Аңырақай шайқасы және оның маңызы


Аңырақай шайқасы және оның маңызы.
Жонғар басқыншылығына қарсы қазақ халқы Отан соғысының (1723-1730) жеңіспен аякталуында Аңыракай шайкасы аса көрнекті рөл аткарды. Ол туралы қазақтардын дәстүрлі ауыз әдебиетінде айтылады, сондай-ақ оған М. Тынышбаевтын еңбегі және баска да бірқатар жанама деректемелер арналған.
Аңырақай шайқасының уақыты туралы мәселеге келгенде барлық авторлар негізінен бір ауызды. Ауызша аңыздарды пайдаланғандар да, М. Тынышбаевтың ізі мен жүрушілерде солай. Оның үстіне 1723-1730 жылдары Отан соғысы оқиғаларынын қисыныда 1730жыл екенін анықтайды. М. Тынышбаев «Ақтабан шұбырындыдан» кейінгі қазактардың алғашқы женісті шабуылдары 1726 жылға немесе сәл кейінірек (1727) уақытқа жатады және Аңырақай қырғыны (Болаттың кайтыс болуы да) «1730 жылдың көктемінен кешікпей болған, өйткені сол жылдың шілдесінде Әбілкайырдың елшілігі Уфаға жетіп те үлгерді» деп сеніммен жазады.
Соңғы жылдардағы тарихи әдебиетте Итішпес Алакөлдің орналасқан жері туралы барған сайын жиі дау айтылып жүр. Ә. Диваев «Аныракай» «Итішпес көлі маңында, Алакөл жағында . . . Арал теңізінен солтүстікке таман жаткан таулар ғақарай» жатыр деп санаған. Жер жағдайын жақсы білген М. Тынышбаевтың «Аңыракай Ә. Диваев көрсететін жерде емес, Балқаш көлінің Онтүстік шетінен оңтүстік-шығыс жағында 120 шақырым жерде жатыр, ол қазактар арасында ««Итішпес деген атпен мәлім» деп санауы орынды. Солай бола тұрса да, «Алакөл» көлінің орналасқан жері туралы пікірталас жалғасып келеді.
1997 жылы Аңырақай ғылыми экспедициясы (басшылары: КР Мемлекеттік хатшысы, халык жазушысы Ә. Кекілбаев, КР ҰҒА академигі М. Қозыбаев) .
Бұл жөнінде М. Тынышбаевтың айтканы дұрыс, бұл арада әңгіме Балқаштың солтүстік-батыс шеті жағында жаткан Алакөл жайында болып отыр деген тұжырымға келді.
Көлдің картасын Аңырақай шайкасынам кейін 180 жыл өткен сон XIX ғасырдың басында Ресей империясы Коныс аудару баскармасының П. П. Ру-мянцев басшылық еткен арнаулы ғылыми экспедициясы жасаған. Ол өз қорытындысында «Алакөлдің суы тұзды-ащы . . . ал жағалаудан 15-20 шақырым ұзағанда тұши бастайды, былайша тұщы дерлік» деп атап өткен.
Осындай сорлардың бірінде, Қошкарбайтұз деген жерде, XX ғасырдың басында тұз өндірілгені мәлім. Оның бір бөлігі түйемен Әулиеата, Пішпек және Верный уездеріне тасып апарылған.
Қоныс аудару баскармасы экспедициясының материалдарында Алакөл көліне сипаттама берілген. «Батпакин және Аиргизен» алқаптарында, -делінген онда, - Алакөлдің жағалауы жалаңаш; тек кей жерлерде судың жағасында ұсактал мен аласа камыс өседі; соңғысы ішінара су басып жатқан қайрандарда да өсіп тұр. Көзге керінген аралдардың жағалаулары да осындай. Аталған алқаптардың батыс жағындағы жағалау жартасты, солай болғанның өзінде тас сирек ұшырасады. Шығыс жағында - жағалау ойпатты, қамысты, камыс (дұрысырақ айтканда, кұрағы) барған сайын биіктеп, калындай түседі, ал Тленің тармағы Топарға жақындағанда Балқаш өңірінің тұтас «джунглиі» басталады. Алакөлдегі су деңгейі біркелкі емес, ол толқын ұрған сызығынан жақсы көрінеді».
Алакөл мен Аңырақай таулары арасында әредік төбелер ұшырасады, шоқ-шоқ баялыш, изен, жыңғыл ескен сортаң-құм дала жатыр. Аңғарларда ебелек аралас жусан көп. Неғұрлым терең сайларда ши қопалары, Хантауға жакындағанда тіпті құрақта кездеседі. Қоныс аудару басқармасының комиссиясы Алакөлде бытырап жатқан, өз бедерімен, өз топырағымен және өсімдіктерімен көршілес шоқалақты далаға, шағылдарға ұқсас көптеген аралдар бар екенін айта келіп, ол кезінде шығанақтардың түбі болған деп жорамалдаған. .
Аңырақайдың шығысында Қарой алабы жатыр, Аңыракай таулары (ұзындығы - 75 км, ені - 5 км) Шу-Іле су айырығы жүйесіне жатады. Аңырақайдың батыс сілемдерінен Карой алабын (шығыс жақта Күрті және Қаскелең өзендері арасында жатқан және Іле өзеніне дейін жететін Карой жонымен шатыстырмау керек) биік емес Құлжабасы жотасы бөліп тұр. Аңырақай тауларынан Аксүйек сай, жусан дала жағына баратын Бестамақ жол жолына қарай бес сай шығады.
Шу-Іле су айырығының жоталары мен шоқылары арасынан Хантау ерекшеленеді, онда жақындағанда қиыршықтас, кейде тау жыныстары ша-шылып, көбінесе тақтатастар жер бетіне шығып жатады.
Аңырақай экспедициясы (1998 жылғы қыркүйек) Буырыл Байтал станциясынан Хантауға бағыталып, атақты Қанарыққа шықты. Бұл ордың терендігі қазір бір метрден сәл артық, ені екі метрге жуық, оның жағалары өлдеқашан құлап, шөп басып кеткен. Бұл ұзындығы бірнеше жүз километрге созылатын алып Құрылые, аңыз бойынша, ол кезде Балқаш, Іле және әсіресе Топар бойында табын-табын болып жүретін құлан аулау кезінде Жошы қаза тапқаннан кейін Шыңғыс-ханның өмірімен қазылған. Әлемді дірілдеткен ұлы хан каһарына мініп, «Балқаштан Қордайға дейін арық қазуға әмір беріп, оның жағасына өз жауынгерлерін қойған, ал айдаушылар оларға Топардан құлан-дарды қуып әкелген. Сөйтіп, арықтан бірде-бір кұлан секіріп өте алмаған, ал ол жиегіне дейін кьірылған . . . құландардың канына толған. Сондықтан да «Қанарық деп аталған».
Сонымен Хантау таулары мен шоқылары аласа, сусыз, топырағы саз-ды, қиыршықтас басып жаткан, өсімдік өспейді деуге болатын аудан, жоңғарлармен ұрыс жүргізу үшін Аңырақай тауларынан әлдекайда қолайсыз еді.
Бүкіл қазак жасағы алдын ала ұрысқа тиімді жағдайға орналасып алды. Хантаудағы «Үлкен Орда қонған» деген жерге Орта жүз ханының ордасы орналасты. Кіші жүз ханының да ордасы сонда болды. Қазақ жасақтары Іле өзенінің аңғарындағы, Жусан даладағы тоғайлы ормандарға жайғасты. Жоң-ғарлардыңтылында «Итішпес Алакөл», сусыз дала жатты.
Жау тылында Аксүйек сай болды. Оған жақын жерде картада Әбілқайыртау көрсетілген. Әбілқайыр ханның ордасы мен Кіші жүз жасағы сонда орналасқан деп жорамалдауға болады. Сонымен жеңіл іс тапқан жағдайда жау «Итішпес Алакелге» қарай шегінуге мәжбүр болатын еді, шынына келгенде, ақтық шайқас та сонда болса керек.
М. Тынышбаев өз замандастарының назарын казіргі Подгорное селосы ауданындағы «Әбілкайырсай» деген атау мен Сұмқайтты (дәлігегі «Сұмқайт-ты» - «жау қайтты» болар) өзеніне аударады. Тегінде осы орасан зор шайқас кезендерінің бірінде осы жерлерде ұрыстар жүрсе керек.
Сонымен Аңыракай шайқасының ұрыс қимылдары болған алқап 200 километрдей жерді алып жатыр. Оны ғасыр шайкасы деуге болады. Шаңыракай шайқасы далалық Казакстанның және Казақстан оңтүстігінің таулы өрі шөлейіт аудандарының шекарасында еткен. Мұндай жер кездейсоқ тандап алынбаған. Шайқас өтетін жер дұшпанды талқандау жөніндегі ойдың жалпы айла-тәсіліне орайласады, ол жеңіліс тапқан жағдайда Іле өзенінің басына дейін токтаусыз шегінуге мүмкіндік береді. Сонымен, бұл шайқасқа керісінше, казақтар жоңғарларды мәжбүр еткен.
Балқаштың Солтүстік-батыс жағында өзеннің өзі жағынан жел еткі чбейтін Шу-Ілетаулары созылып жатыр. Жел сондай-ақ Қызылқұм мен Мойынқұм жағынан да соғады. Аңырақай тауларының қасында Желдітау, Желдібел орналасқан. Аңырақай тауларында жел аңырап соғатын сияқты (Аңырақ жел) . Сонымен бірге халық Аңырақай - жеңіліс тапқан жоңғарлар аңырап жылаған жер деген аңыз шығарған.
1730 жылы жазға салым казақ жасақтары өз аттарын Мойынқұм кұмда-рында, Бүркітті, Шабақты, Қарақоңыз, Ырғайты, Шу өзендеінің аңғарла-рында тыңайтып алып, Хантау, Аңыракай таулары өңіріне шықты.
Аңырақайдағы шайқасқа Әбілқайыр хан басшылық етті. Нақ осы шайқас оның саяси қызметінің шарықтау шыны болды. Шайқасқа барлық қүш жүздің жасақтары қатысты. Бұл шайқаста батырлардың бойын ерлік, қайсарлық, өздерінің женісіне деген мызғымас сенім биледі.
Шайқас жекпе-жекпен басталды. Жоңғарлар жағынан ортаға талантты өскербасы, қоян-қолтық ұрыстың асқан шебер жауынгері Шарыш шықты. Қазақтар жағынан жекпе-жекке жиырма жасар Сабалақ (Абылайдың бүркеншік аты) сұранды. Сол жылдардағы басты оқиғаларға қатысқан Бұқар жыраудың, Үмбетей жыраудың, Тәтіқара жыраулыи айтуын ша, Абылай нақ осы жекпе-жекте өзінің каһарлы қарсыласын жеңіп, есімі мәңгі даңкка бөлеген. М. Тынышбаев кейіннен сол кезде Абылай езгелер ден асқан зор батылдығымен асып түсті деп жазды. Осы мәселені зертте ген М. Көпеев, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатовта нақ сондай корытындыға келген, Шайқастың сәтті басталуы қазақ жауынгерлерін жеңіске жігер лендіргені күмөнсіз. Сөйтіп олар жеңіп шыкты. Аскақ рух сезімімен қана біткен олар-өздерінің ерлігін, ержүректігін, тастүйін бірлігін және жоғары әскери машықтанғандығын танытты. Әбілқайыр ханның өзі мен оның серіктерінің ең жақсы қасиеттері осы шайқаста көрінді.
Аңырақай шайқасында жеке ерлігін және ұйымдастырушылык қабілетін көрсеткендер арасында көптеген батырлар, билер, сұлтандар, рубасылары - барлық үш жүздің өкілдері болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz