Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстар үшін жауапкершілігі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ.ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
1.1 Жеке тұлға . халықаралық құқықтағы қылмыстық жауапкершіліктің субьектісі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстар үшін жауапкершілік интитутының қалыптасуы мен даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
1.3 Жеке тұлғаларды халықаралық қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартудың заңды және фактілік негіздері ... ... ... ... ... .28
1.4 Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстары туралы істерге әмбебап юрисдикция қағидасын қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
2 ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ІСТЕРІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНСТИТУТАРЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ
2.1 Халықаралық Қылмыстық Сот
2.2 Халықаралық Югославия Трибуналы
2.3 Халықаралық қылмыстық трибуналдардың юрисдикциясы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Тарихқа көз салсақ, бейбіт кезеңде де, соғыс кезінде де мыңдаған адамдардың халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп келтіретін және халықаралық қатынастардың негізін бұзатын аса ауыр халықарлық қылмыстардың құрбаны болғанына көз жеткіземіз.
Қазіргі кезде әлемдік ынтымақтастық үшін ең қауіпті - нәтижесінде соғыс құрбандарына қарсы қылмыстық кикілжіңдерге: жаралылар, ауру, кемелердің қирауы, тұтқындар мен тұрғындардың ауыр жағдайына әкеп соқтырған халықаралық сипаттағы қарулы қақтығыстар (Югославия, Дарфуре, Ирак, Палестина) болып отыр.
Қаруланған келіспеушіліктердің кезеңінде халықаралық қатынастарды гуманизациялауға бағытталған халықаралық-құқықтық тәсілдердің бірі халықаралық гуманитарлық құқық болып табылады, оның нормалары халықаралық қылмыстары үшін жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарту ережелерін қоса алғанда, соғыс құрбандарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Өзінің кодификациялық тұрғыдан қалыптасқанына қарамастан, халықаралық жеке қылмыстық жауапкершілік институтын халықаралық қауымдастықтар ерекше назарға алып отырған ауқымды құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында дамыту қажет. Дәл осы институт халықаралық құқықтың тиісті нормаларын қамтамасыз ету үшін үлкен маңызға ие. Зерттеу тақырыбының өзектілігі халықаралық гуманитарлық құқықты дамытуға әсер ететін жаңа ұсыныстар мен пікірлерді қалыптастыру қажеттілігімен анықталады.
Халықаралық құқық бойынша қылмыс жасағаны үшін жеке тұлғаны жауапкершілікке тартуда қазірде территориялық және азаматтық қағиданың орнына әмбебаптық қағидасы пайда болды, бұл өз кезегінде терең ғылыми зерттеуді қажет етеді.
Жеке тұлғаны халықаралық қылмыстық жауапкершілікке тарту институтының өзектілігі туралы Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін қабылданған бірнеше құжаттардың ережелерінде де көрсетілген болатын: 1949 жылғы соғыс құрбандарын қорғау туралы Женева конвенциясы, 1977 жылы оған қосымша қабылданған протоколдар, 1954 жылғы мәдени құндылықтарды қорғау туралы Гаага конвенциясы.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:
Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстар үшін жауапкершілігі
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 тарау. Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстар үшін жауапкершілігін
халықаралық-құқықтық реттеу
1.1 Жеке тұлға - халықаралық құқықтағы қылмыстық жауапкершіліктің
субьектісі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстар үшін жауапкершілік
интитутының қалыптасуы мен даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
1.3 Жеке тұлғаларды халықаралық қылмыстары үшін қылмыстық
жауапкершілікке тартудың заңды және фактілік негіздері ... ... ... ... ... .28
1.4 Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстары туралы істерге әмбебап
юрисдикция қағидасын қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
2 тарау. жеке тұлғалардың істері бойынша Халықаралық ЖауапкершІЛіК
ИнСТИтУтарының тәжірибесі
2.1 Халықаралық Қылмыстық Сот
2.2 Халықаралық Югославия Трибуналы
2.3 Халықаралық қылмыстық трибуналдардың юрисдикциясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Тарихқа көз салсақ, бейбіт кезеңде де,
соғыс кезінде де мыңдаған адамдардың халықаралық бейбітшілік пен
қауіпсіздікке қауіп келтіретін және халықаралық қатынастардың негізін
бұзатын аса ауыр халықарлық қылмыстардың құрбаны болғанына көз жеткіземіз.
Қазіргі кезде әлемдік ынтымақтастық үшін ең қауіпті - нәтижесінде
соғыс құрбандарына қарсы қылмыстық кикілжіңдерге: жаралылар, ауру,
кемелердің қирауы, тұтқындар мен тұрғындардың ауыр жағдайына әкеп соқтырған
халықаралық сипаттағы қарулы қақтығыстар (Югославия, Дарфуре, Ирак,
Палестина) болып отыр.
Қаруланған келіспеушіліктердің кезеңінде халықаралық қатынастарды
гуманизациялауға бағытталған халықаралық-құқықтық тәсілдердің бірі
халықаралық гуманитарлық құқық болып табылады, оның нормалары халықаралық
қылмыстары үшін жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарту ережелерін қоса
алғанда, соғыс құрбандарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Өзінің кодификациялық тұрғыдан қалыптасқанына қарамастан, халықаралық
жеке қылмыстық жауапкершілік институтын халықаралық қауымдастықтар ерекше
назарға алып отырған ауқымды құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында
дамыту қажет. Дәл осы институт халықаралық құқықтың тиісті нормаларын
қамтамасыз ету үшін үлкен маңызға ие. Зерттеу тақырыбының өзектілігі
халықаралық гуманитарлық құқықты дамытуға әсер ететін жаңа ұсыныстар мен
пікірлерді қалыптастыру қажеттілігімен анықталады.
Халықаралық құқық бойынша қылмыс жасағаны үшін жеке тұлғаны
жауапкершілікке тартуда қазірде территориялық және азаматтық қағиданың
орнына әмбебаптық қағидасы пайда болды, бұл өз кезегінде терең ғылыми
зерттеуді қажет етеді.
Жеке тұлғаны халықаралық қылмыстық жауапкершілікке тарту институтының
өзектілігі туралы Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін қабылданған бірнеше
құжаттардың ережелерінде де көрсетілген болатын: 1949 жылғы соғыс
құрбандарын қорғау туралы Женева конвенциясы, 1977 жылы оған қосымша
қабылданған протоколдар, 1954 жылғы мәдени құндылықтарды қорғау туралы
Гаага конвенциясы. Сонымен қатар 1993 жылы құрылған Югославия Халықаралық
Трибуналы мен 1994 ж. Руанде Трибуналы, 2002 ж. Сьерра-Леоне Арнайы соты,
1998ж. Халықаралық Қылмыстық Соттың құжаттарында да осы мәселе көтерілді.
Сондықтан да жеке тұлғаның халықаралық қылмысы үшін жауапкершілігі
туралы құжаттар кешенін зерттеу, талдау және жетілдіру, оны халықаралық
және ұлттық сот органдары қызметінде тиімді қолдану маңызды ғылыми
қызығушалаққа ие өзекті мәселе болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстар
үшін жауапкершілік институты мынадай ресей ғалымдарымен зерттелген: И.Н.
Арцибасов, И.П. Блищенко, Р.М. Валеев, Л.Н. Галенская, В.Э. Грабарь, В.Н.
Дурденевский, Р.А. Каламкарян, А.Я. Капустин, И.И. Карпец, Ю.М. Колосов,
И.И. Котляров, В.Н. Кудрявцев, Д.Б. Левин, И.И. Лукашук, Ф.Ф. Мартенс, Г.М.
Мелков, В.И. Менжинский, Н.М. Минасян, Ю.В. Петровский, А.И. Полторак, Н.Н.
Полянский, Ю.А. Решетов, П.С. Ромашкин, Ю.Н. Рыбаков, Л.И. Савинский, А.Н.
Трайнин, С.В. Черниченко, Н.А. Ушаков.
Аталған мәселені көптеген шетел ғалымдары да зерттеді. Атап айтқанда,
олар: Ш.М. Бассиони, П. Бастид, Ф. Бербер, Я. Броунли, Г. Гаджа, П.
Гугенхейм, Э. Давид, Д. Дерби, Р. Лемкин, А. Мериньяк, Р. Мюллерсон, В.
Пелла, Ж. Пикте, К. Сальдан, В. Фридман және т.б.
Зерттеу обьектісі қарулы қақтығыстар (халықаралық және халықаралық
емес сипаттағы) жағдайындағы және сонымен қатар, мемлекеттердің қарулы
қақтығыстарымен байланыссыз халықаралық қылмыс жасағаны үшін жеке
тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту барысындағы мемлекеттер
арасындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – халықаралық қылмысы үшін жеке тұлғаны
жауапкершілікке тартуды анықтайтын халықаралық-құқықтық нормалар жүйесін
кешенді зерттеу және талдау, жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық
жауапкершілігін нормативтік-құқықтық реттеуді дамыту тенденцияларын анықтау
болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
- халықаралық қылмыс және халықаралық сипаттағы қылмыс ұғымдарын
зерттей отырып, олардың ара-жігін ажырату;
- халықаралық құқық ғылымында жеке тұлғалардың халықаралық қылмысы үшін
жауапкершілігі институтының қалыптасуы мен даму тарихын зерттеу және
оның ары қарай зерттеу қажеттілігінің себептерін анықтау;
- жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті
белгілейтін халықаралық - құқықтық актілерге халықаралық қылмыстар
туралы істер бойынша әмбебап юрисдикция қағидасын теоретикалық негіздеу
мақсатымен талдау жасау;
- жеке тұлғаның халықаралық қылмыстар үшін жауапкершігі институтын дамыту
үшін ұсыныстар мен пікірлер ұсыну.
Зерттеудің әдіснамалық негізі. Алға қойылған мақсаттарға жетуді
қамтамасыз ететін ғылыми міндеттерді шешу барысында жалпы ғылыми әдістер,
атап айтқанда: эмпирикалық және теоретикалық зерттеу, жүйелік және
салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Сонымен қатар, жеке-ғылыми
әдістер: логикалық-құқықтық, тарихи-құқықтық, жүйелік әдістер аса маңызды
мәнге ие болды. Аталған әдістерді қолдану қарастырылып отырған мәселені
жүйелі түрде бір-бірімен байланыстыра отырып зерттеуге мүмкіндік берді.
Зерттеу жұмысының теоретикалық негізін мынадай заңгер-
ғалымдардың ғылыми еңбектері құрайды: А.Х. Абашидзе, И.Н. Арцибасов, И.П.
Блищенко, Р.М. Валеев, Л.Н. Галенская, В.Э. Грабарь, В.Н. Дурденевский,
Г.В. Игнатенко, Р.А. Каламкарян, А.Я. Капустин, И.И. Карпец, Ю.М. Колосов,
И.И. Котляров, В.Н. Кудрявцев, Д.Б. Левин, И.И. Лукашук, Е.Г. Ляхов, Ф.Ф.
Мартенс, Г.М. Мелков, В.И. Менжинский, Н.М. Минасян, Ю.В. Петровский, А.И.
Полторак, Н.Н. Полянский, Ю.А. Решетов, Ю.Н. Рыбаков, П.С. Ромашкин, Л.И.
Савинский, О.И. Тиунов, А.Н. Трайнин, Г.И. Тункин, Н.А. Ушаков, И.В.
Фисенко, С.В. Черниченко, Ш.М. Бассиони, Ф. Бербер, Я. Броунли, Г. Гаджа,
П. Гугенхейм, Э. Давид, Д. Дерби, Г. Кельзен, А. Книрим, Р. Лемкин, А.
Мериньяк, Р. Мюллерсон, В. Пелла, Ж. Пикте, К. Сальдан, В. Фридман т.б.
Зерттеу жұмысының теоретикалық мәні оның жеке тұлғаны
халықаралық қылмыс үшін қылмыстық жауапкерщілікке тарту институтының
кешенді монографиялық зерттелуінен көрінеді. Автор көрсеткен теоретикалық
ережелер, ұсыныстар мен пікірлер залықаралық қылмысты квалификациялау мен
жеке тұлғаның қылмыстық әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту
мәселесін дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар, кейбір ережелер халықаралық
қылмысы үшін жеке тұлғаны жауапкершілікке тарту жүйесіндегі кейбір
кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді.
Жұмыстың практикалық мәні дипломдық жұмыстың нәтижесінде
алынған қорытындылар ұлттық заңнаманы жетілдіруде, құқыққорғау
органдардының жұмысында, ғылыми- зерттеу жұмыстарында, халықаралық
гуманитарлық және халықаралық қылмыстық құқық бойынша дәрістерде
қолдануға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы дипломдық жұмыста жеке
тұлғалардың халықаралық қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілігінің дамуының
заңдылығы осы саладағы халықаралық-құқықтық актілерге кешенді талдау жасай
отырып анықталды; жеке тұлғалар мемлекеттің өкілі ретінде халықаралық
қылмыстары үшін жауапкершілікке тартылатындығы бекітілді; зерттеу жұмысында
Токио мен Нюрнбергтегі Халықаралық Әскери Трибуналдар мен бұрынғы Югославия
және Руанде Халықаралық қылмыстық трибуналдарының сот тәжірибесі негізінде
жеке тұлғалардың халықаралық қылмысы үшін жауапкершілігі институтының
қалыптасуы мен даму тарихы зерттелді; сонымен қатар әртүрлі мемлекеттердің
ұлттық соттары мен оларда әмбебап юрисдикция қағидасының қолдану мәселесі
қарастырылды; мемлекеттің лауазымды тұлғаларының және қылмыстық бұйрықты
орындаған бағынысты тұлғалардың халықаралық қылмысы үшін қылмыстық
жауапкершілікке тартудың мәселелері анықталды.
Ғылыми жұмыстың жаңалығы қорғауға ұсынылған мына ережелерден
көрініс табады:
1. Жеке тұлға халықаралық қылмыс үшін жауапкершіліктің жалғыз субьектісі
болып табылатындығы анықталды.
2. ҚР Қылмыстық Кодексінің геноцид үшін қылмыстық жауапкершілік көздейтін
160-бабын жаңа ережелермен атап айтқанда: геноцид жасауға айдап
салу, геноцид жасауға ашық және тікелей шақыру, геноцид жасауға
мәжбүрлеу, геноцид жасауға қатысу деп толықтыру қажет.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында халықаралық емес сипаттағы
қарулы қақтығыстар кезінде жасалған қылмыстар үшін де әмбебап
юрисдикция қағидасын бекітетін нормалар қарастыру қажет.
4. Халықаралық құқықта мемлекеттің лауазымды тұлғаларының иммунитеті
оларды халықаралық қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға кедергі бола
алмайтындығын бекіткен қағида қалыптасты. Алайда тәжірибеде бұл қағида
толық жүзеге асырылмай келе жатыр.
Жұмыстың құрылымы зерттеудің мақсаты мен міндеттерімен
айқындалған. Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тараудан және сәйкесінше бірінші
тарау төрт және екінші тарау үш тармақшадан, қорытынды және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. тарау. Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстар үшін жауапкершілігің
құрамы
1. Жеке тұлға - халықаралық құқықтағы қылмыстық жауапкершіліктің
субьектісі ретінде
Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан бүгінгі күнге дейін
халықаралық құқықта жеке тұлғаның құқықтық жағдайына бағытталған
нормалардың маңызы арта түсуде. Жеке тұлғаның халықаралық құқықсубъектілігі
халықаралық құқық ғылымында қызу пікірталасқа ие. Ғылыми пікірлердің ауқымы
кең: кейбіреуі жеке тұлғаның құқықсубъектілігін жоққа шығарса, ал енді
біреулері жеке тұлғаны халықаралық құқықтың жалғыз субьектісі дейді.
Жеке тұлғаның халықаралық құқық ғылымындағы құқықтық жағдайының
сипатына қарай әр түрлі терминдер қолданылады, олар: азамат, тұлға,
жеке тұлға, индивид, адам т.б. Алайда,біздің пікірімізше, жеке
тұлға деген атау осы зерттеу жұмысында қолдануға лайықтырақ.
Отандық ғылымда халықаралық құқық субьектісі ұғымын анықтауда
пікірлерді екі топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі, халықаралық құық
субьектісін қандай да бір міндетті құқықтар мен міндеттер (сипаты,
белгілері) арқылы анықтау қажет десе, екінші топ оны кез келген құқықтар
мен міндеттерге ие тұлға (яғни, оның нақты сипатынан тәуелді емес) дееген
пікір айтады. Яғни, халықаралық құқықсубьектілігінің негізгі критериилері
ретінде нақты бір құқықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті ме, немесе
жалпы, абстрактілі құқықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті ме деген
екіжақты көзқарас туындап отыр.
Бірінші пікірді жақтаушылардың кейбірі (Л.А.Моджорян, В.М.Шуршалов [1,
53-56]) тұлғаның міндетті белгісі ретінде егеменділікті, яғни атап айтқанда
тәуелсіз құқықтар мен міндеттерді атайды. Ал, бсқа авторлар, (мысалы,
Д.Б.Левин, И.И.Лукашук, М.А.Нудель, А.Н.Талалаев, Р.Л.Бобров) халықаралық
құқықсубьектілігінің негізгі белгісі ретінде халықаралық нормаларды құруға
қатысуға құқық, халықаралық қатынастағы тәуелсіздік қағидасын атап
көрсетеді. Мұндай сипаттарға тұлғаның халықаралық құқық нормаларын жасауға
қатысу құқығы немесе тұлғаның халықаралық қауымдастықтағы тәуелсіздігі,
ешкімге бағынбайтындығы жатуы мүмкін. Мысалы, профессор И.И.Лукашук
халықаралық құқық субьектісін өзінің мүмкіндіктері мен халықаралық құқық
бойынша құқықтар мен міндеттерге ие болуымен байланысты заңды сипаттардың
арқасында халықаралық құқық нораларын жасауға қатысу және оны жүзеге асыру
құқығына ие субьект деп анықтады[2, 10]. Сонымен, И.И.Лукашук
мемлекетаралық қатынастың жалпы мойындалған қатысушыларын ғана – мемлекетті
және халықаралық (үкіметаралық) ұйымдар, жеке тұлғалар халықаралық құқықтың
субьектілері қатарына мүлде енбейді дейді. Халықаралық құқықтың негізгі
ерекшелігі ретінде олардың құқықшығармашылық және құқыққолданушылық
белсенділігін - халықаралық-құқықтық нормаларды жасау мен жүзеге асыруға
қатысуын атап көрсетеді.
Р.Л.Бобров болса халықаралық құқық субьектісін анықтауда екі
элементті бөліп қарастыру керек: 1) халықаралық құқыққатынасқа түсу
қабілеті; 2) осы қатынасқа қатысуы деп көрсетті[3,68].
Екінші пікірді жақтаушылар құқықсубьектілікті анықтауда қандай да бір
нақты анықталған құқықтар мен міндеттерді атап көрсету мүмкін емес. Тұлға
құқықсубьектілікке ие болу үшін кез келген бір ғана құқыққа немесе міндетке
ие болуы жеткілікті, яғни құқықсубьектілік қасиетін белгілі бір міндетті
құқықтар жүйесімен байланыстыруға болмайды. Немесе құқықсубьектілік
дегеніміз – бұл потенциалды, абстракциялы (жалпы) құқыққа ие болуы.
Профессор С.В.Черниченко атап көрсеткендей, халықаралық құқықсубьектілік
құқық субьектісінің құқыққабілеттілігінің ауқымынан тәуелсіз[4,13]. Жалпы
алғанда, екінші топтағы ғалымдардың пікірінше, халықаралық құқық субьектісі
ұғымы мен құқық субьектісі ұғымының расында қағидалы айырмашылық жоқ
(Н.А.Ушаков, С.В.Черниченко, Г.В.Игнатенко, И.В.Захарова, К.А.Бекашев,
Г.М:Вельяминов т.б.)
Көптеген уақыт бойы кеңестік халықаралық құқық ғылым өкілдері жеке
тұлғаның халықаралық құқықсубьектілігін мойындаудан бірауыздан бас тартты.
Кеңестік құқықтық әдебиеттерде жеке тұлғалар халықаралық құқық субьектісі
болып табылмайтындығы жалпы халық мойындаған деп танылды.
Батыстық халықаралық-құқық доктринасында жеке тұлға халықаралық құқық
субьектісі болып табыла ма, жоқ па деген мәселе төңірегінде пікірлер жан-
жақты. Барлық көзқарасты төрт топқа бөлуге болады:
1) Жеке тұлға – халықаралық құқықтың жалғыз субьектісі. Аталған пікір
солидарлық құқық мектебінің өкілдеріне тән. Олар: Брайрли, Л.Дюги,
Г.Краббе, Ж.Ссель.
2) Жек тұлға – халықаралық құқықтың классикалық субьектілермен қатар,
туынды немесе қосымша субьектісі болып табылады. Бұл пікірді
Л.Оппенгейм, Г.Шварценбергер, Ч.Руссо, К.Триндейд, Р.Хигтинс,
Л.Хенкин және тіпті ағылшын ғалымы Г.Лаутерпахт 1950 жылдың өзінде
Международное право прав человека атты еңбегінде жеке тұлғаның
халықаралық құқық субьектісі ретінде мойындау үшін кедергі
нормалардың жоқтығын атап көрсеткен болатын. Кейіннен, 1980 жылы
БҰҰ Халықаралық Қылмыстық Сотының бірнеше жыл бойы төрағасы болып
қызмет атқарған уругвайлық заңгер Э. Хименес де Аречага
мемлекетаралық шарттармен жеке тұлғалардың нақты бір құқықтарға,
сонымен қатар, осы құқықтарды халықаралық әдістермен қорғауға ие
болуы жайлы жазған болатын[5, 259-560]. Жеке тұлға халықаралық
құқық субьектісі болып табылмайды, алайда кейбі халықаралық
нормалар бойынша бенефициар ретінде қатысу мүмкіндігі жоққа
шығарылмайды. Сонымен қатар, жекелеген халықаралық құқыққатынастар
бойынша жеке тұлға нақты құқықтар мен міндеттерге ие бола алады,
бірақ бұл халықаралық құқық субьектісі бола алады деген пікір емес
(Д.Анцилотти, А.Фердросс, В.Фридманн, Ф.Джессеп т.б.)
3) Жеке тұлғаның құқықсубьектілігі мәселесін теоретикалық тұрғыдан
шешуден бас тарту позициясы. Тиімділік қағидасы негізінде туындаған
бұл көзқарасты жақтаушы ағылшын заңгері Ян Броунлидің пікірінше,
халықаралық құқық субьектісі дегеніміз құқықтар мен міндеттерге ие
болуға қабілетті және сонымен қтар, оны халықаралық талап қоя
отырып қорғай алатын субьект[6,179].
Жалпы алғанда заманауи шетелдік халықаралық құқық ғылымы жеке
тұлғалардың халықаралық қылмысы үшін жауапкершілігі және халықаралық сотқа
қолжетімділік құқығы деген шындыққа негізделген, яғни, жеке тұлғаны
туынды, арнайы және шектеулі негізделген түрде халықаралық құқық
субьектісі деп мойындауға болады. Алайда жеке тұлғаны халықаралық құқық
субьектісі ретінде мойындау мәселесін орыс ғалымдары теріске шығарады.
Атап айтқанда, С.В.Черниченко жеке тұлғалардың халықаралық органдарға
тікелей қолжетімділігі оны халықаралық құқықсубьектілікке ие болуын мүлде
білдірмейді деп есептейді[7,23]. Оның пікірінше, мұндай жағдайларда
халықаралық құқыққатынас (жеке тұлғаның халықаралық органдарға қол
жетімділігі жағдайында) мемлекеттер арасында туындайды, ал мұндайға қол
жеткізген жеке тұлғаларда олардың бұл органдармен үздіксіз қатынас
жасағанына қарамастан, құқыққатынастар аталған органдарды құрған
мемлекеттер арасында туындайды. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың халықаралық
құқықта жауапкершілік көтере алу фактісі жағдайында да олар халықаралық
құқық субьектісі болып табылмайды. Көптеген ғалымдар осындай пікірге
тоқталып отыр.
Осы зерттеу жұмысында жеке тұлғаны халықаралық құқықтың субьектісі
ретінде қарау мәселесін біз ғылыми ілімдердің дамуын қадағалай отырып
жеке тұлға халықаралық құқық субьектісі болмаса да, халықаралық қылмыстар
үшін қылмыстық жауапкершілік институтының субьектісі болып табылады деген
пікірді ұстану арқылы шешуге бағыттадық.
Мемлекеттердің халықаралық қарулы қақтығысының нәтижесіндегі
қайғылы нәтижелер халықаралық құқықта жеке тұлғаларды зерттеуге әкеліп
соқтырды. Біріншіден, тікелей жеке тұлғаларға бағытталған және оларға
жасаған әрекеттері үшін жауапкершілік жүктейтін халықаралық құқық
нормалары. Екіншіден, адамның негізгі құқықтары институты халықаралық-
құқықтық сипатқа ие болды.
Екінші Дүниежүзілік соғысқа дейін халықаралық қылмыс үшін жеке
тұлғалардың жауапкершілігі концепциясы Ұлттар Лигасы және 1928 жылғы Париж
пактісі құжаттарында күш көрсету қылмысы мемлекеттердің құқықбұзушылығы
ретінде қарастырылды.
Тек Нюрнберг Әскери Трибуналы жеке тұлғалардың халықаралық
қылмысы үшін дара жауапкершілігі қағидасын мойындады. Сот органы ретінде ол
жекелеген тұлғалардың қылмыстарын қарады, олардың жауапкершілігі осы
қылмыстар үшін мемлекеттердің халықаралық-құқықтық жауапкершілігімен тығыз
байланысты болды. Яғни, сот мәні бойынша осы қылмыстарды жасағаны үшін
жауапкершіліктің екі түрі пайда болады деген тезисті растады.
Мысалы, мемлекеттің юрисдикциясы нәтижесінде (мысалы, Жапония мен
Германия) бейбітшілікке қарсы қылмыс жасаған, кінәлі тұлғаны
жауапкершілікке тарту кезінде егемендікті шектеу немесе мемлекеттің саяси
жауапкершілігінің туындауына әкеп соғады. А.Н.Трайниннің пікірінше,
мемлекет және басқа да заңды тұлғалар адамзатқа қарсы қылмысы үшін саяси
дәне материалдық жауапкершілік көтереді және көтеруге тиіс, қылмыстық
жауапкершілік институтының субьектісі тек жеке тұлғалар болып табылады.
Мемлекет жауапкерлшіліксіз емес, бірақ бұл жауапкершілік қылмыстық құқықтық
емес, саяси, материалдық, моральдық болып табылады [8, 302-308].
Бейбітшілкке қарсы қылмыс жасаған, кінәлі тұлғаларды күш қолданған
мемлекеттің юрисдициясынан алу, мемлекеттің тәуелсіздігін шектеуге және
оған саяси жауапкершілік жүктеуге әкеп соқтырады. Жеке тұлғалардың
қылмыстық жауапкершілігі және мемлекеттердің халықаралық жауапкершілігі бір-
бірін жоққа шығармайды. Мұндай көзқарасты көптеген ғалымдар ұстануда.
Ю.М.Рыбаковтың пікірінше, бейбітшілік пен адамгершілікке қарсы қылмыс
жасаған жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілігінің жалпы
қағидасы аса ауыр қылмыс ретінде мемлекеттің жауапкершілігі институтын
қосымша маңызды әрі қажетті толықтыру қажет [9, 178]. Осылайша Нюрнбергте
тек қана халықаралық қылмыс үшін жеке тұлғалардың жазадан құтылмау қағидасы
дамытылып қана қойған жоқ, сонымен қатар, бұл қағиданың мемлекеттің өзінің
жауапкершілігінің құрамдас бөлігі екендігі қағидасы да бекітілді.
Токио Әскери Трибуналы да осындай қорытындыға келді. Осы
құжаттың А қосымшасында көрсетілгендей, әскери қылмыс ретінде
квалификацияланған қылмыстар кінәлі тұлғамен қатар Жапония мемлекетінің
жеке қылмысы ретінде қарастырылады деп көрсетілді[10, 34]. Бұл факт жеке
жауапкершілікпен қатар сот жапон мемлекетінің әскери қылмыстары үшін
мемлекеттің жауапкершілігі тығыз байланысты екендігін көрсетеді.
Ал 1950 жылғы БҰҰ-ның қабылдаған құжатында Нюрнберг трибуналы
статутымен мойындалған халықаралық құқықтың қағидаларының қатарында
алғашқы қағидада былай көрсетілген: Халықаралық құқықта қылмыс ретінде
танылған кез-келген әрекетті жасаған кез-келген тұлға ол үшін жауапкершілік
көтереді және жазаланады [11, 82].
Халықаралық қауымдастықтың халықаралық қылмыстармен күресу
мәселесі Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық ынтымақтастық пен
дүниежүзілік бейбітшілікті қлдау деп аталатын басты мақсатымен тығыз
байланысты. Әрине, халықаралық қылмыс деп аталатын қоғамға қауіпті
әрекеттің орын алуы мемлекетаралық қарым-қатынастың тұрақтылығына зиян
келтіретіні сөзсіз.
Нюрнберг Трибуналында аталған қағидалардың маңыздылығын ұғына отырып,
БҰҰ 1946 жылғы 11- желтоқсандағы №951 резолюциясында халықаралық құқық
кодификацияясы комитетіне Халықаралық әскери трибунал қаулыларындағы
нормаларды кодификациялау мәселесін тапсырды. Тапсырманы алған БҰҰ
халықаралық құқық Комиссиясы құқықтық кодификациялау мәселесін қолға алды.
Комиссияның жұмысы қауіпсіздік пен бейбітшілікке қарсы қылмыстар туралы
Кодекс пен мемлекеттің халықаралық жауапкершілігі туралы құжаттар жобасын
жасау жолымен жүзеге асырылды.
Қауіпсіздік пен бейбітшілікке қарсы қылмыстар туралы Кодексті
жасау міндетін жүзеге асыруда негізгі екі тапсырма басшылыққа алынды:
1) Нюрнберг трибуналының Жарлығымен мойындалған және оның үкімінде
көрініс тапқан халықаралық құқық қағидаларын жүйелеу; 2) Халықаралық
әскери трибуналының қағидалары мен онымен шығрылған қаулыларға сәйкес
келетін орнын көрсете отырыпадамзат қауіпсіздігі мен бейбітшілікке қарсы
қылмыстар кодексінің жобасын құрастыру.
Соғыстан кейінгі жылдары қылмыстардың кейбір түрлері үшін
мемлекеттер мен жеке тұлғалардың халықаралық-құқықтық жауапкершілігі
белгіленетін көптеген халықаралық-құқықтық актілер қабылданды. Мысалы,
1948 және 1973 жылдарда қабылданған конвенцияларда жеке тұлғалардың
геноцид, апартеид т.б. қылмыстар үшін жазалары жайлы айтылған және
халықаралық құқық Конвенциясының қабылдаған 19-бабына сәйкес, бұл қылмыстар
мемлекеттің әрекеті ретінде сараланды.
Халықаралық-құқықтық құжаттарға сәйкес, халықаралық қылмыстың
субьектісі ретінде мемлекет және оның атынан қатысатын және қылмыс жасаған
жеке тұлғалар болып табылады. Көптеген халықаралық заңгерлердің
көзқарастары да осы пікірге сәйкес келеді.
Дипломатиялық сөздікте адамзатқа қарсы қылмыс жасаған
мемлекеттер саяси және материалдық жауапкершілік көтереді, ал жеке тұлғалар
халықаралық құқық бойынша жеке қылмыстық жауапкершілік көтереді деп
көрсетеді[12, 592].
Г.И.Тункиннің пікірінше, заманауи халықаралық құқықта
бейбітшілікке және адамзатқа қарсы қылмыстар, әскери қылмыстар үшін жеке
жауапкершілік қағидасы мойындалады (мемлекеттің жауапкершілігімен
қатар)[13, 431]. Күш қолданушылық соғысты және басқа да халықаралық
құқықбұзушылықты халықаралық құқық қылмыс деп тапқан жағдайда, мұнымен тек
мемлекетке қарсы аса ауыр құқықбұзушылық ретінде көрсетіледі. Ал, жеке
тұлғаларға қатысты алғанда – қазіргі заманғы құқықта мәселе нақты
халықаралық қылмыс және одан шығатын халықаралық қылмыстық жауапкершілік
туралы болып отыр жазды ол.
Кеңестік халықаралық құқық ғылымында халықаралық жауапкершілік
мәселесін ең алғаш болып қарастырған В.И.Менжинский. Ол халықаралық
қылмыстар – бейбітшілікті жақтаған халықтың өмірлік мүдделеріне бағытталған
қоғамдық қауіпті деликт деп атап көрсетті. Бұл жағдайда тек қана
мемлекеттің ғана жауапкершілігі туралы айтып қою жеткіліксіз. Халықаралық
қылмыстың субьектісі мемлекеттермен қатар, жеке тұлғалар да болып
табылады[14, 14-15].
Осыған ұқсас пікірді Л.Н.Галенская да айтады. Қылмыс субьектісі
ретінде мемлекетті атап көрсету, жеке тұлғаны да қылмыс субьектісі ретінде
қарастыруды жоққа шығармайды.Жеке тұлғалардың халықаралық қылмысы үшін
жауапкершілігі мемлекеттің жауапкершілігінің бір нысаны ретінде
қарастырылады[15, 332].Жеке тұлғалар мемлекеттермен қатар халықаралық
құқық субьектісі болып табылады және халықаралық қылмыстық жауапкершілікті
көтереді. Осыған байланысты күш қолдануға тоқталайық. Халықаралық Әскери
Трибуналдың Жарлығының 6-бабында көрсетілгендей, бұл халықаралық қылмыстың
төрт құрамын атап көрсетуге болады – жоспарлау, дайындалу, байлныстыру және
қарулы қақтығысты жүзеге асыру – жеке тұлғалардың қылмысы болып
табылады. Алайда осы қылмыс құрамы үшін жауапты гитлерлік мемлекеттің өзі
болғанын білеміз. Ең алдымен, А.И.Полторак айтқандай, бұл құрамдардың
барлығы – күш қолданушы соғыстың барлығы мемлекетпен ұйымдастырылған болып
табылады.
Халықаралық құқық және саясат басқармасының директорының
орынбасары, профессор Ф.Бюньон Нюрнбергте 1945жылы 8-тамызда қабылданған
Халықаралық Әскери Трибуналының Жарғысын қарастыра келе, бұл құжат сөзсіз
халықаралық құқық құралы бола отырып, күш қолдану соғысын қарастыратын, оны
квалификациялайтын және мемлекеттің халықаралық жауапкершілігімен қатар,
оған дйындық пен байланыстыруды жүзеге асыратын жеке тұлғалардың
жауапкершілігін көрсететін бірден-бір құжат болып табылады деп көрсетті[16,
590].
Профессор Г.М.Мелков дұрыс атап көрсеткендей, халықаралық
қылмыс, халықаралық сипаттағы қылмыс және басқа да халықаралық
құқықбұзушылықтар жасаған жеке тұлғалар (азаматтар мен азаматтығы жоқ
тұлғалар) осындай құқықбұзушылықтар үшін жаза көздейтін халықаралық
шарттарға, сонымен қатар, сол мемлекеттің азаматы және сол мемлекеттің
территориясында тұрып жатқан мемлекеттің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке
тартылады[17, 626].
Жеке тұлғалардың бір әрекеті әр түрлі шекте қарастырылуы мүмкін.
Егер қандай да бір жоғары лауазымды тұлға (мысалы, мемлекет басшысы,
үкімет басшысы) өзінің ресми сипатында халықаралық құқықты бұзса, оның
әрекеті ең алдымен мемлекеттің әрекеті ретінде қарастыруға және осы
мемлекетті халықаралық құқық нормалары бойынша жауапкершілікке тартылуына
негіз болады. Дәл осы әрекет жеке тұлғаның әрекеті ретінде қарастырылады
және және жекелеген жағдайларда (егер мемлекет халықаралық құқықтың
нормасын өрескел бұзса) аталған тұлға қылмыстық жауапкершілікке
тартылады.Мұндай әрекеттер халықаралық қылмысты жасау үшін мемлекетті қару
ретінде қолдануы жағдайымен де көрінеді. Дәл осы ресми ережелер олардың
әрекетін бір мезгілде мемлекеттің әрекеті ретінде сралауға мүмкіндік
береді.
Халықаралық Қылмыстық Соттың Статутының 1-бабына сәйкес, оның
міндеті халықаралық қауымдастықты алаңдатқан ауыр қылмысты жасаған
тұлғаларға қатысты юрисдикцияны жүзеге асыру болып табылады. ХҚС-тың 25
Статутының 1-бабына сәйкес, қылмыс субьектісі мемлекет пен ұйымдар емес,
жеке тұлға болып табылады.
Екінші Дүниежүзілік соғысының әскери қылмыскерлерін соттаған
Халықаралық Әскери Трибуналдың өзі қылмысты абстрактілі субьектілер емес,
нақты бір адамдар жасайды, соған сәйкес нақты адамдар жауапкершілікке
тартылуы қажет. Статут бойынша қылмыстық жауапкершілік жеке, ұжымдық емес
болып табылады. Заңды тұлға немес адамдар тобы қылмыс үшін кінәлі болып тек
қана олардың қылмыстық топқа қатыстылығы негізінде анықталады. Жеке
тұлғалардың жасаған қылмысы үшін жауапкершілігінің деңгейі тек қана оның
жеке үлесімен ғана емес, топтың құрылымын пайдалану фактісімен де
анықталады.
Жеке тұлға бір рет жасалған халықаралық қылмыс үшін
жауапкершілікке тартылады, ол өз құрамына ұжымдық жалпы қылмысты қамтиды.
Халықаралық құқық бойынша қылмыс бір жүйенің, ұйымның құрамына енетін жеке
тұлғамен жасалады. Ортақ қылмысты жеке тұлға оны ұйымдастыруы және оны
жүзеге асыруға көмектесуі арқылы жауапкершілікке тартылады.
Халықаралық қылмыс жасағаны үшін жеке жауапкершілікке тартылу
мәселесі халықаралық құқық нормаларынан тікелей туындайды. Қылмысқа
қатысушыларды жазалау құқығы көрсетілген Халықаралық Қылмыстық Соттың
Статутының ережелері де тікелей халықаралық құқық нормаларынан туындайды.
Сондықтан да жеке тұлғалар халықаралық қылмысы үшін ұлттық құқықта қандай
да бір қылмыстық – құқықтық тиымдар болғанына қарамастан жауапкершілікке
тартылады. Бұл қағида ХҚС 25 Статутының 2-бабында нақтыланған: қылмыс
жасаған және Соттың юрисдикциясына түскен тұлға жеке жауапкершілікке
тартылады және осы Статутқа сәйкес жазалануға жатады. Осыған ұқсас
ережелер бұрынғы Югославия, Руанде мемлекеттері бойынша Халықаралық
қылмыстық соттардың Жарлықтарында да мазмұндалған.
Жеке тұлғаның халықаралық қылмыстық жауапкершіліктің субьектісі
болып табылатындығы логикалық тұрғыдан дұрыс болып табылады. А.Н.Трайнин
атап көрсеткендей, мемлекет есі дұрыс немесе есі дұрыс емес бола алмайды;
және мемлекет сотталушы орнында немесе түрмеде отыра алмайды[18, 42].
Н.М.Минасянның пікірінше халықаралық қылмыстық жауапкершіліктің субьектісі
тек жеке тұлғалар болып табылады. Қылмыстық санкиялар (түрмеге қамау,
жазаның ең жоғарға шегі) тек қана жеке тұлғаларға - аса ауыр халықаралық
қылмыс жасаған басты және басқа да әскери қылмыскерлерге ғана қолданылады.
Халықаралық қылмыс үшін жеке жауапкершілік қағидасын бекіту –
Нюрнберг процесінің маңызды тезисі болғанын айта кету қажет. Халықаралық
қылмыстардың жаңа концепциясының қағидалы туындауының нәтижесінде
халықаралық-құқықтық жауапкершілік институтының бүгінде бұрынғы
дүниетанымнан айтарлықтай ерекшеленді.
Халықаралық – құқықтық құжаттарды талдау халықаралық қылмыстың
субьектілері мемлекетпен қатар, оның атынан қатысқан немесе осы қылмысты
жасаған жеке тұлғалар да болып табылады. Халықаралық қылмыстар үшін
қылмыстық жауапкершілікті – яғни, адамзат пен бейбітшілікке қарсы
қылмыстар, әскери қылмыстар үшін жауапкершілікті тек қана осыны жасаған
жеке тұлғалар көтереді. Мемлекеттің қылмыстық жауапкершілігі концепциясы
әскери қылмыскерлерді ақтап, оларды әділ жазадан құтылдырудың жолы болып
табылады.
Сонымен, жеке тұлға халықаралық құқықтың субьектісі болмаса да,
халықаралық құқық бойынша жауапкершілікті көтере отырып, халықаралық
қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершіліктің бірден–бір субьектісі болып
табылады.
2. Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстар үшін жауапкершілік интитутының
қалыптасуы мен даму тарихы
ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында, яғни, халықаралық гуманитарлық
құқықтың кодификациялануы кезеңінде оның нормаларын бұзғаны үшін қылмыстық
қудалану концепциясы өз дамуын бастау алғанын байқауға болады.
ХХ ғасырда нақты бір мемлекетті басқарып отырған тұлғалардың әрекеті
негізінде деликт пен халықаралық қылмыс орын алатыны, және бұл жағдайда
мемлекет халықаралық құқық нормаларымен қорғалатын құндылықтарға қол сұғу
қаруы және басқа мемлекетке, оның заңды және жеке тұлғаларына зиян келтіру
құралы ретінде қолданылатыны жайында жалпы түсінік пайда болды. Деликвент-
мемлекеттердің басшылары мен басқа да ресми тұлғаларын, көмекшілері мен
жетекшілерінің қылмыстық бұйрығын орындаушыларды қылмыстық жауапкершілікке
тарту саяси тұрғыдан алып қарағанда халықаралық сот ісін жүргізуде лайықты
механизмнің жетіспеушілігі мен мемлекеттердің қылмыскерлерді бермеу құқығын
асыра пайдалану нәтижесінде қиын жағдай болып табылады.
Мемлекеттердің басшыларының, жетекшілерінің қарулы күш қолдану немесе
басқа да қылмыстары үшін жазалау қажеттілігі халықаралық гуманитарлық
құқықта жалғыз субектілері жетекшілер, лауазымды тұлғалар, қызметкерлер мен
мемлекеттің басқа да агенттері болып табылатын жеке тұлғалардың
халықаралық қылмысы үшін жауапкершілік институтының құрылуына себеп болды.
Аталған субьектілер қылмысқа тапсырыс беру, бұйрық беру, осы бұйрықты
орындау және басқа да әрекеттер арқылы халықаралық қылмыс деп танылған
әрекетті жасаушылар болып табылады.
Соғыс әдеттері мен заңдылықтарын бұзғаны үшін қылмыстық
жауапкершілікті құқықтық реттеу мәселесі тек ХХ ғасырда ғана қалыптасты.
1907 ж. құрлық соғысының әдеттері мен заңы туралы Гаага конвенциясы
соғысушы тараптар олардың әскери күшінің құрамына енетін барлық тұлғалардың
әрекеттері үшін жауапты деп көрсетті. Расымен, бұл бапта соғысушы мемлекет
оның қарулы күштерінің құрамына енетін тұлғалардың кінәлары үшін
жауапкершілік көтеретіні көрсетіліп тұр. Бірақ мемлекет халықаралық
гуманитарлық құқық нормаларының бұзылғаны үшін қылмыстық жауапкершілік
субьектісі бола алмайды. Бұған қарай отырып, соғысушы мемлекеттер, яғни,
осы Конвенцияның қатысушылары соғыс әдеттері мен заңын бұзған тұлғаларды
қылмыстық жауапкершілікке тартуды жүзеге асыру қажет деп қана болжауға
болады[19, 255].
Көлемі мен ауырлығы тұрғысынан өте ауқымды болып табылатын 1914-1918
ж.ж. Бірінші дүниежүзілік соғысы кезіндегі Германия мемлекеті жасаған
қылмыстар осы қылмысқа тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту міселесін
күрделі шиеленіске әкеп соқтырды.
Версаль шартының 227-бабына сәйкес одақтас және біріккен державалар
Германияның бұрынғы императоры ІІ Вильгельм Гогенцоллернге халықаралық
мораль мен шарттың қасиетті күшін қорлағаны үшін айып таққан болатын.
Версаль келісім шарты ІІ Вильгельмнің ісін
қарау үшін арнайы Халықаралық трибунал құруды қарастырған болатын.
Алайда, Антанта елдері Германияның басшысын жазалауға дайын
екендіктерін тек жариялап қана қойды. Бірақ өздері халықаралық тәжірибеде
қауіпті прецедент болып табылатын ІІ Вильгельмнің сот процесінен
қауіптенді. Нәтижесінде ІІ Вильгельм соттық жауапкершілікке сол бойы
тартылмай қалды. Оның үстіне ол қашып тығылған мемлекет – Голландия оны
бұстап беруден бас тартты.
Сонымен қатар, Версаль бейбіт келісім шартының 228-бабында қатысушы
мемлекеттер өз трибуналдарының алдында соғыс әдеттері мен заңын сақтамаған
неміс азаматтарын жауапкершілікке тарту құқығы көрсетілген болатын. Алайда,
жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарту да сәтсіз нәтиже берді[20, 555].
Германия өз азаматтарын тек неміс сотында жауапкершілікке тарту
мүмкіндігіне қол жеткізді. Нәтижесінде Лейпцигте бгерман азаматтарының
ісін қараған бірнеше сот отырысы болып өтті, бірақ олардың кейбіреуі
ақталса, енді біреулері ең төмен шектегі жаза алды.
Осылайша батыстық державалардың ІІ Вильгельм мен соғыс әдеті мен
заңын бұзған басқа да тұлғаларды жауапкершілікке тартуға әрекеттенуі еш
нәтижесіз қалды. Одақтас мемлекеттердің тізімі бойынша жауапқа тартылуы
тиіс тұлғалардың жалпы саны 896 болса, Германия ұсынған тізім бойынша
олардың саны 45 болды; Лейпцигтегі трибуналда тек 12 адам жауап берсе, оның
6 ғана сотталды. Версаль шартының Бірінші дүниежүзілік соғыста соғыс әдеті
мен заңын бұзғаны үшін Германияны жауапкершілікке тарту туралы ережелері
іске аспай қалды.
Бірақ 1919 ж. Версаль шарты соғыс әдеті мен заңын бұзғаны үшін жазаға
тартылу мәселесін көрсетті және бұл осы құқықбұзушылықтарды халықаралық
қылмыс ретінде саралауға негіз болды.
1929 ж. Әскердегі жаралылар мен аурулардың жағдайын жақсарту туралы
және Соғыс тұтқындары туралы Женева конвенциялары қабылданды. Бұл
конвенцияда қатысушы мемлекеттерге осы конвенцияның нормаларын бұзғаны үшін
арнайы шара қолдану туралы нормативтік акті ққабылдау немесе заңшығару
органдарына басқа да шаралар золдану міндеті жүктелді. Яғни, конвенцияда
осы конвенцияның нормаларын бұзғаны үшін жеке тұлғаларды жауапкершілікке
тарту тікелей көрсетілді.
Осылайша халықаралық құқықта халықаралық құқықпен қылмыстық
жауапкершіліктің туындауы үшін осы жауапкершілік сол мемлекеттің ұлттық
заңнамасында да көрініс табу қажеттілігі туралы түсінік пайда болды.
Халықаралық гуманитарлық құқықтың нормативтік қорын дамытуда Екінші
дүниежүзілік соғысқа дейін-ақ Ұлттар Лигасы мен халықаралық құқық
Ассоциациясы, Халықаралық қылмыстық құқық ассоциациясы халықаралық
қылмыстық сот құруға талпынған болатын. Бұл 1937 жылы Халықаралық қылмыстық
сот құру туралы Конвенцияны қабылдауға негіз болды, бірақ бұл конвенция
күшіне енбей қалып қойды.
Олай болса, Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін халықаралық гуманитарлық
құқық жеке тұлғалардың халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын бұзғаны
үшін жауапкершілікке тарту ткралы жалпы теоретикалық талаптар қалыптасты.
Бірақ бұл кезеңде халықаралық гуманитарлық құқықтың нормаларын бұзған
істерді қарау құзыретіне ие халықаралық орган құрылмады, яғни
конвенцияларда көрсетілген нормалар өмірде іс жүзіне аспады.
Әскери қылмыскерлерді жазалау идеясын Екінші дүнииежүзілік соғыс
аяқталғаннан кейін ғана іске асты. Бұған бірден-бір себеп олған
құқықбұзушы мемлекеттердің қылмыскерлерін жауапкершілікке тарту мәселесі
тұрғысында радикалды шешім қабылдаған Кеңес Одағының қағидалы саясаты еді.
Кеңес Одағының уәкілетті органдары соғыс кезінде фашистік Германия
қылмыскерлерінің нақты санының тізімін жүргізіп отырды. 1942 ж.
2-қарашадағы Жоғары сот Президиумының Жарлығымен азаматтарға,
колхоздарға, қоғамдық ұйымдарға, мемлекеттік кәсіпорындарға және КСРО-ның
басқа да мекемелеріне зиян келтірген фашист басқыншылары мен олардың
сыбайластарының әректтерін зерттеу мен анықтау туралы Төтенше комиссия
құрылды. Комиссияның материалдары Нюрнберг процесінде КСРО территориясында
басқыншылық әрекетін жасағаны үшін гитлерліктерге айып тағу кезінде
ұсынылды. Біріккен Ұлттар шегінде әскери қылмыстар туралы Комиссия құрылды
(United Nations War Crimes Commissions). Кеңес Одағы әскери қылмыстар
бойынша жауапкершілік қағидасын алғаш көрсетіп қана қойған жоқ, оны
тәжірибе жүзінде ең бірінші жүзеге асырды.
1943 жылы Харьков пен Краснодар қалаларында әскери қылмыскерлер ісі
бойынша бірнеше сот отырысы өтті, сосын мұндай сот процесі басқа да
кеңестік қалаларда, атап айтқанда: Киев, Минск, Рига, Ленинград, Смоленск,
Брянск, Николаева т.б. қалаларда болып өтті.
1945 жылы 8-қарашада Лондан қаласында КСРО, АҚШ, Біріккен Ұлыбритания
Корольдігі және Солтүстік Ирландия және Француз Республикасының Уақытша
Үкіметі арасында Келісім жасалды. Келісімнің негізі КСРО, АҚШ және
Ұлыбритания қол қойған гитлерліктерді жауапкершілікке тарту туралы 1943
жылғы 30-қазандағы Мәскеу Декларациясы құрады. Осы декларацияға сәйкес,
Лондон келісімінде былай делінді: Бұл Келісімде ешкім де кез келген
кеңестік территорисында немесе Германия территориясында әскери
қылмыскерлердің ісін қарайтын соттардың құқықтарын және құзыреттілігін
шектемейді [21, 520].
Гитлерліктердің ісін қарайтын халықаралық сотты құру қажеттілігі КСРО
Үкіметінің Гитлерлік басып алушылардың және олардың сыбайластарының Европа
елдерінде қарулы қылмыстық әрекетті жасағаны үшін жауапкершілік туралы
өтінішінде көрініс табады. Онда Кеңестік үкімет фашистік Германия
мемлекетінің кез келген басшыларын арнайы Халықаралық сот трибуналына
беріп, қатал жазаға тартылу қажет деп есептейді деп жазылды.
Әскери трибунал басқармасына халықаралық статус дәрежесін беруге 1945
жылы Сан-Францискода фашистік агрессияға қарсы тұрған мемлекеттердің
татулығын біріктірген, әлемдіңһк ынтымақтастық пен бейбітшілік ұйымы –
Біріккен Ұлттар Ұйымын құру арқылы мүмкіндік туды.
Халықаралық Әскери Трибуналдың ұйымдастырылуы мен юрисдикциясы
Лондон келісімінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын Жарғымен
айқындалды. Жарғыға сәйкес Трибунал төрт мүше мен олардың орынбасарларынан
құралды. Трибуналдың мүшелері мен олардың орынбасарлары келісімге қол қоюшы
үкіметтермен тағайындалды.
Тұтастай алғанда Трибунал да, оның мүшелері де айыптаушы, сотталушы
немесе қорғау тараптары арқылы алып тасталынбайтын. Олар тек өздерін
тағайындаған үкіметпен ғана қызметінен кері шақырып алынатын немесе
ауыстырылатын. Жарғының 6-бабына сәйкес, Халықаралық Әскери Трибуал
европалық мемлекеттердің атынан немесе ұйымдардың мүшелері атынан мына
қылмыстардың кез келгенін жасаған жағдайда жауапкершілікке тарта алды: а)
бейбітшілікке қарсы қылмыстар; б) әскери қылмыстар; в) адамзатқа қарсы
қылмыстар.
Халықаралық Әскери Трибуналдың Жарғысында оның қызметінің жалпы
қағидалары көрсетілді:
-Халықаралық Әскери Трибуналдың юрисдикциясына түскен қылмыстар үшін
тұлғалардың жеке жауапкершілінгі қағидасы;
- Кінәлі тұлғалардың қылмыстық әрекеттегі рөліне байланыссыз олардың
жазадан құтылмайтындығы қағидасы;
-сотталушылардың лауазымдық жағдайы, олардың мемлекет басшысы немесе
әр түрлі үкімет мекемелеріндегі шенеунік ретіндегі жағдайы оларды
жауапкершіліктен босату немесе жазаны жеңілдетуге негіз болмайтындығы
қағидасы;
- үкіметтің бұйрығы немесе бастығының бұйрығын жасаған сотталушы
әрекеті оны жауапкершіліктен босатпайды, бірақ жазаны жеңілдететін мән-жай
ретінде қарастырылады;
-сотталушы оның мүшесі болып табылатын қылмыстық топты Трибуналдың
қылмыскер деп тану құқығы;
- сотталушыны Халықаралық Әскери Соттың жауапкершілікке тартып,
соттауы оның жасаған басқа қылмыстары үшін ұлттық, басқа да әскери т.б.
соттардың жазалауынан босатпайды;
- Халықаралық Әскери Трибуналдың Жарғысының 6-бабында көрсетілген
қылмыстар бойынша айыпталушы тұлғаның қатысуынсыз (айыпталушы ұсталмаған
немесе сырттай) істі қарауы.
Басты әскери қымыскерлер ретінде бандитизмді жүзеге асырған
немесе ұйымдастырған, яғни үкімет құрамында немесе оның органдарына тікелей
бағынысты орындарда, ұлтшылдар партияларында қызмет атқарған тұлғалар
танылады. Халықаралық Әскери Трибуналдың Жарғысы үкімет мүшелерін оларың
әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке емес, тек саяси жауапкершілікке
тартылуын мүлдем теріске шығарды. Жарғының 7-бабында Сотталушылардың
лауазымдық жағдайы, олардың мемлекет басшысы ретінде немесе басқа да
үкіметтік ұйымдардың шенеуніктері ретіндегі жағдайы оның жазасын жеңілдету
үшін немесе жазадан босату үшін негіз бола алмайды.
1945 жылы 18-қарашада Берлин қаласында Халықаралық Әскери
Трибуналдың мәжілісі болып өтті, онда Трибунал мүшелері ант қабылдады, баты
айыптаушылар Трибуналға айыптау қорытындыларын ұсынды. Осы мәжілісте
сотталушыларға айыптау қорытындысының көшірмелері ұсынылды. Істерді қарау
1945 жылы 20-қарашада басталды.Халықаралық Әскери Трибуналдың 403 ашық сот
отырысы болып өтті. Сотталушы орындығында биліктің барлық өкілдері: бас
әскери және мемлекеттік қызметкерлер, елшілер, ірі банкирлер және
кәсіпкерлер болды.
Сот залында тек қана ұлтшылдар басшылары – Гитлер, Геббельс және
Гиммлерлер ғана отырмады, себебі олар Берлинді Қызыл Әскердің басып алуы
кезінде өз өздерін өлтірген болатын. Барлығына дәлел етінде аса ауыр
қылмыстар: тұтастай бір ұлтты жойып жіберу, халықтарды қырып-жою, басып
алған елдің экономикасын жою мен қирату, адамдарды құлдыққа сату, әскери
тұтқындарды қорлау, оларды өлтіру және басқа да қылмыстар жатады.
1946 жылы 1-қазанда Нюрнберг Әскери Трибуналының үкімі
жарияланды, 12 бас әскери қылмыскерлер (Геринг, Риббентроп, Кейтель,
Кальтернбруннер, Розенберг, Франк, Фрик, Штрейхер, Заукель, Иодль, Зейсс-
Инкварт Борманн) өлім жазасына кесілді, үш қылмыскер (Функ, Гесс, Редер)
өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына, төрт қылмыскер (Дениц, Ширах,
Шпеер және Нейрат) он жылдан жиырма жылға дейін бас бостандығынан айыру
жазасына кесілді. Трибунал мына ұйымдарды қылмыстық ұйымдар деп таныды: СС
(қорғау отрядтары), гестапо (мемлекеттік құпия полиция), СД (қауіпсіздік
қызметі) және ұлтшылдар партиясының басқарма құрамы.
Нюрнберг процесі құқықтық және қоғамдық-саяси жүйеде аса маңызды
рөл атқарды. Ол ұлтшыл заңсыздықтың алдында Заңдылықтың үстемдік құрғанын
көрсеткен ірі тарихи оқиға болды. Нюрнберг процесі фашистік Германияның
қатыгез әрекетін, оның бүкіл мемлекет пен халықтарды жою жоспарын жойды.
Нюрнберг процесі тарих сахнасындағы осындай сипаттағы ең алғашқы
процесс болды. Ол халықаралық қылмыстың жаңа түрлерін анықтап берді,
нәтижесінде бұлар халықаралық құқық пен көптеген мемлекеттердің ұлттық
заңнамасына енді.
Ең алғаш рет ресми тұлғалар қанды соғыстарды жоспарлағаны,
дайындағаны және жүзеге асырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Мемлекет басшыларының әскер және үкімет басшыларының бұйрықтарын орындау
оларды қылмыстық жауапкершіліктен босатылмауы жағдайы бекітілді. Нюрнберг
Трибуналының үкімі БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 1946 жылғы 11-желтоқсандағы
резолюциясында қолдауға ие болды, ол Нюрнберг Трибуналының Статутымен
мойындалған қағидаларды бекіту деп аталды. Бұл құжатта Бас Ассамблея
Халықаралық Әскери Трибуналдың әскери қылмыскерлерді жауапкершілікке тарту
ережесін қабыл алатыны көрсетілген[21, 550].
Нюрнберг үкімі халықаралық құқықтың қағидаларын дамытуда аса зор
үлес қосты. Осыдан кейін қарулы қақтығыстар жағдайында адам құқықтарын
қорғау туралы бірнеше актілер қабылданды. Бұлар: 1948 ж. 9-желтоқсандағы
геноцид қылмысының алдын алу мен ол үшін жаза тағайындау туралы Конвенция
мен 1973 ж. 30-қаршадағы апартеид қылмысының алдын алу және ол үшін жаза
тағайындау туралы Конвенция болатын.
Сонымен қатар 1949 ж. соғыс құрбандарын қорғау тураы Женева
конвенциясына халықаралық сипаттағы қарулы қақтығыстар кезіндегі әскери
қылмыстар конвенцияны өрескел бұзу деген құқықтық категорияда сараланды.
Бұл Женева конвенциялары мемлекеттерге осындай құқықбұзушылықтар үшін
қылмыстық қудалауды жүргізу міндетін артты.
1977 жылы 1949 ж. Женева конвенциясына толықтыру ретінде екі
Қосымша протокол қабылданды. Бірінші Қосымша протоколда халықаралық
гуманитарлық құқық нормаларын бұзғаны үшін жеке тұлғаларды қылмыстық
жауапкершілікке тарту мәселесі дамытылды. Онда соғысушы тараптар өзінің
қарулы күштерінің құрамына енетін барлық әскери тұлғалардың әрекеттері
үшін жауапты деп бекітілді.
Халықаралық емес қарулы қақтығыстарға келсек, екінші Қосымша
протоколда Қылмыстық қудалау туралы бап қарулы қақтығыстармен байланысты
қылмыстық құқықбұзушылықтарға қолданылады деп көрсетілді.
Қатысушы мемлекеттерге өз ұлттық заңнамалары шегінде осы конвенцияның
нормаларын бұзған тұлғаларды олардың азаматтығына қарамастан қылмыстық
немесе тәртіптік жазаға тартылуын көздейтін норма қабылдауды міндеттейтін
1954 ж. Қарулы қақтығыстар кезінде мәдени құндылықтарды қорғау туралы
Конвенцияға 1999 жылы Екінші Қосымша протокол қабылданды. 1981 ж. Аса ауыр
зиян келтіруі мүмкін нақты қарапайым қаруларды қолдануды шектеу мен тиым
салу туралы Конвенция қабылданды. Осы нормативтік актілерге сәйкес, осы
конвенциялардың нормаларын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту
бекітілді.
Жоғарыда аталған барлық Конвенциялар халықаралық қылмыс жасағаны үшін
жеке тұлғаларды жауапкершілікке тартуды көздейтін халықаралық гуманитарлық
құқықтың қайнар көзі болып табылады. Ресей (Кеңес Одағы) халықаралық
келісімдердің қатысушысы бола отырып, халықаралық қылмысқа тапсырыс берген
немесе орындаған тұлғаларды жауапкершілікке тарту тиімділігін арттыру
мақсатында өз заңнамасына өзгерістер енгізді.
Халықаралық құқық нормаларында көрсетілген міндеттемелерді орындауды
Ресей ұлттық заңнамасында бекіту шарттық міндеттемелерді орындауда
императивтілік қағидасын көрсетеді. Бұл нормалар РФ Конституциясының 15-
бабының 4-тармағында, РФ халықаралық шарттары туралы 1995 ж. Заңында,
және сонымен қатар РФ Жоғары Сот Пленумының 2003 ж. 10-қазандағы Ресей
Федерациясының жалпы юридикциялық соттарында халықаралық шарттары мен
халықаралық құқық нормалары және жалпы мойындалған қағидаларды қолдануы
туралы Қаулысында көрініс тапқан.
Алайда, біздің ойымызша, ресейлік заңнамада халықаралық гуманитарлық
құқық нормаларын бұзғаны үшін жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы
нормалар халықаралық құқық нормаларымен көлемі жағынан сәйкес келмейді. Екі
елдің заңнамасында да аталған жауапкершілікті белгілейтін бап өте аз.
Мысалы, Ресей Федерациясының Қылмыстық Кодексінің тек 356-бабында соғыс
жүргізудің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz