Балқаш көлінің физика-географиялық сипаттамасы жайлы



К І Р І С П Е
1. БАЛҚАШ КӨЛІНІҢ ФИЗИКА.ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Табиғи жағдайы
1.2 Балқаш көлінің деңгейлік режимі

2. БАЛҚАШ КӨЛІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Балқаш көлі суының құрамындағы ауыр металлдар
2.2 Ауылшаруашылық қалдықтарымен ластану
2.3 Биологиялық алуан түрдің қысқаруы
ҚОРЫТЫНДЫ
«Қазақстан-2030» стратегиясының мақсаттарының бірі Қазақстан Республикасының су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау болып табылады. Қазақстанның 66% территориясы шөлейт және шөлді аймақтарда орналасқан және су ресурстарына өте тапшы. Жеке адам басына суды пайдалану бойынша Қазақстан Евразия құрлығында соңғы орындардың бірінен орын алады.
Іле-Балқаш алабы Қазақстан үшін су ресурстарының, балық шаруашылығының маңызды көзінің бірі болып саналады, әрі көптеген фауна мен флоранаың өсіп-өнетін тіршілік ортасы, түрлі ландшафтың тараған жері және аймақтың климатын реттеуде аса маңызды рөл атқарады.
Балқаш көлі жер шарындағы ірі табиғи су қоймаларының қатарына жатады. Ол Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл аумақтарын қамти орналасқан. Мұнда кеме қатынасы, балық аулау шаруашылығы жақсы дамыған. Сондай-ақ көл суы егістік суаруға және өнеркәсіпте (Балқаш көлінің жағасында Республикадағы ірі «Балқашмыс» металлургиялық комбинаты орналасқан) кеңінен қолданылады. Іле өзенінің Балқашқа құяр атырауында күріш өсіру, ондатр шаруашылығы дамыған, әрі мұнда қамыс құрағының мол қоры бар. Жалпы алғанда Балқаш көлінің Қазақстан Республикасының халық шарушылығындағы маңызы өте жоғары болып саналады.
Су деңгейінің және су теңдестігінің көпжылдар, жыл және маусым ішінде тербелу амплитудасы көлдің морфометриялық және гидрологиялық сипаттамаларын елеулі өзгертіп отыр. Балқаш көлінің орташа тереңдігі 6 м болып келетін таяз су қоймасы болғандықтан су деңгейінің тербелісі мұнда тұратын халықтың шаруашылығына, қоршаған ортаның экологиясына әсері жылдам байқалады.
Соңғы жылдары Балқаш көлі проблемасы өзекті мәселеге айналып отыр. Ол негізінен өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада және шаруашылықтың т.б. салаларында қайтарымсыз пайдалануға алынатын және тазаланбаған ақаба сулардың көлемінің өсуінен, көл деңгейінің күрт төмендеуінен туындап отыр.
1. Ресурсы поверхностных вод СССР. Гидрологическая изученность, т.13, Центральный и Южный Казахстан, вып. 2, Бассейн оз.Балхаш, Алматы, 1996. С.283-336.
2. Проблемы гидроэкологической устойяивости в бассейне озера Балхаш. Под редакцией А.Б. Самаковой. Изд. «Каганат», Алматы, 2003. С.3-171.
3. Современное экологическое состояние бассейна озера Балхаш. Под редакцией кандидата геолог-минералогических наук Т.К. Кудекова. Изд. «Каганат», Алматы 2002. С.71-114.
4. Джусупбеков Д.К. Вероятностный прогноз уровня и минерализации воды озера Балхаш. Автореф. на соискание ученой степени кандидата географических наук. Изд. «Қазақ университеті»- Алматы, 2002. 26 с.
5. Давлетгалиев С.К., Джусупбеков Д.К.. Статистические характеристики колебаний уровня озера Балхаш //Вестник КазГУ, сер.географ., Алматы, КазГУ, 1997. С. 66-73.
6. Гидрологические и водхозяйственные аспекты Или-Балхашской проблемы. Под ред. А.А. Соколова, Л., Гидрометеоиздат, 1989. С.207-298.
7. Актуальные проблемы гидрометеорологии озера Балхаш и Прибалхашья. Под ред. И.И. Скоцеляса. С-П., Гидрометеоиздат, 1995.
8. Абдрасилов С.А. Русловые процессы и формирование внутриконтинетальных дельт (на примере реки Или).- Алматы, Рауан, 1994. С192-205.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
К і р і с п е
1. Балқаш көлінің Физика-географиялық сипаттамасы
1.1 Табиғи жағдайы
1.2 Балқаш көлінің деңгейлік режимі

2. балқаш көлінің экологиялық жағдайы
2.1 Балқаш көлі суының құрамындағы ауыр металлдар
2.2 Ауылшаруашылық қалдықтарымен ластану
2.3 Биологиялық алуан түрдің қысқаруы
Қорытынды

К і р і с п е

Қазақстан-2030 стратегиясының мақсаттарының бірі Қазақстан
Республикасының су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау болып
табылады. Қазақстанның 66% территориясы шөлейт және шөлді аймақтарда
орналасқан және су ресурстарына өте тапшы. Жеке адам басына суды пайдалану
бойынша Қазақстан Евразия құрлығында соңғы орындардың бірінен орын алады.
Іле-Балқаш алабы Қазақстан үшін су ресурстарының, балық шаруашылығының
маңызды көзінің бірі болып саналады, әрі көптеген фауна мен флоранаың өсіп-
өнетін тіршілік ортасы, түрлі ландшафтың тараған жері және аймақтың
климатын реттеуде аса маңызды рөл атқарады.
Балқаш көлі жер шарындағы ірі табиғи су қоймаларының қатарына жатады.
Ол Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл аумақтарын қамти орналасқан.
Мұнда кеме қатынасы, балық аулау шаруашылығы жақсы дамыған. Сондай-ақ көл
суы егістік суаруға және өнеркәсіпте (Балқаш көлінің жағасында
Республикадағы ірі Балқашмыс металлургиялық комбинаты орналасқан) кеңінен
қолданылады. Іле өзенінің Балқашқа құяр атырауында күріш өсіру, ондатр
шаруашылығы дамыған, әрі мұнда қамыс құрағының мол қоры бар. Жалпы алғанда
Балқаш көлінің Қазақстан Республикасының халық шарушылығындағы маңызы өте
жоғары болып саналады.
Су деңгейінің және су теңдестігінің көпжылдар, жыл және маусым ішінде
тербелу амплитудасы көлдің морфометриялық және гидрологиялық сипаттамаларын
елеулі өзгертіп отыр. Балқаш көлінің орташа тереңдігі 6 м болып келетін
таяз су қоймасы болғандықтан су деңгейінің тербелісі мұнда тұратын халықтың
шаруашылығына, қоршаған ортаның экологиясына әсері жылдам байқалады.
Соңғы жылдары Балқаш көлі проблемасы өзекті мәселеге айналып отыр. Ол
негізінен өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, энергетикада және шаруашылықтың
т.б. салаларында қайтарымсыз пайдалануға алынатын және тазаланбаған ақаба
сулардың көлемінің өсуінен, көл деңгейінің күрт төмендеуінен туындап отыр.
Қапшағай СЭС-і тұрғызылғаннан кейін әр жылда қайталанып отыратын
тасқындардың атырауда жайылуы жойылды, көлге құятын су көлемі азайды,
көлдегі су деңгейі төмен түсіп, көл жағаларының бірқатар ауданы құрғап
қалды, құрғаған көл табанындарынан тұздардың, құмның және шаң-тозаңның
көшуі орын алып отыр. Іле өзені атырауындағы бұрынғы 15 көл жүйесінен 4-5-і
ғана қалды. Қалған көлдердің тұздылығы артып, әсіресе пестицид пен ауыр
металлдардың су асты шөгінділерінде, фито-зоопланктон және балықтар
ағзаларында байқалып отыр. Балықтың өнеркәсіптік түрлерінің қоры төмендеп
кетті, көлдің жалпы минералдылығы өсумен қатар оның ақаба сулармен,
тұрмыстық қалдықтармен, мұнай өнімдерімен және ауыр улы металлдармен
ластануы өсіп отыр. Химиялық және бактериялық ластану негізінен Іле өзені
суымен, сондай-ақ ҚХР жағынан келіп түсуде.
Көл суының өнеркәсіп орындарынан шыққан қалдықтармен ластануы одан әрі
өсу түсуде. Көлдің ең ластанған ауданы – Біртіс қойнауында мыстың шектік
концентрациясы (ПДК – предельно допустимая концентрация) нормадан 10 есе,
мырыш 4 еседен асады. Мыс қорыту зауытының және басқа өнеркәсіп орындары
ақаба суларымен мұнда тәулігіне 75 тонна зиянды химиялық қалдықтар құйылады
[3].
Іле-Балқаш экожүйесінің бұзылуы қарастырылып отырған аймақта қоршаған
орта жағдайының нашарлауына әкеліп соқтырып отыр. Соңғы кезде Балқаш
көлінің күйіне және жалпы Балқаш алабы жағдайына Іле алабының КХР аумағында
суды пайдалану көлемінің өсуі және климаттың антропогендік өзгеруі әсерін
тигізіп отыр. Сондықтан, Балқаш көліне Арал тағдырындай жағдай
қайталанбасын десек, жылдам түрде тиісті шаралар қабылдануы тиіс.

1. Балқаш көлінің Физика-географиялық сипаттамасы

1.1 Табиғи жағдайы
Балқаш көлі Оңтүстік-Шығыс және Орталық Қазақстан шөлейттерінің
орталығындағы тектоникалық қозғалыстан пайда болған қазаншұңқырда
орналасқан. Ол соңғы төрттік мұздану кезеңіндегі ертедегі Балқаш-Алакөл су
қоймасының бір бөлігін қамтиды. Соңғы геологиялық периодта оның батыс және
солтүстік-батыс жағалауының біртіндеп төмен түсуі, ал солтүстік-шығыс
жағалауының көтерілуі байқалады. Соған байланысты көлдің батыс және
солтүстік-батыс жағалауы ингрессиондық, ал солтүстік-шығыс бөлігінің
жағалауы регрессиондық сипатта болып келеді.
Балқаш көлі үш табиғи ауданмен шекараласады. Көлге солтүстігінен
Қазақтың ұсақ шоқысы және Орталық Қазақстан жазықтығы, оңтүстігінен
Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның құмды жазықтығы келіп тіреледі.
Балқаш көлінің су жинау алабының ауданы 413 мың км2. Алаптың көп
бөлігі (353 мың км2) Қазақстанда орналасқан, Іле өзенінің жоғарғы бөлігі
Қытай Халық Республикасында жатыр. Алакөл жүйесі көлдерінен бөліп тұратын
су айрығы сызығы биіктігі 400 м болып келетін Балқаш және Сасықкөл
көлдерінің арасынан өтеді.
Балқаш көліне негізінен 5 өзен құяды, олар: Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі
және Аягөз. Бұлардың ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері сулары
Тянь-Шан тауларынан, ал Аягөз өзені Тарбағатайдан және Шыңғыз тауынан
қалыптасады. Іле Батыс Балқашқа, ал қалғандары Шығыс Балқашқа құяды.
Солтүстіктен Балқашқа Мойынты, Тоқырауын және Бақанас өзендері
жақындайды, бірақ көлге жақындағанда сулары тартылып қалады. Тек Тоқырауын
жекелеген суы мол жылдары біршама суын Балқаш көліне жеткізеді. Басқа
қалған кішігірім құрғап қалатын өзендер Балқаштың оңтүстік-батыс және батыс
жағалауына құяды.
Балқаштың ең ірі саласы – Іле өзені, оның үлесіне жалпы алаптың 70%-ы
және алаптың жиынтық беттік ағындысының 80%-ы тиесілі. Іле өзені Балқашқа
құярда ауданы 8000 км2 болатын үлкен атырау жасайды. Атырау Бақанас елді
мекенінен 70 км төмен өзен үш тармаққа бөлінетін, яғни Топар, Іле және
Жиделі тармақтарына бөлінетін жерден басталады.
Балқаш ойпатының территориясы құрғақ, тым континентальді. Жылдық жауын-
шашын мөлшері орташа есеппен 150-200 мм-ден аспайды. Өсімдігі шөлейтті
аймаққа тән болып келеді.
Солтүстік Балқаш өзендері (Мойынты, Жәмші, Тоқырауын, Бақанас, Аягөз)
қар суымен қоректенетін өзендер типіне жатады. Тянь-Шан тауларынан
басталатын өзендер (Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі) қар-мұз және жаңбыр
суларымен қоректенеді.
Балқаш көлінің географиялық орнының ерекшелігі оның тым континентальді
және құрғақ климатты болып келуінде.

1.2 Балқаш көлінің деңгейлік режимі
Балқаш көлінің су деңгейіне үзіліссіз бақылау жүргізілген негізгі төрт
бекет мәліметтері гидрологиялық жылнамаларда келтірілген, ол бекеттер:
ст.Шығанақ, Балқаш қ., Алғазы аралы және Қарашаған қойнауы. Қарашаған
қойнауында Балқаш көлі деңгейіне 1912–1918 жылдарда бақылау жүргізілген
мәліметтер бар. 1932 жылдан бастап Балқаш қаласында тұрақты бақылау
жүргізіле басталды. 1954 жылдан бастап үзіліссіз тұрақты бақылау жұмыстары
жоғарыда аталған ст.Шығанақ, Балқаш қ., Алғазы аралы және Қарашаған қойнауы
бекеттерінде жүргізілді (1-сурет)

1-сурет. Балқаш көліндегі гидрологиялық бететтердің орналасу сұлбасы.
Қазіргі кезде Балқаш көлініңің циклдік тербелісінің келесі ритмдерін
атап айтуға болады:
( қысқапериодтік көпжылдық (3-7 жыл),
( ғасырішілік (20-30 жыл),
( ғасырлық (60-200 жыл),
( көпғасырлық (1800-1900 жыл).
XVIII-XI ғасырлардағы Балқаш көлінің деңгейінің тербелісінің жалпы
сұлбасын келесі түрде көрсетуге болады:
1810-1840 жж. – минимумы шамамен 1840-1845 жылдарға келетін деңгейдің
төмен түсуі;
1845-1852 жж. – максимумы шамамен 1850-1852 жылдарға сәйкес келетін
деңгейдің жоғары көтерілуі;
1853-1885 жж. – минимумы 1884-1885 жылдарға сәйкес келетін су
деңгейінің төмен түсуі;
1886-1910 жж. – максимумы 1908-1910 жылдары байқалған су деңгейінің
көтерілуі;
1912-1946 жж. минимумы 1946 ж. байқалған көл деңгейінің төмен түсуі;
1947-1961 жж. –максимумы 1961 ж. болған деңгейдің көтерілуі;
1962-1974 жылдарға дейін жалпы алғанда деңгейдің төмен түсу
тенденциясы байқалғанмен, бірақ деңгейдің жоғары отметкада тұрақтануы
байқалды;
1975-1987 жж. – минимумы 1987 ж. байқалған деңгейдің төмен түсуі;
1988 жылдан бастап осы кезге дейін көл деңгейінің біртіндеп көтерілу
тенденциясы сақталуда.
1970 жыл Іле өзенінде Қапшағай су бөгені салынғаннан кейін Балқаш
көлінің деңгейі негізінен Қапшағай бөгетінен жіберілетін су мөлшеріне
тәуелді болып отыр. Іле алабынан қайтарымсыз алынатын су мөлшерінің өсуі
Іле өзенінің атырауы ауданын қысқартып, Балқашқа жеткізетін су көлемін
кемітті. Оның үстіне соңғы кезде Іле өзені суының 80%-қалыптасатын ҚХР-да
солтүстік аймақтарды қарқынды игеру және ауыларуашылығын дамыту үшін Іле
алабынан алынатын су мөлшерін бірнеше есе өсіріу мақсатында жаңа каналдар
тартылып, су қоймалары салынуда [2]. Есептелген мәліметтер бойынша Іле
өзенінің ағындысы соңғы жылдары 5% -ға дейін кеміген. Соңғы ақпараттарға
қарағанда ҚХР аумағында Іле өзенінен Эби-Нур көліне тартылатын канал және
Іле суынның бір бөлігін Тарим өзені алабына бұру жобаланған. Алынатын су
мөлшері жылына Іле ағындысының 15-40%-ын (шамамен 1,5-4,0 км3) құрайды [2].
Көлге сұғына еніп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты екіге бөледі ,
гидрологиялық және гидрохимиялық жағынан бір – бірінен өзгеше батыс және
шығыс бөліктері ені 3,5 км Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Судың
минералдылығы мен тұздылығы бұл екі бөлікте екі түрлі. Көлге ағып келетін
судың негізін Іле өзені құрайтындықтан, батыс бөлігінің суы тұщы (0,5 -1
гл), түсі сарғылт – сары, лайлы. Шығыс бөлігінің суы тұздылау ( 5 – 6 гл
) түсі көгілдір , ашық көк. Балқаш фаунаға бай. Көл түбінде моллюскілер,
судағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдері , шаян тәрізділер тіршілік етеді.
Батыс бөлігі планктонға бай. Көлде балықтың 20- дан астам түрі бар, мұның
6 түрі ежелден көлдің өзінде өскен балықтар (Іле, Балқаш көкбасы, Балқаш
алабұғасы , т.б. ) қлғандары басқа жақтан әкелінген ( карп, аққайран, шип,
көксерке, Арал қаязы ). Ауланатын балық ( жылына 9 – 10 мың тонна )-
сазан, көксерке, Балқаш алабұғасы, маринка, аққайран. Көл суы жағалауындағы
өнеркәсіп орындары (Балқаш кен – металлургия комбинаты ., т.б. ) мен елді
мекендер қажетіне пайдаланылады. Жылы мезгілде Балқашта су көлігі
қатынайды. Басты айлақтары : Балқаш , Бурылбайтал , Бөрлітөбе.
Географиялық ғажайып құбылыс. Осы ғасырдың басында белгілі
ғалым және саяхатшы Лев Семенович Берг Балқашқа ықылас қояды.
Оны көлдің суы тұщы екендігі туралы көрген адамдардың әңгімесі
таң қалдырды.Булану көлемі атмосфералық жауын-шашын мөлшерінен
әлденеше есе асып түсетін шөл далада, қалай болған күнде
де, көл суы тұзды болуға тиіс қой. 1903 жылы Л.С. Берг Балқаш
көліне экспедиция ұйымдастырды.
Елдің айтқанына сенетіндей жеткілікті негіз таба алмаған
Л.С.Берг өзінің жол лабороториясын теңіз суының құрамындағы
хлор мөлшерін анықтайтын аспаптармен жабдықтаумен ғана шектеледі.
Ал табаны жалпақ үлкен қайыққа тұщы су толтырылған көптеген
бөшкелер тиеп алуды тапсырды. Олар Іле өзені бойымен төмен
қарай ұзақ жүзді. Ал көлге келіп іліккенде, шынында да,
ауыз су құйылған бөшкелердің түкке де қажеті жоқ екені айқын
болды. Алып шыққан зерттеу құралдары да қажетсіз болып
шықты, ал тұщы судың құрамына химиялық анализ жасайтын ештеңе
табылмады. Л.С. Бергтің экспедициясы қайда барса да суы тұщы бола
берді...
Осы экспедицияның нәтижелерін қорытындылай келіп, Л.С.Берг
былай деп жазды: “Балқаш айтылып жүрген басым пікірлерге
қарамастан – тұщы көл болып шықты. Балқаш көлін түгел жағалап
шыққан топографтар да осы пікірді қуаттайды. Бұл факт ерекше
назар аударуға лайық. Құрғақ континентальдық климатты өлке,
жылына 200 миллиметрге жетер-жетпес жауын-шашын бар шөл
даланың кіндігінде тұрған ағынсыз тұщы көл – мұнда географиялық
ғажайып бір құбылыс бар”. Көлдің жасырын құпиясы жалғыз бұл
ғана емес екен. Басқа бір зерттеушілер қазіргі су деңгейінің
бұрын әлдеқайда биік болғандығын анықтады. Бұған түрлі
зерттеулердің нәтижесі куә.
Географиялық атаулардың шығу тегін зерттейтін топономика деп
аталатын ғылым бар. Бұған тек географтар ғана емес, сондай-ақ
тарихшылар мен лингвистер де ынта қояды. Өйткені, жер
атауларында белгілі бір тарихи дәуірлердің, нақты мәдени-тарихи
оқиғалардың, түрлі халықтар арасындағы тілдік байланыстардың
ізі бар. Сондай-ақ географиялық атаулар табиғаттың түрлі
құбылыстары жайлы да көп мәлімет береді. Балқаш көлінің атауы
ұзақ та күрделі қалыптасты. Ежелгі қытайлықтар Си-Хай деп атады,
түріктер мен моңғолдар өздерінің батысындағы жерлердің бәрін ақ
түспен белгілеген. Олар бұл көлге Ақ теңіз деген ат берген.
Жоңғарлар Балқаш-нор, ал қазақтар – Теңіз, яғни үлкен көл деп
атаған.
Жаңадан туған бұл жұмбақ сыр көл зерттеуші ірі совет ғалымы
Арсений Владимирович Шнитниковтың назарына ілікті. Ол мұндай
табиғат құпиялары жайлы түрлі тарихи деректер мен Батыс
Сібір және Қазақстан көлдерінің деңгейін бақылау нәтижелерін
зерттей келіп, бұл көлдердің су деңгейі сырт көзге байқалмай,
бірде жоғарылап, бірде тым төмен түсіп тұратындығын анықтады. Алайда
табиғатта ешқандай құбылыс кездейсоқ болмайды, оның әр
өзгерісі басқа да басы ашық себептермен тығыз байланысты.
А.В.Шнитников нақ осы себептерді іздеді, іздеді де, тапты, бірақ
оны көлдің өзінен емес, басқадан тапты.
Көлдер деңгейінің ауытқуы климат жағдайына байланысты болып
шықты. А.В.Шнитников Балқаш көлі деңгейінің ең ұзақ ауытқу
кезеңі 1800-1900 жылға тең екендігін анықтады. Бұл жаңа
тұжырым, біріншіден, тарихи мағлұматтар бойынша, екіншіден, тек
кәрі ағаштардың жылдық сақина белгілерінен, және үшіншіден, көл
түбіне шөккен батпақ қабаттарынан көрінетін климаттың құбылу
деректерімен анық сәйкес келеді. Көп ғасырға созылған бұл
кезеңнің соңғы шегі ХVІ ғасырға келіп тіреледі. Сол уақыттан
бері Балқаш көлінің деңгейі 7 метрге төмендеген. Көл
деңгейінің ғасырлар бойғы ауытқуы 3-4 метр болған. Мұндай
арнадан асу кезеңі Балқаш көлінде 1908-1910 жылдарда, су
деңгейі 3,5 метрге дейін көтерілген. 1946 жылы көл суының деңгейі
күрт төмендеп кетті, ал 1961 жылы қайта көтерілді, бірақ
жайылу көлемі бұрынғысынан азырақ болды. Сол кезден бастап көл
деңгейі төмендей түсуде. Көлдің суы неге тұщы, осыншама
климаттық күрт ауытқуларға қарамастан көлдегі жан-жануарлардың
көптеген түрлері қалайша сақталып келген ?
Балқаш көлінің маңызды бір ерекшелігі - көлемінің өте
үлкен екендігіне қарамастан тым таяз: көлдің орташа тереңдігі
алты метрге жуық. Сонымен бірге оның солтүстік жағасы тік
жарқабақты жағасында онша байқала қоймайды, оңтүстік құмдауыт
жағасының көп жерлері құрғап қалады. Балқаш айдынында жыл
сайын бір метрлік су қабаты суланып кетеді. Көл көлемінің
бұлайша қысқаруы булануға кететін судың мөлшерін азайтады,
сөйтіп көлге ағып қосылатын су мен буланып ұшатын судың
арасындағы баланс ұдайы сақталып отырады. Мұндай құбылысты
ғылымда гомеостаз деп атайды. Балқаш тағы Ұзынарал бұғазымен
екі бөлікке бөлініп жатыр. Бұғаздағы судың ағыны бір бағытта:
батыстан шығысқа қарай ағады. Сондықтан да көлдің үлкен
батыс бөлігі ағынды болып келеді және Іле өзені алып
келетін тұздар мұнда шөкпей, шығыс бөлігіне қарай кетеді.
Бірақ ең таңданарлығы, мұнда судың тым көп сортаңдануы
байқалмайды. Бұл жөнінде Балқаш көлін зерттеуші, белгілі ғалым
М.Н.Тарасов былай деп жазды: “...өзендермен, жер асты суларымен
ілесіп және атмосфералық жауын-шашын арқылы Балқаш көліне
аса көп мөлшерде тез ерігіш минералды тұздар түсіп тұрады.
Мысалы, өзен суларымен көлге жыл сайын 4,07 млн. тоннаға жуық
тұздар жетеді, жер асты сулары 1,35 млн. тонна және
атмосфералық жауын-шашын 0,31 млн. тонна тұз алып келеді. Ал
барлығы жылына көлге 5,73 млн. тонна тұз сіңеді. Жыл сайын
осындай мөлшерде түсіп отырған жағдайда қазіргі кездегі
көлдегі еріген тұздың мөлшері – 305 млн. тонна – небары 53 жылдың
ішінде ғана жиналуы мүмкін. Алайда көлдің қазіргі тұздық қоры
мен жоғарыда айтылған дер есебінен иондық ағыс арқылы
жиналуы мүмкін болған аз ғана уақыттың арасындағы сәйкессіздікті
тек қана көлдегі тұздың ұдайы азайып отырғандығымен
түсіндіруге болады. Мұндай азаю түрлерінің бірі, сөз жоқ, –
көлге ерімейтін қосындалар түріндегі карбонаттардың тұнба
болып түсуі...” Енді көлдің батыс бөлігіне кальцит, ал
шығыс бөлігіне – көбіне доломит тұнатындығы даусыз ақиқат болды.
Карбонаттардың көл түбіне тұну процесінде, сондай-ақ, планктон
мен жануарлар. Өйткені бұлар өзінің тіршілік қажеті үшін
судан тиісті тұздарды бойына сіңіреді де, өлгенде көл түбіне
шөгеді.
Міне, осымен Л.С.Бергтің “географиялық ғажайып құбылысының”
сыры шешілген де сияқты көрінеді. Бірақ бұл әлі түбегейлі
пікір түю жеткіліксіз. Балқаш деңгейі қайта көтерілгенде
көптеген жаңа шығанақтар пайда болады. Бұл жыл сайын осылай
қайталанып тұрады, анығырақ айтсақ, Іле өзендерінің суы тасып
Балқашқа жеткенде осылай болып тұратын. Қазір бұл процесс күрт
баяулады. Сонымен қатар қамысты қопалар да бойына көп тұз
сіңіріп отырған. “Балқаш құпияларының” әлі де анықталмаған көптеген
сыр-себептері болуы әбден ықтимал. Өйткені табиғаттың беймәлім
сырлары шексіз ғой, бойындағы жұмбақтарын неғұрлым көбірек
шешкен сайын ол бізге жаңа құпияларын соғұрлым молырақ жая
түседі. Ондағы барлық тыныс-тіршілік өмірдің дами және баии
түсуіне бағышталып үйлестірілген. Мәселен, Балқаш балықтарының
уылдырық шашатын жерлерінің мезгіл-мезгіл құрғап қалып
отыруының өзі судағы өсімдіктердің шіріп, көлдің түбін
органикалық заттармен байытуына, майда балықтардың азықтық
қорын молайта түсуге мүмкіндік жасайды. Міне, табиғат
тіршілік тынысын осылайша қалыптастырған.
Көл жұмбақтары. Балқаш – өзіндік дара қасиеттері мол ерекше көл.
Оның шөл даладағы бүкіл күрделі де қиын тыныс-тіршілігі өз
бастауын Іле және Жоңғар Алатауларынан, Тарбағатайдан латын тау
өзендерімен терең тамырлас, бұлар – Іле, Қаратал, Лепсі, Ақсу,
Аягөз. Бұлардың барлығы дерлік көлге оңтүстіктен келіп құяды,
ал өз арналарын 26 мың ұсақ өзендер мен бұлақтар арқылы
біртіндеп толтырылады. Көлдің аумағы ондағы судың деңгейіне
байланысты күрт өзгеріп тұрады, ол он бес, жиырма мың шаршы
километр болады. Ал көлдегі су көлемі жүз миллиард текше метрге
жақын.Бұл қазаншұңқырдың тек шығысынан ғана ұдайы ұйтқыған
долы дауыл соғатын жіңішке Жоңғар қақпасы ашылды.
Көл тіршілігі судың әрбір тамшысынан табуға болатын ең ұсақ
өсімдіктерден басталады. Барлық өзен, теңіз, мұхиттар мұндай
өсімдіктерге бай. Олар Жер атмосферасына берілетін бүкіл оттегі
мөлшерінің жартысын бөліп шығарады, ауаны көмір қышқыл газынан,
ал суды мөлшерден тыс минералдық заттардан тазартып отырады.
Бұлар – көзге көріне қоймайтын, фитопланктон деп аталатын бір
клеткалы өте қарапайым балдырлар. Егер суды мұқият сүзсе, бұл
балдырлар өсімдік шырышы сияқты әсер қалдырады. Оларды
фотосинтез нәтижесінде бастауыш органикалық өнім болып пайда
болады. Бұлар көмір қышқыл газы, су, минералдық тұздардың
қосындысын түзеді, күн энергиясының көмегімен глюкоза жасайды,
сөйтіп осылайша тіршілік үздіксіз жалғаса береді. Балқаш суының әр
текше метрінде осындай балдырлардың 300 мыңға дейін клеткалары
болады. Бұларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балқаш көлінің физика-географиялық сипаттамасы
Өндірістік шығарындылардың Балқаш көліне тигізетін әсері
Балқаш көлінің физика-географиялық сипаттамасы туралы ақпарат
Іле өзені – Қапшағай бекетіндегі су сапасының химиялық көрсеткіштерін анықтау
Балқаш көлі деңгейінің өзгеру графигі
БАЛҚАШ КӨЛІНЕ ТИГІЗЕТІН АНТРОПОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ
Қазақстанның басты қалдық көлдері - Каспий мен Арал теңіздері
Балқаш көлінің экологиялық мәселелері
Іле өзенінің төменгі атырауының кәсіптік балық түрлерінің популяциясының құрылымы
Іле-Балқаш аймағының су ресурстарын бағалау
Пәндер