Европа елдеріндегі аудиттің пайда болуы мен дамуы


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе . . . 3

1 Батыс Европа елдеріндегі аудиттің пайда болуы мен дамуы

1. 1 Аудиттің маңызы . . . 5

1. 2 Батыс Европа аудиті . . . 6

1. 3 АҚШ аудитінің пайда болуы мен дамуы . . . 13

. . .

2 Азия мен Шығыс Европадағы аудиттің пайда болуы мен дамуы

2. 1 Азия аудитінің пайда болуы мен дамуы . . . 15

2. 2 Шығыс Европадағы аудиттің пайда болуы мен дамуы . . . 19

2. 3 Ресей аудитінің пайда болуы мен дамуы . . . 22

Қорытынды . . . 25

Қолданылған әдебиеттер . . . 26

Кіріспе

Б. э. д. 6000 жыл бұрын адам шаруашылық жүргізе бастады, сөйтіп бухгалтерлік есеп практикалық іскерлік ретінде пайда болды. 500 жыл бұрын Лука Пачолидің бухгалтерлік есеп туралы кітабы шықты. 100 жыл бұрын бухгалтерлік есептің алғашқы құрылғылары пайда болды.

Тіл дамуымен қатар немесе адам да бұрын есептің пайда болуы мщүмкін деген түсінік бар. Мысалы, алғашқы қоғамда тіл пайда болғанда, санау кейін дамыған. Сондықтан ол күнделікті өмірдің талабына қажет есеп көрсеткіштерін, тасқа белгі салу немесе алғашқы белгі салу арқылы жүргізген. Алғашқы есеп жүргізу адамзат қоғамында оның дамып өсу қажеттілігіне сәйкес дамып, пайда болған.

Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарихы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын «бухгалтерлік есеп» саласы бұдан бірнеше жүздеген жылдан бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік - экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады.

Еліміз экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында ғылым мен білімнің практикалық қызметінің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуға алып келді. «Тәуелсіз бухгалтер» - аудитор кәсібі өткен ғасырда Еуропаның акционерлік қоғамында пайда болды. Мұның өзі акционерлік қоғамның есептілігін объективті баға беру, кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы шынайы деректер алу қажеттілігіне байланысты болды. Мұндай обьективті мәліметтерді кәсіпкерлерге тәуелсіз маман ғана бере алады.

Аудит сөзінің өзі латынның audio деген сөзінен шыққан, мұның өзі сөзбе - сөз “ол естиді” дегенді білдіреді. Бастапқыда ол “тыңдаушы” деген сөзді, яғни бір нәрсені тыңдап отырған адамды білдіретін аудитор сөзі туындаған.

Шаруашылық жұмыс барысында тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап басқарушы тыңдаушы болған бухгалтермен есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда басшылық жүргізуде үлкен орын алған. Аудит мамандарын шет елдерде әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ-та қоғам бухгалтері, Францияда - бухгалтер сарапшы немесе есеп комиссары, Германияда - шаруашылық басқарушысы және т. б. деп атады. Аудитордың ең негізгі мақсаты аудиторлық қорытанды жасау. Аудитор өз кезегінде әр түрлі қызмет көрсетеді: бухгалтерлік есеп жұмыстарын ұйымдастыру туралы, салық мекемесімен есеп айырысу тәсілдері туралы, банк операцияларын жүргізу туралы тұжырымдамаға кеңес беру сияқты т. б. сонымен қатар шаруашылық субъектілеріне өндіріс барысына байланысты, өнімді сату барысына, маркетинг мәселелеріне қатысты түсініктер кеңес берумен және кәсіпорындардың, банкілердің, биржалардың, акция иелерінің қорытынды бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін, ақпарат, есеп беру мәліметтерін тексеріп, өзінің аудиторлық қорытынды жасайды және кепілдік береді.

Аудитке қажеттілікті тудыратын объективті жағдайлар:

  1. инвесторлар мен кәсіпорын әкімшілігінің бір - біріне сенімсіздік көрсетуіне байланысты. Себебі олардың мүддесі бір емес. Әсіресе кәсіпорын әкімшілігі өз пайдасына тиімді түрінде есеп жүргізуі мүмкін;
  2. кәсіпорын әкімшілігінің ақпарат көрсеткіштері дұрыс болмаса, соған сәйкес шаруашылықты басқару шешімі дұрыс болмауынан;
  3. кәсіпорын әкімшілігінің арнайы білімінің болмауы мүмкін;
  4. кәсіпорын шаруашылығының күрделілігіне сәйкес “коммерциялық құпияны” сақтауға байланысты, есепке алынған мәліметтердің дұрыс болмай шығуынан.

Келесі кезекте, Батыс Европаның, соның ішінде Ұлыбритания, Италия, Франция, Германия аудиттерінің пайда болуы мен дамуы; АҚШ аудитінің, Қытай, Жапон, ТМД мемлекеттерінің, Ресей, Қырғызстан және Қазақстан аудиттерінің пайда болуы мен қалыптасуын қарастырамыз.

Бухгалтерлік есеп пен аудиттің пайда болуы мен дамуы есеп беру формалары мен тіркелу реттігіне байланысты. Есеп берудің нақты эволюциялық формасы келесідей болып келеді: Л. Пачоли (1494) - ескі италиялық, Ф. Гарратти (1688) - жаңа италиялық, М. Дела Порт (1685) - француздық, Ф. Гельвич (1774) - немістік, Ж. Б. Дюмарже (1914) - интегралдық, И. С. Розниченко (1952) - журнал-ордерлық есеп беру формасы. Кәсіпорын ауқымы өскен сайын және де кәсіпорын дамыған сайын, ондағы бухгалтерлік есеп те, аудиторлық тексеру де соғұрлым дамып, жоғарғы деңгейде болуы керек. Сондықтан да аудиттің пайда болуын тікелей бухгалтерлік есептің пайда болуымен байланыстырады.

1 Батыс Европа елдеріндегі аудиттің пайда болуы мен дамуы

  1. Аудиттің маңызы

Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:

  • экономикалық субъектілердің (фирмалар, акционерлік қоғамдар) ;
  • Салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;
  • Қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушылардың;
  • Аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп және қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.

Ішкі пайдаланушыларға (кәсіпорынның өзінің акционерлеріне, директорлар кеңесіне, қызметкелеріне) басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ объективті (әділ) қаржылық ақпарат қажет. Сыртқы пайдаланушылар да ұйымның қаржылық жағдайына қызығушылық білдіреді (банктер, несие берушілер, болашақ инвесторлар, сонымен қатар қоғам) .

  1. - сызба. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар

Аудитке деген қажеттілік меншік құқығы мен кәсіпорынды басқару бөлінген кезде пайда болады. Бірақ осындай аудитті жүргізуге деген заң талаптары жоқ кезде де қаржылық есеп беру аудитіне де тән белгілі бір басылымдылықтар болады.

Меншік иелену құқығына негізгі өзгерістер енгізу процессі, егер бұрынғы есеп берулер екі жеке серіктес шаруашылықты жүргізудің жаңа объектісін құру үшін өз бизнесін біріктірген кездегідей деген ескерту болмаған аудиторлық қорытындыны сақтаса ғана қамтамасыз етілуі мүмкін.

Аудитке кәсіпорын қызметін жан-жақты тексеру енеді. Сондықтан ол аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді. Фирма қызметкерінің жан - тәнімен жұмыс істеу үшін аудит күшті моральдық ынталандыру болып табылады. Барлық жазбалар мен есеп берулер тәуелсіз адамдармен танылады деп түсіну қызметкерлерді есепті мұқият және анық жүргізуге, сонымен қатар кәсіпорынның қаржы - шаруашылық қызметі туралы есептемені құруға мәжбүр етеді.

Тексеруді жүзеге асыра отырып тәуелсіз аудиторлар екі негізгі қызметті орындайды:

1. Қаржылық есеп берудің толықтылығы мен дұрыстығын дәлелдеуге арналған дәлелдемелерді жинау және бағалау.

2. Қаржылық есеп беру мәліметтерін есептің жалпы қабылданған стандарттарына сәйкес тексеру.

  1. Батыс Европа аудиті

Италия. Алғашқы бухгалтерия теоретиктары болып, Дубровник жерінен шыққан сатушы-гуманист Бенедетто Котрульи (1458 жыл) және атақты ғалым-математик Лука Пачоли (1494 жыл) . Осы екі автордан бухгалтерлік есептің теориялық негіздері бастау алды. Авторлардың түсініктері бухгалтерлік есеп табиғаты жайлы қаншалықты түрлі болғандығына қарамастан, олар бухгалтерлік есеп теориясы мен тәжірибесі проблемаларын шешуге өз үлестерін қосты. Бухгалтерлік есептің дамуы, оның негізгі бағыттарының өзгеруіне әкеп соқты. Алғашында оның негізгі мақсаты бағалы заттардың сақталуы еді. Ал кейін XIX ғасырда оның жаңа бағыттары да пайда бола бастады. Ол шаруашылық процесстерді дамыту болып, есептік бақылауды басқару және қадағалау күші ретінде қолданды.

Барлығымыз білетіндей бухгалтерлік есеп жайлы бірінші кітапты 1494 жылы атақты математик Лука Пачоли жазған. Ол бухгалтерлік есеп атасы атанған. Кітап аты «Арифметика, геометрия соммалары, пропорциялар және қатынастар туралы ілім». Бұл кітаптың екінші бөлімі «Шоттар және трактаттар» деп аталады.

Италия ғалымы Д. Масса бухгалтерлік есепті жайғана басқару ғылымы емес, ол адамдарды басқару ғылымы деп астын сыза айтқан. Д. Массаның пікірінше, есеп жүргізудің негізгі мақсаты - шаруышылық қызмет жайлы есеп нәтижелерін алу және басқарушылардың алға қойған талаптарының қаншалықты орындалып жатқандығын қадағалау. Масса «басқарушылар есеп қорытындылары арқылы белгілі бір шешім қабылдайтын болса, бухгалтерлерге ешқандай қысым түсірілмей, өздігінен, тәуелсіз жұмыс істеуі керек» - деген. Егер, бухгалтерияға белгілі бір тұлғалар қысым түсіре алса, қалайда нәтижелерді өзгерте алатындай болса, онда адал, дұрыс, нәтижелі жұмыс болмайды. Ол «тәуелсіз қадағалау» дегенімен аудитті ойға алған. Масса 1874 жылдан бастап, отыз жыл бойы басылымда жүрген бухгалтерлік есеп жайлы ең алғашқы журналын шығарды.

Келесі италияндық ғалым, Фабио Бестаның айтуы бойынша: ««бағалау» - есеп жүргізу мақсаты, ал «бағалы заттар» оның құралдары. Бухгалтерлік есептің өзі - қадағалау ғылымы. «Шаруашылық» - қоғам бірлігі деп, шаруашылықтың үш функциясын белгілеген. Шаруашылық қадағалау - кез-келген қызметкерді ұйым алдында адал болуға міндеттендіруі керек. Есеп жүргізу тек қана шаруашылық қадағалау ғылымы ғана болуы керек».

Негізінен италияндық ғалымдар бухгалтерлік есептің дамуына өз үлестерін қоса отырып, аудиттің дамуы жайында да өз пікірлерін білдірген. 1600 - 1800 жылдар аралығындағы кәсіпорындардың көбеюі, сауда - саттықтың ұлғаюы есеп жүргізуге жаңа тауарлардың енуіне әкеп соқты. Және де меншікті иелену құқығын, кірістер мен шығыстар калькуляциясын негізге қойды. Аудитте тыңдау процесінен, құжаттарды тексеру аудитіне айналды. Кей авторлардың айтуы бойынша: аудиттің тарихы, Джордж Уотсон деген біреу, шотланд саудагерлеріне бухгалтерлік есепті тексеру туралы ұсыныс бергеннен басталады дейді. Жүргізілген тексеру үлкен нәтиже беріп, шотландтықтар тексеру жүргізуді тәжірибеге алды.

Англия. Бухгалтерлік есептің отаны Италия болып саналса, аудиттің отаны болып Англия саналады. 1773 жылы Шотландияның астанасы Эдинбургта 7 аудитор болған делінеді. Кейін осында 1854 жылы бухгалтерлер мен аудиторларды біріктірген «Бухгалтерлер қоғамы» пайда болды. Бұл кейбір авторларға Батыс Европа елдеріндегі аудит XIX ғасырдың ортасында Шотландияда пайда болды деуге негіз береді. Меншік иелері мен тұлғаларға арналған Заң шығарушы регламентациялар пайда бола бастады. Соның ішінде ең күші жоғары акт болып, 1673 жылы қабылданған Савари коммерциялық кодексі пайда болды. Сонымен қатар XIII ғасырда Кастилияда қабылданған және 1549 жылы толықтырылып аяқталған акт кредиторлардың құқықтарына нақты кепілдік берген. XIX ғасырдың ортасынан бастап, акционерлік қоғамдардың көбеюі мен салық салудың өзгеруі, салық салу заңнамасының күрт күшеюіне әкеп, аудиторлардың рөлі жоғарылады.

XVII ғасырдың соңында Шотландияда белгілі бір қызметтік тұлғаларға қалалық аудитор болуға тиым салынатын заң шығарылып, қазіргі түсініктегі «тәуелсіз аудиторлық» енгізілген. Аудиттің әрмен дамуына серпіліс берген, 1862 жылы пайда болған британдық кәсіпорындар туралы заң болып табылады. Онда кәсіпорын есептік саясатын аудиторларға кемінде жылына бір рет тексертіп отыру керек деген. Ұлыбританиядағы ішкі аудиторлық қадағалауды ең алғашқы өндіріс болып - Теміржол транспорттарында қолданды. XIX ғасырдың соңында аудиторлар қалаларды аралап, транспорттық агенттіктердің басқармасының құралдарға жауапкершілігін және есеп жүргізу жүйесін тексерген. Ол белгілі бір уақыт аралығындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын және шаруашылық қызмет нәтижелерін тексеру үшін қажет болды. Кәсіпорындардың өздеріне ғана сеніп қою, көптеген кездерде есеп берулер толық және адал болмай, кредиторлар мен салық органдары ақпараттарды толық иемденбей, біріншіден, өз қаражаттарын жоғалтып, екіншіден, кәсіпорындарға банкротқа ұшырау қаупі төнген. Сондықтан аудиторлардың алдында тәуелсіз, нақты, адал ақпараттармен қамтамасыз етіп, қауіп қатерлердің алдын алу міндеті тұрды. Акционерлердің жиналысында жылдық есеп жүргізуді талқыға салғанда, алдымен аудитордың қорытынды есебі тексеріліп, содан кейін ғана нәтиже шығарылған.

Ағылшындық танымал ғалым Лоуренс Дикси, аудитордың қызметі келесі мәселелерді айқындау деп түсінген:

  1. құралдардың заңсыз алмастырылуы;
  2. кездейсоқ қателерді;
  3. есеп жүргізуді ұйымдастырудағы кемшіліктерді.

Ревизия кассадан басталады. Баланстың анализі осымен байланысты тұлғалардың қажеттіліктері бойынша жүзеге асырылады. Аудиторлық жұмыстың теориясы мен тәжірибесін айтпастан бұрын А. Т. Ватсонның атын атау қажет. Ол есеп жүргізудің 3 фальсификациясын анықтаған:

  1. Тауарға жауапты адамның ұрлық жасауы;
  2. Нақты жағдайды өзгеше сипаттау;
  3. Нақты жағдайдың баланста жақсырақ көрсетілуі.

Кез - келген фальсификацияны ағылшындық аудиторлар қарастырып, анализдеген. Ватсонның фальсификациясын анықтау үшін келесі шарттар орындалуы қажет:

  1. ұйым басшысының көмегі;
  2. қандай мақсаттарда келесі шоттар фальсификациялануы мүмкін екендігін нақты қарастыру;
  3. фальсификация жасаушы тұлғаның психологиясын, мақсаттары мен мүмкіншіліктерін білу;
  4. ревизорланған ұйымның қызметкерлері арасындағы қарым-қатынастарын анализдеу;
  5. жұмыс уақыты «қылмыскердің сақтық деңгейін төмендетеді»;
  6. ақшаға құмар адамды психологиялық тұрақсыздығы білдіртіп қоюы мүмкін;
  7. есеп жүргізулердегі ұқыпсыздық;
  8. жүргізіліп жатқан шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есепте мерзімінен кешіктіріліп тіркелуі, арам мақсаттарға қолдануға мүмкіншілік береді;
  9. Протекция бойынша қызметке орнату - есеп жүргізудің ең үлкен қатері.

Аталған мәселелер бойынша білетініміз, аудиторлар мен ревизорлардың, сонымен қатар бухгалтерлік есептің қызметі жұмысшылардың құқықтары мен міндеттерін білу емес, шаруашылық қызметтегі тұлғалардың психологиясын, іс-әрекеттер мотивациясын білу болып табылады. Шаруашылық басқару дегеніміз - шаруашылықта қызмет ететін қызметкерлердің тілектерін басқару. Бухгалтерлер де сондай адамдар, және де тексеруге түсетін адамдардан білімдірек болулары міндет емес. Өмірде олар ревизорлар, бірақ ревизорларды да ревизорлау қажет.

Годдард зерттей келе, он ұрланған заттың тоғызында бухгалтер кінәлі деген. Ватсон да айыптылардың психологиясын зерттей келе, бұл қызметтегі 11 түрлі жасалатын айлаларын белгілеп көрсеткен:

  1. бағалы заттар кірістелмейді, соның ішінде ақша қаражаттары;
  2. құжаттар басқа күнмен тіркеледі;
  3. ақша мен материал қалдықтары өздігінен жоғарылайды;
  4. төлем құжаттарының нәтижелерін жоғарылайды;
  5. «достарының», яғни бухгалтерлердің еңбек ақылары жоғарылайды;
  6. өтірік тұлғаларға ақша қаражаттары белгіленеді;
  7. тасымалдаушылармен есеп айырысуды жоғарылатады;
  8. кассалық шотты кредиттау немесе кредиторлық қарызды белгілеу;
  9. комиссиондықтарды көбейтіп, тапсырыс берушілермен бөлісу;
  10. құжаттардың өтірік үлгісін шығару немесе жалған чектар жасау;
  11. бір құжат бойынша бірнеше рет төлем жасау.

Әрине, сол кезеңдегі коммерциялық тәжірибе одан да көп қылмыс түрлерін білген. Фальсификация құралдары болып: операциялық шоттар; жалған, өзгертілген құжаттар; және де «екі кітап» бойынша жұмыс істеу, біреуі өзіне, ал екіншісі өзгелерге.

Фальсификациямен күресудің келесідей түрлері ұсынылған: 3-6 ай сайын ревизия жасау, қоймадағы материялдарға жауапты адамдарды ауыстырып отыру, қоймалардағы тауарларды бір орыннан екінші орынға ауыстырып отыру, кредиторлық және дебиторлық қарыздарды инвентарлау, ешбір хабарсыз операциялық құжаттарды, қызметкерлердің есеп айырысу кітапшаларын тексеру.

Тексерілген құжаттарға ревизор штамп қояды. Бір жағынан бәрін күмәнді деп тексерсе, екінші жағынан сыйластық көрсетіп оны мүлдем білдірмеуі қажет.

Тексеру жүргізу реттігі туралы пікірлер әр түрлі болды. Ватсон мен Чэдвик ең алдымен кассаны тексеріп, ал одан кейін қалғандарын тексеру керек десе, Р. Годдард ең алдымен «Бас кітапті» тексеру керек деп айтқан. Тексеру ревизор белгілеген шоттар тізбегі бойынша жүзеге асырылуы керек еді. Осында Годдардтың анықтамасы: «келесі шотқа өтпестен бұрын, алдындағы шот толығымен жойылуы қажет».

Л. Дикси мен Ф. Пикслей бухгалтерлік экспертиза бойынша үлкен еңбектер қалдырған. Ағылшындықтардың ревизорлық жасау мәнері басқа мемлекеттерді таң қалдыратын.

1880 жылы Ұлыбританияның Англия мен Уэльс қалаларында бухгалтерлер институты ашылған. Онда тек қана британдық бухгалтерлер ғана емес, сонымен қатар мандаттық және отар елдердің бухгалтерлері кірген. Бұл мемлекеттер өз тәуелсіздіктерін алғаннан кейін аудиторларды біріктіретін өздерінің ұлттық ұйымдарын ашқан. Англиядағы аудиторлықтың пайда болуын, оның тарихынан және бухгалтерлік есептің пайда болуынан ажыратуға болмайды. В. Т. Бакстер деген ағылшындық автор, есеп жүргізу мен аудитті келесідей 4 периодқа бөліп қарастырған:

  1. классикалық, өзінде ежелгі дүние тарихы мен ортағасырлық нарықты біріктірген;
  2. 1200 - 1850 жылдар аралығы позициялық есептеу жүйесі және екі жақты жазбаның пайда болуы;
  3. 1850 - 1950 экономикалық өмірдің күрт қиындауы, өзіндік құнды калькуляциялау мен аудиторлықтың пайда болуы;
  4. 1950 жылдан бастап есеп беру мен аудит тарихында жаңа кезең басталды.

Ол ЭВМ-дердің артуы, инфляциялық көрсеткіштерді ескеру мен аудиторлық стандарттарға байланысты. Қазіргі кезде 200-ден астам аудиторлық ұйымдар бар.

Франция. Франциядағы аудит пен бухгалтерлік есептің құрылуның тарихи жолы француз мектебінің төрт ғұлама ғалымның еңбектерінде кездеседі: Жан Густав Курсель-Сенель, Леон Сей, Адольф Гильбо, Эжен Пьер Лесте; және оны екі негізгі бағыт бойынша қарастыруға болады.

  1. Элементтер бойынша: капитал, негізгі құралдар, амортизация, үшінші тұлға және нәтиже;
  2. Тарихи периодтар бойынша: ұйымдардың пайда болуы, ұйымның жұмыс атқаруы және қаржылық нәтижені шығару.

Леон Сейдің пікірінше, бухгалтерия болашаққа жолды жарық қылмайды, дегенмен, қазіргі жағдайыңды және қандай жолмен келе жатқаныңды көрсетеді. Есеп жүргізудегі ең негізгісі - бақылау. Тексерудің негізінде сенімсіздік жатыр; бақылаудың ең маңыздысы ол - өзіндік құн. Бәсекелестік бар жерде, нарықтық бағаның ауытқуы бар жерде өзіндік құн шаруашылық өмірдің параметрі болады. Сөйтіп, Л. Сей сол уақыттардың өзінде аудит пен нарықтың «құнын» білген.

Э. Лесте және А. Гильбо есеп жүргізудің 3 функциясы жайлы доктринаны қозғады:

  1. шоттық, объектілерді классификациялау бойынша арнайы логиканы дайындау және т. б. ;
  2. әлеуметтік, сыныптық қызығушылықтады көрсетеді;
  3. экономикалық, есптік ақпараттар арқылы шаруашылық процесстерді басқару;

Англияда акционерлік қоғамдардың шаруашылық жағдайы мен баланстарын тексеру туралы заң қабылданғаннан кейін, 5 жылдан соң, 1867 жылы дәл осындай заң Францияда қабылданып, тексерушілер «Есеп Комиссарлары» болды. Бағалы қағаздарды иемденушілерге, бұл ревизорлық тексерулер, акционерлік қоғамның нақты экономикалық жағдайы жайлы мәліметтер, оның шаруашылық деңгейі жайлы және нақты пайдасы жайлы ақпараттармен қамтамасыз етіліп отыруының кепілдігі болды.

Франциядағы ең көрнекті және атақты бухгалтер-ревизор Эдуард Мишо болды. 1942 жылы бухгалтер-маман және аттестацияланған бухгалтерлер Палатасы пайда болды. Бұл Палата экономика және қаржы министрлігінің қамқорлығында. Олардың негізгі мақсаттары: үкімет алдында қоғам мүдделерін қорғау, жоғары деңгейлі мамандарды, квалификацияланған бухгалтерлерді, ревизорларды және аудиторларды дайындау болып табылады. Палата мүшелері съездтер ұйымдастырып, маңызды және өзекті мәселелерді бірігіп шешіп отырды және олар екі деңгейде басқарылды: ұлттық және аймақтық.

Германия. Неміс мектебінің үлкен жетістіктерінің бірі болып, балансты трактаттау идеясынан, оны анализдеуге көшуі болып табылады. Балансты тереңдетіп зерттеудегі үш бағытты белгілейік: біріншісі және ең нәтижелісі, экономикалық анализді құрастыру. Екіншісі, заңды анализді дамытып, бухгалтерлік ревизияның пайда болуына алып келді. Үшіншісі, акционерлердің баланс жайлы ақпараттармен қамтамасыз етіле бастауы. Бухгалтер - ревизорлар институттары немістердің салт-дәстүрлерінің көмегінсіз емес Ослода, Венада, Будапеште, Цюрихте, Ригада және Гельсинфорста пайда болды. Институт банк қаражаттарынның көмегімен құрылып, жоғары қаржылық капитал иелерінің қызығушылықтарын қарастырған. Бухгалтер - ревизорды «трейгендер» деп атаған. Осы адамдар туралы Герстнер: «Трейгендер дегеніміз - тек қана заңды өкіл ғана емес, ол сонымен қатар сенімді тұлға, дос, кеңесші, көмекші, қысқасын айтқанда - оң қол, сенімді қол, біздің қызметімізді атқаратын, біз үшін жұмыс істейтін тұлға» - деп жазған. Институт жоғары мамандарды дайындауға септігін тигізіді Оларға мынандай міндет жүктелді: «Ревизор тек қана оның ойы мен жүйесі дұрыс секілді, таң қалдыратын заттардан алшақ болуы керек; егер жалпы жұмыс тиянақты және дұрыс істелінген болса, кішкентай қателіктерді мемлекеттік қылмысқа аударуға болмайды; өз ойына қарама - қайшы келетін болса да, өзгелердің ойын тыңдауы керек».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Европа елдеріндегі аудиттің пайда болуы мен дамуы
Аудит даму кезеңдері
Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аудиті
Аудит: әдістемелік маңызы, түрлері
Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы
Аудитті ұйымдастырудың озық тәжірибесі
Континенттік Еуропа елдеріндегі кәсіби аудит ұйымдары (Англия)
Қазақстанда аудиттің алғашқы адымы
Аудиттің пайда болуы мен дамуы
Аудит: мәні, пайда болуы, қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz