Ауыл шаруашылығы өндірісінде жерді пайдалануды құқықтық реттеу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Заң факультеті
Табиғи ресурстар және экологиялық құқық кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Ауыл шаруашылығы өндірісінде жерді пайдалануды құқықтық реттеу
Орындаған:
3 курс (колледжден кейін)
күндізгі оқу бөлімінің студенті Н. М. Беймбетов
Ғылыми жетекші:
з. ғ. к., доцент А. С. Мадиярова
Норма бақылаушы: Г. К. Шуланбекова
Қорғауға жіберілді «___» 2010ж.
табиғи ресурстар және экологиялық
құқық кафедрасының меңгерушісінің рұқсатымен
з. ғ. д., доцент Л. К. Еркинбаева
Алматы, 2010ж.
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ . . . 3
1 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: ТҮСІНІГІ, ҚҰРАМЫ, ТҮРЛЕРІ . . . 5
1. 1 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге меншік құқығына жалпы сипаттама . . . 7
1. 2 Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу мен басқару . . . 12
2 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІНДЕ ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ . . . 18
2. 1 Ауыл шаруашылығын мемлекеттік басқару органдарының жүйесі мен құқықтық жағдайы . . . 24
2. 2 Ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындары және оларды өтеу тәрті-бі . . . 33
3 ШЕТЕЛДЕР ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ-НЫҢ ЖЕР ЗАҢДАРЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МАҚСАТЫН-ДАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ . . . 38
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 53
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Ұсынылып отырған жұмыс ауыл шаруашылығы өндірісінде жерді пайдалануды құқықтық реттеу мәселелеріне арналған. Жұмыста ауыл шаруашылық мақсатына арналған жерлерді пайдалану ерекшеліктері және шетелдер тәжірибесі мен Қазақстан Республикасының жер заңдарындағы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану құқығының салыстырмалы мәселелері зерттелген.
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Ауыл шаруашылығы өндірісінде жерді пайдалануды құқықтық реттеу құқық саласындағы өзекті мәселелердің қатарына кіреді.
Қазақстан Республикасы аграрлық мемлекеттер қатарына жатады. Олай дейтін себебіміз, статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан Республи-касының жер аумағы 272490, 2 мың гектарды құрайды. Осылардың ішінде ауыл шаруашылық жерлері - 222513, 6 мың гектарды құрайды. Соңғысының ішіне сәйкесінше ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер де кіреді, оның жалпы көлемі 90910, 35 мың гектар. Ал жер аумағының қалған бөлігін ауыл шаруашылық өндірісінің мақсатында пайдаланылатын жердің басқа да санаттары құрайды [1, 193 б. ] . Сол себептен қазіргі таңда ауыл шаруашылығы секторын дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. ҚР Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 30 қаңтардағы 2010 жылғы халқына Жолдауы осыған дәлел. Елбасымыз бұл жолдауда алдағы онжылдықта ел дамуына бағытталған жаңа міндеттерді айқындап берді. Онда ел экономикасының дамуы мен оның бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудағы негізгі табыс кілті - ұлттық экономиканы әртараптандыруға баса назар аударылды. Жолдауда әртараптандырудың басты бір сегменті ретінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі үш бағыты атап көрсетілді, яғни оның біріншісі - 2014 жылға аталған салада өнімділікті кем дегенде екі есе арттыру, екіншісі - елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, үшіншісі - экспорттық әлеуетті іске асыру. Бұл ретте, әрине, ауыл шаруашылығында негізгі өндіріс құралы болып саналатын жер ресурстарын тиімді пайдалану, аталған міндеттерді іске асыруда аса маңызды рөл атқаратыны белгілі.
Ауылшаруашылық қызметтің кез келген түрі ауылшаруашылық мақсатындағы жермен тығыз байланыста болады. Яғни, аталған жер учаскесіз бұл қызмет түрін жүзеге асыру мүмкін емес [1, 198 б. ] .
Ауыл шаруашылығы өндірісінде жерді пайдалануда туындайтын құқықтық қатынастарды жер құқығы, аграрлық құқық, азаматтық құқық, салық құқығы, экологиялық құқық салалары қарастырады. Сондықтан, ауыл шаруашылығы өндірісінде жерді пайдалануды зерттеу - кешенді-құқықтық талдау арқылы жүзеге асады.
Диплом жұмысы тақырыбының зерттеу объектісі. Нарық жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісінде жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асатын қоғамдық қатынастар болып табылады.
Зерттеудің пәні. Нарықтық қатынастар жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісінде жерді пайдалануды мемлекеттік реттеу тетігі болып танылады.
Диплом жұмысы тақырыбының зерттеу мақсаты мен міндеттері: Жұмыстың мақсаты - ауыл шаруашылығы өндірісінде жерді пайдалануды және оны жүзеге асыру ерекшеліктерін кешенді түрде зерттеу.
Қойылған мақсатқа сәйкес дипломлық жұмыстың міндеттерін мыналар құрайды:
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі құралы ретінде: түсінігін, құрамын және түрлерін анықтау;
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге меншік құқығының түсінігін және жүзеге асыру ерекшеліктерін анықтау;
- Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу мен басқарудың жүзеге асырылуын анықтау;
- ауыл шаруашылығы өндірісінде жерді пайдаланудың түсінігін, түрлерін және құқықтық реттеудің жүзеге асырылуын анықтау;
- ауыл шаруашылығын мемлекеттік басқару органдарының жүйесі мен құқықтық жағдайын анықтау;
- ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындары және оларды өтеу тәртібін анықтау;
- шетелдер тәжірибесі мен Қазақстан Республикасының жер заңдарындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану құқығын салыстыру және оның нәтижелерін анықтау.
Жұмыстың әдістемелік және теориялық негіздері. Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізін жалпы диалектикалық танымдық әдістермен қатар, заңи логикалық, жүйелік, тарихи, салыстырмалы, әлеуметтік ғылыми әдістер қолданылды. Дипломдық жұмыстың теориялық негізін қазақстандық және ресейлік ғалым-заңгерлердің жер құқықтық қатынастар, соның ішінде ауыл шаруашылығы өндірісінде жерді пайдалануды құқықтық реттеуге байланысты ғылыми еңбектерінен құралған.
Диплом жұмысы зерттеуінің қайнар көздері. Қазақстан Республикасы-ның Конституциясы, Азаматтық кодекс, Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Су кодексі, Тәжікстан Республикасының Жер кодексі, Украинаның Жер кодексі, Беларус Республикасының Жер кодексі, Қырғызстан Республикасының Конституциясы, Қырғызстан Республикасының Жер кодексі, Өзбекстан Республикасының Жер кодексі, жер және аграрлық құқық оқулықтары, сондай-ақ басқа да жер және аграрлық заңнамалары.
1 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: ТҮСІНІГІ, ҚҰРАМЫ, ТҮРЛЕРІ
Адам қоғамының барлық өмірінде, оның қалыптасуымен дамуында жер өте маңызды рөл атқарған. Л. Қ. Еркінбаеваның пікірінше, жер - табиғаттың берген сыйы ретінде, адам қоғамының пайда болуына дейін болған. Бірақ, жер өзінің еңбектің жалпы заты қызметін атқаруы үшін міндетті түрде оны біреу иемденуі қажет және өндірістік процесін жүзеге асыруы қажет.
Мемлекетіміздің басты байлығы - оның экономикалық және әлеуметтік қолайлы негізі болып табылатын жер ресурстары. Қазақстан Республика-сындағы саяси және экономикалық құрылысты реформалау процесі жер қатынастарын түбегейлі өзгерту және мемлекеттің тікелей бақылауы мен басқаруы арқылы жер реформасын жүргізу қажеттілігін туындатып отыр. Сонымен қатар, нарықтық экономикаға өту жердің негізгі өндіріс құралы, аумақтық кеңістіктің негізі және маңызды табиғи объект ретінде жердің басты функцияларын сақтай отырып, жерге әртүрлі меншік нысандарын, жер пайдалану құқығының ақылығын енгізу және жерді заңды түрде азаматтық және шаруашылық айналымның объектісі ретінде тану қажеттілігін объективті түрде туындатып отыр.
Қазіргі кезде жердің экономикалық маңыздылығы өте жоғары деңгейде. Жер адам қоғамының кез келген шаруашылық қызметінің және өмірінің негізі. Жердің экономикалық қасиетімен қатар, экологиялық маңыздылығын да ескеру қажет.
Жер - тұтастай алғандағы адамзат үшін қажетті және басты материалдық ресурс болып табылады. Аталған бұл термин көп қырлы болып табылады және бірнеше мағынада қолданылады:
1. Жер кең мағынада алғанда жер шары ретінде түсініледі.
2. Жер - адамның өмір сүретін ортасы және табиғи байлықтардан, жер бедерінен, ландшафтардан құралатын Жер шарының қабаты ретінде.
3. Жер - жер құқығының реттеу пәні ретінде. Бұл тұста, біз жер деген түсініктің астарынан табиғи ресурстарды, ауыл және орман шаруашылық өндірістерінің басты өндіріс құралы, құрылыстар, құрылымдар және басқа да объектілер салу үшін қажет болып табылатын кеңістіктің базис деген мағыналарды көре аламыз [1, 5-6 бб. ] .
Жер дегеніміз - мемлекет пен халықтың өмір сүру қызметінің негізі болып табылатын табиғаттың басты объектісі.
Жердің табиғи қасиеті өзге қоршаған табиғи орта объектілерімен өзара байланыс жүйесінде басым орнын белгілейді. Орман, су, жануарлар дүниесі табиғат объектілері ретінде жермен байланыссыз өмір сүре алмайды. Тек қана жермен тығыз байланыста бола отырып, олар өздерінің өсіп-өну мүмкіндіктері мен ерекше қасиеттерін сақтайды және барлық табиғи кешендермен бірге экологиялық қызметін жүзеге асырады [7, 85 с. ] .
Ә. С. Стамқұловтың пікірінше, жер ауыл және орман шаруашылығында тек жалпы еңбек жағдайы ретінде ғана емес, сонымен қатар, өндірістің басты, негізгі құралы ретінде де қызмет етеді [15, 8 б. ] .
ҚР Жер кодексінің 12-бабының 14-тармақшасына сәйкес жер дегеніміз - Қазақстан Республикасының егемендiгi белгiленетiн шектегi аумақтық кеңiстiк, табиғи pecуpc, жалпыға ортақ өндiрiс құралы және кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі.
«Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты ҚР Президентінің халқына Жолдауында, алдағы онжылдықта ел дамуына бағытталған жаңа міндеттерді айқындап берді. Онда ел экономикасының дамуы мен оның бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудағы негізгі табыс кілті - ұлттық экономиканы әртараптандыруға баса назар аударылды. Жолдауда әртараптандырудың басты бір сегменті ретінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі үш бағыты атап көрсетілді, яғни оның біріншісі - 2014 жылға аталған салада өнімділікті кем дегенде екі есе арттыру, екіншісі - елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, үшіншісі - экспорттық әлеуетті іске асыру. Аталған міндеттерді іске асырудағы аграрлық-индустриялық әртараптандыру арқылы ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеуді шұғыл арттыру, жаңа құрал-жабдықтар мен жаңа технологияларды енгізу, ауыл шаруашылығында заман талабына сәйкес, сапалы өнім өндіруге жаңа көзқарасты қалыптастыру, сонымен қатар әлемдік тәжірибені кеңінен пайдалану - бүгінде еліміз өздігінен шеше алатын істер. Бұл ретте, әрине, ауыл шаруашылығында негізгі өндіріс құралы болып саналатын жер ресурстарын тиімді пайдалану, аталған міндеттерді іске асыруда аса маңызды рөл атқаратыны белгілі. Ашық нарықтық экономика жағдайында және әлемдік азық-түлік рыногында орын алып отырған үлкен бәсекелестікте ауыл шаруашылығы өндірісінде жетістіктерге жету үшін де жерді тиімді пайдалану басты шарт болып табылады. Қазіргі кезде республикамыздағы ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлердің жалпы көлемі 91, 7 млн. га, оның ішінде егістік жерлер - 22, 5 млн. га. Бұл ретте, егістік жерлердің 70 пайызы Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында шоғырланған. Сонымен қатар, республика бойынша 2, 1 млн. га суармалы жер бар, оның ішінде 1, 4 млн. гектары егістік жер және ол негізінен (80%) Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарын-
да орналасқан [16] .
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп, ҚР Жер кодексінің 97-бабының 1-тармағына сәйкес ауыл шаруашылығының қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттарға арналған жерлер танылады.
Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлер құрамы бойынша үш топтан тұрады:
1) ауыл шаруашылығы алқаптары;
2) ауыл шаруашылығының жұмыс істеуіне қажетті ішкі шаруашылық
жолдары, коммуникациялар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жер;
3) басқа да алқаптар (сор, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқап-тарының алабына қосылған басқа да алқаптар) .
ҚР Жер кодексінің 97-бабының 4-тармағына сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптарына егістіктер, тыңайған жерлер, көпжылдық екпелер егілген жер, шабындықтар мен жайылымдар жатады.
Егістік - жүйелі түрде өңделетін және көп жылдық шөптердің егістігін қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігіне пайдаланылатын жер учаскелері, сондай-ақ сүрі жер. Алдын ала егілетін дақылдардың егістігі орналасқан (үш жылдан аспайтын уақыт аралығында), түбегейлі жақсарту мақсатында жыртылған шабындықтар мен жайылымдардың жер учаскелері, сондай-ақ бақтардың егіске пайдаланылатын қатар аралығы егістікке жатпайды.
Тыңайған жер - бұрын егістік құрамында болған және күзден бастап бір жылдан аса ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге пайдаланылмайтын және пар айдауға әзірленбеген жер учаскесі.
Көп жылдық екпелер - жеміс-жидек, техникалық және дәрі-дәрмек өнімдерінің түсімін алуға, сондай-ақ аумақты сәндеп безендіруге арналып қолдан отырғызылған көпжылдық ағаш, бұта екпелеріне пайдаланылатын жер учаскелері.
Табиғи шабындықтар мен жайыламдар - шөп шабуға және жануарларды жаюға жүйелі түрде пайдаланылатын жер учаскелері.
Түбегейлі жақсартылған шабындықтар мен жайылымдар - шөп егу арқылы жаңадан отайған шабындық және жайылым учаскелері.
Суландырылған жайылымдар - тиісті мал басын сапасы ойдағыдай сумен қамтамасыз ете алатын су көздері (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, суару және суландыру каналдары, құбырлы немесе шегенді құдықтар) бар жайылым-дар.
ҚР жер кодексінің 97-бабының 5-тармағына сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптары суармалы және суарылмайтын болуы мүмкін.
Суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарына ауыл шаруашылығында пай-далануға және суаруға жарамды, су ресурстары жүйесінің қазіргі пайдалы жұ-мыс коэффициентінде суару нормаларының жобалау немесе қолданыстағы нор-мативтері бойынша осы жерді сумен қамтудың қолайлы мерзімі ішінде қамсыз-дандырудың кемінде 75 процентінен кем емес су ағынымен қамтамасыз ететін суару көзімен байланысты тұрақты және уақытша суару жүйесі бар жер жа-тады.
Жайылма суару жері қар суын және көктемгі тасқын суды, сондай-ақ топы-рақты ылғалдандыру үшін суару және суландыру каналдарынан берілетін суды осы учаскелер аумағында ұстап қалуды және қайта бөлуді қамтамасыз ететін су бөгейтін белдеулері, суды реттейтін бөгеттері мен басқа да гидротехникалық құрылыстары бар учаскелер болып табылады [41] .
1. 1 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге меншік құқығына жалпы сипаттама
Қайсы бір қоғамда болмасын жерді негізгі шаруашылық пен өндіріс құра-лы ретінде қарастыру, оның бұл өмірдегі тіршіліктің бастау көзі екендігін танытса керек. Жер және оның байлығын барлық жер құқық қатынастарының субъектілері қажетсінеді және халықтың өсу жағдайына байланысты жерге деген сұраныс та ұлғая бермек. Осы қажеттілікті қанағаттандыру процесінен жерді пайдалану ұғымы мен жерге деген жеке меншік құқығы пайда болып, өз кезегінде мойындалады [10, 26 б. ] .
Көптеген жылдар бойы ғалымдар арасында төмендегідей бағытта ғылыми айтыс (дискуссия) өрбіді, яғни онда меншікті иелік ету не иеліктің қоғамдық нысаны ретінде айқындау немесе меншік - иелік ету жүйесі, басқаша айтқанда, өндіріс құралы мен өнімнің ұжымға немесе тұлғаға тиісті екендігі деп таны-лады.
Мысалы, профессор Д. М. Генкин, меншік - материалдық игілікке иелік етудің тарихи құбылыс ретінде қоғамдық қатынастардың белгілі формасы дей-ді. Меншікке қоғамдық қатынас ретінде берілген бұл анықтамадан мынадай қорытынды жасауға болады. Меншік адамның затқа қатынасына жатпайды, керісінше адамның зат жөніндегі қарым-қатынасына жатады [2, 11 с. ] . Бұндай көзқарасты, ғалым Н. А. Боровиков та ұстанады. Оның пікірінше меншікке қатынасты, адамның затқа қатысы ретінде қабылдау өрескел қателік болып табылады. Экономикалық мағынада меншік, сол мүлікке, өнімін бөлісу мен өндіріс құралдарына, кім ие деген мағынада адамдардың қатынасы [3, 4 с. ] .
М. В. Колганов былай деп жазды: «Көптеген марксистер меншік деген ұғымды былай түсінеді, оны белгілі жағдайда ұйымдастыру және сол арқылы қоғам ішінде табиғат өніміне иелік ету» [4, 3 с. ] .
Солай дегенмен де, «Иелік ету мен меншік ұғымдарын бірдей деп санауға болмайды. Иелік ету дегеніміз адамның табиғат заты ішінен және белгілі бір қоғамдық форма көмегімен - бұл материалдық байлықты өзінен өндіру. Мен-шік ол қоғамдық форма, іштей және бірдеңе арқылы материалдық байлықты өндіру, немесе бұл да қоғамдық қатынастар, бір нәрсенің ықпалы арқылы мате-риалдық байлыққа иелік ету процесі [5, 35 с. ] .
КСРО мемлекетінің тарихи жер құқығы кезеңдеріне тоқталатын болсақ, жерге мемлекеттік құқықтың субъектісі КСРО мемлекеті болып табылады, себебі Кеңес мемлекетіндегі жер мемлекеттік меншік құқығының объектілері Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына және сол одаққа мүше ретінде одақтас республикаларға жатады. Бірақ, одақтас республикалар өз жер аумақ-тарына меншік иесі бола алмайды, тек қана олар бүкіл КСРО аумағындағы жерге мемлекет меншік құқықтарының қатысушысы болып табылады [18, 57 с. ] .
Бірақ, бір орнына тоқтауды білмейтін тарихи даму формациясы жоғарғыда айтылғандай КСРО мемлекетінің ыдырап, оның бұрынғы одақтас республика-лары өз алдына тәуелсіз мемлекет болып қалыптасып, нарық экономикасы шең-беріне енуіне себебін тигізді. Бұрынғы, «Жер тек мемлекеттік меншікте ғана болады» деген норма өз күшін жойып, нарық талабына сәйкес 1995 жылы 30 тамызда ҚР Конституциясының 6-бабының 3-тармағына сәйкес жерге мемле-кеттік меншік және жеке меншік заңдастырылды [24, 57 б. ] .
Жер және оның қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншiгiнде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн [39] .
Қазақстан Республикасының Конституциясы меншік құқығы мәселесінде меншікті пайдалану құқығын алғашқы орынға қояды, себебі жерге мемлекеттік меншік пен жеке меншік құқықтарының негізгі мазмұны болып қоғамның игілігіне қызмет ететін жерді пайдалану құқығы табылады.
Шаруа (фермер) қожалықтары және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісі үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығын енгізу осы жер пайдалану түрінің субъектілерінің мүдделерімен және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды және тиімді пайдаланумен байланысты.
Бұл жерлерге жеке меншік құқығы осы құқық субъектілерінің топырақ құнарлығын, жер айналымын арттыруға, экологиялық салауаттылықты қам-тамасыз етуге қатысты материалдық мүдделерін арттырады. Ауыл шаруашы-лығы мақсатындағы жерлердегі жер учаскелеріне жеке меншік құқығының субъектілері экономикалық, әлеуметтік және экологиялық шараларды жүргі-зуде ауыл шаруашылық органдарынан тәуелсіз болып келеді, соған қарамастан олар Қазақстан Республикасының бүкіл халқының салауаттылығы үшін ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруда мемлекеттің көмегіне сүйене алады [15, 97 б. ] .
ҚР Жер кодексінің 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында жер мем-лекеттік меншікте болады. Жер учаскелері Жер кодексінде белгіленген негіз-дерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.
Және де ҚР Жер кодексінің 20-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады деп көрсетілген.
Жер учаскелеріне құқық абсолютті болып танылмайды. Бұның себебі, жердің заңмен белгіленген жағдайларда айналымы шектелген ерекше және маңызды табиғи объект екендігінде. Дамыған елдердің өзінде жерге жеке меншік құқығы абсолютті емес, өйткені ол мемлекет арқылы қоғамның құқықтарымен байланысты және белгілі шектеулерді есепке ала отырып жүзеге асырылады [19, 16 с. ] .
Жер учаскесіне жеке меншік құқығының түсінігі ҚР Жер кодексінің 12-бабының 23-тармақшасында берілген. Оған сәйкес жер учаскесіне жеке меншік құқығы дегеніміз - азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі жер учаскесін ҚР Жер кодексінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығы делінген.
Жер иелену құқығы - жерді іс жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі.
Жер пайдалану құқығы - тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі немесе өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену және пайда-лану құқығы.
Жерге билік ету құқығы - мемлекеттің Қазақстан Республикасы аумағын-дағы жердің заңдық тағдырын айқындаудағы заңмен қамтамасыз етілген құқы-ғы, сондай-ақ жердің жеке меншік иесінің өз жер учаскесіне қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған мәмілелер жасасуға құқығы.
Біздің мемлекетімізде жерге жеке меншік құқығы шектеулі, себебі мем-лекет өзінің және қоғам мүддесін, өз аумағының біртұтастығын қамтамасыз етуге мәжбүрлі. Сондықтан мемлекет мынадай шектеулерді қолданады:
1) барлық жерлерде және кез келген тұлғаға жерді жеке меншікке беріп отырмайды;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz