Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық мәселелері
КІРІСПЕ
1. ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕР ТУРАЛЫ
1.1 Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың
қалыптасуы мен дамуы
1.2 Мемлекеттер арасындағы саяси байланыстар
2. БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ ИНТЕГРАЦИЯСЫНЫҢ ҮРДІСІН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
2.1 Қазақстан мен Түркияның білім және ғылым саласындағы
мемлекеттік басқару
2.2 Елдер арасындағы білім мен ғылым байланыстарын мемлекеттік басқару
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША А
ҚОСЫМША Ә
ҚОСЫМША Б

Тақырыптың өзектілігі ХХ ғасырдың аяғы, ХХІ ғасырдың басында халықаралық қатынастар жүйесі өтпелі кезеңді бастан кешіруде. Екі дүние тәртібі бұзылып, капитализм мен социализм арасындағы идеологиялық тартыс тарих еншісінде қалды. Енді мемлекеттер саяси, әскери, экономикалық ынтымақтастығын идеологиялық ұстаным емес, ұлттық мүдделерге сай дамыту мүмкіндігіне ие болды.
Ел тәуелсіздігінің екінші онжылдығына қадам басып отырған бүгінгі уақытта, яғни халқымыздың рухани өрлеуі мен тарихи санасы қалыптасып жатқан өтпелі кезеңде, қазақ мемлекетінің алыс және жақын шетелдермен қарым-қатынас жасап, байланыстар орнатуға қызығушылығы артып отыр.
Әрбір елдің, қоғамның, мемлекеттің дербестігі мен тәуелсіздігі оның жүргізіп отырған халықаралық қатынастары және сыртқы саясаты арқылы көрініп, бағаланады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялауымен басталған Қазақстан - Түркия ресми қатынастарының орнауына өткен уақыт куә болып отыр. Бауырлас халықтардың ежелден келе жатқан мығым байланыстарының ресми сатыға көтерілуі маңызды тарихи уақиға болып саналды. Бастапқыда сезім мен эмоция болған қатынастарымызды бүгінгі күні байыптылық пен ұтымдылық тұрғысынан қарастырып жүргеніміз белгілі.
Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет Түркия болды. Мұны қазақ және түрік мемлекет қайраткерлері орайы келген сайын айтуда. Әрине, бұл бауырластығымыздың мызғымас дәлелі, қатынастардың бастауы, бірақ, мұны нақтылы қадамдармен қуаттап, үнемі бекітіп тұру керек. Арадағы жылдар өз жемісін беріп те үлгерді. Оған дәлел екі ел арасындағы оңтайлы көптеген келісім – шарттарға қол қойылып, Қазақстан мен Түркия арасындағы көп жақты саяси, мәдени, экономикалық қатынастардың терең тарихи тамыры бар екендігі айғақ. Сол себепті бұл тақрыптың өзектілігі бүгінгі таңда күн санап артып отыр.
Аталмыш тақырыптың зерттелу деңгейі тарихнамалық сараптама жасамастан бұрын бұл тақырыпты зерттеген авторлардың еңбегі екі топқа бөліп қарастырылды. Олардың бірінші тобын отандық ғалымдардың еңбектері құраса, екінші тобын түрік ғалымдарының шығармалары құрайды.
Ел басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында [2 ] біздің сыртқы саясаттағы басым бағыттарымызға талдау жасап, аймақтық және халықаралық ынтымақтастықты дамытуды басты міндет еткендігі баршамызға белгілі. Сонымен қатар Н.Ә.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» [1] және «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» [2] атты еңбектерінде еліміздің сыртқы саясатындағы жетістіктері мен алыс – жақын шетелдермен арадағы байланысты жетілдіру және өз қызығушылығымызға сай тәжірбиелердің жемісін ала білу қажеттілігі баса көрсетілген.

1. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында / Н.Ә. Назарбаев. – Алматы: , 1997. -624-с.
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. / Н.Ә.Назарбаев. – Алматы: 1994. – 489 б.
3. Тоқаев К. К. Дипломатия Республики Казакстан / К. К. Тоқаев - Астана: Еларада, 2003.-304- бет.
4. Токаев К. К. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации / К. К. Токаев – Алматы, 2002.- 684- с.
5. Токаев К. К. Внешняя политика: время размышлений, время действий / К. К. Токаев// Казахстан и мировое сообщество. – 1997 №2(3).
6. Токаев К. К. «Внешняя политика Казахстана: подходы приоритеты и направления/ К. К. Токаев// Внешняя политика Казахстана – А, 1997.- с. 24-25
7. Байғарина Г.А. История взаймоотношений Казахстана и Турции в 60-90 – е гг. ХХ столетия./ Г.А.Байғарина – Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандита исторических наук. – А, 2004 – 27с.
8. Иембекова М.О. ХХ ғасырдың 90- шы жылдарындағы Қазақстан – түрік қатынастары./ 0М.О.Иембекова – Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. – А, 2000. – 23 б.
9. Мамыров Н.Қ., Мадиярова Д.М., Қалдыбаева А.Е.Халықаралық экономикалық қатынастар./ Н.Қ.Мамыров, Д.М.Мадиярова., А.Е.Қалдыбаева – А, 2000. – 568б.
10. Қабдиев Д.Қ. Проблемы стабилизазаций и экономического роста. Экономика Казахстана на порге ХХІ века./ Қ.Қабдиев – А: Экономика, 2000. -
11. Аманжолов Қ. Түркі халықтарының тарихы / Қ. Аманжолов пен К.Рахметовтың Т. І – ІІІ. – А.:, 1998-2002. – 255б.
12. Бұлұтай.М Қазақстан – Түркия / М.Бұлұтай.// Ақиқат – №12 -32-35б.
13. Қасенов. У. Россия, Закавказье и Центральная Азия / У. Қасенов // Казахстан и мировое сообщество – 1997,-№2(3)
14. Мұхамедов М. Қазақстан әлемдік қауымдастықта. / М. Мұхамедов – А,2001. – 95б.
15. Садықов. Т. Әбдірахманов Х. Түркі әлемі / Т. Садықов. Х.Әбдірахманов. – А,1997. – 99б.
16. Карицкий А. Новости из Турции /А.Карицкий // Азия и Африка сегодня. – М.,2003.- №1,с.26 - 31
17. Құттаяқов Ш. Анадолы самалы //Zaman-Қазақстан.-1994.-11-желтоқсан.
18. Смайл С.Ататүрік / С. Смайл. – А, 2000.- 102б
19. Османова А.А. «Турецкая диаспора: прошле и настоящее» А.А.Османова
20. Абдилдабеков М. «Диаспора» дегеніміз не?/ М.Абдилдабеков. // Түркістан., 1997. – 28 маусым.
21. Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры. Пройсхождение и развитие./ Г.М. Мендикулова – А.;- Гылым;-1999.-425б.
22. Қ.Х. Жақып. Қазақ диаспорасы./ Жақып. Қ.Х.// Қостанай Мемлекеттік университетінің ғылыми хабаршысы. Серия: қоғамдық – гуманитарлық ғылым. 2002. - №1.- 107-109 б.
23. А.Арыстанбекова. Қазақ бауырларымыз жат жұртта. / Арыстанбекова А.// Қазақ тарихы. – 2008.- 16 қаңтар. 5-11б.
24. Демирель. С «Түркияның әлемдегі орны»/ С. Демирель. // Заман Қазақстан. – 2000. – 15 мамыр.
25. Неждет Сезер. А. «Түркістан қаласының 1500 жылдық мерей тойы»/ А. Неждет Сезер.// Түркістан – 2002. – 19 қыркүйек.
26. Х.Джиндарук. Казахстан станет развитым и процветающим государством. / Джиндарук Х.// Советы Казахстана. 1996. – 3 сентябрь – С.1
27. Ташкент К. «Бүгінгі Түркия: күшті және дамыған ел»/ К. Ташкент//
28. Абиесова Н.Ш. Турция – Центральная Азия: вчера и сегодня / Н.Ш. Абиесова// Казахстан – Спектор. Научный журнал. 2005. - №3 –с.14-19
29. Сарыбай Қ. Қазақстан – Түркия: бауырластық қатынастар даму үстінде/ Қ. Сарыбай // Дипломатия жаршысы. 2002. - №1. 49-51б.
30. Аупбаева А. Қазақстан – Түркия: рухани байлық бастаулары / А.Аупбаева // Ақиқат. – 2002. №12. 68-69б.
31. Сейітбатталов Б. Шетелдегі қазақ диаспорасы / Б. Сейітбатталов // Дипломатия жаршысы. 2003. - №6 41-48б.
32. Қалижан У. Таныс, бейтаныс Түркия / У.Қалижан // Егемен Қазақстан. 2005. – 14 наурыз.
33. Бүгінгі Түркия: күшті және дамыған ел. Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі К.Ташкентпен Сұхбат (Сұх.Х.Дикташ) // Заман – Қазақстан . – 1998. – 25 қазан.
34. Қазақстанның егемендік туралы Декларациясы // Социалистік Қазақстан. – 1992. – 25 қазан.
35. Казахстан – Турция: 5 лет дружбы и сотрудничества. - Анкара: «Билиг», 1998. –446 с.
36. http // www. Tbmm.gov.tr/ anayasa/ constitution.htm
37. Байболова Ш. Казахстан и Турция: грани сотрудничества /Ш. Байболова// Казахстанская правда. – 1994. – 12 март.
38. Бахтияров И. Президент Назарбаев – об итогах своего визита в Турцию / И. Бахтияров // Панорама – 1996. – 22 октябрь.
39. Омаров М.М. Интересы Турции в Центральной Азии / М.М. Омаров // Вестик КазГУ. Серия: Современные международная отношения и междунароная политика. 2007. - №2. с 46-49.
40. Нарибаев М.К. Сотрудничество Казахстана и Турции: как состваная чать интеграционных процессов / М.К.Нарибаев // Вестик КазГУ. Серия: экономика. - 2001. - №1. – С. 61
41. Левент Коч. Қазақстан мен Түркияның халықаралық экономикалық қатынастарының теориялық аспектілері: экономика ғылымдарының ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертация. / Коч Левант. – А. 2005., - 34б.
42. Касабулатова. С.А. Анаталия европейской интеграции. / С.А.Касабулатова. – А.-2006., 972б.
43. Hasan Kucukyildiz. Orada, bir koy var uzakta./ Kucukyildiz Hasan .// Arman. – 2007. №2 – 22-25б.
44. Veli Ekin. Kazakistan Cumhurbaskani N. Nazarbaev Ahmet Yesevi Universitesinde./ Ekin Veli. // Jelmaya. – 2007. №14 – 23-25б.
45. Казахская диаспора: проблемы этического выживания. / под.редакции К.Л. Есмагамбетов. – А: Атамұра. - 1999. - 224б.
46. Воротнай И. Казахстан и Турция заитересованы в друг друге. / И. Воротнай. // Известия Казахстана. – 2007. – 30 май. – С.12
47. Пилге З. Иностранный инвестор Казахстану: Опыт Турции./ З. Пилге // Казахстан и современный мир. – 2007. - №1. –С.304-309.
48. Данилов В. Турция и постсоветская Центральная Азия. / В. Данилов. // Азия и Африка сегодня. – 1996. - №2. – С.29-32.
49. Тажутов А. «Пантюркистский» ажиотаж и действительность. / А. Тажутов // Новое поколение. – 1998. – 19-26 январь. – С.7
50. Тарахов А. Турция и Казахстан за поступательное разносторонее сотудничество: визит премьер министра Турции в Казахстан. / А. Тарахов. // Казахстанская правда . – 1997. – 16 август. – С. 3-4.
51. Ахметов А. Особенности консульских отношений между Казахстаном и Турции./ А.Ахметов // Дипломатический курьер. – 2007. - №3. – С.196-197.
52. Еркин.Т. Казахстан является одной из наиболее потенциальных стран СНГ. / Т.Еркин. // Деловой мир. – 2005.- №28.- С65.
53. Анкарское Заявление //Казахстан-Турция. Анкара: Билиг.-1998.-с413-416

МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕР ТУРАЛЫ
1. Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың
қалыптасуы мен дамуы
2. Мемлекеттер арасындағы саяси байланыстар
2. БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ ИНТЕГРАЦИЯСЫНЫҢ ҮРДІСІН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
2.1 Қазақстан мен Түркияның білім және ғылым саласындағы
мемлекеттік басқару
2.2 Елдер арасындағы білім мен ғылым байланыстарын мемлекеттік басқару
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымша А
Қосымша Ә
Қосымша Б
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі ХХ ғасырдың аяғы, ХХІ ғасырдың басында
халықаралық қатынастар жүйесі өтпелі кезеңді бастан кешіруде. Екі дүние
тәртібі бұзылып, капитализм мен социализм арасындағы идеологиялық тартыс
тарих еншісінде қалды. Енді мемлекеттер саяси, әскери, экономикалық
ынтымақтастығын идеологиялық ұстаным емес, ұлттық мүдделерге сай дамыту
мүмкіндігіне ие болды.
Ел тәуелсіздігінің екінші онжылдығына қадам басып отырған бүгінгі
уақытта, яғни халқымыздың рухани өрлеуі мен тарихи санасы қалыптасып жатқан
өтпелі кезеңде, қазақ мемлекетінің алыс және жақын шетелдермен қарым-
қатынас жасап, байланыстар орнатуға қызығушылығы артып отыр.
Әрбір елдің, қоғамның, мемлекеттің дербестігі мен тәуелсіздігі оның
жүргізіп отырған халықаралық қатынастары және сыртқы саясаты арқылы
көрініп, бағаланады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялауымен басталған
Қазақстан - Түркия ресми қатынастарының орнауына өткен уақыт куә болып
отыр. Бауырлас халықтардың ежелден келе жатқан мығым байланыстарының ресми
сатыға көтерілуі маңызды тарихи уақиға болып саналды. Бастапқыда сезім мен
эмоция болған қатынастарымызды бүгінгі күні байыптылық пен ұтымдылық
тұрғысынан қарастырып жүргеніміз белгілі.
Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет Түркия болды. Мұны
қазақ және түрік мемлекет қайраткерлері орайы келген сайын айтуда. Әрине,
бұл бауырластығымыздың мызғымас дәлелі, қатынастардың бастауы, бірақ, мұны
нақтылы қадамдармен қуаттап, үнемі бекітіп тұру керек. Арадағы жылдар өз
жемісін беріп те үлгерді. Оған дәлел екі ел арасындағы оңтайлы көптеген
келісім – шарттарға қол қойылып, Қазақстан мен Түркия арасындағы көп
жақты саяси, мәдени, экономикалық қатынастардың терең тарихи тамыры бар
екендігі айғақ. Сол себепті бұл тақрыптың өзектілігі бүгінгі таңда күн
санап артып отыр.
Аталмыш тақырыптың зерттелу деңгейі тарихнамалық сараптама жасамастан
бұрын бұл тақырыпты зерттеген авторлардың еңбегі екі топқа бөліп
қарастырылды. Олардың бірінші тобын отандық ғалымдардың еңбектері құраса,
екінші тобын түрік ғалымдарының шығармалары құрайды.
Ел басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында [2 ]
біздің сыртқы саясаттағы басым бағыттарымызға талдау жасап, аймақтық және
халықаралық ынтымақтастықты дамытуды басты міндет еткендігі баршамызға
белгілі. Сонымен қатар Н.Ә.Назарбаевтың Ғасырлар тоғысында [1] және
Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының
стратегиясы [2] атты еңбектерінде еліміздің сыртқы саясатындағы
жетістіктері мен алыс – жақын шетелдермен арадағы байланысты жетілдіру және
өз қызығушылығымызға сай тәжірбиелердің жемісін ала білу қажеттілігі баса
көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрі Қасымжомарт Тоқаевтың
Қазақстан Республикасының Диплматиясы [3], Внешняя политика Казахстана в
условиях глобализации [4], Внешняя политика: время размышлений, время
действий [5] және де Внешняя политика Казахстана: подходы приоритеты и
направления [6] атты еңбектерінде тәуелсіздік алған күннен бастап
Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі бағыттары мен бағамдарына талдау
жасалынып, келешектегі сыртқы саясаттың бағыт-бағдарлары жасалынған.
Қазақстандық ғаламдардың еңбектері де өте елеулі болды. Осы Қазақстан
мен Түркияның өзара қатынастарының тарихын зерттеген Г.А.Байғаринаның
зерттеуі [7], ХХ ғасырдың 90-жылдарындағы екі елдің саяси, экономикалық
және мәдени байланыстарын ашуды мақсат еткен М.О.Иембекованың еңбектерін
атап өтуге болады [8]. Экономикалық қатынастарға қатысты Н.Қ.Мамыров,
Д.М.Мадиярова және А.Е.Қалдыбаеваның еңбектерін [9], Қ.Қабдиевтің еңбегін
[10], Қ.Аманжолов пен К.Рахметовтың үш томдық еңбегін [11], М.Бұлұтай
еңбектерін [12], У.Қасеновтың [13], М.Мұхамедовтың [14], Т.Садықов пен
Х.Әбдірахмановтың [15], С.Смайлдың еңбектерін [18] атап өтуге болады.
Сонымен бірге А.Карицкийдің де[16],Құттаяқов Ш. [17] еңбектері өзіндік
септігін тигізді.
Тарыдай шашылған қазақ халқының алыс –жақын шетелдердегі қазақ
диаспорасының тарихын зерттеу қай кезде де өзектілігін жоғалтпаған.
Түркиядағы қандастарымыздың тұрмыс жағдайы, салт – дәстүрі, наным – сенімі
жайында көлемді еңбек жасап, көп мағлұмат берген А.А.Османова [19],
М.Абдилдабеков [20], Г.М.Мендикулова [21], Қ.Х.Жақып [22] сынды ғалымдарды
атауымызға болады. БҰҰ Қазақстанның тұрақты өкілдерінің бірі
А.Арыстанбекованың Қазақ бауырларымыз жат жұртта [22] атты мақаласында
шетелдегі қандастарымыздың әлеуметтік жағдайы баяндала келіп, демографиялық
өрлеудің еліміздің экономикасы үшін қажет екендігі сөз етіледі.
С.Демирельдің Түркияның әлемдегі орны [24] атты мақаласында аталмыш
елдің қазіргі таңдағы саяси – экономикалық жағдайына кеңінен талдау
жасалынса, А.Неждет Сезердің Түркістан қаласының 1500 жылдық мерей тойы
[25] атты мақаласында екі ел арасындағы мәдени байланыстарға жоғары баға
беру тұрғысынан жазылған. Х.Джиндаруктың Казахстан станет развитым и
процветающим государством [26] атты мақаласында Қазақстанның болашағы мен
келешекте халықаралық аренада алатын орнын болжау мен салыстырмалы түрде
нысанды тұжырымдамалар жасайды. Түркия Республикасының Төтенше және
Өкілетті Елшісі К.Ташкенттің Бүгінгі Түркия: күшті және дамыған ел [27]
атты мақаласында Түркияның бүгінгі жағдайы туралы сөз қозғалып, келешегі
мол ел екендігі жайында сөз қозғалған.
Курстық жұмысымның басты мақсаты Қазақстан мен Түркия арасындағы
интеграциялық үрдісін барлық саласына жан – жақты талдау жасай отырып,
болашағына болжам жасау болып табылса, осы мақсатқа қол жеткізу барысында
алдыма бірнеше міндеттер туындады:
- Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың
қалыптасу тарихы мен танысу;
- Екі ел арасындағы интеграциялық үрдісін даму барысына болжам
жасау;
- Мемлекеттер арасындағы саяси байланыстардың түрлі салаларына,
яғни, үкімет аралық, стратегиялық әріптестік, әскери –
техникалық серіктестікке баға беру;
- Қазақстан және Түркия арасындағы қарым – қатынастардағы
экономикалық, мәдени, білім беру саласындағы серіктестіктің
рөлін анықтау;
- Қазіргі таңдағы Түркиядағы отандастарымыздың жағдайымен
танысу;
- Арадағы қатынастардың келешегіне болжам жасау болды.
Курстық жұмысының алдына қойған мақсаты мен міндетін орындауда негіз
болған деректердің қайнар көздеріне қарай оларды бірнеше топтарға бөліп
қарастырылды.
Деректердің бірінші тобына архив материалдары жатады. 2007 – 2008 оқу
жылының барысында Алматы қаласындағы мемлекеттік Қазақстан Республикасының
Президенттік мұрағатының статистика бөлімінде және кітапхаларынан
мағлұматтар алынды. Сонымен қатар Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхана
қорларымен жұмыс жасалынды.
Деректердің екінші тобына мемлекет қайраткерлерінің сұхбаттары мен
еңбектерін жатқызуымызға болады. Мысалы: үстіміздегі жылдың қараша айының
26 жұлдызынан, желтоқсан айының 5 жұлдызына дейінгі аралықта Түркия
Республикасындағы Қазақстан Республикасының консулства (өкілеттілігінде)
Бас және Вице – консулмен сұхбаттасу барысында материалдар толықтырылды.
Түркиядағы мемлекеттік тілде шығарылатын Арман атты журналдың бас
редакторы Ертұрғұл Ербаш мырзамен сұхбат алынды.
Деректердің үшінші тобын мерзімдік басылымдар құрайды. Олар - 1992
жылдан бастап шығып келе жатқан Түркияның мерзімдік басылымдарымен қатар,
салыстырмалы түрде Қазақстанның мерзімдік басылымдардағы газет, журналдары
қатар қолданылып отырылды. Оларға: Түркістан, Заман Қазақстан, Азия и
Африка сегодня, Казахстан и мировое сообщество, Центральная Азия и
Кавказ, Егемен Қазақстан, Дипломатия жаршысы, Ақиқат, Желмая және
Арман сынды газет – журналдарды жатқызуға болады.
Түпдеректердің келесі тобын интернет материалдары құрады.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі: елдер арасындағы қарым – қатынастың
барлық саласына талдау жасай отырып, арадағы байланыстың қазіргі жағдайы
мен болашағына болжам жасау; Жұмысты жазу кезінде обьективтілік,
салыстыру, талдау және тағы басқа әдістер қолданылды. Ғылыми жұмыста
қоғамдық ғылымдар саласындағы зерттеушілердің еңбектері және ондағы
көтерілген концептуалдық мәселелер өткен және қазіргі кезеңдегі
байланыстық мағына дәрежесінде пайдаланылды.
Қойылған міндеттерді орындау барысында жалпығ мәлім зерттеу әдістері
қолданылды. Ғылыми әдістің жалпыдан жалқыға көшу принципін сақтай
отырып,еңбекте анализ, синтез, салыстыру және басқада әмбебаптық зерттеу
әдістері барынша пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы 1993 жылдан 2007 жылдар аралығындағы
Қазақстандық - Түрік интеграциялау үрдісіне жан – жақты сипаттама жасай
отырып арадағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени, білім беру саласындағы
жетістіктермен ортақ іс-әрекеттің болашағына нақты статистикалық және
фактілік материалдар арқылы жан-жақты баға беру. Екі ел ынтымақтастығының
мәнін ашуда қалыптасуды жай ғана баяндап қоймай оның жету жолдары мен
дамуындағы жетістіктерді болашақ мүмкіндіктердің шеңберін белгілеп тиімді
жақтарын жан-жақты ашу болып табылады.
Зерттеу жұмысының қолданыстық маңызы: Жұмыстың басты нәтижелері мен
тұжырымдамаларын халықаралық қатынастар тарихын және мемелекеттер
арасындағы қатынастарды оқып үйренуде студенттердің семинар, реферат, курс
жұмысын жазу барысында пайдалануға болады.
Жұмыс тақырыптың сарапталуы. Аталмыш тақырып бойынша жазылған жұмыс
барысы, бір жылдың ғана жемісі емес. 2006-2007 оқу жылы барысында курстық
жұмыс негізінде қарастырылса, 2008 жылдың 29 наурыз күні өткен әл-фараби
атындағы Қазақ Ұлттық Университеті студенттер арасындағы ғылыми
конференцияда Қазақстан тарихы атты секциясында баяндама негізінде
талқыланды.
Курстық жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, бес бөлімшеден,
қорытынды, қосымшалар және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ТУРАЛЫ

Әрбір ұлт өзінің тарихын, мәдениетін мақтаныш етеді. Осы тұрғыдан бір-
бірін таныған, құрметтеген туыстас, көршілес елдердің тарихы еншілес,
тағдыры тамырлас болады. Сондықтан да түркі елдер деп аталатын түбі бір,
діні бір, дәстүрі бір елдердің бір - бірінен ұзақ жылдар ажырап қалуы -
өзекті өртеген өкініш еді. Түркі елдерінің қайта қауышуына орта азиялық
кеңестік мемлекеттері мен Түркия мемлекетінің арасынды орнаған
дипломатиялық, сауда-экономикалық, мәдени қатнастардың аса қарқынды қанат
жаюы – тарихи құбылыс, ұлы үрдіс болды. Бұл байланыс осы елдердегі нарықтық
экономиканың қалыптасуына өзіндік ықпалын тигізді.
Тек, социалистік экономикадан нарықтық экономикаға көшу – Қазақстан
үшін жетпіс жыл бойы қалыптасқан экономикалық қатнасты түбірімен бұзып, ел
үшін жат, қыр-сыры белгісіз жаңа экономикалық қатнасты бастау қажет болды.
Нарықтық қағидаларға сәйкес, қызметтерінің тиімділігін анықтау үшін басқа
елдермен де қарым-қатнастарын қайта құрулары тиіс еді.
Түркия мен Орталық Азия елдердің арасындағы ынтымақтастық қарым-
қатнас аймақ елдері тәуелсіздігін алысымен басталғаны белгілі.
Тоқсаныншы жылдардың басында Түркияның түбі, діні, тілі, дәстүрі бір
аймақ елдерімен жақындасуы, әсіресе түркі мемлекеттерінің басшыларының
бірнеше рет жоғары дәрежелі бас қосулары ресейді де, Иранды да, басқа
мемелекеттерді де алаңдатып тастағаны анық.
Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып 1993 жылы 16 желтоқсанда
таныған Түркия болатын. Содан бері екі елдің байланысы үздіксіз дамып,
халықаралық қауымдастықта үзеңгі қағыстырып қатар келеді. Жұбын жазбаған
қандас қос мемлекеттің көп мәселелерге қатысты мақсат-мүдделері де ортақ.
1992 жылы 25 қазанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының
Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясында “...Республика шет
мемлекеттерімен экономикалық және сауда байланыстарын еріктік пен тең
құқықтық принциптерін сақтай отырып, өзара тиімді шарттар негізінде құрады,
сыртқы экономикалық қызмет мәселелерін дербес шешеді”-деп келешек бағдарды
айқындауы [34.45б.], болашақ халықаралық келісім шарттар жасауына жол
ашқандығы ерекше аталып өтіледі. Декларация Қазақстанды өз мүддесімен
қабысатын өз сыртқы саясатын өзі белгілейтін, дипломатиялық және консулдық
өкілдік алмасатын, халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысатын халықаралық
қатнастардың дербес субьектісі деп таныды. Осы сәтті асыға тосқан Түрік
Республикасы Қазақстанмен байланысқа келуді көп күттірген жоқ.
Әр Республика өз бетінше, тәуедсіз ел ретінде дамуды аңсады, бірақ
бір кездері өзара шырмалған байланысты үзіп шыға қою қиынға соқты. Сондай
саяси арпалысты жағдайда Қазақстан мен Түркия арасында жасалынған осы
келісімнің маңыздылығы өте зор еді. Бұл келісімнің бірінші бабында екі
елдің келешекте саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени,
ізгілікті, ақпараттық және басқа да салада ұзақ мерзімді негізде өзара
тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және тереңдетуге ұмтылатыны
белгіленген.[35]. Тармақта осы аталған барлық салада жасалынған
келісімдердің негізінде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың құқықтық негізі
қаланғандығы дәйектелінеді.
1993 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз
мемелекет екендігін жариялағаны белгілі. Бұл жас мемлекеті тәуедсіздігін
алған күннен-ақ әлемде ең алғаш болып Түркия мемлекеті мойындады. Шын
мәнінде де екі ел арасындағы 1992 жылдың 5 желтоқсаннан бастап, 1993 жылдың
көктемі мен күз айларындағы екі жақты қатынастың тығыз дамуы Түркияның
бірінші болып Қазақстанның тәуелсіздігін тануы тарихи заңдылық еді. Сонымен
бірге бұл екі ел арасындағы қалыптаса бастаған ынтымақтастықтың нығая
түсуінің белгісі.
КСРО ыдыраған кезде Түрік мемлекет басшылары Ататүрік идеяларын
қайтадан еске түсіріп, аймақта “құру туралы идеясын жүзеге асыруға, оны
басшылықты өз қолына топтастыруға ұмтылғаны белгілі.”
Осыған байланысты Ресей баспасөзі “пантюркизм” деген қайтадан бас
көтеріп, жалғасын табуда деп жар салуда. Әсіресе, жоғары дәрежелі түркі
мемлекеттің басшыларының бас қосуы алаңдатушылықты тіпті өршіткендей. Бұл
кездесу жайлы Ресейдің Независимая газета апталығы: Анкарадағы жоғарғы
дәрежелі түркі кеңесінің Иранды мазалары хақ десе, Франция газеттері
Анкарада бес туысқан республикалар президенттерінің басын қосу арқылы
Түркия сол аймақтарда өзінің ықпалды күш болып қалғысы келетінін аңғартып
отыр,-деп хабарлады.[17.12б.]
Алайда, алғашқы кезде Түркияның Орталық Азия аймақ елдеріне ағалық
елдерге ұмтылғаны оның барлық әрекетінен сезіліп тұрады.
Бұл туралы Н.Назарбаев: Тұрғыт Озал Қазақстанға бірінші рет келіп
қайтты. Ол, менің ойымша, Орталық Азия мемлекеттеріне тек жаңа
мемлекеттермен тату-тәтті қарым-қатнас орнатуға ғана емес, бір кезде Кемал
Ататүрік мирас етіп келген арман түркі мемлекеттерінің аса қуатты
бірлестігін қалыптастыруды жүзеге асыруды көздеп жүрді. Ол пиғылын
жасырмайтын Т.Озал, Байкалдан Жерорта теңізі мен Дунайға дейін созылып
жатқан түркі әлемнің басын қосатын Ұлы Түркия , пантюркизм мұраттарын
жақтайтын, деп түркі басшысының түркі мақсатын аңғартатынын білдірді
[1,210б].
Түріктер бұл мақсаттарын Стамбулда түркі елдері басшылырының бас
қосуында арнайы құжат әзірлеп ұсынған. Бірақ ел Президенті Н.Назарбаев бұл
құжатқа қол қоюға бас тартқаны белгілі. Мұның себебін Н.Назарбаев өзінің
“Ғасырлар тоғысында” атты еңбегінде былай деп түсіндіреді: Мен бұл
мәлімдемеге қол қоймайтындығымызды айттым. Біз тек экономикалық,
гуманитарлық, саяси байланыстарды жақтаймыз дедім. Түбіміздің бір екні рас.
Ұзақ уақыт бір-бірімізден қол үзіп қалғанымыз белгілі. Мен жаңа ғана
қолымыз жетіп отырған тәуелсіздіімізді, әрі мемлекеттің егемендігін қатты
қадірлей отыра, өркениетіміздің үзіліп қалған сабақтастығын қайта
жалғастыруды ұсындым.[1, 201б.]
Міне, осындай нақты жауаптар мен ұсыныстардан кейін Түркияның
аймақтағы үстемдікке ұмтылу екпіні саябырсып, үкімет басшылыры ендігі
жерле, ептеп, дәйекті түрде өз саясатын жүргізе отырып, өзінің басшылық
рөлін жоғалтпайтындай дәрежеде, аймақтық маңызды серік екндігін көрсетуге
ұмтылуда.
Өмірдің өзі көрсетіп отырғандай Түркия мемлекетінің түркі тілдес
мемлекеттерге деген ерекше ықыласы, оның экономикалық және мәдени
гуманитарлық саладағы іс-әрекеттерімен дәлелденіп отыр.
Өйткені халықаралық дәрежеде бұл мемлекеттің қарым-қатнасы тек
этникалық бірлігіне негізделіп отырған жоқ, тең құқылы, дара субьектілі
мемлекеттер дәрежесіндегі қарым-қатнас өрбуде.
Өзінің осы ниетімен Түркия Орталық Азиялық мемлекеттеріне ағалық
көрсетіп, басшылық жасап, қолдап көмектесіп, бұл аймақта Ресейге қарсы өз
ықпалын күшейткісі келеді. Оның бұл ниетін әлемдегі беделді мемлекеттердің
бірі АҚШ қолдап отыр. Өйткені, халықаралық аренада дербес мемлекет ретінде
таныла бастаған, өздеріне тән артықшылықтары, болашағы бар бұл
мемлекеттермен есептесу мүмкін емес. Сонымен қатар, АҚШ бұл елдерге ислам
фундаментализмінің таралуынан қорқып, қандай жағдайда да өзіндік ұқсастығы
бар бұл елдер үшін дамудың түріктік моделіне көшу анағұрлым тиімді екндігін
негіздеуге ұмтылуда.
1998 жылғы 21 қазандағы Ташкент кездесуі Орта Азия мемлекттерінің
толық қанды халықаралық қатнастар жүйесіне енген, кемелденген негізіне
сәйкес келді. Мемлекет басшылыры осы уақытқа дейінгі байланыстың жеткен
дәрежесіне қанағаттанарлық білдіріп, ендігі кезекте табиғатты қорғау,
экономикалық апат аудандарындағы қиыншылықтарды жоюға көмектесу, Арал
теңізі проблемасын дәйекті шешімдермен жаңғыртып, нәтижелендіру шараларын
келісті.
Түркия Қазақстан Республикасының аймақтық және халықаралық ұйымдарға
мүше болуына жан-жақты қолдау жасады, бұл елдің әртүрлі ұйымдар мен
халықаралық қатнастағы маңызды ұсыныстарына үнемі қолдау жасауда.
Сонымен қатар, Түркияның ерекше назарын аударып отырған Каспий маңы
көмірсутегі шикізатын өз территориясы арқылы әлемдік рынокқа шығару
мәселесі тағы қаралып, Баку-Жейхан мұнай құбырын салуды тез арада қолға алу
Орта Азиялық аймақ елдерінің экономикасына үлкен көмегі тиері сөзсіздігі
айтылды.
Түркияның Орта Азия аймақ елдерімен қатынасының негізгі мәселесіне
айналған бұл мәселе 2001 жылы қарашада Стамбулда өткен ОБСЕ-нің мәжілісі
кезіндегі кездесулерде тағы бір қаралып, “Баку-Тбилиси-Жейхан” жобасын
жүзеге асырылатын болып келісілді.[4,.558-559б]
Соңғы уақыттарда Түркия елінің жалпыеуропалық процеске араласуын
күшейте түсу мақсатында Түркияның сыртқы саясатында НАТО, ОБСЕ секілді
халықаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтастыққа ұмтылыс байқалып келеді.
Түркияның сыртқы саясатындағы америкалық бағыт стратегиялық мәні зор басым
бағыттардың бірі болып саналады. АҚШ Түркияның ЕО-қа кіруін қолдап отыр
[42,25-28б]. Сонымен қатар, әскери сала бойынша да АҚШ-пен белсенді
ынтымақтастық факторы елге аса ірі жапондық және оңтүстік кореялық
капиталдың құйылуына ықпал етуде. Сонымен бірге Орта Азия аймағында да
Түркия баса назар аударуда. Анкара Қазақстанды бұл аймақтағы маңызды
әріптес ретінде санайды [37,3б].
Қазақстан Түркия қарым – қатынасы кең көлемдегі мәселелер
бойынша екі тарап ұстанымының жақындығы мен сәйкестігіне негізделеді.
Экономикалық байланыстарды дамытуға екі мемлекеттің де мүдделілігі 1992
жылы негізі қаланып, мемлекеттік деңгейдегі бірқатар құжаттармен бекітілген
жан –жақты ынтымақтастық пен әрінтестікке серпін береді.
1993 жылы қыркүйекте екі ел басшылары тарапынан Қазақстан мен
Түркия арасындағы өзара қарым – қатынастар принциптері мен мақсаттары
туралы Декларация қабылданды [34.5б]. Бұл құжатта достық қатынастардың
Хельсинки Қорытынды Актісі, жаңа Еуропа туралы Париж Хартиясы, БҰҰ Жарғысы
және принциптері мен мақсаттары шеңберінде, құқық басымдылығы, егемендікті
құрметтеу, ынтымақтастық пен татулық рухындағы ОБСЕ-нің өзге де құжаттары
негізінде дамытылатындығы атап көрсетілді.
1994 жылы наурыз айында Н.Назарбаев Сырқы істер министрі
Х.Четиннің басшылығымен Алматыға келген Түрік Республикасының үкімет
делигациясын қабылдады [37,3б]. Екі жақты келіссөздер өзара тиімді кең
көлемдегі саяси және экономикалық мәселелерді қамтиды. Н.Назарбаев
Қазақстан үшін өзге елдерге қарағанда Түркия ерекше мағызды екендігін
айтты. Бұл тек тіл мен мәдениеттің, дәстүрдің жақындығында ғана емес, ең
әуелі Түркия саясатына байланысты.
Қазақстан Республикасы мен Түріе Республикасының Сыртқы істер
министрлері Т.Сүлейменов пен Х.Четин елшіліктер деңгейінде дипломатиялық
қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойды, осы кездесу барысында екі
мемлекет арасында визасыз жүрін – тұру жөніндегі келісімге қол жеткізілді.
1994 жылы 21 сәуірде Президент Н.Назарбаевқа алғашқы сенім грамотасы
тапсырылды. Дипломатиялық практика үшін міндетті ресімді Төтенше және
Өкілетті елші Арук Езнай ашты [3,114б].
Осыдан кейін, Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы
арасында дипломатиялық қатынастың орнауына байланысты 1994 жылы 17 мамырда
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Анкара қаласында Қазақстан
Республикасының Түркия Республикасындағы елшілігі ашылды [3,115б].
Қазақстан Республикасының тағы бір Жарлығы бойынша Қ.Б.Саудабаев Қазақстан
Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып
тағайындалды.
1994 жылы 29 сәуірде Түркия Республикасының премьер-министрі
С.Демирель Алматыға ресми сапармен келді. Оның келуі екі ел арасында дамып
келе жатқан сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстарға
жаңа серпін берді. Түркиямен ынтымақтастық Қазақстан үшін аса маңызды
қадамдар болды. Қазақстан кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау мен шетелдік
инвестицияларды тартуға негізделіп қайта құрылған түрік экономикасының
тәжірибесі өзі үшін аса құнды болып табылады деп есептеді [47,304-309б].
С.Демирель Түркия мен Қазақстан Республикасы арасындағы
көптүрлі байланыстардың дамуына және оларды келешекте нақтылы бағдарлама
негізінде жетілдіре түсуге деген ұмтылысқа қанағаттанатындығын білдірді.
Сонымен бірге, ол Қазақстан аумағындағы мұнай кеніштерін барлау
жұмыстарына, газбен жұмыс істейтін элекростанциялар салу құрлысына
қатысуға, Түркияға қарай салынатын мұнай құбыры құрлысына қатысуға, осы
реттерде өз үкіметінің 200 млн. долларға дейін несие беруге дайын екендігін
және өзге де мүдделі мемлекеттерді тарта отырып, Каспийде қазіргі заманғы
кеме қатынасын ұйымдастыруға ықыласты екендігін атап өтті. Сол күні Алматы
қаласында Түркия елшілігі салтанатты жағдайда ашылды [48,29-32б].
Қазақстан мен Түркия аасындағы 1995 жылдың басты оқиғасы
сәуір айында Түрік Республикасының Президенті Т.Өзалдың Қазақстанға
жасаған ресми сапары болды. Ол Қазақстан Республикасының Президентімен және
Жоғарғы Кеңес Төрағасымен кездесті. Келісімсөздер барысында тараптар екі
жақты ынтымақтастықтың дамуындағы алға басушылықтар мен оған кедергі
келтіріп отырған кейбір жайттарды сөз етті.
Халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылау барысында Түрік
Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтың Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары бойынша Кеңес
шақыру туралы бастамасын қолдайтындығын айтып, Түркияның бұл процесске
белсенді түрде қатысатындығын мәлімдеді [12,32-33б].
Т.Өзал Оңтүстік Қазақстан облысында болып, Қ.А.Иассауи атындағы
халықаралық қазақ-түрік университетінің ашылу рәсіміне қатысты [30,68-69б].
1996 жылы 16-18 қазан аралығында ҚР Президенті Н:Ә.Назарбаевтың
Түркияға жасаған тұңғыш ресми сапары, өзінің қысқа уақыты мен жалпы
сипаттағы декларацияның болмағандығына қарамастан, бұл сапарды
бақылаушылардың барлығы бірауыздан ерекше маңызды саяси оқиға ретінде
бағалады. Өзінің ресми сапарының шеңберінде 17 қазан күні Н.Назарбаев
Президент С.Демирельмен келіссөз жүргізді, Ұлы ұлттық жиналыс төрағасы
Х.Джиндрукпен кездесіп, үкімер төрағасы Т.Чиллерді және негізгі
оппозициялық партияның лидері М.Йылмазды қабылдады. Сонымен қатар
Н.Назарбаев түрік іскер топтары өкілдерімен де кездесуі өткізілді.
Келіссөздер мен кездесулер барысында негізгі назар
ынтымақтастықты кеңейту мәселелріне, бұрын қол жеткізген келісімдерді
жүзеге асыру мәселесіне аударылды. Екі жақты қатынастарды жоғары деңгейге
көтере түсу үшін осы сапар кезінде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен
Түрік Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы Келісімнің
рөлі зор болды. Осы келісімге қол қойғаннан кейін болған баспасөз
конференциясында С.Демирель “бұл құжат біздің қарым-қатынасымызды
дамытудағы жаңа және аса маңызды саты іспетті болды” деген баға береді
[40,61-63б].
Екі жақты әр түрлі деңгейде тұрақты саяси кеңестер өткізіп
тұруға. Халықаралық ұйым шеңберінде іс-қимылдар өзара үйлестіруге дайын
екендіктерін білдірді. Осы сапар барысында екі жақтың сыртқы саяси
ведомстваларының кеңесі туралы хаттамаға қол қойылуы бұл бағытта жасалған
алғашқы қадам болды.
1997 жылы маусым айында Президент Н.Назарбаевтың шақыруы
бойынша Түркия Президенті С.Демирель Қазақстанға ресми сапармен келді. Ұзақ
келіссөзден кейін 13 маусым күні Президент Назарбаев өзінің түркиялық
әріптесімен бірге ҚР мен ТР арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету
мен дамыту туралы Декларацияға қол қойды. Сонымен қатар екі жақ Ақтөбе
облысында қуатт 954 МВт болатын электростанциясын салу бойынша
ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойды [49,7б].
1997 жылы тамызда ТР Президенті С.Демирель мен Премьер министр Т.Чиллер
ресми сапармен келді. Келіссөздер барысында табыс салығына қатысты екі
жақты салық салудан бас тарту туралы, қылмыстық іс бойынша құқықтық көмек
беру және қылмыс жасағандарды беру, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
мен Түрік Республикасының Орталық Банкі арасындағы банкі істер бойынша
келісім секілді бірқатар үкіметаралық келісімдерге қол қойылды.
Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қаынас 1998 жылы одан әрі
дами түсті.
1998 жылы 16 желтоқсанда Н.Назарбаев өз резиденциясында Түркия
Президенті С.Демирельмен кездсті. Кездесу басталар алдынд журналистерге
берген сұхбатында С.Демирель өзінің Қазақстанға Н.Назарбаев пен барлық
қазақстандықтарды айтулы дата – тәуелсіздіктің 5 жылдығымен құттықтағалы
келгендігін айтты. Реті келгенде, С.Демирель Түркия мен Қазақстан
арасындағы достық мәңгілік болатындығын сендірді [4,121-122б] .
1999 жылы 3 наурызда премьер-минисрт Ә.Қажыгелдиннің
басшылығымен қазақстандық үкімет делегациясының Түркия Республикасына ресми
сапары басталды.
Делегация басшысының Түркия президенті мен премьер-министрмен
кездесуінде Қазақстанда 500-ден астам түрік компанияларының жұмыс
істейтіндігі, дипломатиялық қатынас орнағалы Қазақстан экономикасына
құйылған түрік инвестициясының жалпы көлемі 2 млрд. доллардан асқандығы
әңгіме өзегіне айналды [40,61-63б].
1999 жылғы наурыз айы Қазақстанға жасалған Түркияның Ұлы ұлттық
жиылысының Төрағасы М.Калемлидің келуімен есте қалды. Сонау Қазақстан мен
Түркия арасындағы саяси қатынастардың өтпелі деңгейде екендігімен бағалады.
Кездесу қорытындысында М.Калемли мырза екі парламентшілер арасындағы
ынтымақтастық туралы бірқатар құжаттарға қол қойды.
2000 жылы 29 қазанда Түркия Республикасының құрылғанына 75 жыл
толды. Осы мерекеге арналған салтанатқа Әзербайжан, Грузия, Қазастан мен
Өзбекстан Республикаларының Президенттері келді [39,46-49б]
Стамбуда осы мемлекеттер арасында Декларацияға және Әзірбайжан,
Грузия және Түркия арасында Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры туралы, сондай-
ақ Түркменстан мен Түркия, Әзербайжан мен Грузия арасында Транскаспий газ
құбыры бойынша төрт құжатқа қол қойылды.
Атап өтерлік жайт, Стамбул декларациясының мәтіні теңгермелі
сипатқа ие. Онда келешек Баку-Жейхан мұнай құбыры бойынша Қазақстанның
нақтылы қанша көлемде мұнай экспорттауға міндеттілігі жөнінде айтылмаған.
Сонымен бірге онда транзиттік елдердің Қазақстан мұнайын тасымалдауды
кедергісіз қамтамасыз етуге міндеттілігі мен Түркияның Қазақстан газын
қабылдауа дайын екендігі көрсетілген. Тұтастай алғанда Стамбул декларациясы
Қазақстанның өзіне қолайлы сәтте және экспорттық бағыттарының көп
нұсқалылығы саясатына сай келген жағдайда Баку-Жейхан мұнай құбырының
жобасына қатысу мүмкіндігін заңи түрде бекітеді.
2002 жылы 27 қыркүйекте Президент Н.Назарбаев Түркияда болған
қысқа мерзімді демалысында түрік елінің президенті А.Н.Сезермен кездесті.
Екі ел басшыларының арасындағы кездесу дәстүрге айналған өзара сенім
жағдайында өтті.
Қайта сайланған Түркияның оныншы президенті А.Н.Сезер туысқан
екі ел арасындағы достықты одан әрі нығайта түсу үшін бар күш-жігерін
салатындығын мәлімдеді. Қазақстанға жасалған ресми сапарының соңында түрік
лидері Түркия мен Орта Азия мемлекеттері арасындағы өзара қарым-қатынаста
Қазақстанға ерекше назар аударылатындығы баса айтты [28,14-19б].
Н.Назарбаев пен А.Сезер Орта Азия аймағындағы жағдайлардың
дамуы, лаңкестік пен экстремистік әрекеттер қауіпінің және есірткі
дәлізінің пайда болуының алдын алу мәселелерін қарастырды.
2002 жылы 19 қазанда Астана қаласында Қазақстан мен Түркия
Президенттері лаңкестік пен күрестегі ынтымақтастық туралы Декларацияға қол
қойды. Екі президент әңгімесінде Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі
турасында айтыла келіп, А.Сезер принципінде өзінің “Талибан” режиміне
соншалық ашық қарсылас еместігін, Түркияның Ауғаныстандағы қарама-қарсы
күштерді біріктіре алатын осы ресми билікті танитындығын мәлімдеді.
Екі елдің халықаралық қауіпсіздікті нығайту саласындағы жемісті
ынтымақтастығының тағы бір белгісі Қазақстанның СВМДА шақыру туралы
бастамасы болды. Анкара Қазақстанның еуразиялық кеңістікте қауіпсіздік пен
өзара сенімді қамтамасыз ететін құрылым құруға ұмтылысына толық түсінікпен
қарайды. Түркия өзі де белсенді қатысушы болып отырған процестің қарқынын
қанағаттандырарлық деп бағалайды.
Аймақтық проблемаларды шешу тәсілдеріне тоқтала келіп, Қазақстан мен
Түркия кең көлемде тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтаудағы Ресейдің рөлін
атап көрсете отырып, ішкі іске араласпау, аумақтық бүтіндігі мен
егемендігін құрметтеу принциптері негізінде өздерінің Мәскеумен қарым-
қатынасты дамыта түсуге дайын екендіктерін білдірді [13,6-7б].
Түркия Қазақстанның ортақ экономикалық кеңістік құру туралы бастамасы
бойынша негізі қаланып отырған Орта Азия республикаларымен қатынасының даму
деңгейін жоғары бағалайды. Сондай-ақ Анкара Қазақстанның Ауғаныстандағы
оқиғалардың дамуына алаңдаушылық білдіріп отырғандығын түсіністікпен
қабылдайды.
ОЭС шеңберінде Қазақстан мен Түркия ынтымақтастығы табысты түрде
дамып келеді.

Саяси, сондай-ақ аймақтық және халықаралық деңгейдегі ынтымақтастық
мәселелерінде тараптар Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралар
кеңесі(АӨІСШК), Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы(ЭЫҰ), Ислам Конференциясы
Ұйымы( ИКҰ) және басқада халықаралық ұйымдар шеңберінде тығыз ынтымақтастық
үрдісін жалғастыру туралы келісе отырып, Ауғаныстан мәселесін, Ирак және
басқа да халықаралық проблемаларды шешуде халықаралық және аймақтық
ұйымдардың, ең алдымен БҰҰ, ЕО шеңберінде ынтымақтастықты дамытуға дайын
екенін білдіруде. Сонымен қатар, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
Ұйымы, сондай-ақ, Еуропа кеңесі мен Еуропа Парламенті тәрізді ұйымдарда
Түркиямен жақын ынтымақтастықты жалғастыру үлкен маңызға ие [14,95б].
Бұл тұрғыда, 2006 жылы маусымда Стамбулдағы НАТО саммитіне Президент
Н.Ә.Назарбаевтың қатысуы Қазақстан мен Түркияның аталмыш ұйымның
“Бейбітшілік үшін ықпалдастық” атты бағдарламасы шеңберіндегі өзара тиімді
ынтымақтастығының айқын көрінісі ретінде бағалануда. Сондай-ақ,
Қазақстанның 2006 жылы маусым айында Стамбулда өткізілген ИКҰ сыртқы істер
министрлер жиынында ИКҰ Бас Хатшысы болып Түркия өкілінің сайлануына қолдау
көрсетсе, 2007 жылы ақпанда Қазақстан Республикасының Парламенті мәжіліснің
төрағасы О.Мұхамеджановтың ресми сапарымен Түркияға келді, өз кезегінде
түрік тарапының ЭЫҰ-ның төрағасына Қазақстан өкіліне қолдау көрсетсе, 2006
жылы 22 қазанда Алматыда өткізілген АӨІСШК сырқы істер министрлер
деңгейіндегі жиналысқа Түркия Республикасының ішкі істер министрлері
басқарған делегация қатысты.
Болмыш елдің саяси және қоғамдық орталарында Қазақстан
Республикасының Президенті 2007 жылы 18 ақпанда Қазақстан халқына арналған
жолдауында қамтылған мәселелер, әсіресе Елбасының Орталық Азия Одағын құру
туралы ұсынысы жан-жақта талқыланып, қолдауын тапты. Түрік тарапының
пікірінше, бұл идея іске асырылған жағдайда оның оңды үрдісі тек қана
Орталық Азия мемлекеттеріне ғана емес, сондай-ақ бүкіл түркі тілдес
елдеріне айтарлықтай әсері болары сөзсіз.
Екі жақты қатнастарда парламентаралық сондай-ақ екі елдің
парламенттеріндегі депутаттық достық топтары арасындағы байланысты одан әрі
жандандыруға көңіл бөлінуде. Бұл тұрғыда 2007 жылы 31 қаңтар-3 ақпан
аралығындағы Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісі Төрағасының
басқаруындағы Қазақстан Республикасының Мәжілісі делегациясының Анкараға
ресми сапармен келіп, кездесулер барысында тараптар екі жақты
ынтымақтастықтың жалпы ахуалы бойынша пікір бөлісумен қатар бауырлас екі
елдің парламентаралық байланыстарын одан әрі дамыту көкжиектері талқыланды.
Парламентаралық байланыстарды дамыту мәселелері төңірегінде, екі елдің
парламенттерінің халықаралық құрылымдар шеңберінде ортақ іс-қимыл
шараларының маңыздылығына тоқталды.
2001 жылы тамыз айында Түркияда болып өткен сұрапыл жер сілкінісі
кезінде екі ел арасындағы бауырластық қатнастар нақты сипатта көрінгенін
атап айтқан жөн. Түрік халқы Қазақстан Үкіметінің зілзала салдарынан зардап
шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету туралы шешімін, Астана мен Алматы
әкімшіліктерінің ынтасы бойынша қаражат жинақтау науқанының ұйымдастырылуын
бауырлас қазақ халқы тарапынан көрсетілген шынайы достық сезімі ретінде
қабыл алды. Жер сілкісінен зардап шеккен Дегирмендере елді мекенінің
тұрғындары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің
құтқарушылар тобына арнайы алғыстарын білдірді [8,16-17б].
Екі жақты Қазақ-Түрік қатнастырының маңызды бағыттарының бірі әскери
және әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық болып табылады. Бұл саладағы
байланыстар айтарлықтай дәрежеде дамып келеді. 2006 жылы 25 тамызда
Анкарада Түркия Республикасының Қарулы Күштері Бас Штабы мен Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштері Бас Штабы мен Қазақстан Республикасының
қорғаныс министрлігі арасындағы Түркия Қазақстан Қарулы Күштеріне 2006 жылы
бөлінетін әскери көмек туралы кезекті Атқару хаттамасы қабылданды. 2007
жылы 13-15 маусымда Түркия Республикасының Бас Штабының бастығы Х.Өзкөктің
Қазақстанға ресми сапары өтті. Сапар барысында тараптар әскери саладағы
ынтымақтастықты одан әрі тереңдетумен қатар, қорғаныс өнеркәсібі саласында
бірлесе отырып іс-қимыл жасау жөнінде уағдаласты [51,196-197б].
Түркия Республикасының Қарулы Күштер Бас Штабының мәліметтеріне
сәйкес, бүгінгі күнге дейін Түркия әскери жоғарғы оқу орындарында Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштері үшін 86 офицер дайындалып, Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштерінің екі офицері Түркия Республикасының Қарулы
Күштерінің құрлық әскери Академиясында білімдерін жетілдірді. Қазіргі кезде
қазақстандық 41 курсант Түркия Республикасының әскери оқу орындарында білім
алуын жалғастыруда. 2006-2007 оқу жылына Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштері үшін Түрркия Республикасы әскери оқу орындарында тағы да 7 орын
бөлінген. Бұған қоса, жыл сайын Түркия Қарулы Күштерінің Бас Штабы
Қазақстан Республикасының Бас Штабына риясыз әскери көмек көрсетуде. Атап
айтқанда, 2006 жылға арналған риясыз көмектің мөлшері 750 мың АҚШ доллары
шамасын құрайды.

гуманитарлық саладағы іс әрекеттерімен дәлелденіп отыр.
Өйткені халықаралық дәрежеде бұл мемлекеттердің қарым қатнасы тек

мемлекеттер дәрежесіндегі қарым қатнас өрбіп отыр.
Өзінің осы ниетімен Түркия Орталық Азия мемлекеттеріне ағалық
көрсетіп, басшылық жасап, қолдап - көмектесіп, бұл аймақта Ресейге қарсы өз

мемлекеттермен есептеспеу мүмкін емес. Сонымен қатар АҚШ бұл елдерге ислам

бар бұл елдер үшін дамудың түріктік моделіне көшу анағұрлым тиімді
екендігін негіздеуге ұмтылуда.
Түркияның Орталық Азия аймағындағы мемлекеттермен ынтымақтастығының
айқын көрінісі түркі тілдес мелекет басшыларының жоғары дәрежелі
кездесулерін саммит ұйымдастыру процесінен байқалып отыр. Бұл бағыттағы
Түркия мемлекетінің жүргізіп отырған саясаты қайтседе аймақтағы Ресей
мемлекетінің рөліне шектеу жасау ниетінен туындағаны белгілі. Бұл бір
жағынан, екіншіден Түркия мемлекеті шынында да тәуелсіздігін алған
мемлекеттердің дамудың тиімді жолын таңдап алып, дүниежүзілік даму үрдісіне
дәйекті қосылуына қолдау жасауынан туындауда.
1994 жылғы 30-31 қазан аралығындағы Анкарадағы жоғары дәрежелі
кездесу байланыстарды одан әрі нығайтуға жасалған ірі қадам болды.
Мемлекет басшылыры тілінің, мәдениетінің, тарихының жалпы бірдей
екендігін негізге ала отырып, халықаралық және аймақтық дәрежеде байланысты
нығайтудың мәселелері жөнінде пікірлесті. Бұл кездесудің Ресейді де, басқа
мемлекеттерді де алаңдатып тастағанына қарамастан, нәтижесі сапалы
аяқталды.
Қабылдаған Анкара мәлімдемесінде мемлекет басшылыры бұдан былай
байланыстың барлық сфералары бойынша ынтымақтастықты нығайтып, түркі
өркениетін дамытуға мүдделіліктерін білдірді [52,413-416б].
Кездесуде мемлекет басшылары аймақтық дәрежеде кикілжіңдер мен даулы
мәселелерді өзара келісе отырып бейбіт шешімдермен реттеуде бірін бірі
қолдай саясатын басшылыққа алуды негіздеді.
Ежелден дипломатиялық қатнас орнамаса да, халықтарды экономикалық
мүдде тұрғыдан жақындастыратын сауданың маңызы ескеріліп, оның аймақтық
дәрежеде қолайлы негізде дамытуды жан жақты қолдау көрсету ойластырылды.
Ортақ тарих, ортақ мәдениет негіздерін үндестіре дамытуда жеке
мекемелердің, университеттердің, мәдениет ассоциацияларының тәжірибе
алмасуын ұйымдастырып, мәдениеттің жалпы көріністерінің жаңғыруына қолдау
беріп туралы келісілді.
1996 жылғы18-19 қазан аралығында Стамбул қаласында өткен екінші
кездесуде негізінен аймақ мемлекеттерінің халықаралық ұйымдар шеңберіндегі,
әсіресе БҰҰ құрамында, бейбіт принцип негіздерін басшылыққа ала отырып, бір
біріне қолдау жасау мәселесі қарастырылды. Армения мен Әзербайжан
арасындағы қақтығыс, Тәжікстан мен Ауғаныстан арасындағы проблемалар барлық
елдердің пікірлесуі арқасында бейбіт шешімдерін табуға мүмкіндік беру
керектігі айтылды .
Бұл мәжілістің мақсатының бірі түркі тілдес мемлекеттердің Анкара
кездесуінен кейінгі кезеңдегі байланыстарының нәтижесін қорытындылау және
экономикалық саяси дамудағы қатнастардың жалпы стратегиясын белгілеу болды.
Осының өзі Түркия мемлекетінің қайтсе де аймақтағы өзінің басшылық
рөлін тағы айқындатып тастады. Түркия Президенті С.Демирел кездесудің
мәжілісін аша отырып, тәуелсіздікте өткен үш жыл ішінде Қазақстан, Орталық
Азия мемлекеттерінің ынтымақтастығы өзара келісімдер негізінде қалыптасып,
олардың Түркиямен саяси, экономикалық және мәдени байланыстарының ауқымы
арта түскендігін атап өтті [24,12-14б].
Түрік бизнесмендері Орталық Азия мемлекеттерінде осы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz