Валюталық жүйелер



Кiрiспе
1. тарау. Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы
1.1. Халықаралық валюталық жүйе
1.2. Халықаралық валюталық қатынастар
2.тарау. Валюталық бағам, валюталық "Қоржын" және құбылмалы, тұрақты валюталық бағамдар
2.1. Валюталық бағам және валюталық қоржын
2.2. Құбылмалы және тұрақты валюталық бағамдар

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тiзiмi.
Дүниежүзілік шаруашылық жүйенің қалыптасуы, елдер арасындағы экономикалық байланыстардың интернационалдануы – ұлттық шаруашылықтар қызметінің жеделдеуіне әкеп соғады. Осыған байланысты аталған үрдісте қызмет көрсетуші құрал ретіндегі халықаралық валюталық-қаржылық қатынастар қалыптасады.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтерінің қалыптасу тарихы антик дәуірде пайда болған. Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде валюталық қатынастар вексельдік және айырбастық қызмет түрінде жүргізілген. Валюталық қатынастар Орта ғасырда, Лионда, Антверпенде және Батыс Еуропаның басқа да сауда орталықтарында «вексельдік жәрмеңкелер» түрінде жүзеге асырылған.
Халықаралық валюталық қатынастардың дамуына өндіргіш күштердің дамуы, дүниежүзілік нарықтың құрылуы, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі және шаруашылықтың дүниежүзілік интернационалдануы сияқты әсер етті.
Валюталық жүйе дегеніміз – валюталық қатынастарды ұйымдастырушы және реттеуші форма. Олар ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық келісімдірмен бекітілген.
Валюталық қатынастардың дамуы үрдісінде ең алдымен ұлттық валюталық жүйелер қалыптасты.
Ұлттық валюталық жүйе дегеніміз – елдің валюталық заңдылығымен бекітілген валюталық қатынастарының ұйымдастырылу формасы. Ұлттық валюталық жүйенің дамуы және оның ерекшеліктері белгілі бір елдің даму дәрежесіне, осы елдің экономикалық жағдайына және осы елдің сыртқы экономикалық байланыстарына тәуелді болады.
Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде халықаралық валюталық жүйелер мен халықаралық валюталық қатынастар қарастырылған. Екінші бөлімде валюталық бағам мен оның түрлері және валюталық қоржын қарастырылды. Курстық жұмыстың қорытындысында жасалынған талдаудың негізгі түйіндері мен ұсыныстары берілген.
1. Н. Қ. Мамыров, Д. М. Мадиярова, А. Е. Қалдыбаева «Халықаралық экономикалық қатынастар» Алматы - 1998.
2. Балабанов И.Т. валютные операции. – М., «Финансы и статистика», 1998.
3. Лавров С. Н., Фролов Б. А. «Валютно-финансовые отношения». – М., АО «Менатеп-Информ», 1994.
4. «Международные валютно-кредитные и финансовые отношения». Учебник / Под. Ред. Л. Н. Красавиной. – М., «Финансы и статистика». 1996
5. Петро М. «Международные экономические, валютные и финансовые отношения». – М., «Прогресс-Универс», 1995.
6.Көшенова Б.А. Ақша.Несие.Банктер.Валюта қатынастары. Оқу құралы/-Алматы: Экономика, 2000.

7.Саниев М.С. Ақша, Несие, Банктер. Оқу құралы-Алматы: Алматы экономика және статистика институты, 2001.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кiрiспе
1- тарау. Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы
1. Халықаралық валюталық жүйе
2. Халықаралық валюталық қатынастар
2-тарау. Валюталық бағам, валюталық "Қоржын" және құбылмалы, тұрақты
валюталық бағамдар
2.1. Валюталық бағам және валюталық қоржын
2.2. Құбылмалы және тұрақты валюталық бағамдар

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тiзiмi.

КIРIСПЕ

Дүниежүзілік шаруашылық жүйенің қалыптасуы, елдер арасындағы
экономикалық байланыстардың интернационалдануы – ұлттық шаруашылықтар
қызметінің жеделдеуіне әкеп соғады. Осыған байланысты аталған үрдісте
қызмет көрсетуші құрал ретіндегі халықаралық валюталық-қаржылық қатынастар
қалыптасады.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтерінің қалыптасу тарихы антик
дәуірде пайда болған. Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде валюталық қатынастар
вексельдік және айырбастық қызмет түрінде жүргізілген. Валюталық қатынастар
Орта ғасырда, Лионда, Антверпенде және Батыс Еуропаның басқа да сауда
орталықтарында вексельдік жәрмеңкелер түрінде жүзеге асырылған.
Халықаралық валюталық қатынастардың дамуына өндіргіш күштердің дамуы,
дүниежүзілік нарықтың құрылуы, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі және
шаруашылықтың дүниежүзілік интернационалдануы сияқты әсер етті.
Валюталық жүйе дегеніміз – валюталық қатынастарды ұйымдастырушы және
реттеуші форма. Олар ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық
келісімдірмен бекітілген.
Валюталық қатынастардың дамуы үрдісінде ең алдымен ұлттық валюталық
жүйелер қалыптасты.
Ұлттық валюталық жүйе дегеніміз – елдің валюталық заңдылығымен
бекітілген валюталық қатынастарының ұйымдастырылу формасы. Ұлттық валюталық
жүйенің дамуы және оның ерекшеліктері белгілі бір елдің даму дәрежесіне,
осы елдің экономикалық жағдайына және осы елдің сыртқы экономикалық
байланыстарына тәуелді болады.
Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер
тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде халықаралық валюталық
жүйелер мен халықаралық валюталық қатынастар қарастырылған. Екінші бөлімде
валюталық бағам мен оның түрлері және валюталық қоржын қарастырылды.
Курстық жұмыстың қорытындысында жасалынған талдаудың негізгі түйіндері мен
ұсыныстары берілген.

1- тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ
ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҰҒЫМЫ.
1.1. Халықаралық валюталық жүйе
Халықаралық валюталық қатынастар - бұл ұлттық шаруашылық
қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және
дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын
қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері - вексель ісі түрінде
Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері Лиондағы
"вексель жәрмеңкелері" мен басқа да Орта ғасырлык Еуропадағы сауда
орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді.
Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен,
дүниежүзілік нарықтардың кұрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің
тереңдеуімен байланысты болды.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-
ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатынастар қатысты халықаралық
экономикалық қатынастарға делдал болады.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлтгық және дүниежүзілік экономиканың
дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты
валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда - бұл шаруашылық
байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан
валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан
қарағанда - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегіндегі валюталық
қатынастарды ұйымдастырудың мемлекетгік-құқыктық формасы.
Тарихта мынадай валюталық жүйенің типтері қалыптасқан: ұлттық,
дүниежүзілік, аймақтық.
Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды
қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға
көмектесетін валюталық-экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде
ұлттык жүйе пайда болды. Ұйымдық-зандық тұрғысынан қарағанда - бұл
шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде
қалыптасқан және халықаралық құқық нормаларын ескере отырып ұлттық
заңдылықтармен бекітілген, елдегі валюталық қатынастарды
ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы. Ұлттық валюталық жүйе
елдің акша жүйесінің бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық
шекарадан шыға алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел
экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен
анықталады.
Ұлттық валюталық жүйе мен дүниежүзілік шаруашылықтың даму негізінде
қалыптасқан және мемлекетаралық келісім-шарттармен бекітілген халықаралық
валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы - дүниежүзілік валюталық жүйе
өзара ажырамастай байланысты. Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің
мұндай байланыстылығы олардын біртұтас екендігін білдірмейді, себебі
олардың міндеттері, қызмет етуі және реттеу шарттары, жекелеген елдер
экономикасын және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әр түрлі болып
келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық жүйемен байланыстыратын, яғни
валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін, мемлекетаралық
валюталық реттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын
ұлттық банктер болып табылады.
Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасы
жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің
орналастырылуымен, өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен
анықталады.
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйе арасындағы байланыс пен
айырмашылықтар, олардың элементтерінен байқалады.
Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға - елдің ақша бірлігіне
негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе - бір немесе бірнеше
резервтік валюталарға немесе халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта - халықаралық төлем және резерв құралы функциясын
орындайтын, басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды
анықтауға базалық кызмет ететін, валюталар бағамын реттеу мақсатында
валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы елдердің
айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.
Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:
- дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспорттарында елдердің
билік ету позициясы;
- жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік-банктік мекемелердің
дамыған торабы;
- басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін, халықаралық
айналымдағы валютаның еркін айналымдығы және валюталық шектеудің болмауы.
Резервтік валюта мәртебесі эмитент-елдің экономикасына белгілі бір
міндеттемелерді жүктейді: осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру
қажеттігі, сауда және валюталық шектеулердің болмауы, девальвация
жүргізбеу. Сонымен қатар, ұлттық валютаны резервтік дәрежеге көтеру ұлттық
шаруашылық үшін төлем балансының тапшылығын ұлттық валютамен автоматты
түрде пайызсыз және мерзімсіз халықаралық несие алу жолымен жабу
мүмкіндіктері түрінде бірқатар артықшылықтар береді.
Халықаралық есептік ақша бірлігі - валюталық паритет пен валюталық
бағамды белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін
шартты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта
халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет ету үшін қажетті дүниежүзілік
несиелік ақша типтері ретінде СДР (арнайы қарыз алу құқығы) және ЭКЮ
(еуропа валюта бірлігі) қызмет етеді. Бұл халықаралық активтер қолма-қолсыз
халықаралық есеп айырысуларда елдердің арнайы шоттарына жазбаша жазу
жолымен: СДР - Халықаралық валюталық қорда, ЭКЮ–Еуропалық қауымдастыққа
ынтымақтастық валюталық Еуропалық қорында пайдаланылады. Олардың шартты
құны валюталық "қоржынға" кіретін валюталардың орташа өлшемді кұнын және
бағамдарын өлшеу негізінде есептеледі.
Валюталык "қоржын" 1973 жылы наурыз айынан бастап өзгермелі бағам
режимін енгізумен байланысты банктерді және халықаралық валюталы-несиелік
ұйымдарда қолданылады. Осы топтағы валюталар саны, олардың құрамы және
валюталық компоненттердің мөлшері орташа өлшемді бағам мақсатына байланысты
белгіленеді.
Валюталардың орташа өлшемді құны, топқа кіретін валюталардың АҚШ
долларына қатысты нарықтық құныньң сомасында есептеледі. СДР халықаралық
есептесу бірлігінің негізін құрған валюталық "қоржын" бес валютадан тұрады
(1.01.1991 ж. жағдай бойынша); АҚШ доллары - 40%, неміс маркасы - 21%,
жапон йені - 17%, француз франкі - 11%, фунт стерлинг 11%.
Елдің экономикалық және валюталық жағдайларына байланысты анықталатын
валюталардың конверсиялау дәрежесі валюталық жүйенің келесі бір элементін
сипаттайды. Басқа да ұлттық валюталарга еркін айырбасталатын, ақша
бірліктері ретінде еркін конверсияланатын валюталар болады. 1978 жылдан
бастап халықаралық валюталық қорлар мынадай ұғымдарды енгізген болатын:
- "еркін пайдаланылатын валюта", яғни халықаралық есеп айырысуларда
және валюталық нарықтардын негізгі операцияларында кеңінен қолданылатын;
- валюталық шектеулері бар, жартылай конверсияланған елдердің
валюталары;
- валюталар айырбасына тыйым салынған, елдердің конверсияланбайтын
валюталары.
Валюталық паритет - бұл валюталық бағамның негізі болып табылатын және
заңды түрде бекітілетін екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді.
ХВҚ Жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде белгіленеді.
Ұлттық валюталық жүйенің шегінде ХВҚ арқылы мемлекетаралық реттеу
объектісі болып саналатын валютамен жасалатын операцияларға шек қою, яғни
валюталык шектеу енгізілуде.
Халықаралық ақшалай талаптар мен міндеттемелерді мемлекеттік реттеумен
байланысты бейнелейтін және жекелеген елдің немесе барлық елдердің төлем
қабілетін сипаттайтын - халықаралық өтімділік валюталық жүйенің элементі
болып табылады. Халықаралық валюта өтімділігінің құрылымына шетел валютасы,
алтын, Халықаралық валюталық қатынастағы резервтік позиция, СДР және ЭКЮ-
дағы шоттар кіреді.
Халықаралық несиелік құралдарды пайдалану ережелерінің регламенттелуі
және халықаралық есеп айырысулар жүйелік халықаралық нормаларға (Женева
вексельдік және чектік конвенция, 1930ж.) сәйкес жүзеге асырылады.
Валюталық жүйенің институтциональдық құрылымы ұлттық және
мемлекетаралық деңгейлерде реттеледі.
Аймақтық валюталық жүйелердің пайда болуының себептерінің біріне, жаңа
валюталық орталықты құру және оны дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына қосу
жатады.
Аймақтық валюталық жүйе - валюталық бағамдардың ауытқуын азайту және
интеграциялық процессті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің
валюталық қатынастарын мемлекеттік-құқтық ұйымдастыру формасының және
экономикалық интеграция шегінде валюталардың қызмет етуімен байланысты
қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады (Еуропалық
валюталық жүйе, 1979 ж. наурыз).
Валюталық жүйенің даму кезеңдері өндірістің, дүние-жүзілік нарықтың,
халықаралық еңбек бөлінісінің, дүниежүзілік шаруашылықтың дамуымен
байланысты болып келеді.
Бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе өнеркәсіптік революциядан кейін
алтын монометаллизмі базасында алтын монета стандарты формасында
қалыптасты. 1867 ж. Париж келісімі алтынды дүниежүзілік ақшалардың жалғыз
формасы ретінде мойындады. Ұлттық және дүниежүзілік валюта және ақша
жүйелері біріктірілген болатын, себебі ақша дүниежүзілік нарықта төлемге
массасы (салмағы) бойынша қабылданды. Алтын стандарты өндірісті, сыртқы
экономикалық байланыстарды, ақша айналыс, халықаралық есеп айырысуларды
реттеуші ретінде белгілі бір роль атқарды.
Кейіннен классикалық алтын монета стандарты өзін түсіріп алды, себебі,
ол дүниежүзілік шаруашылықтың шаруашылық байланыстарына сәйкес келмеді.
1914 ж. валюталық шектеу енгізілді. Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында
пайда болған валюталық былықтан соң, алтын және жетекшi валюталарға
негізделген мемлекетаралық алтын девиз стандарты құрылды.
Екiншi дүниежүзілік валюталық жүйе 1922 ж. Генуэз конференциясындағы
мемлекетаралық келісіммен құрылды. 30 елдiң ақша жүйесі алтын девиз
стандарты базасында қызмет етгі. Ол кезеңдерде резервтік валюта мәртебесі
ресми түрде бір валютаға бекітілмеді, бірақ та фунт стерлинг пен АҚШ
доллары, жетекшiлік танытты.
Үшiншi дүниежүзiлiк валюталық жүйе 1944 ж. Бреттон-Вудстағы (АҚШ)
валюта-қаржы конференциясында рәсімделді. Қатысушылары 44 ел болды, ХВҚ
Жарғысы бекітiтiлп, онда дүниежүзілік валюталық жүйенiң мынадай қағидалары
анықталды:
- алтынға және екі резервтік валютаға (АҚШ доллары және фунт
(стерлингке) негізделген мемлекетаралық алтын девиздік стандарттың жүйесі
белгіленді. Бұл жерде алтын девиз стандарты халықаралық қатынастарда
сақталып, ал ақша жүйесi айырбасталмайтын несиелiк ақшаларға негізделді.

Бреттон-Вудс келiсімі бойынша алтынды пайдаланудың төрт негіэі формасы
қарастырылды: валюталардың алтындық паритеті және олардың Халықаралық
валюталық қорда есепке алынуы, халықаралық есеп айырысулардың қалдығын
жабатын ақырғы кұрал және халықаралық валюта өтімділiгінің компоненті. АҚШ
долларын алтынға теңестіру және оны шетелдік орталық банктерде 31,10352 г
(1934 ж.) тең 1 тройцк унциясы үшiн 35 доллар ресми бағада айырбастау
жүзеге асырылып, іс жүзінде долларлық стандарт орын алды:
- валюталық саясат және валюталық шектеу халықаралық келісім-шарттарға
бағынды;
- валюталық паритеттер алтынмен немесе АҚШ долларымен бейнеленді,
паритетгі өзгерту тек қана Халықаралық валюталық қордың рұқсатымен іске
асты;
- валюталық бағамдардың режимі белгіленді (±0,75%-паритеттен ауытқуға
болады).
60-жылдардың аяғынан бастап, үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе
кұлдырады. Төртінші дүниежүзілік валюталык жүйенiң қағидалары Кингстонда
(Ямайка) 1976-1978 жж. ХВҚ-ға мүше елдердің келісімімен рәсімделді. Онда
Халықаралық валюталық қор Жарғысына түзетулер енгізілді. Ямайка валюталық
жүйесінің негізгі қағидасы мыналар:
- СДР стаңдарты енгізілді, бірақ іс жүзінде долларлық стандарт
сақталды, себебі доллар СДР жүйесіндегі есеп айырысуларды көбірек
пайдаланды (валюталық қоржындағы доллардың үлесі - 40%, ресми валюталық
резервтерде - 60%-ға жуық). Бірақ Халықаралық валюталық қорға мүше елдерге
валюталық паритеттерін кез келген валютада белгілеуге құқық берілді, соның
негiзiнде көп валюталы стандартқа өту заңдастырылды;
- алтынды демонетизациялауға заңды түрде тыйым салынды: ресми баға,
алтындық паритет алынып тасталып, доллардың алтынға айырбасталуы
тоқтатылды;
- валюталық бағамдар режимін таңдауға құқық берілдi (1973ж.
6 наурыздан бастап өзгермелі бағамдар жүйесі енгізілді);
- ХВҚ арқылы мемлекетаралық реттеу күшейді.
Сонымен дүниежүзілік валюталық жүйе дағдарысқа ұшырауы ескі жүйенi
құлатуға және оны жаңамен ауыстыруға әкелді. Жаңа валюталық жүйені құруда
үш кезеңді бөліп қарауға болады:
1) жаңа валюталық жүйені кұру, алғышарттарын қалыптастыру,
қағидаларын анықтау;
2) құрылымдық біртұтастығын қалыптастыру, құруды аяқтау, жаңа жүйенің
кағидаларын біртіндеп іске қосу;
3) біртұтас және элементгері өзара байланысқан толыққанды қызмет
ететін дамыған дүниежүзілік валюталық жүйені құру.
Ямайка валюталық жүйесіне қарсы Еуропалық экономикалық қауымдастық
елдері 1979 жылы наурызда ваяюталар бағамын тұрактандыру және инфляция
деңгейін қысқарту жолымен Еуропадағы экономиканың өсуін қолдау мақсатында
Еуропалық валюталық жүйесін құрды. Бұл жүйе ЕМЖ мүше елдердің валюталық
бағамдарының айырмасын Еуропалық валюталық жүйе мүше елдердің ресми алтын-
доллар резервтерінің 20% біріктіре отырып, алтынды ЭКЮ-ді жартылай
қамтамасыз ету үшін пайдаланады. Валюталық бағамдардың режимдері барынша
мүмкін болар қатынастар валюталардың бірлесіп өзгеруі негізiнде өзара
ауытқу шегінде белгіленген, жаңа мүшелер үшін ±6% және басқа жағдайларда ±
2,25%. Еуропаның Орталық банктері белгіленген ауытқулар шегінде
интервенция жүргізеді. 1987 жылдан бастап маргинальды және
интермаргинальды интервенциялық стратегия жүргізілуде, маргиналдық
интервенцияның шектері диаграммада көрсетілген.
Еуропаның экономикалық жүйелері мен монетарлы саясатының жақындасуы,
экономикалық билікті көп ұлтты институттарға беруі, ЕВО шеңберінде келісім-
шарттарды реттеу және жүйелендіру барысы 1988 жылы Еуропалық валюталық
жүйесін құрудың алғышарттары болып табылды.
Одақты құрудың мақсаты - ЕО шегінде тауарлар, көрсетілген қызметтер
мен капиталдардың еркін қозғалысы; ақша саясатына, интервенцияның шекарасын
қалпына келтіруге, валюталар арасында тұрақты өзара қатынас белгілеу,
капиталдар нарығын ырықтандыруға қатысты бірігіп шешімдер қабылдау.
ЕВО 12 елінің мемлекеттерінің басшылары Еуропалық одақ жөнінде жоба
дайындап, оған 1992 жылы 7 ақпанда қол қойылды және оны Мастрихты келісім-
шарты деп атады. Келісім-шартта болашақ экономикалық және ақшалай одаққа
қатысты ережелер жинағы жасалып және бұрынғы ЕО келісім-шарттарына
толықтырулар мен түзетулер енгізілді.
Келісім-шартта мемлекеттердің Еуропалық валюта одағына кіру
критерийлері анықталды:
- инфляция деңгейі үш тұрақты қатысушы елдің орташа инфляция
деңгейінің 1,5%-нан аспауы тиіс;
- бюджет тапшылығы да өте өлшеусіз болмауы керек;
- ЕВО-ға мүше болған екі жыл ішінде валюта қысымға және
девальвациялануға ұшырамауы тиіс,
- ұзақ мерзімді пайыз мөлшерлемесі үш тұрақты елдің орташа деңгейінің
2%-нан аспауға тиіс.
Сонымен қатар, қатысушы елдердің ақша саясатын анықтайтын, оның
шарттарын жасайтын„ валюталық операцияларды жүзеге асыратын және валюталық
резервтерді қолдап отыратын, Еуропалық Орталық банк пен қатысушы елдердің
орталық банктерін қамтитын орталық банктердің жүйесі құрылды.
Қазақстан Республикасы Халықаралық валюталық қорға мүше бола отырып,
дүниежүзілік валюталық жүйелердің бірден-бір қатысушысы болып саналады.
- шарушылық байланыстардың интернационалдануы негізінде валюталық
нарықтардың интернационалдануының күшеюі;
- байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
- әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операцияларды
жасау;
- банктердiң корреспонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде
негізделетін валюталық операцияларды жүргізу техникасын біртұтастандыру;
- коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырғанда алыпсатарлық және
арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту.
1.2. Халықаралық валюталық қатынастар
Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланылатын
валюталар тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық
және ұлттық (жергілікті) болып бөлінеді.
Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік каржы орталықтарында
шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью-Йорктегі, Франкфурт-на-
Майнедегі, Париждегі, Цюрихе, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық
нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем
айналымында кеңінен қолданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылады.
Аймақтық және жергілікті нарықтарда белгілі бір конвертирленетін
валюталармен операциялар жүргізіледі. Оның қатарында сингапур доллары, сауд
риалы, кувейт динары және т.б. бар.
Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес, халықаралық
операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне (олардың
қатарында компаниялар, жеке тұлғалар және банктер болуы мүмкін) валюта
бойынша қызмет көрсететін сол елдің аумағында орналасқан банктердің жү-зеге
асыратын операцияларының жиынтығын айтады. Сонымен қатар, ішкі ұлттық
нарықтығы операцияларға жекелеген компаниялар арасында жасалатын
операцияларды, жеке тұлғалар арасындағы операцияларды, сондай-ақ валюта
биржасында жүргізілетін операцияларды да жатқызады. Жоғарыда келтірілген
сипаттамаға қарап, Қазақстанда ұлттық нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға
болады. 1997 ж. операциялар көлемі USD - 1124735 мың, DЕМ - 11165 мыңды
құрайды.
Cол немесе басқа елдің ішкі валюталық заңдылықтарының ырықтандырылуына
байланысты ресми валюталық нарық "қара нарықпен" толықтырылуы мүмкін. "Қара
нарықтың" болуы барлық ТМД елдеріне тән сипат. Қазақстанда Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының көптеп
ашылуы пайда массасын өсіру үшін банктер арасында бәсекені ұлғайта отырып,
"көше" нарықтарында валютамен сауданы азайтуға және соның нәтижесінде "қара
нарықтың" әрекет ету аясының қысқаруына әкелді.
Институтциональдық көзқараспен қарағанда, валюталық нарық банктер,
банкирлер үйін, брокерлік фирма және ірі корпорациялардың жиынтығын
білдіреді.
Қалған банктер мен брокерлік фирмалар өздерінің валюталық
операцияларын ірі коммерциялық банктердің жетекшілік етуімен, ережеге
сәйкес олардың қарамағында жүзеге асырады. Валюталық нарықтардағы валюталық
мәселелердің 95%-ға дейінгі банктер мен брокерілік фирмалардың үлесіне
келеді. Мұндай сызба, валюталық нарықты банкаралық нарық тәрізді сипаттауға
мүмкіндік береді.
Валюталық операцияларды жүргізуге құқылы банктер өкілетті немесе
девиздік банктер деп аталады.
Девиздік банктердің валюталық нарықтағы операцияларға қатысу дәрежесі
көп факторларға: банк шамасына, оның беделіне, шетелдік бөлімдер және
филиалдар тораптарының даму дәрежесіне, жүргізілетін халықаралық есеп
айырысулар көлеміне, телекс, телефон және т.б. байланыс жүйелерінің
жағдайына, банк саясатына байланысты.
Әдетте, валюталық операциялар банктер арасында тікелей жүргізіледі
(телекс немесе телефон бойынша), бірақ кейбір елдерде (Скандинавия елінде)
орталық банк өкілдерінің валюталық нарыққа қатысушылармен кездесетін
валюталық биражалар сақталған. Мұндай жағдай Қазақстан Республикасында да
әрекет етеді, яғни Қазақстан қор биржасында аптасына 2 рет валютамен сауда
жүргізіледі.
Нарықтың қатысушы барлық мүшелерін екі негізгі топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа пассивті қатысушылар, Яғни оларда валюталық операциялар
жүргізу қажеттілігі әр кездерде туындайды да, баға белгіленгенiн білу үшін
олар басқа банктерге өтініш жасайды (маркет-юзерлер). Активті қатысушылар
(екінші топ) өздеріне баға белгіленімін білуге өтініш жасайтын банктер үшін
бағаны белгілейді (маркет-мэйкерлер). Осы қатысушылар арасында әлемнің
барлық жерлеріне таралған бөлімше тораптары және үлкен дилерлер штаты бар
20-ға жуық банктер ерекше бөлінеді. Бұл банктер 100 млн. АҚШ долларындағы
(мәміленің стандартты сомасы - 5 немесе 10 млн.) ірі сомаға мәміле жасай
отырып, валюталық нарыққа маңызды ықпал етеді. Дүниежүзінің тек өте ірі
банктерінде валюталық департаменттер және валюталық операциялармен
айналысатын білікті дилерлер бар. Өз клиенттерінің тапсырмаларын ғана
орындайтын және валюталық операцияларды каражаттары есебінен жүргізбейтін,
халықаралық валюталық нарықта жұмыс жасайтын банктерге, өздерінің клиентi
мен банк арасындағы делдалдық ролді жетістіктермен атқару үшін, валюталық
операциялар туралы жалпы түсінігі бар банктік кызметкер болса жеткілікті.
Мысалға, 2000-ға жуық бөлімшелері мен кеңсесі бар, бірақ та үш бөлімінде
ғана (Франкфурт-на-Майнеде, Дюсельдорфта және Гамбургте) халықаралық
банкаралық валюталық нарықта операциялар жүргізетін валюталық департаменті
бар Германияның ірі коммерциялық банкі - Дойче Банкті алуға болады. Қалған
бөлімшелері валюталық операцияларды шектеулі сомалар бойынша, Дойче Банктің
үш бөлімшесінің бірінің "Сименс" каналы арқылы берілетін бағамдар бойынша
жүргізе алады.
Банктердің басқа да топтары ірі, бірақ азырақ диверсификацияланған
банктер болып табылады. Әдетте, олар бір, екі-үш валюталармен операциялар
жүргізуге маманданады және стандартты сомаларға баға қояды. Күнделікті
жұмыстарында бұл банктер брокерлік фирмалардың қызметтерін пайдаланады.
Брокерлік фирмалар 30%-ға жуық валюталық операцияларға қызмет етеді
және сол банкпен жұмыс жасайтын нақты брокер тұлғасында, екі банкінің
арасында - валюталарды сатушы және сатып алушы банктер арасында делдал
ролінде де жүреді.
Брокерлер делдал ретінде бола отырып, клиенттерден брокерлік
комиссиялық ақы алады (брокер арқылы сатылған немесе сатып алынған әрбір
миллион доллар үшін 20 АҚШ доллары), ол төлемді халықаралық тәжірбиедегідей
сатып алушы мен сатушы тең бөледі және онда котировка қосылмайды, әр ай
сайын тікелей брокерге төленіп отырады.
Брокер мәмiле жасайтын және баға белгілейтін өзінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық жүйе және оның түрлері
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ-ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖАЙЫНДА
1С Бухгалтерия жүйесі
АТФ банктiң автоматтандырылған жұмыс орнын жасау
Халыққаралық валюта қатынастары
Халыққаралық валюта табыстары
Валюта жүйесі жайлы
Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі
Халықаралық валюталық операциялар
Пәндер