Банк қызметi саласындағы қылмыстарға қылмыстық құқықтық сипаттама


КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан халқына ел Президентi Н. Ә. Назабраевтың «Қазақстан - 2030 даму, қауiпсiздiк және болашақ қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту» атты жолдауында бiздiң қоғамымыз бен мемлекетiмiздiң перспективтi дамуы жоспарланды. Жинақталған өмiрлiк тәжiрибиеден арылмас үшiн қоғамға қайта қарау және ғылыми баға беру қажеттiгi туындайды[1] .

Қазақ мемлекетi тарихы тұсында алғаш рет 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Конституциялық заңы қабылданып, оның кiрiспесiнде бiздiң елiмiздiң мемлекеттiк тәуелсiздiгi бүкiл әлемге салтнатты түрде жарияланды[2] . Ендiгi жерде тоталитарлық режимге экономика, саясат пен идеологияның жалпы тәуелдiгiне еш уақытта қайта оралмауға серт етiлдi.

Бүкiл халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғам, мемлекет және азаматтардың негiзгi қағидалары мен өмiрлiк қызмет бағыттарын бекiттi. Оның алғашқы бабы, Қазақстан өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыратыны; ең қымбат қазынасы адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары екенiн жария еттi.

Бiрнеше он жылдықтар бойы сақталған «социалистiк» қоғамдық қатынастан «нарықтық» қатынасқа көшу кезеңi, нақты тәуелсiздiктi жүзеге асыру мен жас мемлекеттiң егемендiкке жетуi оңай қару болмай, өзiндiк қиындықтарға кез болады, экономика саласында күйзелiстерге ұқырады. Жұмыссыздар пайда болды, еңбек ақы мен жәрдемақының төленбеуi нәтижесiнде Республикамыз бiрқатар ереуiлдер туғызады. Қоғамымызда қоғамдық және құқықтық тәртiп деңгейi төмендейдi.

Басқа сапалық құқықтық және әлеуметтiк жүйеге өту кезеңi бойынша уақыт күрделi жұмыстар жүргiзудi қажет етедi.

Осыған орай қоғамымыздағы өзгерiстерге сәйкес мемлекеттiк таразаланған саясатымен қолдау табатын рухани атмосфераны қалыптастыру маңызды.

Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтардың қылмыстардан тұрақты өсу тенденциясы қоғамдағы табиғи - саяси климатқа терiс әсер етедi, адамдар ертеңгi күнге сенiмсiздiк тудырады.

Жоғарыда келтiрiлген нақты тiркелген көрсеткiштерден қылмыстылық санының соңғы жылдары екi есеге өсiп отырғандығын байқаймыз. Жалпы қылмыстылықтың қатарында экономикалық қылмыстар елеулi орын салады.

Кейбiр iзденушiлердiң пiкiрiнше, экономикалық қылмыстардың өсу себебiне мыналар жатады: әкiмшiлiк - бюрократиялық механизiмдердiң етек алуы, жемқорлықтың өсуi, қос моральдық, жоғары билеушi эшелондардың қылмысқа қатысуы, екi жақты заңдылық, яғни заң алдында шын мәнiсiнде азамат пен басшылардың теңдiгi, жұмыс нәтижесiне шын

қызығушылықтың болмауы.

Экономикалық қылмыстарың ерекше «ядросы» банктiк қылмыстар болып табылады. Себебi қаржы саласы нарықтық экономиканың иiнi. Соңғы жылдары жалпы мемлекеттiк дәрежеде экономикалық әсiресе банк қызметi саласындағы жұмыстар мен күрес жалпы қылмыстылықпен күресудiң негiзгi бағыты болып табылады.

Банктiк қылмыстардың қауiптiлiгi ұлттық байлықтың шетелге кетуiмен тағыз байланысты. Үш жылдың өзiнде (1996 - 1998) несиенi заңсыз және мақсатсыз пайдаланудан банкке 20 есе шығын келген. 1996 жылы 3 млрд. теңгеден 1998 жылы 80 млрд. теңгеге дейiн несие қайтарылмаған. Бұл қаражаттың елеулi бөлiгi шетелге өткен.

Банктiк қызметтегi қылмыстардың қоғамға қауiптiлiгiн тек экономикалық шығындармен ғана өлшеуге болмайды. Оның әлеуметтiк - псхологиялық және рухани зардаптары бар түрлi әлеуметтiк топ иелерi өз араларында негiзсiз бөлiнуiне және топ иелерi өз араларында негiзсiз бөлiнуiне және тәуелдiгiне алып келуде. Банктiк қызмет саласында түрлi қылмыстық (криминалды) бiрлестiктердiң арасында заңсыз баюға байланысты кектi соғыс болуды. Бұл әрекеттер адамдардың өмiрi, денсаулығы, бастандығына қарсы, отбасы мүшелелерi мен туыстарына қарсы қылмыстарға жалғасуда. 1993 - 1997 жылдарда банк үйымындағы жауапты қызметшiлер мен басшылардың өмiрiне қол сұққан 100 - ден аса қылмыстар құқық қорғау органдарымен тiркелген. Сондықтан да банк қылмыстардан қазiргi кезде жәбiр көретiндер өте көп деуге негiз бар.

Банк қызметiндегi қылмыстың қоғамдық қауiптiлiгiнiң келесi қыры - оның латентiлiгiнде. Қолдағы бар деректерге қарасақ, жалпы қозғалған қылмыстық iстердiң әрбiр оныншысы сотқа жетедi.

Зерттелiп отырған саладағы криминолады жағдайлар құқық қорғау және бақылаушы органдардың қызметкерлерiнiң дайындығының болмауы және жауапсыздығы, банктiк қылмыстарды ашу және алдын алу кезiнде оларды қызметтерi координациялаудың тиiмсiздiгi әсерiнен көбейдi.

Бүгiнгi таңда банк қызметiндегi қылмыстылықтың алдын алудың криминологиялық негiзiнiң болмауын айтпай кете алмаймыз. Қазақстан Республикасында банктiк қылмыстар тұтас зерттелiп болмаған.

Зерттеу обьектісі мен пәні: қылмыстық құқықтық шараларды сәйкестендiру, қылмыскерге әсер ететiн шараларды анықтау арқылы банктiк қызмет саласындағы қылмыстардың алдын алуды тиiмдi ұйымдастыру обектісі, банк қызметi саласындағы қылмыстар экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түрi пәні болып саналады.

Сондықтан да Қазақстан Республикасы ел Президентiнiң «Елдiң жағдайы мен iшкi жеке сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы» жолдауында былай делiндi: «Мыналарды жасау қажет:

  • шаруашылық субъектiлерiнiң банктiк несие алуына мүмкiндiк бередi; мемлекет қарыздарын кезектiлiкпен жоюдың кешендi шараларын жүргiзу

экономикадағы қарыздарды қайтаратында мақсатты топтар құру;

  • экономиканың өсуiне, мемлекет қатынасы түсетiн және азаматтарға тiкелей пайдалы болатын бағдарламаларға мемлекет қаражатын бөлу».

Зерттеу жұмысының мақсаты банктiк қылмыстармен күресу шараларының жүйесiн анықтау және банктiк қылмыстар бойынша жауаптылық жөніндегі нормаларды тиiмдеу.

Аталған мақсатқа жетуде төмендегiдей мiндеттер туындайды:

  1. Тұтас банктiк қылмыстарды зерттеу;
  2. Банктiк қылмыстардың себептерiн анықтау;
  3. Банктiк қылмыстардың алдын алу шараларын тану;
  4. Банк қызметiндегi жекеленген қылмыстардың құрамын сипаттайтын негiзгi белгiлерге тоқтау;

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Зерттеу жұмысымды жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы Конституциясы мен өзге де заңдылық нормаларын, ҚР Жоғары Сот Пленумының қаулыларына, ведомствалық бағынысты өзге де актілерге сонда -ақ заңгер ғалымдар А. Ағыбаев, Алауханов Е. О., Рахметов Е. Ш., Нұралиева А. С., Төлеубекова Б. Х. еңбектерін атуға болады.

1. БАНК ҚЫЗМЕТI САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМА

1. 1 Банк қызметi саласындағы қылмыстар экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түрi ретiнде

Құқықта экономикалық қылмыстар деген ұғым кездеседi. Экономикалық қылмыс жаңа ұғым емес, бұрынан бар, халықаралық ұғым (economik erime, delinguance d’affairess) . Ұлт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн халықаралық деңгейде экономика саласында мемлекеттiң белсендi ынтымақтастығына, атап айтқанда экономикалық прогреске жәрдемдесу керек. Сайып келгенде, бұл өндiрiстi, технологияларды дамытуды, халықтық сауда көлемiн ұлғайтуды, халықаралық жобаларды әзiрлеп, оларды жүзеге асыруды, бiрлескен экономикалық және қаржылық институттар құру, сондай - ақ экономика саласындағы құқықбұзушылқтардың, экономикалық қылмыстарды алдын алуды қажет етедi.

Экономикалық қылмыс ұғымы туралы ғылымда бiрнеше пiкiрлер бар. Бу Свенсон экономикалық қылмысты ұзаққа созылатын, жүйелi, пайдакүнемдiк ниетпен жасалынатын, шаруашылық қызмет саласында жиi кездесетiн, жазаланатын әрекет деп есептейдi. Алайда, қылмыстың созылмалығы қасиетi барлық экономикалық қылмыстарға тән емес.

Ал, Тiленчиева Г. Д. экономикалық қылмыстарға төмендегi белгiлердi жатқызады:

  • олардың экономикалық - шаруашылық механизмдермен байланыстылығы; қылмыспен қолсұғылатын экономикалық қатынас жүйесiндегi тұлғалар ғана қылмыстың субъетiлерi бола алады.

Аталған белгiлер шынында да экономикалық қылмыстарды толық сипаттай алады. Тек экономикалық қылмыстардың бәрi бірдей жүйелi түрде жасалына бермейдi, сондай - ақ қылмыскердiң тек сол экономикалық жүйедегi тұлғаның бiрi болуы шарт емес.

Экономикалық қылмыстар заңды шаруашылық жүргiзу қызметiн бұзады. Қылмыскер өзiне материалдық игiлiктердi алу үшiн шаруашылық механизiмдердi саналы түрде пайдаланады. Мұнда шаруашылық механизiмнiң звенолары бiр - бiрiмен тығыз байланыста. Қылмыспен бiр звеноның зақымдануы қалған шаруашылық механизiмдерiне эрозия алып келедi. Экономикалық қылмыстардың кейбiр пайдакүнемдiкпен, басқа ниетпен де жасалынады.

Д. Д. Дженаро мен Э. Бетерс: «Экономикалық қылмыстар - байлық жинаудың әдiл процесi, ол заңмен қорғалатын рыногтық ойын ережесiн бұзады», - дейдi. Шаруашылық қылмыс экономикалық қылмыстардың бiр түрi ретiнде, - дейдi Вороженин В., - материалдық игiлiктердi өндiру, айырбастау, тарату, пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастарқа қол сұғады. Қаруақылық қылмыстың топтық объектiсi рыногтық экономиканың дамуына негiзделген, қоғамдағы қарақылық қызмет саласында қалыптасқан, мемлекетпен қорғалынатын қоғамдық қатынастар жүйесi болып табылады.

Ал, Дементева Е. Е. жұмысында экономикалық қылмыстарға тән белгiлерге төмендегiлердi жатқызады:

  • материалдық игiлiктердi тарату үшiн (пайдакүнемдiк) жасалуы; жәбiрленушiлердiң ұжымдылығы және белгiсiз болуы; ұзақ, жүйелi; мемлекеттiң, кәсiпкердiң және жеке азаматтардың мүддлерiне шығындардың келуi.

Автор өз еңбегiнде экономикалық қылмыстар мәселесiн көтередi, шығын келген тұлғаларды анықтауға тырысады. Материалдық игiлiкке шығын келсе, әдетте қылмыстық әрекет тұлғаны меншiк құқығына да нұқсан келтiредi, деп есептейдi. Экономикалық қылмыстарда қылмыстық әрекетпен экономикалық қызметке қарсы бағытталған қолсұғушылық меншiк құқығынан қауiптiрек болады да, қылмыстың объектiсi ретiнде танылады. Экономикалық қылмыстар мамандырылған қызметтiң болуы мiндеттi емес.

Криминологиялық зерттеулердің көмегімен қылмыстылықтың күйін, даму тенденциясын, себебі мен шарттарын, қылмыстылықтың алдын алудың мақсаты мен объектісінің негізгі бағыттарын, әсер ету құралын, субъектілерін, мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін материалдық ресурстарды білеміз.

Қылмыстылықтың алдын алу жүйесіне мыналар жатады:

  • қылмыстылықтың алдын алу объектісі;
  • оның негізгі дәрежесі мен нысаны;
  • қылмыстылықтың алдын алудағы қызмет - функциялары;
  • қылмыстылықтың алдын алу субъектілері.

Қылмыстылықтың алдын алу объектісі дегеніміз зерттеліп отырған қылмыстың пайда болу себептеріне әсер ететін арнайы қатынастар болып табылады.

Қылмыстылықтың алдын алу субъектісіне қылмыстылықпен күресу шараларын басқаару, жаспарлауды жүзеге асыратын жеке азаматтар, түрлі бірлестіктер, топтар, арнайы (құқыққорғау) органдары, мемлекет жатады.

Бұл субъектілерге қылмыстың алдын алу барысында жекеленген функциялар (шаралар) жүктелінеді.

Қылмыстылықпен күрес шарасы жалпы, не жекеленген дәрежеде атқаруды қажет етеді. Жеке қылмыскерге қатысты жүргізілетін қызмет қалмыстың алдын алудың жеке дәрежесін құрайды.

Қылмыскердің жеке қасиеттеріне байланысты алғашқы (ерте кезеңде), тікелей, пенитенциярлы, постпенитеициарлы деңгейде қылмыстың адын алу шарасын жүзеге асыру қажет.

Алғашқы қылмыстық алдын алу шарасы қылмыстың әрекеті жасағанға дейінгі қызмет, ал тікелейде қылмыс нақты жасалған кездегі күресі қасиетті болып табылады.

Пенициарлы қылмыстылықтың алдын алу шарасы сотталушыны тұлғаның жазасын өтеп жүрген кезде іске асырылатын қылмыстылықпен күресу шарасы болса, ал постпенитенциарлыда (түзеу мекемесі) сотталушының жазасын өтеп болғанан кейінгі кезеңді қамтылады.

Қылмыстылықтың алдын алудың ғылыми еңбектерде дәстүрлі екі түрі бар: жалпы әлеуметтік және арнайы криминологиялық.

Қылмыстылықты алдын алудың жалпы әлеуметтік түрі қылмыстылықпен күресу процесі жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде әлеуметтік даму мақсатында атқарылатын ұзақ мерзімді, тиімді және кең масшабтағы әлеуметтік қызметті құрайды. Жалпы әлеуметтік шаралардың барлығы түгелімен қылмыстылықтың алдын алудың шаралары функциясын атқармайды. Оларға тән белгілі бір нәтиже бере алатын қылмыстық әрекеттерді тежейтін шараларды жатқызамыз:

  • қылмыстылықтың жалпы себептерінің тікелей күшін жояды, осы себептерге қарсы бағытталса да; нақты қылмыстылықтың топтық және жекеленген әрекеитердің жасалуы себептері мен шарттарына тікелей әсер етеді; түрлі дәрежеде криминогенді құбылыстарға қарсы бағытталады.

Криминологияда қылмыстылықытың жалпы әлеуметтік алдын алу шарасын бірнеше топқа бөлуге болады. Бірі - қылмыстылықтың алдын алу шарасының деңгейіне қарай топтаса, екіншісі - әсер ету сипатына қарай бөледі.

Біз қылмыстың әрекеттері баға беру нәтижесінде, қылмыстылықтың алдын алуды келесі 3 блокқа бөлеміз:

  • экономикалық және ұйымдастыру және басқару сипатындағы шаралар; құқықтық сипаттағы; әлеуметтік - психологиялық сипаттағы шаралар;

Экономикалық және ұйымдастырушылық пен басқару сипатындағы қылмыстылықтың алдын алу шараларына мыналарды жатқызамыз:

  • экономикалық күйзелісті зерттеу; криминологиялық емес шараларды қолданумен байланысты емес шараларды қолданумен байланысты емес экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; азаматтар мен ұйымдардың қызметтеріне қойылатын жағдай жасау; несие қатынастары мен банк жүесіне қолсұғушылықтан қорғау, азаматтық құқықтық сипаттағы шараларды тиімді ету.

Банк қызметі саласындағы қылмыстардың барысында мына алдын алу шараларын іске асыру барысында мына міндеттемелерді орындау қажет:

  • легалды банктік бизнесті жемқорлық және ұйымдасқан қылмыстардың әсерінен қорғауды құқықтық қамтамасыз ету; банк қызметі саласында қылмыстың жасалынуы фактісі қозғалған қылмыстың істеуді және тергеу жүргізгенге дейін банктік қызметті тексерудің құқықтық негіздерін жетілдіру; «банк құпиясы» мен «коммерциялық құпия» ұйымдарына нормативтік актілерінде нақты түсінік беру.

Легалды банктік бизнесті қорғауды құқықтық қамтамасыз етудің жолында «жемқорлықпен күрес» туралы заңды жетілдіру қажет.

Құқық қорғау органы қызметшілерінің іс - тәжірибесінде өз лауазымды қызметтен пайдаланылып, коммерциялық ұйымдардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына елеулі көмек көрсету жағдайын жиі кездестіруге болады. Бұл кәсіпкерлік қызметті объективті заңды түрде атқаруға елеуді кедергі болатын анық. Соднықтан да қылмыстылықтың алдын алуда мұндай әрекеттерге тыйым салған дұрыс.

Құқық қорғау органдарында бірыңғай компьютерлікжүйе бар. Онда несие және ақша жүйесіндегі қылмыстылыққа жалған құжаттарды жасау, пайдалануға қатысы бар тұлғалар туралы және жалған ақша соммасы туралы мәліметтер тіркейді.

Құқық қорғау органы қызметкерлеріне де коммерциялық құпия мәліметтер қылмыстық істерді ашу кезінде қажет. Демек құқық қорғау және банк қызметшілерінің банк қызметі саласындағы қылмыстылықпен берлесіп күресуі үшін мәліметтермен алмасуды қамтамасыз етудің орны ерекше.

Банк қызметі саласындағы қылмыстарға әсер ететін әлеуметтік - психологиялық шараларды қарау органдары. Бұл үшін мемлекет мына бағытта шараларды атқарғаны қажеттігі:

  • өндірістік кәсіпкерлікті дамытудың артықшылығы мемлекетте мойындаудың қажеттігі; инвестициялық, жедел несие беру жеңілдіктер жасау арқылы мақсатты материалдық көмек көрсету, мұндай кәсіпкерліктің материалдық көмек көрсету, мұндай кәсіпкерліктің өндірістік бағдарламасын мемлекеттік тапсырысқа енгізу; өндірістің алғашқы циклында өндірісті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау; қоғамда рухани байлықты дамыту үшін насихаттау және басқа шараларды кеңінен қоладану.

Банк қызметі саласындағы арнайы криминологиялық шаралар дегеніміз қылмыстардың жасалуына әсер ететін себептер мен шарттарды жоюға арнайы болып табылады.

Жаңа қылмыстық кодекстiң қабылдануымен экономикалық қызметтегi қылмыстық құқықпен қорғалынатын мүдделер, сәйкесiнше олардан туындайтын қатынастардың қатары да (ҚР ҚК 189- 227 баптар) толықтырылды. Мемлекеттiң тиiстi дәрежеде ақша - несие жүйесiне, құнға, банктерге өз бақылауының төмендеуiне ақшамен есептесу, несие жүйесiнде түрлi криминалды нысандағы қылмыстар күшейдi.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар - материалдық және басқа да құндылықтарды, халыққа көрсетiлетiн қызметтi өндiруге, бөлуге, айырбастауға және тұтынуға байланысты туындайтын, қоғамдық қатынасқа зардабы тигiзетiн қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауiптi iс - әрекет. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшiн жауапкершiлiктi қарастыратын нормалар қоғамдық қатынасты қорғауға, ел экономикасының еркiнде бiр қалыпты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған қылмсытық кодексте қарастырылып отырған тараудың маңыздылығы осында.

Экономикалық қызмет саласындағы кәсiпорындарда сол қызмет процесiнде қалыптасқан бiрыңғай тектiк қоғамдық қатынас болады.

Осы тарауға жататын бiрқатар қылмыстардың мiндеттi түрдегi нышаны - ондағы қылмыс заты болып табылады. Мысалы, тауарлық белгi (ҚК - тiң 199 бабы), коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтер (200 - бап), бағалы қағаздар (202, 205 - бап), жалған ақша (206 - бап), төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырбастау құжаттары (207 - бап), акциздiк алым маркалары (208-бап) .

Қарастырылатын қылмыстың көбiсiнiң объективтiк жағы қылмыстың жасалуымен сипатталады. Кейбiреулерi әрекетсiздiк арқылы да жасалынады. Мысалы, несиелiк береқектi өтеуден әдейi жалтару (ҚК - тiң 195 - бабы), қетел валþтасындаөы қаражатты қетелден қайтармау (213 - бап), кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтару (214 - бап), бухгалтерлiк есеп ережелерiн бұзу (218 - бап), салықтарды төлеуден жалтару (221, 222 - баптар) .

Экономикалық қызмет саласындағы кейбiр қылмыстардың мiндеттi түрдегi нықаны, ол - заңда көзделген қоөамөа қауiптi зардаптары болуы. Оларда материалдық құрам болады. Мысалы, ҚК - тiң 192 - 194, 196 - 198, 203 - 205, 215 - 222 - баптарында көзделген қылмыстар.

ҚК - тiң осы қарастырылып отырөан тарауына кiретiн бiрқатар баптарда бланкеттiк сипат бар. Мысалы, ҚК - тiң 197, 205, 218 - баптары.

Экономикалық қызмет саласындаөы қылмыстардың барлығы субъективтiк жаөынан, өздерiнiң әдейi, қасақана жасалөандыөымен сипатталады. Олардың кейбiреулерiнiң субъективтiк жаөының мiндеттi түрдегi нықаны, оларда себеп пен мақсаттың болуы (ҚК - тiң 192, 193, 198, 204 - баптары) .

Экономикалық қызмет саласындаөы қылмыстардың субъектiсi қылмыс жасаөан кезде 16 жасқа толөан, есi дұрыс адам бола алады. Ал, мұндай қылмыстардың кейбiреулерiнiң субъектiсi тек лауазымды адамдар (ҚК - тiң 198, 225 - баптары), банк қызметкерлерi қана (189, 225 - баптары) болады.

Тiкелей субъектiсi бойынқа экономикалық қызмет саласындаөы қылмыстарды қартты түрде мынандай түрлерге бөлуге болады:

1) кәсiпкерлiк саладағы және экономикалық қызметтiң басқа да саласындағы қылмыстар: заңды кәсiпкерлiк қызметке кедергi жасау (ҚК - тiң 189 бабы), заңсыз кәсiпкерлiк (190 - бап), заңсыз банктiк қызмет (191 - бап), жалған кәсiпкерлiк (192 - бап), заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлiктi заңдастыру (193 - бап), монополистiк iс - әрекеттер және бәсекенi шектеу (196 - бап), көрнеу жалған жарнама беру (198 - бап), тауарлық белгiнi заңсыз пайдалану (199 - бап), коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi заңсыз алу мен жария ету (200 - бап), кәсiптiк спорт жарыстарының және ойын - сауық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу (201 - бап), банкроттық жағдайдағы заңсыз iс - әрекеттер (215 - бап), әдейi банкроттық (217 - бап), бухгалтерлiк есеп ережелерiн бұзу (218 - бап), табиғат пайдалану жөнiндегi заңсыз мәлiметтердi тiркеу (225 - бап), мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету (ҚК - тiң 226 - бабы) ;

2) ақша - несие саласынағы қылмыстар: несиенi заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану (ҚК - тiң 194 - бабы), несиелiк ерешектi өтеуден әдейi жалтару (195 - бап), бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртiбiн бұзу (202 - бап), бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiмiне көрнеу жалған мәлiметтер енгiзу (203 - бап), бағалы қағаздар мен жүргiзiлетiн опрециялар туралы көрнеу жалған мәлiметтер беру (204 - бап), бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу ережелерiн бұзу (205 - бап), жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырбасу құжаттарын жасау немесе сату (ҚК - тiң 207 - бабы) ;

3) қаржылық қызмет саласындағы қылмыстар: акциздiк алым маркаларын қолдан жасау және пайдалану (208 - бап), экономикалық контробанда (209 - бап), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213 - бап), кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтару (214 - бап) : банк операциялары туралы көрнеу жалған мәлiметтер беру (219 - бап), банктiк ақша қаражатын заңсыз пайдалану (220 - бап), азаматтық салық төлеуден жалтаруы (221 - бап), ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару (ҚК - тiң 222 - бабы) ;

4) сауда және халыққа қызмет көрсету саласындағы қылмыстар: көпшiлiк сауда - саттықтар мен аукциондарды өткiзушiлердiң белгiленген тәртiбiн әдейi бұзу (197 - бабы), тұтынушыларды алдау (223 - бап), заңсыз сыйақы алу (ҚК - тiң 224 - бабы) .

5) экономикалық қызмет саласындағы басқа да қылмыстар: компьютерлiк ақпаратқа заңсыз кiру, ЭВМ үшiн зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату (ҚК - тiң 227 - бабы) .

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жекеленген түрi банктiк қылмыстар деп аталынады. Банктiк қылмыстарға банк саласында жасалынатын қылмыстар болып табылады. Қайыржанова С. Е. диссертациялық жұмысында банк саласындағы қылмыстарды екi топқа бөлiнедi, оның бiрi тiкелей меншiкке қол сұқса, екiншi тобы банк қызметi саласында жасалынатын қылмыстар.

Банк қызметi саласындағы қылмыстылыққа заңсыз банктiк қызмет (ҚР ҚК 191 - бап), заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлiктi заңдастыру (193 - бап), несиелiк берешектi өтеуден әдейi жалтару (195 - бап) . Бағалы қағаздарды шығару (эсиссия) тәртiбiн бұзу (202 - бап) жалған ақша несие бағалы қағаздар жасау немесе сату (206 - бап), жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату (207 - бап), несиенi заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану (194 - бап) жатады.

1. 2 Банк қызметi саласындағы жеке қылмыстар үшiн жауапкершiлiк

Заңсыз банк қызметi

ҚР ҚК 191 - бапта келтiрiлген қылмыстық - құқықтық норма заңсыз кәсiпкерлiк (190 - бап) үшiн жауапкершiлiк жөнiндегi жалпы нормамен салыстырғанда арнаулы норма болып табылады.

Заңсыз банктiк қызметтiң (191 - бап) құрамы заңсыз кәсiпкерлiк (190 - бап) жалпы құрамынан, тек сол заңсыз кәсiпкерлiктi жүзеге асыратын сала бойынша ғана өзгеше[3] .

Азаматтар мен заңды тұлғалардың банктiк қызметi мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеуден өтуi тиiс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк қызметi саласындағы қылмыстарға криминологиялық сипаттама
Банктік қылмыстармен күресу шараларының жүйесін анықтау және банктік қылмыстар бойынша жауаптылық жөніндегі нормаларды тиімдеу
Банктік несиені заңсыз алу
Қаржы-несие саласындағы қылмыстардың криминологиялық аспектілері
Экономикалық қылмыстардың алдын алу жөніндегі нормаларды тиiмділеу
Заңсыз кәсіпкерлік үшін қылмыстық жауаптылық
Несиені заңсыз алу мен мақсатсыз пайдаланудың жалпы сипаттамасы
Несие қылмыстары туралы түсінік
Экономика саласына байланысты жасалатын қылмыстардың криминалистикалық ерекшеліктері
Мамандықтың пәндер каталогы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz