«Әл-Ғазалидің діни философиялық көзқарастары»



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.5

І.тарау. Ислам философиясы және Әл.Ғазали

1.1 Әл.Ғазалидің дүниеге келуі және қысқаша өмір.баяны ... ... ... ... ... .. 6.12
1.2 Мұсылман ғалымдарының философия ғылымымен айналысуы ... ...12.19
1.3 Әл.Ғазалидің өзге мұсылман философтарынан
ерекшелігі және оларды сынға алу мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20.27

ІІ.тарау. Әл.Ғазалидің діни.философиялық көзқарасы

2.1 Әл.Ғазалидің скептицизмнің арқасында діни ақиқатты тануы ... ...28.34
2.2 Әл.Ғазалидің этикалық философиясы
және бала тәрбиесі жөніндегі тұжырымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35.47
2.3 Әл.Ғазалидің кәләм саласына деген көзқарастары ... ... ... ... ... ... .48.53

ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54.63
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64.66
Зерттеудің өзектілігі: Әлем жұртшылығына белгілі Әбу Хамид Әл-Ғазали бүкіл Ислам әлеміне танымал болғаны құсап батыс философиясына да өзінің еңбектері арқылы кеңінен тамыл екені мәлім. Меніңше дін ғылымына деген сұраныс арта бастаған өлкемізде ислам философиясының соның ішінде Әл-Ғазалидің діни философиялық көзқарастарын тану, оның арап, түркі тілдеріндегі шығармаларын мейлінше аудару ләзім. Сонымен қатар Әл-Ғазалидің заманымен ілгергі ислам философиясының даму деңгейін, сондай-ақ, Әл-Ғазалидің Мұсылман Аристотизммен Жаңаплатоншыл философиялық мектептерге деген сыни позициясын анықтау жұмыстың өзекті арқауы болып отыр.
Иә, бай тарихы бар Ислам мәдениетінің өркендеген сонау ҮІІІ-ХІІІ ғасырлар әлем тарихының ғибратты терең тарауларын қамтиды. Ислам мәдениетінің адамзат үшін әкелгені шаш етектен. Оған мысалды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Қарапайым Ислам тарихына көз жүгірткен адам Исламның адамзатты надандықтың қою қараңғылығынан құтқарып алып, бақыттың таңын аттырып, адамшылықтың асыл мұраттарын көрсеткеніне куә болады. Солардың бірі Мұсылман философтары. Олар бүкіл Шығыспен Батысқа адами асыл мұраттардың жаршысы болған. Айталық, Әл-Фараби, Ибн Сина сынды данышпандардың Ежелгі Грециядағы ұмыт қалған философиялық дүниелерді тарих қойнауынан аршып алып, оларға жаңаша өң беріп түсініктемелер жазғаны жаһан тарихына мағлұм.
Cондай-ақ, Әл-Фарабимен Ибн Синаның жасап кеткен шындық іздеу жолын жалықпай сын елегінен өткізген, шынайы сыни көзқарасқа ие мұсылман философтардың да болғанын білеміз. Солардың ең басында Исламның «төл құжаты» деген атқа ие болып, атағы жаһанға жайылған Ислам ойшылы Әбу Хамид Мұхаммед б. Мұхаммед Әл-Ғазали келеді.
Әл-Ғазалидің Ислам философиясының дамуына қосқан үлесі қандай болса, сопылық ғылымының да белгілі бір жүйеге келіп, қалыптасуына еңбегі сондай сіңген. Әһлі-Сүннәт ғалымдарының көпшілігі сопылыққа айтарлықтай көңіл бөлмегеніне қарамастан, Әл-Ғазалидің сопылықты қолдауы, әрине сопылық ғылымының Исламға жат емес екендігін көрсетеді. Сопылық ғылымы оның еңбегі арқасында жаңа дәуірге қайта келді Сөйтіп, сопылық ғылымы Ислам мәдениетінде ресми бір мәртебеге ие болды.
Әл-Ғазалидің Кәләм ғылымындағы алар орнына қысқаша тоқталар болсам. Оның өмір сүрген ХІ.ХІІ.ғғ. кәләм тарихындағы өте маңызды кезең болатын. Бұл дәуірде кәләм ғылымында орын алған пікір-таластар кәләмның ғылыми әдістемесінің қалыптасуына негіз болды. Атақты ұстазы Харамайн Әл-Жүвәйни, ең алғаш болып логика әдісін кәләм ғылымына енгізді. Кейіннен Әл-Ғазали логиканы кәләм ғылымының бір бөлігі деп, Ұстазы әл-Жүвәйнидің логикадағы бастаған еңбегін әрі қарай дамытты. Сонымен қатар, логикада кемшіліктің болмағандығын, бұрынғы өткен кәләмшылардың түрлі жолдарымен логика әдісін қолдағандарын айтқан. Иә,Әл-Ғазали кәләм ғылымына жетік болатын. Ол, бұл салада бір қатар еңбектер жазды. Соның ішінде «Ихиа Ғұлумуддин» нің /Дін ғылымының жандануы/ кейбір бөлімдерінде және басқа кітаптарында кәләм ғылымына қатысты ойлары кеңінен айтылған. Философтың кәләм тарихындағы ең үлкен ерекшелігі методологиялық жаңалықтар енгізуі болып табылады. Ол, жалпы кәләм ғылымын үйрену керектігін айтумен қатар, оның қатерлі тұстарын да ескертіп кеткен. Оның ойынша, фықых, тәпсір ғылымдары азық болса, кәләм ғылымы дәрі сияқты. Ал, азықтың зиянынан қорқуға болмайды. Бірақ та дәрінің адам денесінің кейбір ағзаларына зиян келтіруінен сақтану керектігін еске салады.
[1] Prof.dr.Mehmet,Bairaktar.İslamFelsefesıne ğiriş.Ankara.1997,
[2] Prof.dr.Mehmet,Bairaktar.İslamFelsefesıne ğiriş.Ankara.1997
[3] Prof.dr.Mehmet,Bairaktar.İslamFelsefesıne ğiriş.Ankara.1997
[4] Dr.Prof.Hilmi Ziya Ulken.Islam,Dusuncesi.Istandul-2000
[5] Ғарифолла Есім. Фалсафа тарихы.Алматы 2000.
[6] Ülken;veBursalı;Farabi,Ankara kütüphanesi,хххvııı,Türk.İslam.Filozoflar,ııı,Kanat Kitapevı
[7] Hilmi.Ziya,Islаm dusuncesi.
[8] C.Sunar:Islam Felsefesı Derslerı,Ankara,1967
[9] C.Sunar:Islam Felsefesı Derslerı,Ankara,1967
[10] Hilmi.Ziya,Islаm dusuncesi.
[11] Hilmi.Ziya, Islаm dusuncesi.
[12] Hilmi.Ziya,Islfm dusuncesi.
[13] Prof.Macit Fahri.İslamFelsefesi.Tarıhı.çev:KasımTurhan.Istanbul.1992.
[14] Prof.Macit Fahri.İslamFelsefesi.Tarıhı.çevKasımTurhan.Istanbul.1992.
[15] Prof.Şerefeddin Gölcük.Kelam Tarıhı.İstanbul.2000.
[16] Prof.Şerefeddin Gölcük.Kelam Tarıhı.İstanbul.2000.
[17] Hilmi.Ziya,Islfm dusuncesi.
[18] Ibn.Haldun:Mukaddıme,çev:Z.V.Togan,Istanbul,1954,
[19] Gazzali.eL-Münkız-mined-delal.Dimaşk1990.
[20] Sulaiman Uludag.İslamDüşünncesınınYapısı.İstanbul.
[21]Sulaiman Uludag.İslamDüşünncesınınYapısı.İstanbul.
[22] Sulaiman Uludag.İslamDüşünncesınınYapısı.İstanbul.
[23] Sulaiman Uludag.İslamDüşünncesınınYapısı.İstanbul.
[24] Ақжан Машани.Фараби және Абай.Алматы.1994,
[25] Gazzali.Tehafatül-Felasife.Beyrut.1990.
[26] Gazzali.Tehafatül-Felasife.Beyrut.1990.
[27] Gazzali.eL-Münkız-mined-delal.Dimaşk1990.
[28] Gazzali.Miyarul-İlm.Beyrut.
[29] Gazzali.Tehafatül-Felasife.Beyrut.1990
[30] Gazzali.Tehafatül-Felasife.Beyrut.1990.
[31] Gazzali.Tehafatül-Felasife.Beyrut.1990.
[32] Gazzali.eL-Münkız-mined-delal.Dimaşk1990
[33] Sulaiman Uludag.İslamDüşünncesınınYapısı.İstanbul.
[34] İbnTeymiye.Nakzul-mantık,Kahira,1951
[35] İbnTeymiye.Nakzul-mantık,Kahira,1951
[36] İbnTeymiye.Nakzul-mantık,Kahira,1951.
[37] Gazzali.Mişketul-Envar.Kahira.1964
[38] Gazzali.Mişketul-Envar.Kahira.1964.
[39] Gazzali.İhya-u-Ulumuddin.c.III,
[40] Gazzali.İhya-u-Ulumuddin.c.III
[41] A.J .Wensinck,La Pensee de Ghazali,Paris.1940
[42] Gazzali.eL-Münkız-mined-delal.Dimaşk1990
[43] İlcamul-Avam-an-İlmil-Kelam.Beyrut1985
[44] Gazzali.El-Mustafa.Dımaşk.1990
[45] Gazzali.eL-Münkız-mined-delal.Dimaşk1990
[46 Еш-Шемеретул марзия
[47] Gazzali.Tehafatül-Felasife.Beyrut.1990
[48] Gazzali.İhya-u-Ulumuddin.cIII
[49] Gazzali.İhya-u-Ulumuddin.
[50] GazzaliçMiyarul-İlm.Beyrut.1990
[51] Prof.ErolGüngor.IslamTasaufun .meselesı.Istanbul1993
[52] Prof.ErolGüngor.IslamTasaufununmeselesı.Istanbul1993
[53] Ibn.Haldun:Mukaddıme,çev:Z.V.Togan,Istanbul,1954
[54]Gazzali.El-İktisad-filİtikad,Dımaşk.1990
[55] Gazzali.Mişketul-Envar.Kahira.1964.s62,7
[56]Gazzali.İhya-u-Ulumuddin ІҮ.б,30.Мағрифату-н Нәфси
[57] Gazzali.Mizanul-Amel,Kahira.1990
[58] Gazzali.İhya-u-Ulumuddin.c.III
[59]Gazzali.İhya-u-Ulumuddin.cIV,s307.Мүснед,ІІ.б.244, 251, 315;Бухари, «Истизан»,І.б,1;Мүслим, «Бирр»,115
[60] Gazzali..İhya-u-Ulumuddin.
[61] Gazzali.El-İktisad-filİtikad
[62] Gazzali.İhya-u-Ulumuddin.
[62] Gazzali.İhya-u-Ulumuddin.
[63] Gazzali.İhya-u-Ulumuddin.
[64] Gazzali.İhya-u-Ulumuddin.
[65] Gazzali.İhya-u-Ulumuddin.
[66] Gazzali.Mizanul-Amal
[67] Gazzali.Mizanul-Amal
[68] Gazzali.Mizanul-Amal
[69] Gazzali.İhya-u-Ulumuddin.
[70] A.J .Wensinck,La Pensee de Ghazali,Paris.1940.
[71] Gazzali.El-Mustafa.Dımaşk.1990
[72] Gazzali.El-Mustafa.Dımaşk.1990
[73] Prof.ErolGüngor.IslamTasaufununmeselesı.Istanbul1993
[74] Gazzali.Mizanul-Amel,Kahira.1990
[75] Gazzali.El-Mustafa.Dımaşk.1990
[76] Gazzali.El-Mustafa.Dımaşk.1990
[76] Gazzali.El-Mustafa.Dımaşk.1990
[77] Prof.ErolGüngor.IslamTasaufununmeselesı.Istanbul1993
[78] Prof.ErolGüngor.IslamTasaufununmeselesı.Istanbul1993
[79] Gazzali.Mizanul-Amel,Kahira.1990
[80] Gazzali.İhya-u-Ulumuddin.cIII
[81] Gazzali.İhya-u-Ulumuddin.cIII
[82] Gazzali.İhya-u-Ulumuddin.cIII
[83] Bekir.Topaloglu,Kelam.ilmine.giriş:İstanbul.1991
[84] Gazzali.İhya-u-Ulumuddin.
[85] Gazzali.İhya-u-Ulumuddin.
[86] Gazzali.İhya-u-Ulumuddin.
[87] Әр-Рисалатул уазғия,Бейрут. 1986
[88] Әл-Ғазали. Файсалул Тефриқа,Дамаска,1986
[89] Gazzali.İhya-u-Ulumuddin.
[90] Gazzali.eL-Münkız-mined-delal.Dimaşk1990
[91] Әл-Ғазали.Қыстасул-Мустақим.Байруит.1986
[92] Gazzali.İhya-u-Ulumuddin.
[93] Gazzali.El-Mustafa.Dımaşk.1990
[94] Gazzali.Cevahirul-Kuran.Beyrut.1990
[95] Gazzali.İhya-u-Ulumuddin
[96] İlcamul-Avam-an-İlmil-Kelam.Beyrut1985
[97] Şibli enNumani.Islamın.FikirKılıcı.İstanbul.1972
[98] Gazzali.El-İktisad-filİtikad,Dımaşk.1990
[99] .İlcamul-Avam-an-İlmil-Kelam.Beyrut1985
[100] Gazzali.El-İktisad-filİtikad,Dımaşk.1990
[101] İlcamul-Avam-an-İlmil-Kelam.Beyrut1985
[102] İlcamul-Avam-an-İlmil-Kelam.Beyrut1985
[103] Gazzali.İhya-u-Ulumuddin
[104 ] İlcamul-Avam-an-İlmil-Kelam.Beyrut1985
[105] İlcamul-Avam-an-İlmil-Kelam.Beyrut1985
[106] Халифа Алтай Құран Кәрім. Қазақша мағынасы Мәдина 1991 ж.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті
Философия және ғылым методологиясы кафедрасы

М А Г И С Т РЛ І К Д И С С Е Р Т А Ц И Я

Жұмыс тақырыбы:

Әл-Ғазалидің діни философиялық көзқарастары

Орындаған: Дінтану бөлімінің 2-курс магистранты Айдаров Ш.Ә.__ ______

Ғылыми жетекшісі: филос.ғ.д., профессор Байтенова Н.Ж. ___ __________

Норма бақылаушы: Өмірбекова А. ___________

Қорғауға жіберілген күні: “-----“ ----------------2006 ж.

Кафедра меңгерушісі: филос.ғ.д., профессор Байтенова Н.Ж. ______

Алматы 2006 ж.

Мазмұны

бет

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-5

І-тарау. Ислам философиясы және Әл-Ғазали

1.1 Әл-Ғазалидің дүниеге келуі және қысқаша өмір-
баяны ... ... ... ... ... .. 6-12
1.2 Мұсылман ғалымдарының философия ғылымымен айналысуы ... ...12-19
1.3 Әл-Ғазалидің өзге мұсылман философтарынан
ерекшелігі және оларды сынға алу мәселесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20-27

ІІ-тарау. Әл-Ғазалидің діни-философиялық көзқарасы

2.1 Әл-Ғазалидің скептицизмнің арқасында діни ақиқатты тануы ... ...28-34
2.2 Әл-Ғазалидің этикалық философиясы
және бала тәрбиесі жөніндегі тұжырымдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35-47
2.3 Әл-Ғазалидің кәләм саласына деген көзқарастары
... ... ... ... ... ... .48-53

ІІІ Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 54-63
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64-66

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Әлем жұртшылығына белгілі Әбу Хамид Әл-Ғазали
бүкіл Ислам әлеміне танымал болғаны құсап батыс философиясына да өзінің
еңбектері арқылы кеңінен тамыл екені мәлім. Меніңше дін ғылымына деген
сұраныс арта бастаған өлкемізде ислам философиясының соның ішінде Әл-
Ғазалидің діни философиялық көзқарастарын тану, оның арап, түркі
тілдеріндегі шығармаларын мейлінше аудару ләзім. Сонымен қатар Әл-
Ғазалидің заманымен ілгергі ислам философиясының даму деңгейін, сондай-ақ,
Әл-Ғазалидің Мұсылман Аристотизммен Жаңаплатоншыл философиялық мектептерге
деген сыни позициясын анықтау жұмыстың өзекті арқауы болып отыр.
Иә, бай тарихы бар Ислам мәдениетінің өркендеген сонау ҮІІІ-ХІІІ
ғасырлар әлем тарихының ғибратты терең тарауларын қамтиды. Ислам
мәдениетінің адамзат үшін әкелгені шаш етектен. Оған мысалды алыстан
іздеудің қажеті жоқ. Қарапайым Ислам тарихына көз жүгірткен адам Исламның
адамзатты надандықтың қою қараңғылығынан құтқарып алып, бақыттың таңын
аттырып, адамшылықтың асыл мұраттарын көрсеткеніне куә болады. Солардың
бірі Мұсылман философтары. Олар бүкіл Шығыспен Батысқа адами асыл
мұраттардың жаршысы болған. Айталық, Әл-Фараби, Ибн Сина сынды
данышпандардың Ежелгі Грециядағы ұмыт қалған философиялық дүниелерді тарих
қойнауынан аршып алып, оларға жаңаша өң беріп түсініктемелер жазғаны жаһан
тарихына мағлұм.
Cондай-ақ, Әл-Фарабимен Ибн Синаның жасап кеткен шындық іздеу жолын
жалықпай сын елегінен өткізген, шынайы сыни көзқарасқа ие мұсылман
философтардың да болғанын білеміз. Солардың ең басында Исламның төл
құжаты деген атқа ие болып, атағы жаһанға жайылған Ислам ойшылы Әбу Хамид
Мұхаммед б. Мұхаммед Әл-Ғазали келеді.
Әл-Ғазалидің Ислам философиясының дамуына қосқан үлесі қандай болса,
сопылық ғылымының да белгілі бір жүйеге келіп, қалыптасуына еңбегі сондай
сіңген. Әһлі-Сүннәт ғалымдарының көпшілігі сопылыққа айтарлықтай көңіл
бөлмегеніне қарамастан, Әл-Ғазалидің сопылықты қолдауы, әрине сопылық
ғылымының Исламға жат емес екендігін көрсетеді. Сопылық ғылымы оның еңбегі
арқасында жаңа дәуірге қайта келді Сөйтіп, сопылық ғылымы Ислам
мәдениетінде ресми бір мәртебеге ие болды.
Әл-Ғазалидің Кәләм ғылымындағы алар орнына қысқаша тоқталар болсам.
Оның өмір сүрген ХІ.ХІІ.ғғ. кәләм тарихындағы өте маңызды кезең болатын.
Бұл дәуірде кәләм ғылымында орын алған пікір-таластар кәләмның ғылыми
әдістемесінің қалыптасуына негіз болды. Атақты ұстазы Харамайн Әл-Жүвәйни,
ең алғаш болып логика әдісін кәләм ғылымына енгізді. Кейіннен Әл-Ғазали
логиканы кәләм ғылымының бір бөлігі деп, Ұстазы әл-Жүвәйнидің логикадағы
бастаған еңбегін әрі қарай дамытты. Сонымен қатар, логикада кемшіліктің
болмағандығын, бұрынғы өткен кәләмшылардың түрлі жолдарымен логика әдісін
қолдағандарын айтқан. Иә,Әл-Ғазали кәләм ғылымына жетік болатын. Ол, бұл
салада бір қатар еңбектер жазды. Соның ішінде Ихиа Ғұлумуддин нің Дін
ғылымының жандануы кейбір бөлімдерінде және басқа кітаптарында кәләм
ғылымына қатысты ойлары кеңінен айтылған. Философтың кәләм тарихындағы ең
үлкен ерекшелігі методологиялық жаңалықтар енгізуі болып табылады. Ол,
жалпы кәләм ғылымын үйрену керектігін айтумен қатар, оның қатерлі тұстарын
да ескертіп кеткен. Оның ойынша, фықых, тәпсір ғылымдары азық болса, кәләм
ғылымы дәрі сияқты. Ал, азықтың зиянынан қорқуға болмайды. Бірақ та дәрінің
адам денесінің кейбір ағзаларына зиян келтіруінен сақтану керектігін еске
салады.
Әл-Ғазалидің философиясы-күдікшілдік философиясы ретінде танылып,
күдіктен арылу арқылы иманға қол жеткізуімен мәлім болған. Ол, Бағдаттағы
Низамия медресесінде сабақ беріп жүріп, бос уақытында философиямен
айналысты.Соның нәтижесінде, небәрі екі жыл ішінде философия ғылымын
меңгерді.
Әл-Ғазали философтарды үш топқа бөлген:
1. Дехриун: (Материалистер) Бұлар, әлем бұрыннан бар, оны ешкім
жаратқан жоқ және ешқашан жоқ болмақ емес, уақыт пен материя мәңгі.
Олар табиғат заңымен әрекет етеді, - дейді. Бұларға материялист -
десек болады.
2. Табиғиун: (Табиғатшылар) Бір құдыретке сенеді. Бірақ, жанның бар
екендігін қабылдамаған. Жанның мәңгілік екенін қабылдамай, ақырет
сенімін жоққа шығарады.
3. Иләһиун: (Теологтар) Ғазали. Бұл топқа Платон, Аристотель сияқты грек
философтарын жатқызады.
Философияның атақты тұлғалары Платон, Аристотель және солардың
соңынан ерген Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн Сина сынды Ислам фиософтарының
ұстанымдарына ғылыми түрде сын таққан Әл-Ғазали екендігі жалпыға белгілі.Әл-
Ғазалидің бұндай іске баруының бірден бір себебі, философтардың Исламның
наным-сеніміне, Құран мен хадиске теріс көзқарастар айтуы болып саналады.Әл-
Ғазалидің Адасудан арылу атты еңбегінде, өзінен бұрынғы философияны
сынға алғандар бұл істі жетік білмеген дейді. Демек, философияны жақсы
меңгермеген кәләмшылардың философтарға таққан сындарының айтарлықтай нәтиже
бермеуі де осыдан болар. Шын мәнісінде философияға тағылған бұл сындарда
ғылыми негізге сүйенгеннен гөрі қаралау мен кінәмшілдік басым деп ойлаймын.
Философияны екі жыл ішінде меңгерген Әл-Ғазали, оны сынға ала отырып
Тәхәфатул фәләсифә (философияны терістеу) атты еңбек жазды. Алайда, бұл
еңбектен бұрын философияның мақсатын оның міндетін анықтайтын, Мәқасидул
Фәләсифә (философияның мақсаты) атты үлкен еңбек жазған болатын. Әсілінде,
оның таққан сыны өзінен бұрынғы, немесе кейінгі сыншылдарда кездеспейтін,
өзіндік ерекше үлгіде жасалып, анағұрлым ой-санаға жатық болды. Әл-
Ғазалиден кейін философияға сын таққандардың арасында одан озғандары
болмаған. Сондықтан да Оның Тәхәфатул фәләсифә атты еңбегі ерекше
бағаланды. Бұл еңбек, ғасырлар бойы биік тұғырдан түспей, күнімізге жетті
Аталмыш еңбекте, Әл-Ғазали, философтарды терістеу барысында көзқарастарын
жиырма бір бапта тізбектеген.
Әл-Ғазалидің Батыс пәлсапасына ықпалы жайында нақты дәйектер мол
екенін айтуға болады. Әсіресе орта ғасыр Латын дүниясында Ибн Рушдтің
немесе астарлы атпен мәлім болған Ибн Синаның ізбасарлары сияқты, Әл-
Ғазалидың соңынан ерген Ғазалишілдер бар. Оның пікірлерінің көпшілігі
(Терістеуді терісту) еңбегінің авторы Ибн Рушдтің дәнекерлігімен Батысқа
жетті. Ибн Рушд, Әл-Ғазалиге қарсы, Қарсылыққа қарсылық деген еңбек
жазған.Ол, бүкіл Европа елдеріне тарап зор әсер етті, деп жазады атақты
Фарабитанушы А. Машани.Бұған дәлел ретінде бір қатар өрнек
келтірейік.Мысалы: Наполидың патшасы Robert d Anjjouдың бұйрығымен
Calonymos ben Calonymos 1328 жылы Ибн Рушдтың Тахафатут тахафа(Терістеуді
терістеу) атты еңбегін Ибрани тіліне аударды. Арада аз уақыт өтісімен сол
жан ұядан шыққан Calоnymos ben Tordos осы еңбекті Латын тіліне аударып
шықты.Сөйтіп, Латын дүниясы Әл-Ғазалидың Тахафатул Фәласифа атты
еңбегімен осылайша танысты. 1486 жылы дүниеден өткен Bar Hiya Levi ben
Lsaac Тахафатул Фәләсифа еңбегін Ибрани тіліне аударды. Қазір бұл
аудармалардың біреуі Голландияда, екеуі Парижде және біреуі Италияда
сақталып күнімізге жеткен.Сонымен қатар Әл-Ғазалидің атақты Мақасидул
фәләсифа атты еңбегі ХІІ ғасырда Dominik Gundissаlviдің басшылығымен Латын
тіліне аударылып, Logika et philosohuicaina al Gazzalis деген атпен 1506-
шы жылы басылған. Бұл еңбек кейінірек Ибрани тіліне аударылған. Орта
ғасырдағы Батыс ойшылдарының көпшілігіне Әл-Ғазали таныс тұлға.Ең алғаш
Dante Aliqieri бастап Орта ғасырда еңбек жазған батыстың елуге жақын ойшылы
Әл-Ғазалидың көзқарасынан сусындап, өз еңбектерінде оның атын тілге тиек
еткен. Сондықтан да Әл-Ғазалидің Батыс философиясына үлкен ықпалы
болғандығын еркін айта аламыз.
Жоғарыда айтқанымыздай, Әл-Ғазали философтарды сынға алғанда
философияның негізгі саласы логика ғылымына өте көңіл бөлген. Ол ақылмен
нақылға бірдей жүгініп,Исламның ортасын ұстанған. Сондай-ақ,Фарабидің
логикасына өзінше өң беріп, логиканы Ислам сенімдерін қорғаудың бірден-бір
құралына айналдырды.Әл-Ғазали бұндай құндылықты Әһлі-Сүннәт сенімін сақтау
үшін болсын, немесе қарсыластарынан басым түсу үшін болсын қолдан шығармақ
емес. Ол, логиканың арқасында кәләмшылар мен философтар арасындағы ғылыми
пікір-таласта, жеңісті Әһли-Сүннәт кәләмшыларының қанжығасына ілді.
Осылайша, Ол, исламда этика философиясының негізін қалады.

Зерттеудің мақсат-міндеті: Жұмысқа кірісер алдында мына жайларды
ескерген болатынмын. Әрқандай істің өзіне тән өлшемімен безбені, мақсаты
мен мұраты болатынын білеміз.Өлшеусіз өнер, мақсатсыз жұмыс оңбайды.
Сондықтан осы жұмысты жазуда белгілі бір өлшемдердің, қағида мақсаттардың
болатынын ескерсек;
• Әл-Ғазалидің діни философиялық көзқарасын, философиялық,
этикалық,педогогикалық тұрғыдан талдау;
• Әл-Ғазали мұсылман фиолософы болғандықтан оның фиолософиясын
Ислами тұрғыдан қарастыру;
• Әл-Ғазалидің Исламның ойшылдық тарихындағы орнын, оның логика
ғылымына, кәләм ғылымына, философияға, сопылыққа, этикаға
қосқан үлесін анықтау арқылы көрсету;
• Қолданған әдебиеттердің көпшілігін Әл-Ғазалидің өз қаламынан
туған негізгі еңбектер болу;
• Әл-Ғазалидің санғасыр өтседе өзектілігін жоймаған
еңбектеріндегі көзқарасын көрсету. Жалпы философия әлеміне
әкелген жаңалықтарын философиялық-этикалық тұрғыдан талдау және
оны қарастыру;
• Қысқаша айтар болсақ Әл-Ғазали сан-саланы меңгерген жан-жақты
философ. Сондықтан оны қай жағынан қарастырсақ та таусылмайтын
теңіз сияқты. Мен өзіме, осы магистрлік жұмысым барысында Әл-
Ғазалидің философияға, кәләм ғылымына, этикаға, логикаға
қосқан үлесін қарастыра отырып, оның өзінен бұрынғы мұсылман
философтарға деген діни философиялық сыни позициясын көрсетуді
және осылайша оның Ислам философиясындағы алар орнын анықтауды
мақсатқып қойдым.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:Әл-Ғазалидің әлем философиясына және
ислам философиясына қосқан жаңалықтарын ғылыми тұрғыдан көрсету.
Зерттеудің құрылымы: Зерттеудің әдеттегідей кіріспеден, бірінші
тарау үш бөлімнен, екінші тарау үш бөлімнен және қорытынды пайдаланған
әдебиеттер тізімінен құралағн.

І тарау. Ислам философиясы және Әл-Ғазали.

1.1. Әл-Ғазалидің дүниеге келуі және қысқаша өмір-баяны

Әл-Ғазали, хижри 450\милади 1059 жылдарында Хорасанның Туси
уәләятында дүниеге келіп, 505\1111жылдарда туған жерінде дүние салған.Ол
1085\473 жылында Тус қаласының бір топ жастарымен Нишапур қаласына барып
Низамия медресесіне оқуға қабылданады. Ол жерде атақты кәләмшы Имам
Харамайн Әл-Жүвайниден сабақ алады. Ұстазы дүние салғаннан кейін, 1092485
Селжұқ Сұлтаны Мәлікшахтың данышпан уәзірі Низамул Мүліктің қасына барып,
оның қадағалауындағы фықых (Ислам құқығы) кәләм (Ислам теологиясы)
ғылымдарының ғылыми пікірталасына қатысады. Бұл жер ғылымға, өнерге құмар
Низамул Мүліктің небір дүлділдерімен, ғылымның қаймағын қалқып ішкен
ғұламалардың бас қосатын, ғылымның ордасы болатын.
Әл-Ғазали Низамия медресесінде ұстаз, қазіргі тілмен айтсақ мәртебелі
ректор секілді абыройлы қызметтер атқарды. Ол, көптеген ғылым саласын терең
меңгерген жоғары ғылыми дәрежеге лайық, халықтың мақтанар бір туар тұлғасы.
Ғұмыры қысқа болғанымен де Ибн Сина сияқты артында философия, астраномия,
ислам шариғатына қатысты жүздеген еңбек қалдырған ірі тұлға. Оған
ғалымдығымен қоса Ислам дініне сіңірген ерен еңбегі үшін “Хужжатул Ислам”
(Ислам айғағы) деген әділ бағасы берілген.
Әл-Ғазалидің Ислам философиясының дамуына қосқан үлесі қандай болса,
сопылық ғылымының да белгілі бір жүйеге келіп, қалыптасуына еңбегі сондай
сіңген. Әһлі-Сүннәт ғалымдарының көпшілігі сопылыққа айтарлықтай көңіл
бөлмегеніне қарамастан, Әл-Ғазалидің сопылықты қолдауы, әрине сопылық
ғылымының Исламға жат емес екендігін көрсетеді. Сопылық ғылымы оның еңбегі
арқасында жаңа дәуірге қайта келді Сөйтіп, сопылық ғылымы Ислам
мәдениетінде ресми бір мәртебеге ие болды.
Әл-Ғазалидің Кәләм ғылымындағы алар орнына қысқаша тоқталар болсам.
Оның өмір сүрген ХІ.ХІІ.ғғ. кәләм тарихындағы өте маңызды кезең болатын.
Бұл дәуірде кәләм ғылымында орын алған пікір-таластар кәләмның ғылыми
әдістемесінің қалыптасуына негіз болды. Атақты ұстазы Харамайн Әл-Жүвәйни,
ең алғаш болып логика әдісін кәләм ғылымына енгізді. Кейіннен Әл-Ғазали
логиканы кәләм ғылымының бір бөлігі деп, Ұстазы әл-Жүвәйнидің логикадағы
бастаған еңбегін әрі қарай дамытты. Сонымен қатар, логикада кемшіліктің
болмағандығын, бұрынғы өткен кәләмшылардың түрлі жолдарымен логика әдісін
қолдағандарын айтқан. Иә,Әл-Ғазали кәләм ғылымына жетік болатын. Ол, бұл
салада бір қатар еңбектер жазды. Соның ішінде Ихиа Ғұлумуддин нің Дін
ғылымының жандануы кейбір бөлімдерінде және басқа кітаптарында кәләм
ғылымына қатысты ойлары кеңінен айтылған. Философтың кәләм тарихындағы ең
үлкен ерекшелігі методологиялық жаңалықтар енгізуі болып табылады. Ол,
жалпы кәләм ғылымын үйрену керектігін айтумен қатар, оның қатерлі тұстарын
да ескертіп кеткен. Оның ойынша, фықых, тәпсір ғылымдары азық болса, кәләм
ғылымы дәрі сияқты. Ал, азықтың зиянынан қорқуға болмайды. Бірақ та дәрінің
адам денесінің кейбір ағзаларына зиян келтіруінен сақтану керектігін еске
салады.
Әл-Ғазалидің философиясы-күдікшілдік философиясы ретінде танылып,
күдіктен арылу арқылы иманға қол жеткізуімен мәлім болған. Ол, Бағдаттағы
Низамия медресесінде сабақ беріп жүріп, бос уақытында философиямен
айналысты.Соның нәтижесінде, небәрі екі жыл ішінде философия ғылымын
меңгерді.

Әл-Ғазали философтарды үш топқа бөлген:
4. Дехриун: (Материалистер) Бұлар, әлем бұрыннан бар, оны ешкім
жаратқан жоқ және ешқашан жоқ болмақ емес, уақыт пен материя мәңгі.
Олар табиғат заңымен әрекет етеді, - дейді. Бұларға материялист -
десек болады.
5. Табиғиун: (Табиғатшылар) Бір құдыретке сенеді. Бірақ, жанның бар
екендігін қабылдамаған. Жанның мәңгілік екенін қабылдамай, ақырет
сенімін жоққа шығарады.
6. Иләһиун: (Теологтар) Ғазали. Бұл топқа Платон, Аристотель сияқты грек
философтарын жатқызады.
Философияның атақты тұлғалары Платон, Аристотель және солардың
соңынан ерген Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн Сина сынды Ислам фиософтарының
ұстанымдарына ғылыми түрде сын таққан Әл-Ғазали екендігі жалпыға белгілі.Әл-
Ғазалидің бұндай іске баруының бірден бір себебі, философтардың Исламның
наным-сеніміне, Құран мен хадиске теріс көзқарастар айтуы болып саналады.Әл-
Ғазалидің Адасудан арылу атты еңбегінде, өзінен бұрынғы философияны
сынға алғандар бұл істі жетік білмеген дейді. Демек, философияны жақсы
меңгермеген кәләмшылардың философтарға таққан сындарының айтарлықтай нәтиже
бермеуі де осыдан болар. Шын мәнісінде философияға тағылған бұл сындарда
ғылыми негізге сүйенгеннен гөрі қаралау мен кінәмшілдік басым деп ойлаймын.
Философияны екі жыл ішінде меңгерген Әл-Ғазали, оны сынға ала отырып
Тәхәфатул фәләсифә (философияны терістеу) атты еңбек жазды. Алайда, бұл
еңбектен бұрын философияның мақсатын оның міндетін анықтайтын, Мәқасидул
Фәләсифә (философияның мақсаты) атты үлкен еңбек жазған болатын. Әсілінде,
оның таққан сыны өзінен бұрынғы, немесе кейінгі сыншылдарда кездеспейтін,
өзіндік ерекше үлгіде жасалып, анағұрлым ой-санаға жатық болды. Әл-
Ғазалиден кейін философияға сын таққандардың арасында одан озғандары
болмаған. Сондықтан да Оның Тәхәфатул фәләсифә атты еңбегі ерекше
бағаланды. Бұл еңбек, ғасырлар бойы биік тұғырдан түспей, күнімізге жетті
Аталмыш еңбекте, Әл-Ғазали, философтарды терістеу барысында көзқарастарын
жиырма бір бапта тізбектеген.
Әл-Ғазалидің Батыс пәлсапасына ықпалы жайында нақты дәйектер мол
екенін айтуға болады. Әсіресе орта ғасыр Латын дүниясында Ибн Рушдтің
немесе астарлы атпен мәлім болған Ибн Синаның ізбасарлары сияқты, Әл-
Ғазалидың соңынан ерген Ғазалишілдер бар. Оның пікірлерінің көпшілігі
(Терістеуді терісту) еңбегінің авторы Ибн Рушдтің дәнекерлігімен Батысқа
жетті. Ибн Рушд, Әл-Ғазалиге қарсы, Қарсылыққа қарсылық деген еңбек
жазған.Ол, бүкіл Европа елдеріне тарап зор әсер етті, деп жазады атақты
Фарабитанушы А. Машани.Бұған дәлел ретінде бір қатар өрнек
келтірейік.Мысалы: Наполидың патшасы Robert d Anjjouдың бұйрығымен
Calonymos ben Calonymos 1328 жылы Ибн Рушдтың Тахафатут тахафа(Терістеуді
терістеу) атты еңбегін Ибрани тіліне аударды. Арада аз уақыт өтісімен сол
жан ұядан шыққан Calоnymos ben Tordos осы еңбекті Латын тіліне аударып
шықты.Сөйтіп, Латын дүниясы Әл-Ғазалидың Тахафатул Фәласифа атты
еңбегімен осылайша танысты. 1486 жылы дүниеден өткен Bar Hiya Levi ben
Lsaac Тахафатул Фәләсифа еңбегін Ибрани тіліне аударды. Қазір бұл
аудармалардың біреуі Голландияда, екеуі Парижде және біреуі Италияда
сақталып күнімізге жеткен.Сонымен қатар Әл-Ғазалидің атақты Мақасидул
фәләсифа атты еңбегі ХІІ ғасырда Dominik Gundissаlviдің басшылығымен Латын
тіліне аударылып, Logika et philosohuicaina al Gazzalis деген атпен 1506-
шы жылы басылған. Бұл еңбек кейінірек Ибрани тіліне аударылған. Орта
ғасырдағы Батыс ойшылдарының көпшілігіне Әл-Ғазали таныс тұлға.Ең алғаш
Dante Aliqieri бастап Орта ғасырда еңбек жазған батыстың елуге жақын ойшылы
Әл-Ғазалидың көзқарасынан сусындап, өз еңбектерінде оның атын тілге тиек
еткен. Сондықтан да Әл-Ғазалидің Батыс философиясына үлкен ықпалы
болғандығын еркін айта аламыз.
Жоғарыда айтқанымыздай, Әл-Ғазали философтарды сынға алғанда
философияның негізгі саласы логика ғылымына өте көңіл бөлген. Ол ақылмен
нақылға бірдей жүгініп,Исламның ортасын ұстанған. Сондай-ақ,Фарабидің
логикасына өзінше өң беріп, логиканы Ислам сенімдерін қорғаудың бірден-бір
құралына айналдырды.Әл-Ғазали бұндай құндылықты Әһлі-Сүннәт сенімін сақтау
үшін болсын, немесе қарсыластарынан басым түсу үшін болсын қолдан шығармақ
емес. Ол, логиканың арқасында кәләмшылар мен философтар арасындағы ғылыми
пікір-таласта, жеңісті Әһли-Сүннәт кәләмшыларының қанжығасына ілді.
Осылайша, Ол, исламда этика философиясының негізін қалады.

Ислам тарихында, Мұхаммед пайғамбар дүние салғаннан кейін саяси-
әлеуметтік жағдайлардың нәтижесінде көптеген мәселелер туындады. Осы
проблемалардың анық-қанығына жету мақсатында мұсылмандар Құран мен
хадистерден жауаптар іздей бастайды. Сондай-ақ, сол кездегі ислам
жеңістерінің арқасында бөтен елдердің мәдениетімен, дүниетанымымен бетпе-
бет келуі секілді мәселелер жиналып келіп, исламда философияның немесе
ақылшылдық секілді түсініктердің пайда болуына негіз болды.
Тіпті, сонау пайғамбардың заманында Құран мен хадистердегі тарихи
жағдайларға, рухтың мәнісі, хашир(қайта тірілу) мен ахирет күніне, Аллаһтың
барлығы мен бірлігіне, тіпті қаза-қадар(тағдыр) сияқты мәселелерге деген
барынша қызығушылық танытқанын байқауға болады.
Алайда, енді бірлігі бекіп, аяққа тұрып келе жатқан мұсылман қоғамының
ара-жігінің бөлінбеуі үшін Мұхаммед пайғамбар(с.ғ) Құран аяттарын орынсыз
жорамалдауға, талас-тартысқа тиым салды.
Сондай-ақ, халифа Османның өлтірілуінен кейін халифалық үшін болған
саяси таластарда, жамал, сыффын секілді соғыстардағы мұсылмандардың бір-
біріне қол жұмсаған қаралы оқиғалардан кейін, Исламды жаңа қабылдаған
өлкелердегі христиан немесе басқа дін өкілдерімен болған пікір таластарда,
сондай-ақ, исламды жаңа қабыл еткен кісілердің жаңа діндегі мәселелерді
үйренгенге дейін, сонымен қатар, ҮІІ-ғасырда ислам қоғамында белең алған
діни-саяси толқулар арқасында әртүрлі пікірлер жанданды.
ҮІІІ, ІХ ғасырларда мұсылмандардың Басра қаласы, Куфа қаласы, Бағдат
қаласы сияқты, сол дәуірдің атақты мәдениет ошақтарында, Христиан, Яһуди
көзқарастарымен грек философиясының ықпалынан мұсылмандардың араларына жік
түсуіне байланысты жаңа пікірлер, жаңа мектептер қалыптаса бастайды.
Әсіресе, ҮІІІ.ІХ ғасырлардағы Мансур және Меймунның халифалық кезінде
жасалған аудармалардың нәтижесінде Аристотел, Платон секілді философтардың
тақылеттестері мұсылмандар арасынан шыға бастады.
Түйіндеп айтар болсақ, ҮІІІ, ІХ-ғасырларда мұсылмандар арасында
кәләм,сопылық секілді философиялық мәндегі ғылымдармен қатар жүйелі
философиялық ағымдар да қалыптаса бастаған болатын.
Ислам фәлсафасының анықтамасына тоқталар болсам. Ислам фәлсафасы деп,
тар және кең мағынада мұсылман фәлсафашылардың фәлсафалық көзқарастарының
жиынтығын білдіретін ұғымға айтамыз. Ислам фәлсафасының Үнді
философиясынан, Қазіргі заман философиясынан ешқандай айырмашылық жағы жоқ.
Алайда кез-келген философия өзінің географиялық аймағындағы саяси-
әлеуметтік, діни көзқарастың жүгін арқалағандықтан кейбір өзіне тән мінезі,
ерекшелігі болуы заңдылық. Осы тұрғыдан қарастыратын болсақ, Ислам
фәлсафасы философиялық жағынан өзгелерден айырмасы болмағанымен, болмыс-
бітімі жағынан олардан оқшауланып тұратын тұстары да жоқ емес.
Философия тарихында кезкелген бір философияның аты аталып, түрі
түстелген кезде, пайда болған жері, өлкесі, немесе философтың этностық
ерекшелігімен ұлтына назар аударылған. Мысалы, Грек философиясы, Қытай
философиясы, немесе кезеңіне дәуіріне сай Антикалық дәуірдегі философия,
Жаңа заман философиясы немесе Философияның діни мәдени ерекшелігіне қарай
да аталып жатады. Кейде философтың атын ескеріп Аристотел философиясы,
Конфуци философиясы, Ибн Сина философиясы деп те аталады. Сол секілді
Ислам фәлсафасын да осындай атаулардың біреуі дей аламыз. Бұл философия
мұсылман ойшылдардың дүние танымын өз ішінде қамтиды.
Кейде Ислам философиясы деген атауды қате түсініп, Қалайша иламда
философия болады? - деген сын айтушылар да табылып жатады. Себебі, олар
сөйлемдегі ислам сөзінің мағынасын дін сөзімен алмастырып отыр. Сөйтіп
,Исламның, Құранның, сүннеттің де бір философия екен деген ойға келеді, бұл
қате түсінік. Ислам философиясы дегенімізде, Ислам діні мақсұт емес. Әрине,
Исламға дін ретінде философия дей алмаймыз. Өйткені, Ислам діні адамзаттың
ақылдан ойлап тапқан нәрсесі емес. Сондықтан Ислам сөзі жоғарыда атап
өткеніміздей философия сөзін анықтау үшін, яғни философия кімнің? Ненің?
екендігін анықтау үшін қолданылған анықтауыш ретінде білген дұрыс.
Ислам философиясының пайда болып, оның қалыптасуына ықпал еткен
элементтерге Ислам философиясының негізгі көздері немесе Исламда
ойшылдықтың негізгі бұлағы десек те болады. Бұларды өз ара ішкі және сыртқы
негізгі көздер деп қарастырамыз.
Ішкі әдебиеттер деп Құран мен пайғамбардың хадистерін айтамыз.
Мұсылман философтары ғана емес, сондай-ақ әулиелердің,әсіресе, сопылардың
барлығы Құранның аятынан нәр алып, өздерінің салаларында бітпес бұлақ
уахиден(Құран) сусындағандары, қалдырған еңбектерінен көрініп-ақ тұр. Әйтсе
де Батыстық ғалым Хенри Горбинның айтуынша; бертінге дейінгі көптеген
шығыстанушылар Исламдағы философияның, тасаууфтың қалыптасуына Құран мен
хадистің ешқандай әсер етуші факторлық орны жоқ деп келген болатын.
Батыстық шығыстанушылардың толығымен осындай қателікке баруларының басты
себебі олардың Ислам жайындағы үстірт пікірлері болып табылады.Олардың
ойынша, Құранда адамды философияға бейімдейтін ешқандай нәрсе жоқ, және де
олар Ислам философиясының өзіндік ерекшелігі болмағанын айтқан. Олардың
айтуынша: Ислам философиясы ежелгі грек философиясының қалдығы, мұсылман
философтардың жасаған қарапайым жорамалдарымен аудармалары ғана дейді.
Алайда, атын атаған Х.Горбин бастаған қазіргі Исламтанушылардың көпшілігі,
бұрынғы көзқарасты теріске шығарып, Құран мен хадистің мұсылман философтары
үшін илхам көзі болғанын, олар осы көздерден барынша сусындаған деген
ойда.\1.71-75\
Шындығында мұсылман философтардың еңбектерін осы тұрғыдан қарастыратын
болсақ, сопыларға қарағанда аз қолданса да Құран мен хадиске
сүйенгендіктері анық байқалады. Бұл сөздерді қуаттау үшін мысал келтірейік:
Атақты мұсылман философы Ибн Рушд, өзінің Китабул-фаслил-мақал еңбегінде
философияны насихаттау мақсатында, мұсылмандарға философияны айта отырып
Құраннан бірқатар аяттар келтіреді. Олар көктермен жердегі Алланың
мүліктеріне, және Алланың жаратқан нәрселеріне, Сондай-ақ өздерінің
ажалдарының жақын болуының мүмкін екендігін ойламай ма?\Ғалия,17-20\;
Аллаһ көктермен жерлердің нұры. Оның нұрының мысалы: Ішінде жарық бір
қуыс(немесе қуыста жанған жарық) сияқты. Жарық әйнектің ішінде. Ал әйнек;
бейне інжу жұлдыздай бір жұлдыз. Шығыста болмаған берекетті зейтін майымен
тамызады. Тіпті от тимей-ақ оның майы жарық болады Ағраф, 185.
Демек, Құран аятына көз жүгірткен адам, Құраннан адамды терең ойға
жетелейтін аяттарды көре алады екен.
Басқа философтарға қарайтын болсақ,мысалы: Ибн Мискеуйһ Китаб-фаузул
акбар атты еңбегінде рухтың өлмейтіндігін мына аятқа негіздеген Ешкім
қылмысы жаққандықтан өздеріне көмес сақтаулы қуанышты, силықты
білмейдіСажде,17. Мінеки, осы секілді мысалдардан, философтардың
көзқарасына Құранмен хадистің негіз болғанын көру қиын емес.
Құран мен хадистің ислам философиясының негізгі көзі болғанына тағы
бір дәлел, мұсылман философтардың, бөтен философтардағы кездесетін Құран
принципіне қайшы тұстарын исламиландыруға тырысып баққандығы. Мысалы:
Фараби мен Ибн Сина әлемнің жаратылуы жөнінде, жаңаплатоншылдардың эмонация
теориясын құп көрседе, олардағы әлем бірқатар механикалық функциялардың
нәтижесінде өзінен-өзі пайда болған деген жаңа платоншылдардың алғашқы
принцип деген түсінігін, Исламдағы Аллаһ ұғымымен ұштастыруға дейін
барған. Егер осылай істемесе араларында кереғарлық болар еді. Осылайша,
жаңа платоншылдардың эмонация теориясын Исламның жаратылыс пікірі арқылы
түсіндіріп ұйқастық тауып отырды. Әрине бұл Фараби мен Ибн Синаның мұсылман
болғандықтарынан, сондай-ақ мұсылмандықтың олардың өн бойларынан
табылғандығынан болар.
Сыртқы әдебиеттердің негізін, Ислам философиясының қалыптасуына
ықпалы болған, басқа мәдениеттердегі философиялық дүниетаным қамтиды.
Сондай-ақ сол философиядағы еңбектердің көпшілігі негізгі әдебиет қызметін
атқарады.
Тарихта, Ислам діні аз уақыт ішінде Арабстанның айналасын қоршаған
басқа мемлекеттерге қанат жая бастады. Осылайша, ол жердің тұрғындарымен
мұсылмандар арасында мәдени алмасулар болды. Сөйтіп, ҮІІІ ғасырдан бастап,
осы ғылымдарға қатысты құнды еңбектерді аудару жұмысы басталды.
Алайда ол кезде, бұл ғылымдардың көпшілігі аралас-құралас, барлығы бір
философияның шеңберіне кіргендіктен жанамалы түрде, сол білімдердің
арқасында философия ғылымы Ислам дүниесіне аяқ баса бастайды. Нақты
ғылымдармен қатар философияға да аудармалар жасалады. Аудармалар
нәтижесінде мұсылмандар ескі философиялық дүниетаным мен танысады.
Осылайша сыртқы философиялық көзқарастар Исламда философияның келіп
шығуына себеп болады. Олардың қатарына мыналарды жатқызса болады:Антикалық
грек философиясы, Иран Сасани философиясы, Үнді философиясы. \2.72-76\
Мұсылмандардың бөтен философтардан әсерленуіне ең басты себеб –
аударма жолы болды. Екінші жол – Ислам дінін қабыл етіп, оның мәдениетіне,
бұрынғы жасаған ғылымдағы үлесін қайта жалғастырып үлес қосуы.Үшінші жол –
саяхаттар. Әсіресе Үндістан секілді ұзақ мемлекеттерге жасалған саяхаттар
болып табылады. Сол саяхаттар барысында ғылыми зерттеулер жасағандығы.
Мысалы: Бирунидің Үндістанды шарлап жүріп жасаған зерттеулерін, осы үшінші
жолға жатқызуға болады. Аталмыш, әсер етуші факторлардың арасында ең
құндысы Антикалық грек философиясы, сондай-ақ оның жаңаплатоншылдар
дәуіріндегі көрінісі.
Ислам философиясының ерекшелігі неде? деген сұраққа жауапты Мұсылман
философтардың Құран принциптері әсерінде қалғанына олардың еңбектерінде жиі
кездесетін Құран мен хадистен-ақ байқауға болады. Жалпы Ислам
философтарынан уахидің(Құран) лебі сезіледі. Егер біреулер, Ислам
философтарының Құран аяттарына қайшы тұстарын айтса, философтар өз
көзқарастарының Құранға қайшы келмейтіндігін уағыздайды.
Ислам философиясы материалистік философия емес. Мәселе түсінікті болуы
үшін; Ислам философиясында жаратылыс ұғымы бар. Әрине бұл ұғымның түбі
Исламнан келеді. Ислам философиясында болғандай, грек философиясында да
кездесуі мүмкін, алайда олардың түр-түсі мүлде басқа; мысалы, Аристотелдің
ойынша, Аллаһ табиғаттың ішіндегі күш-қуат, алатын орны материяның алғашқы
қозғаушысы ғана.
Ал, Фарабидің философиясында, Аллаһ материадан бөлек, ұлы бір болмыс.
Ол материяға пішін беру мен шектелмейді, қашанда жаратқандармен қоян-қолтық
араласып отырады.\3.76-79\ Мінеки, Фарабидің Аристотельден мұндай
айырмашылығының болуы оның мұсылман философы болғандығының дәлелі дей
аламыз.

1.2 Мұсылман ғалымдарының философия ғылымымен айналысуы

Бұл бөлімді Әл-Ғазалиге дейінгі және кейінгі мұсылман философтары
деп қарастырудағы себебіміз, жалпы Ислам философиясын тарихи тұрғыда
зерттегенде көптеген ғалым зерттеушілер, Әл-Ғазалиге дейінгі және кейінгі
ислам философиясы деп қарастырады. Сондықтан бұл бөлімде Әл-Ғазалиге
дейінгі және кейінгі Ислам философиясының мектептерін және олардың негізін
салушыларды қысқаша көрсетуді дұрыс болады деп ойлаймын.
Иә, даналыққа махаббат, ғылымға ғашықтық деген мағынаға
келетін философия сөзінің түбі Гректен шығатыны белгілі. Сол үшін философ
деп ғылымға ғашық адамға айтамыз. Ислам философиясы дегенімізде мұсылман
кәләмшылардың, салафиттертердің, сопылардың дүние танымы есімізге түсіуі
тиіс. Құранмен хадиске сүйенетін Ислами көзқарастың негізі осылар құрайды.
Алайда Ислам философиясы дегенімізде Құран мен хадиске негізделген ойшылдық
емес, Ежелгі грек философиясына сүйенген философиялық жүйе есімізге
оралады.
Бұл жерде Ислам философиясы деген ұғымның Ислам қоғамындағы
алатын орны болғандықтан, тақырыптың Исламмен болған қатысын, былайша айтар
болсақ, Салафи, Кәлами, Тасаууфи көзқарасты назарға ала отырып, солармен
болған байланыс тұрғысынан қарастырамыз. Мұсылман философтардың Ислам
дініне, сондай-ақ Исламнан шыққан салафи, кәлами, тасаууфи ой-пікірге
көзқарастарының қалай болғанын, оларды қалай бағалағанын қысқаша
қарастырамын. Сондықтан Ислам елдерінде дамыған, негізін салушылары
көпшілігі мұсылман философтары болған философиялық ағымдарға жеке-жеке
тоқталамыз.
Мешшай(Аристотизм) философиясы.
Яхиа б Маскауайх (өн 243857), Хунейн б Исхақ (өн263876), Матта б
Юнус (өн 328939), Яхиа б Ади (өн 364974), Сабит б Курра (өн 289902),
Кутса б Лукка (өн 220837), Георг Бухтиши, Ескендір Афрадоси, Яхия б Батрик
және Урфалық Яғқиб сияқты мұсылмандардан басқа кісілердің грек
философиясына қатысты еңбектерді арап тіліне аударуы мұсылман жастарын
және сол кездің зиялыларының назарына ілікті. Қысқа уақыт ішінде
Александрияда, Антакияда, Харранда, Урфада, Нусайбинде, Жундишапурда басқа
діндегі философ ұстаздардан сабақ алған ірі мұсылман кісілер шыға бастайды.
Мұсылман емес философтардан философия үйренген мұсылман философтар аз
уақытта ұстаздарынан озып, ауқымды философиялық жетістіктерге қол жеткізді.
\4.161-261\
Мешшай(Аристотизм) философиясының өкілдері:
Кинди.Мешшай философиясының ең атақты өкілдерінің бірі Әбул Хукема
және Фейлософул араб атымен танымал Яғқуб б. Исхақ Кинди (800-873).Оның
қалам тарпаған білім саласы жоқ десе болғандай. Зерттеушілердің айтуына
қарағанда, оның еңбектерінің ұзын-ырғасы 238-ге жеткен.Әл-Кинди еңбектері,
метафизика, логика, этика, математика, астрономия, медицина, метеорология
музика теориясы және оптика сияқты білім-ғылымға арналған.Мұның бәрі бір
төбе іс болса,әл-Киндидің ең үлкен еңбегі Аристотел еңбектерін грек тілінен
арабшаға аударып, оларға түсінік, яғни герменевтикалық талдау беруінде. Ол
Аристотелдің Метафизикасын, Поэтикасын, Категориясын, және Екінші
аналитикасын, аударып оларға түсінік берген. Ол дін философиясын
діни(ислам) білімдердің шындығы ақыл таразысымен өлшенуінде деп көрсетті.
\5.11-12\
Әл-Фараби.(870-950) Киндиден кейінгі келген шығыс-мұсылман
философтарының бірі. Кинди толығымен Аристотелшіл болса, Фараби Платонның
идеялистік философиясымен Аристотелдің рационалистік философиясын ұштастыра
жазуға тырысып, өзінің философиясына мистикалық сипат берген. Оның
Аттағлиму-с-Сани(екінші сабақ) философиялық энциклопедия мәндегі еңбегі,
оған Муаллиму-с-Сани (екінші ұстаз) атануына негіз болды.
Музика туралы еңбек жазған Фарабидің көзқарасында сопылықты теориялық
ғылым дегенненгөрі хал ғылымы деген орынды деген. Оның психологиядағы
бағыты сопылыққа бейім болған. Ол өзінің Фусус атты еңбегінде жиі-жиі
философияның шеңберінен асып сопылыққа түсіп отырады.
Фараби пайғамбарлықты философиялық тұрғыда түсіндіріп,
пайғамбарлықтың шарттарын былайша тізбектейді.
1. ) Рухани айнасын тат баспағаны үшін ешкімнен ештеңе үйренбестен,
рухани жолмен ғайып әлемінен хабар алу;
2. ) Белгілі бір періштелерді( нұрды) көріп, олардан Аллаһтың сөзін есту;
3. ) Табиғат заңдарынан тыс таңғажайып (муғжизалар) нәрселер көрсету.
Адамның денесін рух басқарып тұрғанындай, мына әлемді де
пайғамбарлардың рухы басқарып тұр. Осылайша пайғамбарлық, рухтық қасиет
болып есептеледі. Бұны ақыл, ой, қалау қуатының кемелденуі деп түсіндіреді.
Осындай дәрежеге жеткен кісіге қасиетті рух иелері делінеді. Нәтижеде Ол
пайғамбарлықты көп еңбек арқасында қол жеткізген нәрсе деп пайым қылады.
Бұл болатын болса кейбір сопылардың пайғамбар болуға немесе пайғамбарлықтың
жалғасатынына әкеп соғады. Фарабидегі Инсанул фазыла сопылардағы кәміл
адам ұғымымен сәйкескен еді. Адам ақылының жетпеген мәселелерін
пайғамбарлар рухани шабыт, бойындағы қасиетті қуаттар арқылы біле алады.
Осындай көзқарастары арқылы Фараби мұсылман кәләмшыларға, сопыларға үлкен
ықпал еткен. Фарабидің ойынша пайғамбар ғамал және ахлақи білімді біледі,
философтар болса ғамали және теориялық білімді біледі. Сондықтанда
екіншілер біріншілерге қарағанда жоғары болмақтығын айтқан.\6.29\
Фарабидің пікірінше Құранда кездесетін бұйрықпен тиымдардың және
жәннатпен тозақтың символдық мағыналары бар. Ол дін философиясы жайында,
дін мен философияны, уахи мен ақылды бір-бірінен айырып қарастырады.
Араларында ұқсастықтың бар екендігін айтады.
Ибн Сина (980-1037). Ол, шығыс-мұсылман әлемінің ең үлкен ақиқатшы
философы ретінде танылады. Оның райсул-фалсафа(фалсафаның басшысы),
шайхул-фаласифа(фалсафаның атасы) деген лақабы да бар. Ибн Сина мұсылман
философтары арсындағы дінге ең жақын философтардың бірі.саложия кітабына
түсіндірме жазуы және Әл-Хикматул Мешрикия(ширак философиясы) атты еңбегі
оны мешшай(аристотизм) философиясынан ишракилік(жаңаплатоншылдық)
философияға қарай ойысқанын көрсетеді.
Ибн Синаның дін философиясымен қатысы бар еңбектері мыналар:
Рисала фи маһиятил ашқ(Ғашықтықтың мәні), Мақаматул арифин(Әулиелердің
дәрежелері ), Әлфайзул иләһи(Құдайы сый ), Исбатун
нубуввет(Пайғамбарлықтың дәлелі ), Қасида фи нәфс(Жан туралы жыр) сияқты
еңбектерін жатқызамыз.
Ибн Сина өзінің Хай бин Якзан атты философиялық еңбегінде діни
көзқарастарды символикамен түсіндіреді. Илаһи ақиқаттарды ширак күшіменен
түсінуге болатынын айтқан Ибн Сина адам бойындағы қасиетті қуаттардан да
сөз етеді. Ол пайғамбарлардың муғжизаларына, әулиелердің кереметтеріне сене
отырып оларға психологиялық, философиялық тұрғыда түсініктемелер жазды.
Ибн Синаның пікірінше иләһи(құдайы) ақиқаттарды, рационалдық тұрғыда рәміз
немесе мысал арқылы түсіндірген дұрыс. Сондықтан қасиетті кітаптар
философияға сүйене отырып тәпсір, тәуил жасалынуы керек.\7.25-27\
Шығыс Ислам әлемінен шыққан үш үлкен философ Кинди, Фараби, Ибн
Сина екендігін көрдік. Енді Батыс Ислам әлемінен шыққан үш үлкен философқа
тоқталамыз. Олар: Ибн Рушд, Ибн Туфейл,Ибн Бажже.
Ибн Бажже(1070-1138) мықты дәрігер, қабілетті әдебиетші және ұста
болған. Ол Мешшай философтарының қатарына жатады. Негізінде, оның сопылықта
да орны үлкен. Ибн Бажже артына Тедбирул-мутауаххид атты діни-
философиялық мәндегі еңбек қалдырған.
Ибн Туфейл(1106-1185).Ол өзінің атақты еңбегі Хай бин Яқзанда үш
мәселені шешуді алға қояды:
1. ) Адам рухын және белсенді ақылдың байланысымен және қауышуын ойлау
жолы және оны шешу.
2. ) Таза ақиқатты түсіну, аз болған күшті және рухтың кәмілдігіне
қатысты көзқарасын дәлелдеу.
3. ) Философиямен шариғатты біріктіре жазу. Олардың араларындағы
қайшылықтарды емес, үйлесімділіктерді көрсету.\8.171\
Бұл романда, ешкім жоқ жалғыс бір аралда туып өскен адамның,
сырттан ешқандай әсер, ескерту болмастан Аллаһтың барлығын қалай тапқандығы
туралы айтылады.
4. Ибн Рушд(1126-1198) Батыстағы Ислам әлемінің ең үлкен
философтарынан болып саналады. Мұсылман философтарының арасында
Аристотелге ол сияқты берілген философ болмаған. Жаратылыстану
ғылымдарынан кең мағлұматқа ие болғандығы айтылады. Ол мешшай
философиясымен Ислам сенімдері арасында негіз тұрғысынан сәйкестік
бар екенін дәлелдеуге тырысқан.\9.171\
Ең негізгі Аристотелші философтар және олардың дінмен байланысты
көзқарастары осылар. Мешшай философтары уақыт өте келе Ишрақилікке өтсе де,
әрқашан өздерінің сипаттарын сақтап қалған. Әрине олардың дін жайындағы
пайымдауларында өзгешеліктер бар. Алайда Мешшай философтарының өз
аралырында, жалпы алғанда көзқарастары бір-бірімен сәйкес келетін болған.
Пайғамбарлардың үйретіп, жеткізген діни және иләһи(құдайы)
ақиқаттарымен Мешшайи философиясының ой-пікір, көзқарастары арасында негіз
тұрғысынан ешқандай өзгешелік және қайшылық жоқ. Керісінше араларында
үйлесімділік, сәйкестік бар. Араларындағы келіспеушіліктер негіз тұрғысынан
емес екенін білгеніміз дұрыс. Мән-мағынасы жағынан бірдей болған иләһи,
діни ақиқаттарды ап-ашық философиялық жолмен түсіндірген. Бұл мәселелер
дінде тек символдық түрде көрсетілген. Құран хадистердегі сыртқы мағыналар,
философияда ап-ашық түрде түсіндірген. Мысалы, діни ақиқаттар рәміздік
жолмен түсіндіріліп отырады. Сонымен қатар философияны және исламды жақсы
білген адам Құран мен философия арасында үйлесімділіктің бар екенін көреді.
Араларында айырмашылықтың, қайшылықтың жоқ екендігіне көзі жетеді.
Философияның саны аз, қабылетті, зерек, өз құқығын білетін, таңдаулы
кісілерге түсіндірген метафизкалық ақиқаттарды, пайғамбарлар рәміз және
мысалдармен қарапайым халыққа түсіндірген. Сондықтан дін жалпыны көздесе,
философия жекені көздейді деуге болады. Соның үшінде бұл мәселеде бірін-
бірі толықтырады. Ислам философтарының бұл тақырыпта жазған көптеген
еңбектері бар. Бұл шағын жұмыста оның бәрін сиғызып жазу мүмкін емес.
Ишрақи(Жаңаплатоншылдық) философиясының өкілдері:
Ишраки философиялық ағымға келетін болсақ, Платоннан кейін
Александрияда Платинустың бастауымен пайда болған ежелгі Иран, Мысыр
философиясымен тығыз байланысы бар жаңаплатоншылдық философиясына Ишрақия
аты берілді.\10.11-12\
Мешшай философиясы барлық нәрсені ақылмен шешуге болатынын айтса,
Ишрақи философтары болса нақты илаһи(құдайы) ақиқатты ширақ жолымен
(пантейстік) және ішкі дүниесінің тазаруы түрінде жете алатынына сенетін
еді.
Ишрақи философиясын дамытқан Жамидің еңбегінде: Машшай мен Ишракиде
данышпандылық теңіздей мол деп танытқан Сухрауарди Мақтул (1153-
1191)болды.
Шейхул-ишрақи және хикматул ширақ деген атпен танылған
Сухрауарди өзінің Хикматул ширақ деген еңбегінде: Ежелден бері Иранда
шыншыл, ақиқатшыл үкім берген қасиетті адамдар болған. Біз осы
еңбектерімізде солардан қалған мұраны қайта жандандырмақпыз деп Ежелгі
Греция мен Иран арасындағы байланысты айтады.
Ишрақилікті Сухрауардиден кейін Ибн Себин(өл 1270), Садруддин
Ширази(өл 1640), және Шамсуддин Шахразари сияқты ғалымдар Ишрақи
философиясын жалғастырды. Бұл философия көбінесе сопылар арасында кең
жайылды. Сопыларға қарсы шыққан кәләмшылар көбіне мешшай философиясына
сүйенсе, Кәләмшылармен пікір қайшылығына түскен сопыларда ишрақи
философиясына сүйене отырып олардан әсер алған.
Бұл дүниелерді төрт негізге байланыстыра түсініндірген дұрыс болар:

1. Таза, теориялық ақыл бүкіл мәселелерді шешуге қабылетті. Адамзат тура
жолды табуда ақылдан өзгеге мұқтаж емес. Мешшай философиясының жалпы
көзқарасы осындай.
2. Ақыл негізге алынып, бірақ белгілі бір өлшемдерде Құранмен хадистің
аясынан шықпауы шарт. Кәләмшылардың көзқарасы осыған саяды.
3. Кәшф(Аллаһтың көкірекке құйған нұры) пен илхам(аян) барлық нәрсені
танып, түсініп, біле алады. Ишрақи философиясының көзқарасы осындай.
4. Кәшф пен илхам негізге алына отырып, негізгі өлшемде Құран-хадиске
жүгінуі тиіс. Сопылардың көзқарасы осыған негізделеді.\11.11-12\

Кәләмның мешшай философиясына, сопылықтың ишрақи философиясына болған
жақындығының түп себебі олардың танымдық методологиясындағы ұқсастығы болып
табылады. Кәләмда да, Мешшай философиясында негізге алғандары ақыл және
теория болып табылады. Алайда Мешшайлықта ақыл Құран мен хадиске тәуелді
емес, ал, кәләмда ақыл толық болмаса да, Құранмен хадиске бағынышты болып
табылады. Сондықтан толық еркін деуге болмайды.
Ишарақилікте Сопылықтың да негізге алғандары кәшфпен илхам жолы
болып саналады. Бірақ ишрақиліктегі илхам Құран мен хадиске тәуелді емес,
толық ерікті.Сопылықтағы илхам болса настарға (Құран мен сұннет) толық
байлаулы. Осы себепті болар Кәләм системасы настардан аластатылған және
еркін әрекетпен Мешшайлікке жақындайды. Сопылықты да осыған жатқызсақ
болады. Бұл жақындық кейде Салафиттерге және сопыларға қарсы дұшпандық
сияқты әрекет еткен кәләмшылардың мешшайлікке; Салафиттермен Кәләмшыларға
қарсы болған сопылардың да Ишрақилерге көңіл бөлулеріне себеп болған.
Сопылық дүние танымының биік шыңы саналатын Ибн Арабидің
философиясын бұл жерде айтып өтудің артықшылығы болмас деп ойлаймын:
Ол, нағыз хәкімдер (философтар) Аллаһты білетін, Аллаһты қабыл еткен
адам дейді. Құранда: Бір адамға хикмет берілген болса оған көп қайыр
берілген Бақара сүресі.269аят.
Хикмет - пайғамбарлықты білу. Дәуіт(с.ғ) жайында Аллаһ оған мүлік
және хикмет бердіБақара,251.
Философ сөзі даналықты сүйуші кісіге айтылады. Ақылы толық кез-
келген адамның даналықты сүйетіндігі белгілі. Философия сөзіде даналықты
сүйу деген сөз. Мұсылмандардың хал және зауық иесі болған Платонды сүймеуі,
философия сөзінің түп мағынасын түсінбеулерінен туындауда.
Ибн Араби философиялық көзқарастар жайында; Бір философтың
көзқарасын терістегенде олардың көзқарасын қате деуден сақтаныңдар, өйткені
философтың түгел сөзі қате болмауы әбден мүмкін. Философтың айтқан
пікірлерінің шындық болуы да мүмкін. Себебі оның айтқан сөзін пайғамбарымыз
немесе ғұламалар айтқан болса жағдай басқаша болмақ. Философтың
жазған еңбектері хикметке, адамдық тәрбиеге толы. Сондықтан бұлардың бәрі
дұрыс әрі шариғатқа сай.
Ибн Араби: Әй достым! Осы секілді нәрселерді естігенде қарсылық
білдірмей, біраз салмақтап қара. Философтардың сөзін ойлан, сонда ғана
олардың кейбір сөздерінің хақ екеніне және шариғатқа қайшы еместігіне көзің
жетеді. Өйткені бұл сөзді пайғамбарлар мен ғалымдардың бірі айтқан еді.
Пәленше ғалым осы мәселені философтардан үйренді немесе кітаптарынан
үйренді, деген сөзге келетін болсақ бұл білімсіздік әрі өтірік. Өтірік,
өйткені көрмеген жағдайда бұл ғалым осы мәселені пәлен философтан үйренді
немесе оның кітабынан оқыды деу бұл сөзді нақты бір дәлелге сүйендірмейсің.
Бұндай көзқарас білімсіздіктің белгісі. Өйткені бұл жерде ақиқатпен
жалғанды ажырата алмай отыр. Бұл қарсылығымен ғылым шеңберінен шығып,
білімсіз,өтірікші атанады.
Ей, бауыр! Философ және Мутазила ғалымының сөзін ал. Оның сөзін
ойланып, өзіңді азда болса туралыққа бейімде. Бұл арқылы бәлкім, айтылған
сөз сен үшін айқын түсінікті келуі мүмкін. Қиямет күні өзіңді
қинап,бұлардан ғапыл едім, тіпті бұған орынсыз сөздер айтқан едім, деп
айтудан бұл жақсырақ емес пе?
Философтар, философ болғаны үшін жамандалмақ емес. Дінге қатысты
мәселелерде шектен шыққандықтары үшін жамандалмақ. Философ даналықты сүйуші
деген сөз. Шыныменде ақылы толық адамның даналықты сүйетіні рас.
Философтың діні жоқ дегенге келетін болсақ, философтың дінінің
болмауы айтқан әр сөзінің бұрыс болғанына негіз бола алмайтынын саналы
адамның түсінері анық.\12.11-12\
Ислам ойшылдары арасында ең көп әсерлі болған Мешшай философиясымен
Ишрақи философиясының дінге қатысты дүние танымдары осындай.
Табиғат (натурализм) философиясының өкілдері:
Барлық нәсенің бастауын табиғат деп білетін философтардың Ислам әлеміндегі
ең үлкен өкілі Әбу Бәкір Закария Рази(өл 923). Ол Аристотелге қарсы өзінің
философиялық консепциясын жасаған кезде Сократтан бұрынғы натуралист
философтар, Оклидес, Батламиус, Гипократ сияқты философтарға негіздеді.
Құдай тағала мекенге, денеге, нәпсіге, уақытқа тәуелді деген түсінікке ие
Разидің философиясы, барлық нәрсені табиғаттан бөліп қарау емес,
табиғаттың ішінен іздеу керек дейді. әл-Хави атты медицинаға қатысты
еңбегі Европа Университеттерінде ұзақ жылдар бойы оқытылып келген болатын.
Разидің философиясы атеистік мәнде емес, деистік мәнде болған.
Пайғамбарлармен діндерді терістеген еңбектерінде Хийелул мутенеббин,
Мәһарикул әнбия, Нақзул әдиян атты еңбектерінде былай дейді: Бүкіл
адамдар тең жаратылған, пайғамбарлардың ақылы жағынан немесе рухани жағынан
артықшылықтары жоқ. Муғжизалар болған нәрселер емес, шындыққа теріс аңыз
әңгімелер. Соғыстардың келіп шығуына, адамдардың қырылуына діндер себеп
болып жатыр. Дін адамдары философияның, ғылымның, өнердің жауы деген.
Адамзат үшін дін тұрғысынан пайдалы деп саналған кітаптары, философтардың
еңбектерінен пайдалы боларлығы шамалы. Дінде еру, сену,дәстүр, бұйрық,
қорқыныш басшылық етеді.\13.243\
Ислам әлемінің ең атақты дәрігері аталған Разидің философиялық
көзқарасы, Х ғасырда пайда болған Мысырдағы Ихуану Сафа және Батинилік
ағымының келіп шығуына ықпал еткен.
Материялистік(дехриун, дінсіздік) философияның өкілдері:
Ислам тарихында материялистік философиясының ең ірі өкілі Ибн
Рауанди(өл 910). және Бассар бин Бурд, Салих бин Абдулқуддус сияқты
материялист философтар құрайды.
Ибн Рауанди әт-Таж атты еңбегінде әлемнің, материяның
мәңгілігін айтады. Фаранд атты еңбегінде ол, Хз Пайғамбардың
пайғамбарлығын өте қатты сынға алған. Оның ойынша, пайғамбарлар көз
бояушылық жасап халықтың ақиқаттарды біліуне кедергі болып жатыр. Ол өзінің
дамия атты еңбегінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам философиясының пайда болуы және қалыптасуы
Әбу Хамид әл-Ғазалидің тасаууфтық көзқарастары
Ислам философиясы және Әл-Ғазали
Ислам философиясының Батыс христиан және яхуди философиясына әсері маңызды болды
ДІНИ ФИЛОСОФИЯ пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Философиялық көзқарастары
Әл – фараби тұжырымдары
Ортағасырлық ислам философиясы әл-Ғазали мен Ибн Рушд мысалында
ИСЛАМ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСТАУЛАРЫ
Ислам мәдениеті
Пәндер