Нарықтық экономика туралы мәлімет


Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Жоспары:
- Нарық
- Нарықтық инфрақұрылым
- Нарықтық экономика
- Әлемдік нарықтық механизімнің артықшылықтары мен кемшіліктері
- Нарықтық экономика заңдары
- Нарықты мемлекеттік реттеу
Нарық, ( Рынок) - тауар шаруашылығының санаты. Ол тауар-ақша айырбасының саласы болып табылады және өндірушілер (сатушылар) мен тұтынушылар (сатып алушылар) арасындағы экономикалық қатынастар жүйесін жүейсін білдіреді. Бұл қатынастардың негізгі элементтері - құн, баға, бәсеке, сұраныс пен ұсыныс. Нарықтың жұмыс істеуі тауар өндірушілердің арасындағы байланыстарды реттейтін, сондай-ақ адамдардың арасындағы экономикалық қарым-қатынас олардың еңбегінің өнімін сатып алу мен сату арқылы көрініс табатын тауар өндірісі жағдайындағы қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттейтін заңға бағындырылған. Сұраныс пен ұсыныс заңы осыны жүзеге асыру нысаны ретінде әрекет етеді, оның іс-әрекеті айырбастың баламалылығын, ақша және тауар ағынының, төлем қабілеті ағынының, төлем қабілеті бар сұраныс пен ұсынылатын тауарлардың (қызметтердің) ара салмағын айқындайды. Нарық қатысушылардың бәрін, бір жағынан, бәсекеден, банкроттықтан, т. б. туындайтын экономикалық мәжбүлеу арқылы, екінші жағынан, материалдық ынталандыру (пайданы молайту, т. б. ) жолымен тауарлар мен қызметтердің жоғары сапада болуына, өндіріс шығынын азайтуға, тұтынушыларды ойдағыдай қанағаттандыруға бағдарлайды. Нарыққа тауар өндірушілердің тәуелсіздігі, олардың толық дербестігі, тауарлардың бағасын еркін белгілеуі, тұтынушілердің мен жеткізушілерді еркін таңдауы, тауар өндірушілердің, сатушылардың өткізу бәсекелестігі тән. Мемлекет нарықтық қатынастарды ретке келтіру, шаруашылықты жіргізудің нарықтық нысандарының теріс зардаптарын барынша азайту, халықтың жекелеген топтарын әлеуметтік жағынан қорғау шараларының кешенді жүйесін әзірлеп, жүзеге асырады. Мұндай реттеу нысандары құрылымдардың, (биржалардың, жәрмеңкелердің, жарнамалық және басқа агенттіктердің) жұмыс істеуі ережелерін белгейтін заңдық және басқа нормативтік актілер жатады. Бағаны мемлекеттің реттеп отыруы, тауарлар мен қызметтердің кейбір түрлеріне тұрақты баға белгілеу нарықтың жұмыс істеуіне айтарлықтай ықпал жасайды. Тауарлар нарығы тікелей тауар айналасы, ақшаны тауарға және тауарды ақшаға айырбастау саласы нарықтық жүйенің өзегі болып табылады.
Нарықтық инфрақұрылым, Рыноктық инфрақұрылым - тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің рыноктағы қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер жүйесі. Оның құрамы: ұйымдық база - биржа, жабдықтау-өтекізу, делдалық ұйымдар, коммерциялық фирмалар, т. б. ; несие-есеп айырысу базасы - банктер, басқа да несие-қаржы мекемелері.
Нарықтық экономика, Рыноктық экономика, Базарлық экономика - еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны баңдармаламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика. Рынокта бәсеке барысында сұраным мен ұсыным, баға құрылады. Сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті нарықтық экономиканың тиімділігін қамтамасыз ететін тетік болып табылады. Баға кәсіпорындар мен тұтынушыларға нарықта қалай әрекет ету керектігін - осы тауарды көп өндіру керек пе, жоқ па оның шығарылымын қыскарту немесе тоқтату керек пе, жоқ падегенді хабарлайды. Бағаның құралу тетігімен қатар рыноктағы бәсекеге ерекше назар аударуға тура келеді, яғни бір-бірімен бәсекелесуші бірқатар фирмалар (кәсіпорындар) болса және олардың бірде-біреуі баға белгілеу үдерісін басқара алмаса - олар тұтынушылар алғысы келетін және төлей алатын тауарларды өндіруге мәжбүр болады. Алайда тауарлардың белгілі бір санаттары үшін баға тетігі жұмыс істемейді (мыс., қорғаныс), кейде тауар өндіруге жұмсалған барлық шығынды көрсетуге дәрменсіз болады, демек, баға мен шығын оның қоғамдық нәтижесін көрсетпейді. Нарықтың осы және басқа кемшіліктері нақты өмірде ұдайы кездесіп отырады, сондықтан “таза” нарықтық экономика, сұраным мен ұсынымнын қандай үлгісінде құрылса да, болмайды. Нарық әрқашанда бірге әрекет етуші кәсіпорындар мен монополиялар, түрлі үйымдар, саяси өкімет тарапынан араласу - реттеу арқылы толықтырылып, шектеліп отырады. Сонымен бірге нерықтық шаруашылық пен баға белгілеу тіректілерін боса, онда “таза” жоспарлы экономика дейтін пайда болады. Бұл жүйіненің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табыста (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де - жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де, - елеулі кемшіліктері бар. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экономика өсу шартары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдалануы. Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежұзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеуметтік тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді.
Әлемдік нарықтық механизімнің артықшылықтары мен кемшіліктері
Тауар шаруашылығы жағдайында әлемдік нарық қоғамдық өндірістің реттеушісі болды. Әлемдік нарық арқылы тауарлар өндірісінің құрылымының қоғамдық қажеттіліктер құрылымы мен көлемін өз бетінше бейімделуі, өндіріс факторы әр түрлі салалардың арасында бөлу жүзеге асады, яғни қанша өндіру керек екені шешіледі. Әлемдік нарық өндірістің қай жағдайлары қоғамдық қажетті екенін аңықтайды, шығындарды азайту және еңбек өнімділігі мен өндірістің техникалық деңгейінің өсуін ыңталандырады да, осы арқылы тауарлар қалай, қандай ресурстардың көмегімен және қандай технологиямен өндірілетіндігін аңықтайды. Ақырыңда, әлемдік нарық тауарларды кімдер үшін өндіру қажет, әртүрлі табыстар мен әртүрлі мамандығы бар халықтың әр түрлі бөлігінің арасында ұлттық табыс қалай бөліну керек мәселесін шешеді. Әрбір тауар өндірушінің негізгі міндеті нарықта өз тұтынушысын табу, оған өз тауарын сату. Нақ осы тұтынушы өз қолындағы ақшаны пайдалана отырып, ақыр соңында не өндірілетіне және өндірілген тауарлар қайда кететіне қызмет етеді.
Нарықтық механизм өз қызметін кәсіпкерлік еркіндігін, әр түрлі қолдану саласына ресурстардың ауысуы мен сатушыларды таңдау еркіндігін білдіретін экономикалық қатынастарды барынша тиімді жүзеге асырады. Басқаша айтқанда, нарықтық экономика дегеніміз-мемлекеттің араласуынсыз тиімді қызмет істеу қаблеті бар өзін-өзі реттеуші жүйе . Оның өз тәтібі бар және белгілі бір заңдықтарға бағынады. Жүз мыңдаған тауарлар, нарық заңымен орталықтандырылған басқарусыз өндіріледі, сонымен қатар сұраныспен ұсыныстың теңдігі қамтамасыз етіледі. Атап өту керек, бірнеше мыңдаған жылдар бұрын пайда болған нарық табиғи жолмен, өзгермелі жағдайларға бейімделе отырып, күрделі даму жолынан өтті және осы арқылы өзінің өміршендігін көрсетті. Осы мәнде нарықтың экономиканы адамзат өркениетінің жетістігі ретінде барлық өмір сүрген қоғамдық өндірісті ұйымдастыру формаларының ішіндегі ең тиімдісі ретінде қарауға болады. Сонымен бірге, нарықты қайсыбір кемшіліктерсіз және қайшылықсыз қарау үлкен қателік болар еді. Нарықтық механизімде тепе-теңдік орнату тенденциясыөзіне жолды тепе-теңдікте тұрақты түрде бұру арқылы салады.
Әлемдік нарық экономикасында такуарлар ақша көп болған жаққа қарай бағытталатын, нарық табыстың жетіспеушілігімен байланысты кейбіреулерді тарықтырса, ал басқалар салыстыруға болмайтын немесе шектен тыс табыстар алуы мүмкін. Әлемдік нарық механизімі пайда алуға бағдарланған, сондықтан қоғамның алдыңда тұрған көп міндеттерді, әлеуметтік қамтамасыз ету, ғылым мен мәдениетті дамыту, қоршаған ортаны қорғау және т. б тиімді түрде шеше алмайды.
Әлемдік нарықтың құрылымы және оның түрлері.
Жалпы нарық мәселесі төнірегіндегі осы күнге дейін теориялық айтыстар толастамай келеді. Экономикалық әдеиеттер мен зертеулерде «Әлемдік нарық» деген терминнің мәңі осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Көпшілігі нарықтың қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, у-шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы нарықты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет «дәрі» деп те6немесе осы салада орын алып отырған алқылыптар мен қайшылықтарды тез реттейтін керемет «күш» деп те дәріпткуде. Саяси экономикалық мағынада әлемдік нарықты айырбас қатынасынан бюілдіретін экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды. Сонымен, нарық тауарлы өндірістің құрамды компоненті, тауарлы өндіріс пен айналыстың заңдарына сүйенетін айырбас процесі. Нарық тауар мен ақша айналысы қатынастарының жиынтығы.
Экономикалық дамудың обьектиивті жағдайы нарықты және оның категорияларын (баға, ұсыныс, бәсеке және т. б ) өмірге әкеледі. Көп уақыт бойы біздің елімізде басқарудың әкімшілдік әдісі үстем етуі нарықтың дамуына тежеу салды. Соңғы жылдары басқарудың экономикалық әдісіне көшу нарықтық айырбасқа кең жол ашты. Мысалы: Венгряда қазірдің өзінде экономикалық реформа барысында өндіріс құрал-жабдықтарына көтерме сауданы еңгізу арқылы нарықтық тепе-теңдігі қалыптастырылуда. Әрбір өндіріс әдісінде нарық меншікке байланысты өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамымызда нарық өндірістің тиімділігі мен халықтың әлеуметтік түмпі дәрежесін жақсарту бағытында қызмет істей бастады.
Әлемдік нарықтың басты қызметтеріне өндіріс пен тұтынудың арақатынасын реттеу, ұдайы өндірістің үйлесімділігін қамтамасыз ете жатады. Қоғамдық қажеттіліктерді өтеу барысында халық шаруашылығы құрылымдары, өнімнің түрлері және басқа да шаруашылық параметірі жоспарланады. Сөйтіп, өндіріс пен тұтыну процесінің бағыт-бағдарлар алдымен нарықта, сұраныс пен ұсыныс, ксіпорындардың келісімдері арқылы алғашқы сынақтан өтеді. Сонымен қатар, нарық белгіленген жоспарды жүзеге асыруда маңызды рол атқарады. Өткені ол өндірілген өнімнің оған жұмсалған нңбектің қоғамдық қажеттілігін дәлелдейді. Нарықтың тағы бір маңызды міндеті
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz