Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні



Қазақ халқының ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбаев қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Шығыс тауының баурайындағы Қасбұлақ деген жерде туған. Шыққан ортасы – ауқатты, тобықты руының белгілі ел билеушілері болған. әкесі Құнанбай кезінде болыс, аға сұлтандық қызметтер атқарған. Ал атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай - өз заманының атақты билері.
Құнанбайдан – Құдайберді, Тәңіберді (Тәкежан), Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла (жас кезінде өлген), Ысмағұл деген жеті бала туған. Солардың ішінде Абай жас кезінен-ақ ерекше көзге түсіп, келешегінен үлкен үміт күттірген. Сырт көзге момын және сөзге иланғыш, аңқау Абай жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болады, ертегі-аңыздарды құмарта тыңдайды. әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі-аңыздар – Абай сусындаған халық әдебиетінің алғашқы үлгілері.
Кішірек кезінде ауыл молдасынан аздап сауат ашқан Абайдың әкесі он жасында Семейге оқуға жібереді. Әуелі ол Ғабдул-Жапардың, кейін Ахмет-Ризаның медресесінде оқиды. Болашақ ақын өзімен сабақтас шәкірттерден анағұрлым үздік оқыған. Мектепте жүргізілетін дін сабағын жеңіл меңгеріп, араб, парсы тілдерін үйренеді, бос уақыттында кітап оқуға, өз бетімен ізденуге жұмсайды.
Абай (1845-1904) – қазақтың ұлы ақыны, философы. Абайдың философиялық ой-пікірі ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Абай әйгілі шығыс классиктері Фердауси, Сағди, Ширази, Низами, Навоилардың шығармаларын және ислам философтарының көзқарастарын жетік білді, сонымен бірге ежелгі гректің атақты классигі Аристотельдің философиялық шығармаларымен және Сократтың еңбектерімен толық танысты, В.Г. Белинскийдің еңбектерін көп оқыды. Абайдың дүниетану жолында өткен замандардың кемеңгер философтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып, оларды қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданды. Осы кездегі қазақ қауымын толғандырған басты құдірет, жан мен тән, өмір мен өлім туралы болса, солардың барлығына Абай алға басарлық тұрғыдан жауап беруге тырысты.
1. Абайдың қара сөздер жинағы.
2. “Қазақтың көне тарихы”
3. С.Қирабаев, Ұ. Асыл, Г. Құрманбай, “Қазақ әбебиеті” 10-сынып, Алматы “Мектеп” 2006ж.
4. Ж. Ұлмерек “Абайдың қарасөздерінің тәрбиелік мәні” “Ұлт тағылымы” журналы. 2000ж №1

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәні

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбаев қазіргі Шығыс
Қазақстан облысы, Абай ауданы Шығыс тауының баурайындағы Қасбұлақ деген
жерде туған. Шыққан ортасы – ауқатты, тобықты руының белгілі ел
билеушілері болған. әкесі Құнанбай кезінде болыс, аға сұлтандық қызметтер
атқарған. Ал атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай - өз заманының атақты
билері.
Құнанбайдан – Құдайберді, Тәңіберді (Тәкежан), Абай, Ысқақ, Оспан,
Қалиолла (жас кезінде өлген), Ысмағұл деген жеті бала туған. Солардың
ішінде Абай жас кезінен-ақ ерекше көзге түсіп, келешегінен үлкен үміт
күттірген. Сырт көзге момын және сөзге иланғыш, аңқау Абай жас кезінен
өлең, әңгімеге әуес болады, ертегі-аңыздарды құмарта тыңдайды. әжесі Зере
мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі-аңыздар – Абай сусындаған халық
әдебиетінің алғашқы үлгілері.
Кішірек кезінде ауыл молдасынан аздап сауат ашқан Абайдың әкесі он
жасында Семейге оқуға жібереді. Әуелі ол Ғабдул-Жапардың, кейін Ахмет-
Ризаның медресесінде оқиды. Болашақ ақын өзімен сабақтас шәкірттерден
анағұрлым үздік оқыған. Мектепте жүргізілетін дін сабағын жеңіл меңгеріп,
араб, парсы тілдерін үйренеді, бос уақыттында кітап оқуға, өз бетімен
ізденуге жұмсайды.
Абай (1845-1904) – қазақтың ұлы ақыны, философы. Абайдың философиялық
ой-пікірі ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Абай әйгілі шығыс
классиктері Фердауси, Сағди, Ширази, Низами, Навоилардың шығармаларын және
ислам философтарының көзқарастарын жетік білді, сонымен бірге ежелгі
гректің атақты классигі Аристотельдің философиялық шығармаларымен және
Сократтың еңбектерімен толық танысты, В.Г. Белинскийдің еңбектерін көп
оқыды. Абайдың дүниетану жолында өткен замандардың кемеңгер философтарының
шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып,
оларды қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданды. Осы
кездегі қазақ қауымын толғандырған басты құдірет, жан мен тән, өмір мен
өлім туралы болса, солардың барлығына Абай алға басарлық тұрғыдан жауап
беруге тырысты.
90-жылдар ішінде Абай өзінің бір алуан шығармаларын қара сөзбен
жазған. Оның қара сөздері көркем шығарма түрінде емес, ақынның өзі көрген
өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философлық
түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған. Оның сөлем
құрылымы, сөз саптау өзгешеліктерін де осы мақсатпен туады. Көлемі шағын,
мазмұны, мағынасы ауқымды, терең болып келеді. Кейбіреулері сұрау-жауап
түрінде, өзімен-өзі сырласу, оқырманмен кеңесу түрінде беріледі.
“Ақыры, ойламадым: осы ойыма келген нәрселер қағазға жаза берейін, ақ
қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса,
жасып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз өзімен өзімдікі дедім де, ақыры
осыған бел байладым, енді мұан басқа ешбір жұмысым жоқ”.
“Бірінші сөзде”Абай қара сөз жазудағы өз мақсатын осылай түсіндіреді.
Ол осы “ойына келген нәрселер” туралы жазуды соңғы өмірінің мақсат-мұраты
тұтады. Сол ақыра кейігі ұрпаққа ақыл-өнеге, өсиет, ғибрат қалдыруды
көздейді.
“Сөздерінің” өзінің басты міндеті – 1-сөзінде айтылғандай, “керек кісі
болса, алсын, алмаса, өз сөзім өзімдікі” немесе
Әйтеуір ақсақалдар айтпады деп,
Жүрмесін деп аз ғана сөз шығардық,-
дейді. Сонда адам болып жаратылудың мәні кейінгіге бір сөз, іс қалдыру
болып шығады. Біздіңше әңгімені осы жағынан бастаған дұрыс сияқты. Абай:
жан азығын алу – хайуаннан айырмашылығымыз, - дейді. Жан азығын мол жинаған
адам “асау жүрек аяғын шалыс басса да” өз қатесін түзетер, сөйтіп кейінгіге
сабақ қалдырар деген үлкен қортынды жасайды.
Абайдың жалпы қара сөздерінің саны – қырық бес. Олардың қайсысы болса
да, сол дәуірдегі әулемеииік өмірдің күрделі мәселелерін сөз етуге
арналады. Кейбір сөздері тақырыбы, мазмұны жағынан бірін-бір толықтырып
отырады.
Абайдың оқырманға ой тастап, тереңнен толғаған мәселесінің бірі –
адамның адам болуға үйренуі, естелікке ұмтылуы, кәсіпке мойынсұнуы, дағдыны
дамыту жайлары.
Абай өзінің философиялық көзқарасында: дүниенің, әлемнің объективтік
заңдылығын мойындайды, дүние мен адамзат қоғамы бірқалыпты тұрмай, бейне
бір ағып жатқан судай әрекеттеніп өзгеріп отырады деп таниды. Бұл жөнінде
Абай былай тұжырымдайды: “Дүние бірқалыпты тұрмайды, адамның қуаты, өмірі
бірқалыпты тұрмайды”, “Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел”; “Алдыңғы
толқын – ағалар, артқы толқын – інілер, кезектене бөлінер, баяғыдай
көрінер” дейді.
“Адам, - дейді ол “Он тоғызыншы сөзінде”, - ата-анадан туғанда есті
болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақы, жаманды
таниды дағы. Сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.
Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүргенін кісі өзі де есті болады. Әрбір
естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілердің естіп білген жақсы
нәрселерді ескере, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам
десе болады”.
Адамның естіген, көрген нәрселерін есте сақтап, өзіне өмір серігі ете
білуінің жолдарын ақын “Отыз бірінші сөзінде” айтады: “Естілген нәрсені
ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкрегі байлаулы, берік болмақ
керек, екінші – сол нәрсені естігенде, я көргенде ғибратлану керек,
көңілденіп, тұшынып ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені, ішінен бірнеше
уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төтртінші – ой кеселді
нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек. Ой
кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойынша – көлкішілдік, я бір қайғыға салыну,
я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен
ғылымды тоздыратұғын нәрселер”.
Бұл сөздер Абайдың адам тәрбиесіне, оның жас ұрпақты ойлы, білімді,
есті етіп тәрбиелеу мәселесіне айрықша көңіл қойғанын танытады. Осының
бәрін ақын адам өмірін мазмұнды ету үшін айтады. Ол үшін керек қасиеттер
мен керексіз, адамның жақсы болуына бөгет жасайтын кеселдерді ашып
көрсетеді. Бірлік, тірлік деген сөз ұғымдарының мәнін түсіндіре отырып ол
“Алтыншы сөзінде”: “Бірлік – ақылға бірлік, малға бірлік емес” десе сол
сөздің екінші жерінде: “Ырыс алды – тірлік” дейді. “Ол қай тірлік? Ол осы
жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар.. Жанын қорғап,
жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек
атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады. Тірлік олар
емес, көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да,
көкрегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Ал ол еңбекпен ернбей
жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың.
Кеселді жалқау, қылжақбас,
Әзір тамақ, әзір ас.
Сырты пысық, іші нас,
Артын ойлап ұялмас, -
болып жүріп, тірімін деме, онан да өлімнің өзі артық” дейді. Осы пікірін
ақын “Отыз үшінші” және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақыл-ой тәрбиесіндегі Абайдың көзқарасы, қарасөздерінің тәрбиелік мәні
Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәні
АБАЙДЫҢ ҚАРАСӨЗДЕРІНІҢ СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Абай қарасөздерінің зерттелуі
Ұлы ойшыл Абайдың қарасөздері - қазақ әдебиетіндегі ерекше дара туынды
Абай «Қарасөздерінің» ағылшын тіліне аударылған нұсқасындағы прагматикалық аспектісі, сонымен қатар лексикалық және стилистикалық жағынан қарастырылған сәйкестіктерді анықтау арқылы қазақ аударматану ғылымының дербес теориясы мен практикасына қатысты жалпы тұжырымдар
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Абай Құнанбаев пен Ғабит Мүсірепов нақыл сөздерінің үндестігі
Абай қара сөздерінің сөйлем құрылымы
Пәндер