Жоңғар хандығы


ЖОСПАР:
- Кiрiспе.
- Негiзгi бөлiм. Жоңғарлар қайдан шықты ?
А) Жоңғар хандығының құрылуы
- Қазақ-жоңғар қарым-қатынастары
- Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресi
- Жоңғар мемлекетiнiң күйреуi
3. Қорытынды.
Кiрiспе.
16 ғасырда Алтайдан Атырауға дейiнгi байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы жерiнiң географиялық жағдайына қарай үш жүзге бөлiнiп өмiр сүрiп жатты. Оның әрбiр жүзiнiң өзi Еуропадағы әлденеше шағын елдер мен мемлекеттердi сыйдырарлық көлемдегi жерлердi жайлады. Қазiргi Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарын мекен еткен Кiшi жүз, Орталық Қазақстанға жататын облыстарды мекендеген Орта жүз, елдiң оңтүстiк және оңтүстiк-шығысын қоныс еткен Ұлы жүдiң әрқайсысының өз хандары болды. Кiшi жүзде--Әбiлқайыр, Орта жүзде-Сәмеке /Шахмұхамбет/, Ұлы жүзде-Жолбарыс, Түркiстан қаласын астана еткен Үлкен Орданың ханы Тәуке едi. Бұл хандардың ақылшысы болған, үш жүздiң басын бiрiктiрiп, даулы iстерiне билiк айтып, береке бастаушы болған Кiшi жүздегi Әлiм руынан шыққан Әйтеке бидi, орта жүздiң биi арғын, Қаракесек руынан шыққан Қаз дауысты Қазыбек бидi, Ұлы жүздiң үйсiн руынан шыққн атақты шешен Төле бидi, Үлкен Орданың сарай ақыны Бұқар жырауды бүкiл қазақ жұрты, алты алаштың адамдары жақсы бiлдi.
Үш жүздiң билеушiлерi әдетте бас қосып, оқтын-оқтын мәслихат мәжiлiс өткiзетiн. Ондай мәжiлiстер Сайрам маңындағы тауларда, мәтөбе жотасында өтетiн. Оларда қыстау жағдайы, қауiп-қатерден сақтану мен қауiпсiздiк мәселесi талқыланатын. Бiрақ, қазақ жерiнде бiртұтас бiр иелiкке бағынған, басқару жүйесi орталықтанған iрi мемлекеттiң жоқтығы ылғи да сезiлiп тұрды. Мұны қазақ жерiне ертеден көз алартып келе жатқан Қазақстанмен жапарлас, жерлерi шектесiп жатқан елдердiң билеушiлерi пайдаланып қалуға тырысты. Оңтүстiк-батыстан Жайық казактарының қолдап-қолпаштауымен Едiл өзенiнiң бойындағы башқұртар, қалмақтар Кiшi жүздiң халқына тынымсыз шабуыл жасады. Қазақ жерiне солтүстiктен Сiбiр казактары килiктi. Орта Азиядағы Бұқара мен Хиуа хандықтары да қазақ жерiнен дәмелi болды. Оларға қазақ жасақтары табандылықпен тойтарыс берiп отырды. Осылардың бәрiнен де асып түскен, қазақ халқына мәңгi жойылып, құрып кету қаупiн төндiрген жау-жоңғарлар едi.
Жоңғарлар қайдан шықты ?
А) Жоңғар хандығының құрылуы
Жоңғарлар -Жұңгоның жазба деректерiнде батыс моңғолдар деп аталынды. Олар тегiнде батыс Моңғолияны мекен еткен ойрат тайпалары едi. Ойраттар туралы тұңғыш мәлiмет 1204 жылдан бастап тарихи деректерде көрiне бастады. 1206 жылы Моңғолияда құрылған Шыңғысхан әскелерiнiң сол қанатына қосылды. Сол қанат моңғол тiлiнде “жоңғар” (сол қол) деп аталынды. ”Жоңғар“, “Жоңғария” деген атаудың арғы-тегi осы моңғол тiлiндегi“сол қанат” яки “сол қол” (әскер) дегеннен шыққан.
1368 жылы Жұңгоны билеген Иуан патшалығы құлаған соң Моңғолияда өзара қырқыс өрiс алды. Шығыс Моңғол шонжарлары мен Батыс Моңғол билеушiлерi Жұңгоның iшкi өлкелерiне келетiн керуен жолын билеуге таласты. 15 ғасырдың алғашқы жартысында батыс Моңғол билеушiлерi Тогон (1418-1440ж), Есен (1440-1455ж) жеңiске жетiп, бүкiл Моңғолияға билiк жүргiздi. Алайда ойраттардың билiгi онша ұзаққа созылған жоқ. 15 ғасырдың екiншi жартысында. Моңғолиядағы билiгiнен айырылды. Жұңгоның iшкi өлкелерiндегi базалармен байланысы үзiлдi. Мұның өзi ойрат қоғамының экономикасына зардабын тигiзбей қойған жоқ.
16 ғасырдың ақырында ойраттар Торғауыт, Дорбыт, Кушуыт, Шорыс деп аталынатын 4 iрi тайпалық бiрлестiктен құралды. Торғауыттар-Тарбағатай тауынан шығысқа қарай созылған жерлердi, Дорбыттар -Ертiс өзенiнiң басын, Кушуыттар- қазiргi Үрiмжi маңын, ал Шорыстар-Iле өзенiнiң басын қоныстанды.
1627 жылы ойраттар одағы ыдыраған. Қалмақтар батысқа, хошуттар Тибетке кеткен, ал жоңғарлар Жоңғарияда қалған 16ғасырдың ақыры мен 17ғасырдың басында iшкi-сыртқы қиын қыстау жағдайға душар болып, ауыр дағдарысқа ұшырыған ойрат халқы өздерiн аласапыранға салып келген феодалдық бытыраңқылықтың жойылуын, тайпалар арасындағы талас-тартыстардың тыйылуын, сыртқы жаулардың шапқыншылығынан қорғанатын берiк одақтың болуын, халықтың бейбiт өмiр сүруiн арман еттi. Халықтың бұл арманын пайдаланған ойрат феодалдары өздерiнiң таптық мақсат-мүдесiн қорғайтын бiр орталыққа бағынған феодалдық хандық құруға ұмтылды. 17ғасырдың 20 жылдардың ақыры мен 30 жылдардың бастарында Шорыс тайпасының басшысы Харахұлай майданға шықты. Ол iшкi жақтан бытыраңқы ойрат тайпаларын бiрте-бiрте бiрiктiрдi, сыртқы жақта қалқа, моңғол тайпаларының билеушiсi Алтан ханға және Моғолстан хандары мен қазақ хандарының шап қыншылығына қарсы күрестi, барлық соғыстар мен жорықтарда өзi шеру тартып, қол бастады. Мұның өзi ауыр дағдарысқа үшыраған ойрат халқының қал-жайын оңалта бастады.
Харахұлайдың баласы Батұрдың (1635-1653) тұсында ойраттар едәуiр күшейдi. 1635 жылы ойрат тайпаларының одағы қалыптасты. Бұл тарихи әдебиетте “жоңғарлар” деген атпен әйгiлi болды. “1640 жылы Тарбағатай маңында (Жоңғарияда) моңғол және ойрат иелiктерi өкiлдерiнiң құрылтайы болып, моңғол-ойрат заңын қабылдады. Бұл заңның мақсаты-сырттан қауiп төнген жағдайда оған қарсы күш бiрiктiру және феодал шонжарлардың халық бұқарасына деген үстемдiгiн күшейту болатын”. Қонтайшы Батұр билiк құрған кезде қазақ-жоңғар қатынастары ерекше шиеленiсе түстi. Деректемелерде оны мен қазақ сұлтаны Жәңгiрдiң арасындағы 1635 жылғы соғыс қимылдары туралы айтылады. “Қара қалмақ тайшылары Талай-тайшы және Қонтайшы мен Кужи-тайшы, Торғышатайшы бүкiл қара қалмақтарды ертiп, сол жылдың қысында қазақ ордасына жорыққа аттанған, ол Қазақ ордасының адамдары қара қалмақтарға қарсы шыққан. Сөйтiп, қара қалмақтар қазақ ордасының адамдарымен бетпе-бет кездесiп, олардың арасында жойқын ұрыс болған. Сөйтiп қара қалмақтар қазақ ордасының адамдарын жеңiп, Есiмнiң баласы Жәңгiр-ханзаданы тұтқынға алған, ал Есiм қазақ ордасында патша болатын, ал ханзада қара қалмақтардың ханзадасы болып тұр”.
Ойрат-жоңғар одағының ең жоғарғы билеушiсi хұнтайжы деп аталды. Оның қол астына тайшалар, нояндар, жайсаңдар деп аталатын әскери феодал-шонжарлар болды. Бұдда дiнiнiң жоғары лауазымына ие болған феодалдарының ерекше тобы едi. Бұлардың бәрi ойрат-жоңғар қоғамындағы феодалдық қанаушы тапты қалыптас- тырды. Қанаушы қалың шаруалар “араттар” деп атайды.
1688 жылы Халдан Бұшұктi хан Жұңгоны билеген Чиң патшалығына қарсы бүлiк тудырған кезде де, өзiнiң “Жұңхуаға шет болмайтындығын” ашық мойындаған. 1698 жылы қазақтар мен жоңғарлар арасында соғыс болғанда, жоңғарлардың хұнтайжысы Суан Рабдан Каңчи патшаға мәлiмет жолдап: қазақтың Тәуке ханы ойрат халқын қырып-жойып, тонап жатыр, ойраттарға қарасты ұранқайларды талан-таражға ұшыратты, “қызметкерiңiздiң шеру тартып, оларға қарсы аттанатынын ұлы мәртебеңiзге мәлiмдеп, бүйрық күтемiн” деп өтiнген болатын.
Жоңғарлар 17ғасырдың екiншi жартысы мен 18ғасырдың басында әскерiн жарақтап, әбден күшейiп алды. Олар Сiбiрдегi орыс қалалары мен бекiнiстерiне айырбас сауда жасап, олардан қару-жарақ сатып алып отырды. “Жоңғар әскерлерi жорық кездерiнде жүз мың адамға дейiн жеттi, бұлардың әскерiнде қолға түскен тұтқындардан болған құлдар пайдаланылды. Әскер iшiнде қатаң тәртiп сақталды, бұл тәртiптi бұзғандар қатты жазаланып отырды”. Жоңғар феодалдары өзiнiң әскери күшiне сене отырып, Моғолстан хандығы мен қазақ халқының жоңғарларға iргелес жатқан өңiрлерiндегi ұлан-байтақ жайылымдарды иелiнiп алды. 16 ғасырдың ақырында ойрат-жоңғар тайпаларының бiразы қазақ хандығына бағынған болса, ендi Жоңғар басып алған кездегi қазақ тайпаларының бiразы жоңғар хұнтайжыларына бағынып, алым- салық төлеп, аманат берiп, отыратын болды. Сөйтiп, жоңғарлардың өрiс-қонысы-- батыс Моңголиядан Iле өңiрiне дейiн созылды және қазiргi шығыс, шығыс оңтүстiк Қазақстаның территориясының бiр бөлiгiн алып жатты.
Қазақ-жоңғар қарым-қатынастары
Қазақ-жоңғар қатынасы кейде шиелiсiп, қан төгiс соғыстарға ұласып, кейде бәсеңдеп уақытша бiтiмге келiсiп, 120 жылға созылды. Бұл екiншi арадағы талас-тартыстарының негiзгi түйiнi көшпелi мал шаруашылығымен шұғылданған екiншi елдiң шұрайлы, жайлы жерлерге және Жетiсу мен Сырдария өңiрiн басып өтетiн керуен сауда жолдарындағы қалаларға таласуда болды. Батұр хұнтайжының тұсында қазақ-жоңғар қатынасы мейлiнше шиеленiстi. Бұл кезде жоңғар феодалдары қазақ хандығына үш рет iрi шапқыншылық жорық жасап, қазақ хандығы мен жоңғар ортасында үш рет қанды шайқас болды. Бiрiншi шайқас 1635 жылы болды. Бұл соғыстың қалай аяқталғаны жайында толық дерек жоқ, осы соғыста қазақ әскерлерiне қолбасшылық iстеген Жәңгiр хан әскери тактиканы шебер қолданғандықтан Батұр хұнтайжы күйрей жеңiлiп, шегiнуге мәжбүр болды. Үшiншi шайқас 1652 жылы болды. Бұл шайқаста қазақтар жағы жеңiлiске ұшырайды. Осы шайқастан сон 1653 жылы Батұр хұнтайжы өлдi. Оның орнына баласы Сенген (1653-1670) отырды. Бұл тұста жоңғар феодалдарының арасында билiкке таласқан iшкi қырқыс үдей түстi. Ақыры Сенген осындай таласқаның бiрiнде өлтiрiлдi. Оның орнына iнiсi Халдан Бұшұктi (1670-1697) хан болды. Ол 1678 жылы iшкi феодалдық қырқыстарды пайдаланып, оңтүстiк Шин-Жаңды басып алды. 1683жылы Халдан Бұшұктi хан Чиң патшалығына қарсы шықты, 1695жылы Халдан Бұшұктi әскерлерiн Чиң әскерлерi талқандады. Жоғарыдағыдай iшкi қырқыс, сыртқы соғыспен айналысқан жоңғар феодалдары қазақ даласына жорық жасауды бiр мезгiл толастатқан едi. Бұл мезгiлде қазақ- жоңғар арасы соғыстан аман болды, отыз жылдай тыныш өттi.
17 ғасырдың 80 жылдарында жоңғар феодалдары Оңтүстiк Қазақстан мен Сырдария бойындағы керуен жолдары мен сауда орталығы саналатын қалаларды басып алу үшiн бiрнеше дүркiн жорық жасады. Бұл жөнiнде орыс елшiсi Н. Внковский былай жазған: “Тауық жылы (1681ж) Халдан Бұшұктi хан шеру тартып барып барып Сайрам қаласын қоршады, ит жылы (1682ж) қайтадан Iле өзенiнiң бойын қыстады. Доңыз жылы (1683ж) қайтадан Сайрамға жорық жасап, жазда Сайрам қаласын қиратты”. 1697 жылы Халдан Бұшұктi хан өлiп, оның орнына Суан Рабдан отырды. Осы Суан Рабдан (1697-1727жж) тұсында жоңғар феодалдарының қазақ даласына шапқыншылығы үдеп кеттi.
Жоңғар феодалдары Жұңгоны билегеп Чиң әулетiне (Ежен ханға) бағынышты иелiк екенiн мойындап келгенiмен әскери жақтан күшейiп алған соң Чиң әулетiне қарсы шығып, одан бөлiнiп шығуға әрекет жасады. Сонымен қатар көршiлес елдерге үздiксiз жорықтар жасады. 1697 жылы Суан Рабдан өкiмет басына келгеннен кейiн, қазақ-жоңғар қатынастары тағы да күрт шиеленiстi. Жоңғар билеушiсi орыс елшiсi И. Унковскийге “өз билiгi басталғаннан берi… қарақалпақтармен бiрлесiп, соғысып жатқан қазақ ордасына қарсы толассыз соғыс жүргiзiп жатырмын”-деген. Жоңғар билеушiсi Суан Рабдан билiк басына шыққаннан кейiн, 17 ғасырдың ақыры мен 18ғасырдың алғашқы ширегiнде қазақ жерiне жетi дүкiн (1698-1711-1712-1714-1718-1723-1725 жылдарда) басып кiрдi. Қазақ-жоңғар қатынасының мұншалық шиеленiсуiнiң себебiн жоңғар хұнтайжысыСуан Рабдан өзiнiң Канчи патшаға жолдаған мәлiметiнде: “Қазақтың Тәуке ханының ойраттарды қырғындап, ұранқайларды шапқандығынан болды” деп түсiндiредi. Суан Рабдан орыс елшiсi Иван Внковскийге айтқан сөзiнде: бұл соғыстың басталуына қазақтар себепшi болды, қалмақ ханы - Аюге ханның Суан Рабданға ұзатылып бара жатқан қызының көш-керуенiне Тәуке хан шабуыл жасады деген. Бұл тек қана сылтау едi.
Жан-жақты әскери дайындығы бар және шабуыл жасайтын жерлердегi жағдай жөнiнде толық мағлұмат жинаған жоңғарлар 1710-1711 жылдары қазақ жерiне басып кiрiп, қырғын соғыс жүргiздi. Көп олжа алып, керi оралған олар 1717 жылы жазда Аякөз өзенiнiң жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандап жеңдi. Келесi жылы жоңғарлардың әскерi тағы да қанды жорыққа аттанып Бөген, Шаян, Арыс өзендерiнiң бойында қазақтарды қырғынға ұшыратты.
Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресi
1723 жылы көктемiнде қазақ жерiн бет қаратпай басып алуға әбден бекiнген жоңғарлар шешушi жорыққа шықты. Мол әскер жинап, барынша толық қаруландырып, оның қолбасшылығына Шуна Дабо деген қалмақ баһадүрiн тағайындады. Оның тактикалық жоспары бойынша қалмақ әскерлерi стратегиялық екi бағытта қимыл жасауға тиiстi. Бiрiншi бағыт Қаратауды басып өтiп, Шу мен Талас өзендерiне шығу болса, екiншi бағыт қазақтарға ес жиғызбай соққы берiп Шыршық өзенiнiң қойнауына жету едi. Бұл жоспарды iске асыру үшiн әскерлер жетi шоғырға бөлiнiп, оның бiрi Жетiсу Алатауының етегiндегi Балқаш көлiне құятын төтр өзеннiң бойына топтастырылды. Қалмақтың iрi қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екiншi бiр тобы Iле өзенiнiң бойына, Кеген өзенiнiң солтүстiк жағасына, Нарын өзенiнiң күншығыс жағындағы Кетпен тауының баурайына орналасты.
Сөйтiп, Алатау баурайын жайлаған қанен-қаперсiз отырған қалың елге шабуылға шыққан қалмақ әскерлерi қазақтардың қанын судай ағызды. Еркек кiндiктi адамдарды қырып, әйелдердi, қыздарды, байлап-матап алып кеттi. Бейғам отырған ел басқыншыларға ешқандай қарсылық көрсете алмады. Шапқыншылықтың басты ауыртпалығы Ұлы жүздiң, Жетiсудың халқына түстi. Ешбiр бөгетсiз, қарсылықсыз жолдағының бәрiн жайпап келе жатқан зұлым жау араға көп уақыт салмай Орта жүз бен Кiшi жүздiң жерiне жеттi. Малын, мүлкiн, қонысын тастап, бала-шағасын ан, туысқандарынан айырылып босқан халық бетi ауған жаққа қашып-пысуға мәжбүр болды. Ұлы жүз бен Орта жүздiң қазақтары Самарқанд пен Ходжентке қарай шұбырды. Кiшi жүз қазақтары Хиуа мен Бұқараға ағылды. Босқындардың бiразы Алакөл маңына келiп паналады. Мұхаметжан Тынышбаевтiң айтуынша, Орта Азияда осындай екi көл болған. Оның бiрiншiсi Сырдың сол жақ бетiнде, Бетпақдала каналын екiге бөлетiн жерде, екiншiсi Ташкенттен 90 шақырым жерде, ол да Сыр бойында. Халық осылардың алғашқысына барып паналаған. Бұл кезеңдi “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” деп атады. Яғни, табанымыз ағарғанша шұбырып Алакөлге жетiп азап пен аштықтан сұлаған жерлер едi дейдi. Сол сұлағаннан талай қазақ жан тәслiм қылып қайта басын көтермеген. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы да қайғылы, ән ұраны сияқты “Елiм-ай” әнiн бiлмейтiн, оны айтқанда тебiренiп, қатыгездiктiң құрбаны болған боздақтарын еске түсiрiп, бүгiнге дейiн көзiне жас алмайтын қазақтың кәрi-жасы кемде-кем. Қазақты бiрлiкке, елдiкке, ерлiкке үндейтiн бұл өлеңдi бiлу, ұмытпау жастар үшiн бүгiнгi таңда да тарихты бiлу болып табылады.
Ақтабан шұбырындыда ауа көшкен жұрт көптеген қалалар мен елдi мекендердегi отырықшы халықтарды жұтқа ұшыратты. Оның нәтижесiнде Самарқанд, Бұқара, Хиуа, Ферғана сияқты қалалар қаңырап қалды. Сол жылдарда Хиуа маңындағы мекендер мен егiндiк жерлер иесiзденiп, қаланың өзiнде қырық шақты ғана отбасы қалған.
Жаппай босу, аштық, елдi, жердi сағыну қазақтардың қайрат-жiгерiн ұштады, оларды ортақ жауға ұйымдасып қарсы шығуға жұмылдырды. 1728 жылы халықтың қаһарлы қарсылығының алғы шебiнде болып қалмақ әскерлерiмен үш жылдай ұрыс жүргiзген Әбiлқайыр бастаған Кiшi жүз жасақтары, ондағы айтулы батырлардың бiрi Тайлақ және оның жиенi Ұлы жүздiң Ошақты руындағы Тасжүрек тайпасынан шыққан Саурық батыр Ырғыз уезiнiң оңтүстiк шығыс бетiндегi Бұланты өзенiнiң жағасында “Қара сиыр” деген жерде қалмақтарға есеңгiрете соққы бердi. Қалмақ әскерлерi қиян-кескi соғыста ондаған мың адамынан айырылды. Қазақтар жағы өзендерiнiң талайдан қаны қайнап ыза мен кекке суарылған қайрат-жiгерiнiң жемiсiн көрiп қуанды. Жеңiс туралы хабар қазақ арасында iлезде тарап кеттi. Алты алаштың рухын көтерiп оларды күреске шабыттандырған бұл жеңiске қол жеткен жер кейiн “Қалмақ қырылған” деп аталады.
1730 жылы көктемде Балқаш көлiнiң маңында қазақ пен қалмақтардың арасында тағы бiр қатты қырғын соғыс жүрдi. Бөгенбай, Қабанбай, Шапырашты, Наурызбай, Жәнiбек, Бөкенбай, Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ әскерлерiне екiншi рет күйрете соққы бердi. Көбi қырылып, жаралы болып жаны шықпай жатқан жау әскерiнiң аңыраған дауысы бiрнеше күн даланы басына көтердi. Бұл жер кейiн “Аңырақай” деп аталынып кеттi.
Аңырақайда аяусыз соққыға душар болған Шуно Дабо басқарған қалмақ әскерлерi Iле өзенiнiң бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды.
Жеңiстi баянды ету үшiн жауды өкшелей қуып қазақ жерлерiн азат ету жорығына жиналған үш жүздiң әскер жасақтары Шымкентке таяу Орда басы деген жерде жиын өткiзiп, онда қазақ әскерлерiнiң өолбасшысы болып Әбiлқайыр және Бөгенбай сайланды. Олардың басшылығымен қалмақ әскерлерiне үстi-үстiне соққы берiлдi. Осындай шайқастардың бiрiнде Бөгенбай батырмен жекпе-жекте қалмақтың қолбасшысы Шуно Дабо қаза тапты. Мұның өзi жау әскерлерiнiң рухын түсiрiп жiбердi.
Осы тұста Тәуке ханның баласы үлкен Орда иесi Болат хан қайтыс болып, осыған байланысты қазақ халқының тағдырына қатысты iрi оқиғалар болды. Қазақтың үш жүзiнiң басын қосып бiртұтас тәуелсiз мемлекеттiгiн қалыптастыруға тиiстi Үлкен орданың басында отырған Болат хан жiгерсiз жан едi. Мұны қазақтың хандары, ел билеушiлерi түсiндi. Бiрақ ашық айтқан жоқ. Егер Болат хан алай-бұлай болып кетiп Үлкен Орданың билiгi өзiме тисе, қазақ хандығын көтерер едiм деп жүген аға хандықтан бiрiншi үмiткер Болат ханның iнiсi, Орта жүздiң ханы Сәмеке /Шахмұхамбет/ болды. Сәмеке ақылсыз адам емес едi. Бiрақ оған аға хандық бұйырмады. Үлкен Орданың иелiгiне екiншi үмiткер-Кiшi жүздiң ханы Әбiлқайыр. Кiшi жүзден аға хан сайлау дәстүрде болмағанмен, айдынның жайылма суындай қаптап келе жатқан қалмақ әскерлерiне Бұлан өзенiнiң маңында бiрiншi рет бас көтертпей соққы берiп тоқтатқан., Аңырақай түбiндегi тамаша жеңiстiң дем берушiсi болған, үш жүз әскерлерiнiң бас қолбасшысы болып сайланып, өзiнiң ұйымдастырылушылық дарын-қабiлетi, жеке басының ерлiгiмен алты алашқа аты шыққан, оның үстiне тәжiрбиесi мол, егде тартқан Әбiлқайырдың аға хандықтан үмiт етуiне негiз бар едi. Үлкен Орда иелiгi оған да бұйырмады. Аға хан болып көпшiлiк билер қолдамаса да Болаттың үшiншi ұлы Әбiлмәмбет сайланды. Мұндай таңдау жасалғанына наразы болған Әбiлқайыр майдан шегiнен әскерiн алып, елiне керi бұрылды. Хандықты өзiне тимегенiне риза болмаған Сәмеке де Әбiлқайырдан кейiн әскерiн алып Шудың бойымен Бетпақдалаға қарай бет түзедi. Жоңғарларға қарсы майдан әлсiреп, өз әскерi мен Ташкентке бағыт алған Ұлы жүздiң ханы Жолбарыс қазақтың Ресеймен бiрiгуi iске асқанша қазақ елiнiң қас жауы жоңғарлармен мәмлеге келуге мәжбүр болады. Бұл арада айта кететiн жай: Әбiлқайыр мен Сәмеке майдан шебiнен өздерiне хандық тимегендiктен пендешiлiк жасап, ренжiп кетiп қалды ма, жоқ әлде басқа себеп болды ма?-бұл жөнiнде құжатталып қалған ешбiр дерек жоқ. Бұл тарихшылардың долбар болжамы ғана. Әбiлқайырдың елге қарай керi бұрылуына қалмақ қырынан және башқұрттардың Кiшi жүз жерiне шабуылынын үдеуiне байланысты болуы да мүмкiн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz