Африка жайлы



Африка – көлемі жағынан Евразиядан кейінгі екінші материк. Оның көлемі аралдарын қоса есептегенде 30,3 млн. км2. Аралдарының ең үлкені – Мадагаскар. Ғалымдардың жорамалдауынша, «Африка» деген сөз материктің солтүстігіндегі аудандардың бірінде тіршілік еткен афригия деген бер¬-бер тайпасының атынан шыққан. Кейіннен бұл атау бүкіл материкке таралған.
Африка да өзінің қайталанбас табиғат жағдайлары мен халқы жөнінен айрықша көзге түседі. Бұл жазықтары басым, Жер шарындағы ең жоғары температура мен қарама-қарсы табиғат комплекстері кездесетін континент. Әлемдегі ең үлкен шөл мен ылғалды экваторлық ормандардың ірі алабы да осында орналасқан. Ыстық саванналардың ұшы-қиырсыз кеңістігінде биік таулардың қарлы шыңдары асқақтац тұрады. Африкада жер ша¬рындағы ең мол сулы өзен – Ніл және шығыс жарты шардағы ең мол сулы өзен – Конго (Заир) ағып жатады. Бұл материкте төменгі ендіктердің бірегей жануарлар дүниесі, атап айтқанда, құрлыңтың ең ірі сүтқоректілері – пілдер, бегемоттар, мүйізтұмсықтар, жирафтар сақталып қалған.
Африканың физикалық-географиялық орны. Әрбір материк өзіндік ерекшеліктерімен көзге түседі. Мысалы, Австралия – ең құрғақ, Антарктида – ең суық, ал Евразия – табиғат жағ¬дайлары алуан түрлі материк. Материктердің мұндай ерекшеліктерін қалайша түсіндіруге болады? Олар ең алдымен материктің физикалық-географиялық орнына байланысты.
Африка – экватор дәл ортасынан дерлік кесіп өтетін бір ғана материк. Оның солтүстіктегі және оңтүстіктегі шеткі нүктелері экватордан шамамен бірдей қашықтықта жатыр. Африка территориясының көп бөлігі экваторлық, субэкваторлық және тропиктік белдеулердегі екі тропиктің аралығына орналасқан. Оның солтүстік және оңтүстік шеті ғана субтропиктік белдеулерге енеді.
Бастапқы меридиан Африканың батыс жағынан өтеді. Материктің солтүстік жартысы батыстан шығысқа қарай мыңдаған километрге созылып жатыр. Оңтүстікке қарай материк¬тің пішіні сүйірлене түседі. Демек, оның жерінің көп бөлігі экватордың солтүстігіне орналасқан.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Африка – көлемі жағынан Евразиядан кейінгі екінші материк. Оның көлемі
аралдарын қоса есептегенде 30,3 млн. км2. Аралдарының ең үлкені –
Мадагаскар. Ғалымдардың жорамалдауынша, Африка деген сөз материктің
солтүстігіндегі аудандардың бірінде тіршілік еткен афригия деген бер-бер
тайпасының атынан шыққан. Кейіннен бұл атау бүкіл материкке таралған.

Африка да өзінің қайталанбас табиғат жағдайлары мен халқы жөнінен
айрықша көзге түседі. Бұл жазықтары басым, Жер шарындағы ең жоғары
температура мен қарама-қарсы табиғат комплекстері кездесетін континент.
Әлемдегі ең үлкен шөл мен ылғалды экваторлық ормандардың ірі алабы да
осында орналасқан. Ыстық саванналардың ұшы-қиырсыз кеңістігінде биік
таулардың қарлы шыңдары асқақтац тұрады. Африкада жер шарындағы ең мол сулы
өзен – Ніл және шығыс жарты шардағы ең мол сулы өзен – Конго (Заир) ағып
жатады. Бұл материкте төменгі ендіктердің бірегей жануарлар дүниесі, атап
айтқанда, құрлыңтың ең ірі сүтқоректілері – пілдер, бегемоттар,
мүйізтұмсықтар, жирафтар сақталып қалған.
Африканың физикалық-географиялық орны. Әрбір материк өзіндік
ерекшеліктерімен көзге түседі. Мысалы, Австралия – ең құрғақ, Антарктида –
ең суық, ал Евразия – табиғат жағдайлары алуан түрлі материк. Материктердің
мұндай ерекшеліктерін қалайша түсіндіруге болады? Олар ең алдымен
материктің физикалық-географиялық орнына байланысты.
Африка – экватор дәл ортасынан дерлік кесіп өтетін бір ғана материк.
Оның солтүстіктегі және оңтүстіктегі шеткі нүктелері экватордан шамамен
бірдей қашықтықта жатыр. Африка территориясының көп бөлігі экваторлық,
субэкваторлық және тропиктік белдеулердегі екі тропиктің аралығына
орналасқан. Оның солтүстік және оңтүстік шеті ғана субтропиктік белдеулерге
енеді.
Бастапқы меридиан Африканың батыс жағынан өтеді. Материктің солтүстік
жартысы батыстан шығысқа қарай мыңдаған километрге созылып жатыр.
Оңтүстікке қарай материктің пішіні сүйірлене түседі. Демек, оның жерінің
көп бөлігі экватордың солтүстігіне орналасқан.
Африкаға ұласып жатқан суда балықтар (сардина, тунец, акула) көп,
дельфиндер кездеседі. Басқа континенттердің елдерімен жасалатын сауданың
негізгі бөлігі теңіз арқылы жүзеге асырылады. XIX ғасырда Суэц мойнағы
арқылы қазылған Суэц каналының дүниежүзілік кеме қатынасында орасан әор
маңызы бар. Ол арқылы дүние жүаінің көптеген елдері өздерінің жүктерін
тасымалдайды.
Жағаларының пішіні. Африканың жағасы басқа материктермен салыстырғанда
аз тілімденген: мұнда құрлыққа онша енбеген бір ғана үлкен Гвинея шығанағы
және Үнді мұхитына ішкерілеп еніп жатқан бір ірі Сомали түбегі бар. Бұл
жағдай теңіз порттарын салуды қиындатады.
Африканы шетелдік саяхатшылардың зерттеуі. Африка ертеден-ақ Оңтүстік
Европа мен Оңтүстік-Батыс Азия халықтарының назарын аударгаи. Бұл халықтар
Африканың солтүстік және ішінара шығыс жағалауын жақсы білген.
Португалдықтардың байлығы жөнінде аңыздар айтылған Үндістанға баратын теңіз
жолын іздестіруі европалықтардың Африка жағалауымен танысуын кеңейте түсті.
Португалдықтар бүкіл XV ғасыр бойы бірте-бірте онтүстікке жылжи берді. Олар
батыс жағалаудан алғашқы рет Европаға көптеген құлдарды әкетті. Тарихтың
масқара беті – миллиондаған адамдардың өмірін қиған құл саудасы дәуірі осы
уақыттан басталады.
1498 ж. португал теңізде жүзушісі Васкода Гама Үндістанға баратын
теңіз жолының ашылуын аяқтай келе, Оңтүстік Африканы айналып шығады,
материктің шығыс жағалауымен жүзеді де, тұңғыш рет Үнді мұхитын кесіп өтіп,
Үндістан жағасына жетеді (оқулықтың қосар бетін қараңдар), Үндістанға
баратын теңіз жолы осылайша ашылды және оңтүстіктегі материктің пішіні
анықталды. XVI ғасырдан бастап құлмен сауда жасаушы европалықтар құлдарды
Африкадан Америкаға әкете бастады. Олар батыс жағалаудағы тек кейбір
жерлерді – шыны моншақтарға және басқа ұсақ-түйек нәрселерге құлдарды сатып
алуға болатын белгілі құл базарларын ғана білетін. Алайда Африканың ішкі
аудандары ұзақ уақыт бойы европалықтар үшін белгісіз болып қала берді.
Европалықтар Африканың ішкі аудандарын XIX ғасырдың аяғында ғана
зерттей бастады, бұл кезде Европаның жедел дамушы елдеріне арзан өнеркәсіп
шикізаттарын өндіріп, дайын товарларды тиімді бағамен өткізетін жерлер
керек болды. XIX ғасырдың ортасында белгілі ағылшын зерттеушісі Давид
Ливингстон континенттің терең түкпірлеріне бірнеше саяхат жасады. Ол
Оңтүстік Африканы батыстан шығысқа қарай кесіп өтіп, Замбези өзенін
зерттеді, одан үлкен әрі всем сарқыраманы тауып, оны Виктория сарқырамасы
деп атады; Конго (Заир) өзенінің жоғарғы ағысын, Ньяса және басқа көлдерді
сипаттап жазды. Ол әсіресе Африканың ұлы өзені – Нілдің бастауларын табуды
армандады, бірақ қаза табуы оның бұл ойық жүзеге асыртпады.
Ливингстонның зерттеулері география ғылымы үшін материктің ол кезде
белгісіз аудандары туралы көптеген жаңа әрі қызықты мағлұматтар берді.
Ливингстон Африканың байырғы тұрғындарына адамгершілікпен қарады және бұл
материк халқының сүйіспеншілігі мен құрметіне ие болған азын-аулақ шетелдік
саяхатшылардың бірі болды.
Кейінірек Виктория жвне Танганьика көлдерін зерттеуді аяқтап,
Рувензори тау сілемін ашқан, Конго және Ніл өзендерінің жоғары ағыстарын
анықтаған ағылшын-американ экспедициясының зерттеулері арқасында экваторлық
Африка жөніндегі білім кеңейіп, тереңдей түсті.
Африканы орыс саяхатшылары мен ғалымдарының зерттеуі. Африканың
табиғаты мен халықтарының тіршілігін зерттеуге орыс зерттеушілері зор үлес
қосты. Олар алыстағы, беймәлім елдерді зерттеуді және жиналған ғылыми
материалдарды бүкіл адамзаттың игілігіне айналдыруды өздерінің алдына
мақсат етіп қойды. Орыс зерттеушілерінің арасында Василий. Васильевич Юнкер
ерекше орын алады. Ол XIX ғасырдың аяғында Орталық және Шығыс Африкаға
саяхат жасап, материктің осы аудандарының табиғаты мен халқының тіршілігі
жөнінде қызықты материалдар жинады, топографиялық жұмыстар жүргізді,
гидрологиялық және метеорологиялық бақылаулар жасады. Материктің солтүстік-
шығыс бөлігін зерттеуге Егор Петрович Ковалевский, Александр Васильевич
Елисеев және басқа зерттеушілер едәуір үлес қосты.
1926-1927 жылдары екпе өсімдіктерді зерттеп білу үшін материктің
солтүстік-шығыс бөлігіне экспедиция ұйымдастырылды. Оны аса ірі орыс ғалымы
Николай Иванович Вавилов басқарды. Екпе өсімдіктердің 6 мыңнан астам
үлгілері жиналды. Н. И. Вавилов Эфиопия бидайдың бағалы (қатты) сорттарының
отаны болып табылады деп тұжырымдады. Африканың жас мемлекеттеріне
топырақты, ішкі суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін зерттеуге, пайдалы
қазбаларды іздестіруге көмек көрсете отырып, ғалымдар мен зерттеушілер
Африканың көптеген елдерінде жұмыс істеді және қазір де жұмыс істеуде.
Африкада ойпаттар аз, олар мұхиттар мен теңіздердің жағалауына
орналасқан. Материкте Кордильер мен Андыға ұқсас биік әрі ұзынынан созылған
тау тізбектері жоқ. Оның себебі – материктің негізін ежелгі платформа
құрайды, ол бір кезде ежелгі үлкен Гондвана материгінің бір бөлігі болған.
Платформадагы тау жыныстарының жасы 2-3 млрд. жыл және одан да асады. Мұнда
ертеде пайда болған биік тау жүйелері Жердің сыртқы күштерінің әсерінен
бұзылған. Таулардың орнында әр жерден кристалды сілемдер көрінетін орасан
зор жазықтар пайда болған.
Ішкі процестердің әсерінен платформаның кейбір жерлері жоғары
көтеріліп, мұның өзі биік таулы үстірттердің пайда болуына әкеп соққан.
Басқа жерлері төмен шөгіп, осының нәтижесінде ірі қазаншұңқырлар (Чад,
Конго, Калахари және т.с.) пайда болған. Бұл қозғалыс жер қыртысының
жарылуымен, жоталар мен опырмалы ойыстардың пайда болуымен, вулкандардың
атқылауымен, жер сілкінуімен ұштаса жүрген. Құрлықтағы жер қыртысының ең
ірі жарығы Шығыс Африкада орналасқан. Бұл жарық Қызыл теңізді бойлай,
Эфиопия таулы қыраты арқылы Замбези өзенінің сағасына дейін созылып жатыр
(Жер қыртысының құрылысы картасын қараңдар). Африка литосфералық
плитасының ажырауы осы жерде өтетіндіктен, мұнда жер сілкінуі мен
вулкандардың атқылауы жиі кездеседі.
Биік жерлерінің көптігіне қарай Африканы екі бөлікке бөледк биіктігі
1000 м-ден аспайтын Солтүстік және Батыс бөлік пен биіктігі 1000 м-ден
асатын Шығыс және Оңтүстік бөлік (физикалық картаны қараңдар). Солтүстік
және Батые Африканы едәуір бөлігін континенттік және теңіздік шөгінді
жыныстар басқан. Бұл территорияларды ұзақ уақыт бойы теңіз алып жатқан.
Сахараның орталығында кристалды және вулканды жыныстардан түзілген үлкен
тау сілемдері кетеріліп тұрады.
Материктің солтүстік-батысында Атлас таулары бар, олардың – жас
солтүстік жоталары екі – Африка және Евразия литосфералық плиталарының
түйіскен жеріне орналасқан.
Африканың шығыс бөлігін едәуір көтеріңкі әрі жер қыртысының жылжуы
салдарынан барынша бөлшектенген Шығыс Африка таулы үстірті алып жатыр.
Мұнда материктің ең биік шыңдары, сөнген және сөнбеген алып вулкандар
Килиманджаро, Кения және басқалары орналасқан. Шығыс Африка таулы
үстіртінің солтүстігінде Эфиопия таулы қыраты жатыр. Ол биік үстірттерден –
көлденең жатқан шөгінді және вулкандың жыныстардан құралған қыратты
жазықтардан тұрады. Үстірт биік кемерлермен шектелген. Оңтүстік Африканың
таулы үстірті орталық бөлігінде төмендеп, қазаншұңқырға айналады.
Материктің қиыр оңтүстігін төбесі жалпақ Кап таулары көмкеріп жатыр. Шығыс
және Оңтүстік Африкада жер бетіне көбіне кристалды жыныстар шығып жатады.
Сыртқы процестер Африканың жер бедеріне тау шыңдарының, таулы үстірт
кемерлерінің, тауаралық аңғарлардың және т. б. алуан түрлі таң қаларлық
кескінін қалыптастырған.
Пайдалы қазбалары. Африка алуан түрлі пайдалы қазбаларға бай. Олардың
көпшілігі дүние жүзіндегі аса ірі кен орындары болып табылады. Олардың
орналасуы жер қыртысының құрылысына және оның даму тарихына байланысты.
Магмалық жыныстардың басым болуына байланысты Африка рудалы пайдалы
қазбаларга айрықша бай, олар Жердің терең қабатынан шыққан магманың жер
қыртысының қалың қабатына жарық сызығын бойлай енуіне байланысты түзілген.
Олар Оңтүстік және Шығыс Африкада жер бетіне жақын жатады, өйткені мұнда
ежелгі кристалды жыныстар жер бетіне жақын орналасқан.
Капиталистік дүниеде өндірілетін алмаздың шамамен 98%-і Африканың
үлесіне тиеді. Алмаз асыл тастарды (гауһар) өңдеу үшін ғана емес, сонымен
бірге өте қаттылығының арқасында өнеркәсіпте де пайдаланылады.
Материктің шөгінді жыныстар басым едәуір ойпаң жерлерінде тас көмір,
әр түрлі тұздар, марганец рудалары секілді шөгінді жыныстардың кен орындары
таралған. Материктің Солтүстік бөлігі мен Гвинея шығанағының жағалауында
мұнайдың мол қоры табылған. Африкада сондай-ақ фосфорит көп кездеседі, одан
тыңайтқыштар дайындалады. Олардың негізгі кен орындары материктің
солтүстігінде орналасқан.
Материктің жер қойнауында көптеген байлықтар бар. Дамушы жас
мемлекеттер оларды өздері пайдалануға тырысады. Алайда өндірілетін пайдалы
қазбалардың едәуір бөлігі әлі де Африкадан Европаның капиталистік елдеріне
және АҚШ-қа әкетілуде. Африканың кейбір елдеріндегі шахталар осы күнге
дейін шетел капиталистерінің қолында болып отыр, ал жергілікті тұрғындар
онда болмашы ақы үшін өте ауыр жағдайларда жұмыс істеуде.
Ауа температурасының таралуы. Африка – Жер шарындағы–ең ыстық материк.
Африканың едәуір бөлігі Күн бүкіл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ніл өзені мен Жерорта теңізі
Ежелгі орыс мемлекетінің тууы және дамуы
Африка құрлығын оқыту
Африканың шөлдену аймақтарының проблемалары
Оңтүстік Aфрикa Республикaсы сыртқы сaясaтының негізгі бaғыттaры
Африканың географиялық орналасуы
Чжэн Хэ саяхаты
Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың әдістемесі
Оңтүстік Африка тау үстірті
Қазақстан экономикасының құрылымын диверсификациялау
Пәндер