Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
СОТ БИЛІГІ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар
Орындаған 4 курс студенті Р. М. Муканова
Ғылыми жетекшісі
з. ғ. к., доцент А. С. Нуралиева
Норма бақылаушы
з. ғ. к., доцент Ш. М. Шарипов
Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді
з. ғ. д., профессор Е. О. Алауханов
Алматы, 2009 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Қылмыстық процестегі дәлелдемелер мен дәлелдеу
- Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің түсінігі, маңызы,
белгілері және жіктелуі 6
1. 2 Дәлелдеу процесі: түсінігі және элементтері.
Дәлелдеу міндеті 23
2 Кәмелетке толмағандардың істері бойынша дәлелдеу заты
2. 1 Кәмелетке толмағандар - қылмыстың субъектісі ретінде 33
2. 2 Дәлелдеу затының түсінігі және жүйесі 36
2. 3 Кәмелетке толмағандардың істері бойынша дәлелденуге тиіс
мән-жайлар 42
ҚОРЫТЫНДЫ 54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 57
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс кәмелетке толмағандардың істері бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлардың құқықтық жағдайын қарастырады. Осы тұрғыдағы өзекті мәселелерді зерттеуге бағытталған.
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының қазіргі уақытын құқықтық мемлекеттің тарихи қалыптасуы кезеңі деп атауға болады. Дүниежүзілік тәжірибеге келетін болсақ, шынайы құқықтық мемлекетті құру - бұл ұзақ және күрделі процесс, ол мемлекеттік және қоғамдық өмірдің негізгі жақтарын түпкілікті өзгертуді талап етеді. Қазақстан Республикасында бұл процестің негізі - өзінің өзектілігі мен әлеуметтік қажеттілігіне күмән келтірмейтін соттық құқықтық реформа болып табылады.
Қазақстан Республикасы - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары. Осыған сәйкес мемлекеттің ең негізгі міндеттері мен мақсаттары болып адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау танылады [1] .
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 6 наурызындағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, алаяқтықпен, заңдардың бұзылуымен табанды да қатал күрес жүргізу керек. Біздің қалалардың көшелері мен ауылдарындағы тыныштық құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне байланысты. Осы қиын кезде біздің азаматтардың, халқымыздың, бүкіл қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бәрін де істеу керек», - деп баса көрсетуі осының дәлелі [2] .
Адам құқықтарының Жалпы Декларациясының 8-бабына сәйкес конституция және заңмен берілген негізгі құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда әркім өзінің бұзылған құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғай алады [3] . Халықаралық құқықта жалпы танылған қағидалар мен нормалар Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады. Сондықтан қазіргі кезде кәмелетке толмағандардың істері бойынша дәлелденуге тиіс мән-жайларды зерттеудің маңызы зор.
Қылмыстық іс жүргізу ғылымындағы күрделі проблемалардың бірі ретінде қоғамға жат әрекеттерімен көрінген кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайларды анықтап, олармен жасалатын қылмыстардың алдын алу жолдарын қарастыру мәселесі болып табылады.
Кәмелетке толмағандардың істері бойынша іс жүргізудің ерекшелігі ретінде кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша дәлелденуге тиіс мән-жайларды анықтауды атап көрсету қажет.
Қазақстан Республикасы дамыған елу мемлекеттің қатарына кіруі және құқықтық мемлекетті құруға бет алуы жалпы танылған халықаралық ережелерге ұлттық заңдарды сәйкестендіруді талап етеді.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстарын қарау кезінде дәлелденуге тиіс мән-жайларды анықтау қызметінде әлі де кемшіліктердің болуы, біркелкі қателіктердің жиі қайталануы, мемлекетіміздегі ауыр криминагендік жағдай және он сегізге толмаған тұлғалардың қылмыс жасауының едәуір көрсеткіші - зерттеу тақырыбының өзектілігі мен маңыздылығын көрсетеді.
Біздің қоғамымыздың әрі қарай дамуында жастарды тәрбиелеу және жаңа адамның қалыптасу мәселелері маңызды орын алады. Өмір тәжірибесі көрсеткендей кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың негізгі себебі - кәмелетке толмағандардың тәрбиесіне немқұрайлы қарау. Жалпы қылмыстықтың жас жеткіншектерге әсерін тигізбей қоймайтынын олардың қолымен іске асқан қылмысынан көріп, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстықтың өсіп отырғанын байқауға болады. Мысалы, ҚР Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі арнайы комитетінің ресми мәліметіне сәйкес кәмелетке толмағандар 2003 жылы 7001 қылмыс, 2004 жылы 6529 қылмыс, 2005 жылы 6273 қылмыс, 2006 жылы 5814 қылмыс, 2007 жылы 5365 қылмыс, 2008 жылы 5215 қылмыс жасаған. Осы қылмыстырды жан-жақты, толық, объективті тергеу мен шешуде, кәмелеттік жасқа толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін шешуде дәлелдеу затын дұрыс анықтаудың маңызы зор [4] .
Бұл дипломдық жұмыстың өзектілігі - кәмелетке томағандардың істері бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайларды зерттеп, дәлелдеу процесіне кеңінен тоқталып, олардың құқық бұзушылығының қайнар көзін тауып, себептерін, қылмыс жасауға ықпал ететін мән-жайларды ашуға ниет етілгенінде.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Бұл дипломдық жұмыста қазақстандық ғалымдардың кәмелеттік жасқа толмағандар қылмысын зерттеуге бағытталған Е. Т. Әлімқұлов, Э. П. Кенжебекова, Б. Х. Төлеубекова, Қ. Ә. Бегалиев, К. А. Вайсберг, Ө. С. Жекебаев, С. Х. Жадбаев, Е. І. Қайыржанов, М. С. Нәрікбаев, С. А. Шапинова және басқа да көрнекті ғалымдардың еңбектеріне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне баса көңіл бөлінген. Сонымен қатар, жұмысты жазу барысында ресейлік ғалымдар С. В. Бахрушиннің, В. И. Куфаевтің, П. И. Люблинскийдің, С. С. Алексеевтің, И. И. Карпецтің, Г. М. Миньковскийдің, сондай-ақ Н. В. Жогин мен Ф. Н. Фаткуллиннің еңбектері пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайларды жан-жақты зерттеп, талдау, осы санаттағы қылмыстардың жағдайы мен деңгейін анықтап, қылмысты істеуге әсер ететін себептер мен жағдайларға талдау жасау негізінде кәмелетке толмағандардың қылмысы бойынша дәлелденуге тиіс мән-жайларды әрі қарай жетілдіру үшін өз тарапымыздан ұсыныстар жасау.
Дипломдық жұмыстың міндеті.
Қойылған мақсатқа жету үшін зерттеу барысында мынандай міндеттер қойылды:
- Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы дәлелдемелердің түсінігін, маңызын, белгілері мен жіктелуін зерттеу;
- Қылмыстық процестегі дәлелдеу процесінің түсінігі мен элементтерін және дәлелдеу міндетін анықтау;
- Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеу затының түсінігі мен жүйесін зерттеу;
- Кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша дәлелденуге жататын мән-жайларды анықтау;
- Кәмелеттік жасқа толмағандардың істері бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлардың ерекшелігін зерттеу;
- Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығымен күрес жүргізуде
дәлелдеуге жататын мән-жайлардың дұрыс анықталуының маңызын ашып көрсету;
- Жүргізілген зерттеудің негізінде кәмелетке толмағандардың қылмыстылығымен күрес жүргізуде дәлелдеуге жататын мән-жайлардың дұрыс анықталуына бағытталған ұсыныстар мен пікірлер айту.
Зерттеудің ғылыми - әдістемелік негіздері. Дипломдық жұмыстың ғылыми - әдістемелік негізі талдау, ұқсастық, салыстыру, жүйелі - құрылымдық, нақты әлеуметтік, статистикалық әдістерден тұрады. Дипломдық жұмыста қолданыстағы заңнамаға талдау жасалынды.
Зерттеу пәні. Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні - қылмыстық процестегі дәлелдемелердің түсінігі, олардың белгілері мен жіктелуі, қылмыстық іс жүргізудегі дәлелденуге тиіс мән-жайлар, олардың жүйесі, кәмелетке толмағандардың қылмыстық істері бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар.
Зерттеу объектісі. Д ипломдық жұмыстың объектісі - кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайларды анықтауға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар.
Жұмыстың жаңашылдығы. Қылмыстық істі шешу үшін маңызы бар дәлелдемелердің қатарын тергеуге дейінгі алынған түсініктемелермен, көрсетулермен, түгендеулермен, тексеру актілері және анықтамалармен толықтыру, сонымен қатар ҚР ҚІЖК-ң 481 бабында кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша анықталуға жататын мән-жайлардың тізімін қосымша келесідей мән-жайлармен: кәмелетке толмағанның жеке тұлғасының ерекшеліктері туралы мән-жайлар; жазаның көлемі мен сипатына әсер ететін мән-жайлар; кәмелетке толмағандардың түзелуі мен дұрысталуына әсер ететін ең тиімді шараларды таңдау жөніндегі мән-жайлармен толықтыру ұсынылып, кәмелетке толмағандардың істері бойынша дәлелдемелерді жан-жақты зерттеуге бағытталған.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыстың құрылымы ғылыми зерттеудің мақсаты және міндеттеріне сай келеді. Зерттеу жұмысы үш бөлімнен яғни, кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан, екі тараудан, бес бөлімшеден және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу жұмысының көлемі қойылған талапқа сай.
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР МЕН ДӘЛЕЛДЕУ
1. 1 Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің түсінігі, маңызы, белгілері және жіктелуі
Қылмыстық іс жүргізу құқығында дәлелдеу мен дәлелдеме қылмыстық құқықтағы әдістемелік құқықтық негіздерді зерттейтін бөлім болып табылады. Қылмыстық істі дұрыс шешуге қажетті мән-жайларды анықтаудың бірден-бір құралы - дәлелдемелер. Дәлелдеу ұғымын анықтау кезінде әр түрлі ғылымдардың, оның ішінде логиканың, психологияның, криминалистиканың, сот медицинасының, психиатрияның жетістіктері пайдаланылады. Кез-келген қылмыс, қоршаған әлемнің құбылысы ретінде әртүрлі объектілерде айқын із арқылы немесе адам санасында көрген оқиғалар мен фактілер арқылы есте қалады. Яғни, кез-келген қылмыста дәлелдеуге жататын мән-жайлар болады.
Дәлелдеме дегеніміз - қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша оның негізінде анықтаушы, тергеуші, сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қылмыстық қодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекеттерді жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін немесе кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер [5] .
Дәлелдеме - бұл белгіленген жағдай негізінде қандай да бір мән-жайдың бар екенін тұжырымдайтын немесе жоққа шығаратын ой жүгіртудің белгілі бір логикалық тәсілі.
Дәлелдеме қылмыстық іс жүргізу құқығында ерекше маңызды орын алады. Себебі, белгілі бір тұлғаны қылмыс жасады деп қылмыстық жуапкершілікке тарту үшін айыбын негіздейтін жеткілікті дәлдемелер жиналуы қажет. Мұндай дәлелдемелер анықтау және тергеу барысында жиналады және олар алдын-ала тергеу сатысына тән белгілі бір процессуалдық нысанға ие болады. Қылмыстық процесте дәлелдеудің мақсаты - ақиқатты анықтау болып табылады. Философиялық ақиқат бұл объективті бар нәрсенің санадағы қабылдануының тура бейнесі. Б. Х. Төлеубекованың пікірі бойынша: «Қылмыстық сот өндірісіндегі ақиқат дегеніміз - өткен оқиғаны дәлелдеу процесінде материалдандырып, дәлелдемелердің күшімен ойша қалпына келтіру арқылы қол жеткізу» [6. 327 б. ] .
Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы дәлелдеме теориясының орнын белгілей келіп, Г. М. Миньковский былай деп жазады: «Дәлелдеме теориясы қылмыстық процесс ғылымының бір бөлігі болып табылады, ол бөлік анықтау барысында, алдын-ала тергеуде және сотта дәлелдеу процесін зерттеуге арналған, кез-келген ғылыми теория сияқты оның ішкі тұтастығы және тиісті ғылыми шеңберінде салыстырмалы түрде дербестігі бар. Алайда дәлелдеу тұтас алғанда қылмыстық процесс ғылымынан оқшау қала алмайтыны сияқты дәлелдеме теориясы да қылмыстық процесс ғылымынан тысқары қала алмайтыны түсінікті. Олар бөлік пен тұтас сияқты өзара табиғи түрде байланысқан» [7. С. 112] .
Дәлелдеме түсінігі дәлелдеме теориясына және дәлелдеме құқығына қатысты. Бұл түсінік теория мен заңда төмендегідей негізгі сұрақтарға жауап береді: дәлелдемелрдің қатыстылығы мен жарамдылығы, олардың дұрыстылығы, дәлелдемелерді жинау, бекіту, зерттеу мен бағалаудың мазмұны мен аясы (төңірегі), дәлелдемелердің жекелеген түрлерінің қолданылуының ерекшеліктері және т. б. Дәлелдеме мазмұны қылмыстық сот ісін жүргізуде процесске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу үшін маңызды болып табылады.
Дәлелдеме - шындыққа жетудің қажетті шарттары, қабылданатын шешімдердің заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз ету.
Қылмыстық іс бойынша дәлелдеме болып кез-келген нақты мәліметтердің негізінде заңға сәйкес анықтау органдарына, тергеуші мен сотқа қоғамға қауіпті іс-әрекеттің бар немесе жоқ екендігін, осы әрекетті жасаған тұлғаның кінәлілігін анықтауға мүмкіндік беретін, сондай-ақ істі шешу үшін маңызды орын алатын деректер табылады. Бұл мәліметтер куәнің жауабы, жәбірленушінің жауабы, сезіктінің жауабы, айыпталушының жауабы, сарапшының қорытындысы, заттай дәлелдемелер, процессуалдық әрекет хаттамалары және өзге де құжаттар негізінде анықталады.
Бүгінгі таңда дәлелдеме теориясына арналған еңбектерде дәлелдеме түсінігіне қатысты бірнеше қарама-қайшы тұжырымдар орын алады.
Бір авторлар дәлелдеме дегеніміз - бұл фактілі мәліметтердің жиынтығы және осы мәліметтердің процессуалдық қайнар көзі деп тұжырымдаса, енді бір авторлар дәлелдеме дегеніміз - объективті шындыққа негізделген фактілердің жиынтығы деп жазады. М. А. Чельцовтың айтуы бойынша дәлелдеме болып деректер, мәліметтер, шынайы жағдайлар табылады. [8. С. 231] .
Ал, М. С. Строгович дәлелдеменің түсінігін екі жақты мағынада былай деп жазады: «Дәлелдеме» терминінің өзі қылмыстық процесте екі мағынада қолданылады: біріншісі дәлелдеме - бұл тергеу және сот органдарымен белгілі бір фактілерге негізделген мәліметтерді жинаудың негізгі қайнар көзі, ал екінші мағынасында дәлелдеме дегеніміз - бұл тергеу және сот органдарына қозғалып отырған қылмыстық іс бойынша дұрыс шешім шығаруға негіз болатын фактілердің, мәліметердің және жағдайлардың жиынтығы» [9. С. 120] .
Жоғарыда келтірген анықтамалардың айырмашылығына қарамастан оларға тән ортақтық та бар: фактілік деректер және олардың қайнар көздері бір-бірінен оқшауланған түрде қарастырылған; екінші жағынан фактілік деректер, мәліметтер мен шынайы фактілердің арасына теңдік белгісі қойылған.
Дәлелдеме түсінігі туралы өзге де шет мемлекеттердің қылмыстық процесс ғылымында көптеген пікірталастар орын алып келеді. Мысалы, Өзбекстанның Қылмыстық процессуалдық қодексінің 22-бабына сәйкес дәлелдеме болып фактілік деректер мен олардың қайнар көздері табылады. Куәнің, айыпталушының жауабын және өзге де қайнар көздерді дәлелдемелерге жатқыза отырып, заң шығарушы іске қатысты мәліметтердің барлығын дәлелдемеге жатқызады.
Ал енді жоғарыда келтірілген көзқарастарды талдау негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген дәлелдемелердің анықтамасына сүйене отырып, келесі анықтаманы беруімізге болады:
Қылмыстық процесстегі дәлелдемелер - қоғамға қауіпті әрекеттің болғандығын немесе болмағандығын, қоғамға қауіпті әрекетті жасаған тұлғаның кінәлілігі не кінәсіздігін, сондай-ақ іс үшін маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтау үшін қажетті заңға негізделген тәртіппен алынған фактілі деректер.
Бұл деректер келесі дәлелдемелердің қайнар көздерінен алынуы мүмкін: куәнің жауабынан; жәбірленушінің жауабынан; сезіктінің жауабынан; айыпталушының жауабынан; сарапшының қорытындысынан; заттай дәлелдемелерден; процессуалдық әрекеттердің хаттамаларынан және өзге де құжаттардан.
Дәлелдемелер арқылы өткен шақта жасалған мән-жайлар анықталады. Заңда белгіленген дәлелдемелермен анықталатын мән-жайларды екі дербес топқа бөлуге болады. Бірінші топқа қылмыстық іс бойынша дәлелдеу затына кіретін мән-жайларды жатқызуға болады. Ал екінші топқа дәлелдеу затына жатпайтын мән-жайларды айтуға болады. Оларды аралық, көмекші, жанама және тағы да басқаша атауға болады. Мұндай мән-жайлар зерттеуге дейін немесе зерттеуден кейін немесе зерттеу барысында пайда болады. Бұл сипаты бойынша да, фактілердің орын алуы бойынша да жан-жақты топ болып есептелінеді. Жоғарыда аталған екі топқа да ортақ қасиет бар, ол фактілер мен дәлелдеудің пәніне жататын мән-жайлардың арасында объективтік байланыстың болуы. Аталған фактілердің дәлелдеу затына жататын мән-жайлармен байланысын білу жасалынған қылмыстың картинасын құруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, дәлелдеме заты екі түрлі нысанда көрініс табады: тікелей және жанама [10. С. 199] .
Тергеуші, сот өткен шақта болған қылмыстар туралы танымды тікелей дәлелдемелерге негізделген мәліметтер арқылы қалыптастырады. Осы жерде тергеуші, сот дәлелдеу затына жататын мән-жайларды, фактілерді жанама қабылдауға болады ма деген сауал туындайды. Көптеген авторлар бұл пікірді теріске шығарады. М. М. Гродзинский былай деп жазады: «Кез-келген деректі дәлелдеме ретінде алу үшін ең қарапайым тәсілі ретінде оған жанама түрде бақылау жүргізу керек. Алайда қылмыстық іс жүргізу құқығында бұл тәсіл қолданылмайды, себебі соттық зерттеудің пәні болып табылатын қылмыс өткен шақта жасалған фактілерге негізделеді, ал сол фактілерді жанама бақылау арқылы қарастырып дәлелдеме ретінде қолдануға болмайды» [11. С. 15] .
Кейбір жағдайларда қылмыс жасалғанына көп уақыт болғанымен бастапқы бейнесін жоймаған немесе аздап өзгерген, бірақ іске маңызды қасиеттерін жоғалтпаған дәлелдемелер де кездеседі. Мысалы:
1) материалдық дәлелдемелер (өртенген үйдің қалдығы, жарақат алған жәбірленушінің беті және т. б) ;
2) қылмыстық іс бойынша сақталған заттар (жалған жасалынған құжаттар, қолдан жасалынған самагон және т. б. ) ;
3) табылған қылмыс заттары (ұрланған заттар және т. б. ) ;
4) қылмыс жасалынған жердің жағдайы;
5) қылмыскердің сыртқы бейнесін сипаттайтын дәлелдемелер (бетінің ерекшеліктері, шашының түсі, бойы және т. б. ) .
Жоғарыда аталған дәлелдемелер жанама қабылдауға жатады, себебі олар шын мәнінде бар және істі тергеу барысында өз қасиеттерін жоймаған.
Дәлелдемелер істі дұрыс шешуде маңызды орын алатын мән-жайларды бекітудің құралы болып табылады [10. С. 197] .
ҚР ҚІЖК-нің 115-бабының 2-бөлігіне сәйкес дәлелдемелердің қайнар көздерінің бірі - өзге құжаттар болып табылады. ҚР ҚІЖК-нің 123-бабында құжаттар, егер олардағы ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар баяндаған немесе куәландырған мәліметтердің қылмыстық іс үшін маңызы болса, дәлелдемелер болып табылады деп көрсетілген.
Қылмыстық сот ісін жүргізуде материалдандырылатын дәлелдемелермен өткеннің бейнесін ойша қалпына келтіру арқылы шындыққа қол жеткізіледі. Осы шындық «дәлелдеме теориясыда» материалдық шындық деп аталады.
М. С. Строгович айтқандай: «Қылмысты ашу және қылмыскерді әшкерелеу, бұл дәлелдемелерді табу, зерттеу, бағалау қылмыстың оқиғасын шынайы анықтап, қылмыс жасаған адамды заңды жауапкершілікке тартуға мүмкіндік берді, оның кінәлілігін анықтайды, оған лайықты жазасын қолдануға көмектеседі» [9. С. 135] .
ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес әрбір дәлелдеме іске қатыстылығы, қолдануға болатындығы, шындыққа жататындығы, ал жиналған дәлелдемелердің жиынтығы қылмыстық істі шешу үшін жеткіліктілігі тұрғысынан бағалануы тиіс.
Дәлелдемелердің қасиеті дегеніміз - мазмұны мен нысаны іс жүргізу заңымен анықталатын, қатыстылық, жарамдылық және дұрыстылық сипатында кездесетін, мәліметтерден өзгеше дәлелдемелердің ерекшелігін құрайтын белгілердің жиынтығы.
Дәлелдемелерге келесідей белгілер тән:
Дәлелдемелердің қатыстылығы - бұл оның іс бойынша сәйкесті іс жүргізу шешімдерін негізге қоятын және мәні бойынша бағалайтын, істің материалдық-құқықтық мән-жайлары мен дәлелдемелер арасында себептік байланысты объективті түрде көрсететін фактілерді анықтаудағы жарамдылығы.
Дәлелдемелердің жарамдылығы - бұл дәлелдемелердің заңда көрсетілген дәлелдемелердің қайнар көздерінен алынуы және заңда белгіленген тәртіпке сай алынуы.
Дәлелдемелердің дұрыстылығы - бұл оның іс бойынша тексеру нәтижесінде анықталғандай ақиқаттығына ешқандай күмән келтірмейтіндей негізділігі мен шынайылығы.
Дәлелдемелердің жеткіліктілігі - бұл қылмыстық істі дұрыс шешуге негіз болатын және осы іс бойынша тексеру нәтижесінде анықталған мән-жайлардың толық, жеткілікті түрде болуы.
Ф. Энгельс дәлелдемелерді ғылыми жіктеудің негізінде жіктеу пәнінің объективті айырмашылықтарын ескеру қажет деп есептейді.
Дәлелдемелер дәлелдеу процессінде пайда болуына қарай, құрылымына қарай және атқаратын қызметіне қарай әр түрлі болып келеді. Дәлелдемелердің барлық белгілерін бірдей негізде бір жүйеге келтіріп жіктеу мүмкін емес.
Кез-келген ғылым саласының қиын да күрделі жоспарлы сипаты сәйкесінше қиын да жан-жақты сипаттауды қажет етеді. Сондықтан да дәлелдемелерді жіктеу де бірнеше негіздерге сүйене отырып, тармақталған жүйеде жүзеге асырылады.
Дәлелдемелердің құрылымын жіктеу кезінде екі жағдайда қиындық туындайды. Бірінші жағдай - дәлелдеу процессі құрылымының қиын да көп жоспарлығының салдарынан. Бұл жағдай тура және жанама дәлелдемелерді жіктеу кезінде көрініс табады. Ал екінші жағдай - дәлелдеме теориясында кездесетін көнерген (историзмдер мен архаизмдер) және күрделі терминдермен байланысты болады [12] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz