Амангелді Иманов – ұлт-азаттық көтеріліс жетекшісі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

1. Амангелді Иманов - ұлт-азаттық көтеріліс жетекшісі

2. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

1. Амангелді Иманов - ұлт-азаттық көтеріліс жетекшісі

ИМАНОВ Амангелді (1873-1919) - 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі және 1917-1919 жылдары Кеңес өкіметін орнату жолын-дағы күреске белсене қатысушы. 1916 жылдан 1917 жылдың ақпанына дейін ұлт-азаттық қозғалысты басқарды. 1916 жылы Қазакстанның Торғай және баска уездерінде патша өкіметіне қарсы көтерілісті бастап, Торғай, Қостанай, Актөбе мен Ырғыз уездеріндегі халық жасағының елеулі бөлігін біріктірді. Қазан төңкерісіне дейінгі уакытта жазалаушы отрядтармен шайкастар жүргізді.

1917 жылдың қазанынан 1918 жылдың қантарына дейін Торғай облысында Кенес өкіметін орнатуға белсене қатысты. Торғай уездінің әскери комиссары болды.

Сарбаздарымен бірге Орынборды дутовшылардан азат етуге қатысты. Торғай даласындағы партизандық қозғалысты, ұлттық әскери бөлімдерді ұйымдастырушылардың бірі. 1918 жылдың желтоқсан айында Торғайда Кеңес өкіметін қалпына келтіруге белсене араласты. Қызыл Армия бөлімдерін құрды. 1919 жылы сәуір айында тұтқындалып, аласапыран уакыт саясатының кұрбаны болды.

2. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

Халық бұқарасының арасында патша самодержавиесінің милитаристік саясатына наразылык өсе түсті. Ресейдің орталығындағы революциялық дағдарыстың пісіп-жетілуі ұлттық шеткергі аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда да ерекше сезіле бастады. Ол жұмысшылардың ереуілдері мен баска да бой көрсетулерінен көрінді. Осының бәрі патша саясатына наразы бұқараның ашык бой көрсетуіне әкеп сокпай коймайтын еді.

1916 жылы 25 маусым күні орыс емес «бұратана» халықтардың 19-43 жас аралығындағы ер-азаматтары соғысып жатқан армия ауданында корғаныс құрылыстарын салу мен тыл жұмыстарына «реквизицияланатыны» жөніндегі патша жарлығы жарияланды. Алдын ала жасалған есеп бойынша, 390 мың адам алу көзделді.

Аталған Жарлық казақ даласын өте ауыр жағдайға қалдырды. Тыл жұмыстарына жұмылдыру (мобилизациялау) егін өнімдері мен пішен жинау, малды қысқы жайылымдарға айдауға дайындық кезінде жүргізілді. Еңбекке жарамды бүкіл ер-азаматтарды шақыру қоныс аударушылар пайдасына үнемі жер тартып алумен негізгі шайқалған қазақ шаруашылығының экономикалық базасына зор нұсқан келтірді. Іс жүзінде жұртшылық аштан кырылуға душар болды. Байырғы халықты тыл жұмыстарына шақыру халықтың ашу-ызасын тудырып, Орта Азия халықтарының Ресей отаршылдығына қарсы қуатты көтерілісінің басталуына себепші болды. Көтерілістің құлаш сермеуінен сескенген патшалық өкімет орындары 20 шілдеде шақыруды егін өнімдерін жинағанға дейін, ал 30 шілдеде 1916 жылдың 15 қыркүйегіне дейін кейінге қалдыра тұру жөнінде хабарлады. Бірақ өкімет орындарына отарлық езгіге қарсы көтеріліс жалынын өшірудің сәті түспеді.

Көтерілістің негізгі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипатты факторлары: отарлық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, салықтар мен алымдардың көбеюі, еңбекшілерді аяусыз қанау, күшпен орыстандыру жөніндегі патша саясаты, ұлт араздығын қоздыру, еңбекші бұқараның соғысқа байланысты жағдайының нашарлауы. Стихиялы түрде басталған қозғалыс біртіндеп ұйымдасқан сипат ала бастады. Оның Торғай мен Жетісуда дала халқының танымал өкілдері, көпке белгілі жетекшілері Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин, Тоқаш Бокин, Бекболат Өшекеев т. б. бастаған ірі орталықтары пайда болды.

Ұлт-азаттық козғалысқа қазақ жұмысшылары да қатынасты. Спасскы мен Қарқаралы зауыттарындағы, Успенскі мен Жезқазған кеніштеріндегі, Қарағанды мен Екібастұз көмір кендеріндегі, Ембі мұнай кәсіпшіліктеріндегі, Омбы, Орынбор-Ташкент темір жолындағы жұмысшылар жұмыстарын тастап, көтерілісшілерге келіп қосылды. Белгілі қоғам қайраткері Ж. Ақбаев, Б. Қаратаев т. б. қазақ халқының мүддесін корғап шықты.

Қазақтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі патша Жарлығы Орынборға 1916 жылғы 28 маусымда жетті. Торғай облысының әкімшілігі метрополияның тікелей өкілдігі ретінде патша жарлығын сөзсіз, бұлжытпай орындау жөнінде шешім қабылдады. Алайда халық назарлығы күн санап өсе түсті. Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе уездерінде шаруалардың стихиялық бас көтерулері басталды. Көтерілусішілер тау шатқалдарына топтасып, пошта бекеттеріне шабуыл жасады, темір жолды бұзды, болыстык басқармаларды талқандап, болыстарды өлтірді. Көтеріліс Солтүстік Қазақстанның көптеген облыстарын қамтыды.

Торғай уезінде Амангелді Иманов бастаған ірі көтерілісшілер жасағы құрылды. Көтеріліске дейін-ақ Амангелді даладағы халық бостандығын жақтаушы, отарлық тәртіптің бітіспес қарсыласы ретінде танылған еді. Ол бірнеше рет түрмеге де түсті, заңсыз сотталған жерлестерінің ісімен Петербургке те сапар шекті.

1916 жылы шілдеде Амангелді шашыранды қазақ жасақтарын көтерілісшілердің бірыңғай сапына жинай бастады. Көтерілісшілер Амангелдіні көтерілісшілер әскерінің бас колбасшысы - сардарбек, Оспан Шолақты оның көмекшісі етіп, Әбдіғапар Жанбосыновты хан етіп сайлады. Амангелдінің әскері көтерілісшілердің басқа жасақтарынан ұйымдасқандығы және тәртібімен ерекшеленді. Сарбаздар ондық, жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді. Басқару жұмысы штаб міндетін атқарған Әскери Кеңес арқылы жүзеге асырылды. Кеңес жанында барлық әкімшілік мәселелерді шешіп отыратын хатшылық жұмыс істеді, пошта орналасты. Басшы орталық жанындағы әділқазылар алқасы әр түрлі заңдық мәселелерді шешумен, арыздарды, шағымдарды қараумен айналысты. Бейбіт халық пен сарбаздардың арасындағы даулы мәселелерді басшы орталық әрбір мың шаруашылыққа тағайындаған елбегі (әкімшілік жетекшісі) шешті. Көтерілісшілер үшін салықтар мен азық-түлікті жасакшылар жинады, қаражат жөніндегі жұмыстарды арнайы тағайындалған казынашы атқарды.

Көтерілісшілер жасағын мойындаған халық битамал - 4 сомдық салықтан өзге салықтардың барлық түрінен босатылды, пошта жүйесі жолға қойылды. 1916 жылғы қазан айына карай Торғай және Ырғыз уездерінде әрқайсысында 2-3 мың адам болған 20-дай көтерілісшілер жасағы болды. Көтерілісші жасактар үш ірі жасаққа топтасты.

Қазанда көтерілісшілер Қарабұтак селосын қоршап, Қожакөл мен Татыр көлдері ауданында жазалаушы отрядқа шабуыл жасады. 23 қазан күні Амангелді бастаған 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Қазан әскери округы әскерлерінің қолбасшысы әскери министрге жолдаған хабарында: «Торғай және Ырғыз уездеріндегі жағдайдың тез нашарлап бара жатқанын, Торғаймен тек телеграф байланысы ғана емес, барлық қарым-қатынастың үзілгенін, Ырғыздың коршала бастағанын» баяндады. Сонымен бір мезгілде көтерілісшілердің Торғай мен Ырғызды басып алып, Орынбор-Ташкент темір жолындағы қозғалысты токтатып тастау ойының бар екендігі хабарланды.

Торғай көтерілісшілеріне көрші облыстардың қазақтары қосылды. 1916 жылдың қарашасында көтерілісшілердің саны 50 мыңға жетті. Көтерілісшілер жергілікті отарлык өкімет орындарының жұмысын толыктай дерлік токтатты. Жазалаушы отрядтар көтерілісті баса алмады. Патша үкіметі

Ең соңғы шешімге бел буды. Құрамына майданнан әкелген бөлімдер енген генерал Лаврентьев басқарған арнайы экпедициялық корпус құрылды. Корпус шабуылды бірден үш бағыттан - Қостанай, Ақтөбе мен Шалқардан бастады.

Көтерілісшілер Торғайды патша әскерлері келіп жеткенше алуға ұмтылды, алайда 6 карашадағы қаланы тікелей шабуылмен алу әрекеті сәтсіз аяқталды. Қала 10 күн бойы қоршауда болды, қоршауды одан әрі соза беру мүмкін емес еді, өйткені калаға жазалаушы экспедицияның негізгі күштері жақындап қалып еді. Көтерілісшілер қоршауды тоқтатып, әскерлерге қарсы қозғалды. 16 қарашада көтерілісшілер Түнқойма пошта бекеті ауданында жазалаушы отрядка шабуыл жасады. Көтерілісшілер шебін күшпен бұзып өткен жазалаушылар отряды сол күні Торғайға кірді.

Қарашаның екінші жартысында көтерілісшілердің негізгі бөлігі Торғайдан 150 шакырымға шегініп, Батпаккара шатқалы ауданында, бір бөлігі Аққұм құмында топтасты. Көтерілісшілер Батпаққарада әскери қимылдарға басшылық жасау мен басып алынған аудандарды баскару жөніндегі Кеңес құрды. Көтерілісшілермен күрес жүргізу үшін Самарадан генерал Мака-ровтың жаңа жазалаушы экспедициясы шығып, оған Орынбордан әскери бөлімдер келіп қосылды. Нашар қаруланғанына қарамастан көтерілісшілер күрестің партизандық әдістерін кеңінен қолданып, жазалаушылардың негізгі күштерінің қолын байлады.

30 карашада полковник фон Розеннің отрядының келе жатқаны жөнінде мәлімет алған 6 мыңдай көтерілісшілер жазалаушыларға қарсы аттанды. Зеңбірек, пулемет, мылтықтардың жаудырған оғына қарамастан көтерілісшілер жазалаушылар шабуылын тойтарды. Ерте басталған қыс, қатты аяз бен жауған қар көтерілісшілердің қимылын қиындатты. Амангелді Иманов пен Әбдіғапар Жанбосынов өз сарбаздарын жазалаушылар жете алмайтын жерлерге жинақтады. Көтерілісшілер өздерін азық-түлік, жем-шөппен қамтамасыз етіп, жертөлелер салды, киіз үйлерде тұрды. 1917 жылдың басында Амангелді отаршылдарға қарсы күресті кайта бастауды қолға алды. Қостанайдан шыққан жазалаушы отрядтардың көтерілісшілер жолын бөгеп, жазалаушылар шегінуге мәжбүр болды.

Ақпан революциясының қарсаңында, Қазакстанның басқа облыстарында әскери қимылдар тоқтағанда, Торғай даласында жазалаушылар отрядтары мен көтерілісшілер арасындағы шайқастар жалғасып жатты. 22-24 ақпан күндері көтерілісшілер жазалаушылармен соңғы шайқасын Доғал Үрпек ауданында өткізді. Асқан табандылықпен шайкасқан көтерілісшілер қаланың ішкергі аймактарына ақырындап шегінді. Торғай өзенінің мұзымен ауыл-дарымен шегінген қазақтарды жазалаушы әскер екі жақтан оқ жаудырып, бірнеше жүздеген әйелдер, қарттар мен балаларды, мыңнан аса сарбаздарды өлтірді. Ақпанның соңында Доғал Үрпекті көтерілісшілердің қолында қалдырып, жазалаушылар шегінді.

Ақпан төнкерісінің жеңісінен соң даладағы көтерілісішілер отрядтарвның саңы шұғыл өсті, ал 1917жылыдың соңында Амангельді Торғайды алды.

Көтеріліс Жетісу өлкесіне кең тарады. Мұндағы өзгешелік жаппай бой көрсетулерге тек қазақ еңбекшілері ғана емес, басқа халықтардың өкілдерінің (ұйғырлар, дүнгендер, кырғыздар) де қатысуы еді. Қыска мерзім ішінде қозғалыс қарулы бой көрсетулер мен қақтығыстар сипатына ие болды. Мысалы, Жаркент уезінің бастыры: «Мыңға тарта қазақтардың тобы біздің еркімізге бағынбай, жұмыска адам бермейтіндерін, соңғы адамдары қалғанша шайкасатындарын мәлімдеді . . . Соңынан кеңселерге шабуыл жасап, шакырылғандардың тізімін жойды» деп баяндады. Асы өзенінің жазығында көтерілісшілер тізім жасаумен айналысқан уезд бастығының көмекшісі Хлыновскийдің отрядына шабуыл жасады. Көтерілісшілердің екпініне шыдамай Хлыновскийдің отряды Верныйға қарай шегінді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патша үкіметі
Амангелді Иманов туралы ақпарат
1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс жайлы
1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің шығу себептері
Ұлт-азаттық күрес
Көтерілістің басталуы және себептері
1916 ж. Ұлт-азаттық көтеріліс жағдайындағы қазақ ұлттық зиялы қауымы
Қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (ХІХ ғ. соңғы ширегі-ХХғ. басы)
1916 жылғы көтеріліс
Қазақ халқының құрылуының негізгі кезеңдері және этнос ретінде қалыптасуының аяқталуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz