Ш. Айтматов, Ә. Кекілбаев шығарлмалары


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Адамзат тарихында XX ғасыр мәдениетінің алатын орны ерекше. Өйткені, бұл кезең тарихи оқиғаларға, қантөгіс соғыстарға, сан-қилы дағдарыстарға толы заман болды. Ғылым мен техниканың қарышты қадамы, жарқын болашаққа деген сенім өркениетті дамыған елдерде біртұтас жалпы адамзаттық мәдениеттің дамып, қалыптасуына әсерін тигізбей қойған жоқ. Ғасыр аяғында планетамызда парасаттылық пен ізгіліктің кеңінен өріс алуы жалпы адамзаттық мәдениеттің дамуына және оның ұлттық түрлерінің нәрленуіне, олардын, өзара қарым-қатынастарының жаңа арнаға түсуіне ерекше әсер етті.

Міне, осы жағдайларды ескере отырып, XX ғасыр мәдениетінің мазмұнын ашып көрсетуде екі басты мәселеге баса назар аударғанды жөн көрдік. Оның біріншісі, XX ғасыр мәдениеті дамуының басты бағыттары (XX ғасыр мәдениетінің қалыптасуының сабақтастығы мен дәстүрлері, қазіргі заман мәдениетінің тоқырауға ұшырауы мен одан шығу жолдары және бұл процестің түрлі мәдени концепцияларда көрініс табуы және т. б. мәселелері), екіншісі, XX ғасыр мәдениетінің жалпы адамзаттық және ұлттық сипаты (жалпы адамзат мәдениеті қалыптасуының басты себептері және оның құндылықтары, жалпы адамзаттық және ұлттық диалектика және т. б. ) [1-40] .

Уақыт өткен сайын халықтар мәдениеттерінің арасындағы байланыстардың арнасы кеңейе түсуде, бір мәдениет саласындағы өзгеріс басқаларына да өз ықпалын тигізуде. Ғаламдық мәдени жетістіктер дүниежүзіне кеңінен тарауда. Ендеше, біз ғылымдық гуманистік құндылықтардың дамуының мүлде жаңа кезеңіне өткенімізді мойындауымыз керек. Біртұтас әлемдік өркениеттің кальштасуының негізі - саяси-экономикалық және мәдени байланыстардың белең алуында жатыр. Соның негізінде жаңа сапалы жүйе - жалпы адамзаттық мәдениет қалыптасып, түрлі елдер мен халықтардың арасындағы байланыс нығая түсуде.

Ұлттық мәдениет дәстүрлерін сақтап қалу бағытының ерекше етек алып отыр. Дүниежүзілік өркениеттің даму барысының өзі-ақ ұлттық мәдениеттердің маңыздылығы бүгінгі таңда бұрынғыдан да артып отырғандығын және әрбір мәдениет дүниежүзілік дамудың түрлерін өз қажетінде қабылдауымен қатар, жалпы адамзаттық мәдениеттің қалыптасу процесіне өздерінің қомақты үлестерін қосып отығандығын көрсетіп отыр. Қазіргі дәуірге тән ерекше қасиет - ұлттық мәдениеттердің тұйықтықтан арылып, бір-бірімен байланыстарын жаңа сапалық дәрежеге көтеруі болып табылады [1-40] .

III. Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» («Боранды бекет») романына эпиграф ретінде Григор Нарекацидың «Қасірет кітабынан» «Бұл кітап - менің тәнім дегейсің. Бұл сөз менің жаным дегейсің» деген жолдарын таңдап алған.

Ал Григор Нарекацидың «Қасірет кітабы», және оның жазушы шығармашылығына әсерін анықтауда III. Айтматовтың өзінің сөздерін нысанаға алуға болады. «Бұл кітап мені қатты толқытты, көптеген жайды ойлануға мәжбүр етті» дей отырып, бізден мың жыл бұрын өмір сүрген адамның қазіргі күні біздің болжай да алмайтын категориямен ойлай білетіндігі таң қалдырғаның қазіргі адамзат өркениетінің, бүгінгі жетістіктерінің иесі ретінде ата-бабаларымыздан ғылыми-техникалық табыстарымызбен жоғары тұрғанымызбен рухани жан-дүниенің дамуы жөнінде мұны айта алмайтынымызды атап өтеді», - деп көрсеткен [2, 370-371б] .

Ш . Айтматов шығармаларында өзінің шығармашылық позициясы мен өмірге көзқарасын жаңа бір биіктен танытып, адамгершілік негіздерін зерттеуде, адамның табиғи қасиетін танытуда шебер жазушы екенін дәлелдеген жазушы. Себебі, ол Адам деген кім, ол өмірге неге келіп, неге кетеді, оның болмысының мәні неде деген сияқты философиялық проблемаларды қойып, соны керемет шеберлік деңгейінде шешеді.

Көркем шығармада аңыздық желіні пайдалану үрдісі қай кезең, қай дәуір әдебиетінде де мол кездесетіні белгілі. Бұған қазақ әдебиеті тарихынан да көп мысал келтіруге болады. Бәрін тізіп жатпай-ақ Абай, Шәкәрім, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Иса Байзақов, Сәбит Мұқанов, Сапарғали Бегалин, т. б. поэмаларын еске түсірсек те жеткілікті. Келтірген мысалдар арасында ой жүгіртсек жаңа жазба әдебиетінің қалыптасу, даму барысында көркем бейне жасау, өткен тарих шындығын бейнелеу поэзия жанрда көріну және аңыздық желіні пайдалану тағы да еске түсетіні рас. Осы бір үрдіс өткен ғасырдың алпысыншы жылдары прозалық шығармаларда да молынан ене бастады [1-41] .

Бұл кезең қазақ руханиятында тың серпін пайда болып, өнердің өзге салалары секілді әдебиетте, оның ішінде прозалық жанрда да соны үлгілер мен жаңа сапалық белгілер мол көріне бастаған уақыт еді. Қаламгерлердің көркем әдебиетке қойылған шаптың тар шеңберлі аясынан ептеп шығуға ұмтылған, ұлттық мүдде тұрғысынан ой айтуға, ұлт тарихының камауда жатқан құпия сырын ашып, халық санасын оятуға, ұрпақ зердесіне жеткізуге, ұлт тағдырына қатысты түпкі ойын астарлап айтуға талпынған, көркемдік кілтін табуға жан-жақты ізденіс жасаған жылдар еді. Осы бір құбылыс «Ханша-Дария хикаясы», «Күй», «Аңыздың ақыры» тәрізді прозалық шығармаларында-ақ көрініс табатын және оған өзіндік ізденіс, өрнек танытатын қаламгер - Әбіш Кекілбаев.

Ш. Айтматовтың шеберлік талантына бас идіріп, жазылу құпиясын білуге асықтыратын «Қызыл алма», «Бетпе-бет», «Құс жолы», «Жәмила», «Шынарым менің, шырайлым менің», «Қош, Гүлсары», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Ерте қайтқан тырналар», «Касандро таңбасы» т. б. шығармаларындағы сюжет шындық өмірдегі оқиғалармен астасып жатады.

Біз диплом жұмысымызда осынау көркем дүниелерге арқа сүйей отырып, жазушылардың тағдырынан елінің, жерінің тағдырын көруге ұмтылдық, жазушыны тебіренткен тану-тазару, айту-арылу үлгісіндегі өміршең ойлар кеңістігінен елдік қазынамызға ғана емес, ХХ ғасыр өркениетінің рухани қазынасына қосылар тұғыры биік көркемдік әлемді қайыра бір елеп- екшеуге тырыстық.

Ел тағдыры мен жер тағдырынан қымбат нәрсе болушы ма ед?! Бастауы мен қайнары көне-көне дәуірлерде, ықылым заманалар қойнауында жатқан осынау халық өмірінің мәңгілігін тануға, таразылауға, сүюге, дәріптеуге, асқақтатуға үйретер жазушы әлемінің мақсаты мен мұраты да осы екеніне сенеміз.

Ш. Айтматов пен Ә. Кекілбаев қаламынан туған аңыз бен ақиқаттың алып кеңістігі де соны айтады. Соған меңзейді.

XX ғасыр - әлем тарихында мейлінше, қат-қабат, қарама-қайшылығы мол, идеологиялық тартысқа толы дәуір болып отыр.

Қазіргі жағдайдағы күрестің басты бағыты - барлық халықтардың өмір сүруі үшін лайықты, шын мәнінде адамға тән материалдық және рухани жағдай жасау, планетамыздың тіршілік жағдайын қамтамасыз ету, оның байлықтарына ұқыптылықпен қарау. Сондай-ақ, ең алдымен, басты байлыққа - Адамның өзіне, оның мүмкіндіктеріне ұқыптылықпен қарау.

Біз осы диплом жұмысымызда Ш . Айтматов пен Ә. Кекілбаев шығармаларындағы аңыздардың қолданысы, адам мен оны қоршаған ортаның өзара байланысына тоқталып, олардың табиғатына тән ерекшеліктерін талдауға тырыстық.

Олардың әлемдік әдебиет процесіндегі орны мен жалпы жазушылардың бүкіл шығармашылығының бастауы мен қайнар бұлағы да назардан тыс қалған жоқ.

Адам - қоғамның басты қозғаушы күші болғандықтан қос жазушының шығармашылығында бірінші кезекте тұрады. Ш. Айтматов пен Ә. Кекілбаев "әлемі" - бұл көркемдік категория. Ол жазушының қайталанбас даралығы мен реалды шындықтан құралып, қалыптасқан.

Екеуінде де Адам-тарихты саналы түрде жасаушы, өз мақсатына жету үшін құлшына, тайсалмай, ұмтылатын және цивилизацияны, адам өмірін суреттейді.

  1. ХАЛЫҚТАР МӘДЕНИЕТТЕРІНІҢ АРАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИ БАЙЛАНЫС ҮЛГІСІ - Ш. АЙТМАТОВ ПЕН Ә. КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫ

1. 1. Жазушы Шыңғыс Айтматов

XX ғасыр әлем тарихында қарама-қайшылығы көп, идеологиялык тартысқа толы, ғаламдық проблемалары орасан мол дәуір екені белгілі. Мұндай жағдайда әлемдегі барлық халықтың прогресшіл ойшыл суреткерлерінің еңбегінің танымдық және тағлымдық мәні өте үлкен. Осы ретте Ш. Айтматов өзінің іс-әрекетімен, шығармашылық еңбегімен әлемдік деңгейде ой тастаған, көркемдік дүниетанымымен адамзатты ойландырған, адамдыққа адамгершілік мән қосқан ірі қоғам және қалам қайраткері болып табылады.

Жазушының еңбегі әдебі мен әдеті мәселелерін қарастыруда, ең алдымсн, жазуышылық шығармашылық жолға бет бұруының өзінің осы еңбекке қажеттілігін сезініп, мойындап, жазуға біржолата ден қоюының себебін білу жеке адам үшін қызықты да, әдебиет туралы ғылым үшін маңызды. Әр жазушының әдебиетке келуінің әр түрлі жолы болады. Бірақ қалай дегенмен де, жазушының қалам ұстауына себеп өзі көргенінен жинақталған әсерлері мен оны шынайы, шырайлы баяндауға деген ішкі сұраныс [1, 43] .

Бұл туралы әлем биігіндегі классик «Әдебиетке деген аяулы аңсар сезім бала кезімнен басталып еді. Мектепте жүргенде еркін тақырыптарға шығармалар жазатынмын. Ал институттардаға жылдарда көркем әдебиетке деген құштарлық сезім бірте-бірте тереңнен қосарлана келіп , өз тұңғиығына біржолата алып кетті. Сол уақытта ең тәуір деп бағаланган шығармаларынан өзімді толғандырған мәселелерге жауап іздеу негізгі машығым еді. Соғыс туралы, қаһарман халықтың ерлігі хақында адам жанын тебірентерлік дүниелер көп жазылар ма еді дегсн тілек ойымнан бір шыққан емес. Өйткені, ол кездегі қырғыз әдебиетінде бұл тақырып мүлде тың жатқан болатын. Қандай сезім бойымды билегенін қайдам, қырғыз оқушылары да соғыс жайлы, оның ащы шындығы туралы оқуға мүмкіндік алса деген ойдың қамшылауымен, көркем аударманың не екенінің байыбына бармастан, кітаптың қалай, қандай жолмен шығатынын білместен сол кездегі сүйікті шығармалар: «Полк баласы» мен «Ақ қайыңды» аударуға құлшына кірістім. Аудармамды болған соң баспаға әкеп көрсеткенде, ондағылар бұл кітаптар әлдеқашан аударылып қойған, жақында жарыққа шығады десті. Еңбегімнің зая кеткенге қалай ренжімессің, студент кезімде шағын мақала, очерктер жазғаным болмаса, менің әдеби қадамымның басы сол аудармалар еді.

Институттан соң зоотехник болып қызмет істеп жүрген жылдары жазуға біржолата ден қойдым» деп жазады [3, 80-81] . Жазушының шығармашылық лабораториясында сирек кездесетін құбылыс - оның өз шығармаларын туған көкейіне түйгендері ойға жетелеуі, одан шығармашылық ой өзегінің тууы, ол ойдың авторды жазу столына алып келуі басқа жазушылардың тәжірибесінде де кездесетіні рас. Ш. Айтматовтың бұл ретте даралығы ойын қозғаған өмірлік құбылыстар негізінде жалпы адамзатқа ортақ ірі де, іргелі, мәңгілік идеяларды көркемдікпен негіздей білуінде.

Ш. Айтматовтың шығармаларындағы адам кейіпкерлеріне жасалған талдаулар кейіпкерлердің шындық өмірден алынғандығын, әсіресе соғыс уақыты мен соғыстан кейінгі кезең суреттелген повестері мен әңгімелеріндегі характерлер тұлғалардың өз күрделілігімен тіпті өмірдегі есімдсрімен берілгендігін көруге болады.

«Мені ақындыққа итермелеген - мені қоршаған адамдар. Шығармаларымда кездесетін кесек мінездер үшін соларға қарыздармын» деп М. Шаханов атап өтсе, Ш. Айтматов та өзінің автобиографиялық мақаласында: "Соғысқа дейін", "Соғыстан кейін", "Соғыс кезі" деп айтып жатамыз, - бұлар жай сөз тіркестері емес. Мен үшін бұл сөздер - өмірді танудың қатал уақыты, біздің қоғамның үлкендер жинақтаған, әлемдік мәңге ие болған тәжірибесін игеру уақыты. Себебі соғыс XX ғасырды адамзат дамуындағы соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі дәуір деп екіге бөліп көрсететін дүниежүзілік тарихи кезең ғана емес, сол кезеңде өмір сүрген әрбір адамның тағдыры, оның адамгершілік құңдылықтарының өлшеуіші болды. Соғыспен әрбір адам бетпе-бет ұшырасты, мен соғысты айналып өткен, оған қатысы болмаған ешбір адамды білмеймін. . Себебі соғыс халықтың ортақ тағдыры еді, сондықтан ешкім ешқайда қашып кете алмайтын (өзімнің ең алғашқы "Бетпс-бет" повесімде осы туралы айтқым келді) [3, 458-459] деп прозаик ретінде танытқан повестерінде өз өмірінің соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі жылдарын өткізген Шекер ауылындағы адамдар меи оқиғалар туралы айтылғанын нақтылы көрсетіп отырған.

Биыл Ұлы Отан соғысының 65 жылдық жеңісі аталып өтті. Сондықтан, Ш. Айтматовтың уақыт өтсе де өзінің өзектілігін жоғалтпаған соғыс тақырыбына жазылған - жалпы адамзат әлемі туралы ойлы да сырлы гуманизмге толы «Жер Ана» повесіне тоқталып өтсек.

Ш. Айтматов бұл шығармасын жазғанда екі жақты қиыншылықты өте шебер жеңе білген.

Біріншіден, көп жазылған соғыс тақырыбы автордан көркемдік жинақылық пен көркемдік тиянақтылықты талап етсе, екіншіден, бұл тақырыпты жалпы әлемдік, жалпы адамзаттық масштабқа жеткізу қиын да күрделі құбылыс. Бірақ, кемеңгер жазушы уақыт талабына сай бұл екі маңызды да күрделі міндетті өте нәзік сезіммен, асқан шеберлікпен ұштастыра білді.

Ш. Айтматов өзінің қиын да күрделі міндетін Толғанай бейнесі арқылы шешеді. Толғанай - аяулы бейне. Бұл шығармада эпикалық кендік, философиялық тереңдік, лирикалық нәзіктік аңғарылады. Толғанай - рухы өте күшті образ. Өз өмірінде адам айтқысыз қайғы-қасірет шегіп, ері мен ұлынан, келінінен ажырап, қаншама күндер мен түндерді ұйқысыз өткерген ана рухына бас иесіз.

Толғанай - бұл натуралистік портрет емес, бұл барлық адамдардың сезімі мен ойын жинақтаған образ. Повесть өткен ауыр да ұзақ өмірін оңашада Жер-Анамен тілдесіп, еске алған қарт Ананың монологына құрылған. Повесть екі Ананың - Әйел-Ана мен Жер-Ана - диалогымен басталып, екеуінің диалогымен аяқталады. Жер Ана мен Адам Ананың табиғи қызметі -нан табу, өмірге перзент әкелу, басқаша айтқанда, өмірді жалғастыру. Шығарманың философиялық пафосы мен табиғатты мағынасыз қирату мен зорлық-зомбылыққа негізделген әділетсіз соғысқа қарсы.

Автор Толғанай образы арқылы бүкіл бір дәуір суретін көз алдымызға келтіреді. Бұл философиялық мәңге ие болған бейне.

Жазушы адам образын жасаған кезде ғана емес, Жер-Ананың образын айшықтаған кезде де халық шығармашылығына, олардың Жер туралы қалыптасқан ұғымына сүйенеді

«Жер-Ана» повесіндегі соғыс кезіндегі ауыл көрінісі прозаның көрнекті беттері болып табылады. Бұл қиын кездегі әйелдердің, қарттардың қаһармандық еңбегінің жемісі. Бригадир Толғанайдың елдің ақырғы астығын алғанда оны себуге дайындағанда, дезертир Жексенқұлдың ісі, ұрыларды қуамын деп оқ тигені, ауыр кезендегі бастан кешкен оқиғаларды адамды толғандырмай, тебірендірмей қоймады.

Повесте халықтың көзқарасы, оның демі болып жатқан трагедиялық оқиғаға Толғанайдың Жер-Анамен арасындағы символикалық диалогынан көрінеді. Жер-Ана қарт қырғыз әйелінің жанын, сырын түсінісіп, оны ауыр да қиын күндері демеп, соғыс жылдары оған күш-қуат, рухани қайрат беріп отырады.

Толғанай соғыстың алғашқы күні туралы айта бастағанда, Жер-Ана былай дейді: « - Мен ештеңені ұмытпаймын, Толғанай. Жарық дүние орнағаннан бергі ғасырлар сыры бәрі менде. Кітапқа сыймайды, адамның есінен шығып жоғалған тарихтың бәрі менде. Сенің де басыңнан өткен тағдырың жүрегімде». Жер-Ана түсінеді, қайғырады. Толғанайдың қайғысына ортақтасып, қуанышын бөліседі

Жер-Ана мен Адам-Ана екеуі де жақсылыққа құштар, екеуі де өмірді туғызушы, жалғастырушы. Жазушы Жер-Ананы реалистік ойлаудың шегінен шығармайды. Жер-Ана бәріне қабілетті емес, ол - Адамға бағынышты. Адам - Жер - Анадан жоғары тұрады.

Повестің соңы бұған дәлел. Кішкене Жанболатқа, бүкіл адамға өз өмірінің тарихын айтуды Жер-Ана Толғанайға тапсырады. « - Жоқ, Толғанай, сен айт. Сен - Адамсың. Сен бәрімізден биік, бәрімізден ұлы жаралған жансың, сен айт, сен - Адамсың [4, 15] .

Шығармадағы екі Ананың образы екі бөлек бейнеленгенімен, олар бірін-бірі толқтырып, оқырман көкірегінде ұлы Ана образына айналған.

Жазушы шығармаларында әйелдер бейнесін жасауға үлкен орын берілген, әйел кейіпкерлер көптеп саналады. «Бетпе-бет» «Құс жолы», «Жәмила» повестеріндегі Сейде, Толғанай, Жәмила - көркем образ дәрежесінде биікке көтере жырланған. Жазушы көркем туындыларында жасалған әйелдер бейнесінің қай-қайсында болмасын өзінің барлық алғысын, мақтанышын, таңданысын және оған деген аянышын бірдей сыйдыруды мақсат тұтады. Аталған кейіпкерлерінің де өмірде прототиптері бар екенін жазушының өмірбаяндық мақалаларынан және «Балалығым» кітабы мен Шекер ауылындағы Күркіреу мәдениет үйі музейіндегі материалдардан және Ү. Б. Құлтаеваның «Тұрмыс шындығы және көркем образ» кітабынан келтіруге болады.

Суреткердің ең асыл ойларын жеткізетін кейіпкерлердің бірі де бірегейі «Жан пида» романының бас кейіпкері - Авдий образы. Жазушының өзі «Егер Едіге философиямен қаруланбаған қарапайым ғана халық ойшылы болса, жаңа роман «Жан пиданың» қаһарманы Авдий Каллистратов өзін дін іліміне бағыштады, бірақ олар бір-бірімсп туыстас, бұл туыстық олардың өмірге қатынасы, әділдікке құштарлығы, қайырымдылықка жақындығынан көрінеді. Осы жерде әр басқа Авдий мен Едіге түйіседі » [2, 433] . деп көрсетеді. Қазір қай діннің болсын өз құндылықтарын уағыздауға құқы бар. Философиялық еңбектерде берілген дін тарихы мсн оның мақсат-мәніне назар аударатын болсақ: «Дүниені аузына қаратқан айбынды империялардың өмірге келуінс дем беріп, дәнекер болғандығының арқасыпда (мысалы: мүсылмандардың YII-ІХ ғасырда іргелес елдерге, Орта Азия мен Қазақстан жеріне жүргізген ғазауат соғыстарып, католиктердің ХІ-ХIII ғ. Таяу Шығыс мемлекеттеріне жасаған крест жорықтарын алайық) және темірдей тәртіпке бағынған міндеткерлерінің дүниеден баз кешкен жанқиярлық әрекеті мен жалынды уағыздары нәтижесінде жер-әлемге кең тарап, жүздеген, мыңдаған жылдар бойы күнбе-күн үзбестен үгіт жүргізіп келе жатқан бұл діндердің бұлжымас догматтары мен дәстүрлері қальптасып жүйелі арнаға түсті» [2, 40] .

«Осы уақытқа дсйін «дін - апиын» деп келді. Бірақ оның адамзатты қашанда тек түзулікке, тәртіпке, тазалыққа, ізгілікке тәрбиелейтіндігін түсінбеді. Кейбіреулср бұдан біраз жыл бұрын дінді жамандаса, енді жалт бұрылып мадақтай бастады. Жекелеген жазбагерлер тіпті бұрынғы «жаман» дегенін «жақсы» деген сезбен ауыстырумен ғана шектелді». Ал бұлар діннің «Жарық дүние қызығынан жан рахатын табуға үндейтінін, күллі дүниені танып-білуге құштарлыққа қошеметтеп, тұрмыстағы оң және теріс істердің мүдделер арқылы саралағанды жөн санайтын», оның рухани, сезімдік, тәрбиелік, эстетикалық, моральдық мәні бар екенін ұққан жоқ.

Біз осы айтылғандарды бүгінгі заман талабына орай терең түсіну үшін дін мәселесі толығымен көрінген ғажап туындыны, III. Айтматовтың «Жан пида» романын талдап түсінуіміз қажет. Себебі көркем шығарма, жалпы көркем әдебиет - адамның ой сезіміне ерекше әсер ететін, тәрбиелейтін бірден бір тиімді құрал.

Сонымен бірге, «Жан пида» романында анашистер жайының өзінше бір желі болып тартылғаны белгілі, қаламгердің осы мәселеге келуі туралы құнды мәліметті де оның өз сөзінен таба аламыз: «Бұл тақырыпқа да мен кездейсоқ назар аударып отырған жоқпын. Екі бірдей ұлы наркоманға айналған ананың«Литгазетада» жарияланған хаты - осы сырқаттың белең алып бара жатқандығының тағы бір дәлелі. Біз ұзақ жылдар бойы осы қасіретімізді жасырып келдік, сондықтан мені «не ссбептен біздің жастарымыздың бір өлігінде бұл ауру меңдеп барады, біздің қоғамда мұндай теріс әрекетті қандай себептер тудырып отыр, отбасының ба, әлде жеке бастың жағдайына байланысты ма? Бұл қалай және қайдан пайда болды? Жас өрендерді не және қандай қоғамдық келеңсіздіктер осындай құрдымға итермелеп отырған?» деген сұрақтар қатты мазалады. Олар емес, біздер ойлануымыз қажет және өзіміздің алдымызда өзіміз жауап бсруіміз керек [4, 442-443] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазушы өзінің туған жері туралы бір сөзінде
Толғанай - аяулы бейне
Аударма дәл аударма
Шыңғыс Айтматовтың «Борынды бекет» романындағы мәңгүрттену процесі
Қимылдың өту сипаты категориясының семантикалық негізі – етістік-предикаты сөзжасамдық қосымшасы
Ағасың елге аяулы!
Мифтік көркемдік қызметі
«Әбіш Кекілбаев – жазушы, қоғам қайраткері»
Етістікті тұрақты тіркесті анықтауыштардың құрылымдық сипаты
Әбіш Кекілбаев (1939-2015)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz