«Арабтардың философы» - әл – Кинди


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе.

Мұсылмандық Шығысты зерттеумен айналысқан тарихи - философиялық және мәдениеттанымдық еңбектерге қарағанда ислам әлемінің данышпандары ерте грек ғылымы, философиясымен қатар Алдыңғы Азия, Орталық Азия және Шығыс мәдениеті мен философиясын қабылдай отырып, филоофиялық дәстүрлерді онан әрі жалғастырған. Егер ортағасырлық Батыс Еуропада христиандық дінді идеологияландыру, философиялық интоксикациялау және негіздеу үдрісі жүріп өтсе, ал мұсылман аймағында, әсіресе VII - X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде ғылымның мынадай салалары қарқынды дамыды: тригонометрия, алгебра, оптика, психология, астрономия, химия, география, зоология, ботаника, медицина. Арнайы білім салаларының дамуына әл - Хорезми, әл - Бируни, ибн Сина, Омар Хайям және т. б. ойшылдар өздерінің үлкен үлестерін қосты. Мысалы, әл - Бируни Жердің өз осінен айналып қозғалуы туралы болжамды алғаш айтқан данышпанның бірі болды, сондай - ақ, көптеген өзге әлемдердің өмір сүруі туралы идеялар мен бірнеше қызықты математикалық идеяларды ойлап тапты. Омар Хайям алгебрадағы үшінші дәрежеге дейінгі теңдеулердің шешімін жүйелеп, оны тұңғыш рет геометриямен байланыстырды.

Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясы қалыптасуына дүниетанымдық және теориялық зор ықпалын тигізді. Батыс мұсылмандық Шығыс арқылы алғаш рет антик мәдени мұрасымен, сонымен бірге Шығыс мәдениетінің озық жетістіктерімен танысты. Бұл ғылыми, теориялық жетістіктер мен философиялық жаңашылдықтарды, прогресшіл рационалистік философия мен ғылыми шығармаларды мұсылман әлемінің ойшылдары араб тілінде жазғанымен, олардың біразы этникалық шығу тегі жағынан араб емес, түркі және парсылар болды.

Осылай, Батыс әлемі Шығыспен рухани диалогы нәтижесінде ерте грек дүниесімен қатар, шығармашылдық және жаңащылдық идеялар мен концепцияларға толы шығыстық мәдениеттің есігін ашты. Шығу тегі түрік философтар мен ғалымдар әл - Фараби, Баласағұни, Қашқари, тағы басқалармен қатар әл - Хорезми, әл - Бируни, ибн Сина, әл - Кинди, Габари, әл - Газена, әл - Газали сияқты ойшылдар мен философтардың есімдерімен танысты.

«Арабтардың философы» - әл - Кинди.

Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарына әл - Кинди және әл - Фараби жатады. Әл - Киндиді ортағасырлық дәуірде «арабтардың философы» деп жиі атайтын. Бұл бекер айтылмаған сөз, себебі әл - Кинди мұсылман әлемінің көптеген философтары ішінде шығу тегі жөнінен араб. Әбу - Жүсіп Якуб ибн Исхақ әл - Кинди (800 - 879) Басра қаласынан шыққан, жетік білім алған, тек философ ретінде ғана емес, дәрігер, математик, астроном ретінде де белгілі, геометрия, оптика, метереология, психология, музыка салалары бойынша трактаттар жазды. Әл - Кинди еңбектерінен біздің заманымызға дейін аз ғана бөлігі жетті. Логикалық - гносеологиялық мәселелерге арналған жұмыстарымен қатар, мынадай трактаты белгілі: «Аристотель кітаптарының саны жөнінде және философияны меңгерудің шарты, бастапқы философия туралы бес мәнділік жайында кітап, пайда болу және жойылу себептерін түсіндіру туралы трактаттар». Әл - Кинди жұмыстарының қалған бөліктері туралы оның замандастары мен ізбасарларының жекелеген сілтемелері, әр түрлі тақырыптар мен үзінділер арқылы білеміз. Оның мұрасының осы үлкен бөлігі X - XI ғасырлардағы діни реакция тұсында жойылған. Әл - Кинди мынадай мәселелерге зор көңіл қояды: Құдай мәселесі, ақыл - ой мәселесі мен философияның мәнін анықтау, ғылымдарды классификациялау. Өзінің шығармаларында әл - Кинди Құдайдың мынадай түсіндірмелерін береді: 1. Құдай түпнегіз, барлық нәрсенің абсолюттік бастауы ретінде; 2. Құдай мақсатты себеп ретінде; 3. Құдай кеңістіктегі абсолюттік шексіздік және уақыттағы мәңгілік ретінде. Философтың пікірінше, Құдай материяны, форманы, қозғалысты, кеңістікті және уақытты жаратқан. Пайда болған нәрсе қозғалыс нәтижесінде өзгереді және ақыры соңында жойылады, ол нәрсе мәңгілік емес, оның соңы бар. Адамға ақыл - ой берілгендіктен ол өзін - өзі танып қана қоймай, өзін қоршаған дүниені де таниды. Ақылдың көмегімен адам заттар мен құбылыстардың себептік байланысын, олардың мәнін ұға алады. Адамның әлемді танудағы ақыл ролін анықтай отырып, әл - Кинди ақыл - ойдың төрт түрін және танымның үш сатысы туралы идеяны айтады. Әл - Кинди ақыл ойдың мынадай төрт түрін ерекшелейді: активті, пассивті, жинақтаушы, жарғылаушы.

Әл - Фараби

Егер әл - Кинди неоплатонизмге жақындау болса, ал әл - Фараби X ғасырдағы Аристотельдің ізбасары болып саналады. Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл - Фараби - ат - Турки 870 жылы Сырдария бойындағы Фараб қаласында түрік отбасында дүниеге келді. Фараби жоғары білімді оқыған адам еді, ол медицинаны, музыканы, математиканы, этиканы, саясатты, психологияны зерттеуге үлкен қызығушылық танытты. Фараби Аристотельдің алғашқы комментаторларының бірі. Ол Аристотельдің «Категориялар», «Герменевтика», «Аналитика. Софистика. Поэтика» сияқты шығармаларына түсініктеме берді. Бірақ әл - Фарабидің дара философ ретіндегі даңқы басым болды. Ол философия мен жаратылыстану ғылымдары тарихы бойынша жүзден астам жұмыстар жазды, оның көпшілігі қазақ тіліне әлі аударыла қойған жоқ. Фараби ғылыми болжамға, әлемді ғылыми танып білу мүмкіндігіне сеніп, қоғамдағы зорлық - зомбылыққа қарсы шықты. Ол зұлымдықтың жойылып, жер бетінде қайырымдылық (ізгілік) бастаудың салтанат құратынын жазып, зорлық - зомбылықсыз, қанаусыз және соғыссыз қоғам идеалын, жер бетіндегі халықтардың бейбіт және достық қатынастарын идеялық, теориялық тұрғыда негіздеді. Өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Адамдық саясат» еңбектерінде Фараби саясат пен мораль мәселелерін қарастырады, феодалдық қоғамның моральдық және саяси жағдайын, қоғым мен мемлекет арасындағы қатынастар мәселесін көтеріп, аббасидтер халифатындағы әлеуметтік қайшылықтарды пайымдай отырып, оған теориялық түсінік береді. Әл - Фарабидің көптеген философиялық идеялары батысеуропалық философия идеялары мен концепцияларының қалыптасуына, дамуына, әсіресе Б. Спинозаның философиялық көзқарасына теориялық ықпалын тигізді. Сонымен қатар оның идеялары мұсылман әлімінің көптеген ойшылдарының, мысалы, ибн Сина, Ж. Баласағұн және тағы басқаларының философиялық көзқарастарына да әсер етті.

Кеңінен мәлім екі дерек бар: 1218 жылы монғолдар қаланы қиратты, бұл «Отырар апаты» деп аталды; онан соң 1405 жылғы ақпанда мұнда Әмір Темір қайтыс болды. Отырар жайында біздің қолымызда Ибн Хаукальдің, Абу Фиданың, қытай деректемелерінің мәліметтері бар. Отырар жөнінде Птоломейде де айтылған. Отырардағы кітапхана, ел аузындағы аңызға қарағанда, кітабының саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан соң екінші орында болған.

Бірақ Отырар Қазақстандағы бірден - бір мәдени орталық еместі.
Зерттеушілердің қажырлы еңбегі арқасында республиканың археологиялық картасы басқа да мәдени орталықтармен (Тараз, Сауран, Сығанақ, Түркістан, Мерке, Исфиджаб және басқа қалалар) толықтырылды. Демек, осы аумақты мекендеген тайпалардың сонау арғы заманда қалыптасқан өскелең өнері, ғылымы, түркі тілдес жазуы болған. Міне, сондықтан да қазақ топырағынан шыққан ғалымдар Әбу Насыр әл - Фараби, Исхақ әл - Отрари, Исмаил әл - Шаухари, Жемал әл - Түркістан, әл - Сығнақи, әл - Қыпшақи, Қадырғали Жалаири және басқалар жазған еңбектердің белгілі бір мәдени негізде дүниеге келуі әбден табиғи нәрсе. Осынау саңлақтардың ішінде жалпы әлемге әйгілі алып тұлға - әл - Фарабидің орны ерекше.

Әл - Фараби Аристотельдің, Платонның, ерте дүниедегі Грецияның басқа да философтарының шағармаларымен түпнұсқасынан танысқаны жөнінде деректер бар. Білімге, ізденуге деген құштарлықтың жетелеуімен ол жас шағында, дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге, сірә, ғажап әрі таңсық көрінетін кезде саяхат жасап, сол замандағы мәдени әлемнің көптеген орталықтары: Хорасанда, Бағдадта, Дамаскіде (Шам), Алеппода, КАирда (Мысыр) болған. Өз өмірінің көп жылдарын ол Араб Халифатының саяси және мәдени орталығы болған Бағдадта өткізді. Мұнда ол өз білімін әбден тиянақты меңгеріп, толықтырады. Көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп, өзінің білімдарлығы, ақылының алғырлығы және асқан байсалдылығы арқасында көп ұзамай олардың арасында үлкен абырой - беделге ие болады. Бірақ өресі тайыз кертартпа хадисшілер оны жек көріп, күндей бастаған, әсіресе, олар әл - Фарабидің бүкіл ойының негізгі мәніне қарсы шыққан, өйткені оның дүниеге көзқарасы шынай болмысты танып - білуге, адам бақытын о дүниеден емес, бұ дүниеден іздеп табуға мегзейтін еді. Ақыр соңында әл - Фараби лажсыздан Бағдадтан кетеді. Өзінің «Фусул ал - Мадани» («Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері») деген соңғы шығармасында ол: «Адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылымы өркен жайған елде тұруға тиіс», - дейді. Әл - Фараби өмірін александриялық (мысырлық) ғалымдар, яғни бір кезде Александриядан ығыстырылған несторианшыл христиандар тұратын Дамаскіде өткізеді. Мүнда ол солтүстік Сирияның жетекші саяси қайраткері Сейд ад - Дуаль Хамданиге аса қадірлі болды. Әл - Фараби 950 жылы 80 жасында қайтыс болды. Біздің заманға әл - Фарабидің тек негізгі шығармалары ғана келіп жетті. Ол шығармалар ежелден бері - ақ жұртшылыққа танымал болып, философиялық және ғылыми ойдың одан кейінгі дамуына тигізген әсері орасан зор.

Ибн Сина

Философия мен ғылымның дамуына түркістандық Бұқарадан шыққан энциклопедист - ойшыл Әбу - Әли ибн Сина (980 - 1037) өзінің үлкен үлесін қосты. Ибн Сина әл - Фарабидің кейбір идеяларын шығармашылық тұрғыда онан әрі жалғастырды: эманация идеясы, ақыл - ой туралы идея және т. б. Шығыста ибн Синаны аш - Шейх ар Райс деп атаған (аударғанда аш Шейх - рухани ұстаз, ал ар Райс - басшы дегенді білдіреді), ал Батыста атақты «Медицина ғылымы канондарының авторы» Авиценна деген атпен белгілі болды. Ибн Синаның философиялық көзқарастарына әл - Фараби үлкен ықпалын тигізді. Ибн Сина надандыққа қарсы шығып, ақыл - ой үстемдігі үшін күрескен жан - жақты ғалым адам болды. Әр түрлі білім салаларындағы қажырлы еңбегі және орасан зор шағармашылық әдеби, ғылыми - философиялық мұрасына орай ибн Синаны энциклопедист ғұлама деп орынды атайды. Ғалымдардың мәліметі бойынша ибн Сина 450 - ден аса еңбек жазған, онан біздің заманымызға дейін 240 - ы жетті. Ибн Синаның тірі кезінде - ақ өзінің философиялық идеяларын баяндаған «Шығыс философиясы» және 20 томнан тұратын «Әділеттілік» деп аталатын философиялық энциклопедиясы жоғалып кеткен болатын.

Шығыста да, Батыста да ең танымал оның «Медицина канондары» деп аталатын капиталды еңбегінде сол заманға орай жоғары деңгейде жүйеленген анатомия, физиология, терапия, хирургия, фармакология, профилактика мәселелрі қарастырылған. Өзінің философиялық жүйесін ибн Сина платондық ілімнен бас тарта отырып, перипатетизм арқылы құрастырады. Оның жүйесіндегі ғылымдар классификациясы өз ерекшелігімен қызықтырады. Әбу Әли философиялық білімді екі салаға бөледі: теориялық және практикалық. Оның ойынша, егер теориялық философия ақиқатты игеруге ұмтылса, практикалық философия - игілікке жетуге ұмтылады. Теориялық философияға ибн Сина физиканы, математиканы, ал практикалық философияға саясатты, экономиканы жатқызады. Бұл ғылымдардың барлығын пысықтайтын логика, сондықтан ол инструменталды ғылымдарға тәсіл береді. Барлық ғылымдардың шыңы метафизика деп санады (метафизиканы ол бірде философия, бірде теология деп түсінді) . Жильсонның пікірінше теологияның статусы туралы авиценналық шешім ізгі хабарға жол ашады, бірақ әрбір құндылық туралы мәселеге толық жауап жоқ.

Газалидің айтуынша ибн Сина «философиялаушы мұсылман» ретінде өзінің пайымдауларында кейде дінсіздікке жақын жағдайларға дейін барады. Шындығында, ибн Сина өз жауаптарында мынадай идеяларға келеді: егер философия ақыл - ой мәліметіне, дәлелге негізделген шындық туралы білім берсе, ал теологиялық білім сенімге негізделеді. Өзінің батыл және ерекше дара идеялары үшін ибн Сина үнемі қуғынға ұшырап отырды. Ибн Синаның философиялық позициясы кезіндегі әл - Фарабидің философиялық ізденістерінен өз бастауын алатын шығыс перипатетизм бағытын онан әрі дамытқан заңды жалғасы болды. Сонымен қатар ибн Синаның философия мен теологияның ара жігін ажыратқан, олардың статусы туралы идеясын онан әрі ибн - Рушд өзінің қосарланған ақиқат туралы теориясында жалғастырды.

Ибн Сина жалпы ұғымдар (универсалилер) мәселесін өте қызық түрде шешкен. Оның ілімі бойынша, жалпы ұғымдар үш қдай өмір сүреді: заттарға дейін, құдіреттің ақыл - ойында; заттың өзінде, себебі ол сол заттың мәні; заттан кейін адамдардың санасында.

Таным теориясында Ибн Сина әл - Фарабидің жолын қуып, оны одан әрі дамытуға атсалысады. Дегенмен, кейбір мистикалық тұжырымдарға бай негізгі тәсілдерінің бірі ретінде ол Құдай шапағатын мойындап, ұсынады. Жалпы алғанда, Ибн Сина философиясы - Аристотельді исламның негізгі қағидаларымен ұштастыра отырып, оларды өзара ынтымақтастырмақ болған ілім. Оны әл - Фарабиден кейінгі философия тарихында өзіндік із қалдырған араб тілді мұсылман философиясының ең ірі өкілдерінің бірі деп білеміз.

Жүсіп Баласағұн

Орталық Азиялық әлемнің келесі бір інжу - маржаны - Баласағұн қаласынан шыққан түрік, «Құтадғу білік» («Құтты білім») деп аталатын атақты шығарманың авторы Жүсіп Баласағұн (XI ғасыр) . Өлең түрінде жазылған бұл шығарма 6520 бәйіттен тұрады. Оның негізгі тақырыбы моральдық - этикалық мәселе. Баласағұн әл - Фарабидің ізгі қала - мемлекет туралы идеяларын қолдай отырып, мемлекеттің формасы билеушінің адамгершілік тазалығы мен асқақтығына, билеуші мен бағыныштылар арасындағы ізгілікті қарым - қатынастараға байланысты деп есептеді. Өз еңбегінде философ саяси дағдарыстар тұсындағы Қарахандар мемлекеті үшін қажетті (ол сол заманда өмір сүрді) билеушінің идеалды портретін беруге тырысты. Баласағұн билеушіге мынадай ақыл - кеңестер береді: «Біліп ал: адамдар алдында сенің үш парызың бар. Соны орында - күшпен ұзаққа бармассың. Ең алдымен күмістей тазалықты сақта . . . Екінщіден - адамдарға әділ заң бер . . . Және үшіншіден - күзетіңді мықта». Баласағұнның түрік тілінде жазылған «Құтты білік» еңбегі сол заман энциклопедиясын білдіреді. Бұл жұмыс этика, саясат мәселелеріне арналып қана қоймай, философиялық, эстетикалық, ертедегі түріктердің діни наным - сенімдеріне байланысты материалдарға да толы.

Ол - XI ғаырдың аса көрнекті ақыны, есімі бүкіл Шығыс елдеріне мәлім данышпан ойшыл, философ, энциклопедист ғалым, белгілі қоғам қайраткері. Ол - философия, табиғаттану, математика, астрономия, тарих, араб - парсы тіл білімі, т. б. ғылым салаларын жетік меңгерген ғұлама ғалым. Оның есімін әлемге танытқан «Құтты білік» кітабы - сол замандағы ресми әдебиет тілі болып саналған араб тілінде емес, түрік халықтарының тілінде жазылған алғашқы энциклопедиялық еңбек. Сондықтан да кез келген аймақ өз тарихына үңіліп, ондағы бірінші дәрежелі жұлдыздар тізіміне енетін, яғни ешқашан мәнін жоймайтын, жалпыға ортақ мәдени игіліктер тізіміне қосылатын дүниелерді қайта қарап, саралауға тиісті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Араб-мұсылман философиясы
Әл-Кинди және араб тілді философияның бастауы
Философиялық көзқарастары
Ортағасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Ортағасыр мұсылман философиясы
Мұсылман әлемінің философиясы
Батыс Еуропалық орта ғасыр философиясы
Мұсылман әлемiнiң философиясы туралы
Ортағасырлық батыс еуропалық философия
Мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz