Әлеуметтік саладағы коммуникативтік мәдениет



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I БӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ КОММУНИКАТИВТІК МӘДЕНИЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Әлеуметтік жұмыс коммуникацияның ерекше түрі ретінде ... ... ... ... ... ...
1.2 Әлеуметтік қарым.қатынастар саласындағы коммуникативті мәдениет ... ...
1.3 Әлеуметтік жұмыс менеджментіндегі коммуникативтік мәдениет ... ... ... ...
1.4 Әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі коммуникативтік процестердегі әлеуметтік.мәртебелік типология және әлеуметтік үйлесімдік ... ... ... ... ... ... ...

II БӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС САЛАСЫНДАҒЫ КОММУНИКАТИВТІК ҚЫЗМЕТТІ РЕТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1. Коммуникативті қызмет әлеуметтік қызметкер мен клиенттің өзара әрекеттесуі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Топтық өзара іс.әрекет коммуникативті қызметтің тиімділігін жоғарлатудың қайнар көзі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Қазіргі кездегі әлеуметтік қызметкердің коммуникативтік профессиограммасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 Әлеуметтік жұмыстағы коммуникативтік қызметті жобалау: мәселелері және болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Диссертациялық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу тақырыбының өзектілігі келесі екі жағдаймен түсіндіріледі: алғашқысы бұл, әлеуметтік жұмыс технологияларының, басқарудағы және менеджменттегі коммуникативтік қызметінің рөлінің өсумен байланысты. Әлеуметтік жұмыс өзара түрлі коммуникацияның түрлерімен толы: әлеуметтік, психологиялық, интеллектуалдық және рухани. Бұдан әлеуметтік қызмет жұмыстарының сапасын жоғарлатуда коммуникативтік қарым-қатынасты оңтайландыру қажеттіліг туындайды; ал екіншісі қоғамның коммуникативті және ақпараттық өркениетке айналуына байланысты.
Диссертациялық жұмыстың өзектілігі. Қазiргi әлеуметтiк-мәдени және экономикалық жағдайда ашықтықты әрі динамизмді талап ететін кезеңде, кәсіби білікті әлеуметтік қызметкерлердің алуантүрлі ақпараттармен, мәліметтермен жұмыс жасай білуіне және түрлі қарым-қатынасқа түсуге байланысты негізгі міндеттері өзгереді.
Ақпараттық ортаның сандық және сапалық қайта құрылуы ғылымда ақпарттық төңкеріліс ретінде мәлім, яғни қай қоғамда және ұйымда қызметтерінде жаңа коммуникациялық жүйенің, желілердің және коммуникативтік әлеуметтік технологияларды жасап оларды қолданатын болса, олардың жеңіске жетуі сөзсіз.
Ақпарттық қоғамда негізгі орынға иформатика, әлеуметтік қызмет көрсету саласы мен ғылым ие. Коммуникация арқылы әлеуметтік көмек көрсету және әлеуметтік қорғауда ең қымбат тауар болып ақпарат және оның барлық ақпарттық қызмет көрсету түрлері болып отыр.
Әлеуметтік жұмыс жүйесінде кәсіби (адамгершіліктік) ресурстарының тапшылық мәселесі орын алуда, яғни оларды іздеу әрі орынды пайдалану керек. Коммуникативтік қызметте және ақпарттық алмасуда әлеуметтік жұмыс тиімділігін арттыру критерийлері құрылу үстінде. Осыдан орай, әлеуметтік жұмыс тиімділігі коммуникативтік ресурстарды көкейкесті етуіне байланысты.
Мәдениет жиі әлеуметтік өмірдің детерминанты ретінде жүріс-тұрыста, тілде, әдеп-ғұрыпта немесе адамдардың белгілі бір топтарында көрініс табатыны қарастырылады. Әлеуметтік қызметкер адамзат ресурстарын басқаратын менеджер ретінде алға шығады. Әлеуметтік менеджер әлеуметтік ортада макро - және микродеңгейде кәсіби өзара қарым-қатынасқа түсу процесінде мақсатына қарай (өзара түсіністікке және келісімге келу үшін) әлеуметтік объектінің мінез-құлқын өзгертуіне ықпал етеді, өзінің өкілеттілігіне байланысты белгілі бір шешімдер қабылдайды, ақпараттық ағындардың бағыттарын реттеп, клиентпен жұмыс жасауда өзін қалай ұстау керектігі туралы тактикалар мен стратегия құрастырады.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I БӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ КОММУНИКАТИВТІК МӘДЕНИЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
ӘДІСТЕМЕЛІК
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Әлеуметтік жұмыс коммуникацияның ерекше түрі
ретінде ... ... ... ... ... ...
1.2 Әлеуметтік қарым-қатынастар саласындағы коммуникативті мәдениет ... ...
1.3 Әлеуметтік жұмыс менеджментіндегі коммуникативтік
мәдениет ... ... ... ...
1.4 Әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі коммуникативтік процестердегі әлеуметтік-
мәртебелік типология және әлеуметтік үйлесімдік ... ... ... ... ... ... . ...

II БӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС САЛАСЫНДАҒЫ КОММУНИКАТИВТІК ҚЫЗМЕТТІ
РЕТТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1. Коммуникативті қызмет әлеуметтік қызметкер мен клиенттің өзара
әрекеттесуі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Топтық өзара іс-әрекет коммуникативті қызметтің тиімділігін
жоғарлатудың қайнар көзі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Қазіргі кездегі әлеуметтік қызметкердің коммуникативтік
профессиограммасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4 Әлеуметтік жұмыстағы коммуникативтік қызметті жобалау: мәселелері және
болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Диссертациялық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу тақырыбының
өзектілігі келесі екі жағдаймен түсіндіріледі: алғашқысы бұл, әлеуметтік
жұмыс технологияларының, басқарудағы және менеджменттегі коммуникативтік
қызметінің рөлінің өсумен байланысты. Әлеуметтік жұмыс өзара түрлі
коммуникацияның түрлерімен толы: әлеуметтік, психологиялық, интеллектуалдық
және рухани. Бұдан әлеуметтік қызмет жұмыстарының сапасын жоғарлатуда
коммуникативтік қарым-қатынасты оңтайландыру қажеттіліг туындайды; ал
екіншісі қоғамның коммуникативті және ақпараттық өркениетке айналуына
байланысты.
Диссертациялық жұмыстың өзектілігі. Қазiргi әлеуметтiк-мәдени және
экономикалық жағдайда ашықтықты әрі динамизмді талап ететін кезеңде, кәсіби
білікті әлеуметтік қызметкерлердің алуантүрлі ақпараттармен, мәліметтермен
жұмыс жасай білуіне және түрлі қарым-қатынасқа түсуге байланысты негізгі
міндеттері өзгереді.
Ақпараттық ортаның сандық және сапалық қайта құрылуы ғылымда ақпарттық
төңкеріліс ретінде мәлім, яғни қай қоғамда және ұйымда қызметтерінде жаңа
коммуникациялық жүйенің, желілердің және коммуникативтік әлеуметтік
технологияларды жасап оларды қолданатын болса, олардың жеңіске жетуі
сөзсіз.
Ақпарттық қоғамда негізгі орынға иформатика, әлеуметтік қызмет көрсету
саласы мен ғылым ие. Коммуникация арқылы әлеуметтік көмек көрсету және
әлеуметтік қорғауда ең қымбат тауар болып ақпарат және оның барлық
ақпарттық қызмет көрсету түрлері болып отыр.
Әлеуметтік жұмыс жүйесінде кәсіби (адамгершіліктік) ресурстарының
тапшылық мәселесі орын алуда, яғни оларды іздеу әрі орынды пайдалану керек.
Коммуникативтік қызметте және ақпарттық алмасуда әлеуметтік жұмыс
тиімділігін арттыру критерийлері құрылу үстінде. Осыдан орай, әлеуметтік
жұмыс тиімділігі коммуникативтік ресурстарды көкейкесті етуіне байланысты.
Мәдениет жиі әлеуметтік өмірдің детерминанты ретінде жүріс-тұрыста,
тілде, әдеп-ғұрыпта немесе адамдардың белгілі бір топтарында көрініс
табатыны қарастырылады. Әлеуметтік қызметкер адамзат ресурстарын басқаратын
менеджер ретінде алға шығады. Әлеуметтік менеджер әлеуметтік ортада макро
- және микродеңгейде кәсіби өзара қарым-қатынасқа түсу процесінде мақсатына
қарай (өзара түсіністікке және келісімге келу үшін) әлеуметтік объектінің
мінез-құлқын өзгертуіне ықпал етеді, өзінің өкілеттілігіне байланысты
белгілі бір шешімдер қабылдайды, ақпараттық ағындардың бағыттарын реттеп,
клиентпен жұмыс жасауда өзін қалай ұстау керектігі туралы тактикалар мен
стратегия құрастырады.
Әлеуметтік менеджмент клиенті болып, яғни әлеуметтік объект тұтастай
қоғам (макро деңгей), сонымен қатар әлеуметтік қарым-қатынас жүйесіндегі
(микроуровень) индивид. Демек, әлеуметтік менеджердің жұмысының тиімділігі
қоғамның құқықтық жүйесі мен құндылықтарынан жалпылай және оның шынайлықты
субъективті қабылдауына байланысты болады, яғни әлеуметтік қызметкердің
(әлеуметтік менеджер) өзінің мәдени деңгейінен. Осыған сәйкес, әлеуметтік
қызметкердің (әлеуметтік менеджер) жұмыстағы негізгі кәсіби талабы болып
өте жоғары деңгейдегі қарым-қатынасқа түсу мәдениеті табылады. Соныменен,
әлеуметтік қызметкердің (әлеуметтік менеджер) кәсіби портреті міндетті
түрде тұлғаның коммуникативтік сипаттамасын қамту керек. Коммуникативтік
мәдени біліктілік деңгейі әлеуметтік қызметкердің (әлеуметтік менеджер)
кәсіби шеберлік деңгейін анықтайды. Сәйкесінше, әлеуметтік қызметкердің
кәсіби мінездемелерінің қатарында коммуникативтік мәдени біліктілігі болу
керек, бұл өз кезегінде әлеуметтік менеджердің коммуникативтік
профессиограмасын құрайды.
Диссертациялық жұмыстың зерттелу деңгейі.
Т.Парсонстың құрылымдық функционализмі дисфункция ұғымын енгізген
Р.Мертонмен дамыды. Л.Козер шиеленіс қоғамдық жүйеге құрылымдық құруға,
реформа жасайтын катализатор ретінде қажет деп негіздеді. Осылай құрылымдық
функционализм әлеуметтік жұмыс жүйесінде реттелген коммуникациямен жүретін
процестерді тиімді талдау әдісі ретінде көрінеді.
Басқарушыға, яғни менеджерге қойылатын кәсіби талаптар бойынша Тейлора
Гилберт, Г. Гант еңбектерінде қарастырылған.
Классикалық басқару мектебінің өкілдері: А.Файоль, Л. Урвик, Д. Муни,
А. Райли, А. Слоун басқару принциптерін дамытты, басқар функцияларын және
ұйымды тұтастай басқаруға жүйелі түрде қарастырды.
Әлеуметтік коммуникация мәселелері А. Литвак, А. Свеницкий, В. Мясищев,
Б. Ананьев, В. Конецкйй, В. Лабунский, Э. Берн, М. Армстронг, П. Дракер, В.
Кнорринг еңбектерінде орын тапқан (коммуникативтік өзара әрекетесу мазмұны,
өзара әрекеттесушілердің тікелей және жеке қабылдау қабілеттері).
Коммуникативті өзара әрекеттесудің психологиялық сипаттамалары А. Леонтьев,
Б. Ломов, Б. Поршнев, В. Курбатов, Я. Лупьян еңбектерінде берілген.
Ал, әлеуметтік қызметкердің коммуникативті мәдениеті туралы отандық
әлеуметтанушылардың зерттеуі алғашқы кезеңде десек те болады. Қазіргі
кезеңде де осы мәселелермен шұғылданып жүрген зерттеушілер азды-көпті
баршылық. Оның ішінде М.С. Әженов, Г.С. Абдраимова, К.Ү.Биекенов, М.С.
Садырова, Б.Н. Қылышбаеваның және басқа да ғалымдардың азды-көпті
еңбектерін айтуымызға болады.
Диссертациялық жұмыстың басты мақсаты - әлеуметтік қызметкерлердің
коммуникативті мәденитінің қалыптасу ерекшеліктерін кешенді түрде зерттеу
және оларды әлеуметтік қызметкерлердің профессиограммасында көрініс алуынна
әлеуметтік түсініктеме беру.
Алдыма қойған мақсатқа жету үшін келесі тұрған мәселелерді шешуге
міндеттімін, олар:
- әлеуметтік коммуникативтік менеджмент ұғымын қарастыру;
- әлеуметтік коммуникативтік менеджмент объекті мен субъектін
анықтау;
- әлеуметтік қызметкердің коммуникативтік қабілеттіліктері мен
мәдениетіне әсер ететін факторларды анықтау;
- коммуникативтік өзара әрекеттесу тиімділік критерийлерін анықтау;
- қарым-қатынасқа түсу принциптері мен заңнамаларын жүйелендіру.
Диссертациялық жұмыстың нысаны – әлеуметтік қызметкердің шынайы
өмірдегі коммуникативті мәдени процесі.
Диссертациялық жұмыстың пәні – қазiргi әлеуметтiк-мәдени
коммуникативті әлеуметтік ортаның жағдайына және өзара әрекеттесуші
субъектілерінің психологиялық ерекшеліктеріне негізделген теоретико-
әлеуметтік диагностика.
Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері.
Зерттеу жұмысының теориялық негізін шетелдік және отандық
зерттеушілердің әлеуметтік коммуникативті мәдениет, коммуникация, ақпарттық
қоғам жөніндегі ойлары мен концепциялары құрады.
Ұсынылған жұмыста сандық зерттеу әдісімен жүргізілген әлеуметтік
зерттеулер қолданылады.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі.
Магистрлік диссертация ... беттен, 2 тараудан, әр тарауда төрт
бөлімнен, сонымен қатар пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

I БӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТАҒЫ КОММУНИКАТИВТІ МӘДЕНИЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Әлеуметтік жұмыс коммуникацияның ерекше түрі ретінде
Әлеуметтік коммуникация дегенде біз көп жақтылы және көп арналы
ақпараттың белгілі бір әлеуметтік ортада және сол қоғамдағы қабылданған
рәміздер көмегімен берілу процес деп түсінеміз. Әлеуметтік коммуникация
қауымдастықтар, топтар, қабаттар арасындағы әлеуметтік маңызды ақпаратты
беруді жүзеге асырудағы өзара байланыс процесін білдіреді.
Рәміз коммуникацияда адамдық қатынастағы стандартталған, сөзде,
әрекетте немесе объектіге, қатынасқа қатысушылардың барлығына берілген,
түсінікті мағынаны білдіретін условно-белгілік ақпараттық бірлікті
білдіреді.
Коммуникацияда екі жақ – коммуникатор және реципент қатысады. Ал
социумда бұл екі индивид, топтар, тобырлық қауымдастықтар болуы мүмкін.
Кері байланыс бар болғанда коммуникатор бір уақытта реципиент, ал реципиент
– коммуникатор болады.
Коммуникация процесінде субъектілердің мағынамен және мәнмен
алмастыратын қызығушылықтары және әлеуметтік қажеттіліктері
қанағаттандырлады. Мән реципиентке берілу кезінде белгілі бір белгілік
жүйеге кодталады (сөзбен, қимылмен, тонмен, позамен және т.б.). Реципиент
өзіне коммуникатор арқылы берілген белгілерді кодтайды. Белгілердің
мағынаға айналуы интерпретация деп аталады. Коммуникациядағы мағыналар –
мәннің қайта өңдеуіне келтірлетін хабардың мазмұндық анықтамасы.
Коммуникациялық процесс қоғам өмірінң барлық саласында, сонымен қатар
әлеуметтікте де жүреді. Әлеуметтік коммуникацияның әртүрлілігі ретінде тап
аралық, кәсіби аралық, этика аралық , аймақ аралық, ұрпақ аралық, жыныс
аралық, сонымен қатар жоғары және орташа, төменгі қабаттар арасындағы,
элита мен тобыр арасындағы, әкімшілік және
Әлеуметтік коммуникацияның күрделілігі, өзіне қоғамның әлеуметтік
иерархиясындағы топ ішілік коммуникацияны және топ аралық коммуникацияны –
қабаттар, қауымдастық арасындағы коммуникацияны қамтитындығында. Әлеуметтік
коммуникация көптеген әлеуметтік топтар мен қабаттар арасындағы қатынаста
көп деңгейлі процесті көрсетеді. Әлеуметтік коммуникацияда жеке тұлға
аралықтан өзгеше, жартылай мәдениеттік диалог жүреді (әртүрлі топтағы
нормалар мен құндылықтардың айырмашылығы). Сондықтан өзара түсіну жолындағы
әртүрлі белгілер жүйесінде және оның мазмұнында қамтылған, барьер мен
қарсылықтар, ақпараттық алмасудағы техникалық және басқа өкілдер арқылы
жоғалуды, салдарларды көбейтеді.
Коммуникация қазіргі қоғамда әрбір өнеркәсіптің өмірлік қамтамасыз
етілген негізі, сонымен қатар әлеуметтік жұмыстың ұйымдық жүйесі болып
табылады. Коммуникация арқасында әлеуметтік қызметтің ішінде және оның
сыртында, аралас ұйымдармен және институттармен, тұтынушылармен,
клиенттермен, қаржыгерлермен және т.б. ақпараттың жүйеленуі және талдауы,
жиналуы жүзеге асады.
Әлеуметтік жұмыста арнайы кәсіби саланы, яғни мәселені шешудегі
әлеуметтанулық және әлеуметтік-психологиялық принципке негізделген
қоғамдық, топтық, жеке жолы болмаушылықты түсінеміз. Әлеуметтік жұмыс –
дара жек тұлғалар мен топтардың әлеуметтік мәселесін шешуге, жағдай
жасауға, адамдардың әлеуметтік қызмет атқаруына қабілетін жақсартуға немесе
қалпына келтіруге бағытталған әрекеттің ерекше түрі. Әлеуметтік жұмыс – ең
бірініші тұрғындардың әлеуметтік байланысқан топтарының, әртүрлі
қажеттіліктерін, әлеуметтік кепілденген және жеке тұлғалық қызығушылықты
қанағаттандыруға бағытталған, интегративті, пән аралық кәсіби әрекеттің
түрі.
Әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде құрылған көмекті қажетсінетін
жеке тұлғалар, топтар, адамдар болады. Ал әлеуметтік жұмыстың субъектісі
ретінде әлеуметтік әрекетпен қызметке сәйкес немесе қоғамдық бастамаларда
айналысатын әлеуметтік жұмысшылар адамдар ретінде, мемлекет өз құрылымымен,
қоғамдық, қайырымдылық және басқа ұйымдар және мекемелер қатысады.
Әлеуметтік жұмыс осы әрекеттің мақсатына жетуге мүмкіндік беретін
әртүрлі құралдар көмегімен жүзеге асырлады. Құралдардың, әрекеттердің
көптүрлілігі коммуникативтік құралда маңызды орын алады.
Басқару әлеуметтік жұмыстың компоненті ретінде объектінің жағдайын
алдын ала анықтауды жоспарлауды, шешімді талдауды, бақылауды, әлеуметтік
жұмысшыларды таңдауды және дайындауды қамтиды. Ұйымдастырушылық және жеке
басқарушылық қызмет белгілі бір кезеңде әлеуметтік жұмыстың мазмұнын
анықтайтын, мақсатты бағытталған коммуникациялық әрекетсіз мәнсіз болады.
Әлеуметтік жұмысшының әрекеті коммуникативтік – негізгі қызметті
орындауымен үздіксіз байланысты. Коммуникативтік қызметті жүзеге асыра
отырып, әлеуметтік жұмысшы көмекті және қолдауды қажет ететіндермен
байланыс орнатады. Бұл қызметтің мазмұнына сонымен қатар:
- ақпарттың алмасуын ұйымдастыру;
- әлеуметтік қызмет әрекетіне қоғамның әртүрлі институттарын қатыстыру;
- басқа адамды қабылдау және түсінудегі көмек кіреді.
Кәсіби анықтама әлеуметтік жұмысшының қызметтік міндеттерінің тізіміне
мыналарды да жатқызады:
- шиеленістерді шешуге адамдарға көмек көрсету;
- әлеуметтік көмек орталықтарын, клубтарды және ассоциацияларды ,
бірлестіктерді құру жұмыстарына қатысу.
Коммуникацияның мақсаты – білімді, сенімді, хабарды алушылардың
тәртібін өзгерту.
Әлеуметтік жұмыстағы коммуникациялар коммуникациялық әрекеттегі
субъекті мен объектінің тәртібі, ақпаратпен қамтамасыз ететін байланыс
каналдар жүйесі, өзара әрекеттің тұрақтылығын қамтамасыз ету құралы ретінде
қарастырады. Коммуникацияның – интраперсональдық, интерперсональдық және
топ аралық деп негізгі үш түрге бөлінеді. Коммуникацияның субъектісі
ретінде жеке тұлғалар, топтар және тұтас ұйымдар қатысады. Коммуникация
әлеуметтік қызметтердің потенциальды және шынайы тұтынушыларын құрайтын
нақты мақсатты аудиторияға бағытталады. Әлеуметтік қорғау экономикалықтан
басқа келесі компоненттерді: әлеуметтік-психологиялық қорғау, саяси қорғау,
рухани қорғау, құқықтық қорғауды қамтиды. Әлеуметтік қорғалуды тек қана
экономикалық және әлеуметтік кепілдікпен шектеуге болмайды. Ол ұят және
баспасөз бостандығын, азаматтық туралы заңды, сөз бостандығын да қамтиды.
Мәселенің ақпараттық, әлеуметтік-психологиялық және коммуникативтік
аспектілері әлеуметтік қажеттілікті керек ететін қабаттар үшін өте маңызды.

Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік коммуникацияның арнайы жүйесімен
мінезделеді. Далалық әлеуметтікте жұмысшыларға, мамандарға және әлеуметтік
қорғау мекемесінің бөлімшесінің басшыларына күнделікті жағымсыз, қара
ақпарат және фактура – кедейшілік, орналаспағандық, қанағаттанбаушылы,
қарттық шырғалаңдар, мүгедектік, жеккөрушілік, ашушаңдық және т.б. туындап
отырады.
Әлеуметтік жұмыстағы коммуникациялық процестер мыналарды қамтиды:
І.Құрылым:
1. Әлеуметтік мәселе жөніндегі қоғамдық түсіну (субъективтік-рәміздік
аспекті).
2. Әлеуметтік өмірдің стандарты (атрибуттық аспекті).
3. Ресурстар (ақпараттық, материалдық, адамдық) (әлеуметтік-экномикалық
аспекті).
ІІ.Деңгейлер:
1. Әлеуметтік өзара әрекет (интегративті аспекті).
2. Пәнаралық өзара әрекет (басқарушылық аспекті).
Әлеуметтік жұмыс саласындағы басты теоретик П.Д.Павленок, айтқандай
әлеуметтік жұмыс әрекеттің әмбебап түрі болып табылады, маманнан әртүрлі
саладағы білімін талап етеді және оны тәжірбиеде қолдануды қажет етеді.
Коммуникативистиканы синтетикалық, әлеуметтік коммуникация және
ақпараттық байланыс негізіндегі пәнаралық ғылым ретінде, ол сонымен қатар
әртүрлі пәндік саладағы білімді талап етеді және әлеуметтік жұмысшының
тәжірбиелік әрекетіндегі негізгі объективті ядросы болып табылады.
Коммуникативтік қызметті жүзеге асыру әлеуметтік жұмыстың басқа да маңызды
қызметтерін тиімді орындауды қажет етеді. Олардың арасында ескерту –
профилактикалық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық,
әлеуметтік-медициналық және әлеуметтік-тұрмыстықты айтуға болады.
Әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі кәсіби қызметтерді және міндеттерді
орындау көбінесе басшылардың, ұйымдастырушылардың және орындаушылардың
коммуникативтік жаупкершілігі мен коммуникативтік – орындаушылық
шеберлігіне тәуелді болады. Осыған байланысты 1994 жылы РФ Мемлкеттік ЖОО
бекітілген және 1998 жылы жаңартылған жоғары және кәсіби білім берудегі
Мемлекеттік білім беру стандартына құжат ретінде көңіл аударамыз.
Мемлекеттік стандартқа сәйкес жалпы кәсібилік пән маманы әлеуметтік жұмыс
саласында міндетті:
- қоғам мен отбасы, үлкендер мен балалар, жеке тұлға мен кіші орта
арасында байланысты қамтуды игере алуы керек;
- адамдар мен кіші топтағы жағдай арасындағы қатынасқа, клиентті
әлеуметтік маңызды әрекетті орныдауға бағыттауға әсер ете алуы керек;
- формальды емес қатынаста жұмыс істей алуы керек;
- әлеуметтік өзара әрекеттің типологиясы мен формаларын білуі керек.
Келтірліген ұстанымдар мамандардың білімділігінің талаптарының бірі
әлеуметтік жұмыс саласында әлеуметтік коммуникация теориясының жоғары
деңгейлі білімді, коммуникативтік әрекетті ұйымдастыру саласындағы,
әлеуметтік мәселені шешуде және басқаруда, әлеуметтік көмекті көрсетуде
жоғары мәдени деңгейін орындауды ұсынады. Әлеуметтік жұмыстың коммуникация
ретінде анықталуы тек қана ғылыми-теориялық қажетіліктермен ғана
шектелмейді, сонымен қатар шынайы фактінің тәжірбиелік сенімді
констатациясы ретінде болады.
Әлеуметтік саладағы басқару жүйесіндегі әлеуметтанулық зерттеулер
әлеуметтік жұмысшылардың және педагогтардың клиенттермен, сонымен қатар
социумдағы ұйымдардың жағымды имиджін қалыптастыруда және құру әрекетінде
коммуникациясын зерттеуді қажеттілікпен енгізеді.
Коммуникативтік әрекетті басқарудың мәселесі әлеуметтік жұмысқа жақын
қарастырлады. Кеңінен жалпы түсінік ретінде әлеуметтік сала қатысады. Онда
... қоғамдық өмірлік әрекеттің, әлеуметтік және басқа топтардың және жеке
тұлғаның, олардың даму жағдайының әлеуметтік факторлар жиынтығы қамтылады.
Әлеуметтік сала адамның өмірінің барлық кеңістігін - оның еңбек жағдайынан
бастап және болмысын, денсаулығы мен әлеуметтік-таптық және әлеуметтік-
этникалық қатынасына дейін қамтиды.
Әлеуметтанулық түсінікте әлеуметтік сала – жеке тұлға мен адамдардың
қауымдастығы өмірінің саласы. Мысалы, кәсіби, демографиялық топтар, таптар
өмірінің саласы. Әлеуметтік саланы гуманитарлық, ғылыми-зерттеулік,
өндірістік деп (техно сала) ажыратып қарау керек. Сондықтан тар көлемде
білім беруді, ғылымды, көркем мәдениетті (өнерді), бұл институттар және
ұйымдар саяси салада да, психологиялық, экономикалық, және қоғамның рухани
өмірінде де әрекет ететіндіктен әлеуметтік салаға жатқызуға болмайды.
Әлеуметтік саланы нақты бөлу әдіснамалық және тәжірбиелік аспектіде де
маңызды. Әлеуметтік саланы суреттей отырып, біз әлеуметтік әрекеттің
субъектісі мен объектісіне тоқталамыз. Коммуникативтік әрекеттің мазмұны
мен формасы субъекті мен объектінің ауысуына, білім беру деңгейі
айырмашылығына, дәрежесіне, кірісіне, тұрғылықты орнына қарай өзгеріп
отыруы керек. Әлеуметтік жұмыстың сапасы мен тиімділігі көп жағдайда сол
әрекеттің субъектісінің әлеуметтік мінезіне тәуелді болады.
Әлеуметтік саланың екінші маңызды мінезі – оның кеңістігінде индивидтің
өмір сүру жағдайына тікелей әсер ететін әлеуметтік мәселелер шешіледі. Бұл
жағдайға қарай отырып әлеуметтік сала категориясы өзіне мынадай
компоненттерді , денсаулық сақтау, сервис, қамту, жарнамалық әрекет, шоу-
бизнес, кәсіби одақтық жұмыс, сауданы қамтиды. Өнерді, рухани мәдениетті,
білім беруді, ғылымды, өндірісті, экономиканы, саясатты әлеуметтік саланың
сыртына шығара отырып, автор сол процестің теориялық жағдайылығына есеп
береді, немесе соңғысы қоғамның басқа салаларымен өзара әрекеттеседі және
қиылысады.
Сонымен әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік сала өзара жалпы және ерекше
сәйкеседі. Сондықтан коммуникативтік әрекеттің барлық заңдылығы әлеуметтік
саладағы әлеуметтік жұмыстың жүйешігінде де әрекет етеді. Сонымен қатар бұл
әрекеттің спецификасы оның қызметінің ерекшелігін іздеуге бағыттайды, яғни
ол диссертациялық зерттеудің пәні болады.
Әлеуметтік әрекет - өзінің әлеуметтік мәселесін сыртқы көмексіз шешуге
қабілетсіз адамдарға көмек көрсетуге бағытталған әрекет. Коммуникативтік
әрекет концепциясы теориялық жағдайдан шығады, яғни барлық қабаттар мен
топтардың өкілдерінің әлеуметтік мәселелері ақпараттық және коммуникативтік
ортамен, әлеуметтік айналыммен байланысқан.
Әлеуметтік жұмыс әрекет түрі және әлеуметтік институт ретінде
тұрғындарды әлеуметтік қорғау технологиясы ретінде қарастырлады.
Мемлекеттік әлеуметтік қорғау жүйесінде әрбір адамның әлеуметтік құқын
қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік саясаттың маңызды аспектісі ретінде
түсініледі. Әлеуметтік қорғау ұғымы әлеуметтік саясатта маңызды орны алады
және барлық категориясына, сонымен қатар тұрғындардың еңбекке қабілетті
бөліміне де таралады. Әлеуметтік қорғау кең көлемде алғанда мына
компоненттерді қамтиды: саяси қорғау, әлеуметтік-психологиялық қорғау,
әлеуметтік қорғау (тар мағынада), ақпараттық, рухани және интеллектуальдық
қорғалғандық, коммуникациялық қорғау, құқықтық қорғау. Әлеуметтік жұмыстың
кең мағынасында барлық адамдардың әлеуметтік қорғаулы және барлық аталған
элементтердің жиынтығы, бұл жерде тек қана әлеуметтік-экономикалық және
физиологиялық қажеттіліктер және тұрғындардың кедей қабаттары ғана емес,
сонымен қатар барлық адамдардың коммуникациялық, интеллектуальдық, рухани
және ақпараттық қажеттіліктері жөнінде де айтылады.
Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік қолдау формасы ретінде – азаматтардың
уақытша экономикалық қиын жағдайға ұшыраған кейбір тобына көмек көрсету
жүйесінде де жүзеге асырлады. Әлеуметтік қызмет әлеуметтік көмек қызметін
де атқарады – жеке азаматтарға немесе тұрғындардың өмірлік қиындықтарын
жеңілдетуге немесе сол қиындықтан шығаруға бірігу әрекеті немесе қызмет ету
мақсатында жүзеге асырлады.
Ресей Федерациясының (1993 ж.) тұрғындарға әлеуметтік қызмет жасауды
дамыту Концепциясына сәйкес тұрғындардың әртүрлі категориясын территориялық
деңгейіде әлеуметтік жұмыстың әртүрлі формасын қамтамасыз ететін бұл
механизмнің маңызды жетекшісінің бірі әлеуметтік қызмет ету жүйесін құру
болып табылады. Ол өзіне қиын жағдай шегінде тұрған, әртрүлі топтармен
тікелей және мақсатты комплексті әлеуметтік қызметтерді қамтиды. Әлеуметтік
қызмет ету әлеуметтік қызмет желісі арқылы жүзеге асырлады. Қазіргі
жағдайда әлеуметтік қызмет көрсету әлеуметтік жұмыстың бір парадигмасы және
оның ұйымдастырушылық формасы ретінде жүргізіледі.
Сонымен, әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қолдау,
әлеуметтік көмек, әлеуметтік қызмет ету, ұғымдары мазмұндық ерекшелігі
болсада, өзара байланысты және өзара әрекет ететін және әлеуметтік жұмысқа
жартылай қызметті жүйе ретінде әсер етеді. Коммуникациялық процестер
контекстінде аталған ұғымдар өзара әрекеттеседі, немесе коммуникацияның
әлеуметтік басқару заңдылығында барлық деңгейге, үлгілеріне, формаларына,
әлеуметтік жұмыстың әдістеріне және бағыттарына таралады.
Тұрғындардың өмірлік әрекетінің негізгі саласына жүйелер, элементтер,
әлеуметтік қызмет басқарудың институциональдық негізі ретінде әсер етеді.
Әлеуметтік қызмет – тұрғындарға қызмет ету барысында, тұрғындарға
әлеуметтік көмек пен қызмет ететін құрылым және мамандандырылған мекемелер,
басқару органының әлеуметтік жұмысты жүзеге асыратын жиынтығы. Осылай
әлеуметтік қызмет әлеуметтік қолдау, көмек, әлеуметтік қорғау және
әлеуметтік қызмет ету қызметін орындай отырып, әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі
коммуникациялық процестерді басқару формасын ұйымдастыру ретінде
жүргізіледі.
Коммуникативті әрекет талдауы және оңтайландырлуы оның әлеуметтік жұмыс
саласындағы басқарлуы бұл диссертациялық зерттеуде құрылымдық-
функциональдық әдісте құрастырылған. Құрылымдық функционализм зерттелетін
құбылыста тек қана тұрақты құрылымды ғана емес олардың арасындағы
функциональдық байланысты да бөліп қарастырады.
Құырылым ұғымында объектілердің бөлімдерінің арасындағы тұрақты
байланысты қамтамасыз ететін жиынтықты түсінеміз. Қызмет – белгілі бір
элементтің немесе коммуникативтік процестің ұйымдасқан басқару жүйесіндегі
қайталанатын коммуникативтік әрекет. Егерде қызмет әлеуметтік жұмысшының
немесе басқару жүйесінің коммуникативтік әрекетін білдірсе, онда категория
диалогтық кедергі, қатынас, кері байланыс, өзара түсінушілік, екі жақтылы
қызмет анықталады.
Жүйелік тәсілнама жүйенің жалпы теориясы, функциональдық жүйе теориясы,
динамикалық талдау құрылымдық-функциональдық әдістің варианты ретінде
қарастырлуы мүмкін. Жүйелік подходтың (тәсілнаманың) эволюционизм идеясымен
бірігуі (синтезі) өнімдірек болып көрінеді.
Құрылымдық функционализм концепциясы позитивтік әдіснаманың субъекті-
объектілік диспозициялық басты бағыты ретінде қарастырлады. Позитивтік
әдіснама шеңберінде технологиялық детерминизм концепциясы, ақпараттық қоғам
және жүйелік тәсілнама қолданылады. Коммуникативтік технологиялар осы
парадигмаға негізделген керекті объектінің кескінін құрастыруды және
әлеуметтік өзара әрекет міндетін қояды. Осы тәсілнама жүйенің қатаң
бақылау тәртібін ұсынатын кибернетикалық принциппен сәйкес келеді.
Қызмет термині осы жұмыста Р.Мертон ұсынған: әрекетті анықтау үшін,
әкімшіліктің, менеджердің, әлеуметтік қызмет мамандарының міндетіне
кіретін, сонымен қатар нормативтік, стандартталған, коммуникативтік
әрекеттер және әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі коммуникативтік процестер
мағынада қолданылады.
Функциональдық жүйе элементтердің өзгерісі реттелген
(функционирование), келісілген, сонымен қатар механикалық тұтастық
(объективтілік) туындамайтындығымен мінезделеді. Бұл жүйелердің тұтастығы
күштік емес (энергиямен алмасу), функциональдық, яғни элементтердің тәртібі
кейбір тұтастық тиімділікті иемденеді, ал өздері тек сол өзгерістерді алып
жүруші болып табылады.
Коммуникативтік әрекет жүйесі – функциональдық жүйенің мысалы.
Өзгерістерді коммуникативтік әрекеттер жасаған әлеуметтік жұмыстың барлық
жүйесіне тұтастық беретін субстантық элементтер негізінде айтуға болады.
Американ әлеуметтанушысы Т.Парсонс коммуникативтік жүйенің әртүрлі
деңгейінің функциональдық жағын терең зерттеп (биологиялық, жеке тұлғалық,
әлеуметтік, мәдени) төрт функциональдық қажетті жағдайды бөліп қарады –
жүйелік пререквизиттер: бейімделу қызметі, интеграция, мақсатқа жету,
өзін сақтау. Бейімделу қызметі жүйенің жағдайға бейімделуін, яғни осында
және қазірде жинақталады. Интеграция коммуникативтік жүйенің барлық
қызметінің әрекет координациясын білдіреді. Мақсатқа жету қызметі –
коммуникативтік жүйенің стартегиялық бағыттағы қозғалысы үшін әлеуметтік
шынайылыққа әсер етудің негізгі құралы (әлеуметтік жұмыстың мақсатының жету
бағытындағы) болып табылады. Өзін сақтау қызметі – латенттілік (жасырын) –
деген тағы бір атауды алады, кескінді қолдау.
Т.Парсонстың құрылымдық функционализмі дисфункция ұғымын енгізген
Р.Мертонмен дамыды. Л.Козер шиеленіс қоғамдық жүйеге құрылымдық құруға,
реформа жасайтын катализатор ретінде қажет деп негіздеді. Осылай құрылымдық
функционализм әлеуметтік жұмыс жүйесінде реттелген коммуникациямен жүретін
процестерді тиімді талдау әдісі ретінде көрінеді.
Құрылымдық-функциональдық талдау марксистік структурализммен көбіне
ұқсас: оларды реттілік концепциясы, детерминизм, функциональдылық
біріктіреді. Тәртіптелген әлеуметтік құрылым әлеуметтік жұмыстың
саласындағы коммуникативтік бостандықты және басқарушылық әрекетті
шектейді. Американ әлеуметтанушысы П.М.Блау жазғандай, эмердженттік қасиет
– бұл әлеуметтік құрылымның мінездемесі жеке адамдар жағынан бақылауға
берілмейтін, бұл мінездердің өзі олардың жеке әрекетінің қорытындысы болса
да, және бұл әлеуметтік ортаның жағдайлары адамдардың бостандықтағы еркін
жүзеге асыратынды қажеттілікпен шектейді.
Р.Мертон сонымен қатар тәртіптің басты стандартымен байланысты
танылмаған қатысушылармен тәртіптің заңыдылғын зерттеу қажеттілігін
негіздеді, латенттік (жасырын) қызметті зерттеудің қажеттілігі.
Р.Мертон функциональдық талдау үшін парадигманы құрды: негізгі талап
талдау объектісі стандарттықты ұсынса (яғни, типтендірілген, қайталанатын
құбылыс) әлеуметтік роль ретінде, институциональдық типтер, әлеуметтік
процестер, мәдени стандарттар ұсынылады.
Осылайша, құрылымдық – функциональдық талдау әлеуметтік жұмыстағы
коммуникативтік процестерді барсқару мәселелерін зерттеуде негізгі жағдайды
иеленеді, немесе әлеуметтік әрекеттің аяқталған жүйесін құрайды.
Құрылымдық-функциональдық талдаудың өнімділігінің дәлелдемесі,
В.В.Гуленко (1995) жасаған социоталдаудың негізінде коммуникативтік
кеңістік теориясы болып табылады. Коммуникативтік кеңістік ұғымы тұрақты
құрылымдық және мінезді ортасына әсер етеді, яғни басқару субъектісі,
коммуникативтік әрекет немесе әлеуметтік жұмыстың объектісіне (индивид
немесе топ) жүктелген. Коммуникативтік кеңістік деңгейі патенциальды
барьермен – төменгі деңгейден жоғарғыға өту үшін жұмсалу керек күшпен
бөлінген. Коммуникативтік кеңістіктің жүйелік вертикальі келесі кескінде
көрінеді:
- элементарлық құраушы деңгей – физикалық (материальды субстрат,
денелік және заттық процестер);
- психологиялық – жүйешік деңгейі (тығыз, формальды емес қатынас,
субективті жақындасу, жандық процестер);
- әлеуметтік – жүйе деңгейі (формальды, реттелген қатынас, әлеуметтік,
кәсіби, өндірістік қатынас);
- интеллектуальды – жүйе сыртындағы деңгейі (әсер ету, дүниетанымдық,
мәдениет, руханилық).
Кеңістік материяның болмысының жалпы фромасы ретінде, оның құрылымын
және ұзындығын кескіндейді. Коммуникативтік кеңістік – социумдағы жеке
тұлғаның коммуникативтік және ақпараттық өзара әрекетінің кеңістігі.
Кеңістік деңгейі комуникация жүретін, екі параметрмен анықталады –
коммуникативтік дистанция (кеңістіктің ұзындығы) және комуникацияның
көлемі. Дистанция екі мағынаны қамтиды – жақын және алыс. Ал көлемдік
жағынан терең және үстіңгі комуникация деп ажыратуға болады.
Коммуникативтік кеңістіктегі өзара әрекеттің физикалық деңгейі: жақын
дистанция, коммуникация үстіңгі. Психологиялық деңгей: дистанция жақын,
коммуникация терең. Өзара әрекеттің әлеуметтік деңгейі: дистанция алыс,
коммуникация үстіңгі. Өзара әрекеттің коммуникативтік кеңістіктегі
интеллектуальдық деңгейі: дистанция алыс, коммуникация терең.
Коммуникативтік деңгейлер иерархиялық тәртіпте орналасады.
Коммуникативтік кеңістіктің интеллектуальдық немесе рухани деңгейі жоғарғы
деңгейге сәйкес келеді. Ары қарай коммуникативтік кеңістіктің әлеуметтік
деңгейі орналасады. Өзара әрекеттің психологиялық және физикалық деңгейі
төменгі деңгей ретінде болады. Комуникацияның әлеуметтік және психологиялық
деңгейі кері пропорциональдық қатынаста болады. Бір уақытта комуникативтік
әрекетті бір адаммен және клиенттердің толық тобымен жүзеге асыра алмайсың;
әлеуметтік мәселені шешу, жеке индивидуальды психикада емес әлеуметтік
деңгейде жүзеге асырлады. Басқаша айтқанда, психологиялық және әлеуметтік
жұмыстың арасында сапалық айырмашылық бар.
Деңгейлердің осылай орналасуы адамдардың ұстанымымен байланысты, яғни
ададмдардың бір деңгейден екіншісіне ауысуының себебі болып табылады.
Коммуникативтік кеңістік теориясы А.Маслоудың иерархиясымен, қоғамды
органикалық, жеке тұлғалық, әлеуметтік және мәдени подсистемаға (Т.Парсонс)
бөлуімен келіседі. Өз уақытысында Уоллас келесі деңгейдің құрылымы
алдыңғыны аяқтайтындықтан құрылымның концептуализациясын деңгейлердің
иерархиясы ретінде маңыздылын атап өтті.
Әлеуметтік жұмыстағы коммуникативтік әрекеттің басқару жүйесінде
құрылымдық-функциональдық талдау әлеуметтік проблеманың ағымдық жағдайлары,
әлеуметтік объектінің құрылымы, оны байланыстыратын элементтері және
байланысы жөніндегі ақпаратты алуды ұсынады. Құрылымдық-функциональдық
талдау әлеуметтік объекті ретінде функциональдылық пен
дисфункциональдылықты, сонымен қатар әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған
субъектінің коммуникативтік әрекетін көрсетеді. Сонымен қатар объекті мен
коммуникативтік әрекеттің және басқару жүйесінің субъектісінің арасындағы
құрылымдық-функциональдық сәйкестікті анықтау маңызды.
Коммуникацияның феномені көпөлшемді және көп деңгейлі құрылымды,
күрделі жүйені қамтиды. Жүйенің жалпы теориясына құрылған подход
конструктивті болып табылады. Әдіснама ретінде жүйелік тәсілнама болады.
Әлеуметтік жұмыс саласындағы коммуникацияны басқарудың маңызды принципі
ретінде жүйелік принципі қарастырлады.
Әлеуметтік басқару тәжірбиесі мен теориясына маңызды жинақтауды
әлеуметтік жүйелік мектеп енгізді,– құбылыстарға, процестерге, ұйымдарға
өзінің жеке инструментарий жасап жүйелік тәсілнама енгізді. Жүйелік
тәсілнама – бұл белгілі бір кесінмен өзара байланысты, ұйымдардың,
экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, саяси, демографиялық, ақпараттық,
технологиялық, экологиялық, этникалық, коммуникациялық және басқалардың
әртүрлі жақтарын шешу және үлгілеу, талдау. Негізігі ұғымдар: жүйе.
Жүйешік, элемент, жүйелік тәсілнама, жүйелік талдау, мақсаттың құрылымы,
міндет; сыртқы және ішкі орта; мақсатқа жетудің құралын таңдау және
бағалау, жинау; мақсат
Әлеуметтік проблемалар поликаузальды болып табылады, олар себептердің
жүйесі болып комплектісі болып анықталады. Сондықтан жүйелік принципі
әлеуметтік объектіге бағытталған коммуникативтік әсер ету процесін басқару
және зерттеу кезінде бастысы болып табылады.
Негзігі жүйелік принциптер: тұтастық; келісім; интерсубъективтілік;
жүйеден шығу; мамандардыру және кооперирования; иерархиялық; мақсаттық
тиімділік; субъективтік және объективтіліктің бірлігі; табиғилық пен
әлеуметтіктің бірлігі; жекелік пен топтықтың бірлігі; нақты құрылымдық
(тетратомия негізінде); құрылымның стандартизациясы; бірлікті және қосымша
типологиялар; интерактивтік функционализм; фрактальдылық; эволюцияның
эквифинальдылығы.
Коммуникацияны тиімді басқарудың жүйелік принципіне сәйкес олардың
компоненттерінің байланысы коммуникативтік әрекеттің әлеуметтік жұмыстағы
мақсатты міндетін шешуді кейінге қалдыру шарасы ретінде анықталады.
Қызмет етуге қабілетті , белгілі бір тұтастықты құрып анықтайтын және
бір-бірімен көп түрлі қатынаста болатын, элементтердің жиынтығы.
Жүйе теориясын коммуникацияны басқару мәселесін зерттеуге тиімділіктің
жоғары деңгейінде қолданылуға болады. Жүйеліктің аспектілері мен жақтары
келесі ұғымдарда келтірілген:
- белгілі бір жиынтықты оларды ортақ белгімен біріктіретін, элементтер
тобына (табына) орналастыру – жіктеу;
- таксономия – шынайылықтың саласындағы күрделі ұйымдастырылған қатынас
пен байланыстардың иерархиялық көрінісі;
- типология – бөлінген типтерді негіз ретінде пайдалану мақсатында бар
белгілері негізінде элементтерді күрделі жиынтыққа біріктіру.
Типологизация жіктеудің тікелей жалғасы болып табылады. Жіктеуді
математикалық әдіс, компьютер, ал типологизацияны әрқашанда әлеуметтанушы
жасайды. Жіктеу топтарды әртүрлі объектілерді сапалы біртекті деңгейіге
жеткенше бөледі. Типологизация – дегеніміз объектілердің жиынтығын
әрқайсысы белгілі бір нақты модификацияныалып жүретін, кейбір архетипті
статистикалық гомогендік көптеген бөлшектеулері М.С.Каган).
Бұл жұмыста әлеуметтік жұмыстағы және басқарудағы типологиялық
тәсілнаманың маңыздылығы бөлінеді. Басқаны өзіндік түсіну онымен болатын
идентификацияны (жекелік және типологиялық) жеңілдетеді. Идентификация –
түсіну жолы және оған өтудің келіміс болмағанда да өту.
Адамдардың бірлігі тек қана олардың биологиялық бір түрге қатыстылығына
байланысты анықталмайды, сонымен қатар адамдық өзара әрекеттің
типологиясында, қайталанатын өзара қатынастардың бөлімшелерінде де
көрінеді.
Жеке тұлғаның әмбебап типологиясының негізін 1921 жылы швейцариялық
ғалым К.Г.Юнг салды. ХХ ғасырдың 50-60 жылдары Т.Шибутании типтік сезім
теориясын жасады.
Өткен ғасырдың 70-80 жылдары шет елдерде соционикалық концепция қатаң
құрылыммен ажыратылатын жеке тұлғаның нақты социо үлгісін жасап,
Т.Шибутанидің болжамын бөлшектеп және бекітті.
Жүйеліктің жалпы ғылымилығы әлеуметтік ғылымдарға жаратылыстанулық
ғылымдардан жіктеу әдісін алуға көмектеседі. Жікеу әдісінің дамуы
типологиялық тәсілнамада көрінеді. Соционикалық типология, жүйенің
әдіснамалық басты концепция теориясына сүйене отырып қоғамды ақпараттық
және әлеуметтік-типологиялық критерий бойынша жеке тұлға мен топқа бөлу,
ғылыми әдістердің басқа да талаптарын қанағаттандырады: объективтілік,
объектінің үлкен санына мүмкіндікті қолдану (үлкен және кіші топтарға,
аналогиялық типтердің өкілдерінің үлкен санына сарналған, сапалық), оның
жоғары құндылығын, логикалық құрылымын, қарама-қайшылықсыздықты, үлгілеуді,
социодиагностикалық әдістердің және олардың тексерушілік мүмкіндігін
қорытындысын нақтылауды көрсетеді.
Типтік және типологиялық талдау жеке тәсілнаманы білдірмейді,
керісінше, оның қолданылуының тиімділігінің алғышарты болып табылады.
Сонымен, инструкцияның әлеуметтік саланың жүмысшыларының міндеттік
қолдануы үшін жасалған, олардың жекелік мазмұнын қамтамасыз етеді. Олардың
болуы инструкцияны құруда міндеттік типі қажет уақытты қысқартуға, олардың
қызметтерінің өзіндік жүйенің ерекшелігін ескере отырып көмектеседі.
Басқаша айтқанда типтік және жекелік міндеттік инструкциялар бар.
Зерттеудің объектісі мен субъектісіне қатысты жүйе ұғымын алынған
мақсатқа жету үшін негізгі және кері байланысқа әсер етуші, элементтердің
жиынтығы ретінде қарастырамыз.
Коммуникативтік жүйенің қызмет етуін қамтамасыз ету үшін басқару жүйесі
элементтер алдына олардың басқаруға әсерін талдай отырып, оладың әрекетін
жүйелей (субъектілердің), мәселені, міндетті, мақсатты қояды.
Мақсат жүйелік термині кеңейген мағынаны білдіреді. Мақсат – бұл
функционализмнің кейбір кезеңдерінде жетуге қажетті, алынған жүйеде белгілі
бір элементтердің жағдайы.
Әлеуметтік жұмыс саласындағы мақсат надсистеманы – қоғамды тұтас
организм ретінде қояды. Нақты ұйымдағы басқару жүйесі подсистема мақсатын
міндеттейді – орындаушылардың топтары мен бөлімшелеріне. Соған сәйкес, жүйе
ішіндегі элементтерге мақсат береді (әлеуметтік-коммуникативтік әрекет
субъектілеріне).
Мақсат әкімшілік тәсілмен берілуі мүмкін: инструкция, бұйрық. Мақсат
материальды, психологиялық, әлеуметтік және рухани стимулдармен, сонымен
қатар жағдайдың комплексті ұйымдасқандығымен берілуі мүмкін.
Коммуникативтік әрекеттегі басқарудағы мақсатқа жету жүйелік кескіндеу
факторы ретінде болады. Мақсаттың жақындығы немесе жалпылығы субъектілерді
қоршаған ортамен қатынасын реттейтін сыртқы байланыстарды білдіретін
бағытталған әлеуметтік топқа біріктіреді. Жалпы мақсат мәдени
құндылықтармен диалектикалық өзара әрекеттеседі. Терең құндылықтар
(архетиптер) басқару иерархиясында (К.Г.Юнг және Т.Парсонс көрсеткендей)
жоғары орын иеленеді. Бірақ кері қозғалыс та болуы мүмкін: жалпы мақсат
жалпы құндылыққа әсер етеді.
Коммуникативтік әрекеттің мақсатына жету процесінде басты рөльді
басқару жүйесі ақтарады. Басқару жүйесі есебінде мақсат пен құндылықтың
жалпылығымен біріккен жеке тұлғаның әлеуметтік типтері, ұйымдардың және
топтардың интегральды (АМИТ – ақпараттық метаболизмнің интегральды типі)
типтері шығады.
Коммуникацияның басқару жүйесін социологиялық зерттеу спецификасы –
коммуникативтік әрекеттің әлеуметтік тәуекеліне, шығынына, тиімділігіне
әсер ететін, индивидуумды, ұйымды, қоғамды тұтас социо мәдени подсистема
ретінде қарастырады.
Әлеуметтік қоршауды талдау коммуникативтік процестерге ортаның мынадай
компоненттерінің әсер етуі, елдің, аймақтың, тұрғын елдердің, әлеуметтік-
экономикалық жағдайы, басқарушылық реттудің құқықтық аспектілері, саяси
жүйенің спецификасы, табиғи жағдайлар, мәдени дәстүрлер, және менталитет,
әлеуметтік инфрақұрылымның және технологияның дамуы. Басқару жүйесі –
макро әлеуметтік орта өзара әрекетін зерттеуде коммуникативтік каналдарда
ақпарат қаншалықты айналатындығын және басқару жүйесінің ақпарат ағымына
қаншалықты ашық болатындығын анықтау маңызды.
Социологиялық зерттеу кезінде ұйымның әлеуметтік саланың объектісі
ретінде азаматтық немесе (демокартиялық) тоталитарлық (корпоративтілікке)
ұйым типіне қатысты екенін анықтау қажетті. Жүйелік тәсілнама нақты, жеке
құбылыстардың жалпы тәртібін анықтауды ұсынады. Сонымен, ұжымдағы немесе
әлеуметтік жұмысшы - клиент жүйесіндегі шиеленісті сол ұйымдағы
басқарудың тұтастық жүйесін (типін) білген кезде ғана бағалауға болады.
Адам - әлеуметтік жүйенің бір бөлігі, сондықтан ол бөлікті тұтастықты,
өзгертпей өзгертуге болмайды. Сондықтан социологиялық зерттеулерде сыртқы
ортаның мінездерін (сыртқы үлгісінің), әсіресе сыртқы ортаның тәуекелінің
(сыртқы – ішкі саяси) ескеру керек. Әлеуметтік тәуекелдер ұжымдағы
әлеуметтік қатынастардың сәйкес келмеуінен болған коммуникацияның басқару
жүйесінің әлеуметтік-коммуникативтік әрекеттің тиімділігінің төмендеуімен
байланысты болуы мүмкін. Коммуникативтік әрекет мәселесінің әлеуметтік
аспектісі ұйымдардың адам факторымен байланысты қойылған мақсатқа
жетпеуінен: жеке тұлғалық шиеленістер, еңбеккке ұмтылыстың
жеткіліксіздігінен, әлеуметтік және ғылыми технологияға әлеуметтік
қатынастың сәйкес келмеуінен көрінеді.
Әлеуметтік жұмыс жүйесі қоғамның әлеуметтік саласының бір бөлігі
ретінде ашықтығымен, сыртқы ортамен өзара интенсивті әрекетімен
мінезделеді. Коммуникативтік әрекеттің төменгі тиімділгінің себептері
басқарудың оптимальдылығының көрінуінен сыртқы ортада, сонымен қатар
ұйымның ішкі ортасында болуы мүмкін. Сыртқы ортаның факторларының
ерекшелігінің бірі – ұйымның нақты істің факторы ретінде таратын, сонымен
қатар бұл ақпараттағы сенімділік қызметі ретінде, ақпараттың саны ретінде
анықталмағандық болып табылады.
Коммуникативтік әрекет және әлеуметтік орта ұқсас жағдайда қарастырлуы
керек. Басқару объектісі (әлеуметтік жұмысшылар, клиенттер, әлеуметтік
қызметті тұтынушылар) және әлеуметтік мәселені шешудегі коммуникациялық
қамтамасыз ету жүйесі жүйелік бірлікте қарастырлуы керек. Әлеуметтік
коммуникация процесін басқаруын жүйелік талдау әлеуметтік айналаны макро
деңгейде зерттеуге, ұйымдардың кіші ортасын, бәсекелестік ортаны, басқару
объектісі – басқару жүйесінің өзара әрекеті мен сәйкес келуін зерттеуді
ұсынады.
Коммуникативтік әрекетті басқару мәселесі өзінің шешімі үшін
ғылымдардың – философияның, әлеуметтік психологияның, әлеуметтік
педагогиканың әлеуметтанудың, социониканың, информатиканың, әлеуметтік
жұмыстың комплекстік күшінің интеграциясын талап етеді. Моно пәндік
тәсілнама (басқару әлеуметтануы жағынан) басқару объектісінің қасиетін
суреттеуде жеткілікті. Коммуникативтік процестердің әлеуметтік жұмыс
саласындағы үйелесімділігі міндетін қойғанда, социумның өзгеруі мен қайта
құрылуы, әлеуметтік мәселені шешу, коммуникативтік ортаның сапалық
жақсаруы, үйелесімділік міндетін қояды, яғни көп жақтылы, комплекстік
подходтың қажеттілігі туындайды. Әлеуметтік тәжірбиенің және әлеуметтік
көмекті көрсетудің тәжірбиесінің сұрақтары, әлеуметтік қызмет ету саласының
объектілерінің маңызды қажеттіліктері зерттеулердің пәнаралық әдістерін
және коммуникацияны басқарудың оңтайлануының жолын іздеуге итермелейді.
Коммуникация – қиын аыжратылатын себептері мен салдары бар көп факторлы
мәселе. Сонымен қатар әлеуметтік коммуникацияның жүйесі, коммуникативтік
мәдениеттің құндылығы және оның дүниетанымдық принциптерінің болмаған кезде
тоқыраулық қоғамда зерттелетінін назарға алу керек. Әлеуметтік ортадағы
коммуникация жүйесінің жағдайының тұрақсыздығы және реттелмегендігі – жалпы
ғылыми қолданудағы және басқару әлеуметтануымен бірге, зерттеудің пәнаралық
құралы , қосымша аргумент ретінде.
Басқару (және менеджерлік) әрекетінің пәнаралық шығуын атап өту
маңызды. Менеджердің ғылыми құрамдық әрекеті коммуникацияны басқрау
процесіндегі пәнаралық мінезді көрсетеді.
Коммуникатвитік әрекеттің жүйелік талдауы оның және басқару жүйесінің
сыртқы әлеуметтік ортамен және басқрау объектісі мен үзіліссіз байланыста
қарастыруды ұсынады. Басқарудың объектісі мен субъектісі ретінде басқарудың
әсерінің белсенді бөлігі түсініледі. Басқару объектісі – басқару
белгілерінің әрекетке түсетін жүйесінің бөлігі.
Басқарудың жүйелілігі мақсатқа жетуде келсіміділікте, жоспарлауда,
бақылауда, ұстанымда, коммуникативтік әрекеттің ұйымдастырлуы мен
бағытталуында көрінуі керек. Басқраудың жүйелілігі мақсатты таңдауда,
мақсатқа жетудің құралы мен тәсілінде, инструменттерде, ұсынылатын
ресурстардың (материальды-техникалық және адамдық) сәйкестігінде және
уақытта , қызығушылықтардың және ресурстардың балансында, ұйымдардың және
жұмысшы топтарының интегральды типтерінің жету әдістері мен мақсаттарының
сәйкес келуінде көрінеді.
Коммуникативтік әрекеттің тиімділігі күрделі жүйе ретінде бірнеше
қасиетпен анықталады:
- көп функциональдылық жағдайын жасайтын әлеуметтік-коммуникативтік
әрекеттің субъектілірінің типологиялық көптүрлілігі;
- ұйымның ортасының кәсіби құрылуы және орындалатын әрекеттің
спецификасы;
- сыртқы байланыстардың беріктігі;
- эмергентілік қасиеті және декомпозиция және агрегирования процедурасын
қолдану;
- кері байланыс және оның жаңа басқарудағы қалыптасуындағы белгілерді
есепке алуы;
Жағымды кері байланыс мысалы – танымал әлеуметтік жұмысшының барлық
күні бойы жұмыс орнында болуының қатаң жұмыс кестесі. Теріс кері
байланыстың мысалы – шығармашылық белсенділікті және әлеуметтік қызмет
мамандарының еңбегінің қорытындысын көтеретін, еркін жұмыс кестесі;
- бейімделу;
- әлеуметтік-коммуникативтік әрекет жүйесінің сенімділігі;
- қауіпсіздігі, тұрақтылығы және қатаңдығы;
- коммуникациялық жүйенің өміршеңдігі;
- өзара байланыстылық (кез келген жүйе әлсіз, оптимальды басқаруда
тәуекелділікті және әрекеттің тоқырауын болдырмайтын байланыс қасиеті
болады) .
Сонымен, жүйелік принципі коммуникациялық әрекеттің сапалық басқару
жүйесінің әдіснамалық және әдістік принцип талдауы ретінде объект пен
ортаны, екі жүйені және олардың өзара әсерін анықтауды бірге қарастыруды
ұсынады.
Әлеуметтік басқару жүйесінде коммуникативтік әрекетті жүйелік тәсілнама
ұстанымынан әлеуметтік әрекетті физикалық, психологиялық, әлеуметтік және
коммуникацияның мемлекетпен интеллектуальдық деңгейде, мәселені комплексті
шешу мақсатында қоғамдық және жеке ұйымдарды жобалаудан тұрады.
М.Вебер және Т.Парсонс, әлеуметтанудың пәні - әлеуметтанулық категория
жүйесіндегі негізгі ретіндегі әлеуметтік әрекет, деп санады. М.Вебер
теориясында жеке тұлға өзінің индивидтік әрекетіндегі сыртқы ұстаным себеп
болатын тәуелсіз және жеке ретінде көрінеді. Ал Т.Парсонс бойынша
әлеуметтік әрекет тек қана жеке тұлғадан ғана емес, сонымен қатар, ол
интеграцияланған әлеуметтік және мәдени жүйеге де тәуелді болады.
Әрекет – cаналы қойылған мақстақа жетудегі бағытталған, жеке тұлғаның
әлеуметтік ортамен өзара әрекетін белсенді құруының формасы (тану немесе
тәжірбиелік қайта құру). Әлеуметтік әрекет – жеке тұлғалық және мәдени
жүйені, әлеуметтікті қайта құру және құруға бағытталған, әлеуметтік
әрекеттер жүйесі. Әлеуметтік жүйеде жеке тұлға адамдар арасындағы
әлеуметтік қатынасты реттейді және ұйымдастырады, олардың бірге болатын
әрекетін ұйымдастырады және қайта ұйымдастырады. Коммуникативтік әрекет
өзінің мазмұны бойынша әлеуметтік немесе әлеуметтік жұмысшының өзінің жеке
тұлғасын дамытуы, оның қызметтестері мен басшыларын, индивидтердің және
топтардың және басқа әлеуметтік жүйенің өзгеруі болып табылады.
Коммуникативтік тәртіп тұтас бірлікке интеграцияланған әлеуметтік жұмыс
субъектілерінің әрекетінің жиынтығын білдіреді. Коммуникативтік тәртіптің
негізгі қызметі - әлеуметтік-мәдени жүйенің талабына әлеуметтік субъектінің
бейімделуі. Коммуникативтік тәртіп – Р.Б.Шайхисламованың анықтамасы
бойынша, жеке тұлғаның әрекетсіздігінің және әлеуметтік әрекет жүйесінің,
әлеуметтік байланыспен бірікен және оның әлеуметтік жүйеге кірігуіне,
мәдениетке және өзіндік қабілетіне, қажеттілігіне және қызығушылығына
бағытталаған әлеуметтік тәртіптің бір формасы ретінде.
Әлеуметтік жүйе әлеуметтік жұмысшының немесе клиенттің әлеуметтік
күтілімдер арқылы, талаптар, сол статусты (мәртебені) алып жүруші арқылы
әлеуметтік әрекетті анықтайды. Әкімшіліктің, клиенттің немесе әлеуметтік
қызмет маманының, қызметті тұтыныушының әлеуметтік рөлі жеке тұлғаның
әлеуметтік-статустық (мәртебелік) үлгісі ретінде болады.
Әлеуметтік жұмыстың субъектісінің коммуникативтік әрекетінің және
коммуникативтік тәртібінің негізін құрайтын, коммуникативтік әрекеттен
әлеуметтік өзара әрекеттер қалыптасады. Коммуникативтік әрекеттің
спецификасы белсенді бастамадан, белсенді емес және әрекетсіздікпен
аяқталатындықтан тұрады. Коммуникативтік әрекет - әлеуметтік жұмыстың
субъектісінің қабілеті және қажеттілігі, талаптың әлеуметтік – мәдени
жүйесіне қалыптасуына бағытталған, әлеуметтік әрекеттер жүйесі. Әлеуметтік
жұмысшы немесе әлеуметтік саланың менеджері өзінің әрекетін әлеуметтік-
коммуникативтік ортаның жағдайын мақсатты бағытты өзгертуге және өзінің
әрекетінің объектісі өзі – клиент жеке тұлға (топқа) болады.
Коммуникативтік әрекеттің мақсаты қажеттіліктермен, қызығушылықтармен,
әлеуметтік саланың қызметкерінің қабілеттерімен сәйкес болады.
Жоғары айтылғандарды қортындылай отырып, автор келесі дефиницияны
ұсынады: әлеуметтік жұмыстағы коммуникативтік әрекет - әлеуметтік қызметтің
әрекетіндегі коммуникативтік аспектіге әсер ететін, коммуникативтік ортаның
жағдайын жаңартуға бағытталған, ақпараттық алмасудың тиімділігін көтеруге,
коммуникативтік өзара әсер етудің сапасы және, тұтасымен, әлеуметтік
мәселені шешудегі коммуникативтік қамтудың сапасы, коммуникативтік әрекет
жүйесі.
Екі жақтылы ассимметриялы коммуникация Үлгісінде коммуникативтік
әрекет клиенттердің тобының және жеке, мақсатты аудиторияларды және олардың
сол ақпаратқа әсерін зерттеулердің есебінен жүзеге асырлады. Әлеуметтік
жауапкершілікті коммуникативтік әрекет әлеуметтік ғылымдардың жетістігін
қолдану көмегі арқылы әлеуметтік қызметтің қызығушылықтарын білдіруге
бағытталған.
Коммуникативтік процестің жағдайы ретінде өзара әрекетті
ұйымдарстыратын ролмен бірге болатын әрекет.
Өзара әрекетке қатысушылардың тәртібінің стратегиясы (басшы-маман;
әлеуметтік жұмысшы – клиент (топ) бір-біріне қатысты:
- жалпы мақсатқа жетудегі бірігу-қабілеттілік;
- коммуникативтік әрекет мақсатына жетудегі қарсы әрекет;
- өзара әрекеттен бас тарту - өзара әрекеттен қашу немесе белсенді кету.
Бұл үш стратегияның әртүрлі бірлігі өзара әрекеттің типтік жағдайын
анықтайды.
Төрттік (логикалық толықтық) принципін ұстана отырып, тағы бір –
төртінші – коммуникативтік процеске қатсуышылардың тәртібінің стратегиясын
қосуға болады. Кетудің қарама қарсы плюсы (бас тарту) әлеуметтік
контактінің психологизациясы, шектен тыс жақындаушылық болып табылады. Бас
тарту және жақындау тең деңгейде үйлесімділікті, сонымен қатар
коммуникативтік процестің үйлеспеушілігін де тудыруы мүмкін.
Әлеуметтік ғылымда көбінесе қатынас коммуникативтік әрекет ретінде
түсініледі. Коммуникативтік әрекет өзара әрекеттің күрделі көп каналды
жүйесін белдіреді. Г.М.Андреева коммуникативтік әрекеттің негізгі процесі
ретінде коммуникативтік (ақпараттың алмасуын қамтитын), интерактивті
(қатынастағы серіктестердің өзара әрекетін реттейтін) және перцептивті
(өзіндік қабылдауды ұйымдастырушы, қатынастағы өзіндік бағалуды және
рефлексияны) атайды.
А.А.Леонтьев (1974) және Б.Х.Бгажноков (1972) коммуникативтік әрекеттің
екі типін бөліп көрсетеді: жеке тұлғалық-бағытталған және әлеуметтік-
бағытталған. Коммуникативтік әрекеттің бұл типтері коммуникативтік,
функциональдық, әлеуметтік-психологиялық және сөздік құрылыммен
ажыратылады. Сонымен, Б.Х.Бгажноков, әлеуметтік-бағытталған қатынастағы
көптеген адамдарға бағытталады және ол әрбіріне түсінікті болуы керек,
сондықтан оларға толықтық, дәлдік және жоғары мәдениеттілік талабы
ұсынылады, деп бекітеді.
П.А.Зимняя коммуникативтік әрекеттің сыртқы мінезін ішкімен толықтыру
керек деп есептейді. Ол бұл процестің әлеуметтік және жеке
репрезентативтілігінде көрінеді. Коммуникативтік әрекеттің әлеуметтік
репрезентативтілігі, нақты шынайы жағдайда нақты себепке байланысты жүруі
мүмкіндігін білдіреді.
В.В.Гуленко (1995) коммуникативтік кеңістік (физикалық, психологиялық,
әлеуметтік, ақпараттық) деңгейінің теориясын жасады.
Әлеуметтік жұмысшының коммуникативтік әрекеті, осылайша, басты
кескінмен, коммуникацияның әлеуметтік деңгейінде, әлеуметтік
бағытталғандықпен және әлеуметтік репрезентативтілікпен ерекшеленеді. Бірақ
комуникация процесінің мазмұны өзара әрекеттің интеллектуальдық
(ақпараттық) деңгейіне әсер етеді. Бұл фактіде өзара түсініушілік
процесінің өзара байланысы және бөлінбейтіндігі (перцепция), өзара
әрекеттік (интеракция) және ақпараттық (коммуникация) алмасу болады.
Коммуникативтік әрекеттің құрылымдық компоненттері: қатынас құралы,
қатынасқа деген қажеттілік, коммуникативтік ұстанымдар, әрекет, міндеттер,
коммуникацияның өнімі және құралы (А.А.Леонтьев, 1974).
Басқару жүйесінің әрекеті – толық акті, өзара әрекет объектісіне
арналған, коммуникативтік әрекет бірлігі. Әрекеттің екі негізгі түрі –
бастамашы және жауапты. Әлеуметтік жұмысшының клиентпен өзара әрекетінің
құрылымы осындай.
М.М.Бахтин коммуникативтік әрекеттіліктің диалогтық концепциясын
ұсынды. Диалог – коммуникативтік әрекеттің шынайы бірлігі. Диалогтың жай
бірлігі айту әрекеті және тыңдау болып табылады. Бірақ тәжірбиеде жеке
тұлға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиядағы қарым - қатынас
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру процесінде олардың рөлі
Мемлекеттік тіл
Болашақ жоғарғы мектеп оқытушыларының кәсіби-педагогикалық біліктілігін Университет магистратурасының білім беру жүйесінде қалыптастыру
Қарым - қатынас ұғымы
Саяси сана туралы
Қоғам және дін
Кәсіби қазақ тілінде сөйлеу дағдылары
Шет тілдерін оқыту әдістемесінің психология ғылымымен байланысы
Саяси коммуникация және саяси дискурс
Пәндер