Банктік тәуекелдердің экономикалық құрылымы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Банктік тәуекелдердің экономикалық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1. Банктік тәуекелдердің пайда болу себептері және олардың жіктелуі ... ... 4
1.2. Негізгі банктік тәуекелдерге мінездеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2. Банктік тәуекелдерді басқару тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1. Валюталық тәуекелдерді басқару проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2. Проценттік тәуекелдерді басқарудың негізгі тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... .19
2.3. Несиелік тәуекелдерді басқару: анализ және баға беру ... ... ... ... ... ... ... .22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .29
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

Өндірістік практика оқу үрдісінің құрамдас және кәсіптік практиканың маңызды бөлігі. Өндірістік практика өту орны болып Атырау филиалы «Казкоммерцбанк» АҚ болып таңдалған болатын . Практика өту мерзімі 21 қаңтардан 22 наурызға дейін . 21-ші қаңтардан 15-ші ақпанға дейін 1 ай көлемінде жеке тұлғаларға қызмет көрсететін 6/10 есеп-кассалық бөлімінде практиканы бастап, 18-ші ақпанда Банк тәуекелдерін басқару бөліміне тәуекел-менеджері комекшісі ретінде аударылдым. Бұл бөлімде практикамды жалғастырып, 22 наурызда аяқтадым.
Практиканың мақсаты Банк ісі туралы теориялық білімді практикада қолданып үйрену, есептеу дағдыларын дамыту. Болашақта жұмыс істеуге бейімделу және диплом жұмысына керекті материалдарды жинап, тақырыпты зерттеп түсіну.
Осы мақсаттарды көздей отырып, келесі міндеттер қойылады:
• Банктегі экономикалық жұмыстың мазмұнын жете зерттеу;
• Банк қызметінің тұтынушыларға көрсететін қызметтерімен, негізгі операциялар түрлерімен толық танысу;
• Банк ісінде кездесетін негізгі тәуекелдерді талдап, зерттеу;
• Банктік тәуекелдерді басқару тәсілдерін анықтау;
Банктік тәуекелдерді басқару – бұл қиын мәселе, тәуекелдерді бағалау және бақылаудың, теңестірулердің көп сатылы процесі. Сондай ақ банк тәуекелдерін басқара отырып, тәуекел ықпалын төмендету тәсілдерін анықтау.
Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелдікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады.
Банк қызметі өзінің табиғатымен тәуекелдер жүйесінің ортасы болып табылады. Банк өнімдері күрделенген сайын, тәуекел түрлері де көбейеді. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуекелдік бақылау дұрыстығының маңызы артады.
Сондықтанда менің ойымша бұл тақырып өте өзекті және терең зерттеуді қажет ететін қызықты тақырып.
Практика өту кезіндегі негізгі кезеңдер:
- Қауіпсіздік ережелерімен таныс болу, кіру қағазын алу, берілген өзіндік жұмыстарды орындау;
- Банктың құрылымы, бөлімдерінің саны, қызметтердің мамандануы, жетекшілердің құрылымымен танысу;
- Диплом жұмысына керекті материалдар жинау;
Есеп беру жұмысын дайындау барысында Банктің даму тарихы, статистикалық көрсеткіштері, ресми құжаттары зерттелген болатын.

1.Мақыш С.Б. Коммерциялық банкттер.- Алматы, оқу құралы, 2004.
2. Мақыш С.Б.,Илияс А.Ә. Банк ісі.- Алматы, оқу құралы. 2004.
3.Тюрина А.В. О кредитных рисках и возможностях кредитования.// Финансы и кредит. 1999. - №12. 146-148 бет
4. Ильясов С.М. Банк активтері мен пассивтерін басқару // Ақша және несие. 2000. - № 5. 20-26 бет
5. Кулмагамбетов А.Р. Қаржылық тәуекелдерді басқару// Қазақстан Респуликасының бағалы қағаздар нарығы . 1998. № 9. 18-24 бет
6. Гаджиев Ф.Р. Валюталық тәуекелдерді басқару// Ақша және несие.- 1999.- № 9.- 66-69 бет
7. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер.- Алматы, экономика, 2005.
8. Севрук В.Т. Банковские риски .- М., 1995.
9. ККБ ресми сайты WWW.KKB.KZ
10. Руководство потребительского кредитования«Казкоммерцбанк»АО

ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Банктік тәуекелдердің экономикалық
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1. Банктік тәуекелдердің пайда болу себептері және олардың
жіктелуі ... ... 4
1.2. Негізгі банктік тәуекелдерге
мінездеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2. Банктік тәуекелдерді басқару
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.1. Валюталық тәуекелдерді басқару
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2. Проценттік тәуекелдерді басқарудың негізгі
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. .. .19
2.3. Несиелік тәуекелдерді басқару: анализ және баға
беру ... ... ... ... ... ... ... .22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .. .31
КІРІСПЕ
Өндірістік практика оқу үрдісінің құрамдас және кәсіптік практиканың
маңызды бөлігі. Өндірістік практика өту орны болып Атырау филиалы
Казкоммерцбанк АҚ болып таңдалған болатын . Практика өту мерзімі 21
қаңтардан 22 наурызға дейін . 21-ші қаңтардан 15-ші ақпанға дейін 1 ай
көлемінде жеке тұлғаларға қызмет көрсететін 610 есеп-кассалық бөлімінде
практиканы бастап, 18-ші ақпанда Банк тәуекелдерін басқару бөліміне
тәуекел-менеджері комекшісі ретінде аударылдым. Бұл бөлімде практикамды
жалғастырып, 22 наурызда аяқтадым.
Практиканың мақсаты Банк ісі туралы теориялық білімді практикада
қолданып үйрену, есептеу дағдыларын дамыту. Болашақта жұмыс істеуге
бейімделу және диплом жұмысына керекті материалдарды жинап, тақырыпты
зерттеп түсіну.
Осы мақсаттарды көздей отырып, келесі міндеттер қойылады:
• Банктегі экономикалық жұмыстың мазмұнын жете зерттеу;
• Банк қызметінің тұтынушыларға көрсететін қызметтерімен, негізгі
операциялар түрлерімен толық танысу;
• Банк ісінде кездесетін негізгі тәуекелдерді талдап, зерттеу;
• Банктік тәуекелдерді басқару тәсілдерін анықтау;
Банктік тәуекелдерді басқару – бұл қиын мәселе, тәуекелдерді бағалау
және бақылаудың, теңестірулердің көп сатылы процесі. Сондай ақ банк
тәуекелдерін басқара отырып, тәуекел ықпалын төмендету тәсілдерін анықтау.
Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген
операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан
банктік қызмет үшін тәуекелдікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең
төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады.
Банк қызметі өзінің табиғатымен тәуекелдер жүйесінің ортасы болып
табылады. Банк өнімдері күрделенген сайын, тәуекел түрлері де көбейеді.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада банк әр түрлі
операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуекелдік бақылау
дұрыстығының маңызы артады.
Сондықтанда менің ойымша бұл тақырып өте өзекті және терең зерттеуді
қажет ететін қызықты тақырып.
Практика өту кезіндегі негізгі кезеңдер:
- Қауіпсіздік ережелерімен таныс болу, кіру қағазын алу, берілген өзіндік
жұмыстарды орындау;
- Банктың құрылымы, бөлімдерінің саны, қызметтердің мамандануы,
жетекшілердің құрылымымен танысу;
- Диплом жұмысына керекті материалдар жинау;
Есеп беру жұмысын дайындау барысында Банктің даму тарихы,
статистикалық көрсеткіштері, ресми құжаттары зерттелген болатын.
1. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
1. Банктік тәуекелдердің пайда болу себептері және олардың жіктелуі
Тәуекел - бұл табиғаттың әр түрлі құбылыстарынан және адамның қызмет
түрлерінен пайда болатын жоғалтулар қаупінің мүмкіндігі. Тәуекел - тарихи
және экономикалық категория болып табылады.
Тәуекел тарихи категория ретінде қоғам дамуымен байланысты болып және
адамның болашақта болатын қауіпті түсінуімен байланысты болады. Қоғамның
даму барысында тәуекел экономикалық категорияға айналды.
Тәуекел экономикалық категория ретінде кез келген кәсіпкердің
қызметімен, соның ішінде банктің қызметімен байланысты болатын, оның
нәтижелігінің анықсыздығын және сәтсіздік жағдайында қолайсыз нәтиже
мүмкіндігін көрсететін жағдайдағы сипаттама болып табылады. Қолайсыз жағдай
орын алғанда үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: кері (ұтылу, жоғалту,
шығын); нөлдік және оңды ( ұтыс, табыс, пайда). (2)
Шығындардың пайда болуы мен пайданы жоғалту сияқты қолайсыз нәтижелер
мүмкіндігі берілген несиелер бойынша төлем жасалмауы, ресурстық базаның
қысқаруы, баланстан тыс операциялар бойынша төлемдерді жүзеге асыру
нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Қазіргі банктік сектор тәуекелсіз болуы
мүмкін емес, өйткені тәуекел әр банк операциясында бар, бірақ белгілі бір
тәуекелдің жіктелуі әр түрлі болуы мүмкін. Тәуекелден құтылу мүмкін емес.
Сондықтан кез келген кәсіпкер тәуекел деңгейін минимумға түсіруге тырысады
және бірнеше альтернативті шешімдер ішінен тәуекел деңгейі минималды
шешімді таңдайды, сондай-ақ тәуекел деңгейі мен табыс шамасының оптималды
қатынасын таңдауға тырысады. Осыған байланысты Қазақстандық банкирлерге
банктік қызмет нарығында қалыптасқан жағдайды бағалау және батыс
тәжірибесіндегі банктік тәуекел басқару мен мониторингіне көңіл аудару
керек.
Банктік тәуекел – жоспарланған қаржылық операцияларды жүзеге асыру
нәтижесінде қосымша шығындардың пайда болуы, табыстардың толығымен алмауы
немесе банктің өз ақша-қаражаттарын жоғалту мүмкіндігі.
Банктің өз қызметі процесінде тәуекел түрлерінің әр түрлі жиынтығымен
кездеседі. Осы жиынтықтар бір-бірінен пайда болу уақыты мен орны,
экзогендік факторлар жиынтығы (яғни экономикалық орта, коньюктурамен
байланысты "сыртқы”) және экзогендік факторлар банктің (өзіндік қате
қызметінен пайда болатын "ішкі") бойынша ажыратылады. Сонымен бірге, барлық
тәуекел бір-бірімен байланысты және банк қызметіне әсер етеді.
Банк қызметі табысты болу үшін, банк тәуекелді бөлшектеу және нақты
тәуекел түріне ең жақсы басқару тәсілін қолдану қажет.
Сонымен, банк тәуекелінің қызықты классификациясын қарастырайық, ол
өзіне категория, топтар, түрлер, түрлер астындағы және тәуекелдің әр
түрлілігін қамтиды.
Сонымен банктік тәуекелді жіктеу қағидалары мыналар:
1. Банктік тәуекелдің әсер ету және қызмет ету аясы.
2. Банк клиенттерінің құрамы.
3. Банктік операциялар сипаттамасы.
4. Коммерциялық банктердің түрі.
Әсер ету мен қызмет ету аясына байланысты банктік тәуекелдер сыртқы
және ішкі деп бөлінеді.
Сыртқы тәуекелдерге банктік қызметіне тікелей байланысты емес немесе
берілген 1 клиентпен байланысты емес тәуекелдер жатқызылады. Банкте
анықталған ақша-қаражаттары болғанда, ол жанама түрде сыртқы тәуекелдерді
алдын ала болжай алады және оларды өз уақытында басқара алады. Сыртқы
тәуекелдер саяси-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, бәсекелестік, қаржылық
және басқадай факторлардан пайда болады.
Саяси факторларға соғыс, жаулап, басып кіру (оккупация), саяси
көтерілістер мен тәртіпсіздік, идеологиялық келіспеушілік, экономикалық
қызығушылық қақтығыстары, саяси күштер мен әлеуметтік топтар
қызығушылықтарының поляризациясы, саяси режимнің ауысуы, ұлттандырылуы,
жекешелендірілуі, қарыздарды жалпылау (консолидация), эмбаргоны енгізу,
импорттық лицензияны алып тастау, тікелей шетел инвестициялар тәуекелі және
т.б. жатқызылады. Экономикалық факторларға мыналар жатады:ЖҰО-нің төмендеу
немесе өсу қарқынының баяулауы, өнімге деген бағаның тез өсуі, экспорттан
түсетін табыстың төмендеуі, импорттық өнімнің өсуі, әлемдік нарықтағы
отандық тауарлар бәсекелестігінің төмендеуі, іскерлік белсенділігінің
төмендеуі, басқа да мемлекеттермен байланыстардың азаюы, халықтың
бірыңғайлылығы мен білім деңгейінің төмендеуі, инфрақұрылымның нашар дамуы
және т.б.
Әлеуметтік факторлар азаматтық соғыс, табыстардың бірден бөлінбеуінен,
идеологиялық және діни көзқарастардың қайшылықтары, ұлттық кақтығыстар,
көтерілістер жағдайларынан туындайды.
Құқықтық факторлар келесідей: заңдылықтардың өзгеруі, оның бұзылуы.
Бәсекелестік факторлар: банктің және банктік мекемелердің қосылуы,
банктік операциялар мен мәмілелердің жаңа түрінің пайда болуы, басқа
банктердің қызмет құнының төмендеуі, банктік қызмет сапасына деген
талаптардың жоғарылауы, жаңа банктік мекемелер пайда болуының жеңілдігі,
банктің банкротқа ұшырау қиындығы мүмкіндігімен байланысты болады. Қаржылық
факторлар тәуекелдігі - жалпы ішкі өнім, сыртқы қарыздың экспортқа қатысты
қызмет көрсетуінің көлемі, ЖІӨ-ге ағымдағы баланстың дефицитінің сыртқы
қарызға қолайсыз қатынасы. (5)
Банктің өзінің қызметіне байланысты және ол тәуекел жағдайларды
белсенді түрде басқару мүмкіндігін иеленеді. Ішкі тәуекелдерге берілген
жекеленген коммерциялық банк иеленетін кәсіпкерлік артықшылықтар әсер
етеді. Атап айтсақ, қаржылық нарықтың берілген аясында банктің қызмет
көрсетуін ұйымдастыру кезінде оның басшылары мен дұрыс тандалған
стратегиясы мен саясаты. Банктік операциялар технологиялық процестерімен
маманданған қызметкерлер жеткілікті минимумын оптималды басқару, тиімді
маркетингтік стратегияны және тактиканы таңдау және т.б. факторлар. Ішкі
тәуекелдер банктің өз қызметінен клиенттердің қарыз алушылардың немесе оның
берілген контр серіктестер қызметіне байланысты. Олардың деңгейіне банк
басшыларының іскерлік белсенділігі, басқарудың тиімділігі мен тактикасы
және басқадай факторлар үлкен әсер етеді. Осыдан келе тәуекелдер келесідей
бөлінеді:
* банк активтерімен байланысты (несиелік, валюталық, нарықтық,
лизингтік, кассалық, есеп айырысулық, факторингтік, корреспонденттік шот
бойынша, қаржылық және инвестиция бойынша тәуекел және т.б.);
* банк пассивімен байланысты (салым және депозит бойынша, банкаралық
несиелерді тарту тәуекелдері және диверсификация тәуекелі);
* банктің өзінің активтері мен пассивтерін басқару
сапасымен байла-нысты (пайыздық тәуекел, өтімділік тәуекелі, төлем
қабілетсіздігі, капитал құрылымы тәуекелі, банк капиталының
жеткіліксіздік тәуекелі);
* қаржылық қызмет жүзеге асу тәуекелімен байланысты
(операциондық, технологиялық тәуекелдік, жаңа енгізулер
тәуекелдігі, стратегиялық, бухгалтер-лік, әкімшілік тәуекелдігі,
қауіпсіздік тәуекелі).
Банк клиенттерінің құрамының тәуекелдігі банктік қызмет маркетингпен,
қоғаммен қарым-қатынас жасаумен байланысты. Кіші орта және ірі клиенттердің
талаптарының әр түрлілігі сол тәуекелдің деңгейін анықтайды, яғни ұсақ
қарыз алушы ірі қарыз алушыға қарағанда нарықтық экономиканың кездейсоқ
жағдайларына көбірек тәуелді болады. Сонымен қатар бір қарыз алушыға немесе
бір-бірімен байланысты қарыз алушылар тобына, салаға және аймаққа немесе
мемлекетке берілген үлкен несиелер көп жағдайда банктің банкротқа
ұшырауының негізгі себебі болады.
Банк үшін таңдамалы клиентті дұрыс таңдау үлкен маңызға ие. Әдетте
осындай серіктестерге қаржылық тұрақтылығының жоғары деңгейі бар
және өтімділік пен баланс төлем қабілеттігінің жақсы
көрсеткіштері, табыстылық деңгейінің жеткіліктілігімен қамтамасыз етілген
меншікті қаражаты бар кәсіпорындар жатқызылады. Нарықтық қатынастың дамуына
байланысты банктік жүйенің тұрақсыздығы күшейеді, ал ол өз кезегінде
экономика мен кәсіпорынның әр салалар жағдайына әсер етеді. Шаруашылық
субъектілер өзіндік қаражаттар мен резервтерді қысқарта бастайды. Бұл несие
ресурстар дұрыс айналымының бұзылуына және банк операцияларының
тәуекелдерінің өсуіне алып келіп соғады.
Банк операциялар есебінің сипаттамасы тәуекелдерді келесідей бөлуді
ұсынады: баланстық және баланстан тыс операциялар бойынша, активтік және
пассивтік операцяялар бойынша тәуекелдер. Бірақ, айта кететін жайт,
баланстық операциялар бойынша пайда болатын тәуекелдер көбінесе баланстан
тыс операцияларға таралады.
Банктік баланс тәуекеліне келесілер жатады:
* несиелік тәуекел (негізгі ссуда бойынша қарыздың
қайтарылмау тәуекелі);
* пайыздық тәуекел (берілген ссуда бойынша пайыздың алынбау
тәуекелі);
* өтімділік тәуекелі (банктің өз міндеттемелерін уақытында орындамау
тәуекелі, өтімділік нормативтерін бұзу тәуекелі);
* капитал құрылымының тәуекелі (капитал жеткіліктілік нормативінің
банк орындамау тәуекелі, оның капитал құрылымының
рационалды емес ұйымдастыру тәуекелі).
Соңғысы банктің қосымша капиталы (несиелік тәуекелдерді жабуға арналған
резервтер, бағалы қағаздардың құнсыздануынан резервтер және т.б.) негізгі
капиталынан асып түскенде пайда болады.
Баланстан тыс тәуекелдер банктің келесідей жағдайларда қызмет көрсете
алмау мүмкіндігі:
✓ берілген кепілдер бойынша;
✓ шығарылған бағалы қағаздар, бағалы қағаздармен жасалған келісім-
шарт бойынша;
✓ несиелік міндеттемелер бойынша;
✓ валюталық мәмілеге отыру бойынша.
Сонымен қатар, банктік тәуекелдер деңгейі лизингтік және факторингтік
операцияларды, бартерлік және клиринттік мәмілелерді жүзеге асырған кезде
пайда болуы мүмкін.
Лизинг - жаңа техника және технологияны дамытуды қаржыландыру, нақты
негізгі капиталдың жеке элементтерді жедел түрде енгізу қажеттілік
кезеңінде құрал-жабдықтарды сатуды ұлғайту, тауардың өмір циклін қысқарту
тәсілі.
Лизингтік мәмілелердің тәуекелін төмендету үшін амортизациялық
аударымдар нормаларын жедел түрде өңдеу немесе оларды мерзімінен бұрын
аударуды пайдалану керек. Қазіргі уақытта лизинг тәуекелі жоғары операция
болып саналады. Сондықтан да одан келетін шығындарды жабу банктің резервтік
қор есебінен мақсатты түрде жүзеге асырылуы керек.
Лизингтік операцияларды жүзеге асыратын субъектілер арасындағы қатынас
формасына байланысты ол оперативтік, қаржылық, қайтарымды және халықаралық
бола алады.
Жоғарыда көрсетілген лизингтің әрбір түрлері тікелей және жанама, шұғыл
және қайта қалпына келетін (револьверлік), таза және толық бола алады.
Клиринг - ақша (валюта) аударымен тауарларды айырбастауды жүргізетін
мемлекеттер, экономикалық бірліктер, екі банк арасындағы дара төлеу.
Клирингтік операциялар маңызы келесідей көріністе: арнайы клирингтік
келісім-шарт негізінде белгілі бір календарлық кезеңдегі, көбінесе 1
жылдағы өзара сауда сомасы әр түрлі сауда-саттықпен айналысатын елдердің
белгілі бір банктік шоттарында айналыста жүреді. Клирингті жүзеге асыра
отырып, әрбір экспортер жақ экспортқа шығаратын тауар сомасын өз банкісінен
алады. Банк өз жағынан банк-импортердің аударымын күтпейді, керісіншс
клирингтік шотты дебеттейді және импортермен байланысты сәйкес банкке
дебеттік авизо жібереді. Өзара жеткізуіндегі балансты жүзеге асыруға
тырысқанға қарамастан, көбінесе кезең соңында бір жақ өз пайдасынан асып
түседі. Яғни, авуарға ие болады. Ол өзінің серіктесінен тауар алғысы
келмейді немесе оған ақша қажет. Бұл жағдайда жақ делдалдау көмегімен
үшінші елге өзінің авуарын сата алады. Бұл жерде клирингтік валюта құны мен
еркін айырбасталатын валюта құны арасында айырма пайда болады. Сандық
сипатга бұл айырманы дизажио деп атайды. Мысалы, 300 клирингтік долларды 85
еркін айырбасталатын валютаға айырбастаса, онда дизажио 15%-ды құрайды.
Клирингтік валютаны сату суитч деп аталады (ағылшын тілінен аударғанда
switch - ауыстыру, көшу). Бұл термин сауда мәмілелерінің субъектісін
немесе объектісін айырбастаған кезде қолданылады. Мысалы, беделі төмен
бағалы қағаздарды сатуда, несиелік мәміле жағдайында серіктестерді
ауыстырғанда және т.б. жағдайларда болады.
Бартерлік мәмілелер - тауарды ақшамен емес, тауармен төленетін өтелу
формасы. Олар фирмааралық және мемлекетаралық бола алады. Фирмааралық
бартерлік мәмілелер әр түрлі делдалдар көмегімен жүзеге асырылады.
Халықаралық бартерлік мәмілелер клиринг сияқты прайс-беттермен, техникалық
несиемен, тауар құнын қайта санау валютасымен байланысты, бірақ белгілі бір
уақыт кезеңімен байланысты емес және бартерлік келісім-шарт ұзақтылығы
нақты прайс-беттерде көрсетілген тауар құны мен санына байланысты.
Факторингтік операциялар бойынша тәуекелді төмендету үшін қарыз
алушының төлем қабілеттілігін, оның шаруашылық байланысының сипатын және
жабдықтаушылармен қарым-қатынасын, төлемдер құрылымын, өнімнің бәсекелес
қабілеттілігін, оның қайтару жағдайлары санын және т.б. қорытындылау керек.
Банктің факторингтік бөлімімен вексельді сатып алғанда, жабдықтаушылардың
қола вексельді (яғни тауармен өтелмейтін вексель) ие болуда қосымша
тәуекелдің пайда болуына соғады. (4)
Ішкі тәуекелдер банктің түріне және ерекшелігіне байланысты. Бұны
былайша түсінуге болады; барлық банктерге сыртқы тәуекелдері, қаржылық
қызмет көрсету тәуекелі, баланстық және баланстан тыс тәуекелдер тән бола
тұра, негізгі зоналар, көлемдері және артықшылықты бағыттар банктің
мамандануына байланысгы әр түрлі қалыптасады, осыдан келе банк қызметінің
әрбір түрі әр түрлі сипатталынады. Тәуекелдер жинағы бұл банктер үшін әр
түрлі болады. Ақшалай бос қаражаттарды тарту және оларды басқа да несиелік
мекемелерде орналастырумен айналысатын банктер үшін салымдар мен депозиттік
операциялар бойынша тәуекелдер тән, сонымен қатар банкаралық
несиелердің қайтарылу мүмкіндігі бар. Негізгі бағыттары инновация болып
табылатын мамандандырылған банктерге жаңа технологияларды ұзақ және орта
мерзімді несиелендірумен байланысты тәуекелдер тән болып келеді. Сондықтан
мұндай банктерде бірінші орында инновация тәуекелі (қаржылық қызмет көрсету
тәуекелінің элементі ретінде), сонымен қатар маркетингтік тәуекелдер -
яғни, жаңа технологияларды енгізетін өнеркәсіптің өнімді өндіруде
туындайтын алдын ала болжанбаған қиындықтармен байланысты тәуекелдер). Бұл
жағдайда ерекше мағынаға сыртқы жобалық тәуекелдер, яғни фирмалық немесе
корпоративтік тәуекел, нарықтық немесе портфельдік тәуекел (банктік саясат
және несиелік портфельге сәйкес тәуекел табиғаты және тәуекел географиясы).
Бұл жерде алдын ала экономикалық тиімділікті, сапалылығын бағаламай,
технологиялық жаңалықты игеруде үлкен тәуекелге тап болады, яғни жаңа
технологияны уақытынан бұрын бастаса, жаңа өнімге тұтынушы сұранысы жоқ
немесе аз болса, өндіретін өнімнің белгілі бір бағытта түрі көп болса және
т.б. Биржалық банкті қарастырғанда, негізгі екі тәуекел түріне көңіл болу
керек. Мысалы, тауарлық биржада клиенттің алдын ала берген қаражаты
негізінде клирингтік есеп айырысуды қамтамасыз ететін банк үшін есеп
айырысу тәуекелі, яғни есеп айырысу операциялары бойынша шығын болады. Егер
биржалық банк бағалы қағаздар нарығында клиенттермен бірлесе отырып
трасталық және брокерлік қызметтер көрсетсе, онда бағалы қағаздармен
байланысты келесідей тәуекелдер болады:
* капиталдық (бағалы қағаздар портфелінің өтімді емес тәуекелі);
* селективтік (бағалы қағаздарды дұрыс таңдамау тәуекелі);
* уақтылы;
* нарықтық (бағалы қағаздардың құнсыздану тәуекелі);
* іскерлік (эмитенттің бағалы қағаздар бойынша пайыздарды төлемеу
тәуекелі);
- қайтарылатын (эмитент облигацияны қайтарып беру
тәуекелі).
Сыртқы сауда операцияларына қызмет көрсететін мамандандырыл-ған банк
келесідей негізгі тәуекелдерге кездеседі:
* экономикалық (валюта бағамының өзгерісіне байланысты
актив және пассив құнының өзгеру тәуекелі);
* аударым (пассив және активтердің шетел валютасында есепте-генде
айырмашылық тәуекелі);
* мәмілелік (мәміле құнының болашақ ұлттық валютада анықтал-мағандығының
тәуекелі;
* сақтандыру:
* саяси.
Жеке тұлғаларға қызмет көрсететін банктер үшін келесі
тәуекелдер тән:
* ипотекалық және тұтыну ссудалары бойынша қаржылық және несиелік
тәуекелдер;
* кепілхат бойынша тәуекел (гарантия);
* кепіл тәуекелі (залог).
Ипотекалық банктер көбінесе несиелік кепілдік заңдылық тәуекелдерге
ұшырайды. (5)
Салалық банктер қызметтеріне салалар сипатына тән тәуекелдер және
олардың орта салалық көлемі әсер етеді. Олар басқа салалармен салыстырғанда
қаржылық және экономикалық аспектілеріндегі салалардың өзгергіштігімен,
динамизм деңгейімен тікелей байланысты. Салалық тәуекелдердің келесідей
түрлері бар:
* бета-тәуекел (бета-коэффициент);
* саланың өмірлік цикл тәуекелі;
* салалық бәсеке тәуекелі.
Бета-тәуекел - ол жалпы экономикалық қызмет нәтижесімен салыстырғанда
сала қызметінің нәтижесі орташа деңгейден жиі ауытқып тұратын жүйелік
тәуекел. Егер бета-тәуекел 1-ге тең болса, онда ол мемлекет экономикасының
жалпы сипатына сай келетін салаға ауыстыру керек. Бета-тәуекелдің
көрсеткіші қаншама жоғары болса, саланың басқа да бірдей жағдайларындағы
тәуекелі жоғары болады. Бета-тәуекел түсінігін жеке банктерге де
пайдалануға болады. Оны Глориябанк (Ресей) аналитикалық орталығы және ПАКК
кеңес беру формалар дифференциалды акция портфелі салыстырмалы орташа
бағалы қағаздармен байланысты операциялар бойынша жүйелік тәуекелді есептеу
үшін қолданады. Сонымен қатар, екінші деңгейлі биржадан тыс рыноктарда
акциялары айналыста жүретін банктер қарастырылды. Нәтижесінде, акциялар
бойынша бета-тәуекелдің экспорттық бағалық көрсеткіштері анықталды. Оған
сәйкес банктерді келесідей 5 топқа бөліп қарастыруға болады:
1) орташа нарықтықтан көп көбірек көрсеткіші;
2) орташа нарықтықтан көбірек көрсеткіші;
3) орташа нарықтықтан сол ғана көп көрсеткіші;
4) орташа нарықтықтан төмен көрсеткіші:
5) аз болжамданған тәуекел.
Келесі себептерге байланысты, мұндай бағалау әдісіне көп көңіл
бөлінуі керек:
1) бағалы қағаздармен мәмілелер көлемі аз, ол мәмілелердің өзі бір
қалыпты емес, акция бағамының дұрыс қалыптасу механизмі жоқ болғанда
бағалы қағаздар нарығының бұл кезеңінде бұл көрсеткіштің нақты
анықталуы мүмкін емес;
2) алғашқы екі топтың банктерінің жоғары тәуекелділігі олардың жоғары
табыстылығымен орнын басады.
Өмір цикл тәуекелі: әр түрлі салалардың тәуекел деңгейімен сипатталады
және әрбір сала өзінің даму кезінде алдын ала белгіленген кезеңдерден
етеді. Бұл жерде алғашқы даму жедел өсу, қалыптасқан өсу, өсу темпінің
төмендеуі және жойылу кезеңдері қарастырылады.
Ішкі салалық бәсеке тәуекелі кәсіпорын саласының өмір сүру
қабілеттілігіне әсер етеді:
✓ бағалық емес бәсекенің қатаю деңгейі;
✓ салаға кіру және шығудың жеңілдігі немесе күрделілігі;
✓ белгілі бір саладағы өнімнің басқа өнімдермен салыстырмалы
өнімдермен баға бойынша бәсекелес қабілеттілігінің бар немесе жоқ
болуы;
✓ тауарлық белгі құқығының жоқ болуы;
✓ жабдықтаушылар және тұтынушылардың нарықтық күші;
✓ - кәсіпорын саласының қызмет жасайтын саяси жәнеәлеуметтік
ортасы.
Бұдан басқа салалық банктерге мемлекеттік (аймақтық) және жалпы сыртқы
тәуекелдер үлкен әсер етеді және әрбір сала форсмажорлық тәуекелдерге
ұшырауы мүмкін, сондықтан қазіргі таңда салалық банктерді тәуекелі жоғары
банктер қатарына жатқызуға болады.
Әмбебап банктер өздерінің қызметтерінде барлық тәуекелдерді есепке алу
керек. Әмбебап банктерге көбінесе құрылымдық басқару, басқарушылардың жеке
қабілеттерімен байланысты тәуекелдер тән. Аймақтық белгілері бойынша және
ерекше тәуекелдер түрлеріне байланысты болады:
➢ аймақтық банктер - аймақтық сыртқы тәуекелдер;
➢ аймақаралық-аймақтық тәуекелдер жиынтығы;
➢ мемлекетаралық-елдік тәуекелдер;
➢ республикалық-республика тәуекелі.
Әр түрлі несиелік мекемелерге өздеріне тән тәуекелдер түрлері болады.
Мысалы, зейнетақы қорларына саяси тәуекелдер, депозиттік операциялар
бойынша тәуекелдер, жобалар, аймақтық тәуекелдер, аударымдар тәуекелі тән.
Өзара несиелеу қоғамдастары және өзара көмек көрсету кассаларына
салымдық, депозиттік, несиелік тәуекелдер тән. Ломбардтарға технологиялық,
операциондық, лизингтік компанияларға есеп айырысу, жобалық тәуекелдер;
факторингтік компанияларға несиелік, клиент тәуекелі; есептік үйлерге есеп
айырысу, несиелік, кепілдік, нарықтық, іскерлік тәуекелдер тән.
Көрсетілген жіктеулер және қағидалар, банктік тәуекелдердің түрлерін
ғана емес, сонымен қатар, белгілі бір жүйеге сәйкес және ерекшеліктеріне
байланысты тәуекелдер болады.
Осыдан келе көптеген банктік тәуекелдер түрлері бар және олар банктің
жүргізетін операциялар есебі үшін өте маңызды. Бірақ біз ең маңызды
тәуекелдерді қарастырамыз және мүмкін болатын тәуекел деңгейін және оларды
басқарудың тиімді тәсілдерін үсынамыз. Банктер өздерінің қызметтерін
халықаралық деңгейде атқаратын кезде келесі сыртқы тәуекелдер: елдік,
валюталық, форсмажорлық міндеттемелер тәуекеліне кездесуі мүмкін. (5)
Банк тәуекелдігі дегеніміз не? Тәуекелдік негізінде ықтималдылықты, ал
нақтырақ айтсақ, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз
ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін
түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру
керек: жоғалтулар, шығындар, залалдар.
Табысты толық ала алмай немесе көзделген мөлшерден артық шығынның
жұмсалу формасында көрініс табатын залалдар.Алдағы операцияларды,
есептеулерге жасалатын талдаудың жеткіліксіздігінен немесе жағдайдың
болжана алмауына байланысты болады. Сол секілді залалдар тәуекелдігі нашар
несиелік портфельмен (ресурстарды нашар орналастыру), конъюктураның толық
есеплінбеуімен байланысты болғанда банкке әрқашан қолайсыз жағдайларға
ұшырауына қауіп төндіреді. Жалпы кез келген қызмет түрі міндетті түрде
белгілі бір тәуекелмен байланысты. Нарық жағдайында жұмыс істейтін кез
келген кәсіпорын сияқты банк те жоғалтулар мен банк тәуекелдігіне ұшырауы
мүмкін.
Шынында да, банк жетекшілері пайданы жоғарылатуға тырыса отырып, шығын
мен зиянды барынша азайтуға ұмтылыс жасайды. (2)
Мұның барлығы белгілі бір шамада бір-біріне қарама-қайшылық тудырады,
оған банк иелері мен оның салымшыларының мүдделерінің қарсы келуі негіз
болады. Біріншілер, қосымша пайда табу үшін тәуекелдікке баруға дайын
болса, ал екіншілер үшін, банкке сеніп тапсырылған қаражаттардың сақталуы
ең маңызды. Табыстылық пен тәуекелдіктің арасындағы оңтайлы арақатынасты
ұстап тұру қатынасты ұстап отыру банктерді басқарудың ең басты әрі ең
күрделі мәселелері болып табылады.
1.2. Негізгі банктік тәуекелдерге мінездеме
Банк үшін негізгі тәуекелдік түрлері оның портфельінің құрылымымен
байланысты болып келеді, яғни банк ресурстарына салынған қаржылық
активтердің жиынымен байланысты болады.
Тәжірибеде 3 басты портфельдік тәуекелдік түрлері белгілі: несиелік,
пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелі, валюталық тәуекелдік. Яғни олар
банктік тәуекелдердің негізгі түрлеріне жатады.
Несие тәуекелдігі - қарыз алушының өз қаржылық міндеттемесін орындамауымен
байланысты банктік қарыз бойынша төлем төлемеу тәуекелдігі.
Ол ссуда портфелінің сапасымен тікелей байланысты . Несие тәуекелінің
үш түрін бөліп көрсетуге болады: теріс пайдалану қатері; шетелдік несие
бойынша тәуекелділік; ішкі қарыз бойынша төлемеу қатері, яғни қарыздың
қайтарылмай қалу қаупі. (7)
Теріс пайдалану – біздің республикамызда 1991-1993 жылдар арылығында
орын алған банктердің үмітсіз берешегінің ең көп тараған себебі. Терісу
барысында маусымдық егіз жұмысына, астық жинауға, өзіндік қаражатты
толтыруға бөлінген мақсатты несие ресурстарының мақсатсыз пайдаланғанын
растайтын көптеген фактілер анықталды. Бұл жеңілдікті несиелер басқа
банктердің несиесі бойынша берешектерді өтеуге, машиналарды, сән салтанат
бұйымдарын сатып алуға жұмсалған. Алаяқтық жағдайларды, орын алған, атап
айтқанда, бұл несиелер коммерциялық құрылымдарға нарықтық баға бойынша
салынған валютаға айырбасталған және т.б.
Теріс пайдалану қатері банк жүйесінде 80- ші жылдары кезінен тарады.
Бұл қатердің түрінен АҚШтағы барлық банктердің жартысынан көбісі банкротка
ұшырады. Директорлар мен жоғары лауазымды қызметкерлер несиені өз туыстары
мен достарына берген, сондай ақ, несиені қарыз алушының қаржылық жағдайын
тексермей беру секілді сақтық шаралары қолданылмаған.
Шетелдік несие бойынша қатері әсіресе 70-ші жылдары дамыған елдердегі
қарыз алушылар несиесі бойынша төлемдердің жаппай кешіктілуімен байланысты
орын алды. Бұл АҚШтың бірталай аса ірі банктерінің банкротқа ұшырауына
себеп болды.
Ішкі қарыз бойынша төлемсіздік қарыз алушының төлем қабілетсіздігін
тудыратын барлық факторлар есебінің қиындығымен байланысты.
Пайыздық тәуекелдер – бұл пайыздық мөлшерлемелердің болжанбаған
ауытқуынан ысырапқа ұшыраудың болу мүмкіндігі. Соңғы уақытта батыс
елдерінде қайта реттеу инфляцияның нәтижесінде пайыздық мөлшерлемелердің
тұрақсыздығы байқалады. Пайыздық мөлшерлемені көтеру тіркелген пайызы бар
бағалы қағаздар бағамының құлдырауына әкеп соқтырады, бұл өз кезегінде банк
портфелінің құнсыздануына әкеп соқтырады, әрі бағамдық залалға ұрындырады.
Нарықтың әр түрлі сигменттеріндегі мөлшерлемелердің секірмелі өзгерісі
банк операцияларының пайдалалығына кері әсерін тигізеді.
Пайыздық қатерді, егер ол ашық нарықтағы бағалы қағаздар бойынша
операцияларменбайланысты болатын болса, онда оны нарық қатері деп атуға
болады. Бірқатар себептерге байланысты осындай қатер пайда болады. Олардың
қатерінен ссудалық пайыз нормаларының ауытқуын , эмитент- компениялардың
пайдалылығы мен жақсы қаржылық жағдайының өзгеруін , сондай ақ инфляцияны
айтуға болады.
Бірінші фактордың әсері ссудалық қағаздар нормасымен бағалы
қағаздардың нарықтық құны арасындағы кері байланыспен анықталады. Екінші
фактордың әсері мынандай жағдаймен анықталады: акцияның бағамы өз кезегінде
эмитент- компанияның пайдасымен анықталатын ол бойынша төленген
дивиденттерге тікелей байланыс болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы
тіркелген табысқа ие бағалы қағаздар байынша нақты табысты азайтады, ал ол
өз кезегінде сұраныстың артуына және осыған орай олардың бағасының кемуіне
әкеп соқтырады.
Пайыздық қатер берілген ссудамен тартылған қаражаттың
қайтарылатын мерзімдері сәйкеспегенде немесе активтік және пассивтік
операциялар бойынша мөлшерлемелер әр түрлі тәсілдермен белгіленгенде пайда
болады. Соңғы жағдайға мына ахуал мысал бола алады: Ұлттық банк
рессурстарды жоғары пайызбен сатып алады, ал Агроөнеркәсіп банкісіне
жеңілдікті несиелер береді.
Пайыздық қатерді мынандай тәсілдерді қолдану арқылы кемітуге болады:
- пайыздық тәуекелділікті сақтандыру – бұл да тиісті қатерді сақтандырушы
ұйымға толық беруді ұйғарады, яғни несие нарығының сақтандырылуына ұқсас;
-банктерге жағдай өзгергенде пайыздық мөлшерлемені тиісінше өзгертуіне
мүмкіндік береді;
-мерзімді келісім – қатерден қорғанудың әдісі. Ол банк пен қарыз алушының
айтылған мерзімінде белгілі бір сомадағы ссуданы белгіленген мерзімімен
беру турасында арнайы форвардтық келісімді бекітумен байланысты жүзеге
асырылады. Банк ссуданы беру сәтінде пайыз мөлшерлемесінің өзгерісінен орын
алатын ысырапқа ұрынып қалу қатерінен өзін осындай келісімді бекіту арқылы
қорғайды;
-пайыздық фьючерлік контрактісі. Ол мерзімді контрактіні білдіреді. Ол
пайыз мөлшерлемесін ойнату үшән пайдаланылады. Сатушы шарт бойынша сатады,
ал сатып алушы қаржы құжатын осы сәттегі келісілген , тіркелген баға
бойынша келешектегі айтылған уақыт мезетінде белгілі бір кезеңнен соң сатап
алады;
-пайыздық опцион – опционның иесіне қысқа мерзімді ссуданы немесе депозитті
тіркелген баға бойынша келешектегі белгілі бір күнге дейін немесе сол күні
сатуына немесе сатып алуына құқық беретін келісім;
- пайыздық своп. Онымен бір ғана сомаға, алайда бір түрлі шартпен
бекітілген несие міндеттемесі бойынша пайыздық төлемдердің айырбасы
кемітіледі.
Валюталық тәуекел - шетелдік валютаның ұлттық валютаға қатысты
бағамның өзгеруімен байланысты валюталық ысырап қатері. Валюта қатері,
әсіресе, бір ғана валюта бағамының әр түрлі валюта нарықтарында
сәйкеспеуінен немесе уақыттың әр түрлі сәтіндегі валюта бағамдарының
айырмашылығынан пайда болатын алып –сатарлық табысты алуға ұмтылатын
банктерде жоғары болады.
Валюта қатерін азайту үшін көбінесе пайыздық қатердегі әдістер
қолданылады: валюталық фьючерлік контракті, валюталық опцион, валюталық
своп. Бұлардан басқа валюта ретінде өз ұлттық валюта төлемін(әрине, ол
тұрақты болатын болса, біздің елімізде көбіне төлем ретінде американдық
доллар пайдаланылады) таңдау әдісі, сондай ақ ақшалай міндеттеме сомасының
валюта бағамына қарай өзгеру қаупін ескертетін қорғану шартын несие
келісімшартына енгізу әдісі қолданылады. Валюта бағамы ретінде ұлттық
валютаның немесе үшінші ел валютасының немесе халықаралық ақша
бірліктерінің бағамдары алға шығуы мүмкін.
Шетелдік валюталар бағамының артуын ұдайы бақылау, сақтандыру,
форвардтық контрактіні бекіту банктердің іс тәжірибесінде валюта қатерін
кемітудің әдістері болып табылады.
Бұл шараларды әзірлеу - қатер саласындағы банк стратегиясының маңызды
компаненті болып табылады.(2)
1. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ТӘСІЛДЕРІ
1. Валюталық тәуекелдерді басқару проблемалары
Валюталық немесе курстық тәуекел – бұл қандай да бір шетелдік валютаға
ұлттық валютаның қатынасы кезіндегі курсының өзгеруі нәтижесінде зиян
шеккен банктерде өз қорларының бір бөлігінің жоғалуына, табыстардың толық
алынбауына немесе қосымша шығындардың шығып кетуіне алып келеді.
Валюталардың курсы салыстырмалы түрде бір-біріне әрдайым да
өзгерістер болатыны белгілі (ТЕҢГЕДОЛЛ. DMДОЛЛ., YENBGP және
т.б.), ол банк қызметінің пайдасы мен шығынында көрініс табады.
Валюталық тәуекелдер операциялық контрактілік, трансляциялық және
басқа да тәуекелдерді ажыратады.
Валюталық тәуекел пайыздық ставка және өтімділік
тәуекелімен байланысты. Ол валюталык пассив жәнс актив құрылымдары
сәйкес келмегенде, сондай-ақ мемлекеттегі инфляциялық процестер
кезінде болуы мүмкін. Валюталық тәуекел негізінде белгілі бір кезең
ішіндегі несиелік немесе басқа да келісімнің ақшалай міндеттемесінің
нақты құнының өзгерісі жатыр. Сонымен қатар, валюталық тәуекелге келісім
шарттың кез келген жағы баруы мүмкін (несиелік, саудалық және т.б.):
кредитор өзінің шетелдік контрагентіне банктік несие бере отырып,
қарызгерге уақытша пайдалануға берген құнының эквивалентін кайтарып ала
алмау тәуекеліне барады. Ал қарызгер несиені ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz