Қорғасын шаңынан таллийдi алу үрдiсiнiң технологиясы



ТАПСЫРМА
КIРIСПЕ
НЕГIЗГI БӨЛIМ
I ТАЛЛИЙДIҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Физикалық және химиялық қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
II ТАЛЛИЙДІ ӨНДІРУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.1 Байытылған концентраттардан таллийді өндіру ... ... ... ... ... ... ... .7
2.2 Қорғасын шаңдарынан таллий металын алу ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.3 Қорғасын шаңынан таллийдi сульфатизация үрдiсiмен бөлiп алудың
материалдық балансы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.4 Iрiктеп ерiту үрдiсiнiң материалдық баллансы ... ... ... ... ... ... ... .10
III ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
3.1 Кәсiпорын орналасатын ауданның ситуациялық карта.схемасы ... ...11
3.2 Атмосфералық ауаны жобаланатын объектiнiң ластануынан
қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
3.3 Атмосфераны ластайтын заттектерді топтастыру ... ... ... ... ... ... .12
3.4 Атмосфералық ауаны ластаушы көздер мен ластағыштардың
құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
Қазіргі кезде өнеркәсіпте металдарды өндіру үшін пирометаллургия, гидрометаллургия және электрометаллургия үрдiстері қолданылады.
Сирек кездесетін шашыранды металдардың (германийдің, галлийдің, индийдің, таллийдің, селеннің, теллурдың) басқа металдарға қарағанда ерекшелігі олардың табиғатта шашыранды түрінде кездесетіндігі, өз минералдарының және кен орындарының жоқтығы. Сондықтан оларды өндіру күрделі жүмыс. Яғни бұл металдарды шикізаттардан алдын ала байыту керек. Сондықтан олар полиметалдық шоғырларды өңдегенде, ерітіндіде, қалдықта және шаңда жиналады.
Ал сирек кездесетін баяу балқитын металдардың (вольфрамның, молибденнің, танталдың, ниобийдің, цирконийдің) табиғатта өздерінің минералдары мен кен орындары бар. Олардың кендерiн байыту арқылы шоғырларын алып, содан соң металдарды өндіреді.
Қазiргi замаңғы ғылыми-техникалық прогрестiң тез қарқынмен алға басуы адамзат өмiрiн жақсартуға тiкелей игi ықпал етумен қатар, қоршаған орта – табиғатқа орны толмас орасан зор зиян тигiзiп келедi. Соған орай бұл күнде атмосфераның, гидросфераның, литосфераның үздiксiз ластануын тежеп тоқтату мүмкiн болмай бара жатқандығы да шындық. Осыған байланысты қоршаған ортаны қорғау және оны табиғи қалпында сақтау мәселелерi бүкiл дүниежүзi елдерiнiң алдында тұрған ең маңызды мiндеттердiң бiрiне айналып отыр. Оған әсiресе қоршаған ортаны қорғаудың мамандары (экологтар, метеорологтар, гидрологтар, океанологтар, топырақтанушылар, биологтар, т.б.) тiкелей қатысып, атсалысулары мiндеттi.
Мен бұл курстық жұмысымда Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының сирек металдар цехын қарастырамын, яғни ондағы аппараттардың жұмыс iстеу принциптерiн, басты қасиеттерiн, технологиялық процестерiн көрсетiп, сонымен қатар аталған объектiнiң жалпы қоршаған ортаға әсерiн зерттеймiн.
1. А.Кобжасов. Сирек кездесетiн металдар. Оқу құралы.- Алматы: Ғылым, 1992
2. А.Ж.Ақбасова, Г.Ә.Саинова. Экология. Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы.- Алматы: Бастау баспасы. 2003
3. А.Н.Зеликман. Металлургия легких металлов. -М.: Металлургия, 1980
4. А.Н.Григорович, Таллий и его промышленное получение.-Алма-Ата: Академия наук Казахской ССР, 1960
5. Х.Х.Валиев, Ю.П.Романтеев. Металлургия свинца, цинка и сопутствующих металлов. Учебник.-Алматы: 2000
6. Қазқша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздiк. Алматы: Рауан баспасы, 2000

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қорғасын шаңынан таллийдi алу үрдiсiнiң технологиясы

МАЗМҰНЫ

ТАПСЫРМА
КIРIСПЕ
НЕГIЗГI БӨЛIМ

I ТАЛЛИЙДIҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.2 Физикалық және химиялық қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

II ТАЛЛИЙДІ ӨНДІРУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

2.1 Байытылған концентраттардан таллийді өндіру ... ... ... ... ... ... ... .7

2.2 Қорғасын шаңдарынан таллий металын алу ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

2.3 Қорғасын шаңынан таллийдi сульфатизация үрдiсiмен бөлiп алудың
материалдық балансы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.4 Iрiктеп ерiту үрдiсiнiң материалдық баллансы ... ... ... ... ... ... ... .10
III ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
3.1 Кәсiпорын орналасатын ауданның ситуациялық карта-схемасы ... ...11
3.2 Атмосфералық ауаны жобаланатын объектiнiң ластануынан
қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1 1
3.3 Атмосфераны ластайтын заттектерді топтастыру ... ... ... ... ... ... .12
3.4 Атмосфералық ауаны ластаушы көздер мен ластағыштардың
құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 3
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде өнеркәсіпте металдарды өндіру үшін пирометаллургия,
гидрометаллургия және электрометаллургия үрдiстері қолданылады.
Сирек кездесетін шашыранды металдардың (германийдің, галлийдің,
индийдің, таллийдің, селеннің, теллурдың) басқа металдарға қарағанда
ерекшелігі олардың табиғатта шашыранды түрінде кездесетіндігі, өз
минералдарының және кен орындарының жоқтығы. Сондықтан оларды өндіру
күрделі жүмыс. Яғни бұл металдарды шикізаттардан алдын ала байыту керек.
Сондықтан олар полиметалдық шоғырларды өңдегенде, ерітіндіде, қалдықта және
шаңда жиналады.
Ал сирек кездесетін баяу балқитын металдардың (вольфрамның, молибденнің,
танталдың, ниобийдің, цирконийдің) табиғатта өздерінің минералдары мен кен
орындары бар. Олардың кендерiн байыту арқылы шоғырларын алып, содан соң
металдарды өндіреді.
Қазiргi замаңғы ғылыми-техникалық прогрестiң тез қарқынмен алға басуы
адамзат өмiрiн жақсартуға тiкелей игi ықпал етумен қатар, қоршаған орта –
табиғатқа орны толмас орасан зор зиян тигiзiп келедi. Соған орай бұл күнде
атмосфераның, гидросфераның, литосфераның үздiксiз ластануын тежеп тоқтату
мүмкiн болмай бара жатқандығы да шындық. Осыған байланысты қоршаған ортаны
қорғау және оны табиғи қалпында сақтау мәселелерi бүкiл дүниежүзi елдерiнiң
алдында тұрған ең маңызды мiндеттердiң бiрiне айналып отыр. Оған әсiресе
қоршаған ортаны қорғаудың мамандары (экологтар, метеорологтар, гидрологтар,
океанологтар, топырақтанушылар, биологтар, т.б.) тiкелей қатысып,
атсалысулары мiндеттi.
Мен бұл курстық жұмысымда Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының сирек
металдар цехын қарастырамын, яғни ондағы аппараттардың жұмыс iстеу
принциптерiн, басты қасиеттерiн, технологиялық процестерiн көрсетiп,
сонымен қатар аталған объектiнiң жалпы қоршаған ортаға әсерiн зерттеймiн.

I ТАЛЛИЙДIҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАЛАРЫ
Француз химигі Лекок де Буабодран 1855 жылы спектр тәсілін қолдану
арқылы мырыштың жылтырынан галлийді, ал 1863 жылы осы әдісті қолданып
немістің химиктері Рейх пен Рихтер талийдi тапқан. 1861 жылы ағылшынның
физигі Крукс күкірт қышқылы заводының қалдықтарында таллийдің бар екенін
анықтаған.

1.2 Физикалық және химиялық қасиеттері

Таллий жұмсақ ашық түсті төменгі температурада балқып, жоғарғы
температурада қайнайтын металл. Таллий қалыпты жағдайда галогендермен және
ауамен әрекеттесіп, (ТlСІ) хлорид және қара түсті (Т12О) оксид түзеді де
әрі қарайғы тотығу процесін төмендетеді. Таллий 100°С-та қоспа тотықтар
Т12О мен Т12Оз түзсді. Азот қышқылында металл жақсы, күкірт және түз
қышқылдарында жайлап ериді. Таллий қалыпты жағдайда хлормен, броммен,
йодпен және қыздырғанда күкіртпен әрекеттеседі. Металл сілтілерде ерімейді.
Таллий Д. И. Менделеев системасының үшінші группасына жатады, сондықтан
қосылыстарда үш валентті кейде бір немесе екі валенттті болып келеді.
Галий, индий және таллий металдары бiр-бiрiне өте ұқсас, сондықтан мен
таллийдi қарастырғанда галий мен индий қасиеттерiн де атап кетемiн.
Оксидтері мен гидроксидтері. Gа2О3 - ақ түсті ұнтақ, Балқу Т=1740°С,
Gа2О - түсі қара-қоңыр 650-700 °С-та буланып ұшады. Іn2О3 - сары түсті
ұнтақ, балқу Т=2000°С. Таллийдің Т12О3 қоңыр түсті және Т12О қара түсті
шала тотығы бар. Gа2О3 пен Іn2О3 суда ерімейді. Бұл металдардың мынадай
гидроксидтері Са(ОН)3; Іn(ОН)3; Т1(ОН)3; ТІОН ерітіндіден рН-3,4-3,7-нің
аралығында тұнбаға отырғызылады. Бұлар амфотерлі болып келеді.
Хлоридтері. Галлий, индий және таллий хлормен әрекеттесіп мынадай
хлоридтер GаС13; ІnС13; Т1С13 түзеді. Сонымен қатар бұл металдардың
өздеріне тән сульфаттары да бар.
Қ о л д а н у л а р ы. Галлий, индий, таллий және оның қосылыстары
электроника, радиотехника салаларында жартылай өткізгіштер, қорытпалар
GaSb; GaAs; GaP, приборлардың детальдары, оптикалық шынылар, өткізгіштер,
құймалар, катализаторлар ретінде және ауыл шаруашылығында улыхимикаттар
жасауға қолданылады.

II ТАЛЛИЙДІ ӨНДІРУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Таллий табиғатта шашыранды түрінде көп таралған. Сондықтан ол
полиметалдық сульфидті концентраттарда жиі кездеседі. Олардың арасында
таллийдің ең көп кездесетін минералы пирит пен марказит, ондағы оның
мөлшері 0,1-0,5%-тің аралығында. Полиметалдық концентраттарды еңдегенде
таллий қалдыққа немесе шаңға көп жиналады. Мысалы, агломерация процесінде
50 %-ке дейін таллий қосылысы газбен бірге ұшады. Себебі ТlО мен Т12O 900°-
та ұшқыш келеді. Шаңды арнайы электрсүзгілерде ұстайды. Қорғасын
концентратын балқытқанда таллийдің 20%-тейі шлакқа, қалғаны қорғасын мен
шаңға бөлінеді. Қорғасынды тазалау кезінде таллийдің 70-80%-ті сілтілік
қорытындыға өтеді. Мыстың концентратын балқытқанда таллий штейн мен шлакқа
бөлінеді. Штейндерді конверторда өңдегенде таллийдін, 503,4-75%-ті шлакқа,
ал фьюминг процесінде 90-95%-ті шаңға жиналады.
Мырыштың концентратын күйдіргенде таллий шаңға жиналады. Шаңды
еріткенде ондағы 85% таллий ерітіндіге етеді де, содан соң цементация
тәсілімен өндіріледі.

2.1 Байытылған концентраттардан таллийді өндіру

Байытылған шикізаттарда таллийдiң мөлшері 0,01-0,1%-ке дейiн болады.
Оны күкiрт қышқылының судағы ерiтiндiсiмен өңдеп ерiтiндiге өткiзедi.
Шаңның құрамына байланысты оны алдын-ала күйдiредi немесе сульфатизациялап,
содаң кейiн ерiтiндiмен өңдейдi. Ерiтiндiдегi таллийдiң мөлшерiне
байланысты оның концентратын алу үшін мынадай тәсілдер қолданылады:
таллийдің гидрокисін Т1(ОН)3, сульфидін Т12S, хлоридін ТІСІ, хроматын
Т1СгО4; Т12Сг2О7 тұнбаға шөктіру; экстракциялау, цементациялау және
сорбциялау. Мысалы бихромат таллийдің тұнбаға отырғызу технологиясын
алайық. Оның технологиялық схемасы 1-суретте көрсетілген. Бұл тәсілді
ерітіндідегі таллийдің мелшері 5 гдм3-ден жоғары болғанда қолданылады.
Тәсілдің тиімділігіне таллийді басқа қоспалардан (Zn; Cu; Cd; Fe) бөліп
тұнбаға отырғызады. Ол үшін 5-10 гдм3 күкірт қышқылының ерітіндісіне
қаныққан натрий бихроматын қосады. Қалдықтағы 20-30% таллий
бихроматын күкірт қышқылында мынадай тотықсыздырғыштарды (Zn; Na2SO4; H2S)
қосып ерітіп, алты валентті хромды үш валентке өткізеді. Содан кейін
сульфатты ерітіндіден таллийді мырышпен цементациялау арқылы бөледі. Біздің
елде таллийді ерітінділерден бөліп алуды тездету үшін экстракция тәсілі
қолданылады. Күкірт қышқылының ерітіндісінен таллийді бөліп алуға ҮБФ-тың
керосиндегі ерітіндісін қолдануға болады. Ерітіндіде таллийдің йодиді
түзіледі де ол ҮБФ-пен мынадай комплекс түзеді.

Реэкстракцияны концентрациясы 350 гдм3 күкірт қышқылының судағы
ерітіндісіне Н2О2-ні қосу арқылы йодты тотықтырып комплексті былай бұзады.

Реэкстракттағы таллийдің концентрациясы 20-35 гдм3 тең болады, одан
цементация әдісімен таллийді өндіреді. Таза таллийді өндіру таза индийді
өндіру тәсілдеріндей, сондықтан оны алдағы бөлімнен оқуға болады.

2.2 Қорғасын шаңдарынан таллий металын алу

Қорғасын шаңында таллий жүзден бiрден, оннан бiрге дейiнгi бөлiгiн
құрайды. Одан таллийдi күкiрт қышқылымен iрiктеп ерiтедi. Толығырақ алынуы
үшiн (егер болса) түйiршiктелген материалды алдын ала 300-4000С
температурасында қайнау қабатында сульфатизация жүргiзедi.
Егер өндiрiстiк материалдың құрамында қосылыстар металл түрiнде болса
(мысалы, мысты-кадмий кегi), онда кей-кезде әрi қарай жеңiл iрiктеп ерiтуi
үшiн алдын ала тотықтыру-күйдiруiн жүргiзедi. Талий концентратын алу үшiн,
талийдi ерiтiндiден таллий гидроксидi (III), сульфидi, хлоридi, хроматы (I)
түрiнде ионалмасу немесе сорбциялық, сұйық экстракциялық цементациялық
әдiстермен алады.
Бiздiң қолдануымыз экстракциялық әдiсi, өйткенi бұл әдiс талий алудың
технологиясын жеңiлдетедi.
Сонымен экстракциялық әдiспен күкiрт қышқылды ерiтiндiден таллийдi
трибутилфосфатта (керосиндағы 50%-дық ҮБФ ерiтiндiсi) иод ерiтiндiсi мен
жүргiзедi. Органикалық фазамен таллий құрамды ерiтiндiмен әрекеттескенде
иодтың кейбiр бөлiгi ерiтiндiге иодтың иондары түрiнде болады, өйткенi
ерiтiндiде тотықсыздандырғыштар бар. As (III), Fe (II) (егер керек болса,
ерiтiндiге Na2SO3 тотықсыздандырғышын салады). Ерiтiндiде TlI пайда болып,
органикалық фазаға өтiп TlI3·3ТБФ қосылысын түзедi.

Ерiтiндiде иод иондары аз концентрацияда кадмий, мыс, арсеникум,
сурьма, мырыш, аз дәрежеде экстракцияланады. Индийдi алдын-ала ерiтiндiден
алу керек, мысалы Д2ГФК экстракциясымен.
Әрi қарай таллийдi органикалық фазадан 350 гл Н2SO4 ерiтiндiсiмен,
одан басқа оған пероксид сутегiсiн иод иондарының жай иодқа тотығуы үшiн
реэкстракциялайды. Бұл комплекстiң бұзылуы мен экстрагенттiң
регенерациясына әкеледi.

Органикалық және сулы фазалар көлемдерiнiң сәйкес қатынасында
экстракциямен реэкстракция сатысында құрамында 0,2-0,6 гл таллийi бар
шығатын ерiтiндiден концентрациясы 20-35 гл таллийi бар реэкстрактты
алады, олардан мырышта цементациямен қаралы таллий алады.
Қаралы таллийдi қосылыстарынан тазартылған күкiрт қышқылының
ерiтiндiсiмен мырыш парақтарында цементация арқылы алынады (Tl+Tl дұрыс
потенциалы – 0,336В). Таллий кеуегiн сумен жуып брикеттерге престейдi,
оларды сiлтi қабатының астында 3500С температурада қайта балқытады. Мұнда
таллий бiр қатар қосылыстардан тазартылады – мырыштан, қорғасыннан, хромнан
және басқалары сiлтiлiк шлакпен таллийдiң жоғалуы 1%-дан аспайды. Сiлтiнi
тазалау одан да жақсы жүру үшiн оған (KNO3, NaNO3) тотықтырғыш қосады. Бұл
жағдайда, өкiнiшке орай, сiлтiлi ерiтiндiге таллийдiң 7%-ға дейiн өтедi,
бұдан оны регенирлейдi және брикет салмағынан 10% сiлтiмен 1-2% силитра
жұмсалады.
Соңынан сiлтiнi тазаланатын цементация қорытпада қолдануға немесе
инфрақызыл оптикада (таллий құрамы 99,96% төмен емес) оның тұздарын
өндiруiне қолданатын таллийден талап ететiн шарттарға сай металл алуға
болады.

2.3 Қорғасын шаңынан таллийдi сульфатизация үрдiсiмен бөлiп алудың
материалдық балансы
1-кесте- Қорғасын шаңынан таллийдi сульфатизация үрдiсiмен бөлiп алудың
материалдық балансы
Түскен Алынған
Атауы құрамы Атауы құрамы
кг % кг %
1. Pb шаңы 100 13,5 1. сульфат
2. H2SO4 58,28 8 өнiмi 131 18
3. Ауа 582 78,5 2. Газдар 609,28 82
Барлығы 740,28 100 Барлығы 740,28 100

2.4 Iрiктеп ерiту үрдiсiнiң материалдық баллансы
Iрiктеп ерiту үрдiсi сумен жүргiзiледi. Сұйықтың қаттыға қатынасы 4:1.
2-кесте-Сульфат өнiмiн iрiктеп ерiту үрдiсiнiң материалдық балансы
Түскен Алынған
Атауы құрамы Атауы Құрамы
кг % кг %
1. сульфат өнiмi 131 14 1. Сульфат 539,30 61
2. Iрiктеп ерiтуге 524 59 ерiтiндiсi 9,6
су 14,24 1,6 2. Pb кегi 84,3 4
3. Н2SО4 210,75 24 3. Кектегi ерiтiндi36,13 4,1
4. Шаюға су 0,13 1,4 4. Шайынды су 221,3 25
5. Темiр ұнтағы 5. Келiспеушiлiк +0,91 0,4
880,12 100 Барлығы 880,12 100
Барлығы

III ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

3.1 Кәсiпорын орналасатын ауданның ситуациялық карта-схемасы
Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты Ульбе өзенiнiң оң жағалауында, Өскемен
қаласының орталығынан солтүстiк-батыс жағында орналасқан. Завод
территориясы солтүстiк жағынан ТЭЦ (ЖЭО), оңтүстiгiнде қаланың орталығымен
жалғыз үлкен авто жолмен байланысқан. Негiзiнен ерте кезде заводты саларда
Өскемен қалалық архитектура басқармасымен негiзгi шаруашылық объектiлерi
жобаланып, ескерiлiп жасалған, олар: құрылыс базалары, су және канализация
жүйелерi, авто және темiржол байланысы, жылу және электр жүйелерiнiң
орналасуы, жалпы қалалық мәдени-тұрмыстық және әлеуметтiк-коммуникалдық
жағдайлар.
Өскемен қаласының ауа райы шұғыл континенттiк климаттық белдiкке
жатқызылады. Абсолюттiк температуралар минимумы –210С, максимумы +250С.
Негiзiнен желдiң бағыты солтүстiк батысқа қарай бағытталған. Желдiң
жылдамдығы максималды 38 мс. Топырақ бетiнiң тоңазу тереңдiгi 2 м. Жер
асты суы аз сiлтiлi, сондықтан қорғануды қажет етпейдi.

3.2 Атмосфералық ауаны жобаланатын объектiнiң ластануынан қорғау
Завод қаланың солтүстiк-батыс жағына қарай 4 км шақырым қашықтықта
орналасқан. Сондықтан қала ауасының ластануына жол берiлмей жел ауаға
объектiмен шығарылатын зиянды қоспаларды қаланың сыртына қарай үрлеп
әкетедi. Завод аймағының территориясының барлығына жасыл ағаштар егiлген
және көгалдандырылған, сонымен қатар бұл аймаққа тұрғын үй құрылыстарын
жүргiзуге тыйым салынған. Өндiрiс территориясындағы жолдар әр уақытта сумен
жуылып, арықтар арқылы канализацияға ағызылып жiберiледi. Өндiрiс аймағының
экологиялық жағдайы әрқашанда үнемi қатаң бақыланады.

3.3 Атмосфераны ластайтын заттектерді топтастыру
Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда болған және
ортаны ластайтын кез-келген физикалық агенттерді, химиялық заттектерді және
биологиялық микроорганизмдерді ластагыштар деп атайды.
Ластағыш заттектердің қоршаған ортаға әсері физикалық, химиялық
қасиеттеріне, олардың ыдырауы арқылы пайда болған өнімдердің қасиеттеріне
және коршаған ортаға тасталған әр түрлі өндіріс шығарындыларының мөлшеріне
байланысты. Ластағыштардың атмосферада таралуын анықтайтын ең негізгі
параметрге олардың атмосферада болатын уақыты жатады. Осыған байланысты
ластаушы заттектердің өзі немесе шығарындылар үш түрге бөлінеді:
- әлемдік көлемде ластайтындар - қай жерде шығарылса да
қоршаған ортада әлемдік аумақта тарайтын қабілеті барлар,
атмосферада көп уақыт бойы (бірнеше жыл немесе айлар)
сақталатын шығарынды (тастанды) заттектер (көмір қышкыл
газы, фреондар, жартылай ыдырау мерзімі бір айдан жоғары
радионуклидтер);
- аймақтық (регионды) көлемде ластайтындар (бірнеше мемле-
кеттердің территориясы немесе бір елдің едәуір әкімшіліктік
бөлігі кіруі мүмкін) – үлкен аймақты ластайтын, бірақ-та оның
мөлшері осы жердің шекарасынан асқасын тез төмендегеніне
қарамай ластанудың іздік мөлшерде жан-жаққа таралып,
шектеулі уақыт (әдетте бірнеше тәулік) бойы атмосферада
сақталатын шығарынды заттектер (күкірт пен азот оксидтері,
пестицидтер, ауыр металдар);
- жергілікті көлемде ластайтындар (бір жердің шеңберінен
аспайтын) – атмосферада аз уақыт кана сақталатын шығарынды
заттектер (ірі дисперсиялық аэрозольдар, күкіртті сутек және
басқа заттектер, сонымен қатар жоғарыда келтірілген түрлердің
өкілдері, мысалы, аласа көздерден шығатын күкірттің, азоттың,
т. б. Оксидтері).
Әр түрлі көздерден шығарындының шығу ұзақтығына байланысты олар
үздіксіз және бір дүркінді болып болінеді. Апатты жағдайлардағы
шығарындылар бір дүркінділер тобына жатқызылады. Атмосфераға газ тәрізді
ластағыштар мен аэрозольдар түтін мұржалары, аэрациялық шаң тартқыштар және
әр түрлі желдеткіш кондырғылары аркылы тасталады. Биіктігіне карай ластаушы
заттектер шығаратын көздер биік (Н 50 м), орта биіктіктегі (Н = 10-50 м),
аласа (Н = 2-10 м), жер үстіндегі (Н 2 м) болады. Ластаушы
компоненттердің ауада таралуы мен концентрациясы көздердің биіктігіне
байланысты келеді.

3.4 Атмосфералық ауаны ластаушы көздер мен ластағыштардың
құрамы
Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады.
Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (жерде бірнеше
мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы активті түрде), тау жыныстарының
үгітілуіне, шанды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде),
теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді
тамшыларының құрғауына, тірі организмдердің іріп-шіру процестеріне
байланысты.
Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни әртүрлі
аурулар қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір
өсімдіктердің тозаңдары жатады. Сонымен қатар атмосфераны ластайтындар
қатарына космос шаң-тозаңын жатқызуға да болады. Космос шаңы атмосферада
жанған метеориттер қалдыктарынан пайда болады. Секундына атмосфера арқылы
орасан жылдамдықпен (11-ден 64 кмс дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа
қабатынан өтіп отырады, 60-70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді.
Ғалымдардың болжамына сәйкес тәулігіне жер бетіне 1018 кішігірім метеорит
түседі. Жерді атмосфера үлкен космостық жарқыншақтардан да сақтайды. Жыл
сайын жерге 2-5 млн. т космостық шаң түсіп отырады. Табиғи шаң да Жермен
жанасқан атмосфераның құрамдық бөлігіне жатады. Ол ауада қалқып жүретін
радиустары 10-6-10-5 м шамасындағы бөлшектерден түрады.
Табиғи шаң бөлшектерінің тегі органикалық және анорганикалык, олар
келесі процестер нәтижесінде түзіледі:
– тау-кен жыныстарының және топырақтың бұзылуы мен желмен
мүжілуі;
– жанартаудың атқылауы;
– орман, дала және шымтезек орттері;
– теңіз бетінен судың булануы.
Атмосфсраның төменгі қабаттарын шаңмен ластайтын көздердің арасында
шөлді дала мен басқа да сусыз даланы айрықша атап кетуге болады.
Атмосферадағы шаң буды суға айналдырумен қатар, күн радиациясын тікелей
сіңіреді және тірі ағзаларды күн сәулесінен корғайды.
Заттектердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
: ІІІ A топша элементтері тақырыбын оқыту әдістемесі
Қорғасын өндірісі
Мырыштың күкірт қышқылында еру кинетикасына, кейбір электротерістілігі жоғары металдардың әсері
Қорғасын зауыты қоршаған ортаны бүлдірмеу үшін барлық шараны қолдануда
Шанның адамға және қоршаған ортаға әсері
Жұмыс орындарында шаңдылық көздері. Шаңның адамға және қоршаған ортаға әсері жайлы мәлімет
Жалпы металлургия пәнінен дәрістер жинағы
Жарылғыш заттар туралы
Қала жағдайларында ғимараттарды жару арқылы бұзу кезінде, бұзу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіз қашықтықты есептеу
Оқу-әдістемелік құрал. Жартылай өткізгіштерден жасалған кристалдар
Пәндер