Журналистикаға барар жолдағы алғашқы ізденістер


ЖОСПАР
КІРІСПЕ: . . . 1
І тарау. Журналистикаға барар жолдағы алғашқы ізденістер……… . . . 4
ІІ тарау. Жас журналистің шығармашылығындағы жанрлық, стильдік, тақырыптық ерекшеліктер . . . 23
ҚОРЫТЫНДЫ: Журналист - өмір тамыршысы . . . 49
Сілтемелер көрсеткіші . . . 51
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 55
І ТАРАУ
Журналистикаға барар жолдағы алғашқы ізденістер
Теория керек! Ең алғашқы мақалам Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінде «Керімбай баба кім болған?» (18. 02. 99) деген атпен жарық көрді. Мақалада ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бастапқы кезінде өмір сүрген, оңтүстік аймағына аты шыққан болыс Керімбай Бұралқыұлына қатысты тарихи әділетсіздіктің күні бүгінге дейін түзеле қоймағаны туралы жазылған. Кеңес үкіметі жылдарында Керімбай болыстың есімі, ел-жұртына сіңірген ерен еңбегі бүгінгі ұрпақтарынан қасақана жасырылып келген. Ал ол кісінің қазақ балаларына арнап ашқан мектебіне Карл Маркстың есімі берілген. Тек еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Тараз қаласындағы № 12 орта мектебі Керімбай болыстың есімімен атала бастаған. Алайда Керімбай Бұралқыұлы туралы түсінік жұмыстарын жүргізу деңгейінің өте төмен болғандықтан баба тұлғасынының жас ұрпақ зердесінде, тіпті қылаяғы ол кісінің есімі берілген білім ұясының шәкіртерінің жадында да сомдалып, даралана қоймаған. Бұған әрі мектеп алдында сол кезде Керімбай Бұралқыұлының емес, пролетариат көсемі Карл Маркстың ескерткіші тұрғаны да кері әсерін тигізді. Сол кезде аталған мектептің 7-сынып оқушысы ретінде бұл әділетсіздік мені де жиі толғандыратын. Міне, осы мәселе қалалық баспасөз бетінде көтеріліп, нақты іс-шараның қабылдануына, яғни 125 жылдық тарихы бар мептептің негізін қалаған балыстың есімін ұрпақ жадында қалыптастыруға, тарихи әділеттілікті, ақиқатты қалпына келтіруге үлкен септігін тигізді. Яғни, мақала әу бастағы мақсатына жетті. Бір атап өтерлігі, газет бетіндегі жарияланым облыстық, қалалық әкімшілікті, мектеп басшылығын бей-жай қалдырмады. Яғни, резонанс тудыру, ой салу, кемшілікті түзету қызметін толық атқарды деуге болады. Журналистің ең басты жеңісі, әрі міндеті - жазылған жайдың, проблеманың аяқсыз қалмауы. Демек, ол мақала жариялап қана қоймай, сол мәселенің түйіні шешілгенге дейін қадағалап, керек болса қал-қадарынша оған өз үлесін қосқаны жөн. Мақаланың басты мақсаты - сынау, мінеу емес, сол сыннан нәтиже шығару. Бұл тұрғыдан алғанда мен өз мақсатыма жеттім деп айтуға болады. Біріншіден, мектеп алдындағы Карл Маркс ескерткіші алынып, Керімбай Бұралқыұлының мүсіні қойылды. Екіншіден, мектепте баба есімін жаңғыртуға, шәкірттерге танытуға бағытталған көптеген шаралар қолға алынды. Үшіншіден, «Керімбай Бұралқыұлы» атындағы арнайы қор құрылды. Төртіншіден, жыл сайын 1-желтоқсанда Керімбай болыстың туған күнін атап өту туралы шешім қабылданды. Мақалада сөз болған проблеманың өзекті екені сөзсіз. Өйткені, Кеңес дәуірі тұсындағы тоталитарлық жүйенің кесірінен қазақтың талай-талай марқасқа перзенттерінің есімдері көмескіленіп, ұмыт бола жаздағаны жасырын емес. Бұл олқылықтың орнын толтырып, тарихи шындықты жаңғырту бүгінгі ұрпақтың негізгі міндеті екені де даусыз. Мақала бір жағынан насихаттық қызмет атқарса, енді бір жағынан ой салу, кемшілікті түзеу функциясын атқарып тұр. Мақала сонысымен құнды.
Тауман Амандосов мақала жанры туралы былай деп жазады: «Мақала жанрының баспасөздегі орны мен рөліне қарай оны үлкен екі салаға бөлген жөн. Оның біріншісі - баспасөздің жай мақалалары, екіншісі - газет пен журналдардың бас мақалалары. Баспасөзде жарияланатын жай мақалалар жергілікті орындарға не директив, не нұсқау бермейді. Жай мақалалар белгілі бір идеяның негізінде туып, соны көпке таратып, насихаттайды, теориялық жайларды түсіндіреді. Баспасөз бетіндегі жай мақалалар проблемалық, публицистикалық, насихаттық болып үшке бөлінеді». / Т. Амандосов «Қазақ совет баспасөзінің жанрлары». 112 бет/
Әрі проблемалық, әрі насихаттық бағытта жазылған деп «Ұлттық тағамдарымызды ұлықтасақ ұтамыз немесе ішімдік абырой таптырмас» («Жамбыл-Тараз», 21. 06. 02) деген тақырыпта жазылған мақаланы атауға болады. Мақаланың көтеріп отырған проблемасы - бүгінде қоғамдық дертке айналған маскүнемдік мәселесі. Әрине, бұл мәселе жазылудан кенде емес. Баспасөз бетінде жиі жазылып жауыр болған мәселені қайта қозғауымызға тепсе темір үзетін қазақ жігітінің мас болып, тапа-тал түсте көшеде көлденеңдеп жатып алғаны түрткі болды. Мақаладан үзінді келтірейік:
«Намысымызды қамшылағаны да сол, оның ұлты. «Ішу бізден қалған» деп көкитін орекеңдердің немесе өзге ұлт өкілдерінің үй-жайы жоқ бірен-сарандары болмаса, көшенің қақ ортасында дәл осылай «дамылдап жатқанын көрмейсің. Неге? Сонда өз жасында от болып жанатын зіңгіттей жігіттің шоқ болып бықсып, мұншалық пұшайман күй кешуіне не себеп болды екен? Тепсе темір үзер ердің осыншалық езілгені қалай?»
Темірбек Қожакеев мақала жанрының өзіндік белгілерін топтастыра келе: «Мақала ойды жалпыдан жалқыға қарай өрбітеді» /Т. Қожакеев «Жас тілшілер серігі». 102 бет/ - деп жазады. Жалпы ойымыз жоғарыда көрсетілді, жалқы ойымыз мынау:
«Толғағы жеткен осынау мәселенің күрмеуін шешуге биылғы жылды «Денсаулық жылы» деп жариялаған Елбасымыздың жарлығының да себі тиері анық. Алтынға бергісіз «зор байлығымызды» сақтаумен қатар, қашанда ауруға шипа, дертке дауа болар ұлттық тағамдарымызды да жаңғыртқан жөн-ақ. Қайсыбір күні бұл тілегімізді облыс әкімі Серік Үмбетовтың өзі де дөп басып, салиқалы сөз айтқан болатын. Яғни, әкімнің айтуынша, үстіміздегі жылы қаламыздағы бірен-саран қымызханалардың саны едәуір өсетін көрінеді. Қуанарлық жайт. Қала көшелерінде ақбоз үйлердің көптеп бой көтеруі ұлттық болмысымызды айрықша айшықтап, көне шаһардың мерейін үстем етері даусыз». /C/
Мақаланың насихаттық мақсаты мына жолдардан аңғарылады:
«Бұған қосарымыз, ұлттық сусындарымыз - қымыз бен шұбатты тек қымызханаларда ғана емес, сондай-ақ мектеп пен жоғары оқу орындарының асханаларында, жалпы қоғамдық тамақтану орындарында да арзан бағамен сатылса игі еді».
Мақаланың эмоциямен, албырттықпен жазылғаны байқалады. Дегенмен, оны мектеп оқушысы жазып отырғанын ескерер болсақ, мұны кемшілікке телуге де болмас.
Баспасөз - кемшілік атаулыға қарсы күрес құралы ғана емес, ол сондай-ақ жақсы істердің жаршысы да. Газет сөзіне имандай иланатын оқырмандарды жақсы, жағымды жаңалықтардан да хабардар етіп отыру қалам ұстаған «жауынгердің» міндеті. Мұндай мақсатта жазылған мақалалар оқуға да оңай, әрі жанға да жағымды келеді. Балалар мен жасөспірімдердің республикалық «Ұлан» газетінде жарық көрген «Көне Тараз жасара түсті» (23. 07. 02. №30) атты мақалада 2000 жылдық торқалы тойын атап өткелі жатқан Тараз қаласында жүргізілген игі іс-шаралар жайлы сөз болған. Мақала тақырыбына қойылатын талаптардың бірі - оның мазмұнды әрі қызықты болуы керектігі белгілі. Тақырыптың оқырманды «шақырып» тұрғаны ләзім. Жоғарыда көрсетілген тақырып бұл талаптардың үдесінен шыға білген. Яғни, көне қаланың жасарып, жасанып жатқаны кім-кімді де енжар қалдырмасы анық. Әрі мақалада қолданылған тұрақты тіркестер, теңеулер оның шырайын кіргізе түскен. Мәселен:
«Қазірде тарихтың мұзбалағы, тарлан қала Тараздың мерейлі мерекесінің жоғары деңгейде өтуіне тарихшы-ғалымдар, әдебиетші-драматургтер, сондай-ақ, сәулетшілер барын салып, тау-тау құмнан түйір-түйір алтынды аршып алғандай аянбай еңбек етуде» - деген сөйлемде «тарихтың мұзбалағы», «тарлан қала», «тау-тау құмнан түйір-түйір алтынды аршып алғандай» деген бейнелі сөздер сәтті қолданылады. Жалпы, мақаланың өн бойында осы тектес көркем сөздер орайымен, орнымен пайдаланылған. Мысалы мынадай:
- «көз тігіп, құлақ түріп»,
- «пышақтың қырындай»,
- «тамырына қайта қан жүгіріп, қабырғасына құрылысшы қолы тиді»,
- «аққудай сыланып, тоты құстай таранып»т. б.
Сайып келгенде, мақаланың тілі жеңіл. Сөйлем құрылыстары жинақы, жұп-жұмыр. Балалар газетіне лайықталып жазылған. Сөз, ой қайталау секілді кемшіліктер жоқ деуге болады. Сауатты редакциялау процесінен өткені байқалады. Жалпы, журналист сөздің құрамын, тілдің байлығын, грамматикасын жетік меңгеруі тиіс. Әрбір сөздің өз орны, өз орайы болатынын да ескеруі керек. Әрі мақаладағы сөйлемдер неғұрлым ықшам болғаны жөн. Мұндай талаптарды әсіресе, балалар басылымдарына мақала жазатын қаламгерлер қатаң сақтағаны абзал. Өйткені, балалардың талғамынан шыға білу оңай шаруа емес. Бала - әсершіл, сенгіш әрі не нәрсені де жылдам қабылдағыш келеді. Сондықтан балаларға арналған ақпарат құралдарының тәлім-тәрбиелік қызметі өте жоғары деңгейде болуы тиіс. Бүгінде балаларға арналған қазақ тіліндегі газет-журналдардың көптеп шығып жатқаны қуантарлық жайт. Кешегі Кеңес заманында да балаларға арналған ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі алабөтен болды. Өйткені ұрпақ тәрбиесі ұлт ертеңінің қандай болатынына байланысты болатыны анық. «Ұлан», «Балдырған», «Ақ желкен» секілді газет-журналдарды ұрпақ санасын сәулелендіріп, ойын озық ететін, ұлттық тәрбиеде тәрбиелейтін «ұлы мектеп» деуге болады. Бүгінде есімдері елге белгілі ақын-жазушылардың барлығы дерлік осы мектептен шыңдалған. Бір қуанарлығы, осы сабақтастық бүгінде заңды жалғасын тауып келеді.
Құпия жазу» /«Ұлан», 23. 07. 02. №30/ атты мақала жас оқырмандарды жамандықтан жиренуге, тек жақсы істермен шұғылдануға, имандылық жолымен жүруге үндейді. Дегенмен, ол ақыл айту мақсатында жазылмаған. Онда нақты дерек, дәйекке сүйене отырып, қызықты, жұмбақ оқиғалар жайлы баяндалады. Оны талдамас бұрын үзінді келтірейік:
«Осыдан екі ай бұрын Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Сызған ауылында тұратын Жақып Рүстемов ағамыздың қорасында қой төлдеді. Қозының оң жақ бүйірінде «Мұхаммед», сол жақ бүйірінде «Алла» деген арабша жазуы бар. Жазудың тайға таңба басқандай анық оқылатыны жайлы ақпарат құралдары жарыса хабарлады. Жұрт «ойпырымай-ә» десіп үлгермейінше, осы жайт Жамбыл облысы, Талас ауданының тұрғыны Манап Ахметовтың қорасында да қайталанды. Алланың құдыреті шексіз екеніне куә болдық». /С/
Мақалада сөз болған жұмбақ жайттар балаларға да, үлкендерге де ой салады. Тек ой салып қана қоймай, игі істерге жетелейді. Оның актуальдылығы сонда. Ол әрі ақпараттық функцияны да қоса атқарып тұр. Оны мына жолдардан байқауға болады:
«Көнекөз қариялардың айтуынша, Түркістан-Мағыстау-Әулиеата-Жетісу киелі белдеуінде мұндай көріністер жиі байқалған екен. Соның бір мысалы, қасиетті Құрбан айт қарсаңында Павлодардағы зәулім мешіттің түнгі көрінісінен түсірілген сурет. Фотосуретші Николай Петровтың алты суретінің бірінде мешіт үстіндегі айдың ту сыртынан жарықтар тізбегі анық көрінеді. Жұлдыз тәрізді жарықтар тізбегінің арасын қосып көргенде, араб тілінде «Алла» және «Мұхаммед» жазулары шыққан. Мұндай таңқаларлық деректер көрші өзбек, қырғыз елдеріне де таныс екен». /С/
Мақала ықшам әрі оқуға жеңіл етіп жазылған. Баспасөздің тілі мен стиліне, мақала жанрына қойылатын қысқалық, ықшамдылық секілді талаптар сақталынған.
Тәуелсіз Қазақстанның баспасөзінде жиі-жиі көтеріліп жүрген ұлтқа, елге қатысты өзекті мәселелер өткен ғасырдың басында жарық көрген баспасөзде де кең көрініс тапқаны белгілі. Мәселен, «Азаттық рухының күміс қоңырауы» атанған «Қазақ» газетінің 102 санында Ыдырыс Оразалыұғлының «Ов» туралы» деген мақаласы жарияланған болатын. Мақалада адамның тегіне қосақталып жүрген «ов», «ев», «ин» секілді жалғаулардың орнына «ұғлы», «қызы» деп жазу керек деген ұсыныс айтылған. Бұл мәселе күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтқан емес. «Жамбыл-Тараз» газетінде (20. 11. 02) «Ойтүрткі» айдарымен жарық көрген «Біздің кім болғанымыз?» атты мақалаға тап осы өткір мәселе арқау болған. Осы мақаладан үзінді келтіре кетсек:
«Елбасымыз 1996 жылдың 2 сәуірінде «Ұлты қазақ азаматтарының тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» жарлық шығарған болатын. Яғни, бұл құжат бойынша әрбір қазақ азаматы байырғыдан қалыптасқан тарихи дәстүрімізге сәйкес өздерінің аты-жөндерін дұрыс жазуға мүмкіндік алған-ды. Осы заң қабылданғалы 5 жыл, нәтижесі - мардымсыз». / «Жамбыл-Тараз», 20. 11. 01/
Ал 1915 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған мақалада басқарма тарапынан мынадай пікір айтылған:
«Шын қазақша айтқанда, Оразалының Ыдырысы деп жазу керек еді, бірақ біз өзге халықтарға еліктеп, әуелі атымызды, онан кейін фамилия жазып жүрміз. Сондықтан бұл үйреністі бұзбай-ақ орысша «ов», «ев», «ин», «ина»-ны тастап, мұнан кейін «ұғлы», «қызы», «қатыны» деп жазуды лайық көреміз. Мұны жазушылар да ескеруі лайық». /C/
Егемендік алғалы еліміз арғы-бергі тарихын түгендеуге кірісіп, ұлт ретінде ояну кезеңін бастан кешірді. Тоталитарлық жүйенің жымысқы саясатының кесірінен теперіш көрген тілімізді, дәстүрімізді қайта қалпына келтіру, азаттық жолында азап көріп, тәуелсіздік үшін тәуекелге барған небір біртуар перзенттеріміздің есімін кейінгі ұрпақ жадында жаңғырту мақсатында көптеген игі іс-шаралар жасалды. Мұндай игілікті шаруадан қазақ баспасөзі де тыс қалған жоқ. Баспасөз беттерінде ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау мақсатында көптеген жалынды, өткір мақалалар жарық көрді. Соның бірі «Ескіні есіңе алмай, жаңа жадыңа түспейді, десек те . . . » / «Жамбыл-Тараз», 24. 08. 01 / атты мақала. Онда Тараз қаласындағы теміржол бекетінің алдында әлі күнге дейін Лениннің ескеркіші тұрғаны жайлы айтылған. Сол кезде 2000 жылдық мерейтойын атап өткелі жатқан көне шаһардың қақпасының дәл алдында пролетариат көсемінің асқақтап тұрғаны көзге шыққан сүйелдей болғаны рас. Мақала ой білдіру, пікір қосу мақсатында жазылған.
«Меніңше, ендігі тұста, егеменді еліміздің биік тұғырларында кешегі күн көсемдер емес, қазақтың өр рухын айқындап тұрар нағыз асылдарымыздың асқақтап тұрғаны жөн-ау». /C/
Бір қуаныштысы, бұл тілегіміз орындалып, елдің елеулі тұлғалары тұғырға «қонды». Тараз қаласының орталық алаңында ондаған жыл асқақтап тұрған Ленин ескерткіші алынып, Бәйдібектей бабамыздың ескерткіші қойылды. Бір өкініштісі, қуанышымыз ұзаққа бармай, мұндай ескеркіштер вандализмның құрбаны болды. Бұл жайлы жергілікті басылымдар күйіне отырып жазды. Солардың бірі «Бәйдібек баба ескерткішіне тиіспесе екен» деген тақырыппен қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінде жарық көрген мақала. Онда былай делінген :
«Бүгінде елімізде СПИД-тен де сұсты «дерт» дерт өршіп келеді. Ол - вандализм. Айдың-күннің аманында ақырзаман орнағандай ескерткіштер былай тұрсын, қорымдардың тонала бастағаны Адамдықтың қай арнасына сыйған?! Сірә, хайуан екеш хайуан да мұндайға бармас болар». //
Журналистің мақсаты - бір келеңсіз жағдай жайлы жаза отырып, оның екінші қайталануына жол бермеу, алдын алу. Керек болса, сол іске журналистің өзі де белсене атсалысқаны жөн. Өйткені журналист тек шығармашылық адамы ғана емес, ол халықтың жоқшысы, ол - теріс пиғылдыларды тузеуші, ол - қоғамдық тәртіпті қорғаушы да бола білуі абзал. Сайып келгенде, журналистің портретін сомдағанда оған «қоғамға қолғабыс етуші шығармашылық адамы» деген анықтама беруге болады.
Г. Лазутина: «Қоғамдық мәселелерді айқындауда журналистік көзқарас шынайы әрі нақты дәлелдерден тұруы тиіс. Журналист көзқарасы өмірлік тәжірибесі мен ізденістерінен айқындала түседі» - деп жазады. /«Профессиональная этика журналиста», Москва. Аспект-пресс баспасы 2000 жыл, 29 бет / Яғни, журналистің көзқарасы қоғамда маңызды роль атқарады. Ол қай кезде де халықтың мүддесімен үндес болуы керек. Дегенмен, өз ұлтыңның мүддесін көксеймін деп жүріп, журналист өзгенің құқына қол салып, оның ар-намысына нұқсан келтіріп алмауы тиіс. Біреуді асқақтамын деп жүріп, біреуді кемсітпеуі керек. Журналист пікірі - қашан да обьективті пікір. Ол әлдебір оқиғаға баға берерде фактілердің бұрмаланбауына жіті көңіл аударғаны жөн. Ағылшын жазушысы Герберт Уэльс: «Мен түзу жүріп, тек түзу жүруге машықтандым. Өйткені бұл мақсатқа жетудің бірден-бір жолы» - деп жазады. /Рендальдың кітабынан алынды/ Міне, осындай қағидаларды берік ұстанған журналист те өз ісінің шебері бола алады.
Журналист әрі билік пен халық арасын жалғаушы «көпір» іспетті. Американдық медиа-магнат Уильям Херст айтпақшы: «Журналистер - өркениет дамуының орасан зор күші. Олар соғыс та жариялайды, саясаткерлерді де тағайындайды және оларды қызметінен алып тастай алады». /C/ Демократиялық қоғамда журналистің пәнменділігі жоғары болатыны рас. Журналистиканы биліктің төртінші тармағы ретінде қарастыратыны сондықтан. «Газеттерді жеке адамдар, ірі корпорациялар басқарады. Дегенмен, баспасөз бостандығы халыққа қызмет етеді» / Д. Рендаль, «Универсальный журналист», 13 бет /.
«Қара қытай қаптаса, сары орысты досым дерсің» («Жамбыл-Тараз», 25. 01. 02) атты мақалада саяси, әлеуметтік, жалпы қоғамдық мәселеге сыни тұрғыдан баға беріледі. «Қытайға келгенде тізгінді тартып ұстағанымыз жөн» деген пікір айтылады. Жұрттың «Тараз қаласында қытай базарының ашылуына жол берілмеуі тиіс» деген талап-тілегін облыс басшылығының қаперіне жеткізу мақсаты да көзделген. Нәтижесінде облыс, қала әкімшіліктері бұл мәселеге дер шағында араласып, қытай саудагерлерінің қала орталығынан базар ашуына жол бермеді. Мақаладан үзінді келтірейік:
«Абырой болғанда, жұртты сабыр сақтауға шақырған облыс әкімі Серік Үмбетов Таразда қытай базарының ашылуына рұқсат берілмегендігін мәлімдеп, біраздан бері ел мазасын кетірген қауесетке соңғы нүкте қойды». /С/
Демографиялық дағдарыс үстінде тұрған іргедегі көршіміз қытайлардың қазақ жеріне көптеп келуі шын мәнісінде қауіпті фактор. Сондықтан бұл тақырып қашанда журналист назарынан тыс қалмауы тиіс. Мақаланың салмағын арттырып тұрған деталь - онда халық жазушысы әрі Парламент Мәжілісінің депутаты Шерхан Мұртазаның пікірі берілгендігінде. Шерхан Мұртаза - ірі қайраткер, әрі халықтың қалаулысы, сүйікті жазушысы. Оның пікірі кім-кімді де қызықтыратыны, иландыратыны әрі өтімді болатыны рас. Сондықтан оқушы пікірінен гөрі, аузы дуалы, сөзі уәлі тұлғаның пікірі халыққа да, билік өкілдеріне де маңызды. Мақалада Шерхан Мұртазаның бір ауыз пікірі былай берілген:
«Қазақстанға қытайдың келуін қауіп көрген бірқыдыру халық қалаулыларын да бұл жайт бей-жай қалдырмаса керек-ті. Таяуда қаламызға іссапармен келген депутат, халық жазушысы Шерхан Мұртаза бұл мәселеге өзінің қарсы екенін: «Қара қытай қаптаса, сары орысты досым дерсің» - деп бірауыздан мақалдата білдірген-ді». /C/
Бұдан кейін осы жолдардың авторы өз тарапынан да пікір қосып, жоғарыда айтылған ойды әрі қарай өрбітіп, дамыта түседі:
«Дуалы ауыз Шерағаңның бұл сөзінде жан бар-ау, ертең қытай келіп қылық ашса, бұрыннан қоян-қолтық аралас орекеңді ыстық көрмей қайтеміз?! Ал біздің қытайдан сақтанатын жайымыз бар-ау. Өз жерінде сыйыспай, құмырсқадай қаптаған көршіміздің кетпенін бассақ, ертең сабы басымызға тимесіне кім кепіл? Қайткенменде, жылқы да тістерінде тісін көрсетпейді емес пе?»
Мақалада пайдаланған теңеу сөздер мен тұрақты тіркестер мәселенің өткір әрі өзекті екендігін айқындай түскен. Мәселен мынадай:
- «Жаймашуақ күнде күркіреген найзағайдай»;
- «Желдей ескен сыбыстың желқайығында жүрген ел»;
- «Мұрнының ұшындағы батпанқұйрықтан ауыз тию»;
- «Құмырсқадай қаптаған»
- «Тақиясына тар келу»
- «Санасы санға, ойы онға бөліну»;
Сөйлемдерді ойнақы әрі оқуға жеңіл жасау үшін төмендегідей мақал-мәтел, нақыл сөздер де орнымен қолданылған:
- «Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды»;
- «Кетпеннің ұшын бассаң, сабы басыңа тиеді»;
- «Жылқы да тістерінде тісін көрсетпейді»;
Сөздердің орын тәртібі қалай болуы керектігі журналистің, жазушының еркіндегі мәселе емес. Дұрыс құрылған сөйлемді оқуға да жеңіл. Әрі оқырманға әсері де ерекше болады. Лев Толстой: «Сөз суреткерлерінің шеберлігі - керекті сөзді тауып қолдана білуінде» /C/ деген. Сөйлем құрауда сөзді дұрыс орналастыруды шеберлік деп тану үшін де, сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап жазу үшін де қазақ тілінің ережелері мен әдеби стильдің заңдылықтарын жетік білу шарт.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz