Дәлелдеме- фактілердің бір тобы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І Тарау Дәлелдеме. фактілердің бір тобы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4
1.1 Дәлелдемелердің түсінігі, және қылмыстық іс жүргізудегі маңызы ... 4
1.2 Дәлелдемелердің қайнар көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
1.3 Дәлелдемелердің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ІІ Тарау Дәлелдеуге жатпайтын фактілер ... ... ... ... ... ... ... ...
35
2.1 Бекітілген дәлелдер .факт ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 35
2.2 Дәлелдеуге жатпайтын фактілердің бірі. әйгілі фактілер ... ... ... ... 40
2.3 Отбасы құқығы дәлелдеуге қажет етпейді ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
2.4 Дәлелдемеге баға беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 48
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
54
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 55

Алдын-ала болған тергеуде, соттың үкімінде сезілген, шындыққа сәйкес, анықталған нақты мәліметтерді қаулы еткен кезде, обьективті шындық анықталады деп есептеледі. Адамзат болған нәрсенің обьективті шындығын дұрыс көрсете білетіндігінің айғағы - қоғамдық ғылымның тарихи нығаюы. Қылмыстық іс жүргізуде сот процесі барысында шындықты анықтау бірінші және міндетті талап, онсыз әділ сот болмайды. Ең алдымен тергеуші болған қылмыстың анық қанығына көз жеткізуі керек, яғни шындықты анықтауы қажет. Сондықтан да өмірдің басқа обьективті құбылыстары секілді қылмыстың жағдайын анықтауға болады.
Дәлелдеу процесі дегеніміз - бір-бірін алмастыратын дәлелдемелердің элементтері: жинау, зерттеу, бағалау. Дәлелдеу, процесстің ең ортасында тұрады. Қылмыстық іс жүргізудің әрбір кезеңіне байланысты дәлелдеу процесінің мазмұны мен орны ерекше болады. Дәлелдеу процесі, қылмыстық іс жүргізудің негізгі құрамы болғандықтан, құқықтық мәнге ие болады. Сол себептен дәлелдеу процесінің басқа іс-әрекеттердегі дәлелдемелерден айырмашылығы заңға байланысты. Сондықтан дәлелдеудің әр кезеңі заңға сәйкес (тінту, тергеу,қарап шығу). Дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау, сонымен қатар дәлелдерді жинаудың тәртібін сақтау - заңның принципін сақтау болып табылады.
Дипломдық жұмыс мақсаты: дәлелдеуді жатпайтынфактілер, сондықтан бірінші тарауда дәлелдеме түсінігін көрсетеміз, екінші тарауда дәлелдеуге жатпайтынфактілерді анықтаймыз, оның ішіне әйгілі фактілер, отбасы құқығы кіреді.
Заң фактылары қашан дәлелдеулерде қажетсiнбейдi және олардың растау қойылған дәлелдермен болып есептеледi. Сотпен жалпыға мәлiм танылған айғақтарды дәлелдеулерге жатпайды.
Преюдициялы қойылған айғақтарды дәлелдеулерге жатпайды. Преюдиция - күнi бұрын шешiп қою. Егер оларда тұлғаның солдарын қатысса, азаматтық iске бiр-бiрдендерiн заңды күш сайысшы сот шешiм қойылған жағдай басқа азаматтық iстердiң есеп айырысуында қайта дәлелдемейдi ретiнде тұрлар ол.

Ароцклер Л.. "Использование данных криминалистики в судебном разбирательстве". М.,1964
2. Арсеньев В.Д. " Вопросы общей теории судебных доказател ьств". М., 1964
3. Белкин Р.С. "Собрание, исследование и оценка доказательств". М., 1966
4. Белкин Р.С., Винберг А.И. "Криминалстика и доказывание".М.,1969
5. Винберг А.И. "Криминалистика". М.,1973
6. Дорохов В.Я., Николаев В.С. " Обоснованность приговора".М.,1959
7. Жогин Н.Ф., Фаткуллин Ф.Н. " Возбуждение уголовного дела".М.,1961
8. Горский Г.Ф., Кокорев Л.Д., Элькинд П.С. " Проблемы доказательств в уголовном прцессе".Воронеж,1978
9. Каз И.М. " Пределы Доказывания в стадии возбуждения уголовного дела", Саратов.1979
10. Лупинская П.А. " Доказывание в уголовном процессе".М.,1966
11. Мухин И.И. " Обьективная истина и некоторые вопросы оценки доказательств при осущесвлении правосудия".Ленинград,1971
12.Пашкевич П.Ф. " Обективная истина в уголовном
судопроизвоства".М.,1961
ІЗ.Теория доказательсв в уголовном процессе" Коллектив авторов под ред. Томина А.А. М.,1975
14. Фаткулин Ф.Н. "Общие проблемы процессуалного доказывания" Казань,1973
15. Чельцов М.А "Уголовный процесс",М.,1957
16 "Уголовный процесс" под. Ред. А.С.Алексеева.М.,1969
17. Балакшин В. Истина в уголовном процессе .//Российская юстиция. 1998 №10
18. Банин В.А. Предмет доказывания в советском уголвном процессе. Гносеологическая и правовая природа.Саратов, 1981
19. Васильев Л.М., Громов В.П. и др. Гарантии истины в советском судопроизводстве и ее критерии.Ростов-на-Дону, 1991
20. Давлетов А.А. Уголовно-процессуальное познание.Екатеринбург, 1994
21.Демидов И. ОРД и уголовный процесс.// Законность.,М. 1993,№8 22. Кокорев Л.Д. Кузнецов Н.П. Уголовный процесс: доказательства и доказывание. Воронеж,1995
23. Левченко О.В. Общеизвестные факты в уголовно-процессуалы-юм доказывании// Правоведение 1996,№ 6
24. Лупинская П. Допустимость доказательств: пора обеспечить единство судебной практики // Российская юстиция 1998 ,№11
25. Решетников И.В. Доказательственное право Англии и США.М.,1999
26. Смородинова А., Зайцева С.,Громов Н., Соотношение доказательств и фактов в уголовном процессе // Российская юстиция 1998, №11
27. Теория доказательств в советском уголовном процессе / Отв. ред. Жогин Н.В. М., 1972
28. Францифиров Ю.В. Доказательства и доказывание по уголовному делу: проблемы теории и правового регулирования. Тольятти ,1998

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .. 3
І Тарау Дәлелдеме- фактілердің бір тобы ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
1.1 Дәлелдемелердің түсінігі, және қылмыстық іс жүргізудегі 4
маңызы ...
1.2 Дәлелдемелердің қайнар 8
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Дәлелдемелердің жіктелуі 28
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ Тарау Дәлелдеуге жатпайтын фактілер ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2.1 Бекітілген дәлелдер –факт ретінде 35
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
2.2 Дәлелдеуге жатпайтын фактілердің бірі- әйгілі 40
фактілер ... ... ... ...
2.3 Отбасы құқығы дәлелдеуге қажет етпейді 44
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
2.4 Дәлелдемеге баға беру 48
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 55
КІРІСПЕ
Алдын-ала болған тергеуде, соттың үкімінде сезілген, шындыққа сәйкес,
анықталған нақты мәліметтерді қаулы еткен кезде, обьективті шындық
анықталады деп есептеледі. Адамзат болған нәрсенің обьективті шындығын
дұрыс көрсете білетіндігінің айғағы - қоғамдық ғылымның тарихи нығаюы.
Қылмыстық іс жүргізуде сот процесі барысында шындықты анықтау бірінші және
міндетті талап, онсыз әділ сот болмайды. Ең алдымен тергеуші болған
қылмыстың анық қанығына көз жеткізуі керек, яғни шындықты анықтауы қажет.
Сондықтан да өмірдің басқа обьективті құбылыстары секілді қылмыстың
жағдайын анықтауға болады.
Дәлелдеу процесі дегеніміз - бір-бірін алмастыратын дәлелдемелердің
элементтері: жинау, зерттеу, бағалау. Дәлелдеу, процесстің ең ортасында
тұрады. Қылмыстық іс жүргізудің әрбір кезеңіне байланысты дәлелдеу
процесінің мазмұны мен орны ерекше болады. Дәлелдеу процесі, қылмыстық іс
жүргізудің негізгі құрамы болғандықтан, құқықтық мәнге ие болады. Сол
себептен дәлелдеу процесінің басқа іс-әрекеттердегі дәлелдемелерден
айырмашылығы заңға байланысты. Сондықтан дәлелдеудің әр кезеңі заңға сәйкес
(тінту, тергеу,қарап шығу). Дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау,
сонымен қатар дәлелдерді жинаудың тәртібін сақтау - заңның принципін сақтау
болып табылады.
Дипломдық жұмыс мақсаты: дәлелдеуді жатпайтынфактілер, сондықтан
бірінші тарауда дәлелдеме түсінігін көрсетеміз, екінші тарауда дәлелдеуге
жатпайтынфактілерді анықтаймыз, оның ішіне әйгілі фактілер, отбасы құқығы
кіреді.
Заң фактылары қашан дәлелдеулерде қажетсiнбейдi және олардың растау
қойылған дәлелдермен болып есептеледi. Сотпен жалпыға мәлiм танылған
айғақтарды дәлелдеулерге жатпайды.
Преюдициялы қойылған айғақтарды дәлелдеулерге жатпайды. Преюдиция -
күнi бұрын шешiп қою. Егер оларда тұлғаның солдарын қатысса, азаматтық iске
бiр-бiрдендерiн заңды күш сайысшы сот шешiм қойылған жағдай басқа азаматтық
iстердiң есеп айырысуында қайта дәлелдемейдi ретiнде тұрлар ол.
І Тарау Дәлелдеме- фактілердің бір тобы
1.1 Дәлелдемелердің түсінігі, және қылмыстық іс жүргізудегі маңызы
Философия көзқарасы тұрғысынан дәлелдеме дегеніміз — шындықты
анықтаудың процесі (әдісі), пайымдаудың шынайылығын негіздеу. Кең
мағынасындағы "дәлелдеме" қандай да бір пайымдаудың шынайылығын айқындайтын
кез келген рәсім, бұл кейбір қисынды пайымдауларды, сондай-ақ кейбір табиғи
құбылыстар мен заттарды сезім арқылы қабылдау жолымен жүзеге асады. Тар
мағынасында — бұл шынайы алғышарттардан дәлелденетін тезистерге бастайтын
дұрыс ой қорытындыларының тізбегі1.
Сонымен, философиялык түсінік дәлелдемені екі мағынада қамтиды:
а)дәлелдеме—шындықты анықтаудың процесі не әдісі; ә) дәлелдеме — тану мен
бағалаудың статистикалық объектісі.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы үшін статистикалық объект деген дәлелдеме
ұғымьның екінші мағынасы тән, кылмыстық сот ісін жүргізу шеңберіндегі
өзгеше қызмет түрі ретінде шындықты анықтау процесінің өзі "дәлелдеу"
терминімен белгіленеді.
"Дәлелдеме" ұғымының кылмыстық іс жүргізуінің мәнін формальды қисынмен
жұмыс істейтін дефинициядан (анықтаудан) ажырата отырып, А. И. Трусов былай
деп жазады: "...Сот дәлелдеуде жалаң ойлармен ғана емес, ең әуелі
фактілермен жұмыс істейді"2.
Әрі қарай А. И. Трусов соттық дәлелдемелердің мынадай негізгі
белгілерін негіздейді3:
1) соттық дәлелдемелер іс жүзіндегі деректерді білдіреді;
2) жалпы кез келген іс жүзіндегі деректер соттық дәлелдемелер болып
танылмайды, нақты көмегімен жағдайды айқындауға септігі тигендері,
қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы барлары ғана соттық дәлелдемелер бола
алады;
3) соттық дәлелдемелер арқылы заңда көзделген қылмыстық-іс
жүргізушілік нысандарда, яғни белгілі бір тәртіппен фактілер анықталады
немесе жоққа шығарылады.
Р. С. Белкиннін пікірі бойынша "жинақталған, зерттелген және
бағаланған дәлелдемелер дәлелдеудің яғни шындықты анықтаудың мақсатына қол
жеткізудің құралы ретінде кызмет етеді.
Дәлелдеме — шындыққа көз жеткізудің құралы"4. Сонымен бірге "дәлелдеме
шындықты жасаудың құралы емес"5.
Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің мәні туралы жалпы түсінік
шындықты тану процесімен өзара байланыска түскен кезде дәлелдеме —
кылмыстык іс жүргізу кұқығыньң аса маңызды сипаттарының бірі болып табылады
деп айта аламыз[1]. Дәлелдеме сот әділдігінің басты сипаты. Сот ісін
жүргізуді жүзеге асыратын адамдар мен органдардың бүкіл қызметі іс бойынша
шындықты анықтауға және осы арқылы істі әділетті шешуге бағытталған.
Дәлелдемесіз нақты адамға үкім шығаруға құқықтық негіз жоқ.
Келтірілген түйінді жағдайлар қылмыстық процесте дәлелдеме ұғымын
занды түрде бекітудің негізіне алынған болатын. Мәселен, ҚІЖК-нің 115-
бабында былай деп жазылған: "Оньң негізінде анықтаушы, тергеуші, прокурор,
сот осы Кодексте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қылмыстык
кодексінде көзделген әрекеттердің, болғандығын немесе болмағандығын,
айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын және
айыпталушынъң кінәлілігін не кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дүрыс
шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтьн занды түрде алынған іс
жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады".
Сонымен, дәлелдеменің белгілері мыналар болып табылады:
— дәлелдемелердің ҚІЖК-не сәйкес жолмен алынуы;
— дәлелдемелерде анықталатын жағдайларға қатысы бар іс жүзіндегі
деректердің болуы;
— дәлелдемелерді жинақтау және солардың негізінде қылмыстык жазаға
жататын әрекеттің бар екендігін немесе болмағандығын анықтау;
— мұндай анықтауды анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың
ғана құқығына беру;
— жасады деп айып тағылып отырған әрекетте адамның кінәлі екендігін
не кінәсіздігін анықтау.
Заң іс үшін маңызы бар іс жүзіндегі дерек көздерінің толық тізбесін
белгілейді. Мұндай көздер қатарына сезіктінің, айыпталушының,
жәбірленушінің, куәгердің жауаптары; сарапшы қорытындысы; заттай айғақтар;
іс жүргізудің хатгамалары және өзге де құжаттар жатады[2].
Қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымында соңғы уақытқа дейін дәлелдемені
құқықтық категория ретінде түсінуде бірлік болмады. Төмендегідей үш
көзқарас айқын аңғарылды.
1. Дәлелдеме екі жақты табиғаты бар категория. Бір жағынан бұл
фактілер, ал екінші жағынан фактілердің көздері. Бұл ілім "дәлелдемені екі
жақты түсіну" деген атақ алады[3].
Осы көзқарасты негіздей отырып М. С. Строгович былай деп жазған:
"Дәлелдеме ұғымының екі мағынасы бар. Дәлелдеме, бұл, біріншіден, қылмыстың
болғандығы немесе болмағандығы, оны жасаудағы белгілі бір адамның
кінәлілігі немесе осы адамның жауапкершілік деңгейіне байланысты болатын
істің басқа да жағдайлары анықталатын фактілердің бір тобы". Екіншіден,
заңда қарастырылған көздер дәлелдемелер болып табылады, олардан тергеу мен
сот іс үшін маңызы бар фактілер туралы мәліметтер алады және сол арқылы осы
фактілер анықталады"1.
Негізінен М. С. Строговичтің көзқарасы өзінен бұрынғы А. Ривлин, С.
Альперт және М. Бажановтың еңбектерімен үндес, олар факті
лерді ғана дәлелдемелер деп тану екі тарапты негізсіз қарама-қарсы
қоюға әкеліп соғады деп тұжырымдады: "дәлелдеменің күрделі және сонымен
бірге біртұтас ұғымын: іс жүзіндегі деректер мен осы іс жүзіндегі
деректерді дәлелдеудің айла-амалдары арқылы алуды" айтып отыр2
2. Демек, екінші көзқарас іс жүзіндегі деректерді және олардың іс
жүргізу көздерінің бірлігіне сүйенді. Бұл көзқарасты М. К. Треушников, В.
Я. Дорохов, М. А. Чельцов, П. А. Лупинская және басқа зерттеушілер қолдады.
3. Іс жүргізу дәлелдемелерінің мәнісін ғылыми пайымдаудағы үшінші
бағыты — дәлелдемелерді қылмыстық іс жүргізу заңдары белгілеген көздерден
алған іс жүзіндегі деректерді дәлелдемелер ретінде тану-дан тұрады.
Дәлелдемелер мен олардың көздері өзара байланысты, бірақ сәйкес келмейді.
Ф. Н. Фаткулиннің пікірі бойынша: "іс жүзіндегі фактілерді олардың
көздерінен ажыратуға, оларды бір-біріне қарсы қоюға болмайды. Олар табиғи
түрде өзара байланысқан, өзара тығыз байланыста болады. Бірақ бұл аталған
категориялардың әрқайсысының дербестігін жоққа шығармайтын диалектикалық
байланыс".3 Бұл ой көптеген ғалымдардың еңбектерінен қолдау табады. Ішінара
Е. А. Матвиенко былай деп жазған: "Заңда көзделген көздерден дәлелдеме
деректерін алу — осы деректерді дәлелдеме ретінде пайдаланудың қажетті
шарты. Бірақ бұдан дәлелдемелік мәлімет көзінің өзі дәлелдемеге
айналмайды,оның табиғи құрамдас бөлігі бола алмайды"4
Үшінші көзқарасты нақтылай отырып Л. М. Карнеева былай деп атап өтті:
"фактілердің өзі емес, фактілер туралы мәліметтер дәлелдемелер болып
табылады. Дәлелдеуге қатыссыз, қарапайым жалпы түрдегі іс жүзіндегі
деректер — объективті болмыстың фактілері, объективті шындық". Әрі қарай ол
былай деп жазады: "Объективті болмыстың тергеушінің, судьяның, куәгердің
немесе сарапшының, айыпталушының немесе сезіктінің санасынан көрініс тапқан
фактілер дәлелдемелер болып табылады. Олар процесс барысында фактілер
түрінде емес, фактілер түріндегі мәліметтер сипатында көрінеді, өйткені
санада көрініс тапқан факті объективті шындық емес, пайымдаулар мен
мәліметтер түріндегі бейне ғана"1.
Л. М. Карнееваның, Ф. Н. Фаткулиннің және басқаларының көзқа-растары
мынадай түсініктер бойынша дұрыс деп ойлаймын.
Дәлелдемелерді олардың көздерімен теңестіру:
— қылмыстық іс жүргізу заңына қайшы келеді;
- мазмұны бойынша (іске қатысы, сенімділігі және т.б.) дәлелдемелерді
жіктеуге мүмкіндік қалдырмайды, мұның өзі істің мән-жайын дәлелдеу кезінде
елеулі рөл атқарады.
— көздердің өзі олардың мазмұны мен ақпараттың құндылығын есепке
алмастан адамды айыптау үшін негіз қызметін атқара алмай-ды, өйткені
айыптау туралы шешім қабылдау үшін іс жүзіндегі негіз белгіленген көздерден
алынған тікелей мәліметтер болып табылады.
Әділеттілік үшін мынаны айта кету керек: өз кезінде ЖоғарғыСот Пленумы
"Сот үкімі туралы" 1969 жылғы 30 маусымдағы және "Қылмыстық істер бойынша
сот сараптамасы туралы" 1971 жылғы 16 наурыздағы қаулыларында соттардан
қабылданатын шешімдерде олардың көздерін санамалап негіздеуді түсіндірді
және талап етті.2
Сонымен, "дәлелдеме" категориясының мазмұны іс жүргізу мағынасында екі
жағдайдан қалыптасады: 1) дәлелдеме — бүл іс жүзіндегі деректер; 2) іс
жүзіндегі деректер өздерінің көздерімен тығыз байланыста болады, бірақ
олармен сәйкес келмейді және дербес сипаты болады.
Л. М. Карнееваның пікіріне қайта оралсақ, дәлелдеме ретінде "іс
жүзіндегі деректер" мәнін түсіну де бір ауыздылығымен ерекшеленбейді.
Әдебиеттерде үш бағытты байқауға болады[4].
М. А. Чельцов, М. С. Строгович, Р. Г. Домбровский жақтайтын бірінші
бағыт іс жүзіндегі деректерді фактілер ретінде ғана түсіндіреді.
Бұл түсінікке қарама-қайшы Л. Д. Кокорев, П. С. Элькинд, Ф. Н. Фат-
куллин фактілер туралы мәліметтерді де, тергеуші және сот тікелей
қабылдайтын дәлелдемелік фактілерді де іс жүзіндегі деректердің мазмұнына
қосады.
Және ақырында, жоғарыда атап өткендей, Л. М. Карнеева фактілердің
өзін емес, фактілер туралы мәліметтерді ғана іс жүзіндегі деректер деп
түсінуді ұсынады. Соңғы көзқарасты мынадай түсініктер бойынша қабылдауды
дұрыс санадым.
1. Қылмыстық сот ісін жүргізу шектерінен тыс қарапайым, жалпы түрдегі
іс жүзіндегі деректер — өткен уақытта шын мәнінде орын ал-ған оқиғалар
туралы ақпарат, яғни бұл объективті түрдегі шындық-тың өзіне тән көрінісі.
Мәселен, қылмыскер мүлік ұрлады делік. Факт ретінде ұрлық, біздің
еркіміз бен санамыздан тыс өз алдына жеке тұрады.
Осы факті туралы тергеу органдарына белгілі болған сәттен бастап
тергеушінің алдында, сөз жоқ, өткен уақыт бейнесін қалпына келтіру және оны
іс жүргізушілік жолмен бекіту міндеті туындайды.
Өткен уақыттың бейнесі таным, яғни адам санасында көрініс табу жолымен
қалпына келуі мүмкін. Бірақ осы өткен уақыт бейнесін тергеуші де сот та
тікелей қабылдай алмайды. Бұл жерде ойша елестету ғана орын алуы мүмкін.
2. Заттық айғақтар фактілер болып табылады деген пікір қате. Мәселе
мынада, олар заттық әлемнің бұйымдары болып табылатындықтан қандай да бір
фактінің орнына жүрмейді, бар болғаны өткен уақытта орын алған әрекеттің
іздерін сақтайды.
3. Қылмысқа байланысты фактілерді қабылдаған адамдардың жауаптары
басқа ештеңе де емес, олар өздері қабылдаған оқиға ту-ралы мәліметтерді
хабарлау ғана. Бұл жерде субъективті фактор да аз рөл ойнамайды (құлағының
нашар естуі, көз жанарының әлсіздігі, мінез-құлқының ырықсыздығы. қорқыныш,
қиялға берілу бейімділігі және т.т.). Мұның бәрі олар хабарлайтын
мәліметтердің мазмұнына өз ізін қалдырады. Субъективтік факторлардың
ықпалы, сондай-ақ бірыңғай фактілер және фактілер туралы мәліметтер ретінде
түсінуге мүмкіндік бермейді (фактілер туралы мәліметтер фактілердің
өздерімен сәйкес келмеуі мүмкін).
1.2ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
Дәлелдеме көздері немесе дәлелдеу тәсілдері ҚІЖК-нін 115-бабының 2-
бөлігінде егжей-тегжейлі тізбеленген және мыналарды қамтиды: куәгердің
жауап беруі, жәбірленушінің жауап беруі, сезіктінің жауап беруі,
айыпталушының жауап беруі, сарапшының корытындысы, заттық айғақтар,
процессуалдык іс-кимыл хаттамалары және өзге де кұжаттар.
Кең ауқымды мағынасында дәлелдеудің көздері деп деректердің тікелей
көздерін, сондай-ақ оларды алудың әдістерін, дәлелдеу барысындағы тексеру
мен пайдалануды түсіну керек.
"Көз" ұғымын кең ауқымды мағынада түсіндірудің құқықтық негізі бар.
Мәселен, ҚІЖК-нің 116-бабында былай деп белгіленген: көзі белгісіз немесе
сот мәжілісінде анықталуы мүмкін емес көздің мәліметтеріне негізделген
куәгердің және жәбірленушінің жауаптары дәлелдемелер сипатында қызмет ете
алмайды. Бұл ереже көз- фактілер туралы мәлімет сақтаушы деп есептеуге
мүмкіндік береді. Дәлелдемелер сипатында сақтаушылар емес, оларда негізі
қаланған ақпарат есептеледі.
Дәлелдемелер көздерінің тізбесіне қатысты ғылыми әдебиеттерде әр түрлі
көзқарастар қалыптасқан, олардың мәні негізінен тізбені кеңейту
кажеттілігіне сүйенеді. Мәселен, П. П. Якимов дәлелдемелердің дербес
көздері ретінде азаматтық талапкердін жауаптарын, азаматтық жауапкердің
жауаптарын, олардың өкілдерінің жауаптарын қарауды ұсынады. А. С. Ландо
осыған ұқсас көзқарасты білдіреді, ол көздер тізбесін кәмелетке толмаған
айыпталушының занды өкілінің жауаптарымен толықтыруды орынды деп
есептейді[5].
В. Д. Арсеньевтің пікірі бойынша заттық айғақтар көздер бола алмайды,
өйткені олар дәлелдеу тәсілдері мен дәлелдеме фактілер арасындағы аралық
жағдайда орналасқан. Ол сондай-ақ заттық айғақтарға қатысты олардың
"алғашқы көздері", яғни олар табылған және алынған орын туралы айтуды
орынды санайды.
Дәлелдеме көздері түрлерінің мәні туралы көзқарастарға сыни талдау
жасау П. П. Якимов пен А.С. Ландоның ұсыныстары ғылыми және практикалық
мүдделілік туғызады және заң шығарушы қабылдап алуға тұрады деп есептеуге
мүмкіндік береді. В. Д. Арсеньев көзқарасының жақтастары да, қарсыластары
да бар. Іс жүргізушілік мағынада дәлелдеме көздері заттың өзі емес, іс үшін
маңызы бар іс жүзіндегі деректермен ұсы-нылған, яғни дәледеме бола
алатындай заттың қасиеттері деген Р. С. Белкин мен А. И. Винбергтің
пайымдауы да дүрыс көрінеді. Сараптамалық зерттеуге арналған үлгілерге
қатысты айтатын болсақ, онда М. М. Михеенконың пікірі бойынша олар затгық
айғақтар да, ерекше түрдегі дәлелдемелер де, дәлелдеудің тәсілдері де болып
табылмайды. Бұл көзқарас Н. А. Селивановтың пайымдауымен сәйкес келеді, ол
былай деп жазған болатын: "Затты заттық айғақ деп тану осы зат пен істің
анықталған мән-жайы арасындағы байланыстың болуын көздейді. Ал салыстырмалы
үлгілерге қатысты мұндай байланыс туралы айтудын, өзі артық. Олар тергеліп
жатқан оқиғамен емес, тергеумен байланысты және оньң қылмыстық іске
қатысына карамастан белгілі бір субъектіні немесе объектіні сипаттайды.
Салыстырып қарауға кемектесе отырып, мәні жөнінен үлгілер таным кұралдары
ретінде қызмет етеді және осы тұрғыда оларды заттық айғақтарды зерттеуді
жүргізе отырып, сарапшы пайдаланатын құралдармен, құрылғылармен және басқа
да тетіктермен, сондай-ақ, зерттеуші өзінің қорытындыларында негізге алатын
әдеби көздерде бар анықтамалық және ғылыми деректермен салыстыруға
болады"1.
Дәлелдемелердің дербес көздері ретінде қылмыстық іс жүргізу заңы іс
жүргізушілік іс-қимыл хаттамаларын атайды. Бірақ қандай да бір нақты
қимылды заң ескертпейді. Тергеу іс-кимылдарының хаттамалары дәлелдеме
көздері болып табылатын тізбе бөлігіндегі ғалым-процесуалистер арасында әр
түрлі көзқарас орын алған. В. Д. Арсеньев қылмыстық іс жүргізу заңында
көзделген кез келген тергеу іс-қимылының хаттамалары ішінара дәлелдеме
көздері болып табылады деп ойлайды. Оған керісінше Ф. Н. Фаткуллин мен В.
Я. Дорохов істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-қимылдарының
хаттамалары ғана дәлелдеме көздері болып табылады деп есептейді[6]. Мәселе
мәнісін осылайша түсіну дәлелдеме мақсатына анағұрлым сәйкес келетін
сияқты, өйткені жекелеген тергеу іс-қимылдарының қосымша сипаты ғана бар
және тікелей дәлелдемелер жинақтау тәсілдерін кұрамайды (мәселен, мәйітті
сойып көру оны қарауды және сот-медициналық сараптаманы жүргізу үшін
қажетгі жағдайлар жасауға бағытталған). Өзінің көзқарасын жақтай отырьп, В.
Я. Дорохов былай деп жазады: "Хаттамалардың дәлелдеу маңызы туралы мәселе
дәлелдемелерді жинақтаудың, іс жүргізушілік тәсілдері болып табылатьн
тергеу және сот іс-қимылының хаттамаларына қатысты ғана қойылуы мүмкін"1.
Сонымен, дәлелдемелер көздері ҚІЖК-де толық келтірілген және кеңейтіп
түсіндіруге жатпайды, мұның өзі тиісті емес көздерден және тиісті емес
жолмен алынған дәлелдемелер қылмыстық процесте осы сипатында шыға
алмайтындығы іс жүргізушілік құқығының ережесіне сәйкес келеді.
ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕРДІҢ ҚАТЫСТЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ІСКЕ ЖІБЕРІЛУІ
Іс бойынша объективті шындықты анықтау кезінде дәлелдемелерді
іріктеудің бет алды сипаты болмайды. Іс жүргізушілік мағынасындағы белгілі
бір дәлелдемелерді тергеудің және соттың қабылдауы, оларды нақты қылмыстық
іс бойынша процеске тарту дәлелдемелердің қатыстылығы туралы мәселені
шешуге негізделген. Дәлелдемелердің қатыстылығын олардың және дәлелденуге
жататын жағдайлардың арасында қисынды байланыстың болуы деп түсіну
қабылданған, осыған байланысты кылмыстық іс бойьшша белгілі бір фактілерді
негіздеу немесе жоққа шығару үшін пайдаланылуы мүмкін3. Дәлелдемелердің
қатыс-тылығының өлшемі сипатында мыналар көрінеді:
— дәлелдеменің, ізделетін фактімен байланысы;
— нақты дәлелдермен анықталатын мән-жайдың, іс үшін маңызы;
— тап осы мән-жайды анықтау үшін аталған дәлелдемелердің маңызы4
Дәлелдеменің ізделетін фактімен байланысының маңызы мынадан көрінеді:
осы өлшемге сүйене отырып, "тергеу мен сот кылмыстық істерді тергеу және
қарау кезінде өздерінің қолынан өтетін іс жүзіндегі материалдардың
"үйіндісінен" оларды дұрыс шешу үшін қажетті деректерді тандап ала алады"1.
Келесі екі өлшем өзара байланысты және бір құбылыстың әр түрлі
жақтарын білдіреді.
Дәлелдемелердін, қатыстылығы туралы мәселені шешу үшін оларда бар
ақпарат сипатының маңызы болмайды (дәлелдемелер ізделетін фактілерді
растауы немесе жоққа шығаруы мүмкін). Қатыстылық — дәлелдеменің мәнділігіне
ықпал ететін ішкі қасиетінің белгісі. Сонымен бірге осы айтылған белгінің
сыртқы көрінісі мынадай: ол істі басы артық акпаратсыз-ақ көптеген
жағдайларды анықтауға қатысы бар материалдарды іске шоғырландыруға
мүмкіндік береді[7].
Дәлелдемелердің іске жіберілуі дегеніміз — көздерінің, олар алынған
әдістер мен тәсілдердің зандылығы көзқарасы тұрғысынан дәлелдемелердің
жарамдылығы, толықтығы. Дәлелдемелердің іске жіберілуін қамтамасыз ететін
іс жүргізу нысандарының мынадай элементтерін бөліп көрсету қабылданған:
— дәлелдеудің тиісті қатысушысы;
— заңда көзделген дәлелдеме көзі;
— заңға сәйкес тергеу іс-қимылын (дәлелдеме алуға көмектескен)
өткізудің тәртібі2.
Дәлелдемелердің қатыстылығы мен іске жіберілуі арасындағы арақатынасты
айқындай отырып В. Д. Арсеньев былай деп жазады: "Егер қылмыстық іс жүргізу
дәлелдемелерінің мазмұны олардың іске қатыстылығын көрсетсе,
дәлелдемелердің іс жүргізу нысаны — олардың осы іс бойынша іске жіберілуін
айқындайды
Дәлелдеудің тиісті қатысушысы туралы талап мазмұнының негізінде
дәлелдеп көрсету айыпталушыға аударуға катысты кылмыстық іс жүргізуге тыйым
салады. Алайда бұл айыпталушыдан басқасының бәрі де дәлелдеуі тиіс дегенді
білдірмейді. Занда дәлелдеу функциясы тергеушіге, анықтаушыға, прокурорға
жүктеледі. Бұл сотқа дейінгі кезеңдерде тек осы
қатысушыларға ғана дәлелдемелерді мақсатты түрде жинауға және нақты іс
бойынша оларды қылмыстық сот ісін жүргізуге тарту туралы мәселені шешуге
кұқық берілгеңдігін білдіреді. Істі сот қарауы кезінде жинау және
дәлелдемелерді істің материалдарына тігу мәселелерін сот шешеді.
Заңда көзделген дәлелдемелер көзі іс жүзінде қолда бар көздің ҚІЖК-нің
115-бабының 2-бөлігінде көзделген тәсілдердің бірімен сәйкес келетіндігін
білдіреді. Бұл орайда заң шығарушы істің мән-жайын дәлелдеу үшін ҚІЖК-де
санамаланған кез келген көздер пайдаланылуы мүмкін екендігін белгілейді.
Алайда белгілі бір жағдайларда мән-жай қатаң түрде белгілі бір көздерден
анықталуы мүмкін. Мәселен, ҚІЖК-нің 241-бабына сәйкес қаза табуының
себептерін анықтау, дене жарақатының сипаты мен ауырлығын анықтау,
айыпталушының, куәгердің және жәбірленушінің психикалық жай-күйін анықтау
тиісті сот сараптамасьн жүргізу жолымен мүмкін болады. Осы жағдайларда
анықталатын фактілер дәлелдемелерінің бірден бір көздері сарапшылардың
қорытындылары болады. Дәлелдемелердің көздеріне қатысты талаптардың осы
категориясына адамның жасы туралы кұжаттарда көрсетілген мәліметтердің
дұрыстығына күмән болған немесе АХАЖ-дың (азаматтық хал актілерін жазу)
кажетті құжаттары болмаған жағдайда сезіктінің, айьпталушының,
жәбірленушінің жасьн анықтау кезінде жасалатын сарапшылар қорытындылары да
жатады.
Заңда көзделгеніндей дәлелдемелерді алу тәсілі — іс жүргізушілік
нысанының тағы бір міндетті элементі. Дәлелдемелерді жинау мақсатында
анықтаушы, тергеуші, прокурор және сот занда белгіленген тәртіппен
куәгерлер, жәбірленушілер ретінде жауап алу үшін сарапшылар ретінде
қорытынды беруі үшін кез келген адамды іске тартуға; кәсіпорындардан,
мекемелерден, ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды адамдар мен азаматтардан іс
бойынша қажетті іс жүзіндегі деректерді анықтауға жәрдемі тиетін заттарды,
құжаттарды, сондай-ақ мәліметтерді талап етуге құқылы. Дәлелдемелерді
сезікті, айыпталушы, корғаушы, айыптаушы, сондай-ақ жәбірленуші және оның
өкілі, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сондай-
ақ кез келген азамат, кәсіпорын, мекеме және ұйым беруі мүмкін[8].
Бұл ереже дәлелдеу тәсілдерінің тізбесімен ұштаса келіп дәлелдеменің
екі тәсілмен алынатындығын білдіреді: 1) тергеу істерін жүргізудің
нәтижесінде; 2) соттың іс-қимыл жүргізуі нәтижесінде.
Дәлелдеме алудың басқа жолы жоқ. ҚІЖК-де тергеу және сот іс-
қимылдарының тізбесі егжей-тегжейлі көрсетілген.
Дәлелдеме алуға жәрдемі тиген заңға сәйкес тергеу іс-қимылын жүргізу
тәртібі — іске жіберілу категориясының маңызды элементі. Заң шығарушы
тергеу іс-қимылын жүргізудің екі деңгейдегі тәртібін көздейді: а) жалпы; ә)
жеке. Барлық тергеу іс-қимылдарына қатысы бар жалпы деңгей қылмыстық сот
ісін жүргізуден туындайтын талаптарға негізделген. Осы деңгейге тергеу
істерін хаттамалау, хаттамаларды жасаудың жалпы ережелері туралы талаптар
жатады. Жеке деңгейдің жекелеген (нақты) тергеу іс-қимылын жүргізудің
регламентіне катысы болады[9].
Сонымен, дәлелдеменің іске жіберілуі — оның факті туралы мәлімет көзі
ретінде осы фактіні анықтаудың құралы бола алу қабілеті және осы тұрғыдағы
түсінікте іске жіберілуі — іс жүргізу нысаны көрінісінің мәні.
Қолданылып жүрген заңда іске жіберілу категориясы жоққа шығару
әдісімен шешіледі, оның мәнісі мынада: дәлелдемелер ретінде белгілі бір
деректерді іске жіберуге болмайтындығы анықталатын белгілер
регламенттеледі, ал іске жіберуге болмайтын өлшемдерге қайшы келмейтінін
барлығын да іс жүзіндегі деректерді дәлелдемелер ретінде іске жіберуге
болатындығын тану үшін негіз ретінде қарау керек". ҚІЖК 116-бабында: "Іс
жүзіндегі деректер, егер олар осы Кодекстің талаптарын бұза отырып,
процеске қатысушыларды олардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру
немесе оларды қысу жолымен немесе қылмыстық процестің өзге де ережелерін
бұзумен..." деп атап көрсетілген. Жоғарыда келтірілген анықтамаға қайшы
келмейтін барлық басқа деректер дәлелдемелер алудың процедуралық талаптары,
іс материалдарына тігудің талаптары сақталған жағдайда дәлелдемелер деп
танылады[10].
Іс үшін маңызы бар, іс жүзіндегі деректерді алу кезінде жол берілген
ҚІЖК-нің талаптарын бұзу деп мыналар есептеледі:
— күш қолдану, қатер төндіру, алдап арбау, сол сияқты өзге де заңсыз
іс-қимылдар;
— қылмыстық процеске қатысушы адамға түсіндірмеу немесе толық емес,
сондай-ақ дұрыс емес түсіндіру салдарынан туындаған оның өз құқықтары мен
міндеттеріне қатысты жаңылуын пайдалану;
— қатысы жоқ адамның тергеу іс-қимылын жүргізуі;
— қарсылық білдірілуі тиіс адамның іс жүргізуге қатысуы;
— іс жүргізу тәртібін елеулі түрде бұзу;
— іс жүзіндегі фактілердің белгісіз көзден не сот мәжілісі анықтауы
мүмкін емес көзден алынуы;
—дәлелдеу барысында осы заманғы ғылыми білімдерге қайшы келетін
әдістерді қолдану.
Іс жүзіндегі деректерді, егер осы деректердің көздері қылмыстық іс
материалдарының, тізімдемесіне енгізілмесе, кылмыстық ізге түсу органының
айыптауын, сондай-ақ соттың үкімін және өзге де қорытынды шешімін негіздеу
үшін пайдалануға заң тыйым салады. Осы айтылған тыйым салуды қолдану үшін
төмендегі іс жүргізуде маңызы зор жағдайлар да ықпал етпейді:
— сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінін және куәгердің жауаптарын
ҚІЖК-нің барлық нұсқамаларын сақтай отырып алу, жауаптарды қолданылып
жүрген процедуралық нұсқамаларға сәйкес хаттамаларда бекіту;
— сарапшының өз қорытындысын қылмыстық процесті жүргізуші органның
қаулысына сәйкес жүргізу негізінде жасауы, сараптаманың барлық белгіленген
ережелерді сақтай отырып жасалуы;
— қылмыстық процесті жүргізуші органның тиісті қаулысына сәйкес заттық
айғақтарды іске тігу және оларды тиісті процедура сақталған жолмен алу, осы
әрекетке қатыстылығының белгілері болуы;
— тергеу және сот іс-кимылдарының қажетті хаттамаларын және өзге де
құжаттарды тиісті түрде ресімдеу.
Сонымен, іс жүзіндегі деректердің заң белгілеген көздерін қылмыстық іс
материалдарының тізімдемесіне енгізбеу дәлелдемелерді іске жіберу мәселесін
шешу кезінде оларға қойылатын талаптарды елеулі түрде бұзу деп қарау қажет.
Бұл бойынша, қаралып отырған зандылықты бүзудың табылу сатысына
байланысты құқықтық салдары да болуға тиіс. Қылмыстық іс бойынша
тізімдемеге қажетті материалдарды енгізбеуді анықтау органының бастығы
анықтаса, онда ол ҚІЖК-нің 66-бабына сәйкес анықтаушыға осы тізімдемені
қайта жасау туралы нұсқау беруге құқылы. Егер занды бұзушылықты айыптау
қорытындысы немесе айыптау хаттамасы бар қылмыстық іс өзіне келіп түскен
кезде прокурор анықтаса, онда ол ҚІЖК-нің 281—282-баптарына сәйкес
материалдардың, тізімдемесін қайта жасау үшін өзінің жазбаша нұсқауларымен
бірге істі тергеушіге, анықтау органының басшысына кайтаруға құкылы. Егер
заң бұзушылықты судья (сот) анықтаса, онда ол ҚІЖК-нің 300-бабының
негізінде өзінің қаулысымен қылмыстық іс материалдарының тізімдемесіне
енгізілмеген дәлелдемелерді істің материалдарынан алып тастауға құқылы[11].
Дәлелдемелер ретінде іс жүзіңдегі деректерді іске жіберуге
болмайтындығын, сондай-ақ құқықтық күші жоқ екендігін танудың бастамашылары
мыналар бола алады:
1) сот;
2) кылмыстық ізге түсу органдары;
3) тараптар.
Сот, қылмыстық ізге түсу органдары дәлелдемелердің құқыктық күші жоқ
екенін және оларды айыптауды қалыптастыру кезінде пайдалануға
болмайтындығын, сондай-ақ оларды алу кезінде занды бұзушылыққа жол
берілгендігі анықталса дәлелдеу тақырыбының кез келген элементін дәлелдеуге
жатпайтындығын тану туралы қаулы шығарады. Тараптар соттың немесе қылмыстық
ізге түсу органдарының алдында өз өтініштерін мәлім етеді. Өтінішті қарау
нәтижесі бойынша уәкілетті адам қанағаттандыру туралы немесе бас тарту
туралы қаулы шығарады. Тараптардың өтініші қанағаттандырылған жағдайда іс
жүзіндегі деректерді дәлелдемелер ретінде тануға жол берілмейтіндігі туралы
қорытындыны бекітетін дербес қаулы шығарылады.Дәлелдемелердің қатыстылығы
ұғымына түрлі ғылыми мектептер түрлі мазмұн береді. Анағұрлым кең таралғаны
мынадай көзқарастар болып табылады:
1. Дәлелдемелердің қатыстылығының талаптар мен дәлелдеме-лерден
көрініс табатын, қылмыстық іс жүргізу заң нормаларында бекітілген ерекше
құқықтық белгілері болады. Мәселенің мәнісін осылайша түсіну көзқарасын
жақтай отырып Ц. М. Каз былай деп атап өтеді: "Дәлелдемелер ретінде іске
қатысы бар фактілерді ғана пайдалану туралы заң талабы теорияда
дәлелдемелердің қатыстылығы деп аталады"1.
2. Дәлелдемелердің қатыстылығы олардың ізделетін фактілерді айғақтау
қасиетімен анықталады. Мәселен, И. Б. Михайловская дәлелдемелердің
қатыстылығы дегеніміз —олардың іс үшін маңызы бар фактілерді тікелей немесе
жанама түрде анықтайтын қабілеттілігін білдіреді деп есептейді2.
Дәлелдемелердің қатыстылығы — дәлелдемелердің мазмұны мен дәлелдеу
тақырыбына жататын жағдайлардың арасындағы байланыс деп түсіндіріледі.
Мұндай байланыстың болуы зерттелетін оқиғаның іс жүзіндегі көрінісін
дәлелдемелердің негізінде қалпына келтіруге мүмкіндік береді1. Осындай
көзқарасты Г. М. Миньковский де білдіреді және ол В. Д. Арсеньевтің
анағұрлым ертеректегі пайымдауларымен сәйкес келеді.
Соңғы көзқарасқа қолдау білдіре отырып, Ф. Н. Фаткуллин былай деп
жазады: "...Дәлелдемелер мен істің материалдық-құқықтық жағ-дайлары
арасындағы объективті түрде бар себеп-тергеу, кеңістік-уақыт, тікелей,
жанама түрде немесе кез келген басқа да нысанды байланыс расталған
жағдайда, осы іс жүзіндегі деректер қатыстылық тұрғысынан танылады, мәнісі
бойынша бағаланады және тиісті іс жүргізушілік қорытындылар мен іс бойынша
шешімдердің негізіне алынады"2.
Үшінші көзқарас мынадай түсініктер бойынша қолайлы болып та-былады:
— дәлелдемелердің қатыстылығы олардың іс үшін маңызы бар фактілерді
анықтау қабілетін білдірмейді,өйткені дәлелдемелердің бәрі де зерттелетін
фактіні анықтауға қабілетті емес (мәселен, сарапшылардың ықтимал немесе
балама қорытындылары);
— дәлелдемелердің қатыстылығы үшін дәлелдемелер мен іс бо-йынша
ізделетін фактілердің арасындағы кез келгені емес, тек қана қажетті, елеулі
байланыстысы маңызды3;
— кездейсоқ, маңызы шамалы байланыс алдын ала тергеу орган-дары мен
соттың билігінде бар іс жүзіндегі деректерді дәлелдеу күшінен айырады.
Әдебиетте дәлелдемелердің іске жіберілу категориясының мәні туралы
мәселе түрліше қарастырылады.
Мәселен, Я. 0. Мотовиловкер былай деп есептейді: "сот ісін жүргізу
нысандарының бәрі де бұлжытпай сақталуы тиіс деген қорытынды дәлелдемелер
жинау кезінде кез келген бүрмалаушылық дәлелдеу тәсілін іске
жіберілмейтіндей етеді деген ұғымды білдірмейді". Әрі қарай ол былай деп
атап өтеді: "айтылғандар өзінің сипаты бойынша алынған деректердің
сенімділігіне күмән туғызбайтын сот ісін жүргізудің нысандарын
бұрмалаушылықтарға ғана қолданылмайды. Егер дәлелдемелерді жинау барысында
алынған мәліметтердің сенімділігіне күмән сақталғанның өзінде олар өз
өзінен дәлелдеу тәсілдерінің іске жіберілмейтіндігіне әкеліп соқпайды.
Керісінше жағдайда барлық дәлелдеу тәсілдерін іске жіберілмейді деп тануға
тура келген болар еді, өйткені іс жүзіндегі деректер алынатын және олар іс
бойынша барлық қалған материалдармен жиынтық күйінде бағаланғанға дейін
ешқандай күдік туғызбайтын дәлелдеу тәсілдері болмайды. Дәлелдеу тәсілінің
іске жіберілмейтіндігі туралы мәселені шешкен кезде бұрмалау фактісінің өзі
емес, заң нұсқауларына сәйкес дәлелдеу тәсілін іске жіберілмейтіндей ететін
заң бұзушылыққа жол берілді деген мәселенің шешуші маңызы болады"1.
Я. 0. Мотовиловкердің пайымдауларының ұнамды жағы мынадан көрінеді:
іске жіберілетіндігінің (іске жіберілмейтіндігінің) өлшемі ретінде кез
келген іс жүргізу нысанын бұзушылық емес, дәлелдеменің мәнісіне ықпал
ететінін бөліп көрсететіні деуге болады. Шынында да егер тергеу іс-
қимылының хаттамасында оны жүргізудің күні қойылса, бірақ оның басталуы мен
аяқталуының уақыты көрсетілмесе (ҚІЖК-нің 203-бабы солай деп талап етеді),
бірақ қалған барлық талаптар сақталса — бұл дәлелдемені іске жібермеу
туралы қорытынды жасауымыз қажет пе?
Дәлелдемені іске жібермеу туралы мәселе теріс шешілген жағдайда
ұйымдық-құқықтық салдар ретінде істі жүргізуден мұндай дәлелдемені алып
тастау туралы ұсыныс туындайды. Осындай құқықтық жағдайларды талдай келіп
И. И. Мухин мынадай қорытындыға келеді: "Іс жүргізушілік нысанды кез келген
бұзу мұндай дәлелдеу тәсілін қылмыстық процесс шеңберінен тыс қалдыруға
негіз ретінде қызмет істейді және бұл орайда жол берілген бұрмалаушылықтың
деңгейі мен сипатының маңызы болмайды".
М. Л. Якуб осыған қарама қарсы пікір ұстанады. Оның көзқарасы бойынша
іс жүргізушілік нысанды бұрмалаушылықтың кез келгені, олар мәнісі бойынша
бағалағанға дейін дәлелдеме ретінде процестен алып тастауға негіз бола
алмайды[12].
Проблема мәніне деген соңғы екі көзқараста мәселені шешпейді және
негіз ретінде құбылыстың сыртқы белгілерін ғана алатын, оның ішкі қисыны
мен құрылымын есепке алмайтын механистикалық теорияға бейім сипатын
көрсетеді. Іс жүргізушілік нысандардың дәлелдемелердің мазмұнымен өзара
байланысы оларды іске жіберу өлшемдері туралы мәселеге сараланған
көзқарасты талап етеді. Және осы мағынада мен үшін Я. 0. Мотовиловкердің
көзқарасы дұрыс, ол былай деп есептейді: 1) іске жіберілмейтіндігі заң
мағынасынан тікелей туындайтын дәлелдемелер ғана өз өзінен жоққа шығарылуы
мүмкін (мәселен, куәгердің, жәбірленушінің және т.б. субъективтік ой-
пікірлеріне емес, сот-психиатриялық сараптаманың актісіне ғана сүйеніп,
адамның психикалық ауруы фактісін анықтау мүмкіндігі); 2) іс жүргізушілік
нысанның бузылуы орын алғандығына қарамастан, айыпталушының кінәсін
ақтайтын немесе жеңілдететін мәліметтері бар дәлелдемелерге қатысты іске
жіберілуі туралы мәселе тек қана оң шешілуі тиіс (керісінше жағдайда
айыпталушының заңды мүдделері мен құқықтарына қысым жасайтын жағдай
жасалады); 3) өзге жағдайларда дәлелдемені жоққа шығару фактілер туралы
қолда бар мәліметтердің бүкіл жиынтығын бағалауға негізделуі тиіс.
Процестен дәлелдемелерді алып тастаудың негіздері туралы ережені
дамыта отырып, С. А. Шейфер жеткілікті түрде көңіл аударуға тұратын мынадай
ой білдіреді: "қолданылатын танымдық тәсіл жеткілікті түрде тиімді болмаса.
яғни ақпараттың өте аз мөлшерін бейнелеуді қамтамасыз етіп, оны іс жүзінде
шындықты анықтау үшін пайдалану мүмкін болмаған жағдайда дәлелдеме іске
жіберілмейді деп танылуы мүмкін. Мәселен, іздерді қарап, кейін олардың
сараптамалық зерттеуін жүргізудің орнына куәгерден ол байқаған іздердің
көлемі мен белгілері туралы жауап алу, із қалдырған объектіге теңдестіруге
негіз бола алмайды"[13]1.
Іздестіру мақсатында иттерді пайдалану арқылы алынған ақпарат-тың
екіұшты сипаты бар: 1) іске жіберілу көзқарасы турғысынан мұндай көзді
пайдалану заңсыз; 2) практикалық көзқарас тұрғысынан мұндай ақпарат өте
құнды болуы мүмкін. С. А. Шейфер дұрыс айтады: "іздестіру иті жүргізген
адамдар мен заттарды іріктеу тергеушінің қолына оның көзқарасы бойынша
маңызды мәліметтер беруі мүмкін. Алайда, оларды алу кезінде қолданылатын
танымдық құралдардың бақылауға алынбайтындығы, "басқарылмайтындығы" бұл
мәліметтерді қажетті кісі сендірерлік сипаттан айырады, мұның өзі оларды
дәлелдемелер ретінде пайдалану мүмкіндігін жоққа шығарады. Әрине, бұл
мұндай ақпаратты әр түрлі жорамалдар жасағанда, жауаптар беруі мүмкін
адамдарды анықтауда пайдаланудың мүмкіндігі мен орындылығын жоққа
шығармайды және т.б"2.
"Дәлелдемелерді іске жіберу" термині әдебиетте бір мәнде
түсіндірілмейді: бір жағынан іске жіберу дәлелдеме белгісі мен дәлелдеу
ережесінің синтезі ретінде, екінші жағынан дәлелдеу қызметінің принципі
ретінде (мәселен, А. Г. Прохоровтың көзқарасы) түсіндіріледі, үшіншілері
осы терминнен іс жүргізушілік негіз іздейді (А. Г. Калпин). Осы
көзқарастардың бәріне ортақ бір нәрсе бар, ол М. К. Треушников атап
өткеніндей "барлық жағдайда да әңгіме іс жүргізушілік нысан тарапынан, яғни
дәлелдеу тәсілі тарапынан дәлелдеменің сипаты туралы болып отыр"1.
Сарапшының ықтимал қорытындыларының да іске жіберілуі пікірталас
туғызып келеді. Ю. К. Орлов былай деп жазады: "Өзінің логикалық табиғаты
бойынша сарапшының ықтимал қорытынды-лары жанама түрдегі дәлелдемелерге
ұқсас. Кез келген жанама дәлелдеме сияқты олар негізделетін кейбір
ықтималдылық үлесімен ғана қуаттайды. Егер ықтимал қорытындылар
қалыптастырудың субъектісінен басқа жаққа назар аударсақ, оларды қолдану
арқылы дәлелдеудің логикалық схемасы кез келген жанама түрдегі
дәлелдемелерге ұқсас"2.
ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР МЕН ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ АРҚЫЛЫ АЛЫНҒАН ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ЕМЕС
АҚПАРАТТЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ
Қазакстан Республикасының "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңы
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы қыркүйектің 15-інде
қабылдаған жедел-іздестіру қызметінің бірі ретінде қылмысты анықтауды,
алдын алуды, болдырмауды және ашуды көздейді (2-бап). Жедел-іздестіру
қызметін мынадай органдар жүзеге асырады: а) ішкі істер органдары, ә)
ұлттық кауіпсіздік органдары; б) Қорғаныс министрлігінің әскери барлау
органдары; в) Қаржы министрлігінің салық қызметі органдары; г) Қазақстан
Республикасы Президентінің күзет қызметі (жедел-іздестіру қызметі туралы
Заңның 6-бабы).
ҚІЖК-нің 65-бабына сәйкес (1-бөліктің 1—2-тармақтары) қылмыс
белгілерін және оны жасаған адамдарды табу мақсатында анықтау органдарына
қажетті жедел-іздестіру шараларын қабылдау жүктеледі[14]. Осы ереже
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер
органдары туралы" Заң күші бар Жарлығында дамытылды. Мәселен, аталған
Жарлықтың 10-бабында былай деп жазылған: "Жедел-іздестіру кызметі туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кылмыстардың алдын алуға және
ашуға, ішкі істер орган-дары жүйесінің кауіпсіздігін қамтамасыз етуге,
сондай-ақ қылмыстык-атқару заңдарымен белгіленген бас бостандығынан айыру
орындарында режимді сақтауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға
міндетті. Бұл ретте жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыруға кұкылы ішкі
істер органдарының бөлімшелері мен қызметкерлерінің тізбесін Ішкі істер
министрлігі белгілейді". Одан әрі аталған Жарлықтың 11-бабына (1-бөлім, 10-
тармақ) сәйкес өздеріне уәкілеттік берілген қызмет адамдарының атынан ішкі
істер органдары "қылмыстық істер бойынша сараптамалар және жедел-іздестіру
материалдары бойынша қажетті зерттеу жүргізуге күкығы бар", талданып
отырған баптьң 1-бөлімінің 14-тармағына сәйкес ішкі істер органдары "занда
көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық іс жүргізу әрекеттерін және
жедел-іздестіру шараларын жүргізуге, оларды жүргізуге мамандарды тартуға,
дерек мәліметтерді жинау мен зерттеу үшін ғылыми-техникалық құралдарды
пайдалануға күкығы бар".
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлтгық
қауіпсіздік органдары туралы" Заң күші бар Жарлығында да жоғарыда
айтылғанындай тиісінше регламент бар. Мәселен, осы Жарлықтың 13-бабына
сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдары өздеріне жүктелген міндеттерді орындау
үшін "жалпы және арнаулы жедел-іздестіру шараларын жүргізуге" құқығы бар.
Өзге де анықтау органдары қызметі регламентінің зандық тұрғыдағы
көздерін талдау — олардың жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру қүқығы
жоғарыда келтірілгендерге ұқсас жалпы ережелер шектерінен шықпайтындығы
туралы куәландырады. Соңдықтан, жедел-іздестіру жолымен алынған
дәлелдемелер мен процесуалдық емес ақпараттың арақатынасын анықтамас бұрын
төмендегідей мәселелерде айқындалуы қажет:
— анықтау органдарының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру күқығы
бар органдардан айырмашылығы;
— процессуалдық емес ақпараттың мәні.
. 1. Қолданылып жүрген қылмыстық іс жүргізу зандары анықтау
органдарына мыналарды жатқызады:
— ішкі істер органдары;
— ұлттық қауіпсіздік органдары;
— әділет органдары;
— салық полициясының органдары;
— кеден органдары;
— әскери полиция органдары;
— шекара бөлімдерінің командирлері;
— әскери бөлімдердің командирлері;
— Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық
мекемелерінің, және өкілетті өкілдіктерінің басшылары;
— мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары;
— геологиялык барлау партияларының басшылары, теңіз кемелерінің
капитандары1.
Сонымен, анықтау органдарының тізбесі "Жедел-іздестіру қызметі туралы"
Заңмен жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру құқығы берілген органдар
тізбесімен толық көлемде сәйкес келмейді. Бұдан мынадай қорытынды
туындайды: анықтаудың кез келген органы жедел-іздестіру қызметін жүргізуге
құқылы емес, сондай-ақ осындай құкығы бар әрбір орган анықтау органы болъп
табылмайды[15]. Мұны мысал арқылы түсіндіріп көрелік. "Жедел-іздестіру
қызметі туралы" Заңньң 6-бабына сәйкес ішкі істер органдары жедел-іздестіру
қызметін жүзеге асыратын субъектілердің бірі болып табылады. Ішкі істер
органдарының жүйесін мыналар кұрайды: Қазақстан Республикасының Ішкі істер
министрлігі; оған бағынысты облыстардьң ішкі істер басқармалары және ішкі
істер органдарының қалалық, аудандык, қалалардағы аудандык, поселкелік
бөлімшелері, сон-дай-ақ ерекше және режимдік объектілері; оқу орындары,
мекемелер мен ұйымдары. Әрбір санамаланған субъектілердін кұрылымы —
функциясы тұрғысынан кандай да бір қызметке, бір бағытқа бағдарланған
негізгі және көмекші аппараттардың, бөлімшелердің (оперативті, тергеу, кадр
және т.б.) күрделі жүйесін білдіреді. Ішкі істер органдары туралы Жарлықтың
іріктейтін сипаты да осымен түсіндіріледі, оған сәйкес жедел-іздестіру іс-
шараларын жүзеге асыруға құкылы ішкі істер органдары бөлімшелері мен
қызметкерлерінің тізбесін ішкі істер министрлігі белгілейді[16].
Осындай іріктеу сипаты жедел-іздестіру қызметімен айналысуға қүқығы
бар басқа да органдарға тән. Мұндай органдардың қатарында, жоғарыда атап
өтілгеніндей, "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңның 6-бабында ішкі істер
органдары аталады, мұның өзі мұндай құқық тікелей жедел-іздестіру
қызметінің міндеттерін орындайтын бөлімшелерде болатынын көздейді. Бұл
жағдай "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Заңның 12-бабының 3-бөлігінде бір
мәні регламенттеледі, онда: "Жедел-іздестіру шараларын жүргізуге құқығы бар
қызметтердің, бөлімшелердің және қызметкерлер санаттарыньң тізбесін жедел-
іздестіру қызметін жүргізуші органдардың басшылары белгілейді" деп
жазылған.
Талданып отырған жағдайда жедел-іздестіру кызметінің субъектілері
болып табылатын Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органы, Қазақстан
Республикасы Президентінің күзет қызметі қазіргі уақытта анықтау
органдарының қызметін атқармайды. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын
анықтау органдары мен органдардың мұндай саралануы анықтау субъектілері мен
жедел-іздестіру қызметінің, мақсаттары мен міндеттеріне байланысты. Ал
шындығында жедел-іздестіру шараларын жүргізу негіздерінің тізбесі
қылмыстык, сот ісін жүргізу мақсаггарынан тысқары жатыр, Мәселен, "Жедел-
іздестіру қызметі туралы" Заңньң 10-бабы мұндай негіздер ретінде мыналарды
көздейді:
а) қозғалған қылмыстық істің болуы;
ә) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарға келіп түскен:
— әзірленіп жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған кұкык бұзушылық;
— жауап алу, тергеу және сот органдарынан немесе қылмыстық жазадан
жалтарып жүрген адамдар;
— азаматтардың хабарсыз кетуі және танылмаған мәйіттердін, табылуы;
— шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнайы қызметтерінің
барлау-бүлдіру әрекеттері туралы хабарламалар;
б) өздерінің қарауындағы қылмыстык, істер бойынша тергеушінің жазбаша
тапсырмалары және прокурордың нұсқаулары, сондай-ақ соттың ұйғарымдары;
в) құқықтык көмек беру туралы шартқа (келісімге) сәйкес халықаралық
құқық қорғау ұйымдарының және шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының
сауал салулары;
г) қоғам, мемлекет мүддесі мен оның экономикалық және қорғаныс
әлеуетін нығайту мүддесіне орай барлау ақпараттарын алу қажеттігі жөніндегі
хабарламалар негіз болады.
Сонымен, анықтау мақсатына жедел-іздестіру шараларын жүргізу жолымен
қол жеткізілуі мүмкін, бірақ жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру анықтау
міндеттерін шешуге ғана бағытталмаған. Бұл орайда анықтау қылмыстың алдын
ала тергеу нысаны ретінде түсіндіріледі, анықтау тиісті органдар мен
лауазымды адамдардың қылмыстық іс жүргізу заңына негізделген қызметінен
көрінеді, ол қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қарауға және шешуге,
кылмыстық істі қозғауға, ол бо-йынша тергеу жүргізуге, тергеушілердің
тапсырмасы бойынша іздестіру және тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыруға,
сондай-ақ қылмыстарды болғызбау жөнінде шаралар қабылдауға бағытталған1.
Осыған байланысты жедел-іздестіру қызметінің мазмұнының маңызы аз емес.
"Жедел-іздестіру кызметі туралы" Заңның 1-бабында белгіленгеніндей "жедел-
іздестіру кызметі — азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқықтарын,
бостандықтары мен занды мүдделерін, меншікті қорғау, шет мемлекеттер мен
халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерінің қылмыстық қол сұғуынан, сондай-
ақ барлау-бүлдіру әрекетінен коғам мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз
ету мақсатында арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдар" өз кұзыреті
шегінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға, Казақстан
Республикасының басқа да зандары мен қалыптық кұжаттарына сәйкес жүзеге
асыратын жария және жасырын жедел-іздестіру, ұйымдық және басқару
шараларының, ғылыми негізделген жүйесі".
Жедел-іздестіру қызметінің занды түрде бекітілген ұғымына түсінік беру
оның дәстүрлі доктриналдық түсінігімен сәйкес келмейді. Мәселен, А. Н.
Васильев жедел-іздестіру кызметінің мазмұнына мынадай үғым береді: белгілі
бір адамдар мен объектілерді бақылау, жария және жария емес көздерден
мәліметтер жинау, іздестіру, торуыл және бөгеттерді ұйымдас-тыру, іздестіру
иттерін қолдану, қүжаттар мен үй-жайларды тексеру, кандай да бір оқиғаның
куәгерлерін анықтау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz