Кәсіби бағыттаудың ғылыми негіздері туралы түсінік



Кіріспе
1. Кәсіби бағыттау теориясы
1.1. Кәсіби бағыттаудың ғылыми негіздері туралы түсінік
1.2. Жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағыттылығының принциптері
1.3. Жоғары сынып оқушыларының кәсіби өзіндік айқындалуы
2. Кәсіби бағыттау методологиясы
2.1. Кәсіби ақпарат беру
2.2. Жоғары сынып оқушыларына кәсіби кеңес беру
2.3. Кәсіби бағыттау мақсатында оқушы тұлғасын зертеу
3. Кәсіби бағыттауда мектеп пен отбасы байланысы
4. Қорытынды
Кәсіби бағыттау – күрделі кешенді мәселе.
Қарқынды техникалық прогреске байланысты, парманентті білім беруге байланысты, бұқаралық ақпарат құралдарынын дамуына байланысты, ресурстарды тиімді қолданудын қажеттілігіне байланысты кәсіби бағыттау – адамның жеке тұлғалық ерекшеліктерін пайдалануына, дамуына жағдай жасау, өмір ағымына тез бейімделе алатындай білім беру, еңбекке үйрету, қоғамға пайда әкелумен қатар жеке ұмтылыстарын жүзеге асыруға жол ашу.
Кәсіби бағыттау әлеуметтік тапсырысты педагогикалық іс-әрекет арқылы орындайды. Кәсіби бағыттаудың негізгі міндеті – халқына пайда тигізер азамат қалыптастыру.
Кәсіби бағыттау – оқушыларды еңбекке баулу, оларды кәсіб таңдауға дайындау негізінде жүргізілетін оқу-тәрбиелеу үрдісінің құрамдас бөлігі.
Мектептің басты міндеттерінің бірі – оқушыларды белсенді еңбек және қоғамдық іс-әрекетке, кәсіпті саналы таңдауға дайындау. Бұл мәселе оқудың еңбек тәрбиесімен тығыз бірлікте жүзеге асуымен шешіледі. Оқушы денсаулығы, жас және жеке бас ерекшеліктері қоғам сұранысы мен ғылыми-техникалық прогресс талаптарына сәйкес болуы қажет.
Бүгінгі таңда қоғам дамуына байланысты кәсіби бағыттау мәселесі әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан қарастырылуы тиіс.
Кәсіби бағыттау жұмысында қоғам сұранысы ескеріледі, себебі өмір ағымы өзгергіш, ауыспалы.
Қоғамымыз әр азамат «өз қабілеттері бойынша» жұмыс істеуіне, яғни қоғамға берерін барынша жоғары мөлшерде өндіруіне мүдделі болып отыр.
Кәсіби бағыттау «кім боламын» деген мәселені ғана емес, «қандай боламын» деген мәселені де шешуі тиіс. Ол үшін жеткіншек таңдаған мамандығын сүюі қажет. Себебі, тек сүйікті іс қана адамға бақыт сезімін сыйлай алады. Мұндай сезімдерге толы іс өнімді болады, маман саналы түрде еңбекқорлық, тәрбиелілік көрсетеді.
Крупская Н.К. өзінің «Кәсіп таңдау» (1925 жыл) атты мақаласында еңбектің табысты, өмірдің шаттыққа толы болуы адамның мамандыққа ғашық болуынан басталатынын жазған.
Педагогикалық ықпал жас жеткіншекті еңбекке деген шығармашылық қатынасқа үйретуі керек.
Макаренко А.С. шығармашылық еңбек адам кәсібіне махаббатпен қатынас жасаса, саналы түрде одан ләззат алса, өз еңбегінің пайдасы мен қажеттілігін түсінсе, еңбегін тұлға ретінде шыңдалуы деп тапса ғана жүзеге асады деген.
1. Басов Н.Ф., Басова В.М., Кравченко А.Н. Социальный педагог. – М., 2006.
2. Воробьева Т.А. Профориентация в школе. – Ленинград, 1973.
3. Воробьев Г.Г. Школа будущего начинается сегодня. – М., 1991.
4. Захаров Н.Н. Профессиональная ориентация школьников. – М., 1988.
5. Йовайша Л.А. Проблемы профессиональной ориентации школьников. – М., 1983.
6. Климов Е.А. Психология профессионального самоопределения. – М., 2004.
7. Климов Е.А. Как выбрать профессию. – М., 1994.
8. Люблинская «Жоғары сынып оқушыларының даму психологиясы»., Алматы - 1991
9. Макаренко А.С. Воспитание в труде. – М., 1957.
10. Пифогор. Полное собр.соч. в 4 т. М., 1970, том ІІ.
11. Сахаров В.Ф., Сазонов А.Д. Профессиональная ориентация школников. – М., 1982.
12. Тихомирова Е.И. Самореализация школьников в коллективе. – М., 2005
13. Федоришина Б.А. Система профинформационной работы со старшеклассниками. – Киев, 1988.
14. Шакурова М.В. Социальное воспитание в школе. – М., 2004.
15. Черникова Т.В. Профориентация старшеклассников. – Волгоград, 2006.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
1. Кәсіби бағыттау теориясы
1. Кәсіби бағыттаудың ғылыми негіздері туралы түсінік
2. Жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағыттылығының принциптері
3. Жоғары сынып оқушыларының кәсіби өзіндік айқындалуы
2. Кәсіби бағыттау методологиясы
1. Кәсіби ақпарат беру
2. Жоғары сынып оқушыларына кәсіби кеңес беру
3. Кәсіби бағыттау мақсатында оқушы тұлғасын зертеу
3. Кәсіби бағыттауда мектеп пен отбасы байланысы
4. Қорытынды

Кәсіби бағыттау – күрделі кешенді мәселе.
Қарқынды техникалық прогреске байланысты, парманентті білім беруге
байланысты, бұқаралық ақпарат құралдарынын дамуына байланысты, ресурстарды
тиімді қолданудын қажеттілігіне байланысты кәсіби бағыттау – адамның жеке
тұлғалық ерекшеліктерін пайдалануына, дамуына жағдай жасау, өмір ағымына
тез бейімделе алатындай білім беру, еңбекке үйрету, қоғамға пайда әкелумен
қатар жеке ұмтылыстарын жүзеге асыруға жол ашу.
Кәсіби бағыттау әлеуметтік тапсырысты педагогикалық іс-әрекет арқылы
орындайды. Кәсіби бағыттаудың негізгі міндеті – халқына пайда тигізер
азамат қалыптастыру.
Кәсіби бағыттау – оқушыларды еңбекке баулу, оларды кәсіб таңдауға
дайындау негізінде жүргізілетін оқу-тәрбиелеу үрдісінің құрамдас бөлігі.
Мектептің басты міндеттерінің бірі – оқушыларды белсенді еңбек және
қоғамдық іс-әрекетке, кәсіпті саналы таңдауға дайындау. Бұл мәселе оқудың
еңбек тәрбиесімен тығыз бірлікте жүзеге асуымен шешіледі. Оқушы денсаулығы,
жас және жеке бас ерекшеліктері қоғам сұранысы мен ғылыми-техникалық
прогресс талаптарына сәйкес болуы қажет.
Бүгінгі таңда қоғам дамуына байланысты кәсіби бағыттау мәселесі
әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан қарастырылуы тиіс.
Кәсіби бағыттау жұмысында қоғам сұранысы ескеріледі, себебі өмір ағымы
өзгергіш, ауыспалы.
Қоғамымыз әр азамат өз қабілеттері бойынша жұмыс істеуіне, яғни
қоғамға берерін барынша жоғары мөлшерде өндіруіне мүдделі болып отыр.
Кәсіби бағыттау кім боламын деген мәселені ғана емес, қандай
боламын деген мәселені де шешуі тиіс. Ол үшін жеткіншек таңдаған
мамандығын сүюі қажет. Себебі, тек сүйікті іс қана адамға бақыт сезімін
сыйлай алады. Мұндай сезімдерге толы іс өнімді болады, маман саналы түрде
еңбекқорлық, тәрбиелілік көрсетеді.
Крупская Н.К. өзінің Кәсіп таңдау (1925 жыл) атты мақаласында
еңбектің табысты, өмірдің шаттыққа толы болуы адамның мамандыққа ғашық
болуынан басталатынын жазған.
Педагогикалық ықпал жас жеткіншекті еңбекке деген шығармашылық
қатынасқа үйретуі керек.
Макаренко А.С. шығармашылық еңбек адам кәсібіне махаббатпен қатынас
жасаса, саналы түрде одан ләззат алса, өз еңбегінің пайдасы мен
қажеттілігін түсінсе, еңбегін тұлға ретінде шыңдалуы деп тапса ғана жүзеге
асады деген.

Кәсіби бағыттаудың ғылыми негіздері туралы түсінік
Кәсіби бағыттау – күрделі кешенді мәселе.
Ол методтары мен мазмұны бойынша психологиялық-педагогикалық және
медициналық-физиологиялық, іс-әрекет аумағы бойынша әлеуметтік мәселе, ал
оның нәтижелері экономикалық өмірге әсер етеді. Түрлі саладағы ғалымдар бұл
тсінікке түрліше анықтама береді. Педагогикалық ғылымдар өкілдері кәсіби
бағыттауды оқушылардың өз қызығушылықтары, икемділіктері, қабілеттері,
психологиялық, физиологиялық ерекшеліктері және әлеуметтік қажетіліктеріне
сәйкес мамандық таңдуына байланысты мектеп, отбасы, педагогикалық ұжымның
қызметі деп есептейді.
Психологтар кәсіби бағыттауды қоғам сұранысы мен жеке қабілеттерін
есепке ала отырып өскелең ұрпақтың мамандық тандауына көрсетілетін
психологиялық-педагогикалық және медициналық көмектер жүйесі деп
қарастырады.
Кәсіби бағыттау мәселесі қарқынды зертеліп, қолға алынған 70 жылдары
Славакиядағы Братислава қаласында өткен ЮНЕСКО конференциясында кәсіби
бағыттауға мынадай анықтама береді: Қарқынды техникалық прогреске
байланысты, парманентті білім беруге байланысты, бұқаралық ақпарат
құралдарынын дамуына байланысты, ресурстарды тиімді қолданудын
қажеттілігіне байланысты кәсіби бағыттау – адамның жеке тұлғалық
ерекшеліктерін пайдалануына, дамуына жағдай жасау, өмір ағымына тез
бейімделе алатындай білім беру, еңбекке үйрету, қоғамға пайда әкелумен
қатар жеке ұмтылыстарын жүзеге асыруға жол ашу.
Бұл анықтама кәсіби бағыттаудың негізгі мәнін аша алады. Кәсіби
бағыттау әлеуметтік тапсырысты педагогикалық іс-әрекет арқылы орындайды.
Педагогикалық әдебиеттерде кәсіби бағыттауға түрлі анықтамалар беріледі.
Барлық анықтамалардын негізгі ойы: кәсіби бағыттау – кәсіп таңдауда өскелең
ұрпаққа көрсетілетін мақсатты бағытталған көмек. Бұл – оқушылардың кәсіби
қызығушылықтарын, қабілеттерін айқындау мен қалыптастыру мақсатында
қолданылатын принциптер, формалар, әсер ету методтары мен тәсілдер жинағы.
Кәсіби бағыттаудың негізгі міндеті – халқына пайда тигізер азамат
қалыптастыру.
Кәсіби бағыттау – оқушыларды еңбекке баулу, оларды кәсіб таңдауға
дайындау негізінде жүргізілетін оқу-тәрбиелеу үрдісінің құрамдас бөлігі.
Мектептің басты міндеттерінің бірі – оқушыларды белсенді еңбек және
қоғамдық іс-әрекетке, кәсіпті саналы таңдауға дайындау. Бұл мәселе оқудың
еңбек тәрбиесімен тығыз бірлікте жүзеге асуымен шешіледі. Оқушы денсаулығы,
жас және жеке бас ерекшеліктері қоғам сұранысы мен ғылыми-техникалық
прогресс талаптарына сәйкес болуы қажет.
Бүгінгі таңда қоғам дамуына байланысты кәсіби бағыттау мәселесі
әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан қарастырылуы тиіс.
Кәсіби бағыттау жұмысында қоғам сұранысы ескеріледі, себебі өмір ағымы
өзгергіш, ауыспалы. Он жылдан соң бір мамандық жойылады, екінші мамандықтың
мазмұны өзгереді, үшіншісі жаңадан пайда болады. Бұл кәсіби бағыттау
мамандық болашағын ойластыруы керек деген сөз.
Қоғамымыз әр азамат өз қабілеттері бойынша жұмыс істеуіне, яғни
қоғамға берерін барынша жоғары мөлшерде өндіруіне мүдделі болып отыр.
Оқушының кәсіп таңдаудағы ағаттығы рухани азғындауына, белсенділігінің
төмендеуіне, денсаулығының нашарлауына әкеледі.
Көптеген мектеп бітірушілер бір мамандық туралы армандайды, бірақ
басқасын таңдайды. Мұның себебі – оқушылардың өз психологиялық және
физиологиялық мүмкіндіктерін білмеуінде.
Педагог, психолог және дәрігерлердің ұжымының бірлігі арқылы кәсіби
бағыттаудың келесі міндеттерін шешуге болады:
1) оқушының қызығушылығы, қабілеті мен денсаулығына байланысты мамандыққа
жарамдылығын анықтау;
2) ағзаның жылдам тозуына әкеліп соғатын кәсіп таңдаудан қорғау;
3) белгілі бір сырқат анықталған жағдайда оқушының зияны тимейтін
мамандық таңдауына көмектесу.
Кәсіби бағыттаумен айналысатын педагог мынадай психологиялық-
педагогикалық түсініктерді білуі керек:
Қызығушылық – белгілі бір нәрсені тануға және игеруге деген ұмтылыс, оған
деген тұлғаның эмоциялық бояуға толы қатынасы. Кәсіби қызығушылық еңбек
әрекетінің бір түріне қызығушылық ретінде қарастырылады.
Икемділік – белгілі бір еңбекке ынтығу. Икемділік объектіге деген
белсенділік және эмоциялық бояумен қатар жүретін іс-әрекет.
Қабілет – белгілі бір еңбек әрекетін орындауға қажет тұлғаның
психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.
Кәсіби қызығушылық, икемділік, қабілет динамикалық бірлікте, бірін-бірі
толықтыра, нығайта түседі.
Кәсіби мақсат – кәсіби таңдау ретінде оқушы санасында қалыптасқан кәсіби
қызығушылықтың даму кезеңі.
Тұлғаның кәсіби бағыттылығы –өмірдегі шындыққа деген таңдау сипатындағы
адамның әрекетіне әсер ететін қатынас.

Оқушылардың кәсіби бағыттылығының принциптері:
Саналылық принципі. Адам мамандықтың психологиялық және физиологиялық
талаптарың, еңбек жағдайын, еңбек төлемін мамандықты игеру оқу орындарын,
маман ретінде өсу мүмкіншіліктерін, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын білу
керек. Жас жеткіншек тандаған мамандығы бойынша өзін сынақтан өткізіп,
ұзақ жылдар бой сол кәсіппен айналыса алатындығына көзі жетуі тиіс.
Дербестік принципі. Алдын-ала оқушының қабілеттерін, икемділіктерін,
қызығушылықтарын анықтап алып, мектеп, отбасы, кәсіби оқу орындары, өндіріс
күштері жұмыла оқушыға белгілі бір кәсіби бағыт беруі қажет. Педагогикалық
жетекшілік пен қадағалаудың ролі зор, дегенмен соңғы шешімді оқушы өзі
қабылдайды, өзі таңдау жасайды.
Таңдау еркіндігі принципі еңбек пен қоғам сұранысына, жеке психологиялық
ерекшеліктер мен денсаулыққа сәйкес жүзеге асады. Мемлекетіміз қоғам
мүддесін есепке ала отырып, әрқайсымыздың таңдауымыздың тең және
еркіндігіне кепілдік береді. Кәсіп таңдаудағы жеке және қоғамдық мәселелер
тұлға және қоғам мәселелерінен тыс қарастырылмайды.
Кәсіп таңдау еркіндігі кездейсоқтық немесе кәсіби өзіндік айқындауды
қадағалаусыз қалдыру емес.
Мамандық таңдау еркіндік пен қажеттілік бірлігінде, яғни саналы
қажеттілік ретінде қарастырылады. кәсіби бағыттау жұмысы идеологиялық,
саяси, еңбек, адамгершілік қасиеттерінің адам бойында қалыптасуымен де
байланысты. Оқушы тұлғасында мамандыққа деген тұрақты қызығушылық
қалыптасуы керек.
Оқушылардың кәсіби айқындалу еркіндігі педагогикалық басшылықта
жүргізіледі.
Жасөспірім өз қабілттерін, белгілі бір саладағы икемділіктерін білуі
мүмкін, бірақ дұрыс таңдау жасай алмауы ықтимал. Таңдау – күрделі
психикалық іс-әрекет. Істің салдары қандай болатындығын, қайда алып
келетіндігін білу өте қиын. Ушинский К.Д. айтуы бойынша, егер де
мамандығыңызды сәтті таңдап және оны жан-тәніңізбен сүйсеңіз, онда бақыт
Сізді өзі іздеп табады. Мұндай сөздер мамандық таңдаудың қандай үлкен
жауапкершілікті талап ететнін ерекше сездіртеді.
Оқушы мамандықты өзі таңдауы тиіс. Кәсіп таңдауда саналылық, дербестік
және еркіндік қажет. Нақты мүмкіншіліктер мен шектеулерді ескере отырып,
жағдайды жан-жақты қарастырып таңдау жасау – ең дұрысы. Оқушы білуі тиіс:
ҚАЖЕТ, ЖАСАЙ АЛАМЫН, ҚАЛАЙМЫН.
Өзіндік айқындалу түсінігін ерекше ажыратып айту керек. Себебі оқушы
өмір жолын өзі салатындығына сенімді болуы қажет. Оқушының мұндай ұстанымда
болу педагогтың кәсіби шеберлігіне деген талапты күшейтеді: дербес,
белсенді адам санасын басқару әлжуаз, өз пікірі жоқ адам санасын
басқарудан қиын.
Педагог – мектептегі қоғам өкілі. Егер педагог оқушылардың болашақ
мамандық субъектілері ретінде дамуына басшылық етуден бас тартып, осындай
күрделі үрдісті кездейсоқтыққа салса, бұл педагогтың қоғам алдында, халық
алдында кәсіби борышын орындамауы деп есептеледі.
Адам бойындағы кәсіби сапалар табиғи болуы мүмкін, бірақ көп жағдайда
кәсіби сапа жүре қалыптасады немесе тұлға маман ретінде ашыла бастайды. Бұл
үрдіс адамның тәрбиеленуі, білім алуы, өз әрекетін ұйымдастыруы арқылы
жүреді. Педагогтың белсенділігімен бірге оқушының ниеті қажет.
Кәсіби айқындалу – адамның еңбек субъектісі ретінде толысып, даму
әрекеті, оқушының кәсіби айқындалуының нәтижесі – оның кәсіп таңдауға
дайындығы, кәсіби өмір жолын жобалауға қабілеттілігі.
Оқушының өзіндік айқындалу кезінде мамандықты өзі таңдағанын (ешкімнің
қысымынсыз) толық саналы түрде мойындауы – ең басты нәтиже. Кәсіби
айқындалу – адамның дамуына шектеу қою немесе кәсіби шектеу емес,
керісінше, шексіз даму мүмкіншіліктерін іздеу. Бұл бір күнде істелетін іс
емес, ұзақ, көп жылдық үрдіс. Ол түрлі жас кезеңінде түрлі мақсаттарға,
мазмұнға ие.
Жоғарғы сынып оқушысы үшін кәсіби айқындалудың нәтижесі нақты, жағымды
эмоцияғатолы жоба болып табылады.
Оқушы кәсіби жолындаңы жақын болашақта жасайтын қадамдарын белгілейді:
кәсіби білім алу формасын таңдау, оқу орнын таңдау.
Кәсіби айқындалуды басқарып отырған педагог үшін нәтиже болып оқушының
саналы түрде өз бетінше кәсіби болашағын таңдауы есептелді. Бұл таңдау
адамзаттың ортақ құндылықтары мен әлеуметтік нормалармен үйлесімде болуы
керек.
Педагог және мектептен басқа әлеуметтік құрылымындағы орны ерекше,
сонымен қатар кәсіби айқындалу үрдісіне үлкен әсер ететін топтар бар:
отбасы, құрбы-құрдастар, денсаулық сақтау мүшелері, бұқаралық ақпарат
құралдары, әдебиет және өнер туындылары, ғылыми, ғылыми-методикалық
мекемелер, қоғам басқару мүшелері.
Өскелең ұрпақтың кәсіби айқындалуына басшылық ету үшін жас ерекшелік,
дифференциалды психология, мамандықтар психологиясы, болашақ маман ретінде
оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін топтық және жеке жүргізілетін жұмыстар
жүйесінің әдістемесі сияқты білім салаларынан хабардар болған жөн.
Оқушылардың болашақ мамандықты таңдауы – тек психологиялық-педагогикалық
емес, сонымен қатар әлеуметтік-саяси мәселе.
Кәсіби бағыттаудың саналылық, дербестік, таңдау еркіндігі принциптерін
ұстану оқушылардың дұрыс мамандық таңдауына ықпал етеді. Кәсіпті дұрыс
таңдау – еңбектегі қанағат сезімінің алғышарты. Дұрыс жасалған таңдау
мынадай өндірістік нәтижелерге жетуді қамтамасыз етеді: кәсіпті жылдам
игеру, кәсіби шыңдалуға ұмтылу, еңбек тәртібінің нығаюы, т.б. Қате таңдау
адамның көптеген қабілеттерінің жасырын қалуына, дамымауына әкеледі, кәсіп
игеруде көп уақыт жоғалтады, денсаулығы төмендейді, т.б.
Кәсіби бағыттауды ұйымдастыруда диагностикалық және тәрбиелік аспект бар.
Олар бір-бірімен тығыз байланысты, өзара шарттастықта жүзеге асады.
Диагностикалық аспектте белгілі бір мамандыққа, еңбек түріне бағыттау
үшін тұлғаның жеке қасиеттері мен сапасын айқындау жұмыстары жүргізіледі.
Бұл мақсатта оқушыларды зерттеудің келесі методтарын қолдануға болады: жеке
ісі, медициналық тексеру нәтижелері, сынып журналы, шығармашылық жұмыстар,
т.б.; оқушының мектептегі, қоғамдық орындардағы, отбасындағы тәжірибелік іс-
әрекетін талдау; сауалнама; әңгіме; тестілеу; педагогикалық эксперимент.
Оқушы тұлғасын терең, әрі жан-жақты зерттеу үшін бірнеше методтарды қатар
қолданған жөн. Диагностикалық аспект кәсіптің адамға өте жоғары талап
қойғанында ерекше қажет (ғарышкер, ұшқыш, музыкант, суретші, су астын
зерттеуші, т.б.).
Тәрбиелік аспект диагностикалық аспектпен тығыз байланысты. Кәсіп
таңдаудағы кәсіби қызғушылық, икемділік, қабілеттілік, бағыттылық, мотивтер
зерттеліп болған соң, оқушыларды кәсіпке бағыттылығын нығайту мақсатында
тәрбиелік іс-шаралар ұймдастырылады.
Таңдалған кәсіп адамға аса жоғары талап қоймаған жағдайда тәрбиелік
аспект ерекше белсенді жүзеге асуы керек, яғни таңдалған мамандықты сүюге,
еңбек тәрбиесін күшейтуге байланысты іс-шаралар өткізіледі.
Кәсіби бағыттау кім боламын деген мәселені ғана емес, қандай
боламын деген мәселені де шешуі тиіс. Ол үшін жеткіншек таңдаған
мамандығын сүюі қажет. Себебі, тек сүйікті іс қана адамға бақыт сезімін
сыйлай алады. Мұндай сезімдерге толы іс өнімді болады, маман саналы түрде
еңбекқорлық, тәрбиелілік көрсетеді.
Крупская Н.К. өзінің Кәсіп таңдау (1925 жыл) атты мақаласында
еңбектің табысты, өмірдің шаттыққа толы болуы адамның мамандыққа ғашық
болуынан басталатынын жазған.
Педагогикалық ықпал жас жеткіншекті еңбекке деген шығармашылық
қатынасқа үйретуі керек.
Макаренко А.С. шығармашылық еңбек адам кәсібіне махаббатпен қатынас
жасаса, саналы түрде одан ләззат алса, өз еңбегінің пайдасы мен
қажеттілігін түсінсе, еңбегін тұлға ретінде шыңдалуы деп тапса ғана жүзеге
асады деген.
Мемілекеттік деңгейдегі бұл мәселеге тек мұғалімдер күші жетпейді,
себебі олар кез-келген мамандық туралы ақпаратты біле бермейді.
Мектеп өндірістік кәсіпорындардың, құрылыс, ауыл шаруашылығының, оқу
орындарының көмегін пайдалануы керек. Білмеген нәрсені сүю, оған
қызығушылық таныту қиын. Мектеп бағдарламасы өмірмен, еңбекпен таныстыруға
қажет ақпаратқа бай.
Белгілі бір оқу пәніне деген тұрақты қызығушылық кәсіп таңдауға,
танымдық қызығушылықтарды дамытуға ықпал етеді. Жоғары мазмұндағы кәсіпке
деген қызығушылықтың қалыптасуы студент үлгерімінің жақсаруына әкеледі.
Оқу процессінде мұғалімдер оқушыларды еңбекке деген психологиялық
дайындықтан өткізеді, еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелейді.
Кәсіби бағыттау жұмысында ауыл және қала мектептерінің ерекшеліктері
міндетті түрде ескерілуі керек.
Дұрыс таңдау оқушыға шығармашылықпен еңбек етуге, еңбек өнімділігін
жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Мамандық тандауға әсер ететін сегіз жағдай.
1. Балаға ең жақын адамдар тобы – отбасы мүшелері. Отбасы мүшелерінің
көзқарас, пікірлері баланың мамандық таңдауына үлкен әсер етеді.
Кейбір ата-ана бала үшін өздері шешім қабылдайды. Бала тілегін
ескермей, мамандық тандауды өз қолдарын алады. Баласының сөзін тыңдап,
қабілеттері мен икемділігіне қарай кәсіпке бағыттап, жүйелі жұмыстар
жасайтын, мәселені сауатты шеше алатын ата-аналар тағы бар. Қорыта
айтқанда, жанұяны мамандық таңдауда инициативаны балаға беретін және
инициативаны өзіне алатын деп екіге бөліп қарастыруға болады.
2. Оқушы үшін достарының көзқарастары өте маңызды. Достық арқылы достар
бір-біріне ықпал етеді. Қызығушылықтары ортақ сипатқа ие бола
бастайды. Мектеп кезінде бір партада отырып жан дос болған балалардың
бүгінгі таңда бірдей архитектор, мұғалім немесе суретші болып
жатқандары аз емес.
3. Мамандық тандауда мұғалім, әсіресе сынып жетекші үлкен роль ойнайды.
Себебі, мұғалім – ол адамтанушы, жантанушы маман. Мұғалім оқушыға
бағыт-бағдар береді, саналы, еркін тандау жасауына көмектеседі.
4. Оқушы болашақ мамандығын тандай отырып ойша болашақ өмірінің суретін
салады. Жеке кәсіби жоспарды құру үшін келесі жағдайлар ескерілуі
тиіс:
• негізгі мақсат (мен не істеймін, қоғамдық үлеске қандай үлес
қоса аламын, қандай боламын, кіммен боламын, қайда боламын, неге
жетемін, өмірімдегі арман-мақсаты, не істегім келеді, т.б.);
• жекелеген нақты мақсаттар тізбегі (іс- әрекеттің бірінші аймағы,
мамандық, жұмыс, еңбек күшін сыннан өткізу, қайда оқимын, оқуды
тамамдаған соң бірінші жұмыс орным, шеберліктің шыңдалу
мүмкіндіктері, маман ретінде өсу);
• жуық арада орындалатын мақсаттарға жету жолдары (анықтамалық
әдебеиеттерді зертеу, білімді адамдармен әңгімелесу, өзін-өзі
жетілдіру, кәсіби оқу орнына оқуға тапсыру,т.б.);
• мақсатқа жетудің сыртқы шарттары (қиындықтар, мүмкін болатын
кедергілер, белгілі бір адамдардың теріс ықпалы, т.б.);
• мақсатқа жетудің ішкі шарттары (оқушының жеке мүмкіншіліктері,
денсаулығы, оқуға деген қабілеті, табандылық, төзімділік,
тәжірибелік немесе теориялық жұмысқа икемділігі және берілген
мамандыққа қажетті жеке қасиеттер, т.б.);
• мақсатты жүзеге асыруды кенеттен пайда болған кедергілер болған
жағдайда қосымша жоспардын болуы (конкурстан өтпесем, осы
мамандық бойынша х оқу орнына тапсырамын,т.б.).
5. Қабілет жайлы ой қозғағанда мәселе онын жоғары немесе төмендігінде
емес. Қабілет – адамның жеке психологиялық ерекшеліктері.
6. Қоғам құрметіне ие болуға деген ниет. Адамдар арасында манызды орын,
қызыметке ие болу туралы арман-ойлар, ниет кез-келген оқушыда болады.
Оқушы өзінің және жолдастарының жетістіктері мен сәтсіздіктерін дұрыс
салыстыруға, адал қатынас жасауға дағдылануы қажет.
7. Ақпараттандырылғандық. Оқушы мамандық мұхитында қай бағытта жүзіп келе
жатқандығын білу қажет.
8. Қабілеттер мен қызығушылықтар. Қабілет – объектіге танымдық, белсенді
қатынасы, бір нәрсені қалауы бойынша сүйіп істеу, адамның сол салада
рухани және білек күшін аянбай жұмсауы. Қабілет болған жерде
қызығушылық та болады. Қызығушылық - танымдық әрекеттің оянуы.
Қабілет пен қызығушылық іс-әрекет кезінде айқындалады, сонымен қатар
қалыптасады.
Мамандық таңдауда оқушылар мынадай қателер жасайды.
1. Оқушылардың бірден басқарушылық қызыметті армандауы.
2. Мамандықты достардың тікелей немесе жанама ықпалмен таңдау.
3. Адамға деген сүйспеншіліктің мамандыққа деген сүйспеншілікке ауысуы.
4. Мамандыққа жеңіл-желпі көңіл көтеру әдісі ретінде қарау.
5. Мамандық туралы ескі көзқарастар, ескірген білім.
6. Өз қабілеттерін, икемділіктерін, жарамдылығын білмеуі.
7. Өз кемшіліктерін, физикалық қабілеттерін дұрыс бағаламау.
8. Белгілі бір мамандық туралы теріс көзқараста болу.

Кәсіп түрлерін топтау. Профессор Климов Е.А. кәсіпті еңбек құралы
бойынша бөледі:
Адам – адам – еңбек құралы – адамдар (мұғалім, әлеуметтік жұмыскер,
дәрігер, жолсерік, т.б.).
Адам – техника – еңбек құралы – машина, компьютер, аппарат, т.б.
(автожүргізуші, оператор, т.б.).
Адам – табиғат – еңбек құралы – жер, су, өсімдіктер, жануарлар
(геолог, биолог, диқаншы, агроном, т.б.).
Адам – белгілер жүйесі – еңбек құралы – шартты белгілер, формула,
сөздер (бухгалтер, корректор, программист, т.б.).
Адам – көркем бейне – еңбек құралы – көркем бейнелер және олардың
элементтері (зергер, әртіс, суретші, т.б.).
Мектептегі кәсіби ақпарат және оның формалары.
Кәсіппен таныстыру, жеке тұлғаның кәсіпке байланысты қасиеттерін атап
көрсету сияқты оқушыларға арналған іс-шаралар кәсіби ақпараттың формалары
деп аталады. Оқушының саналы түрде мамандық таңдауы үшін кәсіби ақпараттың
келесі формаларын ұсынуға болады: сабақ үстінде кәсіби ақпарат беру;
кәсіпорындар мен кәсіби білім беру мекемелеріне экскурсия; түрлі мамандық
өкілдері және студенттермен кездесу; сынып сағаттарындағы кәсіби ақпарат;
Кім боламын? атты мектепішілік түрлі іс-шаралар; кәсіби ақпараттық
конференциялар; телебағдарламалар, кинофильмдерді көру және талдау; кәсіби
ақпарат апталығы (күндер); тематикалық кештер; оқылған әдебиеттерді талдау;
лекциялар; т.б.
Сабақ үстінде кәсіби ақпарат беру. Оқу пәндері жалпы алғанда түрлі
мамандықтар тізбегімен байланысты. Мұғалімнің сабақ кезінде оқушыларды
кәсіп түрлерімен таныстыруға, еңбек бөлінісі, қоғам сұранысы, әлеуметтік
өмір, өндіріс туралы мәселелерге тоқталуға мүмкіндігі бар. Бұл оқушының
еңбек әлеміне оңай енуіне көмектеседі.
Кәсіби бағыттау бағдарламасы оқу бағдарламасына негізделуі қажет:
а) арнайы уақыт бөлмей-ақ, сабақты кәсіби бағыттылық сипатта өткізу;
ә) бағдарламаны оқушылардың жас және индивидуалды ерекшеліктерімен, білім
деңгейімен үйлесімде құру; б) кәсіби ақпарттың маңыздылығын ескере отырып,
бірізділікті сақтау. Осындай шарттардың орындалуы оқушыларды мамандықтар
жүйесімен саналы және сапалы таныстыруға ықпал етеді.
Жоғары сынып мұғалімдері оқу процесі мен пән құрылымын бұзбай, жүйелі
түрде сабақ тақырыптарын кәсіби іс-әрекетпен байланыстырады. Осылайша
оқушыларды кәсіп, мамандық түрлерімен таныстырады.
Сабақ үстінде кәсіби ақпарат беретін бірнеше тақырыптарға мысал
келтірейік.
Оқушыларды мамандықтармен таныстыруға мүмкіндік беретін сабақ
тақырыптары.

Пән, сабақ тақырыбы Мамандық атауы
Қазақ тілі және әдебиет
Дыбыстар және әріптер, оларды Логопедия
дұрыс айту жаттығулары

Абай шығармашылығы туралы С.М. Көркем шығармаға сын
Мұқановтың пікірі

Қазақ тілі мен орыс тілідерінің Аудармашы еңбегінің ерекшеліктері
синтаксистік айырмашылықтары

Математика
Векторлар Механика, ғылыми зерттеулер


Прогрессиялар Экономика

Пифогор теоремасы Құрыслыс

Квадрат теңдеулер жүйесі Инженерлер

Тарих
Халықаралық ұйымдар Дипломатия
конференциялары

Ұлы Отан соғыс батырлары
(Ә. Молдағұлова, М. Маметова, Әскери іс
Б. Момышұлы, Қ. Қайсенов)

Кәсіби бағыттау кезінде мынадай үш талап ескерілген жөн:
1) оқушыларға дәл сол мамандықты игеру үшін қандай білім қажет
екендігін айту; 2) мамандардың қандай жағдайда және қай жерлерде жұмыс
істейтінімен таныстыру; 3) Маманның жеке басына қойылатын талаптар жүйесін
көрсету.
Кәсіп мазмұнына тоқталғанда мына сұрақтар қарастырылады:
1. Мамандықпен танысу және оған дайындық жүргізу. Мамандықтың тарихы мен
дамуы. Мамандыққа сұраныс деңгейі, бүгінгі таңда оның қоғамда алатын
орны. Мамандықтың басқа мамандықтармен байланысы және оны игеру оқу
орындары. Кәсіби оқу орындарындағы оқудың ерекшеліктерінің
сипаттамасы.
2. Мамандық бойынша еңбек мазмұны. Еңбек үрдісінің сыртқы мазмұны
(тапсырма, шикізат, қаражат, еңбек бөлінісі мен нәтижесі). Еңбек
үрдісінің ішкі мазмұны (ғылыми негіздер, білім мен дағды). Еңбек
сипаттамасы (ашық аспан астында, ғимарат ішінде, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастардың бойында рухани әлеуметтік құндылықтар қалыптастыру деңгейін диагностикалау
Педагогика ғылымының әдістері
Кәсіби бағдарлаудың сипаты
Өндірістік кәсіпорында персоналды басқару («жайықмұнайгаз» мгөб мысалында)
Жайықмұнайгаз МГӨБ-дағы кадрларды басқаруды бағалау және талдау
Жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдары
Дарынды оқушылармен жасалынатын жұмыстар
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің психологиялық-педагогикалық тарихы
Орта білім беретін мектептің оқыту процесінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға байланысты жүргізілетін педагогикалық тәжірибе жұмыстары
Орта тап өкілдері
Пәндер