Excel электрондық кестесі



КІРІСПЕ 3
1. EXCEL ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕСТЕСІ

4
WINDOWS жүйесіндегі EXCEL программасы.
5
Excelде мәлімет енгізу және қорғау
6
Ұяшықтардың абсалюттік және салыстырмалы адресі
6
7
2.
Excel—де функция қолдану.

14
2.1. Құрама операторлар 14
2.2. Тармақталу операторы 16
2.2.1. Шартсыз көшу операторы 16
2.2.2. Шартты операторлар 16
2.2.3.Таңдау операторы 18
2.3. Қайталану операторлары.
2.3.1. Цикл әзір 20
20
2.3.2. Цикл дейін. 21
2.3.3. Параметрлік қайталау. 21
3.
Excel. де диаграммаларды тұрғызу
23

ҚОРЫТЫНДЫ
27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
28
Excel электрондық кесте құралдарымен мәліметтерді өңдеу Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel болып табылады. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген. Бұл тарауда біз Microsoft Office 2000 программасының құрамына кіретін Microsoft Excel 2000 электрондық кестенің алғашқы ұғымдарымен және жұмыс істеу тәсілдерімен танысамыз. Excel жай ғана программа емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолданылады.
Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тышқаннның батырмасын екі рет басу арқылы өзгертуге болады. Әрбір жұмыс парағы жолар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А-дан Z әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді.
Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтарды береді. Ол электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы:А9,D21,F5,G7,L16.
“Информатика” Байжұманов М.Қ., Жапсарбаев Л.Қ. Алматы 2004жыл.
2. “Информатика учебное пособие” Степаненко Г.Е. Москва 2003г.
3. Нұрғалиева Г. Қ. Электрондық оқулықтар – мұғалім мен оқушы арасындағы әрекетттестікті гуманизациялау құралы// «Информатика негіздері» республикалық журналы, №2, 2002.- 2-3 б.
4. О.Камардинов "Информатика" оқу құралы. Алматы «Қарасай» баспасы 2008.

Тақырыбы: EXCEL ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕСТЕСІ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1. EXCEL ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕСТЕСІ
4
WINDOWS жүйесіндегі EXCEL программасы. 5
Excelде мәлімет енгізу және қорғау 6
Ұяшықтардың абсалюттік және салыстырмалы адресі 6
7
2.
Excel—де функция қолдану. 14
2.1. Құрама операторлар 14
2.2. Тармақталу операторы 16
2.2.1. Шартсыз көшу операторы 16
2.2.2. Шартты операторлар 16
2.2.3.Таңдау операторы 18
2.3. Қайталану операторлары. 20
2.3.1. Цикл әзір 20
2.3.2. Цикл дейін. 21
2.3.3. Параметрлік қайталау. 21
3.
Excel- де диаграммаларды тұрғызу 23

ҚОРЫТЫНДЫ 27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28

КІРІСПЕ

Excel электрондық кесте құралдарымен мәліметтерді өңдеу Кестелік
құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі
Microsoft Excel болып табылады. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін
негізделген. Бұл тарауда біз Microsoft Office 2000 программасының құрамына
кіретін Microsoft Excel 2000 электрондық  кестенің алғашқы ұғымдарымен және
жұмыс істеу тәсілдерімен танысамыз. Excel жай ғана программа емес, оны
көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін
пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті
диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндігінің
көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік
жұмыстарында да кеңінен қолданылады.
Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс
парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол
бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында
орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты
парақтауға болады. Таңбашаны тышқаннның батырмасын екі рет басу арқылы
өзгертуге болады. Әрбір жұмыс парағы жолар мен бағандардан тұрады.
Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс
парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А-дан Z әріптерінің
комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін
нөмірленеді.
Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтарды береді. Ол электрондық кестенің
мәлімет енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен
бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы:А9,D21,F5,G7,L16.
Әрқашанда ұяшықтардың біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен
ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін атқарады және
тышқанның немесе басқару пернелердің көмегімен экранда жылжыта аламыз.
Мәліметтерді енгізу, пішіндеу және басқада іс-әрекеттер осы ағымдағы осы
ұяшықта жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар ауқымы деп
атаймыз. Ауқымдар тік төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді:
A7: E25. Мұндағы А7 – тік төртбұрыштың сол жақ жоғарағы, ал Е25 – оң жақ
төменгі бұрыштары.

WINDOWS жүйесіндегі EXCEL программасы.
Математикалық функцияларды қолдану.

Microsoft Excel - бұл құжаттарды тез арада таблица түрінде дайындауға
арналған программа.
Ол математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін
қолданылады. Осы кестедегі мәліметтер негізінде әртүрлі диаграммалар
тұрғызып, мәліметтер базасын даярлауға болады.
EXCEL программасын іске қосу үшін Пуск менюінің программы тобынан
Microsoft Excel таңдаңыз. Excel терезесі ашылады. Excel:
1- меню жолынан тұрады, яғни Файл, Вставка, Правка, Вид және т.б.
2- Стандартты аспаптар тақтасы
3- Форматтау аспаптар тақтасы
Excelде құжатымызды сақтау, жаңа құжат ашу, қағазға басып шығару, қате
тексеру т.б операциялар үшін стандартная аспаптар тақтасы, ал құжатымызды
өндеуге және көрнекті қылдырып көрсету үшін форматирование аспаптар тақтасы
қолданылады немесе меню командалары қолданылады.
4- Формула жолында біріншісі- төртбұрышты көрсеткіш тұрған ұяшықтың адресін
көрсетеді. = белгісі бар жол формула жолы деп аталады да көрсеткіш тұрған
ұяшықтағы текст, формула, яғни ұяшықтағы т.б мәндерді көрсетеді. Егер
ұяшықтағы текст қате жазылса, тышқанмен осы жолға түртіп, қате жөндеуге
болады.
Одан төмен Excel жұмыс парағы орналасқан. Жұмыс парағының төменгі жағында
Excel жұмыс режимінің көрсеткіші орналасқан. Excel мәлімет енгізуді күтетін
сәтте, ол Дайын режимінде болып, режим индикаторы Готов сөзін көрсетеді.

Excelде мәлімет енгізу және қорғау

Excelде мәлімет енгізудің 4 түрі бар:
1. Сан 2. Текст
3. Дата (мерзім) 4. Формула
1. Excelде сан (цифр) жазғанда арасында бос орын болмау керек. Енгізілген
сан автоматты түрде ұяшықтың оң жағына тұрады.
2. Текст- Excel санға не формулаға ұқсамаған кез келген символды, әріпті
текст ретінде санайды да, автоматты түрде ұяшықтың сол жағына
орналастырады. Текст клеткаға сыймаса, жанындағы бос клеткаларды жауып
жазыла береді.
3. Дата – Excel дата енгізгенді тез түсінеді. Мысалы, мен А2 клеткасына 1
май 1995 деп жазсам, ол автоматты түрде 1.май.95 деп өзгертіледі де оң
жаққа қойылады. Ал формула жолында А2 клеткасында 1.05.1995 көрсетіледі.

4. Формула – Excelде мәліметті автоматты түрде есептеуге арналған формула
= белгісінен басталады да клетка адресі мен математикалық операция
жазылады. Арифметикалық операция белгілері:
+ (қосу), - (алу), (бөлу), * (көбейту) т.б. Формулада ұяшық адресін
тышқан курсорымен түртіп көрсетіп, не болмаса адресін клавиатура арқылы
енгізуге болады. Клеткадағы формулада не т.б мәліметте қате кетсе түзету
үшін көрсеткішпен ерекшелеп, F2 клавишасын басамыз не формула жолына түртіп
курсорды қойып түзейміз. Қате жөндеген соң Enter басып шығамыз.
Бірнеше ұяшықтағы мәліметті, яғни сандардың барлығын қосу үшін ерекшелеп
аспаптар тақтасындағы автосумма кнопкасын қолданасыз.
СУММ (С1:С100)
С1 клеткасынан С100 клеткасына дейінгі сандар қосындысы. : белгісі
ерекшеленген диапазон, яғни С1 ұяшығынан С100 ұяшығына дейінгі клеткадағы
мәліметтер жиыны.
СУММ (С1,С4,С6) бұл осы нақты көрсетілген клеткалардағы сандардың ғана
қосындысы.
Excelде курсорды бір клеткадан басқа клеткаға жылжытып отыру үшін ( ( ( (
курсорды басқару клавишалары (клавиши управления курсором) қолданылады,
немесе Shift+Enter клавишасын басса курсор жоғарғы клеткаға, Tab+Enter
клавишасын басса төмен қарай, Tab клавишасын басса оң жақ клеткаға жылжып
отырады.
Таблица арқылы мәлімет енгізу қолайсыз болса, таблицаны ерекшелеп алып,
Данные (Форма командасы арқылы Форма жасап, мәліметтерді таблицаға
содан енгізіңіз. Егер добавить кнопкасын басып формада жаңа мәлімет
енгізсеңіз, ол мәлімет таблицаның астыңғы жағына автоматты түрде пайда
болады.
Мәліметтерді бөгде адамдар бүлдірмес үшін Сервис(защита командасы
арқылы парақты не толық кітаптың өзін пароль қойып қорғауға болады.

Мәліметтер типі. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің
біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер:
• Сан
• Формула
• Мәтін
Енгізілетін мәліметтің сан немесе формула екенін оның алғашқы символына
қарап анықтайды. Егер енгізілетін символдың біріншісі сан болса, онда оны
сандық типке жатқызамыз. Егер біріншісі теңдік белгісі болса, формула деп
қабылдайды. Егер бірінші символымыз әріп немесе апостроф болса, мәтін деп
қабылдайды.
Мәліметтерді енгізу Enter пернесін басумен жүзеге асырылады. Енгізілген
мәліметтерді енгізбей алып тастау үшін немесе ұяшықтың бастапқы мәндерін
қалпына келтіру үшін esc пернсін басамыз немесе формулалар жолындағы
Болдырмау (отмена) батырмасын шертеміз.
Excel-де енгізілген сандық мәліметтер автоматты түрде ұяшықтардың оң
жақшетіне орналасады.
Сандық пішімде. Экономикалық есептерде санның үш түрлі пішімде жазылуы
қолдананылады: кәдімгі сандық пішім, қаржылық және мерзімдік. Кәдімгі
сандық пішім әр түрлі сандқ шамаларды жазуға арналған. Мысалы: қайсыбір
тауардың санын, пайзын жас мөлшерін және т.б.  Ақша сомасын енгізу қаржылық
пішімде жүзеге асырылады. Уақыт мезгілін жазу үшін мерзімдік пішім
пайдалынылады.
Мәтіндік пішім. Мәтіндік пішім мәтіндік жолдар мен цифрмен көрсетілген
сандық емес мәліметтерді жазу үшін қолданады. Бұларға жататындар:
регистрациялық нөмірлер, поштаның индексі, телефонның нөмірі.
Ағымдағы ұяшықтың немесе ерекшеленген ауқымдығы мәлдіметтердің пішімін
өзгерту үшін Пішім Ұяшықтар(Формат Ячейки) командасын пайдаланады.
Ашылған Ұяшықтарды пішімдеу (Формат ячеек) сұхбат терезесіндегі
қыстырмалардан мәліметтердің жазылу пішімін таңдап алады. Сол терезеде
мәтіннің бағытын көрсетіп, оны түзеу, қарпін өзгерту, символдардың жазлуын,
фонның түсін, жақтаудың түрін анықтайтын параметірлерді енгізуге болады.
Excel программасының кестесіндегі есептеулер формулалардың көмегімен жүзеге
асырылады. Формулалар тұрақты сандардан, ұяшықтарға сілтеме мен Excel
функцияларынан тұрады. Егер ұяшықтарға формулалар енгізілген болса, онда
жұмыс парағында осы формуланың есептеу нәтижесі белгіленіп тұрады.
Ұяшықтағы сандық нәтижені емес, оған енгізілген формуланы көру үшін сол
ұяшықты ерекшеп алып, формулалар жолында бейнеленген жазуға көзсалу керек.
Ұяшықтарда адрес көрсетіледі оны ұяшықтарға сілтеме деп атаймыз. Есептеу
нәтижесі формуладағы пайдалынылған ұяшықтарға тәуелді болады. Тәуелді
ұяшықтағы мәндер бастапқы ұяшықтағы мәндердің өзгеруіне байланысты өзгеріп
тұрады.
Ұяшықтарға сілтемені әр түрлі тәсілдермен беруге болады:
• біріншіден, ұяшықтың адресін қолмен теруге болады;
• екінші тәсілі қажетті ұяшыққа тышқанмен шерту арқылы ерекшелеп енгізуге
болады.

Ұяшықтардың абсалюттік және салыстырмалы адресі

Клетканың адресін түсіндіру үшін, мына таблицаны келтіремін: Мекемеден
қызметкерлер 1 айға 5% өсімімен қайтаруға қарыз алған. На месяц бағанасында
өсімі есептелген. Яғни қарыз сомасын В6 клеткасына (5%)көбейткен. Егер мен
Е9 клеткасына =D9*B6 деп жазып, басқа төмендегі клеткаға толтыру маркері
арқылы көшіре бастасам, В6 адресі В7, одан төмен В8 болып өзгертіле
бастайды. Ал бұл клеткалар өздеріңіз байқап отырғандай бос тұр. Формула
жазғанда клетка адресі өзгермеу үшін жоғарыдағы суреттің формула жолында
көрсетілгендей $ символын қолдану қажет.
Клеткалардың адресін (атын)өзгертуге болады. Мысалы В6 клетка адресін
өзгерту үшін оны түртіп, Вставка(Имя(присвоить командасын орындаңыз
да процент атын беріңіз. Енді жоғарыдағы формуланы =D9*процент деп жазып,
ешқандай $ символын қолданбай толтыру маркерімен басқа клеткаға көшіре
аласыз.

Салыстырмалы сілтеме. Формулаларды бір ұяшықтан екіншісіне көшіргенде
нәтиже қандай болатыны сілтеменің адрестеуіне тікелей тәуелді. Кәдімгі
жағдайда формуладағы ұяшықтарға сілтеме салыстырмалы болып табылады. Бұл
формулаларды бір ұяшықтан екінші ұяшыққа көшіргенде сілтеменің адресі
автоматты түрде өзгереді деген сөз. Мысалы: В2 ұяшығында одан бір жол солға
қарай және төмен орналасқан А3 ұяшығына сілтеме орналассын. Егер осы
формула көшірлсе, онда сілтеменің салыстырмалы көрсеткіші сақталады.
Мысалы: А9, D25, F5 салыстырмалы сілтеме болып табылады.

Абсолют сілтеме. Абсаолют адрестеу кезінде формула көшірілгенде сілтеменің
адресі өзгермейді, сілтеме көрсетіп тұрған ұяшық тұрақтыы болып қалады.
Формулаларды редактерлеу кезінде адрестеу әдісін өзгерту үшін ұяшықтың
сілтемесін ерекшелеп алып F4 басу керек. Абсалют адрестелінген ұяшықтың
нөмірінің алдына $ белгісін қояды. Мысалы: $А$16, $А9, А$7. Соңғы екі
жағдайда ұяшық нөмірлерінің бірі абсолют, екіншісі салыстырмалы болып
есептеледі, бұл аралас сілтеменің мысалдары.
Әдетте кестелер қайталатын, біртектес мәліметтен тұратындықтан, Excel
программасының енгізуді автоматтандыратын құралдары бар. Оларға жататындар
автотолтыру, формулалармен автотолтыру.
Автотолтыру. Мәтіндік мәліметтерді автоматтандыру үшін авто толтыру әдісін
қолданады. Оны жұмыс парағының бір бағанына бірнеше рет қайталанатын
мәтіндік жолды енгізгенде пайдаланады.  Мәтінді енгізу кезінде программа
оны жоғарғы жолдармен салыстырып, бірдей элементтер кездессе автоматты
түрде толтырады.
Сандарды автолтыру. Сандармен жұмыс істеген кезде автолтыру әдісі
пайдаланады. Ағымдығы ұяшықтың қоршауының төменгі бұрышында кішкентай қара
түсті шаршы орналасқан. Оны толтыру маркері деп атайды. Тышқанның
нұсқағышын сол маркерге алып барса, оның пішіні кішкентай крест тәрізді
болып өзгереді. Сол кезде маркерді тік немесе көлденең тасымалдау арқылы
автолтыру жүзеге асырылады.
Прогресия бойынша толтыру. Ол үшін  Түзету Толтыру Прогрессия (Правка
Заполнить Прогрессия) орындау керек. Ашылған прогрессия сұхбат
терезесінде прогрессияның тегі, қадам мөлшері, шектік мәні таңдап алынады.
ОК батырмасын басқаннан кейін Excel программасы берілген ережелер бойынша
ұяшықтарды автоматты түрде толтырып береді.
Формулаларды автолтыру. Бұл амал сандарды автотолтыру сияқты жүзеге
асырылады. Автоттолтыру кезінде формулалардың басқа ұяшықтарға сілтеменің 
ерекшеліктері ескеріледі: салыстырмалы сілтемелер сәйкесінше көшірменің
салыстырмалы орналасуына байланысты өзгереді. Ал абсолют сілтемелер
өзгермей сол қалпында қалады. Мысалы: үшінші С Бағанында мәні А және В
бағандарының сәйкес ұяшықтардағы мәндерінің қосындысына тең формула
есептелсін. С1 ұяшығында =A1+B1 формуласын енгіземіз, осы формаланы
автотолтыру әдісімен үшінші бағанның барллық ұяшықтарына көшіреміз.
Автотолтыру кезіндегі сілтемелердің жаңару ережелері келесі кестеде
көрсетілген:

Бастапқы ұяшықтардағы сілтеме Келесі ұяшықтағы сілтеме
 Оңға толтыру кезінде Төмен толтыру кезінде
А1 (салыстырмалы) В1 А2
$А1 (бағана бойынша абсоллют) $А1 $А2
А$1 (жол бойынша абсолют) В$1 А$1
$А$1 (абсолют) $А$1 $А$1

Excel программасында стандарт функциялар тек формулаларда ғана қолданылады.
Функцияны шақыру ішін формулада функцияның атын көрсету қажет. Функция
егізілгеннен кейін жақшада оның параметрлері көрсетіледі. Параметр ретінде
сан, ұяшықтар немесе басқа да бір өрнектер алынады.
Формулалар.  Егер формулаларды Функцияларды өзгерту (Изменить функций)
батырмасын басу арқылы немесе Кірістіру Функция командасын жүзеге
асыратын болса, онда формулалар жолының астында Функцялар шебері (Мастер
функций) аты сұхбат терезе ашылады. Ал оның анелінде функциялар тізімі
ашылады. Оның Категория бөлімінде ең соңғы пайдалынылған он функция және
төменірек басқа функциялар бөлімі бейнеленеді.

Excel—де функция қолдану.

Таблицамен жұмыс жасағанда мәліметтерді есептеуде функция өте көп көмек
береді. Математические, статистические, логические, финансовые бөлімдерінде
әртүрлі функциялар бар. Функция қолдану үшін аспаптар тақтасындағы мастер
функций кнопкасын басыңыз немесе Вставка(функция командасын таңдаңыз.
Мастер функций- шаг 1 из 2 сұхбат терезесі ашылады. Қажетті категорияны
таңдап, ондағы функция бойынша қай ұяшықтағы мәліметті есептеу қажеттігін
көрсетесіз. Төмендегі суретте кейбір қажетті функциялар бойынша есептеулер
көрсетілген. Мысал ретінде 64 және 4 сандары алынған. Мастер функций
кнопкасын басу арқылы осы сандарға әртүрлі функция есептеуге болады.

Математикалық функциялар да өте көп. Төменде солардың кейбірін қолданып
есептеулер жүргізілген. Мысал ретінде 16 саны алынған. Бұл функциялар
математикалық есептеулер жүргізгенде өте қолайлы.

Бұл программада басқа да математикалық функциялар бар. Олар: ACOS, ABS,
ASIN,ATAN, ATANH, TAN, TANH, MOБP, МУМНОЖ, НЕЧЁТ және т.б.

Функция шеберін қолдану. Функция шеберінің Категория тізімінен қажетті
функцияны категориясы бойынша таңдап алуға болады. Функциялар тізімінен
берілген категория бойынша нақты функция алынады. ОК пернесін шерткеннен
кейін, қажеттіфункцияның аты формулалар жолына енгізіледі. Ал мәтіндік
меңзер сол функцияның параметрлері көрсетілген жақшалардың арасына
орналасады.
Функцияның парамерлерін енгізу. Функияның параметрлерін енгізі кезінде
формулалар терезесінің түрі өзгереді. Мұнда параметрлерді енгізуге арналған
өріс бейнеленеді. Егер параметрдің аты жартылай майлы қаріппен көрсетілсе,
онда бұл параметрді мүндетті түрде енгізу қажет. Ал егер параметрдің аты
жәй қаріппен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Windows жүйесіндегі Excel электрондық кестесі.
MS EXCEL
MS Excel электрондық кестесінде формуламен, функциямен жұмыс жасау және диаграммаларды құру
Электрондық кестелерді пайдалану
Мәліметтерді сұрыптау
Ұяшық - деректерді қамтитын кестенің негізгі элементі
Mіcrosoft Excel 97
Кестеде орналасқан ақпараттары бар беттерді құру
MS Excel, MS Access
Excel программасының қосымша мүмкіндіктері. Жұмыстық беттерді редакторлеу
Пәндер