Ауыл шаруашылық комплексіндегі инфрақұрылым



Кіріспе
Ауыл шаруашылық комплексіндегі инфрақұрылымның құрылу және қызмет ету ерекшеліктері.
Экономикалық реформалар барысында Қазақстан республикасындағы аграрлық секторда түбегейлі өзгерістер болды. Олар: совхоздар мен колхоздарды мемлекеттік меншіктен жеке меншікке жекешелендіру процесі аяқталды, меншік және шаруашылықтың әртүрлі формалары пайда болды және олардың қызмет етуіне қажетті нарықтық механизм құрылды.
Барлық ауыл шаруашылық товарөндірушілер товарды өткізу және материалды-техникалық ресурстарды сатып алуда еркін бәсекелестікке түсін, бірдей мүмкіншілікке ие болды. Бірақ 1991-1999 жж экономикалық дағдарыс ауылшаруашылық өнімдеріне баға паритетін бұзып, ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемін 2,5 есе төмендетті. Соған сәйкес машиналық-тракторлық парктер сол баяғы күйінде қалып, минералды тыңайтқыштар мен жануарлар мен өсімдіктерге қажетті химиялық құралдарды қолдану төмендеді. Осы жағдайда ауыл шаруашылық комплексінің инфрақұрылымын құру проблемасы актуалды болып отыр.
Инфрақұрылым проблемасына байланысты отандық және шетелдік экономистер өздерінің еңбектерін ұсынған. Олар: Р.Нурксе, П.Розерштейн-Родан, П.Самуэльсон, С.Носов, Р.Шнипер, И.Ф.Черняевский, В.Чумченко, Г.Калиев, В.Стукач және басқалар. Өндірістік инфрақұрылым қызметін зерттеген ғалымдар: К.Абуов, Д.И.Журкович, П.И.Чужинов.
Машина-технологиялық станциялардың құрылуы және дамуы, лизингтік және агролизингтік қатынастардың дамуына келесі ғалымдардың еңбектері ұсынылған: В.М. Мизлин, С.Г.Стокалов, К.Ш.Шаимбетов, Ж.К.Коргасбаев, А.Смағұлов. Өндірістік қызметтің құрылымы мен мамандандырылған бөлімшелерінің мүмкіндіктері туралы еңбектерін келесі ғалымдар баспаға ұсынған: Б.Г.Жунусов, К.Р.Нурмағанбетов, М.Мухамбеков, О.П.Масленников және басқалар.
Бірақ қазіргі нарықтық жағдайға сәйкес ауыл шаруашылығына қажетті өндірістік инфрақұрылымды құру және ұйымдастыруға байланысты мәселелер толық қарастырылмаған. Талдау бойынша реформа жылдарындағы ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы және өндірістік қызмет көрсету құрылымы, әсіресе қоймалар және базалар, механизация және химиялық құралдар, жөндеу өндірістері, айырбас бөлімдері қаржы ресурстарының жетіспеушілігінен жарамсыз болып қалды және кең көлемде қолданылмай отыр.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Экономикалық реформалар барысында Қазақстан республикасындағы
аграрлық секторда түбегейлі өзгерістер болды. Олар: совхоздар мен
колхоздарды мемлекеттік меншіктен жеке меншікке жекешелендіру процесі
аяқталды, меншік және шаруашылықтың әртүрлі формалары пайда болды және
олардың қызмет етуіне қажетті нарықтық механизм құрылды.
Барлық ауыл шаруашылық товарөндірушілер товарды өткізу
және материалды-техникалық ресурстарды сатып алуда еркін бәсекелестікке
түсін, бірдей мүмкіншілікке ие болды. Бірақ 1991-1999 жж экономикалық
дағдарыс ауылшаруашылық өнімдеріне баға паритетін бұзып, ауыл шаруашылық
өнімдерінің жалпы көлемін 2,5 есе төмендетті. Соған сәйкес машиналық-
тракторлық парктер сол баяғы күйінде қалып, минералды тыңайтқыштар мен
жануарлар мен өсімдіктерге қажетті химиялық құралдарды қолдану төмендеді.
Осы жағдайда ауыл шаруашылық комплексінің инфрақұрылымын құру проблемасы
актуалды болып отыр.
Инфрақұрылым проблемасына байланысты отандық және
шетелдік экономистер өздерінің еңбектерін ұсынған. Олар: Р.Нурксе,
П.Розерштейн-Родан, П.Самуэльсон, С.Носов, Р.Шнипер, И.Ф.Черняевский,
В.Чумченко, Г.Калиев, В.Стукач және басқалар. Өндірістік инфрақұрылым
қызметін зерттеген ғалымдар: К.Абуов, Д.И.Журкович, П.И.Чужинов.
Машина-технологиялық станциялардың құрылуы және дамуы,
лизингтік және агролизингтік қатынастардың дамуына келесі ғалымдардың
еңбектері ұсынылған: В.М. Мизлин, С.Г.Стокалов, К.Ш.Шаимбетов,
Ж.К.Коргасбаев, А.Смағұлов. Өндірістік қызметтің құрылымы мен
мамандандырылған бөлімшелерінің мүмкіндіктері туралы еңбектерін келесі
ғалымдар баспаға ұсынған: Б.Г.Жунусов, К.Р.Нурмағанбетов, М.Мухамбеков,
О.П.Масленников және басқалар.
Бірақ қазіргі нарықтық жағдайға сәйкес ауыл
шаруашылығына қажетті өндірістік инфрақұрылымды құру және ұйымдастыруға
байланысты мәселелер толық қарастырылмаған. Талдау бойынша реформа
жылдарындағы ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы және
өндірістік қызмет көрсету құрылымы, әсіресе қоймалар және базалар,
механизация және химиялық құралдар, жөндеу өндірістері, айырбас бөлімдері
қаржы ресурстарының жетіспеушілігінен жарамсыз болып қалды және кең көлемде
қолданылмай отыр.
Агросервистік өндірістерді жекешелендіру барысында
көптеген кемшіліктер жіберілді, ал ол өз кезегінде тұтынушы мен жеткізіп
берушілер арасындағы қарама-қайшылықты тереңдетіп отыр.
П.Самуэльсон инфрақұрылым сөзіне түсінік бере отырып, мектеп, аурухана,
темір жол салу үшін қажетті шығындарды қоғамдық шығындар деп атады және оын
мемлекеттік шығынға жатқызу қажеттігін айтқан. \5\
Көптеген еңбектерде инфрақұрылым сөзіне әртүрлі мағына берген.
Оны анықтайтын негізгі үш анықтаманы атап өтуге болады:
1. Инфрақұрылым – деп экономиканың негізгі салаларында халық
қажеттілігін қанағаттандыру үшін және жеке кәсіпкерлікті дамыту
үшін қажетті жағдайлардың жиынтығы аталады.
2. Инфрақұрылым – деп ресурстарды толық пайдалану жағдайында
шаруашылық қызметінің жоғарғы деңгейін қалыптастыруға қажетті
материалдық, институционалдық және жеке құрылғылардың жиынтығы
аталады.

3. Инфрақұрылым – деп экономиканы дамытуға қажетті қызметтерді
өндіруші салалар жиынтығын атаймыз, және олар ұзақ мерзімдік
құрылыс пен қызмет ету объектілерімен сипатталады.
Ауыл шаруашылық комплексіндегі инфрақұрылымның құрылу және қызмет ету
ерекшеліктері.
Нарықтық жағдайда дамушы агроөнеркәсіптік кооперация мен
интеграция технологиялық, ұйымдастыру-басқарушылық, экономикалық және
әлеуметтік бірыңғайлылықта бір-бірімен байланысқан өнеркәсіп және ауыл
шаруашылық салаларының өндірісінен құралады . Бұл салалардың даму
заңдылығы түрлі болғанымен, агроөнеркәсіптік кешен қарамағында олар бір-
бірімен тығыз байланыста және бір-бірін толықтырып отырады. Сондықтан
агроөнеркәсіптік кешенді бір байланыста қарастыра отырып, жеке мақсаттарды
анықтауға болады.
Г.А.Долгаш,М.М.Максенко ұсынған анықтама бойынша халық
шаруашылығының АӨК деп – ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өңдеу, қайта
өңдеу, сақтау, тасымалдау, өткізу қызметтерін ұсынушы өндіріс және ауыл
шаруашылық салаларының бір-бірімен байланысқан жалпы жүйесі аталады. \45\.
Осындай анықтама Петренко И.Я., Чужинов П.И еңбектерінде. ,
басқа да эконмикалық сөздіктерде ұсынылған. \46\. Аграрлы экономистер
келесі пікрді ұсынады: агроөнеркәсіптік комплекстің бағалау критериясы
халықтың қажетті азық-түлік және тұтыну тауарларымен қамсыздандыру деңгейі
болса, ал өнеркәсіп үшін аз еңбек, шикізат, материал, қаржы ресурстарын
шығындау арқылы максималды пайда алу болып табылады.
Халық шаруашылығы агроөнеркәсіптік кешендердің құрамында
аймақтық АӨК қарастырылады. Экономикалық әдебиеттерде аймақтық АӨК әртүрлі
анықтамалары ұсынылған. Бір авторлар соңғы мақсатын негізге ала отырып
аймақтық салаларды анықтаса, біреулері ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге
қажетті шикізат пен өндірістік процестердің байланыстарының тығыздығы мен
тұрақтылығын негізге алған, ал үшіншілері аймақтық АӨКті территориалдық
кішілігімен халық шаруашылығы АӨК-тен бөліп қарастырады.
Г.А.Похлебининнің пікірі бойынша \47\, агроөнеркәсіатік кешен
деп қоғамның сұранысын қажетті тұтыну тауарларымен максималды
қанағаттандыру мақсатында ауыл шаруашылығы мен тұтыну тауарларын өндіруші,
ауылшаруашылық шикізатын ұсынушы салалар арасындағы бір-бірімен
байланысқан экономикалық қатынастардың жалпы жүйесі аталады. Еліміздегі
АӨК құрамы территориалды (облыс, аудан) , салалық кешендерден құралған
және олар ашық жүйені құрайды. Аймақтық АӨК құрылымы қоғамдық өндірістің
экономикалық даму заңдылығы әсерінен құрылады және ол экономистердің
пікірі бойынша келесі талаптарға сай болуы қажет:
- аралық және соңғы өнім өндірісі мен шикізат құрылымы мен көлемінің тепе-
теңдігі;
- өндірістік комплексті аймақтың территориясында тиімді орналастыру;
- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу үшін жаңа
технологияны енгізу;
Экономикалық ғылымда жалпы қабылданған тұжырым бойынша агроөнеркәсіптік
кешен өндірісінің құрылымы үщ сферадан тұрады. Бірінші сфераны – АӨК
өндірісі үшін қажетті өндіріс құралдарын өндіруші салалар құрайды,
екіншісі - орталық сфера болып саналатын ауыл шаруашылығы, ал үшіншісі
ауыл шаруашылық өнімдерін тұтынушыға жеткізу ұщін қажетті өңдеу,
сақтау,тасымалдау қызметтерін ұсынушы салалардың жиынтығы құрайды.
Ауыл шаруашылығының даму барысын зерттеу арқылы 70-80 жылдары ғалымдар
аймақтық АӨК құрамында тігінен кооперация құру қажет деген көзқарасты
ұсынды. Агроөнеркәсіптік кешен салалары экономикадағы басқа салалар
комплексіне қарағанда қызметтердің көптеген түрлерін ұсынады және олар бір-
бірін толықтырушы ретінде органикалық байланыста, сондықтан олардың
арасында оптималды пропорционалды байланысты қолдау қажет. 70 жылдардың
соңында экономикалық әдебиеттерде экономистер АӨК даму ерекшеліктерін
қарастыра отырып, тепе-теңдік жүйеге негізделген өндірістік
байланыстарды құру қажет деген тұжырым жасады. \24\. Сондықтан, 80
жылдары ғалымдар әртүрлі деңгейдегі, әсіресе аймақтағы агроөнеркәсіптік
кешен құрылымындағы кемшіліктерді жоймай, бұл проблеманы шешу мүмкін
емес деген пікірді ұсынды. Сондықтан кейбір авторлар АӨК моделінде үш
сферамен қатар оның өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын қарастыру
қажеттігін атап өтті. \24,48\.
Агроөнеркәсіптік кешеннің бөлігі ретінде инфрақұрылым бірнеше
ерекшеліктерге ие. Біріншіден, АӨКтің басқа бөлімдеріне қарағанда, ол
жинаушы блок ретінде көрсетілген; екіншіден, оның кешендегі басқа
бөлімшелермен байланыс функционалды еңбек бөлінісіне негізделген.
Инфрақұрылымның тағы бір ерекшелігі оның салаларының еңбек бөлінісінің
тереңдеуі нәтижесінде пайда болуы және негізгі өндіріспен интеграциясы
болып табылады.
Инфрақұрылым кешендегі бөлімдер арасында байланыстырушы қызмет
атқарады және АӨК-тегі салааралық байланыстардың даму деңгейін анықтайды.
Инфрақұрылымның бұл қызметі оның агроөнеркәсіптік кешен жүйесіндегі орнын
анықтайды.
Инфрақұрылым салаларының сипатына қарай оның агроөнеркәсіптік
кешендегі басқа бөлімдермен байланысы анықталады. Инфрақұрылым салаларының
негізгі тобы агроөнеркәсіптік кешенге толық қызмет ұсынады. Олар: жол-
көлік жүйесі, байланыс, электр жүйесі, ақпараттық және материалды-
техникалық қамсыздандыру. Жеке топ ретінде тұтыну кешенімен байланысты
салалар бөллініп қарастырылады. Олар: дайындау, қойма, мұздатқыш
шаруашылықтары. Сонымен қатар ауыл шаруашылығына инфрақұрылымның келесі
түрдегі салалары да қызмет ұсынады: жөндеу және техникалық қызмет көрсету,
агрохимия, мелиорация, өсімдіктерді қорғау, зооветеринарлық қызмет т.б.
Және ғылыми ізденіспен қамсыздандыру да осығын кіреді.
Ауыл шаруашылығында инфрақұрылым салаларының қызмет етуі олардың
ерекшеліктеріне байланысты. Ауыл шаруашылығынды бір-бірімен тығыз
байланысқан биологиялық және экономикалық заңдарды ескеру қажет. Ол
инфрақұрылымның салалары агрохимиялық қызмет, ветеринария, өсімдікті
қорғау тірі организмдер: өсімдіктер, жануарлар, жер микрофлорасымен
байланысты екендігін көрсетеді. Табиғи-климаттық жағдайлар да ауыл
шаруашылық өндірісіне әсер етеді, сол үшін инфрақұрылымның негізгі
қызметі ауылшаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігін сақтау болып табылады.
Ауылшаруашылық өндірісінің мерзімдігі ауыл шаруашылық инфрақұрылым
дамуын ерекшелендіреді және оның агрохимия, қойма және мұздатқыш
шаруашылықтарының қызметін соған сәйкес қызмет көрсетуін талап етеді.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің көп түрлілігі және шаруашылықтардың
оларға мамандануы инфрақұрылым құрамына өзгерістер енгізеді.
АӨК тегі тепе-теңдікті агроөнеркәсіптік кешенді бір орталықтан
жоспарлау мен әкімшілік басқаруды ұымдастыру арқылы сақтауға болады деген
экономистер пікірі жоспарлауға негізделген әкімшілік-командалық басқару
жүйесінде жүзеге асты. Қайта өңдеуші өндірістер мен инфрақұрылым
өндірістері құрылысында шикізат зонасы мен қызмет көрсету зонасы і
ескерілген еді. Бірақ олар совхоздар мен колхоздардың жеке экономикалық
пайдасына шешілмеген еді, ал бұл жағдай өнімнің құның нақты көрсетпей,
салааралық пропорциялардың тепе-теңдігінің бұзылуына алып келді.
Қайта өңдеу және сақтау қызметіне жеткілікті көңіл бөлмеу, АӨК-тегі
диспропорцияны ұлғайтып, ауыл шаруашылық өнімдерінің көп бөлігі дұрыс
сақталмай бұзылуына мүмкіндік беріп, көп шығынға ұшырауға мәжбүр етті.
Және кері байланыс та , яғни өндірістік инфрақұрылымның жақсы жұмыс
істемеуі ауыл шаруашылық тиімділігін төмендетіп, оның құрылымының
бұзылуына жағдай жасады.
Аймақтық агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық дамуы салааралық
байланыстардың тепе-теңдік деңгейімен, өндіріс элементтері арасындағы
құрылымдық қатынастармен, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның
қазіргі кездегі өндірістік күштер мен өндірістік қатынастарға сәйкестік
деңгейімен анықталады. АӨК-тегі тәжірибе көрсеткендей тек бір салаға
капитал салу жетістікке жеткізбейді, жетістікке жету үшін агроөнерксіптік
кешеннің өндірістік құрылымымен қатар инфрақұрылымды да жетілдіріп отыру
қажет.
Ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын бір жүйе деп қарастыра отырып, оның
функционалдық ерекшелігіне қарай екі салалар тобына бөлуге болады. Бірінші
топқа ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру процесінің тиімділігін қамтамасыз
ететін салаларды жатқызуға болады, немесе оны агросервис деп атаса да
болады.
Агросервис салалары келесілер: материалды-техникалық қамсыздандыру,
жөндеу және техникалық қызмет көрсету, агрохимиялық қызмет, мелиорация,
рекультивация, ғылыми және ақпараттық қамсыздандыру, көлік, байланыс
жүйесі. Өнімдерді тұтынушыға жеткізуші айналым сферасындағы салалар екінші
топты құрайды. Олар: өнімді дайындау, сақтау, алғашқы өңдеу, өткізу.
С.Бобылев болса материалды-техникалық қамсыздандыруды бір топ деп, ал
екіншісі көлік және байланыс деп қарастырады. \49\.
Жоспарлы экономикады АӨК инфрақұрылымының жекелігі болмады және ол
өздігінен ешқандай қызмет ұсынбады, ал ол өндіріс қарқанын төмендетті.
\42\.
Ресей ғалымы Р.И.Шнипер шектеулі қызмет ұсынған инфрақұрылым
ерекшеліктерін бөліп қарастырады. Олар:
- біріншіден, оны құру және дамыту министрліктер мен ведомствалар
қарамағында еді;
- екіншіден, инфрақұрылым өнімді өндіруші мен тұтынушы арасындағы
шектеулі қатынастарға ғана қызмет жасады;
- үшіншіден, жеке аймақтарда орналастырылған инфрақұрылым объектілері сол
жердегі товарқозғалысының нақты жобасына сай келмеді;
- төртіншіден, шектеулі нарыққа ғана өз қызметін ұсынды, ол тек
ресурстарды бөлу және тұтыну тауарлары саудасын ұйымдастырумен ғана
шектелді.
Қазіргі уақытта нарықтық экономикаға өтумен байланысты
орталықтанған ресурстарды бөлу жүйесі жойылды, себебі ол нарықтық жағдайға
сай келмейді. Ауыл шаруашылық өнімдері нарығын құру үшін инфрақұрылым
қызметтер жүйесін құру маңызды, себебі ол тауар запасын құруға, баға мен
нарық көлемін анықтауға мүмкіншілік береді. \25,50\ сондықтан нарық
талаптарына сай инфрақұрылым салаларын құру маңызды.
В. Домухиннің пікірі бойынша инфрақұрылым салаларының даму
деңгейін анықтау үшін өндіріс факторларына қалыптасқан жаңа меншік
түрлерін ескеру қажет. Және мен оған келісемін. Олардың негізгі жағдайлары
келесілер:
- меншік жекешелендірілді, бөлуде тауарөндірушілер өздері шешім
қабылдайды
және басқаруда көлдеңен байланыстар орын алған;
- экономикалық билік көптеген нарық субъектілерінің қолында, сондықтан
тиісті шаралар жүргізу үшін кеңес қажет;
- бір-бірімен бәсекеге түсуші нарық субъекттілері дамуда, олардың
кооперациясы жүзеге асып, олардың құқығын қорғаушы институттар
құрылуда;
- аграрлық нарық қатысушылары үшін алғышарттар мен экономикалық
ынталандыру жағдайлары құрылуда;
- нарық субъектілері әртүрлі формадағы меншік және шаруашылық түрлерімен
ерекшеленеді;
- нарық құрылымы меншік иелерінің таңдауы нәтижесінде құрылуда;\51\
Ең алғаш Қазақстанда ғалым-экономист В.Ф.Стукач елімізде қалыптасқан
және басқа елдерде де қолданылатын АӨК инфрақұрылым объектілеріне
сипаттама беріп, оны 6 топқа бөлген. \52\ Олар:
Бірінші топ АӨК қызметінің ғылыми-техникалық және
технологиялық деңгейін анықтайтын ұйымдар мен кәсіпорындардан
құралған. Олар: ауыл шаруашылық консультациялық орталықтары; тауарды
өткізу ассоциациялары; тауарды өңдеу және өткізу қызметін ұсынушы
кооперативтер; қымбат техникалар мен машиналарды сатып алу және
пайдалану; теника лизингі және басқа да қызмет ұсынушы машина-
тракторлық станциялары; қоймалар, мұздатқыштар шаруашылығы; жөндеу,
құрылыс ұйымдары; транспорттық агенттіктер; жеке сауда жүйесі;
тәжірибелі шаруашылықтар.
Екінші топ келесі ұйымдардан құралған: делдалдық, сауда және
өткізу ұйымдары; тауар биржалары; қорлық биржалар, брокерлік
компаниялар; Тыңайтқыштар, техника сататын компаниялар; көтерме
нарықтар; бөлу орталықтары; мал аукционы; қалалық және ауылдық
нарықтар; қазғалыссз мүліктерді сату және аайырбастау орталықтары;
маркетинг қызметін ұсынушы коммерциялық ұйымдар.
Үшінші топ нарық қатысушыларына қызмет көрсетуші қаржы-несиелік
ұйымдардан құралған. Олар: коммерциялық банктер; жинақ банктері;
сақтандыру компаниялары; ипотекалық банктер; аудиторлық фирмалар.
Төртінші топ құрамында кадрларды дайындау, агроөнеркәсіптік
кешенде жұмыс істеушілерді әлеуметтік қорғауға байланысты ұйымдар
қарастырылған. Олар: еңбек биржасы, жұмыспен қамту орталықтары;
қызметкерлерді дайындау және кәсіби біліктілігін арттыру орталықтары.
Бесінші топ нарыққа қажетті ақпаратты ұсынушы ұйымдар құрайды,
олар: нарықты ақпараттандырудың мемлекеттік қызметі, нарық көлемі мен
сұранысын зерттеу ұйымдары; нарықты зерттеушы статистика органдары;
жарнамалық агенттіктер; көтерме сада ұйымдастырған көрмелер,
жәрмеңкелер, аукциондар; коммерциялық ақпараттық-есептеу орталықтары,
байланыс және коммуникация құралдары.
АӨК ке құқылық жағынан қызмет көрсететін құқылық және
консультациялық орталықтар, арбитраждық Сот, адвокаттық және нотарислды
конторалар инфрақұрылымның алтыншы тобын құрайды.
АӨКтегі менші және шаруашылық формаларының көптүрлілігі
аграрлық нарықтың құрылуына негіз болып отыр. Агроөнеркәсіптік құрылым
көп салалы сипатқа ие және ауыл шаруашылық өнімдерінің көптеген
түрлерін ұсынады. АӨК нарықтық шаруашылығының құрылымы негізгі үш
нарық түрінен құралады, олар: тауарлар, төлемді қызметтер және АӨК
дамуына қажетті ресурстар нарықтары.
Тауарлар нарығы өз кезегінде келесіге бөлінеді: өндірістік
құралдар нарығы, онда АӨК өндірісіне қажетті құрылыстар,ғимараттар,
машиналар, өндірістік құралдар , сонымен қатар еңбек заттары – шикізат,
негізгі және қосымша материалдар, отын-энергетикалық ресурстар айналымы
қарастырылады,және дайын өнімдер нарығы,онда АӨК өндірістерінің
өндірген соғы өнімдері қарастырылады.
Өндірістік қазметтер нарығында машина-тракторлық парктердің
:жөндеу және техникалық қамсыздандыру қызметі; мал фремаларын
жабдықтандыру, агротехникалық, зооветеринарлық, көлік және
энергетикалық қызметі қарастырылады және кадрларды дайындау , кәсіби
біліктілігін арттыруға бағытталған қызметтер, ғылыми ұйымдардың,
консультациялық фирмалар, нарықтық және ғылыми-техникалық
ақпараттандыру қызметтері ұсынылады.
Ресурстар нарығы кәсіби білікті жұмыс күшін, инвестицияны,
бағалы қағаздарды, мүліктік және жер жерналарын ұсынады. Ол АӨК
сферасындағы барлық субъектілердің сұранысын қанағаттандырады.
Шаруашылық субъектілерінің арасындаға байланыстар нығая түсуде. Оның
кеңеюі біраз факторларға байланысты. Біріншіден, сату және сатып алу
қатынасында қатысушы меншік пен шаруашылықтарға ие субъектілердің
санының артуыжәне Қазақстанның АӨК екінші сферасында акционерлік
қоғамдар, шаруашылық серіктестіктері, өндірістік кооперативтері,
шаруашылық қожалықтары қызмет жасауда. Орталықтанған экономикада
совхоздар мен колхоздарда жөндеу шеберханалары, көлік бөлімдері,
қамсыздандыру және өткізу бөлімдері жұмыс істеген, ал қазіргі уақытта
жеке өндірістер, шаруа қожалықтары төлемді жағдайда олардың қызметін
пайдалануға мәжбүр болып отыр. Сондықтан, ғылыми және өндірістік,сауда
-делдалдық ,қаржы-несиелік, ақпараттық,құқылық, әлеуметтік қорғау және
кадрларды дайындау қызметтерін ұсынушы маманданған ,тәжірибелі ұйымдар
қажет.
Екіншіден, нарықтық жағдайға өтуге байланысты, аграрлық нарық
өзінің экономикалық кейпін өзгертті, оның сату және сатып алу
объектілер көлемі кеңейді.
Үшіншіден ауылшаршылық өнімдерін нарықта өндірушілер өздері еркін
сатады. Қазіргі уақытта мемлекеттік тапсыры қолданыстан шығып, барлық
тауарөндірушілер өздері шешім қабылдайтын болды. Нарықтағы сұраныс
көлемі, ресурстармен қамтылуы, тауарөндірушілердің толық
жауапкершілікте болуы, олардың нарықты таңдауға және өткізу формаларын
анықтауға мүмкіншілік береді. Төртіншіден, нарықтық сұраныс өндіріс
құралдар, сақтау және өткізуде нарықтық қатынастарды дамытуға
мүмкіншілік берді.
Бірақ нарықтық байланыстардың ұлғаюы АӨК нарықтары
көлемінің ұлғаюымен ұштаспады. Реформалау барысында агроөнеркәсіптік
нарықтағы кризистер оның көлемін азайтты. Бұл проблема агроөнеркәсіптік
кешендегі сфералардың экономикалық байланыстарының деформацияға
ұшырауынан болып отыр. Инфрақұрылым өндірістегі ұдайы өндіріс
процесінде маңызды қызмет атқарады, бірақ ол үшін қоғамдық өнімді
айырбастау мен бөлуді жетілдіру қажет. Инфрақұрылым нарықта қоғамдық
өнімнің айналымының тез жүруіне жағдай жасайды, өнімді тұтынушыға дер
кезінде және үздіксіз жеткізуге көмектеседі.
Ұдайы өндірісте берілген уақытта өнімді тұтынушыға жеткізетін
нарықтық инфрақұрылымға басты көңіл бөлінген. Бірақ нарықтық
инфрақұрылым – ол инфрақұрылымның маманданған бір ғана бөлігі. \29\.
Қазақстандық экономистер нарықтық инфрақұрылымға келесі түрдегі
анықтаманы ұсынады жасалған өнім қозғалысын, сақтау және тиімді
пайдалануды қамтамасыз ететін АӨКтің материалдық бөлімдерінің жиыны.
(тауарлы биржалар, ауылшаруашылық өнімдерін өткізуші коммерциялық
көтерме сауда орындары, сауда үйлері, коммерциялық банктер, сақтандыру
және брокерлік компаниялары, сауда-делдалдық фирмалар, аукциондар,
жәрмеңкелер, қоймалар, элеваторлар, мұздатқыштар, көлік және байланыс
ұйымдары, коммерциялық ақпараттандыру және маркетинг орталықтары) \25\.
Нарықтық қатынастарға өту кезіндегі дайындық деңгейіне
байланысты инфрақұрылым элементтерін үш топқа топтастыруға болады:
- бірінші топқа өздерінің техника-экономикалық параметрлері мен
георафиялық орналасуына байланысты қазіргі нарық талаптарын орындай
алатын нарықтық-инфрақұрылым объектілері топтастырылды
- екінші топқа бұрынғы шектеулі жүйеде қалыптасқан және қазіргі заманға
сай техникалық, маркетингтік , коммерциялық жағынан қайта құруды қажет
етеін нарықтық инфрақұрылым объектілері топтастырылған;
- үшінші топқа аймақтағы ерекшеліктерді ескере отырып, жаңадан құрылу
қажет инфрақұрылым объектілері қарастырылған. Олар: еңбек нарығы,
ақпараттар мен білім нарықтары, валюта-қаржы ресурстар нарығы, капитал
нарығы, негізгі қор мен қозғалыссыз мүліктер нарығы.\52\. Бұл
топтсатыру Қазақстандық нарық үшін тиімді және қолдануға болады.
Экономикадағы аграрлы секторда нарықтық инфрақұрылымды құру
үшін көп уақыт және капиталды қажет етеді деген пікір қалыптасқан. Ол үшін
нарықтық шаруашылық талаптарына сай келетін жаңа ұйымдарды құру қажет
және жұмыс істеуші ұйымдарды соған бағыттау қажет.Бұл проблемаларды шешу
үшін мемлекеттік көмек қажет, ал қымбат тұратын инфрақұрылым объектілері
үшін мемлекеттің қатысу міндетті. Бұл проблеманы шешуде үлкен тәжірибе
көрсеткен Франция елі. Францияда Ауылшаруашылық палаталар жүйесі мен
кәсіби одақтар желісі маңызды орын алады. Ауылшаруашылық палатасы – бұл
жылда сайланатын орган, және ол белгілі уақыт өткен соң қайта сайланып
отырады. Онын ұйымдастыру құрылымы үш тәуелсіз деңгейлерден құралған.
Төменгі деңгейде 94 департаменттік палата қызмет атқарады. Арнайы
маманданған органдар консультациялық, ақпараттық және бақылаушы қызметін
атқарады. Ауыл және орман шаруашылығының Министрлігі ғылыми зерттеу,
кадрларды дайындау және оқыту жүйесін жетілдіру, АӨКке байланысты заңдар
мен декреттерге түсініктеме беру, мемлекеттің аграрлық саладағы қызметі
туралы ақпаратпенқамсыздандыру қызметтерін ұсынады. Ауыл шаруашылық
палатасының басқару органы Генералды дирекция деп аталады. Келесі деңгей
техникалық дирекция деп аталады, ол өсімдік және жануарлар комитеттерімен
құрылымдық жағынан тікелей байланыста.
Техникалық дирекция палатасы қажетті мамандардың қызметін
ұсынады. Әсіресе зерттеу жұмысы маңызды орын алады. Оның жұмыстарының
негізгі бағыттары келесілер: зерттеу ұйымдарымен байланыс жасау; ғылыми
ақпараттарды жинау, өңдеу және тарату, тәжірибе жұмыстарына бақылау жасау
т.б. Кеңес беруші арнайы палата келесі қызметтерді атқарады. өзгерістерге
байланыты шаруашылықтарға ақпарат беру; фермерлерге мамандардың кеңес
беруі; жергілікті жерлерде кеңес беруші топтар құру; ағымдағы техникалық
кеңес беру.
Арнайы қызметті жанырлармен байланысты мекеме ұсынады. Олардың
жұмысы асыл тұқымды мал өсіруге бағытталған: жануарларды зерттеу,
ерекшеліктерін анықтау; жұмысқа қажетті ақпаратпен қамсыздандыру, арнайы
генетикалық әдістерді қолдануда көмек көрсету және т.б.\53\
Қазақстанда нарықтық инфрақұрылымды құру үшін оған қажетті
барлық факторларды, дамығын мемлекеттердің тәжірибесін ескеріп,
мемлекеттік қолдауға сүйену қажет. Мемлекет өз қарамағында инспекцияларды
(салық, баға және басқа да стандарттарды бақылау үшін) , сақтандыру,
мемлекеттік резерв және сақтандыру қорларын,келісімшарт жүйесін,
монополияға қарсы комитет, кооммерциялық ақпараттандыру орталықтарын құру
қажет. Өздігінен немесе мемлекеттің қолдауымен тауарлы биржаларды,
сақтандыру және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақтың фазалық құрамы
Азот тыңайтқыштары
Құрылыстың барлық дуалдарын бітімі төрт қырлы қатар - қатар тірек бағандар ұстап тұр
Қазақстан Республикасының металлургия комплексінің иновациялық дамуы
Топырақты химиялық жолмен мелиорациялау
Инвестициялық саясатты қаржыландыру көздері
Тыңайтқыштар туралы
Шарын МҰТП жерінің экспликациясы
Қазақстан Республикасының емдік-сауықтыру орындарына баға беру
АКМ бойынша жылдық өндірістік бағдарламаны есептеу
Пәндер