Валюталық реттеу механизмі және оны жетілдіру


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қаржы-экономика факультеті

”Экономика және қаржы” кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

Валюталық реттеу механизмі және оны жетілдіру

Қорғауға жіберілді Ғылыми жетекшісі:

АЛМАТЫ, 200

Жоспар

Кіріспе. . 3

І тарау. Валюталық реттеудің теориялық негіздері. . 6

  1. Валюталық қатынастар мен валюта-қаржылық жүйесі туралы түсінік. 6
  2. Валюталық қатынастардың нарықтық және мемлекеттік реттеу мен валюталық саясат. 16
  3. Әлемдік валюта-қаржылық қатынастар жүйесінің даму кезеңдері. . 22

ІІтарау. Қазақстандағы валюталық реттеуді талдау . . . ………. . ………34

2. 1 Валюталық реттеудің қазіргі жағдайы және мәселелері……… . . . 34

2. 2 Қазақстандағы валюталық реттеу мен ырықтандыру механизмі. . 47

ІІІ тарау. Валюталық саясатты және валюталық реттеуді жетілдіру жолдары. 54

Қорытынды. 66

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . 72

Кіріспе

Валюта-қаржылық қатынастардың ырықтану мен ғаламдану жағдайындағы қызметі халықаралық еңбек бөлісіне біріккен экономикасы ашық елдерде валюталық реттеу экономикалық саясаттың басты тірегі ретінде қарастырылады. 90-шы жылдардың аяғында болған Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Аргентинадағы валюта-қаржылық дағдарыстар әлемдік валюта-қаржы жүйесінің уақыт талабына жауап бере алмаған кемшіліктерінің бетін ашып берді.

Сондықтан валюталық реттеу ісін құру қажеттігі туындады. Бұл валюталық реттеу, бір жағынан, халықаралық еңбек бөлісіне қатысушы елдерге пайдасы тиетіндей, екіншіден, халықаралық бәсекеде ұлттық өндіруші мен экспортқа шығарушының құқығы сақталатындай дәрежеде жасалуы тиіс.

Соңғы он жылдықтың ішінде қазақстандық экономиканың қайта құрылуы құрылымдық жаңғыртуларды жүзеге асыру процесінде валюталық реттеу стратегиясына түбегейлі басқаша талдама жасау қажеттігін дәлелдеп отыр. Сыртқы экономикалық және валюталық қатынастарды ырықтандыру ісін тым асығыс тәжірибеге енгізу әкімшіл-әміршіл экономика жағдайында мемлекеттің монопольды рөлі рыноктық іс-әрекетке автоматты түрде керісінше ықпал ету арқылы валюталық түсімдердің бастырмалы әкетілімі (шетке шығуы), экономиканың долларлануы, капиталдың тұрақтанбауы, валюта-қаржы рынок саясатындағы жауапсыздық қарыздардың өсуіне әкеп соқты.

Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі валюталық реттеудің мүмкіншіліктерін толық ашуға, валюталық қатынастарға әсер етудің әдістері мен түрлерін қолданудағы қателіктерден сақтануға, реттеу процестерін жүзеге асыру арқылы мемлекеттің рөлін анықтауға мүмкіндік туғызады.

Қазақстандағы валюталық реттеудің экономиканың маңызды салалардың арасында қаржы-қаражаттарды оңтайлы үйлестіруге мүмкіндік беретін, капиталдың шетке шығуына жол бермейтін, толықтай механизмі қалыптасып әрі тұрақтанып үлгірмеген қазіргі жағдайында валюталық реттеу ісін жүйелі түрде зерттеп, зерделеп отыру ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

Осы валюталық қатынастарға және оларды реттеуге байланысты мәселелер бұл күндері ресейлік және қазақстандық экономист ғалымдар мен тәжірибеге асырушылардың еңбектерінде кеңінен көрініс тапты. Олар - И. Г. Балабанов, Л. Н. Красавина, В. И. Мельников, А. Г. Мовсесян, А. Челекбай, А. Есентугелов, А. А. Рогачев, т. с. с.

Осы ғалымдардың қатарында шетелдік экономистері Дж. М. Кейнс, М. Фридмен, С. Фишер және басқа да ғалымдарды атап өтуге болады.

Қазақстан экономикасындағы болып жатқан, әлі болуға тиіс құрылымдық жаңғыртулар валюталық реттеу мәселесін жүйелі түрде зерттеуді қажет ететіндегі әрі шешімін табуға тиіс қайсыбір өзекжарды мәселелер мен қаржы-қаражат қозғалысындағы пікір-талас туғызатын қайшылықты процестер диплом жұмысының тақырыбын таңдауға, осы саланың мақсаттары мен міндеттерін анықтауға игі ықпалын тигізді.

Зерттеудің мақсаты - нарықты экономикаға өту кезеңіндегі әралуан қаржылық сараланымдар мен экономиканың басты салалары арасындағы капиталдардың қайта құрылымы процесіндегі валюталық реттеудің мәнін ашу, сонымен бірге өтпелі кезеңдегі сыртқы экономикалық қызметті валюталық реттеу түрлері мен әдістерін анықтау болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін валюта-қаржылық қатынастардың теориялық аспектілерін талдау, отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттердегі валюталық реттеудің түрлері мен мәні туралы ұсыныстарды қорыту, әлемдік валюта-қаржылық жүйенің дамуын қарастыру және Қазақстанның өтпелі кезеңіндегі валюталық реттеу мәселесін қарастыру деген міндеттер қойылған.

Диплом жұмысының нысаны - қайта реттелу және ғаламдану жағдайындағы қазақстандық және әлемдік валюта нарықтары. Зерттеу пәні ретінде Қазақстан Республикасында қалыптасқан валюта-қаржылық қатынастарды реттеу болып табылады.

Диплом жұмысын жазу барысында нормативті актілер, жалпы және арнайы басылымдардың, кейбір шетелдік зерттеу орталықтардың материалдары, ғылыми конференция материалдары барынша зерделеніп қорытындалынды.

І ТАРАУ. ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Валюталық қатынастар мен валюта-қаржылық жүйесі туралы түсінік

Валюталық қатынастар дегеніміз әлемдік шаруашылықта қалыптасатын және ұлттық шаруашылықтар нәтижелерімен айырбастауды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар жүйесі. Валюталық қатынастардың кейбір элементтері Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде вексельдік және айырбас іс ретінде болған. Ал Орта ғасырларда Лион, Антверпен қалаларында және Батыс Еуропаның басқа да орталықтарында “вексельдік жәрмеңкелер” ретінде өткізілген.

Халықаралық валюталық қатынастардың дамуы өндірістік күштердің өсуімен, әлемдік нарықтың пайда болуымен, шаруашылықтың әлемдік жүйесінің құрылуымен, шаруашылық қатынастардың жаһанданумен байланысты.

Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың бір бөлігі, олар материалды өндіріс саласына, яғни алғашқы өндірістік қатынастарға да, бөлу, айырбастау, тұтыну саласына да қатысты. Валюталық қатынастар мен ұдайы өндіріс арасында тұра және кері байланыс бар. Олардың объективті негізі тауарлардың, капиталдардың, қызметтердің халықаралық айырбасы қоғамдық қатынастар процесі болып табылады.

Халықаралық экономикалық қатынастардың ең серпінді түрі халықаралық валюта-қаржы қатынастары болып табылады. Валюта-қаржылық қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орны ерекше. Өткені бұл жерде саясат пен экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-бірімен өріле араласып жатыр.

Валюта-қаржылық қатынастар ұдайы өндіріске қарағанда екінші орында болғанымен, олардың салыстармалы түрде дербестігі бар және олар ұдайы өндіріске кері ықпал етеді. Әлемдік шаруашылықтың интернационалдануы жағдайында ұдайы өндіріске деген сыртқа факторлардың әсері күшейе түсуде. Бұған, әсіресе, әлемдік өндірістің серпіні, шетелдік ғылым мен техниканың даму деңгейі, халықаралық сауданың өрістеуі, шетелдік капитал ағыны тікелей әсер етеді. Халықаралық валюта-қаржылық қатынастардың тұрақсыздығы, валюталық дағдарыстар ұдайы өндіріс процесіне кері әсерін тигізуде. Шаруашылық байланыстардың интернационалдануының негізінде халықаралық валюта-қаржылық қатынастар бірте-бірте ұйымдастырылу қызметінің белгілі бір түріне айналуда.

Валюталық реттеу бақылау тәртібін жүзеге асыру кезінде, мысалы, бағам құрушы саясатта іске асады. Валюталық шектеуді ағымдағы халықаралық төлемдерге кедергі жасаушы, шектеуші немесе мүлдем тоқтатушы шара деп қабылдайды. Ал валюталық бақылау халықаралық төлем жасау алдында статистикалық деректер жинау және капиталдың заңсыз түрде ағылуын тоқтату мақсатында төлемшілердің міндетті түрде соғып өтуге тиіс “жолы” түсінуге болады. Бірақ та көптеген дамыған елдер мен дамушы елдер өздерінде валюталық шектеуді сақтап отыр. Ол тек ағымдағы операциялардың іске асуында ғана емес, сонымен бірге ел мен ел арасында капиталдар қозғалысын шектеу үшін қолданылады. Валюталық бақылаудың қызмет капиталдардың заңсыз шығарылуына ғана қарсы бағытталып қоймай, импорт әкелушілердің төлемдерін кідіртпеуге және заңды жолмен алынған, бірақ елдегі капиталдың тұрақтанбауына жағдай жасаған инвестициялық әрекет жағдайындағы экспорттық түсімдерді уақытында қайтаруға бағытталған.

Сонымен, валюта-қаржылық бақылау жүйесі дегенміз - валюта-қаржылық қатынастарға қатысушылар арасындағы заңмен анықталған әртүрлі валюта-қаржылық құндылықтардың орын ауыстыру тәртібін іске асырушы шаралар жиынтығы. Валюта-қаржылық бақылау кезінде құндылықтармен жасалынатын операцияларды кідірту немесе мүлдем өз билігіне алу сияқты шаралар жүзеге асырылады. Ал, бұл өз кезегінде валюталық шектеуге айналады.

Халықаралық валюта-қаржылық қатынастар шаруашылық байланыстардың негізінде ұйымдастырудың нақты түрлеріне ие болуда. Валюталық жүйе - мемлекеттік заңмен немесе халықаралық келісім-шарттармен бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру мен реттеу түрі. Ұлттық, әлемдік, халықаралық (аумақтық) валюталық жүйелер түрлері болып бөлінеді.

Ұлттық валюталық жүйе мемлекеттің ақша жүйесінің құрамдас бөлігі болғанымен, ұлттық шекарадан асып кетеді және әлемдік валюталық жүйемен тығыз байланысты. Әлемдік валюталық жүйе дегеніміз мемлекет аралық келісімдермен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру түрі. Әлемдік валюталық жүйе ХІХ ғ. ортасынан бастап қызмет етуде. Әлемдік валюталық жүйенің қызмет етуі мен тұрақтылығы әлемдік шаруашылық құрылымының қағидаларына, күшті елдердің мұқтаждарына сәйкес болуына байланысты. Аталмыш жағдайлардың өзгеруіне байланысты әлемдік валюталық жүйелердің дағдарыстары болып тұрады әрі олар ескі жүйенің құлдырауына, оның орнына жаңа жүйенің орнығуына әкеп соғады.

Ұлттық және әлемдік валюталық жүйелердің өзара байланысы ұқсастығын білдірмейді, өйткені олардың міндеттері, қызмет ету және реттеу шарттары, кейбір елдердің экономикаларына және жалпы әлемдік шаруашылыққа тигізер әсері әртүрлі байланысы мен айырмашылықтары ұлттық және әлемдік валюталық жүйелердің элементтерінде көрінеді.

Ұлттық валюталық жүйенің айналысында ұлттық валюта жүреді, ал әлемдік валюталық жүйеде - резервтік валюталар және халықаралық есептік бірліктер. Халықаралық экономикалық қатынастарда қолданылатын ақша валютаға айналады. Еркін айырбасталатын ұлттық валютаның ерекше категориясы ретінде резервтік валюта болып табылады. Ол халықаралық төлемдік және резервтік құрал қызметін атқарады, валюталық курсты анықтау үшін негіз ретінде қолданылады, валюталық интервенцияларда кең пайдаланылады. Бреттон-Вудс валюталық жүйесі кезінде доллар осындай үстемдікке ие болған.

Ұлттық жүйеде валюталық қатынастарды елдің валюталық қатынастарын реттейтін және басқаратын органдар жүргізеді, ал әлемдік жүйеде - мемлекет аралық валюталық реттеуді жүзеге асырушы халықаралық ұйымдар жүргізеді.

Валюта курсы валюта-қаржылық қатынастар жүйесінің жағдайын көрсететін орталық элементі болып табылады. Валюталық курсқа келесідей анықтама берілген: валюта курсы деген басқа елдердің ақша бірлектеріндегі бір елдің бірлігінің бағасы.

Өнім және оны өндірушілер мен сатып алушылар валюталық курс көмегімен ұлттық бағаларды басқа елдердегі бағалармен салыстырады. Осындай жағдай сатып алу қабілетінің тепе-теңдік теориясының негізін қалайды.

Валюта бағамдарын болжау үшін сатып алу тепе-теңдік теориясын іс-жүзінде қолдану сатып алу тепе-теңдігі әртүрлі болғандықтан өте қиынға соғады. Валюталардың сатып алу қабілетінің тепе-теңдікті анықтау әдістемелерін жетілдірген жағдайда ғана оны ұлттық экономикалық саясатты дайындау үшін қолданатын болады.

Біріншіден, сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі іс-жүзінде валюта бағамдарының ара-қатынас жағдайының көрсеткіші ретінде қарастырылады. Бұл әртүрлі ел арасындағы баға деңгейлеріндегі айырмашылықты көрсете алады.

Екіншіден, сатып алу қабілетінің тепе-теңдік инфляция деңгейі жоғары елдердің нақты табыстары мен олардың деңгейлерін өтпелі кезеңдегі халықаралық жағдайлармен салыстыру кезінде қолданылады.

Сатып алу қабілетінің тепе-теңдікті есептеуді орталық банктер ұлттық валюталардың тиімді бағамын орнату үшін тұғыр ретінде қолданады. 50-60-шы жылдары бағалардың тұрақтылығын сақтап қалу үшін Батыс Германия басқа инфляцияға ұшыраған валюталарға қарағанда марка бағамын жыл сайын 10% көтеріп отырады.

Әдетте, сатып алу қабілетінің тепе-теңдігін анықтауды зерттеушілер нарықтық валюта бағамдарының “төмен” не “жоғары” болатынын дәлелдеу үшін қолданады.

Валюталық бағамды орнату тәртібін ескере отырып, Халықаралық валюталық қор 1982 жылы олардың бағамдарының өзгеруінің дәрежесіне байланысты барлық валюталарды үш топқа түрлендірді :

  1. валютаның тіркелген бағамы;
  2. валютаның шектелген икемді бағамы;
  3. валютаның құбылмалы бағамы.

Алғашқыда тіркелген бағам ресми түрде Бреттон Вудс келісімімен тіркелген еді. Ол 0, 75-1% шектерінде еркін нарықтық айырбас бағамдарының ауытқуын ұйғаратын ресми түрде мәлімделген паритеттерге қатысты валюта бағамдарын бекітуді орнату жолымен жүзеге асқан.

Валюта бағамын әлемдік экономикадағы елдің орнын сипаттайтын көрсеткіш ретінде қарастыру және оның пайда болуын тек халықаралық сауданың дамуымен байланыстыру жеткіліксіз. Ол ең маңызды макроэкономикалық көрсеткіштермен өзара тығыз байланыста бола тұра, сыртқы факторлардың экономикаға әсерін тигізе отырып, оның өзгеруі әлемдік шаруашылық байланыстағы елдің орнының өзгеруін білдіреді деу шындыққа саяды.

Валюталардың айырбас бағамының түпкі тепе-теңдігінің өзгеруіне әсер ететін бірнеше факторлар бар. Олар құрылымдық (ұзақ мерзімде әсер ететін) және жағдаяттық (валюта бағамының қысқа мерзімді ауытқуларын айқындайтын) болып екіге бөлінеді. Құрылымдық факторлар деп инфляция қарқынын, елдің төлем теңгерімінің жағдайын, әртүрлі елдердегі проценттік мөлшерлеменің айырмашылығын, валюталық саясатпен экономикадағы ауытқудың деңгейін айтуға болады. Ал жағдаяттық факторлар валюта рыногындағы операциялармен жалдаптық валюталық операцияларды рыноктар арасындағы капиталдың ағылуын, саяси болжалдарды, рыноктардағы валютаны қодану дәрежесін және т. б. жатқызуға болады.

Осы факторлардың валюта бағамына әсер ету механизмін және валюта бағамының кейбір макроэкономикалық көрсеткіштерге әсерін нақтырақ қарастырайық.

Валюталық бағам мен инфляцияның өзара байланысы. Әдетте, инфляция деп тұтыну және басқа да бағалардың өсуін айтады. Басқа тең жағдайларда елдегі инфляцияның деңгейі валюта бағамы шамасына кері пропорционалды әсер етеді, басқаша айтқанда, елдегі инфляция деңгейінің жоғарлауы ұлттық валютаның құнсыздануына әкеп соғады. Ал егер инфляция қарқынының жоғары деңгейі шетелде байқалса, онда шетел валютасына қарағанда ұлттық валюта қымбаттайды.

Төлем теңгерімнің валюта бағамына әсері. Төлем теңгерімі валюта бағамының серпініне тікелей әсер етеді. Елдің төлем теңгерімі деп белгілі бір уақыт мерзімінде шет елден түсетін барлық төлемдердің және берілген елдің басқа елдерге ақша төлемдерінің жүйелі жазбаларын айтады.

Төлем теңгерімі мемлекеттің сыртқы экономикалық операцияларының көлемін, құрылымын және сипатын сандық немесе сапалық жағынан көрсетеді. Осылайша, активті төлем теңгерімі ұлттық валюта бағамының көтерілуіне әсер етеді. Өйткені, шетел қарызгерлері валютаға сұраныс ұлғаяды. Ал, пассивті төлем теңгерімі ұлттық валюта бағамының төмендеуіне беталыс алады, өйткені, отандық борышкерлер ұлттық валютаны өздерінің сыртқы міндеттерін өтеу үшін шетел валютасына сатуға тырысады. Төлем теңгерімінің валюта бағамына әсерінің мөлшері ел экономикасының ашық деңгейімен анықталады. Осылайша, жалпы ұлттық өнімдегі экспорттың үлесі жоғарырақ болған сайын (экономика ашықтығының деңгейі жоғары болған сайын), төлем теңгерімінің өзгеруіне қатысты валюта бағамының икемділігі жоғарылайды.

Сондай-ақ, ұзақ мерзімді жоспарда ағымдағы бағам тепе-теңдік бағам айналасында ауытқиды деп ұйғарылады, тар мағынада төлем теңгерімінің тепе-теңдік жағдайын қамтамасыз ететін бағам айналасында және орта есеппен төлем теңгерімінің теріс не оң айырмасының теңелуін қамтамасыз етеді. Бұл кезде елдің алтын-валюта қорларының деңгейі едәуір көтеріледі, өйткені теңгерімнің теңелуі валюта бағамы арқылы емес, алтын-валюталық қорлар есебінен болады. Олай болса жиі кездесетін тепе-теңдік бағамы деп алтын-валюта қорларын өзгертпейтін аталмыш елдердің төлем теңгерімдерінің жұмыспен толық қамтамасыз ететін стандартты уақыт ішінде тепе-теңдікті қамтамасыз ететін бағамын айтады деген анықтамалармен келісуге болады.

Проценттік мөлшерлемелер өзгерісінің валюта бағамына әсері.

Проценттік мөлшерлер өзгерісі валюта бағамына екі жақты әсер етеді. Бір жағынан олардың ел ішіндегі номиналды түрде төмендеуі ұлттық валютаға деген сұраныстың төмендеуіне әкеп соғады, өйткені кәсіпкерлерге несие алу қымбатқа түседі. Егер де несиені алатын болса, кәсіпкерлер өздерінің өнімдерінің өзіндік құнын көтереді, бұл ел ішіндегі бағалардың өсуіне әкеп соғады. Сөйтіп, салыстырмалы түрде шетелдік валютаға қарағанда ұлттық валютаны құнсыздандырады.

Екінші жағынан нақты проценттік мөлшерлердің (басқаша айтқанда инфляция қарқынына түзетілген номиналды проценттік мөлшерлеме) көтерілуі қалыпты жағдайда осы ел ішінде шетелдіктер үшін қаражаттарды орналастыруды тиімді етеді. Сондықтан да нақты проценттік мөлшерлемелері жоғары елдерге капиталдар ағылып келіп, сол елдің валютасына деген сұраныс көтеріліп, валюта қымбаттайды.

Сонымен қатар, валюта бағамына бюджеттік тапшылықтың әсер еткенін де айта кеткен жөн. Бюджеттік тапшылық бюджетті не қолда бар өз қаражаттары арқылы, не шетелден қаражаттар тарту есебінен қаржыландыруды қажет етеді. Содан проценттік мөлшерлемелер көтеріледі, ал олардың ықпалы қандай болатынын жоғарыда айттық.

Тәжірибе көрсеткендей, бюджеттік тапшылық факторы қысқа мерзімде валюталық бағамға төмендету әсерін тигізбейді, өйткені инвесторлар уақытша жағдаятты қолданып, бюджеттік тапшылығы бар мемлекетпен үйлестірілетін бағалы қағаздардың жоғары тиімділігін өз қаражаттарымен осы қағаздарға сала отырып, пайдаланады. Сонда да, ұзақ мерзімде аталмыш факт валюта бағамына төмендеуші қысым жасайды. Өйткені, салынған қаражаттар елден сыртқа шығарылғаннан кейін, валютаның бағамы түседі. Ал осы қаражаттарды елде сақтап қалу үшін мемлекет үнемі бағалы қағаздардың жоғары тиімділігін сақтап отыруы керек.

Валюта бағамы өзгеруінің жағдаяттық факторлары . Аталмыш факторлар қысқа мерзімде валюта бағамы мөлшеріне айтарлықтай әсер етеді.

Экономиканың ғаламдану жағдайында қысқа мерзімдік валюталық операциялардың рөлі өсуде. Бір аймақтан басқа аймақтың қаржы рыногындағы валюта ағымдарының ауысуы осы аймақтардағы елдердің валюта ағымындағы бағамдарына әсер етеді. Жүйелік сипаттағы түзетуші бағам құрушы әсердің жоқтығынан қысқа мерзімді операциялар валюта және қаржы рыногындағы операциялардың тиімділігіне де әсер етуі мүмкін. Дамушы елдердің қаржылық саласы нақты экономикадан алыстауы ескеріле отырып, бағалы қағаздар бағамдарының өзгеруі валюталық бағамға жанама әсер етеді.

Саяси болжамдар да маңызды роль атқарады. Дамушы елдердегі кез келген саяси өзгерістер қаражаттардың жылыстауына және бағамның төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін. Мұндай жағдайлар 90-шы жылдарда орын алған.

Сонымен қысқа мерзімді валюта бағамына валютаның нарықтағы операцияларының әсері бар. Осындай операциялардың көлемі валюта бағамдары өзгеруіндегі келешекке қатысты болжамдарға тәуелді. Ал бұл болжамдар нарыққа түсетін ақпараттардың әрекетінен құралатынын ескеру керек. Осы мәліметтер барлық жағдайларда объективті және жан-жақты бола алмайды, кейде ірі ойыншылардың субъективті бағамдары валютаның нарықтағы ауа-райын жасайды. Валютаның бағам деңгейінің өзі тек ұзақ мерзімде және жүйелі түрде ғана нақты экономикадағы объективті процестерді бейнелей алады. Валюталық нарық валютаның алып-сатарлықпен “қапыл” ақшалардың сұрапыл қозғалысының мүмкіншіліктерін кеңейтеді.

Валюта бағамына халықаралық есеп айырысуларда және евронарықтарда валютаны пайдалану дәрежесі де әсер етеді. Мысалы, еуробанктердің доллар бойынша жүргізетін операцияларының 60 %-ті осы валютаға деген сұраныс пен ұсыныс көлемін анықтайды. 90-шы жылдардағы халықаралық есеп айырысуларда доллардың үлесі 50 %, сыртқы қарыздарда оның үлесі 70 %-ке жеткен еді. Сондықтан да әлемдік бағалардың дүркін-дүркін көтерілуі, мемлекеттердің қарыздары бойынша есептеулердің өсуі доллардың сатып алу қабілеті төмендегенімен де оның бағамының жоғарылауына әсер етеді.

Валюталардың бағамдық ара-қатынасына халықаралық төлемдердің дамуы не тежелуі де әсер етеді. Ұлттық валюта бағамының төмендетілуін күтіп отырған агенттер шетел валютасындағы ұлттық валюта бағамының көтерілуінен зардап шекпеулері үшін тезірек өткізгісі келеді. Бұндай “ледз энд легз” деп аталатын тактика валюта бағамына ғана емес, сонымен бірге төлем теңгеріміне де әсерін тигізеді.

Сонымен бірге валюта бағамына өкіметтің экономикалық жағдайы да әсер етеді. Құбылмалы бағам елдегі экономикалық шарттарының өзгеруіне байланысты ақша-несие саясатын жүргізуге мүмкіндік береді. Еркін құбылмалы валюта бағамына сыртқы сауда теңгерімінің нашарлауы (теріс сальдо) валюта жағдайына әсер ете отырып, оның бағамының түсуіне әкеп соғады. Елден шетел валютасының жылыстауы (кетуі) айналымдағы ұлттық ақшалардың жалпы көлемін қысқартпайды да, ақша бірлігінің бағамы төмендемейді, керісінше оң сальдода оның бағамы көтеріледі. Ұлттық валютаның бағамына әлемдік рыноктағы болған жағдайлар әсерін тигізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Экономиканы қаржылық реттеудің жіктелуі
Сыртқы экономикалық қатынастардағы валюта жүйесінің даму кезеңдері
Қаржы нарығының экономикағы рөлі және мәні
Қаржы саясатын құқықтық ресімдеу
Қаржы саясаты және экономикалық реттеудегі рөлі
Ұлттық банк және оның мақсаты
Халықаралық валюталық қатынастар
Валюта, валюта бағамы, валюта қатынастарының экономикалық мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz