Жалпы жаза ұғымы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

1. Жалпы жаза ұғымы

Негізгі бөлім

1. Алғашқы мемлекеттердің пайда болуы кезіндегі жазаның дамуы тарихы

2. Ортағасырдағы мемлекеттердегі негізгі жазаның дамуы

3. Жаңа кезеңдегі мемлекеттердегі қылмыстық жаза.

4. Қазақ хандығындағы жаза және оның даму барысы.

5. Кеңес заманындағы қылмыстық құқықтағы жаза мәселелері.

6. Қазіргі кездегі АҚШ, Германия, Франция қылмыстық құқығы бойынша жаза

Қорытынды

1. Қазақстан Республикасындағы жаза мәселесі және маңызы

Кіріспе.

1. Жалпы жаза ұғымы

Қылмыстық жаза - заңмен белгіленген және қылмыс жасаған тұлғаға қатысты қолданылатын мемлекеттік күштеу шарасы. Жаза қылмыстық әрекетке тиісті қолданылады және оның қоғамдық қауіптілігіне және ауырлығына сәйкес болуы керек. Қылмыстық жаза қылмыстың қылмыстық-құқықтық задаптары және қылмыспен күресудегі қажетті құқықтық құралдардың бірі ретінде танылады.

Қылмыстық жаза адам және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, ұйымдардың меншігін, құқықта-ры мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, мемлекеттердің конституциялық құрылысын және аумақтық тұтастығын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің басқа да заңмен қорғалатын мүдделерін түрлі қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау үшін қызмет етеді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіның 38-бабында жаза ұғымына мынадай анықтама берілген: «Жаза дегеніміз - соттың үкімімен тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауда кінәлі деп танылған адамға қатыс-ты қолданылады және Кодексте көзделген осы адамның құқықтары мен бостандықтарын айыру немесе шектеу болып табылады».

Жаза, мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табыла келе, қылмыс жасаған адамға тек соттың үкімі негізінде ғана тағайындалуы мүмкін. Мұндай жағдайда үкім Қазақстан Республика-сының атынан шығарылады. Заңды күшіне енген соттың үкімі барлық ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер, сондай-ақ азаматтар үшін міндетті және Қазақстан аумағында тікелей орындалуы тиіс. Сонымен қатар, жаза-ны орындау мемлекеттің күшімен қамтамасыз етіледі.

Үкімде тағайындалған жаза қатаң жеке сипатқа ие, яғни қылмыс жасаған тұлғаға нақты қатысты қолданылады, басқа тұлғаларға таралмайды. Мемлекет жаза тағайындау жолымен қылмыскерді қоғам алдындағы кінәсін жууға міндеттейді және қылмыс жасаған тұлғаны белгілі бір заңды мойынұсыну мінез-құлқына мәжбурлейді. Жаза қылмыскерді белгілі бір құқығынан айырады, қасірет әкеледі. Олар куштеу, моральдық және материалдық сипатта болуы мумкін.

Жазалаудың сазайын тарттырушылық элементтері жазаның қорқыту секілді қасиетін сипаттайды. Сазайын жазаның ауырлығының дәрежесін көрсетеді. Жазалаудың сазайын тарттыру, куштеу силаттары неғұрлым интенсивті болса, жаза соғұрлым ауыр болады. Өз кезегінде, тағайындалатын жазаның ауырлығы жасалған қалмыстың сипатына және ауырлық дәрежесіне, қылмыскердің жеке тұлғасына және істің басқа жағдайларына тәуелді болады.

Осылайша, жазаның міндетті қасиеті болып оның сазайын тарттырушылық табылады, оны жазаның куштеу жағы деп, яғни заңмен көзделген құқықтарынан айыру мен сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуді қолдану деп қарастыру қажет. Сонымен бірге, қылмыстық жаза жан азабын тарттыру, қасіреттер келтіру мен адамның қадірқасиетін қорлау мақсатына ие болмайды. 1

Жазалауға жағымсыз құқықтық және моральдық зардаптарға әкелетін соттылық секілді қасиет тән болады. Егер тұлға жаңа қылмыс жасаса, бірінші қьілмыс үшін сотталғандықтың болуы қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретінде бағаланады.

Жазаны өзге де мемлекеттік мәжбүрлеу шараларынан ерекшелендіретін белгісі ретінде жазалау барысында сотпен қылмыскерге және ол жасаған әрекетке тек құқықтық емес, моральдық та жағымсыз бағалау берілетіндігінен тануға болады . Сол себепті, жаза қылмыс жасаған тұлғаға мемлекеттің атынан берілген жағымсыз баға болып табылады. Сондай-ақ, жазаны орындау жаза мемлекеттің мәжбүрлік күшімен қамтамасыз етіледі.

Сонымен, қылмыстық жаза дегеніміз - қылмыстық заңмен бел-гіленген, қылмыс жасауда кінәлі тұлғаға сотпен қолданылатын, сазайын тарттыру қасиетіне ие және қылмыс жасаған адамға мемлекеттің көзқарасын сипаттайтын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

Негізгі бөлім.

1. Алғашқы мемлекеттердегі жазаның даму тарихы

Ежелгі Вавилон мемлекеті Тигр мен Ефрат өзенінің аралығында б. з. д II- III ғасырлардағы ең ауқатты күшті дамыған мемлекеттің бірі болатын. Вавилон- аморит патшалығы сол кездерде б. з. д 1792- 1750жылдары Хамурапи патшаның тұсында өзінің гүлдену шағына жетті. Хамурапи заманында Вавилонда ертедегі шығысқа тән қалыптасты. Ел басқару ісі қатаң тәртіпте бір орталыққа бағынды және бүкіл жоғарғы билік заң шығарушы, орындаушы, сот және діни биліктің барлығы патшаның қолында жинақталды.

Ежелгі Вавилон құқығының маңызды ескерткіштерінің бірі болып Хамурапи патшаның заңдар жинағы деп есептеледі. Заң жинағы 282 баптан тұрады. Қылмыс пен жаза, Хамурапи заңдарында қылмыстық - құқықтық жауапкершіліктің басты принциптерін орнықтыратын жалпы ережелер жоқ. Заң бірдей қылмыс жасағаны үшін адамдарға жазаны олардың табына, әлеуметтік тобына қарап тағайындады. Хамурапи заңдары тек қоғамның дәстүрімен кек алу белгілері байқалатын әртүрлі жазалар да тағайындалды. 2

Өлім жазасы өртеп жіберу, суға батыру, шанышқыға отырғызу, тірідей көму сияқты жантүршігерлік түрде қолданды. Вавилонда, сондай ақ тілін, қолын, саусақтарын, құлағын кесіп алу, көзін зақымдау және басқа денеге таңба түсіретіндей жазалар да белгіленді.

Заңда қылмыстық құқық өте қатал қаралған. Қылмыстық құқықтың санкциясында « қанға қан, жанға жан »-дейтін идея жатыр. Осы принципті Хамурапи заңдарында барынша тежеуге тырысты. Жазалар көбіне «талион» принципіне негізделген. Мысалға, 200- бапта «Біреудің тісін сындырған адамның да тісін сындыру керек» делінген. Кейбір жағдайларда талион принципі тек символикалық түрде ғана байқалады. Сәтсіз операция жасаған дәрігерге саусақтарын шауып алу қаупі төнген, нәрестені аштан өлтірген емізуші әйелдің көкірегін кесіп тастаған. Хамурапи заңында түрлі жазаларды көреміз: өлім жазасы, дене жарақаты, үйінен немесе туған жерінен қуу, дүре салу, ақшалай айып, қызметінен босату және т. б

Заң өлім жазасын 30 жағдайда кесе алды. Өлтіру жазасы: кінәләнә өртеу, суға батыру, дарға асу арқылы жүзеге асырылды. Сонымен талион принципі бойынша «символдық» ретінде қылмыс істеген мүше жазасын алатын. 3

Ежелгі қиыр Шығыс мемлекеті Қытай мемлекеті тарихы 4 кезеңге бөлінген:

  1. Шань, 2. Чжоу дәуірі, 3. Цин дәуірі, 4. Хань дәуірі.

Чжоу дәуіріндегі құқық бойынша Қытайдағы Қылмыстық кодексті аты аңызға айналған МУ патша шығарған деп есептеледі. Оның құрамына қылмыстық құқықтар жинағын құрайтын 3000 қылмыстық шешім кіретін. Жазалау жүйесі жеткілікті дамыған еді. Маңызды қылмыстарға тағылатын жазалар ерекше болатын: өлім жазасы, еркектерді кестіру немесе әйелдерді қамап қою, аяқты кесіп тастау, мұрын кесу, татуйровка түріндегі қорлық таңба салу. Бұл жазалардың барлығы патшаға тіл тигізгені үшін қолданылатын. Қылмыстар кездейсоқ және қасақана деп екіге бөлінді. Жоғарғы судья өлім жазасына тартылаатын қылмыстарды қарастырып, төменгі инстанция соттары қалған істерді қарайтын еді. 4

Ежелгі Үндістандағы Қылмыс пен жаза Ману заңдарында қасақана қылмыс пен абайсызда, алғаш рет қылмыс жасау ауыр қылмыс пен онң жеңіл түрінің айырмашылығы көрсетілген. Жинақ шыққан ежелгі кезеңде құқықтық мәдениеттің жоғары дәрежеге жеткендігі байқалады. Қылмысты түрлерге бөліп қарастырған:

  1. Мемлекетке қарсы жасалған қылмыстар- өлім жазасы;
  2. Жеке адамға жасалған қылмыстар- брахманға жасалған қылмыс өлім жазасы, брахманды қай жерімен ұрса сол жері кесілуі тиіс болатын;
  3. Ар -ожданға жасалған қылмыстар- айып төлеу;
  4. Меншікке қарсы қылмыстар-ұрлық, түнде жасалса үшкір нәрсеге отырғызып қойды, басқа жағдайларда айып төленді; Жасалуына байланысты ұрлықты 1 рет жасаса 2 саусағын, 2 рет жасаса қолын, 3 рет жасаса өлім жазасы тағайындалған
  5. Отбасына қарсы қылмыстар- түрмеге жабу, суға батырып, кандалаға талатып өлтіру, жоғары тұрған әйелге бару өлім жазасы;

Ежелгі Үндістанда қылмыскерлердің мүлкін тәркілеумен бірге жүргізілетін. Қылмыскерді жұртшылық көру үшін түрмені үлкен жолдардың бойына салатын;

Ману заңдарында “ жаза бүкіл адамды билейді, жаза қорғайды, ол өзгелер ұйқтап жатқанда сергектік танытып, ояу болады”(VII, 18 бап) 5

Ежелгі Грециядағы біздің дәуірімізге шейін 621 жылы Афинде архонт Драконт жазған құқық нормалары халыққа жарияланды. Ол тарихқа «драконт заңдары» деген атпен енді де, кейн ол жалпы шектен тыс қатал заңдардың теңеу болып кетті.

Драконт заңдардың шектен тыс қаталдығы алдымен ұрлық үшін берілетін жазаға қатысты болд. Қандай да болмасын ұрлық жасаған адам өлім жазасына тартылатын. 6

Рим Құқығы. Римдіктер әлемді 3 рет жаулап алды: бірінші рет легиондармен, екінші рет хрестиан дінімен, үшінші рет құқығымен. «Жазылып қойған сана» деп аталатын Римдік құқықтың классикалық түрін Батыс Еуропада көп феодалдық мемлекеттерде қолданылатын. Ол көп мемлекеттердің құқық жүйесінің негізін қалады. Бұл құқық жүйесі континенталды және романдық- германдық құқық жүйесі деп аталады.

Қылмыс құқығы оның жасалуына қарай ерекшеленген. Ұрлық жасағандар, үйді өртегендер, егін, мал ұрлаған қылмыскерлер өлім жазасына кесілді. Түнде ұрлық істеген адамды ең алдымен ұрады, содан кейін жәбірленушіге құқық беріледі.

Деликт (жеке құқык бұзушылык) - кұкық бұзушылық, бұл бойынша жеке азаматтардың мүліктік және мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына заңсыз іс-әрекеттермен келтірілген зиянды, оны келтірген тұлға толык көлемінде өтеуге тиіс бол-ған.

Жеке деликт 3 элементтен кұралған:

1) бір тұлғаның баска тұлғаға келтірген объективтік зияны; 2) заңсыз іс-әрекет жасаушы тұлғаның кінәсі (касақана немесе абайсызда) ; 3) зан. ның мұндай әрекеттерді заңсыз деп тануы . Негізгі деликтілер - жеке жәбір, үрлык, бөтен адамның мүлкін заңсыз бүлдіру, корқыту, алаяқтык. 7

:
:
ДЕЛИКТ ТҮРЛЕРІ: ДЕЛИКТ ТҮРЛЕРІ
:
:
:
:
ДЕЛИКТ ТҮРЛЕРІ:
:
: ■"
:
ДЕЛИКТ ТҮРЛЕРІ: V
:

Жария деликт

(құқыққа қарсы, әрі мемле-кет мүддесіне қарсы әрекет-тер, яғни кылмыс. Мемлекет тарапынан жазалау шарала-ры колданылған)

:

Жеке деликт

- жеке жәбір;

- ұрлық;

- алаяқтык;

- бәтеннің затын бүлдіру;

- қоркыту;

Деликттер- адамды ұру, тіл тигізу, дене мүшесін зақымдаушылық. Адамдарды түн ішінде жинау, жауды Римге соғыс ашу үшін дайындалу, сот қызметкерлерінің пара алуы, қоғамдық тәртіпті бұзу мемлекетке қарсы жасалған қылмыстарға жатады.

Франк мемлекетіндегі негізгі жазаның ерекшелігін айта кететін болсақ, жазаның негізгі мақсаты жәбірленуші адамға және оның туысқандарына жәбіршілеуден зиянын өтеу және корольдің тыныштығын бұзғаны үшін айып төлету болы.

Шешім шығарып, жаза қолдану үшін «сумен сынап көру, қайнаған сумен сынап көру, отпен сынап көру» әдіс тәсілдері қолданған.

Франция мемлекетіндегі қылмыс пен жаза негізгі ерекшеліктері ол-

1. Ең ауыр қылмыстар, оны жасаған адам өлім жазасына тартылады. Бұндай қылмыстарға адам өлтіру, зорлау \, өртеу, ұрлық, діни қылмыстар, өтірік ақша шығару.

2. Жеңіл қылмыстар, оларға өлім жазасы қолданылмайды. Жаза түрлері тек қана тәркілеу мен түрмеге қамау болатын.

3. Дінге қарсы қылмыстар.

4. Мемлекетке қарсы қылмыстар- корольге және оның отбасына қарсы істелген қылмыстар.

Жеке адамдарға істелген қылмыстар, Ауыр жазалар өлім жазасы, өмірлік жер аудару, өмірбойлық каторга жұмысына жіберу. Екінші түріне дене мушелерін зақымдау болып табылады. Жазалардың үшінші түрі түрмеге қамау, бұдан кейін масқаралау жазалары. 8

Феодалдық қоғамдағы Англия мемлекетіндегі қарым- қатынастар құрыла бастағанда қылмыстық құқық ежелгі ағылшын-сакстердің әдет ғұрпынан шығатын. Қылмыс корольге зиян алып келген іс деп түсіндірілетін. Қылмыс корольге, басқа жеке адамдарға зиян келтірді ме, жоқ па оның үлкен айырмашылығы жоқ, ол бәрі бі корольге қарсы істелген іс. Жаза кесілетін принцип- талион: Көзге көз, тіске тіс дегендей. Одан басқа кек алу, айыппұл төлеу түрлері болған. 9

Негізгі сол кездердегі мемлекеттің жақсы дамыған қылмыстық құқыққа байланысты осындай жазалардың түрлері бар.

2. Ортағасырдағы мемлекеттердегі негізгі жаза дамуы.

Орта ғасырлардағы Германияның құқығы өте шиеленіскен, күрделі жағдайда ыдырады. Германияның әрбір ұсақ мемлекетінің өзінің құқықтары болатын. Жалпы жүйелеу жұмыстары XIII ғасырда ғана басталды.

Әдеттік құқық 3-ке бөлінетін: феодалдардың, шаруалардың және қалалардың құққықтары. Бұл үш жүйе шиеленісте ьолғаннан кейін сот қызметкерлері рим құқығын жиі қолданылатын. Шаруалардың ұлы соғысынан кейін 1532 жылы Германияның рейхстагы «Королина» деген заң жинағын шығарды. Онда 219 бап бар, олардың 142 бабы қылмыстық процестерден, қалғаны қылмыстық нормалардан тұрады. Королина феодалдық қылмыстық құжаттардың ең таңдаулыларына жатады. Королинада қастық пен қауіпсіздік, қылмысты ауырлататаын және жеңілдететін жағдайлар, аяқталмаған қылмыс және аяқталған қылмыс, қылмысқа бірге қатысу туралы түсініктер туралы толық айтылған. Қылмыстардың бәрі бірнеше топқа бөлінеді: шіркеуге, мемлекетке, жеке меншікке және адамдарға қарсы қылмыстар. Бірақ Королинаның ең ауыры баптар болатын жазалар туралы, жазалардың мақсаты- халықты қорқытып ұстау.

Бұл заң жинағында өлім жазасы туралы көп айтылған және өлім жазасының ауыртүрлері көп еді. Жазалардың түрлері: өлім жазасы, дене мүшесін жаралау жазасы, ұрыны бірнеше құқықтан айыру, темір қарғыны мойнына кигізіп, жұрттың көзінше ұстау, масқаралау, түрмеде ұстау, зиянын төлету, айыппұл және басқа да жазалар, Өлім жазасы- өртеу, дөңгелекке салып өлтіру, асып өлтіру, суға салып өлтіру, тірідей көміп өлтіру. Осы жазаларға қосымша жазалар: мүлікті тәркілеу, өлтірудің алдында ыстық темірмен сынау, өлтіру орнына сүйрелеп апару. Тағы да сондай жазалардың түрлері. 10

Сербияның құқығы өздерінің ежелгі әдеттерінен, Византияның құқықтық нормаларынан, шіркеудің заңдарынан тұрады. Бірақ оның ең маңызды құжаты Стефан Душанның қабылдаған заң жинағы. Бұл құқықтық мұра 200 баптан тұрады. Қылмыстық құқық бойынша Қылмыс- патшаның бейбітшілігін бұзған іс. Жаза- сол істеген қылмысқа тиісті құн. Кінәнің екі салдары бар: байқаусыздық және жаман ниетпен жасалған қылмыстар. Бұл заңдылықта сынау туралы өте аз айтылғанболатын. Сынауды темірмен өткізеді. Темірді қолға ұстап жүру керек. Жаза кесілуінде кейбір рулық қалдықтар байқалады. 11

3. Жаңа кезеңдегі мемлекеттердегі қылмыстық жаза.

АҚШ алғашқы мемлекеттік тәуелсіздігі қарсаңында қылмыстық құқыққа көп мән бере алмады. 13 одақтық колониялар бірігіп Декларация, 1787 жылғы Конституциясын қабылдау, құқық туралы Биль сияқты заңдардың қабылдануы негізгі құқықтарға қайнар көз болып табылды. Конституция бойынша қылмысқа қатысты ешнәрсе айтылмаған, бірақ ол Құқық туралы Бильде негізгі көрінісін тапты. Нақты жазалар көрсетілмегеніиен қылмыс туралы жазылып кеткен. Қылмыстар- мемлекетке қарсы, жеке адамға қарсы, меншікке қарсы, дінге қарсы қылмыстар болып бөлінген. 12

XIX ғасырларда Франциядағы қылмыстық құқық 1810 жылғы қабылданған Қылмыстық кодекспен реттелінді. Бұл кодекс бойынша жазаның нақты түрлері көрсетілген, мысалы, азаптаушы жазалар мен масқаралаушы жазалар:

1) өлім; 2) өмір бойы каторгалық жұмысқа жіберу; 3) жер аудару; 4) мерзімді каторгалық жұмысы; 5) таңбалау және дүние мүлкін тәркілеу;

Масқаралау жазасына: 1) масқаралау діңгегіне мойнына қарғы салып шығарып қою; 2) қуғын сүргінге ұшырату; 3) азаматтық қуғындауға ұшырату;

Түзету шарасына: 1) бір мезгілге түзету орындарына қамау; 2) саяси, азаматтық немесе отбасылық құқын уақытша тоқтату; 3) айыппұл;

Франциядағы қылмыстық кодекс бойынша жазалау шаралары жария түрде өткізіледі. Мыс. 1-Тарау, 12 бап: Әрбір өлімге кесілгеннің басы кесіледі; 26-бап: Өлім жазасының үкімі айыптау үкімінде көрсетілген жұрт алдындағы алаңда орындалады; 13

Осындай жазалардың дамуы негізгі адамға тәрбиелік - тәртіптік тәрбие береді. Сондай- ақ қылмыстық жазалардың тағайындалуы дерлік барлық мемлекеттерде ұқсастығын көрсетеді. Мыс, ең ауыр жаза өлім жазасымен теңестірілуі. Бұл дүние жүзінің жаза тағайындалу мәселесі мемлекеттің пайда болу тарихымен байланысты.

4. Қазақ хандығындағы жаза және оның даму барысы.

XV ғасырдағы Көшпелі өзбек мемлекетінен бөлініп шыққан Қазақтардың өз алдында дербес мемлекет құруы негізгі заңдарын бекітуге тура келді. Қазақ хандығында қылмыстық құқық бойынша жаза тағайындау бұған дейінгі мемлекеттердің жазалары тағайындалған болатын. Мыс, Шыңғыс ханның « Яса» заңы бойынша жазалау шаралары, көбінесе әскерге байланысты қолданылды. Сол сияқты, қазақтардың құқықтық жүйесін әдет-ғұрып құқығы құрады. Бұл жүйе адат деп аталынған болатын. Әдет - ғұрып нормалары қоғамның барлық жақтарын реттеп отырды. «Адат» өте ерте кезден бастап көптеген өзгерістер мен толықтырулармен қазақ қоғамындағы негізгі реттеуші нормалар ретінде 1917 жылға дейін созылады. 14

Қазақтың әдет- ғұрып құқығы мынадай бастаулар негізінде қалыптасты: а) әдет-ғұрыпиар- адат; б) билер сотының практикасы; в) билер съездерінің ережелері; г) шариғат нормалары.

Қазақ хандары әдет-ғұрып құқығының нормаларын жүйелеп жетілдіріп, қоғамның талаптарына орай өзгерістерге ұшыратып, оларға ресми сипат беріп отырды. Қасым ханның (1510-1523) кезіндегі «Қасым ханның қасқа жолы», Есім ханның (1598-1628) кезіндегі «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның (1680-1718) кезіндегі «Жеті жарғы» атты заңдар жинағы белгілі. Әдет ғұрып заңдарын алғашқы жүйелеуші Қасым хан болды. Оның заңдары 5 бөлімнен тұрды. 1-ші бөлім- мүліктік және жер қатынастарын реттеуші нормалардан тұрды. 2-ші бөлім- қылмыс пен жазаға қатысты құқық нормаларын жинақтады. 3-ші бөлім- әскери міндеттілік және оны орындау, сондай ақ әскери тәртіпті бұзғандағы жазаларға байланысты құқықтық нормаларды қарастырды. 4-ші бөлім- елшілік жораларға байланысты нормалар. 5- ші бөлім қайтыс болғандарды жерлеу, еске алу т. с. с рәсімдерге арналады. Қасым ханнан соң шамамен 100 жылдан кейін әдет-ғұрып құқықтары Есім ханның тұсында қайта жүйеленді. Қалмақтармен соғыстардың күшейуіне байланысты Есім хан әскери міндеткерлікті күшейтіп, әскери тәртіпті бұзғаны үшін жазаларды қатайтты. Қасым ханның қасқа жолында да, Есім ханның ескі жолында да жаза қолданудың нгізгі принципі болып « қанға қан, жанға жан» болып табылған. Есім ханнан соң Тәуке хан шамамен 80-90 жылдан соң дала заңдарына өзгертулер мен тоқтатулар енгізіп оны «Жеті жарғы» деп атады. Жеті жарғының толық нұсқасы 1832 жылы Санкт- Петрбургте жарық көрген А. Левшиннің кітабында жазылған. А. Левшиннің кітабы бойынша «Жеті жарғыдағы» мынадай жаза тағайындалу негіздері көрсетілген:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Қaзaқстaнның қылмыстық құқығының бaстayлapы (қaйнap көздepі)
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар.
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыстық жауапкершіліктің түсінігі, негізі және жүзеге асыру нысандары
Қылмыстық құқықтың ұғымы
Қылмыстық құқықтың теориялық аспектілері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Қылмыстық құқық жайлы мәлімет
Әкімшілік жазалардың түрлері
Қылмыстық құқық бұзушылық ұғымы және белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz