 жылы ашылды.
Мұнай тығыздығы 871 - 881 кгм3. газ құрамы: метан – 68 - 72, этан 5 - 7,
пропан – 0,09 - 4,38. Ал азот – 12,17 пайызды құрайды [4].
Терең - Өзек мұнай кен орыны: Терең-Өзек мұнай кенорынының
өндірістік құрылысы 1956 жылы басталды. Мұнай кенорынында екі мұнай алаңы
бар: негізгі және солтүстік-батыс. Негізгі алаңда өндірісте жеті мұнай
кеңістігі орналасқан. Ал солтүстік-батыс алаңында сегіз кеңістігі құрылған.
Жалпы мұнайдың алғашқы қоры: баланстық – 36414 мың тонна, алынатын –
15016. өндірістің басынан бері – 12875 мың тонна мұнай және 254287,063 мың
тонна су алынған.
Компанияның ӨМГ және ЕМГ кен орындарындағы стратегиясы – жұмыс істеп
тұрған ұңғымаларды жөндеудің, жаңа ұңғымаларды бұрғылаудың және пайдалануға
қосудың, сондай-ақ қабаттардың мұнай беруін арттыру әдістерін қолданудың
есебінен таяу жылдары қол жеткізілген өндірудің ұтымды деңгейін ұстап тұру.
Одан басқа мұнай және тоғытпалы ұңғымалар қорын ұстап тұру, Жаңа
ұңғымаларды бұрғылау арқылы жаңа ұңғымаларды іске қосу, ұңғымаларды күрделі
жөндеу, ұңғымаларды жерасты жөндеу, жерасты құралдарын химиялық
реагенттермен профилактикадан өткізу өткізу кен орындарында мұнай өндіруге
арналған жұмыстардың оңтайлы кешені іске асырылып жатыр [5].
Компания қызметінің басымдықты бағыттарының бірі – барынша ұтымдылық
және орта мерзімді келешекте операциялық және күрделі шығындарды
оңтайландырудың есебінен тиімділікті арттыру. Бұған Компанияның бейіндік
емес және қосалқы активтерін сатудың, озық технологияларды енгізудің және
халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келудің нәтижесінде қол
жеткізілетін болады.
Компанияның бар кен орындарын дамыту бағдарламасын орындаудың ҚМГ БӨ-
нің одан әрі қарыштап өсуі үшін шешуші мәні бар.
Компания қоғамның алдында табиғат ресурстарын рационалды пайдалану, еңбек
жағдайын қауіпсіздендіру, компания қызмет істеп жатқан жердің
жұмысшыларының және халықтың денсаулығын қорғау, қоршаған ортаға өз
қызметінің әсерін төмендету деген сияқты бірқатар жауапкершілікке ие.
Аудит жөніндегі комитет заңнама талаптарының, қаржылық есептіліктің
халықаралық стандарттарының және ішкі қаржылық бақылаудың сақталуы үшін
жауап береді. Тағайындаулар жөніндегі комитет директорлар құрамымен,
зейнеткерлікке шығумен және Директорлар Кеңесіне уақытылы кадрлық ұсынымдар
енгізумен байланысты мәселелерге жауап береді. Сыйақылар жөніндегі
комитет Компанияның жоғары лауазымды басшыларға еңбекақы төлеуге және
олардың есептілігіне қатысты саясаты үшін жауап береді.
Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет 2007 жылдың 12 қыркүйегінде
құрылды. 2007 жылдың желтоқсанында комитет Компанияның 2008-2012 жылдары
даму мүмкіндіктері туралы мәселе қараған бір тікелей қатысатын мәжілісі
өткізілді.
Комитет қызметінің негізгі мақсаты Компанияның Директорлар кеңесіне
Компания қызметінің басымдықты бағыттары мен оны дамыту стратегияларын
пысықтау мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу және ұсыну болып табылады.

Озық халықаралық практиканы басшылыққа ала отырып Компанияда
бизнесті тиімді басқау элементтерінің бірі болып табылатын тәуекелдерді
басқару жүйесін енгізу процесі қолға алынды. Тәуекелдерді басқару жүйесінің
мақсаты Компанияның пайдалылығын арттыру және Компанияның өсуінің, оның
пайдалылығының және тәуекелдердің арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті
қамтамасыз ету болып табылады.
Тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу мақсатында Компания 2007 жылдың
27 желтоқсанында Тәуекелдерді басқару жөніндегі комитетті құрды. 2008
жылдың 17 қаңтарында осы Комитеттің шешімімен кейін Директорлар кеңесінің
бекітуі үшін тәуекелдерді басқару саясаты мақұлданды және бұдан басқа 2008
жылға арналған. Тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралардың
жоспары бекітілді [6].
2008 жылы ҚМГ БӨ өзінің алдына келешектегі өсу үшін берік іргетас қалау
және Қазақстанда мұнай өндіру бойынша көшбасшылардың бірі мәртебесін сақтау
міндетін қойды. Бұл міндеттерді орындауға көп ретте Бас компания ҚМГ ҰК-мен
тығыз әріптестік қарым-қатынас ықпал етеді. Өздеріңізге белгілі, Компания
сатып алу стратегияларын табысты іске асыру жолымен активтер қоржынын
айтарлықтай үлкейтуге мүмкіндік беретін Қазақстанның құрылығындағы мұнайгаз
активтеріне қол жеткізудің басымдықты құқығына ие.
Жаңа активтерді сатыпа алу Компания қызметінің 2006 жылдың қазанында
акцияларын Лондон мен Қазақстанның биржаларына бастапқы орналастырудан
кейінгі негізгі бағыттарының бірі болды. Осылайша, 2007 жылдың сәуірінде
Компания Қазгермұнай БК ЖШС мен холдингтік CCEL-дегі ( Қаражанбасмұнай
АҚ иелік ететін) 50%-дық үлестерді сатып алды.
2007 жылдың сәуірінде аяқталған Қазгермұнайдағы 50%-дық үлестерді
сатып алу бойынша мәміле ҚМГ БӨ-ні Қазақстанда мұнай өндіру бойынша екінші
орынға шығарды. Мәміленің сомасы 969 миллион АҚШ долларын құрады.
Екінші ірі мәміле – Қаражанбасмұнай компаниясындағы 50%-дық үлесті
сатып алу 2007 жылдың 12 желтоқсанында аяқталды. Қаражанбасмұнай АҚ
Қазақстанның батысындағы Маңғыстау облысында орналасқан Қаражанбас кен
орнын игереді.
Қаражанбасмұнайдың Компанияның үлесіне тиесілі дәлелденген және
болжамды қорларының мөлшері Miller&Lents-нің бағалауына қарағанда 2008
жылдың желтоқсанындағы жағдай бойынша 36,5 миллион тоннаны құрады. Аталған
сатып алудың Компанияның топтастырылған тәуліктік өндіруіндегі үлесі ҚМГ БӨ-
нің негізгі активтеріндегі өндіруден 10%-ға жуықты құрайды.
Қаражанбасмұнай өткізу рыногына: Ақтау портынан танкерлермен Каспий
теңізі арқылы немесе Транснефть жүйесі арқылы батыс рыноктарына, сондай-ақ
Атыраудағы МӨЗ-ге өңдеуге тасымалдауға қолайлы орналасқан.
Қазгермұнай және Қаражанбасмұнай компанияларындағы үлестерді сатып алудың
нәтижесінде ҚМГ БӨ-нің мұнайды жиынтық өндіру деңгейі айтарлықтай өсті.
Қазіргі сәтке жалпы өндіру тәулігіне сатып алуларды есептемегендегі
тәуліктік өндіру көлемдерінен 26%-ға артық 240 мың баррельге жуықты
құрайды.
2009 жылы сатып алу Компанияның өсуінің негізгі негіз құраушы
стратегиясы болып қалады. Осылайша, ҚМГ БӨ өзінің операциялық қызметін
орталық Қазақстанның оңтүстігіндегі Торғай бассейнінің мұнайгаз кен
орындарында жүргізетін ПетроҚазақстан компаниясының акциялары пакетінің 33%-
ын сатып алуға мүдделі болып отыр. Бұл компанияның мұнай қорлары 2Р санаты
бойынша шамамен алғанда 75 миллион тоннаны құрайды, ал жалпы өндіру 2008
жылы 6,3 миллион тонна мұнайды құрады. Бұл мәмілені жасасу жөніндегі
келіссөздер жалғастырылуда және 2009 жыл ішінде оны аяқтау жоспарланып
отыр.
ҚМГ БӨ-нің тұрақты қаржылық жағдайы, геологияны және жергілікті
рыноктың коньюктурасын терең білу, сондай-ақ бүкіл ұжымның қажырлы еңбегі
Компания активтері қоржынын тартымды тұрғыда кеңейтуге мүмкіндік береді
[7].
Ақпараттардың ашықтығы мен қол жетімділігі саясатын, сондай-ақ
Қазақстандық және Лондон қор биржаларының ұйғарымдарын басшылыққа ала
отырып, Компания тұтастай алғанда қаржылық талдаушылармен және халықаралық
инвестициялық қоғамдастықпен ашық диалог ұстайды.
Компанияның сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік
техникасымен байланысты келесі мақсаттарды айтуға болады:
- Қабылданатын шешімдердің сапасын және басқарудың тиімділігін көтеру;
- Қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету және компания қызмет істеп
жатқан жердің жұмысшыларының және халықтың денсаулығын қорғау;
- Өндірістік қызметтің қоршаған ортаға әсерін төмендету.
Ал компанияның тауар ассортиментіне тоқталатын болсақ :
Оларға ЖЖМ өнімдерін қарастырып өтім: АИ-76, АИ-80, АИ-92, АИ-93.
Практика кезінде мен тек осы өнімдер бойынша мәліметтер алдым.

2 Dara International ЖШС- ның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау

Қазіргі кездегі өндіріс дамуында маркетинг, тек қана нарықтық
саясатты ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның өндірістік саясатын
анықтайтын, басқарудың негізгі функциясы ретінде қарастырылады. Маркетинг
принциптеріне негізделген басқарудың кешенді жүйесінің мақсаты – қолда бар
ресурстарды ескере отырып (материалдық, қаржылық, және т.б.) кәсіпорынның
алдына қойылған мақсаттардың шешілуін қамтамасыз ету (ғылыми – техникалық,
өндірістік, коммерциялық және өткізу).
Dara International маркетингтік құрылымы төмендегідей:
Маркетинг бойынша басшы компанияның маркетингтік қызметін басқарады,
яғни өнімді өткізу, тасымалдау және тағы да басқа маркетингке байланысты
қызметті ұйымдастырады және бақылайды. Оған барлық маркетингтік қызметпен
айналысатын қызметкерлер бағынады, ал ол өз кезегінде компанияның
директорына бағынады, есеп беріп отырады.
Маркетингтік қызметті ұйымдастыру және бақылау тобы ағымдағы және
стратегиялық маркетингтік жоспарларына жауапты. Бұл топтың мамандары әрбір
мұнай кен орындары бойынша маркетингтік бақылау жүргізіп отырады.
Марктингт зерттеу тобы жоғарыдан, яғни басқа еншілес компаниялардан
(ЕмбіМұнайГаз, МаңғыстауМұнайГаз) алынған маркетингтік ақпаратты жинау,
жоспарлау және ұйымдастырумен айналысады. Бұл жердегі ақпарат мұнай
тасымалы және экспорты, мұнай өндіру көлемі, сонымен қатар бәсекелес
компанияларының қызметімен байланысты. Қазіргі күнде үш мұнай өңдеу
зауттары өнім сапасын көтеру үшін реконструкцияға, техникалық қайта
қарулануға әр түрлі деңгейде инвестицияны қажет етеді.
Енді мұнайды экспорттауды заң жағынан қарастырсақ. Қазіргі кезде
мұнай тасымалдау екі негізгі бағыт арқылы жүзеге асады, яғни темір жол және
мұнай құбырлары арқылы тасымалданады. Бұл екі бағыт Қазақстан темір жолы
және Қазтрансойл Ұлттық компанияларының қарамағында. Жалпы әрбір мұнай
компаниялары Қазақстан мұнайын экспорттау жоспарын энергетика және
Қазақстан Республикасының минералды ресурстар министрлігіне хабарлауы тиіс
[5].
Қазақстан заңдары бойынша мұнай компаниялары келісім – шарт бойынша
мұнай өндіруді және оны экспорттауға құқылы және өзіне тиесілі мұнайдың бір
бөлігіне құқылы. Ал кеден кодексінде Қазақстан Республикасы территориясынан
басқа елдерге экспорттауға құқылы делінген. Бірақ мұнда Қазақстан Үкіметі
экспортталған мұнайға тарифті және тарифсіз реттеуді жүргізіп отырады.
Квотаны қарастыратын тарифсіз реттеу үкімет қаулысымен қабылданады
Баға саясаты және экономикалық талдау тобы компанияның экономикалық
көрсеткіштерін және қызметін талдап отырады. Бірақ бұл топтың қызметіне
қаржылық талдау және компанияның қызметін жоспарлау кірмейді. Топ мамандары
компанияның баға саясатын ұйымдастырады.

1-кесте– Әлемнің негізгі мұнай нарықтарының сипаттамасы


№ Әлемнің мұнай нарығы Импорт (-), Экспорт (+) млн. тоннжыл

2000 2005 2010
1 Солтүстік – Батыс еуропа -167 -210 -280
2 Орталық және Шығыс Еуропа -63 -74 -80
3 Жерорта теңізі -214 -234 -234
4 Азия – Тынық мұхиты -582 -748 -911
5 Парсы бұғазы +720 +872 +1053
6 Атлантикалық бассейн -341 -368 -431

1-ші кестеде байқап отырғанымыздай мұнайға бай, тек қана экспорты
басқа елдерді асып түсетін жер бұл – Парсы бұғазы. 2010 жылға дейін бұл
өңірдің мұнайын экспорттау жылына 1053 млн тоннаны құрамақ. Басқа елдерде
біз мұнайдың тапшылығын байқаймық. Мұнайды тым қажет ететін Азия – Тынық
мұхиты өңірі.
Dara International ЖШС-ның соңғы үш жылдық ЖЖМ сату көрсеткіштерін
төмендегі кестеден көруге болады.

2-кесте ( Dara International ЖШС-ның 2008- жылдық ЖЖМ сату бойынша
көрсеткіштері.

№ Тауар атауы Қорытынды
пп    
   
 
Көлемі Бағасы Көлемі Соммасы
литр тг кг тенге
1 АИ-76 51,27 260,170 13 339,25 356,4
2 АИ-80 77,22 67734,804 5 230 305,55 92787,4
3 АИ-92 75,77 30840,579 2 336 845,90 42247,4
4 АИ-93 73,70 1190,244 87 715,28 1630,5
5 Аи-96 95,16 3889,330 370 123,30 5327,8
6 Дт 68,48 18136,092 1 241 888,09 24844,0

2008-жылдың сату бағасы 2007-жылдың көрсеткіштері бойынша салыстырмалы
түрде қарағанда, ЖЖМ бағасы барлық түрлері бойынша 1 тенгеге өскен яғни
бұл көрсеткіш тауардың сатылу көлеміне және сұранысқа ешбір әсер
тигізбеген.

3-кесте ( Dara International ЖШС-ның 2009- жылдық ЖЖМ сату бойынша
көрсеткіштері.

№ Тауар атауы Қорытынды
пп    
   
 
Көлемі Бағасы Көлемі Соммасы
литр тг кг тенге
1 АИ-76 52,24
Көлемі Бағасы Көлемі Соммасы
литр тг кг тенге
1 АИ-76 52,24 100,400 5 244,78
2 АИ-80 217 830 67,56 172386,800 11 645 715,13
3 АИ-92 91 720 76,54 146751,830 11 233 110,80
4 АИ-93 91 720 92,08 89139,509 8 208 294,06
5 Аи-96 25 000 107,99 7509,904 810 958,34
6 Аи-98 10 000 113,85 104,080 11 849,95
7 Дт 156 720 63,39 94583,396 5 996 046,48

Мұнайды өткізу тобы мұнай келісім – шарттарын құрып, сатып
алушылармен келісім сөздер жүргізеді және мұнайдың қай маршрутпен
жүргізілетінін жоспарлайды, КазТрансОйл компаниясымен үнемі байланыста
болады. Бірақ шешімді компания басшысы қабылдайды.
Мұнай тасымалдау тобы мұнайды ішкі нарыққа өткізу.
Өнім ассортиментін басқару тобы мұнайды жер қойнауынан алу және оны тазарту
процессін басқарады. Бұл билікті олар геология бөлімімен бөлісіп алады [6].
Компанияның маретинг және тасымалдау бөлімдерінің жалпы мақсаттары мен
міндеттері:
( Әлемдік бағамен неғұрлым көп мұнайды сату, өткізу.
( Максималды таза табысты және өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
( Dara International персоналын рационалды қолдану және персоналды
дайындау мен оқытуды қамтамасыз ету.
( Сатудың және өндіріс көлемінің тым өсуіне дайын болу.
( Әлемдік бағамен неғұрлым көп мұнайды сату, өткізу.
( Максималды таза табысты және өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Dara International экспорт жүйесін нығайту.
( Бәсекелестердің әр түрлі әрекеттеріне және өндіріс көлемінің тым өсуіне
дайын болу.
Транспорттық шығындарды максималды азайту және мұнайды сатып алушыларға
тікелей жабдықтау арқылы теңіз шикі мұнайының құнын максималды көбейту.
Маркетинг бөліміне өнімді өткізу кезінде басты рөлді атқаратын мұнай
өнімінің тобы кіреді. Бұл топтың негізгі мақсаты болып: өндірісті тиімді
ұйымдастыру және оптималды пайда табу үшін мұнай өнімдерінің барлық
түрлерін жабдықтау, сонымен қатар компанияның негізгі шарттарына сәйкес
экспортты жоғарылату.
Компанияның мұнайды өткізуге байланысты негізгі бағыттары:
( Мұнай және газ өнімдерін өңдеуді бөлшек және көтерме сауда арқылы
жүргізу;
( Мұнайдың экспортқа шығуын қамтамасыз ету;
( Транспорттық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖШС бухгалтерлік салық саясаты
Энергетикалық кәсіпорын “AYT International Travel” ЖШС бизнес-жоспары мысалында қаржылық-шаруашылықтық қызметін талдау
Жарнама қызметіне жалпы түсінік беріп, оның атқаратын қызметіне талдау
ЖШС ҚФК Медсервис Плюс компаниясында іс-тәжірие есебі
ЖШС lifecare ethicals компаниясының жалпы сипаттамасы
«Абди компани» ақ-ның қызметіне сипаттама
Ауыл шаруашылығы саласы
Басқару мақсаттарын қою
Банктің несиелік портфелі және оның сапасын бағалау әдістері
Қайрымдылық балалар үйі
Пәндер