Әл-Фараби мұраларының алғаш зерттелуі



Ислам философиясының шоқтығы биік ең ірі өкілі ғұлама философ, ұлы жерлесіміз Әбу-Насыр әл-Фарабидің тарихи отанына қайтып оралуына себеп болған жағдаяттар туралы сөз қозғағанда ғалымдар көп жағдайда ХХ ғасырдың 80-ші жылдарындағы кеңес мемлекетінде қылаң бере бастаған «кіші ұлттар» тарихы мен мәдениетіне жаңа жұмсақ көз қарасқа сілтеме жасайды. Шын мәніне келсек, бұл бөлектеніп алынған бір мемлекет ішіндегі сясаттың өзгергені ғана емес, Шығыс, оның ішінде, мұсылман әлемінің рухани қазынасына көңіл аударып, мән бере бастағандық еді. Бұл өзгеріс өздігінен немесе Батыс ғалымдарының Еуропацентрлік көзқарастарының ғажайып түрде Шығысцентрлік түсінікке ойыса қалғанынан емес, белсенді күрес арқылы мүмкін болады.
Әл-Фараби еңбектері ХІІ-ХІІІ ғғ. өзінде-ақ көптеген Еуропалық мемлекеттерге кеңінен танымал болды. Ортағасырлық Еуропа классикалық ежелгі грек философиясымен әл-Фарабидің арқасында ғана танысуға мүмкіндік алды. ХІІ ғ. ағымында оның «Ғылымдар классификациясы» еңбегі латын тіліне екі рет аударылды. ХІІ ғ. мен ХVІІ ғ. аралығында әл-Фарабидің еңбектері – «Зерденің мәні туралы», «Мәселелердің бастауы», Аристтотельдің «Физика», «Поэтика» шығармаларына түсініктемесі, «Бақытқа жету жолдары туралы», логика бойынша трактаттары бірнеше рет латын тіліне аударылды. Фарабидің кейбір трактаттары бізге тек латын жазбасымен жеткен, олардың араб тексіндегі қолжазбалар сақталмаған./2, 322-333.
Фарабидің еуропалық ғылымға ықпалы оның Ибн Сина, әсіресе Ибн Рушд секілді ізбасарлары арқылы да жүзеге асты. Авверроизм ХІІІ-ХІV ғғ. прогрессивті француз және итальян философиясының негізі болды. Батысеуропалық ортағасырдың ірі ойшылдары Р.Бэкон, Д.Скот әл-Фарабидің, Ибн Синаның, Ибн Рушд және т.б. ғалымдардың шығармаларын өздерінің теориялық құрылымдарында қолданды. Аса жоғары сенімділікпен Спинозаның кейібір трактаттарының бағыттылығы мен құрылымы жағынан Фарабидің еңбектеріне жақындығын айтуға болады. Осман Әмин әл-Фараби мен Спиноза трактаттарының аяқтамаларының да ұқсастығын айтады.
Қорытынды жасап, былай айтуымызға болады: Аристотель әл-Фарабидің арқасында Аристотель болды. Алдыңғы Шығыс философиясында (Ибн Сина, Ибн Рушд) қарастырылған мәселелер алғаш оның еңбектерінде көтерілген болатын. Ортағасырлық Еуропа ежелгі грек философиясымен оның еңбектері арқылы танысты (тікелей немесе оның ізбасарлары Ибн Сина, Ибн Рушд, Маймонидтің еңбектері арқылы).
1. Философия в современной арабской отчизне: материалы I-й арабской философской конференции, организованной Иорданским университетом. –Бейрут, 1985. 336 с. На арабском языке.
2. М. Харуллаев. Мировоззрение Фараби и его значение в истории философии. Ташкент, 1967, стр. 322-333.
3. Madkour J. Za place d'al- Farabi dans L'ecole philosophigue Musulmane. P., 1934. 279 p. На французком языке.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
профессор Ж.А. Алтаев

Әл-Фараби мұраларының алғаш зерттелуі

Ислам философиясының шоқтығы биік ең ірі өкілі ғұлама философ, ұлы
жерлесіміз Әбу-Насыр әл-Фарабидің тарихи отанына қайтып оралуына себеп
болған жағдаяттар туралы сөз қозғағанда ғалымдар көп жағдайда ХХ ғасырдың
80-ші жылдарындағы кеңес мемлекетінде қылаң бере бастаған кіші ұлттар
тарихы мен мәдениетіне жаңа жұмсақ көз қарасқа сілтеме жасайды. Шын мәніне
келсек, бұл бөлектеніп алынған бір мемлекет ішіндегі сясаттың өзгергені
ғана емес, Шығыс, оның ішінде, мұсылман әлемінің рухани қазынасына көңіл
аударып, мән бере бастағандық еді. Бұл өзгеріс өздігінен немесе Батыс
ғалымдарының Еуропацентрлік көзқарастарының ғажайып түрде Шығысцентрлік
түсінікке ойыса қалғанынан емес, белсенді күрес арқылы мүмкін болады.
Әл-Фараби еңбектері ХІІ-ХІІІ ғғ. өзінде-ақ көптеген Еуропалық
мемлекеттерге кеңінен танымал болды. Ортағасырлық Еуропа классикалық ежелгі
грек философиясымен әл-Фарабидің арқасында ғана танысуға мүмкіндік алды.
ХІІ ғ. ағымында оның Ғылымдар классификациясы еңбегі латын тіліне екі рет
аударылды. ХІІ ғ. мен ХVІІ ғ. аралығында әл-Фарабидің еңбектері – Зерденің
мәні туралы, Мәселелердің бастауы, Аристтотельдің Физика, Поэтика
шығармаларына түсініктемесі, Бақытқа жету жолдары туралы, логика бойынша
трактаттары бірнеше рет латын тіліне аударылды. Фарабидің кейбір
трактаттары бізге тек латын жазбасымен жеткен, олардың араб тексіндегі
қолжазбалар сақталмаған.2, 322-333.
Фарабидің еуропалық ғылымға ықпалы оның Ибн Сина, әсіресе Ибн Рушд
секілді ізбасарлары арқылы да жүзеге асты. Авверроизм ХІІІ-ХІV ғғ.
прогрессивті француз және итальян философиясының негізі болды.
Батысеуропалық ортағасырдың ірі ойшылдары Р.Бэкон, Д.Скот әл-Фарабидің, Ибн
Синаның, Ибн Рушд және т.б. ғалымдардың шығармаларын өздерінің теориялық
құрылымдарында қолданды. Аса жоғары сенімділікпен Спинозаның кейібір
трактаттарының бағыттылығы мен құрылымы жағынан Фарабидің еңбектеріне
жақындығын айтуға болады. Осман Әмин әл-Фараби мен Спиноза трактаттарының
аяқтамаларының да ұқсастығын айтады.
Қорытынды жасап, былай айтуымызға болады: Аристотель әл-Фарабидің
арқасында Аристотель болды. Алдыңғы Шығыс философиясында (Ибн Сина, Ибн
Рушд) қарастырылған мәселелер алғаш оның еңбектерінде көтерілген болатын.
Ортағасырлық Еуропа ежелгі грек философиясымен оның еңбектері арқылы
танысты (тікелей немесе оның ізбасарлары Ибн Сина, Ибн Рушд, Маймонидтің
еңбектері арқылы). Фарабидің философиясы оның шығыстағы ізбасарларының
еңбектерінің арқасында байып, латын аверроистері арқылы өтіп, Қайта өрлеу
дәуірінің үлесін қабылдап, Спинозаның материалистік және атеистік
философиясында, кейінірек – француз энциклопедистерінің ілімдерінде дамыды.
ХХ ғасырдың екінші жартысында Нахды (араби өркендеу) қоғамының
қайраткерлері мұсылман әлемінің рухани қазынасын қайта жаңғырту мәселесін
көтерді. Саяси егемендік алу жолындағы күресте арабтардың ұлтжандылық
сезімдерін қалыптастыру қажеттігі пайда болды. Ал ұлтжандылық қасиеті
тәрбиелеудің ең маңызды құралдарының бірі-халықтың бай өткен тарихы мен
мәдениетінің мақтаныш тұғырына көтеру.
Ортағасырлық араб тарихында жалпы адамзат өркениетінен ең жоғарғы
деңгейде өздеріне тиісті орын ала алатын мәдениет және ғылым қайраткерлері
көптеп кездесті. Бірақ олардың рухани мұрасымен таныс болған жоқ.
Калониялдық езгіге түскен бірнеше араб елдері өздерінің алтын дәуірімен
рухани сабақтастықты мүлдем үзіп алған болатын.
1857 жылы Египетте Ибн-Халдунның Кіріспесі басылып шықты да, одан соң
араб оқырмандары бірте-бірте аш-Шахрастани, әл- Ғазали, Ибн Рушд,
Мискавейх, Ибн-Сина және әл-Фараби шығармаларымен таныса бастады. ХХ
ғасырдың басынан бастап, ортағасырлық араб философтарының шығармашылығын
зерттеуге арналған ғылыми еңбектер пайда бола бастады. Алғашқы ғылыми
ізденістер бір-бірін теріске шығаратын екі әдіснамаға негізделген.
Біріншісі, қазіргі Батыс әлемінің құндылықтарын ереже есебінде, ең биік
дәреже тұғырына көтеріп, еуропацентрлік ұстаным тұрғысынан зерттеу.
Екішісі, рухани қазынаның әлеуметтік табиғатын есепке алмай, олардың
діни мағынасын әсірелеп, исламның құлықтылық принциптерін бетке ұстай
отырып Шығысцентрлік көзқарасқа жүгіну.
Дегенмен, басты мақсат біреу болды. Ол философиялық игілікті болашақ
даму, қоғамды әлеуметтік және саяси жаңғырту, қайта құру жолында пайдалану
еді.
1983 жылы қазан айында Амман қаласында өткен 1-ші Араб философиялық
конференциясында Африка мен Азия халықтарының философиясының мынадай
міндеттері белгіленді.
Бірінші, дәстүрлі рухани мұраға негізделген қоғам құру, ұлттық сананы
ежелгі араб тілдес ойшылдардың еңбектерінің ескірмес, өшпес мазмұнына
сүйене отырып тәрбиелеу;
Екінші, ұлттық санаға сынаптай сыналып ене бастаған батыс құндылықтарын
сараптайтын белгілі бір тұрақты ұстанымдар бекіту;
Үшінші, қоршаған дүниеге қазіргі замандағы өркениет сұраныстарына
сәйкестелген көзқарас қалыптастыру 1, 15 б.
Бұл міндеттер жүргізілуі тиіс болған ресми саясаттың философиялық
негіздері еді. Бірақ, араб әлемінде, өздерінің бай қазынасына нигилистік,
менсінбеушілік көзқарасты күйттеген Саляме Мусе, әл-Мубарак, әл-Хасиш, әл-
Кассас, әл-Айбар сияқты ғалымдар да баршылық еді. Дәл осындай жағдай
егемендік алғаннан кеінгі Қазақстанда да алғашқы 10-15 жылда кездесіп
жүрді, әлі де кездеседі.
Ұлттық философиялық мұраға, оның мәні мен маңызына қарама-қарсы
көзқарасты фундаменталистер мен салафиттер уағыздады. Қазіргі уақытта
фундаменталист ұғымын кейде діни экстремист деген ұғымының баламасы ретінде
қолданып жүргендер де кездеседі. Шын мәнісінде, фундаменталистер деген
түсінік араб тіліндегі усулиюн сөзінің аудармасы. Усулиюн дегеніміз
мұсылман заңдарының негіздерін (усуль) зерттейтін мамандар. Ал кеңірек
алсақ олар мұсылман дәстүрінен ешбір ауытқымауды талап ететін, мұхаммед
дінін бұлжытпай барлық дәуірлерде бірдей ұстайтын, араб рухани мәдениетін
батыстандыру процесіне қарсы қоюға тырысқан ұлтжанды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі ойшылдары еңбектерінің Қазақстанда зерттелуі
Әбу Насыр Әл-Фараби Әлемнің 2-ұстазы атанған ғұлама
Әбу-Насыр-Әл-Фараби туралы ақпарат
Әбу Наср Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл- Фараби
Әл-Фараби – түркі және ислам өркениетінің ойшылы
Әбу Насыр Әл-Фараби өмірбаяны
Әл-Фарабидің рухани мұрасы
Фараби философияны үйрену шарттары туралы
Салқынбаев М. Әл-Фарабидің әдеби мұраларының зерттелуі
Әлемдік философиялық мұра
Пәндер