Ақша жүйесі: экономикадағы маңызы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3


I АҚША ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИПТЕРІ ... ... ... ... ... .5


1.1 Ақша жүйесі: экономикадағы маңызы мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.2 Ақша жүйесінің негізгі элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
.


II АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ТИПТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11


1.2 Ақша жүйесінің металл ақша айналысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

2.2 Аша жүйесіндегі несие және қағаз ақшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15


III Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің қалыптасуы мен бүгінгі таңдағы жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23



Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28


Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Ақша жалпыға бірдей эквивалент болып табылатындықтан оның айналыс заңдылықтарын арнайы тәртіптеме негізінде ұйымдастыру және қадағалап отыру экономикалық қызметтердің жүргізілуі үшін ең маңызды функциялардың бірі болып табылады. Қазіргі қоғамдық қатынастары дамыған заманда әрбір елдің ақша бірліктері, өзінің ақша айналысы ерекшеліктері, дүниежүзілік ақша бірліктері пайда болды. Бүгінде қандай да ел болмасын сыртқы экономикалық байланыстарға және ішкі шаруашылық қатынастарға барып отырады. Ал осы жағдайларда әр елдің арасында сауда жүргізілгенде ақша қатынастарының реттелуін, олардың нақты құнын анықтау маңызды талаптар екені белгілі. Осыған байланысты елдің ақша айналысын тиімді ұйымдастыру формасы белгілі бір ұлттық заңдылықтармен және тарихи қалыптасқан тәртіптер негізінде іске асырылу жүйесін ақша жүйесі деп атайды.
Ақша айналысының тұрақтылығын, бірқалыпты айналысын реттеуге мүмкіндік беретін ақща түрі және экономикалық шаруашылықтардың үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайда болатын қызметтер мен өнімдердің ақысын кешіктіріп төлеуге мүмкіндік беретін айналыс құралдары несиелік ақшалардың маңызы зор балып табылады.
Сонымен ақша жүйесi – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекiтiлген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесінің толық қанды қызмет етуі 1995 жылы 30 наурыздан бастап, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы заң қабылданған күннен бастап осы уақытқа дейін қызмет етіп келеді. Осыған орай Ұлттық банк елдегі ақша жүйесін қалыптастырып, ақша бірлігін 1993 жылы 15 қарашада айналысқа шыққан ұлттық валютамыз теңге деп белгілеп, оның құрамын анықтады. Сонымен қатар Ұлттық банк елдегі қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалардың түрлерін белгілеп отырады және елдегі ақша эмиссиясын монополиялы түрде жүзеге асырады.
1. «Деньги, кредит, банки» Учебник / Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд.
2-е, - Москва: 1999г.
2. Баян Көшенова, Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
3. С.Б. Мақыш, Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, 2004 ж. – 248 бет.
4. «Ақша, несие, банктер» Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001ж. - 466 б.
5. С.Б. Мақыш, Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, 2004 ж. – 248 бет.
6. Абрамова М.А., Александрова Л.С. / Финансы, денежные обращение и кредит. Учебние пособие – Москва , 1996г.
7. Бункина М.К. / Деньги, банки, валюта, Учебные пособие – Москва, 1994 – 173 с.
8. “Қ.Р-да ұлттық валютаны енгiзу туралы” Қ.Р. Президентiнiң заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993.
9. “Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р-ның Заңы // 13.12.1996.
10. «О международных резервах и денежной базе» // (Национальный Банк РК Пресс-релиз №33 от 17 октября 2005 года) Банки Казахстан, 2005 г. №10. 65стр

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I АҚША ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТИПТЕРІ ... ... ... ... ... .5

1.1 Ақша жүйесі: экономикадағы маңызы мен мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.2 Ақша жүйесінің негізгі элементтері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
.

II АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ТИПТЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

1.2 Ақша жүйесінің металл ақша айналысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

2.2 Аша жүйесіндегі несие және қағаз ақшалар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

III Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің қалыптасуы мен бүгінгі таңдағы
жағдайы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..28

Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 29

КІРІСПЕ

Ақша жалпыға бірдей эквивалент болып табылатындықтан оның айналыс
заңдылықтарын арнайы тәртіптеме негізінде ұйымдастыру және қадағалап отыру
экономикалық қызметтердің жүргізілуі үшін ең маңызды функциялардың бірі
болып табылады. Қазіргі қоғамдық қатынастары дамыған заманда әрбір елдің
ақша бірліктері, өзінің ақша айналысы ерекшеліктері, дүниежүзілік ақша
бірліктері пайда болды. Бүгінде қандай да ел болмасын сыртқы экономикалық
байланыстарға және ішкі шаруашылық қатынастарға барып отырады. Ал осы
жағдайларда әр елдің арасында сауда жүргізілгенде ақша қатынастарының
реттелуін, олардың нақты құнын анықтау маңызды талаптар екені белгілі.
Осыған байланысты елдің ақша айналысын тиімді ұйымдастыру формасы белгілі
бір ұлттық заңдылықтармен және тарихи қалыптасқан тәртіптер негізінде іске
асырылу жүйесін ақша жүйесі деп атайды.
Ақша айналысының тұрақтылығын, бірқалыпты айналысын реттеуге мүмкіндік
беретін ақща түрі және экономикалық шаруашылықтардың үздіксіздігін
қамтамасыз ету мақсатында пайда болатын қызметтер мен өнімдердің ақысын
кешіктіріп төлеуге мүмкіндік беретін айналыс құралдары несиелік ақшалардың
маңызы зор балып табылады.

Сонымен ақша жүйесi – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық
заңдылықтармен бекiтiлген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Жалпы
мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша
жүйесi болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесінің толық қанды қызмет етуі
1995 жылы 30 наурыздан бастап, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
туралы заң қабылданған күннен бастап осы уақытқа дейін қызмет етіп келеді.
Осыған орай Ұлттық банк елдегі ақша жүйесін қалыптастырып, ақша бірлігін
1993 жылы 15 қарашада айналысқа шыққан ұлттық валютамыз теңге деп белгілеп,
оның құрамын анықтады. Сонымен қатар Ұлттық банк елдегі қолма-қол және
қолма-қолсыз ақшалардың түрлерін белгілеп отырады және елдегі ақша
эмиссиясын монополиялы түрде жүзеге асырады.
Сондықтан мен жұмысымның тақырыбын өзекті мәселердің бірі болып
отырған Ақша жүйесі: элементтері және типтері деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі ұлттық экономикада ақша жүйесінің тиімді
ұйымдастыру жалпы шаруашылықтың дамуына, елдің сыртқы экономикалық
қатынастарда беделінің сақталуын және ақша айналысының тұрақтылығын
қамтамасыз етеді.
Мен осы жұмысты орындау барысында келесідей мәселелерді және
міндеттерді қарастырмақшымын:
• Ақша жүйесінің ақша айналысын ұйымдастырудың заңдық негізі ретінде
ақша айналысының құрамы мен жүргізілуін қарастыру;
• Ақша жүйесінің тарихи қалыптасқан типтерін, олардың өзгеру сипаттарын
талдау;
• Еліміздегі ақша жүйесінің негізгі элементтерін талдау және оларды
бүгінгі таңдағы нақты өмірмен салыстыру;
• Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің қалыптасуын, оның
заңдылықтарын және даму мәселелелерін талдау және соңғы жылдарға
анализдер жасау болып табылады.

I АҚША ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

1.1 Ақша жүйесі: экономикадағы маңызы мен мәні

Әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша жүйесі болады. Алғашқы ақша
жүйесі XVI-XVII ғасырларда капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда
пайда болды. Бірақ оның кейбір жекелеген элекенттері одан да бұрын
айналфста жүре бастаған, капиталистік өндірістің және тауар ақша
айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді.
Ақша жүйесi – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен
бекiтiлген біртұтас ақша айналымы. Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген
елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады. Ақша
айналысы - шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес
төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол
және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Ақша
айналысының объективтiк негiзiнде де тауар өндiрiсi жатады. Ақшаның қолма-
қол және қолма-қолсыз формаларының көмегiмен тауарлар айналысы, сондай-ақ
несиелiк және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады. Қайта құру
кезеiне дейiн “ақша айналымы” мен “ақша айналасы” ұғымдары арасында
айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма – қол ақшаның қозғалысы
танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендiктен ол қолма – қол
және қолма – қолсыз айналым мағынасын сипаттайды.
Ақша айналысы шаруашылықтағы тауарларды өткiзуге, сондай-ақ тауарлы
емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-
қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Ал осы ақша
қозғалысын заңдылықтармен реттеу шаралары ақша жүйесін қалыптастырады.
Ақша өзінің материалдық – заттық құрылымы жөнінен металл ақшалар және
қазыналық билеттер (қағаз және несие ақшалары) болып екіге бөлінеді. Екінші
ір қоғамдық еңбек бөлінісінің нәтижесі – егіншіліктен қолөнер кәсібі
бөлініп шығуына байланысты тауар өндірісі қалыптасып, айырбас нақтылы
үздіксіз құбылысқа айналғанда ақшаның ролін орындайтын салмақты металл
заттар жүре бастады. Металл ақшаның пайда болуына байланысты ақша
белгілерінің салмағын өлшеу жүйесі де пайда болды. Алдымен белгілі бір
массасы көрсетілген бірақ формасы жоқ металл сынықтарының орнына әр түрлі
массалы металл кесектері айналысқа түскен. Дегенмен, жаңа дәуірге дейін
XVIII ғасырда кейбір елдерде массасы көрсетілген металл құймалар айналыста
болыпты. Осыған байланысты қазіргі уақытта да көптеген ақша өлшемінің атауы
оның салмақ атауларымен бірдей. Мысалы, фунт стерлинг, ливер, марка –
жарты фунт деген ұйым. Ал фунт – қадақ

-орыстың бұрынғы 409,5 грамдық
өлшеміне тен екен. Киев Русьіндегі ақша өлшемі грифна күмістің фунты деген
мағынаны білдірген, ал оның тең жартысы рубль деп аталған.
Металл ақшаның алғашқы түрі – құйма металл. Оның формасы да әр түрлі
болған (шыбық, сым, табақша және т.б.). салмақты металл құймалары айырбаста
алып жүруге және сақтауға өте ыңғайсыз болғандықтан сауданың баяу жүруіне
әкеп соқтырған.
Біртіндеп металл ақшаның түрі де, салмағы да өзгерген. Мысалы ертедегі
Римде ақша орнына белгілі бір салмағы бар формасыз мыс құймасы, одан кейін
жолақша сызығы бар табақша, ең соңғысы екі жағында суретт салынған массасы
бір немесе екі фунт болатын дөңгелек ақша пайда болған. Сөйтіп металл
ақшалардың формасының неше түрі болып өзгеріп, ақырында дөңгелек түріне
келуі тауар – ақша айналымының табиғи даму жолын көрсетеді.
Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғарғы сатысында металдан монета
түрінде ақша құйыла бастады. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты
тауар сатушылардың арасынана көпестер бөлініп шығып, олар тауар айырбасына
тек делдалдық кәсіппен щұғылданды. Сонымен монета деген заң жүзінде
құрамындағы белгілі бір металдың салмағын, сыртқы түрін бекіткен тағайынды
формадағы ақша белгісі. Мемлекет алтынның сынамасын, массасын, типін,
ремедикмын (заңды түрде бекітілгн нақты массасының іс-жүзіндегі массасынан
ауытқуы), эмиссия ережесін бекітті. Монетаның бет жағын – аверс, сыртын –
реверс, жиегін обрез деп атайды.
Металл ақшалар толық құнды және толық құны жоқ ақша болып бөлінеді.
Толық құнды ақша деп монетада көрсетілген құн монета соғуға жұмсалған
металдың құнына тен ақшаны айтады. Ондай ақша өзінің пайда болғанынан
бастап жалпы құн эквиваленті болады және ақшаның барлық қызметін атқарады.
Толық құны жоқ ақша – монетада көрсетілген құн оны соғуға жұмсалған
металдың құнынан жоғары болатын ақша. Ол толық құнды ақшаның ұсақ бөліктері
ретінде кішігірім төлемдеоді атқару үшін майда монета түрінде қолданылады.
Осы билондық монета деп те атайды. Ақша айналысы шапшаң болғандықтан тез
ысылып салмағын, соған байланысты кұнвн жоятындықтан майда ақшалар алтын
монеталы стандарт кезінде де кембағалы металдардан соғылды. Олар алғашқыда
күмістен, бертін келе және қазір металдар қоспасынан және аллюминийден
соғылады.
Ақша айналысында майда ақшаның үлесі аз. Дегенмен майда ақшаны
айналысқа түсіру мемлекетке пайдалы.ол пайда монетада көрсеиілген құнмен
оның құрамындағы металдың нарықтық бағасының айырмасына тең.
20- ғасырдың 70-жылдары алтынға деноминация(көрсеткіш ірілендіру)
жүргізілді. Алғашқыда алтын елдің ішкі ақша айналымында айналыс және төлем
құралы ретінде пайдаланылса, ал 1976 жылдан бастап ло дүниежүзілік ақша
қызметін орындамайды. Алтынмемлекеттің ішкі айналымынан да, әлемдік
нарықтан да қағаз және несие ақшаларымен ығыстырылды.

1.2 Ақша жүйесінің негізгі элементтері

Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысын
ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады. Әрбiр мемлекеттiң өзiнiң ұлттық
ақша жүйесi бар.
Қазақстан Республикасында ақша жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы
“Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi туралы” Қазақстан Республикасы
Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша
айналысының ұйымдастыру негiзiн және формаларын белгiлейдi, онда ресми ақша
бiрлiгi, ақша белгiлерiнiң эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау
тәртiбi, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртiптерi қамтылады.
Ақша жүйесi келесi негізгі элементтерден тұрады:
Ақша бiрлiгiнiң атауы. ҚР-ның ақша бiрлiгi ретiнде 100 тиыннан
құралған 1 теңге болып табылады.
Ақша белгiлерiнiң түрлерi. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейiн айналыста
қазыналық билеттер болса, онда қазiргi кезде ҚР ақша белгiлерi болып
олардың өсу құны бойынша төлемнiң барлық түрлерiне қабылданатын банкноттар
мен монеталардан құралады.
Сонымен Қазақстанның ұлттық валютасы теңге соңғы жылдары тұрақты төлем
құралы ғана болып қалмай, еркiн алмастырылатын валюталарға шексiз
айырбасталады және бүгiнгi таңда теңгемiздiң тұрақтылығы, сондай-ақ АҚШ
долларына қарағанда нығаюда көрiнiп отыр. Әрине бұл жетiстiктер елiмiздiң
қаржы және ақша реформаларын тиiмдi жүргiзiп, Кеңес Одағы елдерi деңгейiнде
елiмiздiң қаржы секторының ең қолайлы реформаланғанын көрсетiп отыр.
Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың
ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады. Қазақстан Республикасында ақша
жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi туралы”
Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес
ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысының ұйымдастыру негiзiн және
формаларын белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi, ақша белгiлерiнiң
эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртiбi, ақша айналысын
ұйымдастыру және реттеу тәртiптерi қамтылады. Ал мұның алдында тұнғыш рет
1993 жылы ұлттық валютамыз теңгенi айналысқа шығарып, экономикада жаппай
етек алған инфляцияға төтеп бердiк. Ұлттық валютаның тиiмдi жолға түскенiн
және ұлттық экономика дамуына тиiмдi жол ашып отырғандығын көруге болады.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел
мемлекеттерiнiң ақша бiрлiктерiне айырбастау бағамын анықтау тәртiбiн
белгiлейдi. Қолма-қол ақшаның айналымы олардың банк кассасына үздiксiз
оралып отыру жолымен жүзеге асады.

Эмиссия – мемлекет тарапынан банкноттардың , тиындардың, бағалы
қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол ақшасыз түрiнде де болуы мүмкiн. Қолма-
қол ақша түрiндегi эмиссия – айналысқа банкноттар мен тиындардың қосымша
шығарылуын сиапттайды. Банкноттар мен монеталарды шығару олардың Қазақстан
Республикасының аумағындағы айналысын ұйымдастыруды және айналыстан алуды
тек қана Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкi
банкноттар мен монеталарды заңды және жеке тұлғаларға сату арқылы айналысқа
шығаруды жүзеге асырады.  Қазақстан Ұлттық Банкi банкноттар мен тиындардың
қажеттi мөлшерiн анықтайды, олардың жасалып шығарылуын қамтамасыз етедi,
қолдағы ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртiбiн белгiлейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттар мен монеталарды сатуы және сатып
алуы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттар мен айналыстағы монеталарды
сатуы, сатып алуы олардың белгіленген құны бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң инвестициялық және коллекциялық монеталарды сатуы
және сатып алуы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде
белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Ақша базасы – Ұлттық банк шығаратын ақша. Оған айналымдағы қолма-қол
ақша, мiндеттi және артық резервтер жатаы.

Мiндеттi резервтер – бекiтiлген нормативке сәйкес Ұлттық банктегi
арнайы шотта несие корреспонденттiк шотында сақталуға мiндеттi банк
депозиттерiнiң бөлiгi.
Артық резервтер – дегенiмiз банктердiң Ұлттық банктегi
корреспонденттiк шотта қаражатының барлығына байланысты болғандықтан,
Ұлттық банк ақша базасының мөлшерiн, екiншi деңгейдегi банктердiң Ұлттық
банктегi корреспонденттiк шоттағы қаражатының көлемiн, яғни банктер
өнiмiлiгiн реттеу арқылы реттейдi. Экономикадағы ақша айналысының
жылдамдығы Ұлттық банк арқылы тiкелей реттелмейдi, бiрақ оның мөлшерi
инфляция деңгейiне әсер етедi және ақша-несие саясаты үшiн үлкен мәнi бар.
Экономикадағы ақша айналысы жылдамдығының азаюы ұзақ мерзiмдi депозиттердiң
және ұзақ мерзiмдi инвестициялық несие салымдарының өсуiн көрсетедi, бұл
тек қана жалпы экономиканың тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенiм
болғанда ғана мүмкiн, керiсiнше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық
валютаға деген сенiмнiң көрсеткiшi болып, ақша жынындағы қолма-қол ақша
үлесiнiң өсуiмен, ұзақ мерзiмдi жинақтардың төменгi үлес салмағымен,
шаруашылық субъектiлерiнiң ұлттық валютасын сенiмдi активтерге аударумен
бiрге жүредi.

II АҚША ЖҮЙЕСІНІҢ ТИПТЕРІ

1.2 Ақша жүйесінің металл ақша айналысы

Әлемдiк тарихта ақша жүйесiнiң келесi типтерi болған:
• Металдық айналым, мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметiн атқарады,
ал несие ақшалар металға айырбасталады;
• Несие және қағаз ақша айналысы, мұнда алтын айырбастамайтын банкнотамен
айналыстан ығыстырылып шығарылады және қазынаға айналды.
Металдық айналысқа байланысты аталып өткен екi ақша жүйесi –
биметализм және монометализмге тән.
Биметаллизм – бұл ақша жүйесiнде жалпы құндық эквивалент ролiн заңды
түрде екi металл атқарады. Алтын және күмiс монеталар кең көлемде
соғылысып, еркiн айналысқа түстi, биметаллизмнiң үш түрi бар:
• Қатар жүретін валюта жүйесi, алтын және күмiс монеталар арасындағы
қатынас металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекiтiлдi;
• Қос валюталық жүйесi, бұл қатынасты мемлекет анықтады;
• “Қосалқы” валюта жүйесi , яғни мұнда алтын және күміс монеталары
заңды төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес,
себебі күміс монеталарды жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын
монеталарды жасауға ерік берілді.
Биметализм XVI-XVII ғғ. кеңінен тарап, ал Еуропа елдерінде XIX ғасырда
дами бастады. Бірақта биметалдық ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың
даму қажеттігіне сәйкес келмеді, себебі екі металды құн өлшемі ретінде
қатар пайдалану ақшаның бұл қызметіне қарама-қайшылық тудырады. Дегенмен
1865 жылы Франция, Бельгия, Швейцарияда және Италияда биметализмді сақтап
қалу мақсатында өзара келісім жүргізе бастады. Нәтижесінде латын
монеталық одағы конференциясы бекітіліп, ол бойынша екі металдан да құны
бес франк және одан да жоғары болатын монеталар соғылып, күміс пен алтынның
арақатынасы 115,5 шамаға тең болды. Бірақ екі валютаның арақатынасы
алмен мен күмістің нарықтық құнына сай келемейді.
Биметализм жүйесі өскелең капиталситік шаруашылықтың талабын
қанағаттандыра алмады, себебі құн өлшемі ретінде екі металды қатар қолдану
ақшаның бұл қызметіне қайшы келді, жалпыға бірдей құн өлшеі ретінде тек бір
ғана тауар жүреді. Ондай тауар не алытн , не күміс. Оған қоса XIX аяқ
шегінде күміс шығарудың арзандауына байланысты күмістің құны кеми бастады.
Бұл кезде алтын мен күмістің арақатынасы 120 тең болды. Ал заң жүзінде
алтын мен күмістің арақатынасы бұдан әлдеқайда төмен болғандықтан алтын
монеталар айналыстан шығып, қазына қорына айналды.
Нәтижесінде жалпы құн өлшемі ретінде қызмет ететін бір ғана металдың
болуы талап етілді. Сөтіп, биметализм ақша жүйесінің орнына монометализм
жүйесі келді.
Монометаллизм – жалпыға эквивалент ролiн бiр ғана металл атқаратын
(алтын немесе күміс) ақша жүйесi.
Күміс монометализмі Ресейде 1843-1852 жж. Индияда 1852-1893 жж. қызмет
етті.
Алтын монометализмі алғаш рет ақша жүйесінің типі ретінде XVII ғ.
Ұлыбританияда қалыптасып, 1816 жылы заңды түрде бекітілді. Көптеген елдерде
ол XIX ғ. аяғына қарай енгізілді.
Құн белгiлерiн алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын
монометаллизмi үш түрге бөлiнедi:
Алтын монета стандарты, оған алтын монетасының айналысы, алтынның
ақша қызметiн атқаруы, құн белгiлерiнiң еркiн алтын монеталарға өсу құны
бойынша айырбасталуы болып табылады. Бұл еркін бәсекенің тұсындағы
капитализмнің талаптарына біршама сәйкес келе отырып өндірістің, несие
жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталдың сыртқа шығарудың дамуын
қолдады. Бұл стандарт өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады:
• Алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін
бірдей атқарады;
• Алтын монеталарды құюға рұқсат етілді, яғни елдің монета сарайында;
• Толық ұнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз
алтын монетаға ауыстырылды;
• Алтынды және шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруғаболатын
болатын.
Алтын монета стандартының қызмет етуі орталық банктерде, олардың
айналысын қамтамасыз ететіндей мөлшерде алтын қорының болуын және оның
монета айналысының резерві ретінде қызмет етуін талап етеді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында бюджет тапшылығының өсуі, оны
займдар және ақша шығару есебінен жабу эмиссиялық банктердің алтын
қорларынан көп мөлшерде айналыстағы ақша массасының өсуіне әкеліп,
нәтижесінде қағаз ақшалардың алтын монеталарға еркін ауыстырылу қауіпін
туғызды. Бұл кезеңдерде алтын монета стандарты соғысушы елдерде өзінің
қызметін тоқтатты, кейіннен көптеген елдерде (АҚШ-тан басқасы) осы
себептерге байланысты тоқтатылды. Сөйтіп банкнотаны алтынға ауыстыру
тоқтатылды және оны сыртқа шығаруға тыйым салынды. Алтын монеталар қазынаға
сақтауға жіберілді.
1924-29 жж. ақша реформасының жүруі барысында алтын стандартына қайта
оралып, яғни оның келесідей екі қысқартылған формасы жасалады: алтын құйма
стандарты және алтын девиз стандарты.
Алтын құйма стандарты – Ұлыбритания мен Францияда енгiзiлдi. Мұнда
банкноттар заңмен бекiтiлген сомманы ұсынған жағдайда алтын құймаларына
айырбасталды. Оның алтын монетадан айырмашылығы мұнда айналыста алтын
монета болмайды және алтын монетаны еркін түрде жасауға тиым салынады.
Ұлыбританияда 12,4 кг алтын құймасының бағасы 1700 фунт стирлинг, Францияда
12,7 кг алтын құймасының бағасы 215 франтке тең болды.
Алтын девиз стандарты – Германияда, Авсралияда, Норвегияда және басқа
елдерде бекiтiлген. Бұл банкноталардың алтынға, шетел валютасына
(девизiне) айырбасталатынын бiлдiредi. Сөйтiп, бұл стандарт бiр елдiң
валюталы басқа елдiң валютасына тәуелдiлiгiн көрсетедi.
Бұл кезде алтын монетаның еркін соғылуы жойылып, ол айналыстан алынып
тасталды. Міне тек осындай қосалқы жолмен ғана алытн девизді ақша жүретін
елдердің алтынмен байланысы сақталды. Ұлттық валютаның тұрақтылығын
бірқалыпты сақтау девиздік саясат әдісімен, яғни нарықта ұлттық валютаның
курсының төмендеуіне немесе жоғарылауына байланысты оған шетел валютасын
сатып алу немесе сату арқылы жүзеге асырылды.сөйтіп, алтын девизді стандарт
кезінде бір елдің валютасы басқа елдердің валютасына тәуелді болды.
1929-1933 жылдары әлемдік экономикалық дағдарыс нәтижесінде барлық
мемлекеттерде әр кездері алтын монометализмнің барлық формасы жойылды.
1944 жылы Бреттон-Вудсте құрылған Халықаралық валюта жүйесі еркін
айырбасталатын валютасы бармемлекеттердің қолдануы үшін мемлекетаралық
алтын девизді стандартты, шын мәнінде алтын долларлы стандартты енгізді.
Оның ерекшелігі, яғни алтын долларлы стандарт – тек АҚШ доллары алтынмен
байланысын үзген жоқ, себебі бұл стандарт тек орталық банктер мен үкімет
мекемелері үшін ғана бекітілді. АҚШ үкіметі өзінің алтын қорының азаюына
байланысты 1971 жылдан бастап алтын құймаларын долларға сатуды тоқтатты,
сондықтан алтын долларлы стандарт та айналыстан шықты.
1976-1978 жылдары Ямайка Халықаралық валюта жүйесі алтынның
айналыстан шығуын заң жүзінде бекітті. Ақша өлшемдерінің алтын құрамы және
алтынның ресми бағасы жойылды. Халықаралық валюта қорымен оның мүшелері
арасындағы есеп айырысудан да алтын алынып тасталды.сөйтіп бүкіл
мемлекеттерде алтынға айырбасталмайтын несие ақшалары жүйесі орнықты.
2.2 Ақша жүйесіндегі несие және қағаз ақшалар

Ақша өзiнiң дамуы барысында екi түрге бөлiнедi: толық құнды ақшалар
және толық құнсыз ақшалар.
Толық құнды ақшалар – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты
құнымен сәйкес келетiн ақшалар. Мұндай ақшаларға металл ақшалар жатады.
Металл ақшалар әр түрлi формада болады. Монета түрiндегi формасы – бұл
олардың соңғы формасы. Толық құнсыз ақшалар (құнның белгiлерi) – номиналдық
құны нақты құнынан, яғни олардың өндiрiсiне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары
болып келетiн ақшалар.
Оларға мыналар жатады:
• құнның металдық белгiлерi – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ
монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
• құнның қағаздан жасалған белгiлерi, ол екiге бөлiнедi: қағаз ақшалар
және несиелiк ақшалар.
Металл ақшалардың қағаз және несиелік ақшаларға ауысу себептер
келесiдей:
• металл ақшаларды тасымалдап алып жүру қолайсыз;
• металл ақшалардың мемлекттiк билiк органдарының жасаған әрекетiнiң
нәтижесiнде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық
құрамын төмендетуi барысында бiлiнуi;
• бағалы металдарды өндiрудiң қағаз және несие ақшаларды өндiруден
қарағанда қымбатқа түсуi;
• бюджет тапшылығын жабу және айналыстағы ақшаларды реттеу мақсатында
қағаз және несиелік ақшалардың шығарылуы.
Несиелiк ақшалар – тауар өндiрiсiнiң дамуымен, яғни тауарларды сатып
алу және сатудың уақытын кешiктiрiп төлеуге берiлуiмен байланысты пайда
болған ақшалар.
Несиелiк ақшалардың шығуы банктердiң несиелеу операцияларымен
байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемдi ету;
нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкiндiк
жасау.
Несиелiк ақшалардың мынадай түрлерi бар: вексель, банкнота және чек.
Өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни өнімді өндіру, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаға деген сұраныс
Бюджет салық және ақша несие саясатының теориялық негіздері
Қазақстанда ақша айналымының жағдайы
Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы туралы
Ақша-несие саясатының теориялық негіздері немесе ақша-несие саясатының мәні, түрлері және құралдары
Ұлттық банктің экономиканы реттеудегі жүргізетін саясаттары мен қолданатын шаралары
ҚР-ның Ұлттық банкі туралы
Ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері
Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы жайлы
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Пәндер