Ғайыпты болжау мүмкін бе?


ҒАЙЫПТЫ БОЛЖАУ МҮМКІН БЕ?
авторы: Шорабек Айдаров
Қазір имандылыққа деген ұмтылысты адам бойындағы табиғи құбылысқа жатқызып жүр. Ол дұрыс та. Иман - сену, илану деген мағынаны білдіреді. Адам баласы әйтеуір бір нәрсеге сеніп өмір кешеді. Ал, мұсылман бір Аллаға ғана сенеді, бір Аллаға ғана құлшылық етеді. Өйткені, адам Аллаға құл болмаса, Алла оны басқа нәрсеге құл қылып қояды екен. Аллаға құлшылық ету абыройлы іс және адамды жәннатқа апаратын амал. Ал, Алладан басқаға құлшылық ету нағыз бақытсыздық болып табылады. Ол - ақыреттегі азапқа дұшар етіп, адамды дозақтың мәңгі тұрғынына айналдыратын қылық.
Ақыреттегі Алла азабына Алла Тағала тыйым салған ғайыпты болжау істері де (бақсы-балгерлік, көріпкел-сәуегейлік) душар етеді. Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) : «Егер біреу көріпкел немесе балшыға барып, болжамына иланатын болса, онда ол Мұхаммедке (с. ғ. с. ) түсірілген нәрсеге күпірлік еткен болады» деген екен. (Хадисті Бұхари мен Мүслім риуаят еткен) . Аллаһтың Елшісінің тағы бір хадисінде көріпкелге барған және оған сенген біреудің қырық күндік намазы қабыл болмайтыны айтылады. Өйткені, бұл Аллаһтан өзге нәрсеге сиынушылық және одан көмек күту болып саналады. Бақсы-балгерге және көріпкелге барып, сәуегейліктеріне сену - оларға құлшылық қылу болып табылады. Яғни, бұл - Аллаһқа серік қосу. Ал, серік қосу - Алланың кешірмейтін күнәсі.
Бір қауіптісі, көптеген балгерлер мен көріпкелдер Исламның атын жамылып жұмыс жүргізеді. Оларға дініміздің түбегейлі қарсы екенін елдің бәрі түсіне бермейді. Көптеген адамдар оларды тақуалармен шатастырады. Сөйтіп, білімсіздіктің салдарынан осындай сәуегейлердің қармағына түсіп қалатындар жиі кездеседі. Құдайдың емес, құлқынның құлы болып кеткен бақсы-балгерлер аздаған пайда үшін адамдарды тура жолдан тайдырады. Әйтпесе, көріпкелдің ешқайсысы да болашақты болжай алмайды. Балшының барлығы да адамдарды алда не күтіп тұрғанын білмейді. Сонда, олар халықтың бір бөлігін өздеріне қалай сендіріп алған? - деген заңды сұрақ туады.
Әбу Һурайра (р. ғ. ) Пайғамбарымыздың (с. ғ. с. ) төмендегідей ескертуін хабарлайды. «Аллаһ Таъала аспаннан әмір берген кезде, періштелер Оның сөзіне бой ұсынып, қанаттарын кағады. Қанаттарынан шыққан дыбыс - жылтыр тасқа түсіп кеткен шынжырдың үніне ұқсайды. Періштелер Аллаһтың сөзінен қалтырап кетеді. Олар жүректерінің шошынғаны басылған кезде, біреулері «Тәңірлерің не деді?» десе, басқа біреулері «ақиқатты» айтты және Аллаһ аса Жоғары және өте зор» дейді. Бұл хабарды тың тыңдап жүрген шайтан естиді. Шайтандар бірінің үстіне бірі шығып, аспанға жететін еді. Жоғарыдағы мәліметті алдымен естіген шайтан оны өзінен төменгі шайтанға хабарлайды, ол естігенін өзінің астындағы шайтанға жеткізеді. Олар осылайша бұл мағлұматты сиқыршыға не көріпкелге білдіреді. Алайда, шайтан хабарды жеткізуге үлгерместен өзіне атылған жұлдыз-оққа ұшуы мүмкін, немесе жұлдыз келіп соққанша, хабарды беріп үлгеруі де ықтимал. Ал, көріпкел өзіне жеткен шын мағлұматқа жүз өтірік қосып айтады. Халық: «Осы уақытта осындай оқиға болады деп айтқаны расқа шықты емес пе?» деп шайтандар аспаннан алып келген хабарға сенбеске шарасы қалмай алданады». (Хадисті Бұхари және Әбу Дәуіт риуаят еткен) .
Міне көріпкел-сәуегейлердің кейбір құпия сырларды қалай біліп қоятыны осы хадистен анық аңғарылып тұрған жоқ па? Бірақ, олар болған оқиғаның бір пайызын ғана дәл айта алатынын естен шығармалық.
Бұл хадистен көріпкелдер мен балгерлердің жын-шайтандармен байланысы болатыны аңғарылады. Әйтсе де, олар жын-шайтандардың көмегіне қанша жерден сүйенсе де, болашақты болжауға құдыреті жетпейді. Сол себепті, Аллаһ Таъала былай дейді:
«Біз оның (Сүлейменнің ғ. с. ) өліміне үкім берген заманда, жындарға оның өлімін, оның таяғын жеген бір жердің құрты ғана көрсетті. Сонда ол жығылған сәтте, жындарға аян болды. Егер жындар, көместі (ғайыпты) білген болса, олар ауыр машақатта қалмас еді». (34:14) .
Сүлеймен (ғ. с) Масжид Ақсаны жындарға салғызып жатып өлсе де таяғына сүйеніп тұрғандықтан жындар оның көз жұмғанын сезбей, жұмыстарын істей береді де, таяғын құрт жеп құлап түскенде бір-ақ біледі. Егер жындар ғайыпты білетін болса, Сүлейменнің өлгенін сол сәтте-ақ көріп, жұмысын тоқтатып тастаған болар еді. Ендеше, жын-шайтандарда да болашақты болжайтын кереметі жоқ екені ақиқат. Сонда, балгерлердін сыйынғаны - жындардың жағдайы әлгіндей десек, олардың өздері туралы не айта аламыз?! Сондықтан көріпкелге, бақсы-балгерге еш сенуге болмайды. Осыған орай Құран Кәрімге тағы бір құлақ түрелік:
«Көктер мен жердегі көместі (ғайыпты) Алладан баска ешкім білмейді». (27:65) .
«Көместі (ғайыпты) ң кілттері Оның (Алланың) жанында. Оны Ол өзі ғана біледі». (6:59) .
Міне, көріпкелдердің ешқандай көместі (ғайыпты) ң сырын көре алмайтынын айғақтауға осы дәлелдер жетіп аспай ма?!
Аллаһ Таъала берген артықшылыққа - айырықша мұғжизаға ие Пайғамбарымыздың да болашақты болжай алмайтынын мына аяттардан аңғарамыз:
«(Мұхаммед ғ. с) : «Аллаһ қаламайынша, өзім үшін пайда, зиян келтіру күшіне ие емеспін. Егер көместі (ғайыпты) білген болсам, әрине жақсылықты көбейтіп алар едім. Сондай-ақ, маған бір сәтсіздік жұғыспас еді. Мен иман келтірген елді, қорқытушы, қуандырушы ғанамын» де». (7:88) .
Аллаһ Тағала Өзінің сүйікті құлы әрі Елшісі Мұхаммедке (с. ғ. с. ) ғайыпты болжау кереметін бермеген, онда басқаларға ондай қабілет қайдан дарысын?! Алайда, көріпкелдікті оңай табыс табу көзіне айналдырып алған дүниеқоңыздық, өзгелерді өзіне табындырып қоюды мақсат тұтқан атаққұмарлық сәуегейлерге ештеңені ойлантпайды. Олардың иманы өте әлсіз келеді, Аллаһтан да қорқа бермейді. Әйтпесе, Аллаһ Таъаланың тиым салған нәрселерін істемеген болар еді.
Қазір, сәуегейлікпен шұғылданүшылардың қатарына өздеріне үміт артқандардың «рухани ауруларын» емдейтін емші-құшнаштар да жатады. Адамдарды тура жолдан адастырып, оларды әулие-әнбиелерге табындырып, молаларды аралатып жүргендер де осындай тәуіпсымақтар екені даусыз. Олардың жанын қоярға жер таппай келген науқастарға қоятын бір-екі ғана диагнозы бар: «Сенің ата-бабаң әруақты адамдар болыпты, солардың әруағы саған қонайын деп жүр екен. Егер сен әулиелердің басына барып, алдынан өтіп тәу етпесең, әруақтың сені қинағаны қинаған. Егер әулиелердің саған мейірімі түссе - ауруыңнан кұлан-таза жазыласың және өзіңе де әруақ қонып, адам қарайтын қасиетке ие боласың» - деп сайрайды.
Дертіне шипа іздеп жүрген діни сауатсыз жандар көріпкелдердің айтқан сөздеріне шын көңілімен сеніп қалады. Алғашында олар ауруынан айығып кеткендей сезінеді. Өйткені, бұл адамның дертінің өзі жыннан болған рухани ауру еді. Ал, «Жынды жын алады» деген мәтелдің мәні - тәуіпке қаралып тәуір болатын аурулардың құпиясын ашып көрсетеді деуге болады. Бұл жәйт ауру адамды тәуіпке тәуелді әрі кіріптар етіп қояды. Егер ауру адам тәуіптің айтқанын істемесе, ол ауруынан жазылмайды. Ауруынан айығу үшін ол да солар құсап емші-құшынаш болып ел қабылдап, адам қарауға ниеттенуі керек. Сөйтіп, Алла кешірмейтін ауыр күнәға ұрынуға мәжбүр болады. Сондықтан, көріпкел емшіге сыйына бастайды. Бұдан өткен ширк бола ма?
Бұл жерде ескертетін бір жәйт - ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген жөн. Кімде-кім Исламды дұрыс ұстанып, тиісті дұғаларды оқып жүрсе, ол рухани ауруға ұшырамайтын болады.
Емші-құшнаштардың ауруларға қоятын екінші ортақ диагнозы мынау іспеттес: «Сені біреу дуалапты. Ол - жылдам сөйлейтін әйел адам, сені көре алмайды екен, сондықтан жолыңды жабу үшін сені дуалап, осы дертке душар етіпті». Мұндай сөзді естіген ауру айналасының бәрін жау көреді, өзі «мына әйел жылдам сөйлейтін секілді екен» деп, маңындағыларды еш себепсіз жек көре бастайды. Осылайша жақын адамдар арасындағы татулық, сыйластық бұзылады. Бұл - көріпкелдерге алданған жандардың бір ғана қателігі. Тізе берсек, олардың бұдан да басқа жағымсыз ісі тіпті көп. Мұның бәрі азғырушының айла-амалынан туындайтыны даусыз.
Бақсы-балгер, көріпкел, емші-құшнаш болсын Ислам атын жамылатынын жоғарыда айтып кеттік. Ауырып барғандарға «сен намаз оқы» - деп бұйыратын да сәуегейлер бар. Бірақ, бұл олардың «науқас адам ғибадат етіп, Аллаһқа жақсын» деп емес, өздеріне оның көңілін сендіру үшін жасайтын амалы. Жалпы алғанда, емші-құшнаштардан жанына - дауа, дертіне - шипа іздеуі - мұндай замандастарымыздың Ислам дінінен білімі жоқтығының салдары. Сәуегейлердің барлық әрекеттері - Ислам дініне қарама-қайшы бағытталады. Яғни, дінді жақсы білген адам сәуегей-емшіге ешқашанда бармайды. Нағыз мұсылман денсаулықты бір Аллаһтан ғана тілеп, ауруынан айығу үшін ғылымға сүйеніп ем жасайтын дәрігерлерді ғана себепші қылады.
Сол себепті Аллаһ Таъала былай дейді:
«Немесе қиналғандар, өзіне жалбарынғанда қабыл етіп, қиыншылықты айықтыратын және сендерді жер жүзіне орынбасар қылатын кім? Аллаһпен бірге басқа тәңір бар ма? Өте аз түсінесіңдер». (27: 62) .
«Аллаһ егер саған бір зиян келтірсе, сонда оны өзінен басқа ешбір айықтырушы жоқ. Ал, егер саған бір игілік тисе, Оның әр нәрсеге толық күші жетуші». (6:17) .
Иә, осындай түсініктің аздығынан бүкіл әлемді жаратушы Аллаһ Таъалаға адал құл болудың орнына, қолынан алдаудан басқа еш нәрсе келмейтін көріпкелдерге кіріптарлықка түсетіндер жайында не деуге болады?
Бұл - адасу! Жай ғана адасу емес, ешқашан кешірім етілмейтін ширк күнәсіне алып баратын - адасу! Бұл - мәңгі бақи тозаққа күйдіретін адасу. Аллаһ сақтасын!
Көріпкелдердің тағы бір тобы - әруақтар мен адамдар арасында делдалдық қызмет атқарады. Олар абыройлы әрі қалталы азаматтарды ата-бабаларыңның әруағыңмен жолықтырамын деп, пайдаға шаш-етектен батады.
«Міне, сенің пәлен бабаңның әруағы менің кеудеме келіп кірді, енді оның үнін естисің» - деп дереу дауысын құбылтып жіберіп, тыңдаушының бабасы болып сайрай жөнеледі. Бұл жерде сәуегей қалталы азаматты алдап соғып, сыбаға айырып қалу үшін жанын жалдап, пұлға құл болып тұр, ал, алданушының азаматтың мұнысы - арғы ата-бабасының әруағымен жолығып, ақ батасын сұрап алса, ол мұны қиналғанда желеп-жебеп, қорғап-қолдап жүре ме деген дәмелі ойдан туған дәрменсіздік. Аңғарсақ, алдаушы да, алданушы да оңбай ұтылады, екеуі де Аллаһ Таъалаға серік косып, күнәға белшесінен батады! Екеуі де бұ дүние несібесі үшін, ақирет несібесінен қағылады. Ал, ширк жасағаны үшін шын жүректен өкініп, кең де өте кешірімді Тәңірімізден кешірім сұраса, онда, ин ша Аллаһ, Жаратушы Иеміз кешіреді.
Аллаһ Таъала өзінің рахымын былай білдіреді:
«Аллаһтан өзгеге табынғандарың сендерге ризық бере алмайды. Онда, ризықты Аллаһтың қасынан іздеңдер. Оған құлшылық қылыңдар да, Оған шүкір етіңдер. Сол жаққа қайтарыласыңдар». (29:17) .
Әйтсе де, діннен хабарсыз халық құлшылық жасап - сиынатын нәрсені өзінің айналасынан, көзіне көрініп тұратын жерден іздейді. Өзгелерден әлдебір ерекшелігі бар адамдарды «әулие» тұтып, киесі бар деп ұғады. Алайда, көп пенделер «әулие» сөзін бір ғана адамға бағыштап айтуға болмайтынын, ол «уәли» сөзінің көпше түрі екенін білмейді. Уәли - Аллаһтың жақын досы деген сөз, ал, әулие - Аллаһтың достары деген көпше түрдегі ұғым. Ендеше, бір адамды Аллаһтың достары деп айтуға бола ма? Әрине, болмайды. Өкінішке орай мұндай жағдай жиі кездеседі. Мәселен, халқымыз ерекше жағдайда өскен тал-дараққа «Әулие-ағаш» деген ат қойып алады. Сөйтіп, оған кұлшылық қылады. Бұл жерде ағашты - Аллаһтың достарына балап тұрмыз. Ағаштың - Аллаһтың достарынан бола алатынына қандай дәлел бар? Байқасақ, бұл жерлерде «әулие» сөзі бұрмаланып, бастапқы қалпындағы мағынасынан айырылып қалып, «құдіретті», «киелі», «қасиетті» деген ұғымға айналып кеткен.
Бәрін білетін Аллаһ былай дейді: «Және де, Аллаһтан өзге саған пайда, зиян келтіре алмайтын нәрселерге жалбарынба. Сонда, егер оны істесең, онда сен күдіксіз залымдардан боласың. (Мұхаммед ғ. с. ) егер Аллаһ саған бір зиян жеткізсе, сонда оны Аллаһтан басқа айықтырушы жоқ. Ал егер саған бір жақсылық қаласа, оның кемшілігін тойтарушы жоқ. Ол оны құлдарынан қалаған кісісіне береді. Ол өте жарылқаушы, ерекше мейірімді». (10:106-107) .
Бұл аятта құлшылығын бір Аллаһқа бағыттағандардан басқалардың бақытсыздыққа душар болатыны ескертіледі.
«…кім Аллаһқа ортақ қосса, расында Аллаһ оған жәннатты арам етеді. Оның орны - тозақ оты. Сондай-ақ, залымдар үшін жәрдемші жоқ…» (5:72) .
Әрине, Аллаһ Таъаланың азабына лайық жандар бұл аяттардың мағынасын түсінгісі келмейді. Қаһары күшті Аллаһтың ақирет азабына - адасушылар ұшырайды. Олар ақиқатты іздемейді. Ал, ақиқатты таппағандар, Аллаһты танымайды. Олар өздеріне пайда, не зиян келтіре алмайтын нәрселерге жалынып, Аллаһқа, серік қосады.
«Аллаһтан өзге қияметке дейін өзіне жауап бере алмайтын біреуге табынғаннан кім залымырақ. Әрине, табынғандары олардың жалбарынуынан хабарсыз». (46:5) .
Яғни, Жаратушы Раббымыздан басқа біреуге сиынып, көмек күту, оның қолдауына үміт артып, тілек тілеп, жалбарынудан өткен адасушылық жоқ екен.
Жоғарыдағы аяттан жалбарынып жасаған дұғаларды пұттар мен өлілердің (әруақтардың) ешқашан естімейтінін айқын аңғарамыз.
Амал нешік, біздің қазақ халқының бір бөлігі әруаққа сиынып, «әулиелер» жатқан молаларға табынуын әлі де қояр емес. «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» - деген қағиданың бүгінге дейін өз күшінде қалуы - осынау қатерлі сенімнің жаны сірілігін көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz