Кеңқияқ кен орнының топырақ мониторингі


Кеңқияқ кен орнының топырақ мониторингі

Кіріспе

Әдістеме және материалдар

1. Климаттық шарттары

1. 1Жерүсті суларының гидрографиясы мен күйі

2. Геологиялық құрылымы

3. Өсімдік жамылғысы.

3. 1. Өсімдіктердің жалпы сипаттамасы

4. Жануарлар әлемі

4. 1. Жануарлардың жалпы сипаттамасы

5. Топырақ жамылғысының сипаттамасы

5. 1. Жер ресурстарын пайдалану

5. 2. Техногенді бүлінген жерлер

5. 3. Топырақ күйінің анализі

5. 4. Топырақтың химиялық құрамы

6. Топырақ, қалыптасқан жағдайдың анализі

6. 1. Атомды-абсорбциялық спектроскопия әдісі бойынша топырақ

суырындысын даярлау

6. 2. Топырақ құрамындағы заттарды анықтау

6. 3. Мұнай өнімдерін анықтаудың гравиметриялық әдісі

6. 4. Мұнай өнімдерімен ластанған топырақ құрамындағы

күкіртсутекті анықтау

6. 5. Топырақ ылғалдылығын анықтау

6. 6. И. В. Тюрин әдісі бойынша органикалық заттарды анықтау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Нормативті-әдістемелік құжаттар

Қосымшалар

Кіріспе

Топырақ мониторингінің мақсаты - топырақтың сапасына баға беру үшін олардың ахуалы туралы аналитикалық ақпараттар алу. Топырақ мониторингі дегеніміз техногендік әсерге ұшыраған телімдердегі грунттар ахуалының көрсеткіштерін оның мұнаймен және мұнай өнімдерімен, химиялық реагенттермен, тұздармен, ауыр металдармен және т. б. ластануын анықтау. Қоршаған ортаның техногендік ластануын зерттеу экологиялық жұмыстардың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Негізінде техногенездің кез келген түрі қоршаған ортаға оның химиялық сипатын өзгертетін түрлі қалдықтардың шығарылуына байланысты. В. И. Вернадскийдің адамзат басты геологиялық күш болып табылады деген сөзі көбінесе, қоршаған ортаға химиялық заттардың үлкен мөлшерінің шығарылу фактісімен дәлелденеді. Техногендік ластану түрлі деңгейлерде - жергілікті деңгейден ауқымды деңгейге дейін - көрініс табады және тірі организмдерге, сонымен қатар адамға қаупін төндіреді.

Мониторинг жүргізудің басты міндеті - қоршаған ортаға физикалық және химиялық факторлардың әсері, шаруашылық әрекеттің салдарынан қоршаған орта жағдайының өзгеруі және өндірістік процестердің көрсеткіштері туралы тәжірибелік (өлшеуге негізделген) немесе жанама (есептеуге негізделге) мәліметтер алу. Өндірістік мониторинг « Кеңқияқмұнай » мұнай-газ өндіру басқармасында 2002 жылдан бастап жүргізіледі. Өндірістік мониторингті енгізу табиғи орта компоненттерінің жағдайының техногендік өзгеруін бағалауға, бақылауға, ластану деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының « Қоршаған ортаны қорғау » (25 бап) заңына сәйкес табиғатты пайдаланушылар қоршаған ортаға шаруашылық іс-әрекеттердің әсерін бақылау мақсатында өндірістік мониторинг жүргізуі тиіс. Өндірістік мониторинг экологиялық бақылаудың элементі болып табылады. [ 14, 15 ]

Топырақ ұзақ кезең ішінде қалыптасатын құнды күрделі табиғи түзілім болып табылады. Топырақтың антропогендік әсерге шынайы төзімділігі топырақтың меншікті буферлік қасиеттері есебінен әсер етулерді бейтараптандыру және өздігінен қалыптасу процесінде әсер ету салдарын жою, сондай-ақ әсерлерді экожүйе шегінен тыс жерлерге «қашырту» қабілетімен анықталады. Топырақтың негізгі сипаттамасы - топырақтың түзілу процесінде және адамның мақсатты бағытталған әсерлерінен қалыптасатын топырақ құнарлылығы.

« Кеңқияқмұнай » мұнай-газ өндіру басқармасы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ-ның негізгі өнеркәсіптік бөлімшелерінің бірі бола отырып, Кеңқияқ кенорнында мұнай өндіруді, бастапқы әзірлеуді және тасымалдауды жүзеге асырады. Кеңқияқ кенорны Ақтөбе облысы Темір ауданының аумағындағы Темір ауданы орталығының оңтүстігінен 80 км-де және Ақтөбе қаласының оңтүстік-шығысынан 220 км-де орналасқан. Жақын орналасқан елді мекендер - Кеңқияқ мұнай кенорнының тау телімдерімен іргелес жатқан Шұбарши, Саркөл және Кеңқияқ ауылдары. Кеңқияқ кенорнына Бозоба, Көкжиде кенорындары жақын орналасқан, ал Урихтау, Жаңажол, Әлібекмола, Қожасай, Синельников кенорындары біршама алшақ орналасқан. Ең жақын орналасқан ең үлкен ірі өңдеу кәсіпорны - Жаңажол газ өңдеу зауыты.

Кеңқияқ мұнай-газ өндіру басқармасында кен орынның жалпы аумағының, сонымен қатар аса маңызды бөліктеріндегі де экологиялық жағдайды жақсарту жөнінде шаралар жасалып, тұрақты негізде орындалып тұрады. Қоршаған ортаның үйлесімділігін сақтау және оны қорғау акционерлік қоғам үшін қызметтегі алғышарттардың бірі болып табылады.

Кеңқияқ тұз асты және тұз үсті кен орындары бойынша жыл сайын зиянды заттар мен қоқыстың шекті мүмкін көлемдері жобаланады. Өткізілетін экологиялық шаралардың сапасын арттыру үшін қоршаған ортаның мониторингі жүргізіледі. Мұнай -газ өндіру басқармасының қызметкерлері өндірістегі экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша дүркін-дүркін дәріс алып, экология апталықтары мен айлықтарын ұйымдастырады. [ 1]

Әдістеме және материалдар

Өндіріс орнында топырақтың ластану деңгейін бақылап, сынаманы анализге алу және дайындау нормативті-әдістемелік нұсқауларға сай жүргізіледі. (ГОСТ 17. 4. 4. 02-84. Топырақты қорғау. Топырақтар. Химиялық анализге сынаманы алу мен даярлаудың әдісі ) . Топырақ жабыны атмосфералық ауа мен суқоймаға қарағанда буферлік жүйе болып табылады. Сондықтан да топырақты зерттеу әдістері басқа табиғи жүйелердің талдау әдісінен ерекше. Топырақ жабынын табиғи ортада қалпына келтіру үшін жүз жыл қажет, ал жасанды жаңарту қымбат. Топырақ қабықшасы бұл - геомембрана, топырақ атмосфералық ауаның жерасты және жерүсті сапасына әсер ететін функцияны атқарады. Топырақтың функциялары: жердегі өмір функциясы; заттың үлкен және кіші биологиялық айналымының үнемі әсерлесуін қамтамасыз ету. Бұл функцияның мәні барлық элемент циклі және су айналымы топырақ арқылы жүзеге асатындығын білдіреді; атмосфера мен табиғи су құрамын реттеу, топырақ атмосфераға газды жеткізеді және одан сіңіреді. Мысалы: ауа- райы құрғақ болғанда топырақ атмосферадағы SO 2 нің 60 % мөлшерін абсорбциялайды. Топырақ ауыр металдардан пестицидтің жерасты суына миграциясын тоқтатып, оларды ластанудан сақтайды; органикалық зат - гумусты жинақтау; литосфераны тау жыныстарының бұзылуын тоқтататын сыртқы фактор әсерінен қорғау.

Топырақтың беткі қабатының ахуалын бақылау үшін қаралып отырған аймақта табиғатты пайдалану және техногендік әсер ету типін ескере отырып, сынама алу алаңшалары жасалады. Атмосфера арқылы топырақ жамылғысын ластайтын техногендік шығарындылар, көбінесе, топырақтың беткі қабатына жиналатын болғандықтан, сынамалар беткі горизонттан алынады. Сынамалар әрқайсысының салмағы 200 грамнан аспайтын конверт әдістемесімен сынама алу алаңшасындағы екі горизонттан (0-5; 5-20 см) алынды. Техногендік әсерге ұшыраған телімдерден сынама алу кезінде әсер етуі мүмкін ластау көздерінің типі көрсетіледі. Топырақтың химиялық анализі аккредиттелген «Казэкоанализ» зертханасында жүзеге асырылады.

Сынама алу және топырақ анализі бойынша бағдарлама

1-кесте

Сынама алу орны, объект
Анықталатын ингредиенттер, мг/кг
Сынама алу жиілігі
№: 1
Сынама алу орны, объект: Кеңқияқ кенорнындағы 3 нүкте
Анықталатын ингредиенттер, мг/кг:

кальций (Ca), магний (Mg), хлор (Cl), сульфаттар (SO 4 ), фосфаттар (PO 4 ), нитраттар

( NO 3 ) , азот диоксиді (NO 2 )

Сынама алу жиілігі: жылына бір рет
№: 2
Сынама алу орны, объект: Кеңқияқ ауылы
Анықталатын ингредиенттер, мг/кг: карбонаттар (CO 3 ), гидрокарбонаттар (HCO 3 ), кальций (Ca), магний (Mg), хлор (Cl), сульфаттар (SO 4 ), калий (K), мырыш (Zn), қорғасын (Pb), кадмий (Cd), мыс (Cu), никель (Ni)
Сынама алу жиілігі: жылына бір рет
№: 3
Сынама алу орны, объект: Сарыкөл ауылы
Анықталатын ингредиенттер, мг/кг: карбонаттар (CO 3 ), гидрокарбонаттар (HCO 3 ), кальций (Ca), магний (Mg), хлор (Cl), сульфаттар (SO 4 ), калий (К), натрий (Na)
Сынама алу жиілігі: жылына бір рет
№: 4
Сынама алу орны, объект: Өнеркәсіп қалдықтарының полигоны, солтүстік
Анықталатын ингредиенттер, мг/кг: карбонаттар (CO 3 ), гидрокарбонаттар (HCO 3 ), кальций (Ca), магний (Mg), хлор (Cl), сульфаттар (SO 4 ), калий (К), натрий (Na)
Сынама алу жиілігі: жылына бір рет
№: 5
Сынама алу орны, объект: Кеңқияқ ауылы, мұнай тұтқыш
Анықталатын ингредиенттер, мг/кг: карбонаттар (CO 3 ), гидрокарбонаттар (HCO 3 ), кальций (Ca), магний (Mg), хлор (Cl), сульфаттар (SO 4 ), калий (К), натрий (Na)
Сынама алу жиілігі: жылына бір рет
№: 6
Сынама алу орны, объект: Өнеркәсіп қалдықтарының полигоны, мазутталған грунт
Анықталатын ингредиенттер, мг/кг: қорғасын (Pb), кадмий (Cd), мыс (Cu), никель (Ni), хром (Cr), кобальт (Co), марганец (Mn), мышьяк (As), ванадий (V)
Сынама алу жиілігі: жылына бір рет
№: 7
Сынама алу орны, объект: СЗЗ шекарасы кенорны
Анықталатын ингредиенттер, мг/кг: мырыш (Zn), қорғасын (Pb), кадмий (Cd), мыс (Cu), никель (Ni)
Сынама алу жиілігі: жылына бір рет
№: 8
Сынама алу орны, объект: «Кеңқияқ-ЖГӨЗ» мұнай құбырының трассасы
Анықталатын ингредиенттер, мг/кг: мырыш (Zn), қорғасын (Pb), кадмий (Cd), мыс (Cu), никель (Ni)
Сынама алу жиілігі: жылына бір рет

Жабдықтар, аспаптар және материалдар

Сынама алу және анализ жасау үшін төмендегі жабдықтар, материалдар және аспаптар қолданылады:

күректер;

полиэтилен немесе полистирол пышақтар;

топырақ бұрғылар;

тасымалдауға арналған дорба-мұздатқыштар;

шекті жүктемесі 200 және 1000 г жалпылама қолданылатын зертханалық таразылар;

эмаль кюветтер;

әйнек кристаллизаторлар;

0, 25; 0, 5; 3 мм торлы топырақ елеуіштер;

спирт шамдар мен фарфор келісаптар;

яшмадан, агаттан немесе балқытылған корундадан жасалған келісаптар, келілер;

300, 500, 800, 1000 сыйымдылықты тығыздалған тығынды флакондар немесе шөлмек банкілер;

пластмасс шпательдер;

қалақтар;

жеке қорғану құралдары және т. б;

«Shimadru» атомдық-абсорбциялық спектометр;

Agilent 1100 сұйық хроматография жүйесі;

«Цвет-800» хроматографы;

КФК-3 ;

«Флюорат-02-3» сұйық анализаторы.

Казгидромет жүйесінде топырақтың ластану деңгейін бақылау 2 категорияға бөлінеді: ауыл шаруашылық ауданының топырағы және өнеркәсіптік, энергетикалық объектілер ауданының топырағы. Бірінші категория топырағынан үлгіні жылына 2 рет, қыста қар ерігеннен кейін (пестицид қолданғанға дейін) және вегетативті маусымынан кейін ластану деңгейін токсикалығы жоғары пестицид және ауыр метал үшін анықтайды. Екінші категория топырағынан үлгіні жылына 1 рет, көктемде қар ерігенде алады. Бақылайтын территорияда топырақтың мынадай көрсеткіштерін анықтайды : қышқылдық, сульфат, хлорид ионы; жалпы және жылжымалы азот мөлшері, гумус көрсеткіші, микробиологиялық көрсеткіші. Топырақ мониторингінің негізінде мыналар жатыр: топырақтың құнарлығының маңызды көрсеткішін үнемі бақылау, топырақ қасиетінің қалыпты өзгерісін алдын-ала болжау, топырақтағы процестердің маусымдылық динамикасының бақылау әдісін жасау. Топырақта өтетін қалыпты мәселеге гумустың жоғарылауы, қышқылдық және сілтіліктің артуы, эрозия мен топырақ биотасының бұзылуы, тағы басқалар жатады. Кейбір мәліметтер бойынша көптеген топырақ соңғы жүз жылда бастапқы гумус мөлшерінің 30-50 % жоғалтқан. Топырақ қышқылдығының өсуі қалыпты. Ол минералды тыңайтқышты дұрыс қолданбаудан немесе қышқыл жаңбырдың түсуінен болады. Сілтілік артық суланудан, жерасты суының жоғарылауынан туындайды.

Топырақ ерітіндісі

Топыраққа берілетін су қатты және газ тәрізді фазалармен әрекеттесудің салдарынан ерітіндіге ұқсас болады. Топырақ ерітіндісінің топырақ түзудегі маңызы өте зор. Топырақ ерітіндісінде және оның қатысуымен минералдың ұшу және синтезделу, органикалық заттардың үгілу және синтезделу, орган-минерал кешенінің түзілу процестері өтеді. Заттардың топырақ профилімен жылжуы да топырақ ерітіндісімен тығыз байланысты. Оның өсімдік тіршілігіндегі маңызы өте зор. Топырақтың ылғалдылық күйінің айқын көрінетін динамикалығы, ылғалдың жылжымалылығының жоғары дәрежесі топырақ ерітіндісі құрамының өзгергіштігі мен динамикалылығының жоғарғы дәрежесін анықтайды. Топырақ ерітіндісі үш жолмен зерттеледі: тікелей топырақ құрамында, бастырғылар, центрефугалар немесе лизиметрлерді қолдану арқылы топырақтан ерітіндіні бөлу, су сорғыш арқылы.

Бірінші әдіс топырақ ерітіндісінің концентрациясы, Н+, Na+ иондарының активтілігі, тотықтыру-қалыптастыру әлеуеті (Eh) секілді жалпы қасиеттерін зерттеу кезінде қолданылады. Топырақ ерітіндісін далалық зерттеу арнайы электродтарды қолдана отырып, потенциомерлеу арқылы жүргізіледі.

Екінші әдіс топырақ ерітіндісінің мөлшерін, концентрациясын және сапалық құрамын зерттеуде кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, ерітіндіні топырақтан бөлу әдісінің де маңызы өте зор. Топырақ ерітіндісін Н. А. Комаров ойлап тапқан этиль спиртімен ығыстыру әдісі де кеңінен қолданылады. Беткі керілудің төменгі шамасының арқасында спирт топырақтан жұмсақ байланысқан сулармен бірге адсорбцияланған суларды да ығыстырып шығара алады. Сондықтан спиртті топырақтан өткізу арқылы оның құрамындағы ылғалды салыстырмалы түрде толық жоюға болады және ерітілген құрама бөліктерді де зерделеуге болады. [2 ]

Алуан түрлі нұсқаларда (контейнерлер, монолиттер, хроматографиялық колонкалар) жүзеге асырылатын лизиметрлік әдіс те кеңінен таралған. Барлық жағдайларда да әдістің мәні олардың топырақ арқылы өтетін ерітінді немесе ерітіндінің белгілі бір құрама бөліктерін тұтып қалатындығында. Топырақ ерітіндісін зерделеуде су сору әдісі кең тарау алды (топырақтың сумен арақатынасын және олардың өзара әрекеттесу уақытын қатаң сақтаған жағдайда) . Бұл әдісті қазіргі кезде де тұзды топырақтарды зерделеуде қолданады, алайда ерітіндідегіге қарағанда су сорғыдағы жекеленген құрама бөліктердің концентрациясы мен ерітінді мөлшері өзгерек екендігін ұмытпаған жөн. Сонымен қатар су гидролитикалық сілтілік және қышқыл тұздарына гидролиздік әсер етеді, әрі әрекеттесуді елеулі өзгеріске ұшырата алады. [20 ]

Топырақ ерітіндісінің құрамы мен концентрациясы

Топырақ ерітіндісі үнемі топырақтың қатты және газ тәрізді фазаларымен және өсімдіктердің тамырларымен өзара әрекетте болады, сондықтан оның құрамы мен қасиеті жыл маусымдары бойынша су, жылу және биологиялық режимдердің өзгерістері мен өсімдіктердің даму кезеңдеріне тәуелді топырақта өтетін химиялық, физика-химиялық және биологиялық процестердің нәтижесі болып табылады. Топырақ ерітіндісінде молекулярлық немесе коллоидты күйдегі минералдық, органикалық және органо-минералдық қосылыстар, сондай-ақ топырақ ауасының ерітінді газдары болуы мүмкін. Топырақ құрамында минералдық қосылыстардан аниондар мен катиондар болуы мүмкін. Ерітіндіде органикалық қосылыстардан суда еритін органикалық қышқылдар, қанттар, амин қышқылдары, спирттер, ферменттер, әрі өсімдік қалдықтарынан алынатын, әрі биохимиялық процестердің нәтижесі болып табылатын малма заттар болуы мүмкін. Органо-минералдық заттардан гумустық қышқыл тұздарымен және грунттық қышқылды біржарымдық тотықтар кешенінен тұрады. Коллоидтық ерігіш құрама бөліктер органикалық заттардың, кремний қышқылының, темірдің, алюминийдің күлдері түрінде кездеседі және барлық ерітінді заттардың 0, 1-ден 0, 25-ке дейінгі пайызын құрайды.

Әр түрлі топырақтағы топырақ ерітіндісінің құрамында минералдық және органикалық бөлшектердің арақатынасы жағынан да, құрама бөліктерінің әрбір тобын құрайтын сапасы жағынан да айырмашылықтары болады. Тіпті бір топырақтың шегінде ерітінді профилі бойынша біртекті емес, яғни генетикалық горизонттардың қасиеттері мен құрамындағы айырмашылықтары айқын көрінеді. Батпақ топырағының ерітіндісінде органикалық заттар басым болса, қарашірікте органикалық және минерал қосылыстары басым болады. Барлық топырақтарда профилі бойынша төменге қарай ерітіндіде минералдық заттардың құрамы арта түседі. Топырақ ерітіндісінің құрамын зерделеу топырақта өтетін процестерді түсінуге және өсімдіктердің даму шарттарына баға беруге үлкен мүмкіндік береді. Ерітіндінің көптеген құрама бөліктері, мысалы, СО 3 , Сl аниондар және олармен байланысты Na, Mg катиондар аз мөлшерде де өсімдіктерге улы әсерін тигізеді. Сутегі, алюминий және хлорид түріндегі кальций де улы. Ерітіндідегі нитрат азоты мен фосфат ионының мөлшеріне қарай өсімдіктердің азотпен және фосфатпен қоректенуі туралы, ал ерітіндідегі осы маңызды қорек элементтерінің ауытқуына қарай олардың жұмылуы туралы баға беруге болады.

Топырақ ерітіндісінің концентрациясы көптеген топырақтарда, көбінесе, миллиграммен, ерітінді заттар сирек жағдайларда граммен, литрмен сипатталады және ол тек кейде тұзды топырақтарда 100 грамнан 1 литрге дейін артады. [21 ]

Ластану дәрежесі бойынша топырақтардың классификациясын топырақтағы химиялық заттардың шекті мөлшер концентрациясы (ШМК) бойынша және олардың фондық құрамы бойынша жүргізеді.

Топырақты ластану дәрежесіне қарай :

  1. қатты ластанған;
  2. орташа ластанған;
  3. әлсіз ластанғандеп бөліп қарайды.

Қатты ластанғандарға құрамындағы ластаушы заттардың шекті мөлшер концентрациясы бірнеше есе артық, химиялық ластаулар әсерінен биологиялық құнарлылығы төмен, физика-механикалық, химиялық және биологиялық сипаттамалары едәуір өзгеріске ұшыраған топырақтар жатады, соның салдарынан өсетін дақылдардың құрамындағы химиялық заттардың мөлшері белгіленген нормадан артық болады.

Орташа ластанғандарға құрамындағы ШМК-сі артық, бірақ топырақтық қасиеттері көп өзгеріске ұшырамаған топырақтар жатады.

Әлсіз ластанғандарға құрамындағы химиялық заттардың мөлшері ШМК-дан аспайтын, бірақ табиғи фоннан сәл жоғары топырақтар жатады.

Топырақтың химиялық ластаушы заттарға төзімділік дәрежесі зерттеліп отырған топырақтың ластаған нақты химиялық ластаушы затқа немесе заттар тобына арақатынасы бойынша бағаланады. Сонымен қатар, төмендегі заттарды ажырата білу қажет:

  1. топырақта қышқылдық-сілтілік және тотығу-қалыптасу шарттарын туындататын және осылайша жалпы топырақтық-геохимиялық жағдайға әсер ететін педохимиялық активтік заттар. Олар, көбінесе, топырақтың сапасы мен құнарлылығын әлсірететін микроэлементтер мен олардың қосылыстары;
  2. бірінші кезекте ағзаларға (микрофлораға, өсімдіктерге, жануарларға) әсер ететін биохимиялық активті заттар;
  3. өздерін атмосфералық ауаға, өсімдікке, грунттық және жерасты суларына көшіре алатын формада болатын заттар.

Топырақтағы бақыланатын көрсеткіш ол екі топқа жіктеледі: химиялық және биологиялық көрсеткіштер. Химиялық көрсеткіштерге жатады: қышқылдық және негіздік қасиет. Биологиялық көрсеткішке топырақ биотасының жойылуы жатады. Бұл көрсеткіш топырақтағы негативті процестерді алдын-ала болжау үшін қажет.

Химиялық ластаушы заттарға төзімділік дәрежесі бойынша және қайтарымды реакциясының сипаты бойынша топырақты:

  1. өте төзімді;
  2. орташа төзімді;
  3. әлсіз төзімді деп бөледі.

Топырақтың химиялық ластаушы заттарға төзімділік дәрежесі төмендегі негізгі көрсеткіштермен сипатталады:

  1. топырақтың гумустық күйі;
  2. негізгі қышқылдық күйі;
  3. тотықтыру-қалыптастыру қасиетттері;
  4. катиондық зат алмасу қасиеттері;
  5. биологиялық активтілігі;
  6. грунт суларының деңгейі;
  7. топырақ құрамындағы ерітінді түріндегі заттардың үлесі.

Топырақтың химиялық ластаушы заттарға төзімділігін бағалау кезінде төмендегі көрсеткіштерді ескеру қажет:

  1. топырақ қасиеттерінің маусымдық немесе қысқа мерзімдік (2-5 жыл) өзгерістерін сипаттайтын және құнарлылықты болжауға, тыңайтқыштар мен пестицидтерді маусымдық енгізу, суғару және өзге де ағымдағы жылдық өнімді арттыру шаралары бойынша ұсыныстарға байланысты топырақ жамылғысының ағымдағы күйіне баға беру үшін қажетті көрсеткіштер. Топырақ қасиеттерінің қысқа мерзімдік өзгерістері, ылғалдылық динамикасы, рН шамасы, топырақтың қоректік заттарының құрамы бойынша диагностикаланады;
  2. 5-10 және одан да артық жылдар ішінде көрінетін, ластану салдарынан топырақ қасиеттерінің өзгеруінің қолайсыз тенденцияларын көрсететін көрсеткіштер. Оларға гумустың мөлшері мен қорын кезеңдік өлшеу, гумин қышқылдары көміртегінің фульвақышқыл көміртегіне қатынасы, топырақтың эрозиондық шығындары, зат алмасу катиондарының құрылымдық күйі, құрамы, жалпы сілтілігі, тұздардың өлшемі жатады.
  3. топырақ қасиеттерінің қолайсыз өзгерістерінің дамуының ерте диагностикасының көрсеткіштері, бұл көрсеткіштер топырақ сулы-тұзды, тотықтырғыш-қалыптастырғыш және қышқылдық-сілтілік режимдерінің биологиялық тестілері, микроморфологиялық бақылаулары, анализдері үшін жарамды.

Қауіптілік дәрежесіне қарай химиялық ластаушы заттар үш класқа бөлінеді:

1 - қауіптілігі жоғары заттар;

2 - қауіптілігі орташа заттар;

3 - қауіптілігі төмен заттар.

Химиялық заттардың қауіптілік класы кестеге сәйкес үш көрсеткіштен төмен емес белгіленеді

2-кесте

Көрсеткіш: Көрсеткіш
Қауіптілік класының нормалары: Қауіптілік класының нормалары
Көрсеткіш: 1-
Қауіптілік класының нормалары: 2-
3-
Көрсеткіш: Уыттылық ЛД50
Қауіптілік класының нормалары: 200-ге дей н
200-ден 1000-ға дейін
1000-нан жоғары
Көрсеткіш: Топырақтағы персистенттілік, ай
Қауіптілік класының нормалары: 12 жоғары
6-дан 12-ге дейін
6-дан төмен
Көрсеткіш: Топырақтағы ШМК мг/кг
Қауіптілік класының нормалары: 0, 2 төмен
0, 2-ден 0, 5-ке дейін
0, 5-тен жоғары
Көрсеткіш: Миграция
Қауіптілік класының нормалары: көшеді
әлсіз көшеді
көшпейді
Көрсеткіш: Өсімдіктердегі персистенттілік, ай
Қауіптілік класының нормалары: 3 және одан артық
1-ден 3-ке дейін
1-ден төмен
Көрсеткіш: Ауылшаруашылық өнімдерінің тағамдық құндылығына әсері
Қауіптілік класының нормалары: күшті
бірқалыпты
жоқ

Шығарындылардан, төгінділерден, қалдықтардан топыраққа түсетін химиялық заттарды қауіптілік класына жатқызу

3-кесте

Қауіптілік класы: Қауіптілік класы
Химиялық заттар: Химиялық заттар
Қауіптілік класы: 1
Химиялық заттар: Мышьяк, кадмий, сынап, селен, қорғасын, мырыш, фтор, бенз(а) пирен
Қауіптілік класы: 2
Химиялық заттар: Бор, кобальт, никель, молибден, мыс, сурьма, хром
Қауіптілік класы: 3
Химиялық заттар: Барий, ванадий, вольфрам, марганец, стронций, ацетофенон

Ластану дәрежесі мен ластанулардың топырақ қасиетіне әсер ету дәрежесі

Топырақтардың ластану концентрациясының коэффициентін Н с

Н с = С / С ф немесе Н с = С / С шмк

формуласы бойынша есептейді

мұндағы С - ластаушы заттардың жалпы мөлшері

С ф - ластаушы заттардың орташа фондық мөлшері

С шмк - ластаушы заттардың шекті мөлшер концентрациясы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай өндіру, тонна
ҚҰМКӨЛ КЕН ОРНЫН РЕСУРСТЫҚ ҚОРЫ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Жаңажол кен орнында суландыруды классикалық түрде пайдаланудың тиімділігін зерттеу
Қоршаған ортаны қорғау жайлы ақпарат
КЕҢҚИЯҚ МҰНАЙ КЕН ОРНЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ
Қаратобе кен орнының мұнай ұңғымалары
Қазақстандағы мұнай өндірісі
Кеңкияқ тұз асты кен орнында карбонатты қабаттарды көмірсутекті сұйықтықпен жару
Геологиялық бөлім
Ұңғымалар қоры күйі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz