Америка Құрама Штаттарындағы либералдық–саяси ағымдар
Жоспар
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Америка Құрама Штаттарындағы либералдық.саяси
ағымдар.
2. Томас Джефферсонның саяси . құқықтық көзқарасы.
Тәуелсіздік деклорациясы.
3. Джеймс Мэдисонның консерваторлық және
либералистік саяси көзқарасы.
4. Фридрих Август фон Хайектің саяси көзқарасы мен
идеясы.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Америка Құрама Штаттарында әлеуметтік – саяси тарихында қоғамдық – саяси құрылым және құқық мәселелері бойынша идеялық пікір таластардың өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталатын екі кезеңді аңғаруға болады. Оның алғашқы кезеңі ХVІІІ ғасырдың басынан бастап ХІХ ғасырдың ортасына дейін созылған отар қоныстардың метрополияға бағыныштылығымен сипатталса, екінші кезеңі тәуелсіздік үшін күреспен айқындалып, ХІХ ғасырдың екінші жартысын қамтиды. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында өздерін штаттар (яеғни мемлекеттер) деп атаған колониялар мен метрополиялар арасындағы шиеленіс салық салу мәселесіне байланысты күшейе түсті. Көптеген публицистер (Д.Адамс, Т. Джефферсон, А. Гамильтон және тағыда басқалары) өздерінің саяси памфлеттерінде барлық отар иеліктеріндегі қоныстанушылар заң шығарушы жиналыста өз өкілдерінің болуы керектігін, өзін-өзі басқару принципін ұстану қажеттігін айтып, отаршылардың саяси талаптарын табиғи-құқықтық негізбен байланыстырды. Азаматтардың табиғи құқығы мен бостандығы туралы бұл ой тек публицистикада (көсемсөзде) ғана емес саяси және конституциялық құжаттарда да мойындалды: Виргиния штаты құқықтарының Деклорациясы (Дж. Мейсон және Дж. Мэдисон, 12 маусым 1776 жыл) және Тәуелсіздік Деклорациясы (Т. Джефферсон, Б. Франклин, Дж. Адамс, 4 шілде 1776 жыл). Тәуелсіздік Деклорациясын 13 штат бірауыздан қабылдады. Табиғи құқық теориясының идеяларын талдау барысында халықтың саяси таңдауы мен дербес өмір сүру құқығының және халық егеменділігінің конституциялық принциптері жарияланды. Теориялық жаңашылдықтың тағы бір маңызды нәтижесі биліктің бөлінісі принципін нақтылау болды. Тәуелсіздік үшін күрес тұсында (1775-1783) штаттардың Конфедерациясы құрылды. Алайда соғыс аяқталысымен штаттардың одағын нығайту және тиімді федералды үкімет құру қажеттілігі туындады. Осы міндетті атқару үшін 1787 жылдың мамыр айында конституциялық Конвент құрылды. Ол барлық сословиелік артықшылықтар мен дворяндық титулдарды жойып, республикалық құрылысты бекітетін, ажыратылған үш билік жүйесін енгізетін федералдық Конституцияның жобасын дайындап щығарды. 1803 жылы Жоғарғы сот өзінің конституциялық бақылау құқығын бекіткеннен кейін американдық революцияның барлық негізгі кезеңдері (тәуелсіздік үшін күрес, жаңа мелекеттік құрылымды қалыптастыру және оны өмірге енгізу) толығымен аяқталды.
Демек, Америка Құрама Штаттарында әлеуметтік – саяси тарихында қоғамдық – саяси құрылым және құқық мәселелері бойынша идеялық пікір таластардың түрлері мен Дж. Мэдисон, Т. Джефферсонның саяси идеялар мен ойларының пайда болуына толық түсінік беріп, ашып көрсету маңызды болады. Сонымен қатар, Фридрих Август фон Хайектің саяси ойлары мен идеяларына тоқталып, жалпы мәлімет беремін.

1. Джефферсон. Т.
Автобиография. Заметки о штате Виргиния.
Л., 1990. 21- 22беттер
2. Севостянов Г.Н.,
Уткин А.И.
Т. Джефферсон. М., 1976ж.
3. Деев Н. Н.
Т. Джефферсон // Политические учения: история и современность.
М., 1976. 385-399 беттер.
4. Соргин В.В.
Основатели США.
М., 1983ж.
5. Графский В. Г.
История политических и прававых учений.
Учебник. М., «Проспект» 2005ж.
6. В. О. Печатновтың
Гамильтон и Джефферсон кітабы бойынша цитаталар. 330-бет.
М., 1996ж.
7. Соргин В.В.
Основатели США: исторические портреты.
М., 1983.
8. Н. А. Хорошилова
История политических и прававых учений.
Учебное пособия. М., «ЮНИТИ – ДАНА»
2002ж, 344б.
9. Антология философских мысли.
Европы и Америки.
5Томах. 3 Т.
10. Г. У. Шелдон
Политическая философия Т. Джефферсона.
М., 1996ж. 112б.
11. Американские просветители.
Избранные произведения. 2Т.
М., 1994ж. 118-122б.б.
12. Федералист
Политическое эссе Дж. Мэдисона.
М., 1993ж.
13. М. Мұхаммедов.
Б. Сатеришнов.
Б. Сырымбатұлы.
Саяси – құқықтық ілімдер тарихы.
Алматы, 2002ж. 150-160 б.

1. Америка Құрама Штаттарындағы либералдық–саяси
ағымдар.
2. Томас Джефферсонның саяси – құқықтық көзқарасы.
Тәуелсіздік деклорациясы.
3. Джеймс Мэдисонның консерваторлық және
либералистік саяси көзқарасы.
4. Фридрих Август фон Хайектің саяси көзқарасы мен
идеясы.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Америка Құрама Штаттарында әлеуметтік – саяси тарихында қоғамдық –
саяси құрылым және құқық мәселелері бойынша идеялық пікір таластардың
өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталатын екі кезеңді аңғаруға болады. Оның
алғашқы кезеңі ХVІІІ ғасырдың басынан бастап ХІХ ғасырдың ортасына дейін
созылған отар қоныстардың метрополияға бағыныштылығымен сипатталса,
екінші кезеңі тәуелсіздік үшін күреспен айқындалып, ХІХ ғасырдың екінші
жартысын қамтиды. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында өздерін штаттар (яеғни
мемлекеттер) деп атаған колониялар мен метрополиялар арасындағы шиеленіс
салық салу мәселесіне байланысты күшейе түсті. Көптеген публицистер
(Д.Адамс, Т. Джефферсон, А. Гамильтон және тағыда басқалары) өздерінің
саяси памфлеттерінде барлық отар иеліктеріндегі қоныстанушылар заң
шығарушы жиналыста өз өкілдерінің болуы керектігін, өзін-өзі басқару
принципін ұстану қажеттігін айтып, отаршылардың саяси талаптарын табиғи-
құқықтық негізбен байланыстырды. Азаматтардың табиғи құқығы мен бостандығы
туралы бұл ой тек публицистикада (көсемсөзде) ғана емес саяси және
конституциялық құжаттарда да мойындалды: Виргиния штаты құқықтарының
Деклорациясы (Дж. Мейсон және Дж. Мэдисон, 12 маусым 1776 жыл) және
Тәуелсіздік Деклорациясы (Т. Джефферсон, Б. Франклин, Дж. Адамс, 4 шілде
1776 жыл). Тәуелсіздік Деклорациясын 13 штат бірауыздан қабылдады. Табиғи
құқық теориясының идеяларын талдау барысында халықтың саяси таңдауы мен
дербес өмір сүру құқығының және халық егеменділігінің конституциялық
принциптері жарияланды. Теориялық жаңашылдықтың тағы бір маңызды нәтижесі
биліктің бөлінісі принципін нақтылау болды. Тәуелсіздік үшін күрес тұсында
(1775-1783) штаттардың Конфедерациясы құрылды. Алайда соғыс аяқталысымен
штаттардың одағын нығайту және тиімді федералды үкімет құру қажеттілігі
туындады. Осы міндетті атқару үшін 1787 жылдың мамыр айында конституциялық
Конвент құрылды. Ол барлық сословиелік артықшылықтар мен дворяндық
титулдарды жойып, республикалық құрылысты бекітетін, ажыратылған үш билік
жүйесін енгізетін федералдық Конституцияның жобасын дайындап щығарды. 1803
жылы Жоғарғы сот өзінің конституциялық бақылау құқығын бекіткеннен кейін
американдық революцияның барлық негізгі кезеңдері (тәуелсіздік үшін күрес,
жаңа мелекеттік құрылымды қалыптастыру және оны өмірге енгізу) толығымен
аяқталды.
Демек, Америка Құрама Штаттарында әлеуметтік – саяси тарихында
қоғамдық – саяси құрылым және құқық мәселелері бойынша идеялық пікір
таластардың түрлері мен Дж. Мэдисон, Т. Джефферсонның саяси идеялар мен
ойларының пайда болуына толық түсінік беріп, ашып көрсету маңызды болады.
Сонымен қатар, Фридрих Август фон Хайектің саяси ойлары мен идеяларына
тоқталып, жалпы мәлімет беремін.
1. Америка Құрама Штаттарындағы либералдық–саяси ағымдар.
ХVІІІ мен ХІХ ғасырларда қоғамдық өмірдің демократиялануымен
әлеуметтік – саяси теориялардың да мазмұны өзгерді. Саясат ұғымы да жаңа
маңызға ие, болды: егер бұрын ол мемлекеттік билік қызметінің саласын ғана
қамтыса, енді ол қоғамдық қатнастардың кең ауқымын білдірді. Қоғамдық
санада сциентизмнің (лат. scientia – ғылым) белең алуына орай,
саясаттанушылар мен құқықтанушылар өз концепцияларында методология
мәселелеріне үлкен көңіл қоя бастады. Кейінірек саяси ғылымдардың
құқықтанудан бөлініп шығуы барысында саяси және құқықтық ілімдерде
әрқайсысы өзінің тар мамандық саласы шеңберінде тереңдете зерттеу үрдісі
басым болды. Мұның өзі саяси теорияның ішінде жекелеген концепциялардың
пайда болуына әкелді, мысалы тоталитаризм, плюралистік демократия, үстем
элита концепциялары.
ХІХ ғасырдың буржуазиялық әлеуметтік саяси ойында неолиберализм
(кейде "әлеуметтік либерализм ", ескі индивидуалистік либерализмге қарсы),
"демократиялық либерализм" (аристократиялық либерализмге қарсы, "либерал -
реформизм" ұғымдары қолданылады) және концерватизм ( немесе "жаңа
концерватизм", "неоклассикалық либерализм", "либерал-концерватизм"
терминдерімен де айтылады) басым бағыт қатарына жатқызылады. Бұл
идиологияның жақтаушылары қоғамдық ойда орталық бағыт ұстанса, солшылдарға
әртүрлі социолизм, коммунизм және солшыл радикализм (" жаңа солшылдар",
"солшыл экстремизм" және тағы басқа) концепциялары, ал оңшылдарға фашизм
және неофашизм, "жаңа оңшылдар", нәсілшілдер сияқты оңшыл радикализм
теориялары жатады.
Неолиберализм және қазіргі концерватизм классикалық либерализм
идеологисының дағдарысы тұсында, индустриялды дамыған елдерде экономиканы
реттеуде, мемлекеттің әрекетін кеңейту мақсатында қалыптасты.
Неолиберализмнің идеологтары (Дж. Кейнс, А. Хансен, Дж. Гэлбрейт және
тағы басқа) қоғамның реформашыл көңіл – күйдегі топтакрының – ірі
өнеркәсіпшілердің, жоғары шенеуліктердің, сондай – ақ интеллегенцияның
едәуір бөлігінің мүддесін көздейді. Олар өз бағдарламалары мен
концепцияларында өңдірістің дағдарыссыз және тұрақты дамуына қол жеткізу
үшін қоғамдық процестерге мемлекеттің ықпалын кеңейтуді, жеке кәсіпкерлік
қызмет саласына мемлекеттің белсенді түрде араласуын жақтайды.
Неолиберализмдегі кейнешілдік бағытының негізін қалаушы ағылшын
экономисі Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) болды. Ол өзінің 1929-1933
жылдардағы "ұлы дағдарыстан" кейін жазылған "Еңбекпен қамтудың, пайыз бен
ақшаның жалпы теориясы" еңбегінде шіріген капитализм" туралы лениндік
теорияға қарсы нарықтық экономиканың дамуға қабілеттілігін, дағдарыстардың
өткіншілігін дәлелдеп жазды. Кейне мемлекет құқық мәселелерімен арнайы
айналыспағанмен, еркін кәсіпкерлік режимінің орнына экономиканы
мемлекеттік реттеуді ұсынған оның бағдарламасы саяси практика мен заң
шығарушылыққа тікелей әсер етті. Кейнстің идеялары 50-60 жылдары кеңінен
таралды. Бұл идеялар постиндустриалды қоғам (Дж. Гелбрейт), экономикалық
өсім кезеңі (В. Ростоу), игілікті мемлекет (Г. Мюрдаль) концепцияларында
өзінің жалғасын тапты. Неолиберализм идиологиясына қарсы шығып, еркін
кәсіпкерлікті жақтаған қазіргі концерваторлар (Ф. Фон Хайек, И. Кристол,
М. Фридман) болды. Бұл бағыттың әлеуметтік негізін финанс олигархиясы,
истеблишмент, ауқатты фермерлер және шығармашыл интеллигенцияның бір бөлігі
құрайды. Мемлекеттің экономикалық әрекетін толығымен теріске
шығармағанымен, олар жеке капиталға қатысты мемлекеттің араласуын шектеуді
ұсынады. Экономикадағы мемлекеттік биліктің рөлін нарықты реттеумен ғана
байланыстырады.
ХІХ ғасырда концерватизм идиологиясымен қатар демократиялық
социализм идеялары да өмір сүрді. Бұл ілімнің идеялақ қайнар көзі Э.
Бернштейннің, К. Каутскийдің саяси көзқарастарында жатқанымен, оның бастыц
теогриялық қағидалары екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Г. Ласкидің
(Англияда лейбористер партиясы атқару камитетінің мүшесі) "Біздің замандағы
революция туралы ойлар", Л. Блюмнің (Франциядағы социалистік партияның
мүшесі "Адамзат ауқымында", К. Ренердің (Австралиядағы социал-демократилық
партияның төрағасы) "Жаңа әлем және социализм" еңбектерінде негізделді. Осы
соңғы елу жылда капитализм өзінің өміршеңдігімен көзге түсіп қана қоймай,
қоғамдық дамудың қажеттіліктерін өтеу қабілетінің социализмнен жоғары
екендігін де дәлелдеді. Демократиялық социализм теориясының ықпалының
бәсендеуі, ондағы негізгі басымдылықтың социализмнен демокркатияға ауысуы
осымен байланысты. Алайда бұл әлеуметтік әділеттілік идеалдары қоғам
дамуына ықпал етуін тоқтатты деген сөз емес.
ХІХ ғасырдағы құқық пен мемлекет туралы теорияларда әлеуметтік
юриспруденция, позитивистік нормативизм және қайта өркендеген табиғи-
құқықтық бағыттары қалыптасты.
Әлеуметтік құқықтанудың ең көрнекті өкілдерінің бірі американдық
заңгер Роско Паунд (1870-1964). Ол өзінің теориялық көзқарастарын бес
томдық "Юриспруденция" (1959) еңбегінде баяндайды. Паунд құқықты
зерттеуде "инструменталды прагматикалық тәсілді" қолданды және онда
құқықтың өзі "әлеуметтік бақылаудың инструменті" ретінде түсіндірілді.
Бақылаудың өзі заңға бағынушы азаматтардың әлеуметтік өзара әрекетін, жүріс-
тұрысын реттеумен және үйлестірумен байланысты болғандықтан оның ілімін
көбіне "заңгерлік әлеуметтік инженерия" деп те атайды.
Құқық арқылы әлеуметтік бақылау тұрақтылықты қажет етеді, алайда
қоғам өміріндегі ұдайы болып отыратын өзгерістер үнемі толықтырып отыруды
талап етеді.
Құқықтықтанудағы әлеуметтанулық юриспруденцияның ықпалымен АҚШ-та
негізінен салалық заңгерлік пәндердің өкілдерін – азаматтық, коммерциялық,
кәсіпкерлік және өзге де құқық салаларының мамандарын біріктірген
"реалистер" қозғалысы пайда болды. АҚШ-та негізгі ағымдар, ол либералистік,
концерваторлық, федералистік тағы да басқа ағымдар болды. Алда
либералистедің негізгі өкілдеріне тоқталып өтеміз.

... Тарих адамдарға болашақ туралы
әңгіме
қылуға мұқсат етеді;
ол оларға басқа уақыт
пен басқа халықтардың
тәжірибесін пайда-
лануға мүмкіндік
береді...
Т. Джефферсон
АҚШ тарихы ХVІІІ ғасырдың соңғы ширегі мен ХІХ – ғасырлардың
басында әлемге көрнекті саңлақтар тобын берді. Олар әр қилы көзқарасты
ұстанып әр түрлі партиялардың құрамында болғанымен, барлығы да американың
жас мемлекетінің негізін қалаушы әкелері ретінде тарихта қалды. Себебі,
олар өз елінің тарихи тағдырына ғұмырларын арнап, оның қалыптасуына және
нығаюына құдайдай сенді. Франклин, Вашингтон, Адамс, Гамильтон, Мэдисон,
Джей, Пейн және тағы басқалардың арасында америка тәуелсіздігінің және
демократиясының әкелерінің бірі, көрнекті саяси ойшыл Томас Джефферсонның
(1743-1826) да есімі бар.
Томастың әкесі – Питер Джефферсон Виргинияға алғашқы қоныс
аударушылардың бірі болды. Оның арнайы білімі болған жоқ, бірақ өз бетімен
білім алу үшін көп дайындалды. Ол графтықтағы ақылды, сауатты әрі құрметті
помещик болғандықтан оны аса жауапты жұмыстарға шақырып отырды. Мысалы,
Виргиния штатының шекарасын белгілеп, картасын жасауға, заң шығарушы
жиналыстын жұмысына. Әкесі қайтыс болғанда Томас 14 жаста еді. Отбасына
қамқорлық жасау үлкен баланың иығына түсті.
Джефферсонның шешесі – Джейн Рандолф ақсүйектер отбасынан шыққан.
Оның шежіресі Англия мен Шотландия тарихында ежелден келе жатыр. Демократ
Томас Джефферсон жазғанындай, "Әркім өзі таңдаған сенім мен құрметке сол
деңгейде қарауға ерікті"[1]. Томас отбасындағы үшінші бала, оның екі інісі,
алты қарындасы болған.
Ол бес жасынан ағылшын мектебінде, ал тоғыз жасынан бастап латын
мектебіне барды. Одан кейін, 1760 жылдан бастап екі жыл бойы Вильямсбург
қаласындағы Уильям және Мэри колледжерінде оқыды. Сонда жүргенде, ол өзіне
үлкен ықпал еткен Шотландиядан шыққан математик әрі философ профессор Ульям
Смоллмен достасты. Профессор өзінің заңгер досы Джордж Уиттың өзінің
жетекшілігмен Томастың құқықты оқып - үйренуіне рұқсат етуге жәрдемдесті,
сондай-ақ жас жігітті губернатор Фрэнсистің ортасына қосты. Фокье,
Джефферсонның айтуы бойынша, "осы орынға отырғандардың барлығының ішіндегі
ең қабілетті адам еді"[2].
[1]
АҚШ-тың болашақ үшінші Президенті, кейіннен онымен болған
кездесулерінде, өзінің алған біліміне қарыздар екендігін еске алады.
Кейінірек, Уайт мырза оның адвокаттық жұмысқа тұруына да көмек берген еді.
Кезінде, 1776 жылы Уайт өзінің жас досының дайындағандардың бірі еді.
Джефферсон Виргиния штатындағы Уилбям және Мэри колледжінде
юриспруденцияны оқып бітірген соң, сол штаттың Жоғарғы сотының адвокаттар
алқасында болды. Ол өзінің "өмірбаянында" Революция барлық сот орындарын
жапқанынша заңгерлік тәжірибесінің жалғасқанын еске алады. [3]
Оның адвакаттық қызметі айтарлықтай табысты болды, клиенттерінің саны тез
өсті. Егер, адвокаттық қызметке тұрған 1767 жылы 68 істі жүргізсе, ал төрт
жылдан соң 430 істі жүргізді. [4]
Джефферсонның 26 жасында Виргиния штатының заң шығарушы органына
депутат болып сайлануы оның саясат жолындағы мансабының жарқын болашағына
еңбек сіңіруіндегі атағы оның байсалдығы әрі "үндемейтін депутаттығы"
ретінде танылды. Ол үшін, сөз сөйлегеннен гөрі, хат пен мақала жазу оңайға
түсетін еді. Джефферсон 1776 жылы Континентальдық конгресс комиссиясының
тапсыруымен 1776 жылдың 4-ші шілдесінде Филадельфиядағы конгресте
қабылданған атақты "Тәуелсіздік деклорациясын" жазу бақытына ие болды.
"Тәуелсіздік деклорациясының" жобасын Джефферсон 17 күн, яғни 1776
жылдың 11 маусым мен 28 маусым аралығында дайындады. Ол әрбір сөзді
екшелеп, оның мән-мағанасына қарады. Бұл құжатта адамзаттың алдыңғы қатарлы
ойшылдары мен замандастарының ақыл-ой шабыты түзілген. Дайындалған мәтінді
Джефферсон Конгресс комиссиясының мүшелері Д. Франклин мен Д. Адамсқа
көрсетіп, олар біршама өзгертулер енгізгені белгілі. Олардың
ескертпелерінен кейін, комиссия мақұлдаған құжаттың соңғы жобасы жазылды
да, 28-маусымда "Бас Конгресске жиналған Америка Құрама Штаттары
өкілдерінің деклорациясы" ретінде Конгрестің қарауына ұсынылды. 19 шілдеде
Конгресс оның атын өзгертіп: "Американың біріккен 13 штатының бірауызды
деклорациясы" деп аталды. [5]
Конгрестегі талқылау үш күнге созылды. Құжаттың 800 сөзінен Конгресс
460 сөзін немесе мәтіннің ширек бөлігін алып тастады [6], бірнеше сөйлемдер
мен сөздер алмастырылды және екі үстеме қосылды. Деклорацияны 2-шілдеде
мақұлдады, Конгресс мүшелері 1776 жылы 4-шілдеде қол қойды. Одан кейін ол
перламентке көшіріліп, 1776 жылы 2-тамызда қайта қол қойды. [7]
Т. Джефферсон дайындаған бұл мәтін конгрес тарапынан аздаған өңдеуге
түсіп, редакцияланды. Кейбір жеке сөздер ең ұрымтал, нақтылы, әсіресе емес
сөздермен алмастырылып, саяси жағынан өткір бірнеше ұғымдар алынып
тасталды. [8]
Англияда қарым-қатнасты сақтауға тұрарлық достарымыздың болуы жүрек
үміттің отын әлі де сөндірмеді, - деп жазды Джефферсон өзінің
"Өмірбаянында" . Сондықтан да алынып тасталынған жолдар олардың өкпе назын
тудырмас үшін жасалынды. Африкада тұратын тұрғындардың құлдарды ұстауын
айыптайтын баптың сызылып тасталуы Оңтүстік Каролина мен Джорджия
штаттарының пайдасы үшін шешілді. Себебі, бұл штаттағылар құлдарды әкелуді
қысқартпақ түгіл, қайта құл сатуда одан әрі жалғастыруды қалады. Ал, біздің
солтүстіктегі бауырларымызда, менің ойымша, өздерінде құлдар аз болғанымен
осы пікірді қалаған сықылды, өйткені олар басқа штаттарды құлдармен ірі
көлемде жабдықтаушы еді". [9]
Америка халқының бұл өзін-өзі азат ету манифесті, кейіннен көптеген
көре алмаушылықты, күдіктерді, аңыздарды туғызды. Дж. Адамс Джефферсон
"Деклорацияны" Дж. Отистің памфлетінен көшіріп алған деп мәлімдеді,
басқалар оны шығарманың идеясы Дж. Локканың "Басқарудың екі трактаты"
шығармасынан алынғандеп кіналады, кейбіреулер оның жасырын авторы Т. Пейн
деп санады. Джефферсон өзінің қарапайым жауабында, жаңа дәлелдемелер мен
принцптер ашуға тырыспағанын, тек отандастарының ақыл-түйсігін нақтылы
айқындайтын және дұрыс ойлау тұрғысынан жағдайды түсіндіруді ғана мақсат
тұтқанын айтады. [10]
Сонымен қатар, саяси қарсыластары Джефферсонның "Виргиния штаты
туралы мақалалар" (1785) атты кітабындағы демократиялық идеяны белсенді
түрде соққыға алды. Соған қарамастан, кейіннен ол Виргиния штатының
губернаторы қызметін атқарды. Артынша, Ұлы Франция революциясының қарсаңы
мен алғашқы айларында, Б. Франклиннен соң АҚШ-тың Франциядағы елшілігін
басқарды. Ол 1789 – 1793 жылдары АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы, 1796 жылы
вице президенті, ал 1801 жылдан екі мерзім бойы АҚШ-тың үшінші президенті
болды.
Джефферсонның 1801 жылғы президент сайлауындағы жеңісін көптеген
американдықтар екінші революцияның басталуы, яғни 1776 жылғы революция
желінің қайта соғуы деп қарады. Бір қызығы, 1801 жылғы Президент
сайлауының 36-ы турында сайлаушылардың [11] дауыс беруімен Джефферсон
Президент болып сайланды. Ал, бірнеше жылдан кейін Президент сайлауының
екінші мерзіміне түскен ол ешқандай бәсекесіз Президенттікке өтті. 1797 жыл
мен 1815 жылдар аралығында Джефферсон Американың беделді философиялық
қоғамының президенті болды. 1814 жылы Т. Джефферсон Конгреске өзінің жарты
ғасырға жуық жинағын бай кітапханасын ұсынды. Ол дүниежүзіндегі ірі
кітапхананың бірі АҚШ-тың Конгресс Кітапханасының қорына қосылды.
Джефферсон республикалық партияның құрамында болатын, бұл партия АҚШ-
тың қазіргі демократиялық партиясының ізашары. Демократтар, федералистер
партиясына оппонент болып шықты. Бірақ та, Американың осы екі негізгі
партиясының тәуелсіздік үшін күрестегі революциялық
9 Севостянов Г.Н., Уткин А.И. Т. Джефферсон. М., 1976ж. 10,11 Сонда.
Американың осы екі негізгі партиясының тәуелсіздік үшін күрестегі
революцялық кезеңінен бастап, олардың арасындағы қайшылықтары Еуропа
партияларының күрестегі қарама-қайшылығы мен салыстырғанда бәсендеу еді.
Егер де оларды Европаға осы тақылеттес партиялармен салыстырар болсақ,
Американың "солшылдары" біршама "солшыл" болатын. АҚШ-та орташа тап баса
көрсетілген, қоғам өзінің біркелкі болуымен болуымен ерекшеленеді,
европалық тұрғыдан ескі әлем мен оның нағыз жақтаушылары жоқ деуге болады.
Джефферсон ақылды адам еді, партиялық бір жақтылықпен шектеліп қалмас үшін
адами қасиетадамдардың қабілетін партиялық біржақтылықтан жоғары қоя
отырып, басқа партиялардың көптеген көрнекті қайраткерлері мен де жақын
болды. Сөйте тұра ол екі екі партияның арасындағы, оның пікірінше, принцпті
айырмашылықты атап көрсетті:
"...халық бағалау, оған қамқорлық жасау – біздің партияның принципі.
Халықтан қорқу және оған сенбеу – басқа партияның принципі". [12]
Джефферсон Виргиния штатының заңшығару актілері мен жұмыс жасаған
кезінде-ақ, демократиялық дәстүрді қалыптастыруда маңызды рөлі болған
бірқатар дәстүрді қалыптастыруда маңызды рөлі болған бірнқатар негізгі
принциптерді тұжырымдаған болатын. Джефферсон демократияның негізін және
білім беру жүйесінің демократизімімен, халықты ағарту және білім берумен,
мемлекеттік қызметшілердің жоғары деңгейдегі дайындығы мен және қоғамдық
іске дарынды азаматтарды тартумен тығыз байланыстырды.
Джефферсон - азаматтардың теңдігін жақтаушы, адамдарды езуге, қоғам
байлығын әділетсіз бөлуге қарсы болды. "Тәуелсіздік деклорациясында" былай
делінген, "Адамдардың барлығы бірдей жаратылған және Жаратушы белгілі бір
ажырамас құқықтар берген, олардың ішінде - өмір сүруге, бостандыққа және
бақытты болуға ұмтылу құқығының берілуі көрініп тұрған ақиқат деп
санаймыз..." [14].
Ол үндістердің европалықтардан принципті түрде ешқандай айырмашылығы
жоқ екендігі туралы жазды. Америка континентінде, бүгінгі күнінің заңдары
мен құлдықтың өмір сүруінің тарихи ақталғандығынан бастау алатын
дәстүрлеріне мойын сұнып отырғанымен, африкалықтарды құлдықта ұстаудың
сақталып отырғандығын сынады. Соған қарамастан, ол, адамдардың әр түрлі
өмір сүруі мен теңсіздігін, рухани байлық пен талантқа негізделген туа
бітті ақсүектіктің" қағамда байлық пен туысқандық және шығу тегіне
негізделген "жасанды ақсүйектіктен" айырмашылығы бар екендігін мойындады.
[15]
Джефферсон АҚШ конституциясының қайсы бір жақтарын, атап айтқанда
Призиденттің уәкілдік мерзімі шегінің анықталмағандығын, адам құқығы жайлы
тараудың болмауын сынға алды.
12 Деев Н. Н. Т. Джефферсон Политические учения: история и
современность.М., 1976. 385-399 беттер.
13,14. Сонда.
15Соргин В.В. Основатели США. М., 1983ж.
Құқықтар туралы Биллдің қабылдануын қолдады. Алғашында ол
конституцияның алғашқы редакциясына қарсы өре түрегелген штаттарды ақтауға
ниет қылса, Дж. Мэдисон мен "Федералист" мақалаларының ықпалымен, сондай-
ақ конституцияны халық қолдауының нәтижесінде, байыпты саяси баға бере
білді. Ойшыл мемлекет пен құқықты адам баласының ақыл-ой, ернкіндік және
адамгершілік табиғатымен байланысты құбылыс ретінде қарастырды. Сонымен
қоса адам ол үшін өзінің дамушы ақыл-ойы мен еркін ерік жүйесі арқылы
жануарлар әлемінен бірте-бірте алыстай беретін, табиғат берген құқықтары
мен туа біткен әділеттілік сезімдері бар [16] әлеуметтік тіршілік иесі. Ол
1821 жылы Джон Адамсқа ... қауым мен еркіндік тарихқа үздіксіз қадам басып
келеді" [17] деп жазды. Солай бола тұрсада адам баласының әлемді басқаратын
прогресивті дамуы, білімі меғн мәдениетінің жетілуі, заңдылықты түсінуі,
ұзақ әрі біртіндеп болатын прогресс. Адам жауынгер, өзін-өзі құртығуға
қабілетті тіршілік иесінен қоғамды өзінің даму деңгейіне сәйкес
ұйымдастыратын ақыл-ойы жетілген тіршілік иесіне дейін дамиды.
Джефферсонның ойынша адам баласының прогрессивті дамуын, білімі мен
мәдениетін қолдау және көтермелеу қоғам мен мемлекеттің мүддесі, себебі
оқыған, ақылды, еркін адамдармен жұмыс істеу, басқару жеңіл әрі тиімді
болмақ. "Ақыл-ой мен шындық" – адам баласы мен қоғамның табиғатына ең
тиімді әлеуметтік басқару құралы. Егер де жеке адам, не партия немесе
әлеуметтік топ ақылсыз істі аңғарса, оны адамзаттың негізгі құқығына әсер
еткен тұтас бір ақыл-ой өлшемі деп қарауға болады, - деп есептеді ойшыл.
Джефферсон - өзінің революциялық – демократиялық рухының түсінігі
мен шынайы құқық теориясының дәйекті жақтаушысы еді. Шынайы құқыққа шағым
жасау АҚШ-тың Англиядан рухани-құқықтық жағынан ақыл-ойының азат болуының
негізгі "Тәуелсіздік деклорациясында" қамтылды. Шынайы құқық, жағымды
құқықпен салыстырғанда қандай жағынан болмасын аса бағалы деп түсіндірілді.
Себебі ол жеке адаммен ғана байланысты құбылыс емес, халықтың адамзаттың
егемендігімен және оның еркіндігімен байланысты делінді. Ешкім, ешқашан,
қандай уақытша билікті пайдаланбасын, жоғары адамзаттық құндылықтарға қол
сұғуға, адамның табиғатына және қоғамның негізіне менсінбеушілік пен
қарауға құқығы жоқ. Бұл - әлем дамуының ақыл-ойымен, табиғат заңдарымен,
Құдаймен байланысты адамзаттың аса жоғары мәселесі.
Тарихта қанша дамығанмен әзірге адамның мүмкіндігін ғарыштың биік
заңдарымен және күштерімен салыстыруға болмайды, табиғи құқық соның белгісі
болып табылады. Джефферсон осы бір мәңгілік өзекті мәселе жайлы ойлана
келіп, табиғи құқықтан адамның ғарышқа әлемнің ең жоғарғы заңына қатысы бар
екендігін аңғарғанды. Табиғи құқық – табиғатпен бірлестіктегі құбылыс,
адам табиғатының елеулі жағы.
17Деев Н. Н. Т. Джефферсон Политические учения: история и
современность.М., 1976. 399-405 беттер.
Бұл – табиғи дамудың терең әрі спонтанды әрекет етеді, бірақ қажет
болған жағдайда революцияның бәрін қирататын құқықтың құралы ретінде өзін
көрсетуге қабілетті. Бұрынғы батыл демократ Джефферсон саяси тәжірибесі
қалыптасқан сайын, икемді саясатшыға айналып, қандай істе болмасын
шыдамдылық танытып, қақ ортаны" сақтап отырады. АҚШ президенті қызметіне
1801 жылы кірісерде ол америкадағы негізгі партиялар бөлек-бөлек болмай,
қайта біріге түсуі үшін "Біздердің барлығымыз республикашылдармыз,
біздердің бәріміз федералистерміз" деп сөйледі. Бірақ ол әр қашанда табиғи
құқықпен демократияның теориясын жақтаушы болып қалды. Ұлы Француз
революциясы басталған жылы ол былай деді: "Үкіметке сеніп тапсыруға
болмайтын және үкімет біткен осы уақытқа дейін бұзуға тырысып бағатын
құқықтар бар. Бұл – ойлау және өз ойының жариялығын ауызша немесе жазбаша
беру құқығы; бұл – жеке адамның бостандығы мен қол сұғылмаушылық құқығы".
[18] Джефферсонның көп жылғы тәжірибеден алынған прагматизмі оны
демократиялық көзқарастан тайдырған жоқ.
Ойшыл-демократ 1826 жылы былай деп жазды: "Құдайдың мейрімі түсіп
басқаларды ерттеп мінуге дайын артақшылықты азғантай адамдардың өкше
темірлі етікпен туайтындығы сияқты, адамзаттың көпшілігін құрайтын адамдар
да дүниеге арқасына ертоқым салып тумайды" . [19] Томас Джефферсон –
адамдардың еркін де саналы таңдауын ұйғаратын азаматтардың құқығы мен
бостандығына кепілдік беретін конституциялық құрылыстың жақтаушысы.
Қоршаған әлемнің адам бостандығы мен келісімі, оның табиғатының
атрибутты белгісі ретінде, прогресс жолында алға жылжи отырып,
Джефферсонның айтуы бойынша, икемділік пен ақылдылықты, заңнаманы үнемі
жетілдіріп отыруды, соның ішінде оның нағыз формальды конструкциясын,
негізін қалаушы актілерді талап етеді.
"Қайсыбір адамдар бар, - деп жазды ол. – Конституцияға киелі зат
ретінде қастерлеп, оны қасиетті өсиеттің кемесі ретінде сынап, осы үлкен
кемеге жанасудың өзін қадыр тұтады. Олар адамдарға өткен өмірінің даналығын
таңып, олардың қолымен істелген дүние қандай да бір түзетуге немесе
толықтыруға жатпайды деп есептейді... Мен, әлбетте, заңдар мен
конституцияларға тәжірибеде өзін ақтай қоймаған өзгеріс еңгізулерді
жақтаймын. Мен оның азғантай ғана жетіспеушілігіне ең жақсысы шыдау керек
деп ойлаймын... Бірақ мен заңдар мен адамгершілік институты бір-бірімен
қатар, адамзаттың ақыл-ойының дамуымен бірге жүруі қажет деп білемін". [20]
Нағыз республикашыл Джефферсонның монархияға теріс қатынасына ең алдымен
ағылшын монархиясының талқыға түсуі және 1780 жылдары Франциядағы және
басқа елдердегі, әсіресе оның өмірінің европалық кезеңдеріндегі, монархияны
бақылаудың жеке тәжірибесі ықпал етті. Монархты тәрбиелеу жағдайы, оның
пікірінше, әлсіз де ынжық, тояттағы әрі өзімшіл тіршілік иесінің пайда
болуына жағдай туғызады.
18 Графский В. Г. Период борьбы за независимость и вырабытки конституции
История политических и прававых учений. ХVІІ-ХVІІІ вв.М., 1989. 259-256
беттер.1920Сонда.
ХVІІІ-ғасырдағы Еуропаның көптеген мұрагер монархтарына сайлау
науқанына қатысу мүмкіндігі туса, онда олар Американың ең кішкентай
қаласының өкілді органдарының бәсекесіне шыдай алмас еді, - деп жазды
Джефферсон. Еуропалық монархия оған тарихтың кешегі күні болып көрінді.
Республика тіршілік ете алатын аумақтың көлеміне қатысты мәселеде
еуропалық ойшылдарға қарағанда американдық теоретиктер – А. Гамильтон, Дж.
Мэдисон, Т. Джеферсон және тағы басқалары республика ірі мемлекетте де
тіршілік ете алады деп ұйғарды. Джефферсон, мысалы, республика – аумағы
бойынша шағын мемлекеттерге тән басқару нысаны, ал монархия, деспотия –
керісінше – ірі елдерге тән деп санайтын Монтескьемен айтысқа түсті. "...
Монтескьенің принципіне қарамастан, - деді ол АҚШ-тың мысалы туралы
айтқанда, - ол неғұрлым үлкен болса, оның республикалық құрылысы, егер ол
басқыншылыққа емес, шарт, келісім және теңдік принциптеріне сүйенетін
болса, солғұрлым мықтырақ болатынына бәрінің көзі жететің болады". [21]
Мемлекеттің келісім-шартқа құрылған табиғаты және оны іске асыру,
Джефферсонның айтуы бойынша, мемлекетті жаңарта түседі, ол жайындағы
немқұрайлы түсініктен бас тартуды талап етеді. Ол үкімет пен күш саясатын
емес, үкімет пен парасат саясатының тұжырымдамасын жақтап шығуға бейім
еді. [22]
Бұдан басқа АҚШ-тың негізін салушы өкілдерінің ойынша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz