Қазақ әдебиетіндегі әнші-ақындар мен күйшілер бейнесі


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Қолжазба құқығында
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ӘНШІ-АҚЫНДАР
МЕН КҮЙШІЛЕР БЕЙНЕСІ
Алматы - 2008
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Ұлт мұраты - азаттық, тәуелсіздікте екенін кешегі тарих та, қазіргі кезеңнің шындықтары да жан-жақты растап отыр. Бабаларымыз армандаған, бірнеше буын асыға һәм сарыла күткен тәуелсіздігі - қазіргі таңда тұғырына қонды. Бәсекеге қабілеттілік - дәстүр мен жаңашылдыққа, ұрпақтар үндестігіне, тәлім-тәрбие ісімен тығыз байланысты. Ал, өсер ел өрісінің кеңеюі - руханият әлеміне, рухани кемелдікке келіп саяды.
Бүгінгі ұрпақтың кешегіні білуі, бағалауы - мемлекетіміздің болашағы үшін аса қажет. ұлт мұраты мен тарихына, өнері мен әдебиетіне қатысты шығармаларын оқымаған, тәлім-тәрбие алмаған ұрпақ ертең осы мемлекет үшін күйеді, қолына қару алып оны қорғайды деп айту қиынның қиыны.
Ұлт мұраты мен руханият ісінің өрісі кең.
Көркемдік ізденістің палитрасы кең де шексіз. Біз көп нәрсені қоғамдық тұрғыдан бағалап, идеологияға бағындырып келдік. Өнер мұратының бір мәні - адамның ішкі болмысына, табиғатына бойлайтын шығармаларға бет бұру болып табылады.
Әдебиет - ар ісі, адамдық әлемі, жүрек нұры.
Әдебиет - үздіксіз даму үстінде болатын, үнемі жаңарып отыратын өнер түрі. Оның өсіп - өркендеуіне, қанат жаюына барша талант иесі, барлық жанр ат салысатыны белгілі. Қазақ әдебиетінің бұрылыс-бұралаңы мол, қиын да күрделі өсу жолында өшпес із қалдырған қаламгерлеріміз көптеп саналады.
Ұлттық сөз өнері биік белбелестерге көтерілді. Қазақтың ұлттық әдебиеті ғаламдық даңққа ие екендігі баршамызға белгілі. Шеберлік мектебі, көркемдік дәстүрлер жүйесі, тіл мәдениеті, өнер әлемі жоғары деңгейде қалыптасып, қарыштап өсіп, өркендеген-ді. ұлттық көркем сөз өнері қандай жағдайда болмасын даму үстінде болатыны, халқы бар жерде жоғалмайтынын уақыт тынысы айқын аңғартады.
Зерттеу жүйесі өнер турасында болғасын, оның қаңқа - тұлғасы, болмыс - бітімі күнделікті тыныс-тіршілікті айналып өте алмайтыны анық. Содан да өнер мен тектілік ең алдымен алдымызды орайтын ұғымдар. Бір шындық айқын, ол - рухы күштінің ұрпағы еңселі, тұғыры биік, даңқы зор.
ұлттық өнер саласын барша қадыр-қасиетімен саралап тану үшін кемел біліктілік, ғылыми негіз қажет.
Әдебиет - өнер әсемдік нәрі. Арғы-бергі тарих та, адам факторының иірім-сырлары да, руханият мәселелері де кең орын алады. Бұл қаламгердің қайсібірінің туындыларын алсақ та ұлт тарихы мен тағдырын, танымал өнер иелерінің өмірі мен кезеңін, сонымен бірге халық мәдениетінің қайнарын кемел де көркем суреттегені танылар еді. Ұлт мұратына адалдық та, өнер көкжиегінің шексіздігі де кеңінен көрініс береді.
Көркем туынды табиғатынан - халық өнеріне де кең орын беріледі. Бұл ретте, әрине, өнер - адам жан-дүниесінің саналы ағымы. Көшпелілердің өмір салты да, сөз өнері де, музыкасы мен қол өнері де мәдениет төңірегінде өріс алады. Ал, өнер - мәдениеттің рухани саласы. Өнер мұраты мен ондағы өнерпаз сипаттары - адами әлемімен, мәдени-рухани көкжиектерімен, тарих пен танымға адалдықтарымен ден қойғызады.
Адамның рухани мүмкіндігінің нәтижесі болып есептелетіннің бәрі - өнер. Әлемдегі кез келген халықты өнерсіз елестету қиын. Еліміздің қазіргі жағдайында, бүкіл мәдениеттің ішінен ұлттық мүддемізге сәйкес келетін, соның рухани болмысын қалыптастыратын өнерді анықтап, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде қазіргі қазақ прозасында әрқайсысының орны бөлек жазушылардың, проза шеберлерінің, ғалымдардың шығармаларын талдап көпшілікке ұсыну - жауапты қадам, кәделі іс.
Қазіргі нарықтық жағдай мен адам психологиясы, дәстүрлі ұлттық мәдениетіміз бен сырттан келіп жатқан бұқаралық мәдениеттің ара қатынасын таразыға салсақ, болашығымыздың рухани деңгейін көтеруге - көркем шығарма көмекке келеді. Өйткені, көркем туынды - рухани нәр ғана емес, онда тұтас халықтың тарихы мен тағдыры, өмір-тұрмысы, болашақ бағдарлары кең орын алады.
Демек, көркем әдебиет, дәстүрлі мәдениет үлгілері қай кезеңде де маңызды. Адам әлемін ашуда, руханият мұраларын танып - түстеу ісінде де маңызы зор. Тақырып өзектілігі де осыған келіп саяды. ұлт мұратын, өмір өнегесін, еңбек сипатын, өнер өрісін айқындауда да мәні айрықша болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Көркем әдебиет туындылары мен ондағы тарихи - әлеуметтік, қоғамдық шындықтардың ара қатынасын, олардың көркемдік танымымызға тигізген әсер - ықпалын зерттеу - әдебиеттану ғылымы үшін көкейкесті, зәру мәселелердің бірі болып табылады.
Зерттеудің негізгі мақсаты - қазақ жазушылары мен ақындарының шығармаларын, ондағы көркемдік ізденіс-мұраттарды өнер әлемімен, өнерпаз бейнесімен байланысты қарастыру. Сол арқылы көркем туындыдағы өнер өрнектерін, танымал тұлғалардың мұра - мирастарын бүгінгі талаптар тұрғысынан зерделеу. Осы мақсатты айқындау үшін алдымызға мынандай міндеттер қойдық:
- ұлт тарихындағы өнердің орнын, өнерпаз мұратын кең көлемде қарастыру;
- қазақ өнерінің әдебиеттегі көріністерін байыпты зерделеу; қазақ қаламгерлері шығармаларындағы өнер тақырыбының орын-үлесін байыпты саралау; өнер мен өнерпаз бейнесінің әдеби-тарихи негіздерін, рухани қырларын жан-жақты ашу; қазақ жазушылары Т. Әлімқұлов, Ә. Әбішев, Ә. Кекілбаев, М. Мағауин, С. Жүнісов пен ақындары Х. Ерғалиев, М. Мақатаев, Ж. Нәжімеденов, Ф. Оңғарсынова т. б. халық мәдениеті, өнер тақырыбындағы туындыларының жазылу жайымен, жанрлық табиғатын, тақырыптық - идеялық мұраттарын жүйелі сөз ету;
- жазушылардың көркем прозадағы өнер тақырыбына байланысты алуан ізденістеріне еркін ену, жанрлық-тақырыптық қырларына маңыз беру, сюжеттік - композициялық ерекшеліктеріне, образ жасау, кейіпкер характерін ашу т. б. көркемдік тәсілдерді қолданудағы шеберліктеріне талдау жасау. Ең негізгісі, әрине қазақ әдебиеті тарихындағы халық өнері үлгілерін жіті зерделеп, оның қазіргі қазақ әдебиетінде көрініс табуын, көркемдік тұрғыдан игерілуін, әдеби-рухани мәселелерін, дерек-дәйек көздерін жіті таразылап, ғылыми негізділігіне баса мән беру болып табылады. Сол арқылы қазіргі қазақ прозасындағы өнер мұраты мен өнерпаз үлесін айқындау, қоғамдағы, руханият ісіндегі бейне-бедерін ашу.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ әдебиеті тарихында дәстүрлі мәдениет үлгілері, өнер табиғаты, өнерпаздар өмірі жайлы алуан ізденіс, көркем туындылар, бірсыпыра зерттеулер де бар (мысалы, А. Жұбанов. Ғасырлар пернесі (1975), Қорқыт ата (әнциклопедия) - 1999, Қобыз атасы - Ықылас (1993), Күй-шежіре (1997), Қ. Әбдезұлы - Әдебиет және өнер (2002), Нұртазина А. - Қазақ мәдениеті және Ислам (2002), С. Қондыбай - Арғықазақ мифологиясы (2004) т. т. ) .
Бұдан басқа, әрине ұлттық әдебиеттің тарихы мен теориясы, сынына қатысты А. Байтұрсынов, М. Әуезов, Ж. Аймауытұлы, С. Мұқанов, Қ. Жұмалаев, Б. Кенжебаев, Ә. Марғұлан, М. Қаратаев, Т. Кәкішев, З. Ахметов, Р. Нұрғали, Ә. Нарымбетов, У. Қалижанұлы, Ж. Дәдебаев, Б. Майтанов, З. Бисенғали, А. Жақсылықов, Қ. Алпысбаев, Б. Әбдіғазиұлы, Т. Рахымжанов, Қ. Ергөбек, А. Ісімақова, Г. Пірәлиева, Р. Тұрысбек, Ж. Тілепов, Т. Тебегенов т. б. әдебиеттанушы ғалымдар еңбектері басшылыққа алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу еңбекте қазақ әдебиеті тарихындағы өнер мұратының қоғамдық-тарихи мәні, әдеби-рухани нәрі жан-жақты қарастырылады.
Ұлт мұраты, халық мәдениеті мен өнерінің бастау арналары, қайнар көздері алуан дәйек-деректер негізінде кең өріс алып, оның кеше-бүгін байланысына, көркемдік-рухани мәніне маңыз беріледі.
Диссертацияда қазақ әдебиетінің көрнекті жазушылары мен ақындарының туындылары, ондағы өнер мәселелері жан-жақты зерттеу нысанасына алынып, бүгінгі көзқарас тұрғысынан қарастырылады. Көркем прозалық шығармалары мен өлеңдері тақырыптық-жанрлық жағынан, сюжеттік-композициялық тұрғысынан сөз етіліп, образ жасау, кейіпкер мінезін ашудағы ерекшеліктері, психологизм, тартыс т. б. әдеби тәсілдерді пайдалану мүмкіндіктері, көркемдік-идеялық бағдары нақтылы шығармалары арқылы сөз етіледі. Қазақ қаламгерлерінің туындылары дәстүрлі мәдениет үлгілерімен, өнер тақырыбымен табиғи байланыстырылады.
Қазақ өнері, өнерпаз мұраты тарихи-әдеби негіздерімен, көркемдік-рухани сипаттарымен, жанр мен шеберлік тұрғысынан сөз етіледі.
Қазақ қаламгерлерінің өнер тақырыбындағы туындылары біртұтас кешенді түрде қарастырылады.
Халық мәдениеті, қобыз, домбыра т. т. ұлт аспаптарының көркем шығармалардағы орны мен рухани-әстетикалық қуаты кеңінен көрсетіледі.
Ұлттық өнердің алыптары мен арыстары нақтылы туынды төңірегінде талданып, бүгінгі күн тұрғысынан бағаланады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. Зерттеу нәтижесінде төмендегідей тұжырымдар жасалынды:
- ұлт мұраты мен руханият мәселелері, тарих пен таным тағысы жаңа уақыт талаптары тұрғысынан сөз болады;
- қазақ қаламгерлері шығармаларындағы өнер тақырыбы мен оның көрнекті өкілдерінің өмір-тағдырына қазіргі кезең талаптары тұрғысынан маңыз беріледі; кейіпкер болмысы мен дәстүрлі өнердің көркемдік сабақтастығы кең өріс алады; көрнекті қазақ жазушылары Ә. Әбішев, С. Жүнісов, Ә. Кекілбаев, М. Мағауин, Т. Әлімқұлов, І. Жақанов, т. б. прозалық туындыларындағы өнер мұраты мен өнерпаздар өмірі кең көлемде көрініс табады; көркем туынды табиғаты, әдеби бейне жасаудың жолдары, ондағы композициялық құрылым, стильдік ерекшеліктер, жалпы жазушы еңбегі мен шығармашылықтың қыр-сыры жан-жақты зерттеу мен зерделеудің алтын арқауын құрайды; өмір шындығы мен көркемдік шешім сипаттарын ашып, орртақ тұстарын, рухани мұраттарын байыпты саралау;
- өнер үлгілерінің көркем шығармаларда көрініс табуы салыстырмалы түрде қарастырылды;
- көркем туынды мен өнер мәйектері, шындық пен шеберлік өзара сабақтастықта сөз етіледі.
Зерттеу жұмысының дерек көздері. Диссертацияда қазіргі қазақ прозасындағы өнер тақырыбы мен өнерпаз бейнесі, жазушы шеберлігі мен өмір шындығы, қаћарманның көркемдік әлемі өзара байланыста қарастырылды. Жазушылардың әдеби шығармалары, шеберлік, шешендік сынды белгі - ерекшеліктері әр алуан зерттеулермен, әдеби мәтіндермен, дерек көздерімен байытылды.
Қазақ прозасындағы өнер мұраты, өнерпаз орны зерттеуші-ғалымдар еңбектері, кітапханалардағы құжат, дерек көздері негізінде жүйелі өріс алады.
Диссертацияда “Қазақ әдебиетінің тарихы” (1967), “Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы” (2001, 2003), “40-50 және 60 жылдардағы қазақ әдебиеті” (1998), З. Қабдоловтың “Сөз өнері” (1992), С. Қирабаевтың “Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті” (1998), М. Базарбаевтың “Замана тудырған әдебиет” (1997), Т. Кәкішевтің “Қазақ әдебиеті сынының тарихы” (1994), Р. Нұрғалидың “Сырлы сөз” (2000), А. Сейдімбектің “Күй-шежіре” (1997), Р. Сыздықовтың “Сөз құдіреті” (1997), А. Еспенбетовтің “Уақыт өрнегі” (2005), Ж. Дәдебаевтың “Жазушы еңбегі” (2001), Қ. Әбдезұлының “Жазушы және заман шындығы” (2003), “Т. Әлімқұлов шығармашылығы және 60-80 жылдардағы қазақ прозасы” (2001), “Әдебиет және өнер” (2002), “Тарихи тұлғалар және қазақ әдебиеті” (2004), Р. Тұрысбек “Жазушы еңбегі және шығармашылық” (2004) “Парыз бен парасат” (2003) т. б. ғылыми зерттеулерін басты назарға алдық.
Зерттеу әдісі. Қазақ қаламгерлері шығармаларындағы ұлттық өнердің тұғырлы тұлғаларының өмірі мен шығармашылығын, оның кешеден бүгінге жеткен тағылымдарын жүйелі талдау - жинақтау, баяндау түрінде зерттеу негізгі нысана етілді. Сонымен бірге қазіргі қазақ прозасындағы өнер тақырыбы аналитикалық тұрғыдан да, жүйелеу мен жіктеу, топтау тәсілдері арқылы да қарастырылды.
Зерттеудің методологиялық және теориялық негіздері. Диссертациялық жұмыста өнер мұраты мен өнерпаз бейнесі, халыөтың мәдениет үлгілері, қаһарманның көркемдік әлемі, өмір шындығын суреттеуде атқаратын орын-үлестері негізгі назарда болады.
Қазақ прозасындағы өнер тақырыбы, талантты тұлғалар табиғаты дәстүрлі мәдениет, халық мұрасы өзіндік өзгешеліктерімен дараланды.
Зерттеуде көркем прозадағы өнер мәселелері жанр, шеберлік тұрғысынан қарастырылып, теориялық ой-түйіндер жасаған ғалымдардың: М. Әуезов [1], С. Қирабаев [2], З. Қабдолов [5], Р. Бердібаев [4], Т. Кәкішев [10], Ж. Дәдебаев [3], М. Мағауин [7], А. Сейдімбек [8], Қ. Әбдезұлы [13], Б. Майтанов [17], Р. Тұрысбек [14] және т. б. ой-тұжырымдары мен көзқарастары бағыт-бағдарлық, теориялық және методологиялық негіз ретінде қолданылды. Сондай-ақ, алыс-жақын елдердің осы бағытта тұрақты еңбектеніп жүрген ғалымдарының еңбектеріндегі теориялық пікірлердің де өз мақсатымызға қол жеткізуде үлкен септігін тигізгенін атап өту қажет.
Жұмыстың ғылыми және практикалық маңызы. Зерттеудің басты тұжырым-түйіндері жазушылар мен ақындардың өнер иелерін суреттейтін шығармаларына тоқталып, онда өмір шындығын, қаһарманның көркемдік әлемін жан-жақты ашып көрсету мақсат етілді. Жазушы еңбегі мен шығармашылығына, көркемдік мұраттарға зор мән берілді. Қазақ қаламгерлерінің өзіндік өзгешеліктеріне, ізденіс іздеріне, материал жинау мен қорыту мәнеріне, өмір шындығын өнер туындысына айналдырудағы қолтаңба, көзқарас мұраттары негізгі назарда болды. Сондықтан да зерттеу жұмысының нәтижелерін орта мектеп пен жоғары оқу орындарында қазіргі қазақ әдебиеті курсына, осы проблемаларға қатысты арнаулы семинарларға пайдалануға болады.
Жұмыстың сыннан өтуі.
Зерттеудің құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ҚАБЫЛДАУ
- Өнер және өнерпаз сипаты
Тарих тағылымына ден қойсақ, кез келген халықтың қалыптасуы мен даму жолдарынан - дәстүрлі мәдениет үлгілерін, өнер өрісінің бел-белестерін байқауға болады.
Әдетте, мәдениет мәйегі өнер өлкесі өзіндік өзгешеліктерімен ерекшеленетіні хақ. Осы реттен келгенде, қазақ халқының мәдени-рухани бастаулары көне кезеңдерден арна алады. Оның алғашқы үлгі-өрнектері - Ежелгі әдебиет нұсқаларынан, ақын-жыраулар мен би-шешендердің өнегелі үрдістерінен, қысқасы қазақ халқының руханият саласындағы ұлт мұратына адаммен танытумен бірге мәдениет тарихына, оның ішінде өнер әлеміне де үлкен үлес қосты.
Өйткені, өнер - ұлт мәдениетінің жарқын көріністерінің бірі (11-б. ) .
Өнер - әлемді көркемдік тұрғыдан тануға және игеруге бағытталған адамдардың рухани-практикалық қызметінің саласы. Ол адамның әмбебап қажеттілігін қанағаттандыруға, адам сезімінің дамыған түрлерінде қоршаған ортаны қайта жасауға бейімдейді.
Өнерді адам қызметінің барлық басқа нысандарынан айрықша етіп көрсететін ерекшелігі - болмысты көркемдік-бейнелік нысанда игеруінде жатыр. Ол нақты көркемдік-творчестволық қызметтің нәтижесі және бір мезгілде - адамзаттың мәдени-тарихи тәжірибесін іске асырудың негізі болып табылады. Көркем бейне болмыспен сыртқы ұқсастық ретінде ғана емес, осы болмысқа шығармашылық қарым-қатынас, нақты өмірді болжау, толықтыру тәсілі ретінде көрсетіледі.
Көркем бейне - өнердің мәні, субъективті, авторлық тұрғыдан жасалған өмірді сезім арқылы жаңғырту. Көркем бейне өз бойында өзін дүниеге келтірген мәдениет пен адамның рухани күш-қуатын шоғырландырады, өзін сюжетте, композицияда, дыбыста, қандай да болмасын түсінікте көрсетеді. Ол балшықпен, бояумен, таспен, дыбыспен, фотографиямен, сөзбен іске асырылуы мүмкін. Сонымен бірге өзін музыкалық туынды, сурет, көркем шығарма, сондай-ақ фильм және спектакльде де таныта алады.
Өнер ұғымының бір-бірімен тығыз байланысты түрлі мәндері бар. “Өнер” санаты ең ауқымды мағынасында шеберлікпен теңестіріледі. Басқаша айтқанда, дәрігердің, актердің, ғалымның немесе жұмысшының жұмысы болсын, мәселе шебер орындалған кәсіби қызметіне келіп саяды. Шеберлік еңбекті сүю мен шынайылықтан, тұрақтылықтан тұрады.
Біз еңбекті одан әрі бөлу мен жетілдіру барысында өнер ретінде қоршаған әлемді және адамды “сұлулық заңдары бойынша” қайта жасауға бағытталған шығармашылық қызметті түсіне бастадық. Бұл жерде де шеберліктің шешуші мәні бар. Алайда, ол дүниеге келетін туындылардың құрылымының ішкі заңдылықтарын жүзеге асыруға бағытталады.
Әлеуметтік практиканың ерекше түрі көркем шығармашылық болып табылады. Оның дүниеге келуі барысында қоғамдық мағынасы, сонылығы мен жаңалығымен ерекшеленетін өнер туындылары пайда болады.
Осы тұста ақын Абайдың өнерді тән және жан азығы деп қарағанын еске алсақ, өнер мұраты шын мәнінде - адамға, оның өмірі мен еңбегіне бағытталуы тиіс. Академик-жазушы С. Мұқановтың: « . . . жан азығы дегеніміз - көркем өнер. Бұл табиғаттың бойындағы әсемдікті, күш-қуатты адамның қажетіне сәйкестендіріп, қол ия тіл арқылы көріктендіріп жіберу . . . өзге халықтар сияқты қазақ халқының да қай заманда қалай тұрғанын, ой-санасының қалай өркендеуін көркем әдебиеттен басқа айқын көрсететін құрал жоқ», - деп жазуы өнер мұраты мен орнын айқындаудан туғаны анық (Мұқанов С. Халық мұрасы. - Алматы: Қазақстан, 1974. - 126, 128 б. ) .
Бұл жайтты, әрине өнер мұраты мен табиғатына қатысты да айтуға болады (12-б. ) .
Шебер өнер туындысын белгілі бір бейне арқылы өзінің ішкі жан дүниесін көрсету үшін емес, сол өнер туындысы арқылы өмірдің белгілі бір нысанын рухани әлемге тән жалпыға ортақ құндылық деңгейіне дейін көтеру қажеттілігін танытады. Өнер туындысы шын мәнінде символ болып табылады және оның сұлулығы руханилықты таза түрде иеленетін түпсіз ізденістер барысында танылады. Өнер туындысы, сол сияқты субъективтік жай-күй сұлулықты таза күйінде таныта алмайды, оның үйлесімді дамуы үшін қажетті шынайы өмірдің қандай да болмасын түрлерінен тыс таза мұратты көрсетпейді. Бұл, сайып келгенде: “әстетикалық өмірдің өзіне түпкілікті нақтылы шынайылыққа, оның ішінде құндылыққа қол жеткізу мүмкін емес. Әрбір туындыда белгілі бір түрдің шегінен асатын идеалды мәннің болуын ашатын болғандықтан да ол құндылық ретінде бағаланады. ” (А. Банфи. Философия искусства, стр. 35) .
Субъект - объект қарым-қатынасының “идеалды саласы” құндылық немесе құндылықтар болып табылады. Өнердің таза әстетикалық құндылыққа қарым-қатынасы үстірт зерттеген кезде заңды болып көрінуі мүмкін. Шынында да, өз мәні бойынша өнер туындысы үйлесімді жинақталуға сай келетін бірқатар құндылықтарға негізделеді. Бұған қоршаған әлемге деген назар, дәстүр, тіршілік те жатады.
Бұл - әтикалық, техникалық, әстетикалық құндылықтар. Осы әстетикалық құндылықтар өнердің жан-жақты қоғамдық рөлінде маңызды орын алуымен қатар, өнер туындысының өзегіне айналатын басқа құндылықтардың бастысы болып табылады.
Өнердің негізгі мақсаты - адам туындысындағы сұлулықты іске асыру болып табылады. Бұл - таза сұлулықтың қағидаларын жүзеге асырудың немқұрайлы нысанында орын алуы мүмкін. Бұл жағдайда өнер туындысы шебер, бірақ мейірімсіз құбылыс болады, оның мәннің шынайылығына қатысты сұлулығы тысқары болады.
Қазақ әдебиеті, соның ішінде проза саласы соңғы жылдары өнер иелері жайлы жазылған туындылармен толығуда. Бұл да болса әдебиетіміздің өркендеп өсуі деп тануымыз керек. Қаламгерлер өз туындыларында өнер саңлақтарын таныту арқылы ата - бабамыздың қиын да қыстау кезеңде неден болса да тайсалмай, қажымай, сүрінбей өткен сара жолдарын арқау еткен тәрізді. Қазақ халқы қай өнерді болса да өте жоғары бағалаған ел екендігі баршаға аян. Өйткені батыр да, палуан да, әнші де, биші де, күйші де, мүсінші де - осының бәрі де қай қазақтың өнбойынан табылатыны сөзсіз. Оған дау да жоқ. . Міне, сондай жанның бірі, Ілияс ақын айтпақшы:
«Кезінде сері болсын, пері болсын.
Ұнайды Ақан маған өнерімен» демекші, қазақтың мақтанышы болған, алты алаштың серісі атанған, «мыңмен жалғыз алысқан», атақты әнші, композитор Ақан сері Қорамсаұлының рухани мұрасын бүгінгі ұрпаққа танытқан қаламгеріміз Сәкен Жүнісовтің қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше. Өзінің алғашқы кесек туындысы «Жапандағы жалғыз үй» романымен, одан кейін жазған екі томдық тарихи романы «Ақан серімен», басқа да әңгіме-повестерімен, драмалық шығармаларымен ол қалам қарымы қуатты суреткер есебінде әдебиет тарихына енді.
«Ақынның өмірі - ертегі өмір. Судай сұлу, желдей екпінді, жалпақ жұртқа жат, жұмбақ сыры көп адамдардың көңілін аударып, қызықтырған. Енді осы жұмбақ адамның бейнесін қара сөзбен сомдау арқылы Сәкен Жүнісов қазақ әдебиетіне кемелді, кең ауқымды, терең тамырлы туындыны дүниеге алып келді. Жазушы күрделі дәуірдің өнеріне ел қанық, әрі қалың қазақтың мақтанышына айналған Ақан сері сияқты кемеңгер тұлғаны әр қырынан алып сомдап, ол өмір сүрген заманның қайшылықты, күрделі шындығын ашып көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz