Кәсіпорынның қаржылық жағдайы (ҚазМұнайГаз)



КІРІСПЕ 3

І.КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ӘДІСТЕРІ 4
1.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын өндіріс тиімділігін талдаудың
мақсаты мен міндеттері 4
1.2 . Қаржылық жағдайды талдау әдістері 7
1.3. Кәсіпорында қаржыны басқару жүйесі 10

ІІ.«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» БАРЛАУ ӨНДІРУ АКЦИОНЕРЛІК
ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН
ТАЛДАУ 14
2.1. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру акционерлік қоғамының
шаруашылық қызметінің сипаты 14
2.2. Кәсіпорынның активтерінің жағдайын және
қаржылық тұрақтылығын талдау 19
2.3. Кәсіпорын активтерінің тиімділігін талдау 26

ІІІ.«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» БАРЛАУ ӨНДІРУ АКЦИОНЕРЛІК
ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ 30
3.1. Кәсіпорын қызметін дамыту барысында жүзеге асырылатын
жобалардың негізгі бағыттары 30
3.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту жолдары 34

ҚОРЫТЫНДЫ 37

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 39

ҚОСЫМШАЛАР 40
Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорындарға өндірістің тиімділігін арттыруын, өнімнің және қызмет көрсетудің ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін еңгізуді және өндірісті басқарудың бәсекелесу қабілеттілігін талап етеді.
Маманды экономист, қаражаттаушы бухгалтер мен аудитор нарықтық қатынастарға өту жағдайындағы экономикалық даму тенденциялары мен жалпы заңдылықтарын ғана жақсы біліп қоймай өзінің кәсіпорынының тәжірибесіндегі жалпы, арнайы және жеке экономикалық заңдарды толық түсінуі, өндірістің тиімділігін көтеретін мүмкіншіліктер мен тенденциялары дер мезгіліне байқауы керек.
Экономикада қаржылық өндіріс тиімділігін талдаудың мәні өте зор: кәсіпорындардың қаржылық жағдайын өндіріс тиімділігін талдаудың маңызды түсініктемелері мен көрсеткіштеріне, мүліктік жағдайын білмей, қанша табыс және шығын бар екенін білмей және өндірістің қаражаттық тұрақтылығын, төлеу қабіліттілігін, іскерлік-белсенділігін және тиімділігін бағалауға арналған. Бұлардың бәрі керек жағдай. Әсіресе қазір біз жоспарлы жүйеден нарықтық қатынастарға көшкен кезде. Нарықтық экономикада қорлардың жатып, шіріп қалуын келтірмеу керек.
Нарықтық қатынастар кезінде кәсіпорындар өз-өзімен шаруашылық субъект болып, мәселелерін өзі шешуге мүмкіншілігі бар. Бұл мәселелердің ішінде сыртқы және ішкі нарықта өздеріне жақсы әріптестерді таңдау. Нарықтық экономикада кәсіпорын өз (жұмыстарын) қызметтерін дұрыс және қатесіз жүргізсе, оның жұмысының нәтижесінде тиімді болуы тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, шаруашылық субъектісінің қызметінің тиімділігі, басқарушылардың объективтілігі оперативтілігімен, мәселелерді шешуінің дұрыстылығымен көрсетіледі.
Нарықтық жағдайда кәсіпорынның өмір сүруі және нарықта тұрақтылығы қаржы тұрақтылығына тәуелді. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның қаржы қорларының жағдайын көрсетіп, ақша қаражаттарын маневрлендіріп және тиімді қолданып өнім сату және өндіріс процесстің үзіліссіздігін қамтамасыздандырады.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру акционерлік қоғамы алынды. Осы жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын өндіріс тиімділігін талдаудың мәні, мақсаты, әдістері және басқару жүйесі қарастырылса, екінші бөлімде «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру акционерлік қоғамының қаржы - шаруашылық қызметі талданды. Ал жұмыстың соңғы бөлімінде осы акционерлік қоғамның қаржы тұрақтылығын жетілдіру жолдары қарастырылған.
1. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиев Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Алматы, 2005 ж.
2. Бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы заң Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша 24.06.04ж. № 298-11 қабылданған.
3. Закон РК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 24 июня 2006 г. № 329-II.
4. Дюсенбаев К.Ш., Егембердиева А.К., Дюсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности. Алматы, Экономика, 2002 г.
5. Артеменко В.Г., Беллендир М.В. Финансовый анализ. М.: ДИС, 2002.
6. Бараненкова С.А. Управленческий анализ. Москва. Финансы и статистика, 2007 г.
7. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъек¬та; Учебн. пособие. - М.: Финансы и статистика, 2005 г.
8. Бирман Г., Шмидт С. Экономический анализ инвестиционных проектов. М.: Банки и биржи ИО «ЮНИТИ», 2002г.
9. “Библиотека бухгалтера и предпринимателя” №7, 2002 г.
10. Герстнер П. Анализ баланса: Пер- с нем./Под ред. Н.Г.Филимонова. М.: Экономическая жизнь, 2004г.
11. Грачев А.В., Анализ и управление финансовой устойчивостью предприятия. Москва, Изд. Финпресс, 2007 г.
12. Ефимова О.В., Финансовый анализ. Москва. Изд.Бухучет, 2007г.
13. Ержанов М.С. Теория и практика аудита. – Алматы: Гылым, 2006 г.
14. Ковалев В.В., Финансовый анализ, методы и процедуры. Москва, Финансы и статистика 2007 г.
15. Крейнина М.Н. "Финансовое состояние предприятия. Методы оценки" - М.: ИКЦ "Дис".2002 г.
16. Маркарьян Э.А., Герасименко Г.П. Финансовый анализ - М.: «ПРИОР», 2004 г.
17. «Налогоплательщик», Концептуальные основы подготовки и предоставления финансовой отчетности, 8/2004/ август - Ержанов М.С., Даулетбаков Г.
18. Радостовец В.К. Финансовый и управленческий учет на предприятии. - Алматы: НАК «Центраудит», 2006 г.
19. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии, 2005 г.
20. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. Мн.: ООО “Новое знание”, 2005 г.
21. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Финансы предприятий. М.: ИНФРА-М, 2005 г.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3

І.КӘсіпорынның қаржылық жағдайын өндіріс тиімділігін талдаудың мазмұны
мен Әдістері
4

1.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын өндіріс тиімділігін талдаудың
мақсаты мен міндеттері
4
2. . Қаржылық жағдайды талдау әдістері
7
1.3. Кәсіпорында қаржыны басқару жүйесі
10

ІІ.ҚАЗМҰНАЙГАЗ БАРЛАУ ӨНДІРУ АКЦИОНЕРЛІК
ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН
ТАЛДАУ
14
2.1. ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру акционерлік қоғамының
шаруашылық қызметінің сипаты
14
2.2. Кәсіпорынның активтерінің жағдайын және
қаржылық тұрақтылығын талдау
19

2.3. Кәсіпорын активтерінің тиімділігін талдау
26

ІІІ.ҚазМұнайГаз БАРЛАУ ӨНДІРУ АКЦИОНЕРЛІК
ҚОҒАМЫНЫҢ қаржылық тұрақтылығын жетілдіру
жолдары
30
3.1. Кәсіпорын қызметін дамыту барысында жүзеге асырылатын
жобалардың негізгі бағыттары
30
3.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту жолдары
34

ҚОРЫТЫНДЫ
37

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
39

ҚОСЫМШАЛАР
40

КІРІСПЕ

Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорындарға өндірістің тиімділігін
арттыруын, өнімнің және қызмет көрсетудің ғылыми-техникалық прогресстің
жетістіктерін еңгізуді және өндірісті басқарудың бәсекелесу қабілеттілігін
талап етеді.
Маманды экономист, қаражаттаушы бухгалтер мен аудитор нарықтық
қатынастарға өту жағдайындағы экономикалық даму тенденциялары мен жалпы
заңдылықтарын ғана жақсы біліп қоймай өзінің кәсіпорынының тәжірибесіндегі
жалпы, арнайы және жеке экономикалық заңдарды толық түсінуі, өндірістің
тиімділігін көтеретін мүмкіншіліктер мен тенденциялары дер мезгіліне
байқауы керек.
Экономикада қаржылық өндіріс тиімділігін талдаудың мәні өте зор:
кәсіпорындардың қаржылық жағдайын өндіріс тиімділігін талдаудың маңызды
түсініктемелері мен көрсеткіштеріне, мүліктік жағдайын білмей, қанша табыс
және шығын бар екенін білмей және өндірістің қаражаттық тұрақтылығын, төлеу
қабіліттілігін, іскерлік-белсенділігін және тиімділігін бағалауға арналған.
Бұлардың бәрі керек жағдай. Әсіресе қазір біз жоспарлы жүйеден нарықтық
қатынастарға көшкен кезде. Нарықтық экономикада қорлардың жатып, шіріп
қалуын келтірмеу керек.
Нарықтық қатынастар кезінде кәсіпорындар өз-өзімен шаруашылық субъект
болып, мәселелерін өзі шешуге мүмкіншілігі бар. Бұл мәселелердің ішінде
сыртқы және ішкі нарықта өздеріне жақсы әріптестерді таңдау. Нарықтық
экономикада кәсіпорын өз (жұмыстарын) қызметтерін дұрыс және қатесіз
жүргізсе, оның жұмысының нәтижесінде тиімді болуы тиіс. Басқа сөзбен
айтқанда, шаруашылық субъектісінің қызметінің тиімділігі, басқарушылардың
объективтілігі оперативтілігімен, мәселелерді шешуінің дұрыстылығымен
көрсетіледі.
Нарықтық жағдайда кәсіпорынның өмір сүруі және нарықта тұрақтылығы
қаржы тұрақтылығына тәуелді. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның қаржы
қорларының жағдайын көрсетіп, ақша қаражаттарын маневрлендіріп және тиімді
қолданып өнім сату және өндіріс процесстің үзіліссіздігін
қамтамасыздандырады.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде ҚазМұнайГаз Барлау
Өндіру акционерлік қоғамы алынды. Осы жұмыстың бірінші бөлімінде
кәсіпорынның қаржылық жағдайын өндіріс тиімділігін талдаудың мәні, мақсаты,
әдістері және басқару жүйесі қарастырылса, екінші бөлімде ҚазМұнайГаз
Барлау Өндіру акционерлік қоғамының қаржы - шаруашылық қызметі талданды.
Ал жұмыстың соңғы бөлімінде осы акционерлік қоғамның қаржы тұрақтылығын
жетілдіру жолдары қарастырылған.

1. КӘсіпорынның қаржылық жағдайын өндіріс тиімділігін талдаудың мазмұны мен
Әдістері

1.1. КӘсіпорынның қаржылық жағдайын өндіріс тиімділігін талдаудың мақсаты
мен міндеттері

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
өндіріс тиімділігін талдаудың маңызы өте зор. Кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, қаржылық жағдай
дегеніміз не екенін анықтап көрейік.
Профессор А.Д. Шеремет Кәсіпорынның қаржы жағдайы қаржыны тарату,
пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен сипатталады деп жазса,
профессор Н.А. Русактың айтуы бойынша: Кәсіпорыннның қаржылық жағдайы
қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік,
коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарту және
пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілермен қаржылық қарым
қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады.
Кәсіпорынның уақытылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының
жақсылығын көрсетеді. Ал, профессор И.Т. Балабанов анықтамасы мынадай:
Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы – бұл оның қаржы бәсекелестік
қабілетінің сипаттамасын қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет
алдында және басқа да шаруашылық субъектілердің алдында өз міндеттемелерін
орындау
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін
жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек
анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бұл ұғымды біріңғай
көрсеткіштерге қарағанда қаржылық жағдайды түрлі көрсеткіштерді есептеу
әдісін қолдану арқылы анықтаған жөн.
Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру
қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика
жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі
барлығын куәландыруы тиіс.
Менің ойымша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін және оның
төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Жоғарыда берілген анықтамаларға сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай
анықтауды ұсынамыз:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін
болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай
отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы
кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы.
Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс шаруашылық қызметі
процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі
бөлігі болып табылады. Ал, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен
әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын
көрсетеді.
Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді өткізуден түсетін табыстың
тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен,
несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысулар
үшін жеткілікті дәрежеде болуы керек. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі
дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан
кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық – техникалық
базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға
мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс болуы қажет.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер
етеді. Оларды келесідей түрде жіктеуге болады:
1) пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы;
2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі
емес;
3) құрылысы бойынша – қарапайым және күрделі.
4) әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша .
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың
қаржылық жағдайын өндіріс тиімділігін талдаудың басты мақсаты келесілер
болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі
өзгерісі;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті,
оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы
міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- қаржы – есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық
борыш және қорлар есебі;
- баланстың тиімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және
төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалық көрсеткіштерін
анықтау;
- кәсіпорынның табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерің, сондай ақ олардың
деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа
мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Өндіріс тиімділігін талдаудың негізгі мақсаты - қаражаттың қызметтегі
кемшіліктерді дер мезгілінде анықтап, оларды жою, кәсіпорын қаражатының
жағдайын және төлеу қабілеттілігін жақсарту резервтерін табу. Бұл кезде
келесі міндеттерді орындау керек:
1) Өндірістік, саудалық және қаражаттық қызметтердің әр түрлі
көрсеткіштерінің арасындағы өзара себепті - салдарлы байланысты зерттеудің
негізінде қаржылық қорлардың кірісі бойынша жоспарды орындау мен оларды
кәсіпорын қаржылық жағдайын жақсарту үшін пайдалануды бағалау;
2) Шаруашылық қызметінің нақтылы жағдайлары мен меншікті және қарызға
алынған қорлардың бар болуынан, мүмкіндік қаражаттың нәтижелерді және
экономикалық рентабельділікті болжау. Қорларды пайдаланудың әртүрлі
варианттарында қаржылық жағдайдың моделдерін жасау.
3) Қаржылық қорларды тиімдірек қолдану және кәсіпорын қаржылық жағдайын
бекітуге бағытталған нақты шараларды қолдану.
Қаржылық жағдайды талдау, кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау 3
сатыны құрайды: жабдықтау, өндіріс және өткізу. Бұлардың жиынтығы
коммерциялық және өндірістік және қаржылық қызметті құрайды.
Менің ойымша, кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды оның қаржылық
тұрақтылығынан бастаған жөн және оған мынадай көрсеткіштерді талдау жатады:
- кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
- кәсіпорын активтерінің қалыптастыру көздерінің құрамдық және
құрылымдық динамикасын талдау;
- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы
көрсеткіштерін талдау;
- баланс тиімділігін талдау;
- кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және іскерлік белсенділігін
талдау;

1.2. Қаржылық жағдайды талдау Әдістері

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді
талдауды, ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық) талдау деп бөлуді қажет
етіп отыр. Өндіріс тиімділігін талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің
негізгі ақпараттық көздері бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар:
акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай ақ сақтандыру ұйымдары
мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы
және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін
қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын
қаржылық есеп беру.
Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін
динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі
жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін
жариялайды.
Есеп берудің екінші түрі – басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын
өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ
сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей
қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа
тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады.
Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу
орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін
сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады.
Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін
анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін
көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті
жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде
жүргізіледі.
Қаржылық өндіріс тиімділігін талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті
оқудың негізгі ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті
бөліп қарастыруға болады:
1. Көлденең талдау;
2. Тікелей талдау;
3. Трендтік талдау;
4. Салыстырмалы талдау;
5. Факторлық талдау;
6. Қаржылық коэффициенттерді талдау;
Көлденең (уақытша)талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен
кезеңмен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік
есептің түрлі баптарындағы абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын
анықтауға мүмкіндік береді.
Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге
тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің
құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немес оның өнімдері бойынша қорытынды
көрсеткіштердегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді.
Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы,
яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.
Тікелей және көлденең тауарлар бірін-бірі толықтырып отырады.
Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке
көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Трендтік талдау – барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл
деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуларын
есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп
позициясын бірқатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке
кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған
көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің
көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал
одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау – бұл фирмалардың, еншілес
фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша
есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай–ақ
берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы
экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен
салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.
Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың қорытынды көрсеткішке
тигізетін әсерін зерттеудің реттелмеген тәсілі көмегімен талдау.
Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның
құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы
қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол – кері (синтез) болуы мүмкін.
Қаржылық өндіріс тиімділігін талдаудың нарықтық экономика
жағдайындағы көбірек таралған өндіріс тиімділігін талдаудың түрі - қаржылық
коэффициенттерді талдау болып табылады.
Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу
кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке
қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың
жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген.
Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін
алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау
жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың
арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді өндіріс тиімділігін
талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады.
Бұл – қатынастарды өндіріс тиімділігін талдаудың ең қиын аспектісі,
себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын
білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар,
кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар.
Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткені, тек бір ғана
фактор үлкен әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі,
теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады.
Коэффициенттер (салыстырмалы көрсеткіштердің) талдауы дегеніміз - есеп
берудің жеке деректерінің арасындағы немесе әр түрлі есеп берудің деректері
арасындағы қатынастарды есептеу және көрсеткіштердің өзара байланыстарын
айқындау.
Баланстанудың негізгі қалаушыларының бірі - Н.А.Блатованың
топтастыруына сәйкес, қаржылық көрсеткіштердің салыстырмалы көрсеткіштері
бөлу және үйлестіру коэффициентіне бөлінеді. Бөлу коэффициенті қаржылық
жағдайдың абсолюттік көрсеткіші, қорытындының (абсолют көрсеткіштерінің
топтарын кіргізетін) қай бөлігін құрайтынын айқындау үшін пайдаланылады.
Бөлу коэффициенті және оның есеп беру жылындағы өзгерістері субъектінің
қаржылық жағдайымен алдын ала таныстыру жолында үлкен роль атқарады.
Үйлестіру коэффициенті қаржылық жағдайдың мәні бойынша әр түрлі абсолюттік
көрсеткіштерінің немесе олардың әр түрлі экономикалық маңызы бар
үйлесімдерінің арақатынастарын көрсету үшін пайдаланылады. Қаржылық
коэффициенттерді талдау - есеп беру жағына және бірнеше жылғы олардың
мәндерін базалық мөлшерлермен салыстыру және олардың динамикасын зерттеу.
Салыстыру базасы ретінде, теоретикалық негізделген немесе тәжірибелік сұрау
нәтижесінде алынған олардың оптималдық немесе престикалық мәндерін
сипаттайтын мөлшерлер бола алады.
Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, қаржылық талдауда
экономикалық, сондай–ақ экономикалық және математикалық статистиканың түрлі
тәсілдері қолданылады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз
кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды
туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің
үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз
етеді.

1.3. КӘсіпорында қаржыны басқару жүйесі

Кез – келген бизнес келесі үш өзекті сұрақтың қойылуы мен
жауаптарынан басталады:
Кәсіпорын алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге жетуге мүмкіндік
беретін, кәсіпорын активтерінің оптималды құрамы мен шамасы қандай болуы
керек?;
Қаржыландыру көздерін қайдан табу керек және олардың оптималды құрамы
қандай болуы керек?;
Кәсіпорынға төлемдік қабілет пен қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін,
қаржы қызметін ағымды және келешекте басқарылуын қалай ұйымдастыруға
болады?
Бұл сұрақтар, кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесінің өзекті қосалқы
жүйелерінің бірі болып табылатын, қаржы менеджменті шеңберінде шешіледі.
Олардық әрекет жасау логикасы 1-суретте кескінделген.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржысын басқару жүйесінің
ұйымдастыру құрылымы, және де оның кадрлық құрамы, кәсіпорынның мөлшері мен
оның қызметінің түріне тәуелді әртүрлі әдістермен тұрғызылуы мүмкін. Ірі
компания үшін, барынша сипатты қаржы бойынша вице-президентпен (қаржы
директоры) басқарылатын, арнайы қызметтің оқшаулануы және ережеге сай, оған
бухгалтерия мен қаржы бөлімі кіреді.
Шағын кәсіпорындарда қаржы директорының ролін, әншейінде, бас
бухгалтер орындайды. Қаржы менеджерінің жұмысы фирма басқармасының жоғары
буынының жұмысының бір бөлігін құрайды, не болмаса қаржылық сипаттағы
басқарушылық шешімдерін қабылдау үшін қажетті және пайдалы талдама
ақпаратты оған берумен байланысты.
Қаржы менеджері, қаржыландыру көздерін таңдау проблемасымен тұрақты
түрде кездеседі. Оның ерекшелігі сонда, қандай болмасын көзге қызмет
көрсету кәсіпорынға бірдей болмайды. Қаржыландырудың әрбір көзінің өз
бағасы бар, және де бұл баға стохастикалық табиғатты болады.
Қаржылық сипаттың шешімі, қаншалықты ақпараттық қор объективті
болса, соншалықты ол дәлдікті болады. Объективтілік деңгейі, капиталдар
нарығының тиімді нарыққа қандай дәрежеде сәйкесті болуына тәуелді.
Қаржылық басқару әдістері әр алуан. Олардың негізгісі болып
табылатындар: болжау, жоспарлау, салық салу, сақтандыру, өзін-өзі
қаржыландыру, амортизациялық аударым жүйесі, ынталандыру жүйесі, баға
белгілеу принциптері, кепілдікті операциялар, трансферттік операциялар,
факторинг, жалға беру, лизинг. Қаржылық басқару жүйесінің ақпараттық
қамтамасыздандырылу негізін келесі қаржылық сипаттағы кез-келген ақпарат
құрайды:
бухгалтерлік есеп беру;
қаржы органдарының хабарлары;
банк жүйесі органдарының ақпараты;
тауарлық, қорлық және валюталық биржалар ақпараты;

Сурет 1 - Кәсіпорындағы қаржы басқару жүйесінің құрылымы мен жұмыс істеу
процесі
Осы арқылы қаржы менеджерімен орындалатын қызметтің айрықша
маңыздылығы көрсетіледі (“Fortune” журналында 1976 ж. жазылды, ірі
америкалық корпорациялардың жоғарғы лауазымды қызметкерлерінің 25,3 % өз
қызметтерін қаржы саласында бастаған). Фирманың ұйымдастыру құрылымына
тәуелсіз, қаржы менеджері, қаржы проблемаларын талдауға, кейбір жағдайларда
шешімдер қабылдауға немесе жоғары басшаларға ұсыныстар әзірлеуге жауапты.
Қаржы менеджері қызметінің саласын бөлу логикасы, кәсіпорынның
мүліктік және қаржылық жағдайын көрсететін, негізгі есеп беру нысаны
ретінде, баланс құрылымымен тығыз байланысты (2 сурет).
Қызметтің бөлінген бағыттары, бірмезгілде менеджер алдында тұрған
негізгі міндеттерді де анықтайды. Бұл міндеттердің құрамы келесідей түрде
бөлшектенеді.
Бірінші бағыт шеңберінде жалпы бағалау жүзеге асырылады:
кәсіпорын активтері мен олардың қалыптасу көздері;
кәсіпорынның қол жеткізген экономикалық әлуетін қолдау үшін қажетті
ресурстар шамалары мен құрамы және оның қызметін кеңейту;
қосымша қаржыландыру көздері;
қаржы ресурстарының жағдайын және пайдалану тиімділігін бақылау жүйелері.

Сурет 2 - Қаржы менеджері қызметінің шешуші салалары

Екінші бағыт егжей-тегжейлі бағалауды болжайды:
талап етілетін қаржы ресурстарының көлемдері;
оларды ұсыну нысандары (ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді несие, қолма-
қол ақша);
қол жеткізу дәрежесі және ұсыну уақыты (қаржы ресурстарының қол жетерлігі
шарт талаптарымен анықтала алады; қаржылар қажетті көлемде және қажетті
уақытта қол жетерлікте болуы керек);
ресурстың осы түрін алудың құны (пайыздық мөлшерлемелер, қаражаттың осы
көзін ұсынудың басқа ресми және ресми емес шарттары);
қаражаттың осы көзімен байланысты тәуекелділік.
Үшінші бағыт, инвестициялық сипаттағы ұзақ мерзімді және қысқа
мерзімді шешімдерді талдау мен бағалауды қарастырады:
қаржы ресурстарының ресурстардың басқа түрлеріне түрленуінің оптималдығы
(материалдық, еңбектік, ақшалай);
негізгі қорға жұмсаудың тиімділігі мен мақсаттылығы, олардың құрамы мен
құрылымы;
айналым қаражаттарының оптималдығы;
қаржы жұмсалымының тиімділігі.
Келтірілген бағаларды қолданумен шешімдердің қабылдануы,
өтімділіктің, қаржылық тұрақтылықтың және пайдалылықтың қоятын талаптарының
арасындағы ымыраны ескеретін, баламалы шешімдерді талдау нәтижесінде
орындалады.
Табысты қаржы басқару белгілерін анықтайтын мақсаттар жүйесін
тұжырымдаймыз:
- фирманың бәсекелестік күрес жағдайындағы өміршеңдігі;
- банкроттық пен ірі қаржылық табыссыздықтан сақтану;
- фирма бағасын максималдау;
- фирманың экономикалық әлуетінің өсуінің қолайлы қарқыны;
- өндіріс және өткізілім көлемдерінің өсуі;
- пайданы максималдау;
- шығындарды минималдау.
Сол немесе басқа мақсаттың басымдылығы, туындайтын жағдайларға
байланысты, кәсіпорынның өзімен анықталады.
Қаржылық басқару жүйесінің техникалық қамтамасыздануы оның барынша
дербес және ең маңызды элементі болып табылады. Көптеген қазіргі жүйелер,
қағазсыз технологияға негізделген (банкілер аралық есептесулер, өзара
есепке алу, несиелік карточка көмегімен есептесу және басқ.), ЭЕМ
желілерін, дербес компьютерлер, қолданбалы бағдарламалардың жұмыс істеу
пакеттерін қолданусыз мүмкін емес.
Қаржылық басқару кез-келген жүйесінің жұмыс істеуі, әрекеттегі
құқықтық және нормативтік қамтамасыздану шеңберінде жүзеге асады. Бұған
жататындар: ҚР Президентінің заңдары, жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары,
министрліктер мен ведомстволардың бұйрықтары мен өкімдері, лицензиялар,
жарғылық құжаттар, нормалар, нұсқаулықтар, әдістемелік нұсқаулар және
басқалары.

ІІ. ҚАЗМҰНАЙГАЗ БАРЛАУ ӨНДІРУ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН
ТАЛДАУ

2.1. ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру акционерлік қоғамының шаруашылық
қызметінің сипаты

ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру АҚ Қазақстан Республикасында ішкі мұнай
мен табиғи газды өндірумен айналысады. Сонымен қатар компания запастағы
қорды сақтау және дамытуға арналған барлау жұмыстарын жүзеге асырады.
ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру АҚ Қазақстан Республикасындағы Ұлтық
Мұнай газ компаниясының еншілес компаниясы болып табылады. Компания 2006
жылдың наурыз айында ӨзенМұнайГаз және ЕмбіМұнайГаз ААҚ біріктіру
арқылы құрылған.
Ол Қазақстан Республикасындағы ішкі мұнай мен газды өндіруден үшінші
орында тұр. Компанияның 205,9 млн. тонна (2515,2 млн. баррель) активтерінің
запас қоры бар. Қордың көлемін тәуелсіз зерттеушілер анықтаған.
Компанияның бас ғимараты Астана қаласында орналасқан. Өндірістік
бөлімшелердің негізгі офистері ӨзенМұнайГаз Жаңа Өзен қаласында,
ЕмбіМұнайГаз Атырау қаласында орналасқан. 2008 жылдың 31 желтоқсанындағы
мәліметер бойынша 22 663 адам қызмет етеді.
ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру АҚ Маңғыстау облысы (ӨзенМұнайГаз)
және Атырау облыстарындағы (ЕмбіМұнайГаз Өндірістік филиалы) 44 мұнай
газ кенорны иегері болып табылады. Бұл екі аймақтағы кенорындардың жалпы
көлемі 837,4 шаршы метр. Мұнда кенорын геологиясы, барлау жұмыстарын тиімді
жүзеге асыра алатын білімді мамандар тобы қызмет етеді.
Компанияның негізгі күшті жақтары, оның мұнай және газ өндіру
бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық компаниясының арақатынасына
негізделген. Оның мұндай күшті жақтарына мыналар жатады:
- Үлкен мұнай қорының болуы;
- Шикі мұнай мен табиғи газ өндірудегі бай тәжірибесі;
- Экспорттық мұнай құбырларына жолының ашықтығы;
Бүгінде ҚазМұнайГаз - көмірсутегін өндіру және тасымалдау, әуе
қатынасы, байланыс, теңіз - сауда флоты, мұнай химиясы және құрылыс сияқты
сан салалы жұмыстарды қатар жүргізіп келе жатқан келелі де кемел кәсіпорын.

Мемлекет осындай орасан зор компанияға аталмыш саланың тағдырын
сеніп тапсырып отыр. Мұның өзі компанияның әрбір мүшесіне үлкен
жауапкершілік жүктейді, сонымен қатар алда тұрған мақсаттарды ұтымды шешу
үшін жаңа мүмкіндіктер іздестіруді талап етеді.
Сондықтан да компания өнім өндіруді, көмірсутегін өңдеуде арттыру
бағытында әлі де ішкі резервтерді барған сайын қарастыра түсуі қажет.
Әдепкіде компанияның құрылуына байланысты жұртшылық арасында алыпқашпа
әңгімелердің туындағанын да жасыруға болмайды. Қоғамда болып жататын
құбылыстарға әртүрлі көзқарастың айтылатыны да белгілі құбылыс.
Акционерлік қоғамның негізгі мақсаты өзінің шаруашылық қызметін
жүзеге асыру барысында мүмкіндігінше көп табыс алу.
Қоғам Қазақстан Республикасының Президентінің 20 ақпан 2004 жылғы
№811 Жарлығына сәйкес құрылды.
Қоғам өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның
Жарғысына, сондай-ақ компанияның жалпы ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Қоғамның толық атауы:
мемлекеттік тілде - ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру акционерлік қоғамы;
орыс тілінде – Акционерное общество Разведка Добыча КазМунайГаз.
Қоғамның орналасқан жері: 10000, Қазақстан Республикасы, Астана
қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 22 үй.
Мұнай – газ саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отыр.
ҚазМұнайГазды ұйымдастыру барысында құрылымы ұқсас норвегиялық
СТАТОЙЛ, Қытай Ұлттық мұнай компаниясы және Азербайжан мемлекеттік мұнай
компаниясының тәжірибелері есепке алынды.
Сондықтан да компания алғашқы күннен өзінің жағымды инвестициялық
имиджін қалыптастыруға ұмтылып келеді. Осындай саясат ұстанудың нәтижесінде
компания республиканың мұнай – газ секторында қолайлы инвестициялық ахуалды
қалыптастырып үлгерді.
Зерттеліп отырған кәсіпорында өндірілетін өнімдер келесі бағыттар
бойынша тасымалданады:
- Өзен - Атырау зауыттарының мұнай құбырлары арқылы Өзен – Атырау –
Самара бағыты бойынша;
- Ресейдің көлік жүйесі арқылы Қара теңіздің порттарына;
- Қазақстан – Ресей бағыты бойынша.
Жоғарыда атап кеткендей, компания мұнай, газ өндіру саласымен
сонымен қатар өндірілген өнімдерді ішкі нарыққа және экспортқа шығарумен
айналысады. Компания қанша тонна мұнайды экспорттайтыны 1 – кестеде
келтірілген.
Төменде көрсетілген кесте бойынша 2007 жылы мұнай экспорты 6 489 мың
тоннаны құраса, ал 2008 жылы 250 мың тоннаға немесе 3,8 пайызға өсіп, ол
6 739 мың тонна мұнай экспорттады.
Сонымен қатар, 2007 жылы ішкі нарыққа мұнай шығару көлемі 2 733 мың
тонна болды. Ал 2008 жылы оның көрсеткіші 2551 мың тоннаны құрады және
өткен жылмен салыстырғанда 182 мың тонна немесе 6,7 пайызға қысқарған.

Кесте 1 – Кәсіпорын бойынша экспортқа және ішкі нарыққа шығарылатын мұнай
көлемінің динамикасы, мың тонна
Көрсеткіштер 2007 жыл 2008 жыл Ауытқу
Абсолюттік Пайыздық
Мұнай экспорты6 489 6 739 250 103,8
Мұнайды ішкі 2 733 2 551 - 182 93,3
нарыққа шығару
Барлығы 9 290 9 222 - 68 99,3

Компания 2006 жылы 812,1 миллион метр куб газ өндірсе, 2007 жылы
881,2 миллион метр куб газ өндірді, ал 2008 жылы 952,6 миллион метр куб
газ өндірілген. Бұл мәліметтер бойынша қорытынды шығаратын болсақ,
кәсіпорынның өндіріс көлемі жылдан-жылға ұлғайып келеді деп айтуға болады.
Яғни 2006 жылы 2007 жылмен салыстырғанда газ өндіру көлемі 69,1 миллион
метр куб немесе 8,5 пайызға өсті. Ал келесі жылғы өсім 71,4 миллион
метр куб немесе 8,1 пайызға өсті.
Шаруашылық субъектілердің қаржылық жағдайының тұрақтылығы, көбінесе
капитал көздерінің құрылымының оптималдылығына және кәсіпорынның активтер
құрылымының оптималдылығына және де бірінші кезекте негізгі және айналым
капиталының арақатынасына байланысты болады.
Меншік капиталының қажеттілігі кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыру
талаптарымен ескерілген. Ол олардың дербестігінің және тәуелсіздігінің
негізі болып келеді. Меншік капиталының ерекшелігі болып ол ұзақ мерзімді
инвестицияланады және неғұрлым үлкен тәуекелге шалдығуы болып табылады.
Капиталдың жалпы сомасында оның бөлігі неғұрлым жоғары қарсы
капиталының бөлігі неғұрлым төмен, неғұрлым оның буфері жоғары, яғни ол
қарыз берушілерді шығындардан қорғайды және өз кезегінде оның жоғалту
тәуекелі төмен болып келеді.
Бірақ та кәсіпорынның қызметін өз құралдарының есебінен ғана
қаржыландыру ылғи да тиімді емес, әсіресе егер оның өндірісі маусымды
мінезді болса да, онда жеке-жеке кезеңдерде бір банктің счетында үлкен
қаржылар жинақталады, ал екіншісінде олар жетіспеушілікте болады.
ҚазМұнайГаз БӨ АҚ қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесін қарастырып
өтейік.
Алдыңғы жылмен салыстырғанда есепті жылы ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру
акционерлік қоғамының жұмыс істеуі мен қызметті сатудан түскен табыс
бойынша өсудің жоғары деңгейіне жетіп отыр. Өнімді өткізуден түскен табыс
алдыңғы жылмен салыстырғанда 2008 жылы 176 161 265 мың теңгеге немесе 31
пайызға өскен. 2008 жылы өнімнің өзіндік құны 2007 жылмен салыстырғанда
19 пайызға өсті.

Кесте 2 - Шаруашылық субъектінің қаржы – шаруашылық қызметінің негізгі
көрсеткіштері
Көрсеткіштер 2007 жыл 2008 жыл Ауытқуы
+, - %
1. Өнімді өткізуден 570952109 747113374 176161265 131,0
түскен табыс, мың теңге
2. Өнімнің өзіндік құны, 223062464 265093031 42030567 119,0
мың теңге
3. Жалпы табыс, мың теңге347889645 482020343 134130698 138,5
4. Кезеңдік шығындар, мың121190621 185144329 63953708 153,0
теңге
5. Салық алынғанға 229560745 370352252 140791507 161,3
дейінгі табыс, мың теңге
6. Табыс салығы, мың 114936619 180170338 65233719 157,0
теңге
7. Таза табыс, мың теңге 114624126 190181914 178719788 166,0
8. Жұмысшылардың орташа 21997 22663 666 103,0
саны, адам
9. Негізгі құралдардың 355753261 444777215 89023954 125,0
орташа жылдық құны, мың
теңге
10.Айналым активтерінің 392829571 526706208 133876637 134,1
ортша жылдық құны
11. Меншікті капиталдың 813334039 830730180 17396141 102,1
орташа құны
12. Еңбек өнімділігі, 25956 32966,2 7010,2 127,0
(1қ 8қ), теңге
13. Қор қайтым. 1,60 1,68 0,08 105,0
(1қ 9қ), мың теңге
14. Қор сыйымдылығы, 0,62 0,59 - 0,03 95,2
(9қ 1қ)
15. Меншікті капиталдың 0,14 0,23 0,09 164
табыстылығы, (7қ11қ)
16. Сату табыстылығы 20,1 25,5 5,4 130
(рентаб), (7қ 1қ)*100, %
17. Өнім табыстылығы 33,3 25,5 -7,8 76,6
(рентаб),(7қ(2+4))*100%
18. Өндіріс табыстылығы 15,3 19,6 4,3 128,1
(рентаб),(7қ(9+10))*100%

Ақпараттық көзі:ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру АҚ есептік мәліметтері
негізінде (қосымша 2)

Жалпы табыс 2007 жылы 347889645 мың теңгені құрап, 2008 жылы
482020343 мың теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 134130698 мың
теңгеге немесе 38,5 пайызға көбейген. Бірақ табыс көлемі көбейгенмен де
кезеңдік шығындар мөлшері де 53 пайызға өскен.
2007 жылы компанияның таза табысы 114624126 мың теңгені құраса, ал
2008 жылы бұл таза табыс көлемі 178719788 мың теңгеге өсіп, яғни таза табыс
190181914 мың теңгені құрап отыр. Ол 2007 жылмен салыстырғанда 66,0 пайызға
өскен. Таза табыстың өсуі компания үшін жағымды жағдай тудырады.
Компанияның орташа жұмысшылар саны 2007 – 2008 жылдар аралығында
өндірістің кеңеюіне байланысты 666 адамға өскен. Кәсіпорынның негізгі
құралдарының орташа жылдық құны есепті жылы өткен жылғы көрсеткішпен
салыстырғанда 89023954 мың теңгеге немесе 25,0 пайызға ұлғайған.
Компанияның меншікті капиталы 1739141 мың теңгеге, яғни 2,1 пайызға өскен.
Сонымен қатар, компанияның еңбек өнімділігі 2007 жылы25956 болса,
2008 жылы32966-ны құрады. Яғни 7010 теңгеге немесе 27,0 пайызға өсті.
Қор қайтарымдылығы 0,08 пунктке немесе 5,0 пайызға көбеюі, қор
сыйымдылығын 0,03 пунктке немесе 4,8 пайызға кеміткенін көріп отырмыз.
Меншікті капиталдың табыстылығы 2007 жылы 0,14-ті, 2008 жылы 0,23-ті
құрады. Яғни 0,09 пунктке немесе 64 пайызға өскенін көріп отырмыз.
Кәсіпорынның рентабельділігі де таза табыстың өсуіне байланысты
өскен. Сату рентабельділігі 2007 жылы 20,1-ді құраса, 2008 жылы 25,5 болды.
Яғни 5,4-ке немесе 30 пайызға өскен. Өнім табыстылығына келер болсаақ, ол
2007 жылы 33,3-ті, ал 2008 жылы 25,5-ті құрады. 7,8 пунктке немесе 23,4
пайызға өнім табыстылығы кеміп отыр. Өндіріс рентабельділігі 2007 жылы
15,3-ті, ал келер жылы 19,6-ны құрады. Яғни 4,3 пунктке немесе 28,1
пайызға өскенін көріп отырмыз. Осы көрсеткіштерден кәсіпорын қызметінің
тиімді екенін көруге болады.

2.2. КӘсіпорынның активтерінің жағдайын жӘне қаржылық тұрақтылығын талдау

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау –
кәсіпорынның барлық мүліктерінің және жекелеген түрлерінің абсолтті және
салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау
барысында, осы активтердің нақты қолда бар, құрамы, құрылымы және оларда
болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке
топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.

Активтердің өсуі кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін
болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Келесі аналитикалық кестені құрастыра отырып, ағымдағы активтердің
құрамы мен құрылымын талдау қажет.

Кесте .3 - ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру акционерлік қоғамының ағымдағы
активтердің құрамы мен құрылымы, мың теңге
Көрсеткіштер 2007жыл 2008жыл Өсуі (+)
Кемуі (-)
Сомасы, мыңҮлес Сомасы, мыңҮлес
теңге салмағы, теңге салмағы,
% %
Ағымдағы 392829571 100 526706658 100 +133877087
активтер,
соның ішінде:
Тауарлық – 55415154 14,1 55988666 10,6 +573512
материалдық
қорлар
Дебиторлық 75439151 19,2 91632117 17,4 +16192966
борыш
Ақша 167559640 42,7 245076334 46,5 +77516694
8қаражаттары
Басқа да 94415626 24,0 134009541 25,5 +81006085
ағымдағы
активтер

Ақпараттық көзі: ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру АҚ есептік мәліметтері
негізінде (Қосымша 1)

Келтірілген мәліметтер кәсіпорын активтерінің жалпы алғанда жағымды
динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей
қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер – яғни ақша
қаражаттары 77516694 мың теңгеге немесе үлес салмағы 3,8 пунктке көбейген.
Ағымдағы активтердің ең мобильді бөлігінің, олардың құнына қатынасы
арқылы анықталатын айналым қаражаттарының мобильдік коэффициенттері
(ағымдағы активтердің) 2007 жылы 42,7 пайызды, 2008 жылы 46,5 пайызды
құрайды. Бұл коэффициент ағымдағы міндеттемелерді өтеуге бағытталған
қаражаттардың жалпы сомасындағы төлеуге дайын қаражаттардың үлесін
көрсетеді. Ең мобильді қаражаттар сомасының көбеюі және айналым
қаражаттарының мобильдік коэффициентінің жылдам өсуі кәсіпорынның төлеу
қабілетінің жақсарғанын көрсетеді деп айтуға болады.
Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары 2007 жылы
55415154 мың теңгені және ол 2008 жылы 55988666 мың теңгені құрайды.
Олардың үлесі 3,5 пунктке азайғанмен, оның көлемі 573512 мың теңгеге
көбейіп отыр.
Бұл жағдай, материалды айналым қаражаттарының құрамында сұранысы жоқ
немесе шектеулі сұранысқа ие болатын және де сол себептен өтімділігі төмен
болып табылатын артық және қалып қойған материалдық құндылықтар, дайын
өнімдер, нормадан тыс шикізат қорлары, материалдар, аяқталмаған өндірістер
жоқ па, соны анықтау үшін олардың құрамы мен құрылымына тереңдетілген
талдау жүргізуді қажет етеді.
Есепті жылы дебиторлық борыш та едәуір өскен. Егер оның көлемі 2007
жылы 75439151 мың теңгені құраса, 2008 жылы ол 91632117 мың теңгені құрайды
немесе 16192966 мың теңгеге өскен және бірақ ағымдағы активтер құрамындағы
оның үлесі 1,8 пунктке азайды (19,2 – 17,4). Дебиторлық борыш неге мұнша
өскенін және бұл бапты не үшін түсіндіру керектігін зерттеп, қарызды
өтеудің болашағын бағалау және болған жағдайда олардың құрамындағы күмәнді
қарыздарды анықтау қажет.
Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібінің бұзылу
нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге
болмайды. Сондықтан да оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару
деп есептеуге болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің
нысаны болып табылады да, кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал
етпейді. Кәсіпорынның тауарлы – материалдық босалқылармен қамтамасыз етілуі
келесі кестеде көрсетілген.

Кесте 4 - ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру акционерлік қоғамының тауарлы –
материалдық босалқылармен қамтамасыз етілуі, мың теңге
Тауарлы – 2007 жыл 2008 жыл Ауытқу Өсу қарқыны
материалдық
босалқылар
Материалдар 55415154 55988666 +573512 1,0
Барлығы 55415154 55988666 +573512 1,0

Тауарлы – материалдық босалқылар 573512 мың теңгеге немесе өсу
қарқыны 1,0 пайызға өскен. Материалдардың өсуі жақсы, себебі онымен де
өнім өседі. Кәсіпорынның материалдары шикізаттан тұрады.
Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және
қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру
кезңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып оларға баға беріледі. Бұл
кезде өз меғншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз
қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге
капиталдың жалпы сомасындағы оның үлесін тапқан маңызды. Бұл көрсеткіш –
тәуелсіздік коэффициенті деп аталады. Бұл коэффициентке қарап кәсіпорын
сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін білдіреді және ол
келесі жолмен табылады:

= 0.5 = 0.5
Мұндағы – қаржылық тәуелсіздік коэффициенті
– авансталған капитал;
– меншікті капитал.

Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігін
білдіреді және де алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын
көрсетеді. Көптеген ғалымдардың айтуы бойынша көрсеткіштің 0,5
деңгейіндегі мәні кәсіпорынның барлық міндеттемелерін өз қаражатымен жабуды
қамтамасыз ете алатын ең төмеңгі көрсеткіш болады. ҚазМұнайГаз Барлау
Өндіру акционерлік қоғамының екі жылдық көрсеткіші де 0,5-ті құрады және
ол өз қаржыларымен барлық міндеттемелерін жаба алады деген сөз.
Келесі көрсеткіш - тәуелділік коэффициенті. Бұл алдыңғы
көрсеткішке қарама-қарсы болып келеді және келесідей есептелінеді:

= 1 – =1 – 0.5= 0.5 = 1 – =1 – 0.5= 0.5

Мұндағы: - қаржылық тәуелділік коффициенті;
- қатыстырылған капитал;
Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру
көздерінен тәуелділігі жоғарылайды. Біздің кәсіпорынымызда қаржылық
тәуелділік көрсеткіші екі жылда да өзгеріссіз қалған.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштердің
бірі – қаржыландыру коэффициенті. Ол келесі жолмен табылады:
==1.1 ==0.95

Мұндағы: - қатыстырылған капитал;
- қаржыландыру коэффициенті;
Бұл көрсеткіш жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен
инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым кіріседі. Көрсеткіш кәсіпорын
қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен
қаржыландырылатынын көрсетеді. Кәсіпорынның көрсеткіші 2007 жылы 1,1-ді
құрады және ол инвесторларды тартуға тиімді болатын, бірақ 2008 жылы бұл
көрсеткіш 0,95-ке төмендеді.
Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентіне кері көрсеткіш кең
қолданылады, қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қатынасымен
анықталған қарыз және меншіктк қаражаттар қатынасының коэффициенті:
===0.94 (2007) ===1,05 (2008)

Бұл кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың әрбір
теңгесіне қанша қарыз қаражаттың тартқанын көрсетеді.
Кәсіпорынның тәуелсіздік дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды
көрсеткіштердің бірі - қаржылық тұрақтылық коэффициенті деп атайды. Ол
меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы капиталдағы үлесін
сипаттайды және мына формуламен анықталады:

= (+ )=(813334039 + 435348413)1182572481 =1.1 (2007)

= (+ )=(830730180 + 605517482)1175783744 =1.2 (2008)
Мұндағы: - қаржылық тұрақтылық коэффициенті;
- ұзақ мерзімді міндеттемелер;
Бұл дербестік коэффициентімен салыстырғанда анағұрлым жұмсақ
көрсеткіш. Батыс тәжірибесінде бұл көрсеткіштің қалыпты мәні 0,9-ға тең
болуы керек, ал оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті. Осыған қарап зерттеліп
отырған кәсіпорынның қаржысы тұрақты десек болады және жылдан жылға
тұрақтылай түсуде.
Келесі көрсеткіш – қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге тарту
коэффициенті. Ол ұзақ мерзімді міндеттемелердің меншіктік капитал мен ұзақ
мерзімді міндеттемелердің сомасына қатынасымен анықталады. Көрсеткішті
есептеу формуласы келесідей:

= (+ ) = 435348413(813334039 + 435348413) = 0.3
(2007)

= (+ ) = 605517482(830730180 + 605517482) = 0.4
(2008)

Бұл көрсеткіш қаржылық есеп берудің активтерін қаржыландыру үшін
меншікті капиталмен қатар тартылған ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздардың
үлесін көрсетеді.
Талдау кезінде меншікті айналым капиталының абсолюттік мөлшерін
анықтаумен қатар, оның жалпы меншікті капиталдағы үлес салмағын да табу
керек. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын активтерінің өтімділігін талдау
Қазмұнайгаз барлау өндіру акционерлік қоғамының қаржылық тұрақтылығын талдау
Кәсіпорынның активтерін бағалау және тиімді басқару
Кәсіпорынның рентабельділігі мен резервтері
Кәсіпорынның қаржылық сауықтыру стратегиясын әзірлеу
Активтерді пайдалануды талдау
Шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстары
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың теориялық және әдістемелік негіздері
Шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстарын қалыптастыру көздері
Пәндер