Өзін-өзі басқару жүйесі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:
Жоспары:
Кіріспе
1 тарау Өзін-өзі басқару жүйенің теориялық негіздері
1. 1. Өзін-өзі басқару жүйенің түсініктері
1. 2. Өзін-өзі басқару жүйесінің қағидалары, ұғымы
1. 3. Өзін-өзі басқарудың әлеуметтік экономикалық
2 тарау Өзін-өзі басқарудың Қазақстанда даму деңгейі
2. 1. Халықаралық өзін-өзі басқару жүйесінің деңгейі.
2. 2. Өзін-өзі басқарудың құқықтық негізі
2. 3. Қазақстанда өзін-өзі басқарудың қазіргі деңгейі.
3 тарау Өзін-өзі басқару жүйесімен СТК-нің қарым-қатынасы
3. 1. СТК Қауымдастығы заңдылық базасы және бағыты.
3. 2. СТК-нің әлеуметтік экономикалық қамтамасыз етуі
Қорытынды
Сілтемелер
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның әлемнің барынша бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену жағдайында жергілікті өзін - өзі басқару органдарының өкілеттілігін кеңейту аксиома болып табылады. Жергілікті атқару органдарының сайланбалылығы демократиялық өзін - өзі басқарудың негізгі қағидасы, саяси тұрақтылықты қалыптастырудың тиімді құралы, биліктің халықтың алдындағы жауапкершілігін арттыру.
Бүгінгі таңда Қазақстанда жергілікті өзін - өзі басқаруды дамытуды заңдылықпен қамтамасыз ету мәселесі аса сезіледі. Қазақстан Республикахының Конституциясы оның құрылу мүмкіндігін мойындағанмен одан әрі іс қозғалған жоқ. Тиісті заң жобасы 1996 жылы дайындалып, Үкіметпен Парламентке ұсынылғанымен кері қайтарылған болатын. Мемлекеттік басқару сатыларының арасындағы өкілеттіктерді шектеу және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру тұжырымдамасы тек мемлекеттік басқару органдарына ғана қатысты.
Қазақстан Республикасы үшін жергілікті өзін - өзі басқару моделін тандағанда Еуропалық хартияның негізгі қағидаттарын басшылыққа алу қажет, өйткені жергілікті өзін - өзі басқаруға әлемнің барлың алдыңғы қатарлы дамығаң елдерінде заңмен кепілдік берілгең, ол жергілікті өзін - өзі басқарудың Еуропалың Хартиясында ГФР, Австрия Конституцияларында, Швецарияның жер туралы заңдарында және АҚШ пен Ұлыбританияда жеке заңда көрініс тапқан. Әлемдік практикада жергілікті, өзін - өзі басқарудың объективті және субъективті фактордарының әсерімен тарихи қалыптасқан әртүрлі типтері мен формалары бар. Жергілікті өзін - өзі басқарудың формалары мен әдістерінің дамуы азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуымен бір бағытта жүреді.
Осыған байланысты жергілікті өзін - өзі басқарудың қалыптасқан модельдерінің типтері аталған елдерде жергілікті салт - дәстүрлерге, мәдениетке, халықтың менталитетіне, экономикалық даму деңгейі мен басқа да жағдайларына барынша бейімделген. Жергілікті өзін - өзі басқарудың дамуының әлемдік тәжірибесін сыни тұрғыдан ой елегінен өткізіп Қазақстандық ұлттық дәстүрлер мен мәдениетке бейімдеу қажет және Қазакстан Республикасындағы мемлекеттік құрылыстың жалпы стратегиясын дайындауда ескеру керек. Қазақстандық мемлекеттің қалыптасуы мен дамуьшда жергілікті өзін - өзі басқару маңызды роль атқаруы тиіс. Бұған «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді даму стратегиясында, Қазақстанның егемен ел ретінде даму перспективаларына қатысты тағы басқа бағдарламалық бағдарламаларда баса айтылған. Алайда саяси және қоғамдық ортада, халықта жергілікті өзін - өзі басқарудың мәнін түсінуде бірлік жоқ, бірыңғай жалпыға бірдей ұғымдық аппарат қалыптаспаған, осыдан "келіп жергілікті өзін - өзі басқарудың рөліне тиісті баға берілмейді.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасу мен дамуы республикада көбінде мемлекеттік биліктің түрлі сатылар арасындағы өкілеттіктерді бөлісу, кірістерді түрлі деңгей бюджеттері арасында қайта бөлуге келіп соғады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін Республика заңдарымен белгіленген.
Жалпы заңға сәйкес жергілікті мемлекеттік билік органдары жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру мен дамытуға Қазақстандықтардың Конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және материалдық - техникалық жағдайларды жасауға міндетті.
Сондықтан жергілікті билік органдары жүйесің реформалау мен жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы Қазақстандық мемлекеттілікті дамудың жалпы стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылады.
Жергілікті өзін - өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуының әлемдік тәжірибесі бір елдің аясында жергілікті өзін -өзі басқарудың модельдер бір - бірінен жергілікті дәстүрлер мен мәдениетке, жергілікті қауымдастықтың өміріне әсер ететін экономикалық және басқа жағдайларға байланысты әртүрлі болуы мүмкіндігін көрсетеді. Осынан келіп өзін-өзі басқару, азаматтардың басқаруға қатысуы ретінде жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, жоғарғы инстанций шенеуніктер емес, тұрғындарға белгілі жергілікті қажеттіліктерге сай жүзеге асырылады. Сондықтан жергілікті өзін -өзі басқару азаматтық қоғаммен өзін-өзі ұйымдастыру белгілері бар қоғамда ғана өте тиімді.
Бүгінде Қазақстан демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басты. Демократиялық реформалардың құрамдас бөлігі ретінде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жасаудың жолдары қарастырылуда. «Жергілікті өзін-өзі басқару» ауылдық жерлерде тұрғындардың билікке қол жаймай, жергілікті маңызды мәселелерді өздеріне шешуіне мүмкіндігі туады.
Қазір жергілікті өзін-өзі басқарудың ортақ моделі қалыптаспаған. Әр аймақ өзінің экономикалық, саяси жағдайы мен тұрмыстық шаруашылық мәдениетінің деңгейіне қарай өзіндік жергілікті басқару жүйесінің элементтерін енгізуде.
Қызылорда облысында бұл салада 2004 жылдан бастап ауылдарда жергілікті өзін-өзі басқарудың бір элементі болып табылатын «селолық тұтынушылар кооперативін» [CТК] құру қолға алынды.
Қазіргі күнде облысымызда бүкіл елді мекендерді қамтыған 168 селолық тұтынушылар кооперативтері жергілікті тұрғындарға түрлі қызмет көрсетуде.
Тақырыптың мақсаты: Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары іске асып жатқан «жергілікті мемлекеттік басқару», «өзін-өзі басқару» туралы зерттеп, зерделеу. Дамыған мемлекеттердегі «өзін-өзі басқару» заңдарын негізге ала отырып, еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуы үшін маңыздылығын анықтау. Алға қойған мақсаттарға жету үшін бірнеше мәселелерді сынақтан алу керек. Мақсаттарды жүзеге асыруда мынандай міндеттерді алға қоямыз.
- өзін-өзі басқару жүйесінің түсініктері
- өзін-өзі басқару жүйесінің қағидалары, ұғымы.
- халықаралық өзін-өзі басқару жүйесінің деңгейі
- өзін-өзі басқару жүйесінің құқықтық негізі
- Қазақстанда өзін-өзі басқару жүйесі деңгейі
- өзін-өзі басқару жүйесіндегі СТК-нің рөлі
- СТК-нің әлеуметтік-экономикалық қамтамасыз етілуі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті өзін-өзі басқару заңдары туралы, ҚР-ның конституциясында шетелдік ғалым-экономистерінің моногра-фияларында, шетелдегі конституциялық тәжірибесін зерттей отырып оларға сүйеніп, отандық ғалымдардың монографиясында, ғылыми еңбектерінде, газет-журнал материялдарда және интернеттегі материалдар пайдаланылады.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе, ІІІ тарау, 7 тақырыпша, қорытынды, сілтемелер және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 тарау Өзін-өзі басқару жүйенің теориялық негіздері
1. 1. Өзін-өзі басқару жүйенің түсініктері
Жергілікті өзін - өзі басқару мына негізгі үш аспектті қамтитын күрделі әлеуметтік және саяси құбылыс:
- мемлекеттің әкімшілік жүйесінің әлементі;
- халық билігінің дербестік деңгейі;
- азаматтардың өзін - өзі ұйымдастыру тәсілі.
1. Мемлекеттік әкімшілік жүйесінің әлементі ретінде жергілікті өзін - өзі басқаруды саясатты мемлекеттік жүзеге асырудың біріккен жүйесіне енгізілуі тиіс, ол мемлекеттік биліктің орталық органдарымен қабылданған шешімдердің орындалуын құзырлылықтың айқын айырмасын қарастыратын бағыныштылық қағидаттарын негізге ала отырып қамтамасыз етуі тиіс.
2. Қоғамдық биліктің дербес деңгейі ретінде жергілікті өзін - өзі басқарудың халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өз жұмысын ұйымдастыру үшін шешім қабылдау өкіліттегі болуы тиіс.
3. Азаматтардың өзін - өзі ұйымдастыру факторы және азаматтық қатысудың бір формасы ретінде шешімдер қабылдауға азаматтардың бастапқы қатысуына мүмкіндік жасауды қарастырады.
Жергілікті өзін - өзі басқару азаматтардың мемлекетпен байланысын, олардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін өркениетті мемлекеттің маңызды институттарының бірі ретінде қарастырылады. Жергілікті өзін -өзі басқару туралы Еуропалық Хартияда, жергілікті өзін - өзі басқару деп жергілікті органдардың мемлекеттік істерді ұлттық заңдармен, жергілікті халық мүддесіне сай белгіленген өкілеттіктер аясында басқару құқығы мен шынайы жүзеге асыру қабілеттілігін айтады. Бұл құқық жасырын, тікелей, тең және жалпы дауыс беру арқылы сайланған кеңес немесе жиналыстар мүшелері арқылы жүзеге асырынады.
«Мемлекеттік басқару» - орталық үкіметтің аймақтық деңгейдегі қызметі, орталыққа бағынышты ұйымдар шешетін міндеттер, мемлекет жауапты мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз ету.
«Жергілікті басқару», «Жергілікті өзін - өзі басқару», «Жергілікті өзін - өзі басқару органдары» - қызметі азаматтар тікелей сайлаған органдар, халықтың жергілікті сайланған өкілдері арқылы жүзеге асырынатын ұйымдар.
«Жергілікті билік органдары» - орталық билікпен тағайындалған органдар.
«Өзі - өзі басқару» - сайланбалы органдар.
«Басқару» - тағайындалған органдар.
Билік. Мемлекеттік басқару мен азаматтардың өзін-өзі басқарудың ара қатынасы
«Билік - әлдебір қайраткердің әлеуметтік қарым-қатынастардың арқасында өзінің жеке мүддесін, басқа адамдардың қарсылығына қарамастан және сол мүмкіндігін күтілетін негізімен еш байланыссыз жүзеге асыра алатын жағдайда болатын мүмкіндігі».
Билік - бұқаралық мүдделер мен құндылықтарды жүзеге асыру үшін құрылған жүйе.
Билік - заңмен депутатқа, мәслихатқа, әкімге, мемлекеттік басқарудың аймақтық органдары мен өзін - өзі басқару органдарының жетекшілеріне жергілікті қауымдастықтың қоғамдық маңызды қорытындыларына қол жеткізу үшін берілген өкілеттік.
Билік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару субъектілерінің ықпалының қайнар көзі болып табылады.
Түсініктемелер:
«Билік» сөзі коптеген тілдер мен мәдениеттерде жағымсыз түсінікке ие. Бұл мүмкін билікті жемқорлықпен, күштеумен және тағы да басқа ассоциялауға бейімділікпен байланысты болар. Билік мына ұғымдарда карасты тенденциясы, олар:
- бұл ұғым өте саясаттандырылған;
- жергілікті саясаткерлер жауакершіліктен гөрі көбіне билікке ие;
- «билік» - жамандық, қасірет, мүмкін міндетті болуы да ықтимал;
- «билік» - кұштеу, қанау жүйесі;
Билік халық өкілдеріне ең соңғы кезектегі қажеттілік. Өкінішке орай бұл тұжырымдар шындыққа жақын. Әлемдегі елдердің ресми тұлғаларының билікті бас пайдасына пайдалану мысалдарын алыстан іздеудің қажетті шамалы. Әркім билікке баю үшін, саяси жағдайын жақсарту үшін талпынбайды деу қисынсыз. Сонымен қатар жергілікті өкімет органдарындағы жемқорлық өз жерлестеріне бағытталғандықтан барынша жағымсыз сипатқа ие болуы мүмкін. Мемлекеттік деңгейде, әрине тұлғалардың жақындығы айқын білінбейді, олар бір - бірін онша танымайды, сондықтан билікті асыра қолдану дербестенбейді.
Ақиқатында билік жақсы не жаман болып бөлінбейді. Бәрі билік сеніп тапсырылған тұлғалардың мотиві мен әрікетіне байланысты. Сонымен қатар, билік болмаса мәнді бір іс істеуде қиын. Сайланбалы көшбасшылар, әсіресе тиісті билікке ие және оны тиімді қолдана алатындар белгілі бір әкімшілік - аумақтық бірлік (аудан, қала, облыс) халқының мүддесін соғырлым табысты жүзеге асыра алады.
Мемлекеттік басқару органдарының негізгі міндеттері
1. Мемлекеттік саясатты дайындау, бекіту және жүзеге асыру мемлекеттік орган қызметінің перспективасының негізгі бағыттары ретінде.
2. Мемлекеттік әкімшіліктендіру (ағымдың реттеу) .
3. Халыққа негізгі әлеуметтік қызметтер ұсыну (білім беру, құқық жасаушылық, денсаулық сақтау, жәрдемақылар беру, жеке және занды тұлғаларға құжаттар беру)
4. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін қорғауды қамтамасыз ету, құқықтық дауларды шешу және олардың занды жауаптылығын анықтау.
Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін - өзі басқару үш негізгі міндетті шешуі тиіс:
1) Жергілікті халыққа негізгі әлеуметтік қызметтер көрсету: аймақ пен жолдарды абаттандыру, хальгқты тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй шаруашылығын қолдау және дамытуға ықпал ету, коммуналдық қызметтер көрсету (су, газ, отын, жылу, электр энергиясы), жергілікті көлік және байланыс қызметтері, қажетті медицинальгқ көмек, сауда, тұрмыс және мәдени қызметтер, жалпы орта білім желісін дамыту және қолдау.
2) Жергілікті ресурстарды дамыту және қолдану, оның ішінде табиғи, еңбек, қаржы, өндірістік, мүліктік және тағы басқа, халықты еңбекпен қамтамасыз ету үшін кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту, салықтық қорды кеңейту және әлеуметтік шиеленістерді болдырмау, мемлекеттік басқару органдары ұсынатын тағы да басқа қызметтер.
3) Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға қажетті жағдайларды дамыту: құқықтық тәртіпті нығайту, демократияландыру, азаматтық қоғам институттарын қалыптастыру мен ұйымдастыруды басқару, оның ішінде жергілікті және жалпы мемлекеттік деңгейдегі істерді шешу барысына азаматтарды белсенді тарту мақсатында - өзін-өзі басқару қарқылы.
Жергілікті мемлекеттік басқару қызметінің экономикалық және қаржылық негіздері.
1. Жергілікті бюджет.
2. Коммуналды заңды тұлғаларға бекітілген мүлік.
3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес коммуналдық меншіктегі басқа да мүлік.
Мемлекеттік басқару органдары үшін белгіленген негізгі талаптар мен шектеулер:
• жалпы мемлекеттік сыртқы және іштей, қаржылық және инвестициялық саясатқа сәйкес емес шешімдердің қабылдануын болдырмау;
• Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүддесін сақтау;
• Қызметтің қоғамдық маңызды салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды ұстану;
• Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау,
1. 2. Өзін-өзі басқару жүйесінің қағидалары, ұғымы
Жергілікті өзін - өзі басқару: ұғымы және қорытындылары.
Демократиялық қоғамда халық өз билігін:
- тікелей (жергілікті және республикалық референдумдар, тікелей, тең және еркін сайлаулар арқылы) ;
- сайланбалы мемлекеттік органдар арқылы;
- азаматтардың аймақтық аумақтық өзін - өзі басқару арқылы жүзеге асырады.
Жергілікті өзін - өзі басқару дегеніміз не?
Көптеген демократиялық елдерде жергілікті өзін - өзі басқару Конституциялың құрылыстың міндетті бөлігі болып табылады, оның мәні халық жергілікті маңызы бар мәселелерді дербес және өз атынан шешуге құқылы.
Жергілікті өзін - өзі басқарудың мемлекеттік басқарудан айырмашылығы?
Жергілікті өзін - өзі басқару - орталық өкімет немесе басқарудың жоғары тұрған аймақтық әкімшілігі жүзеге асыратын жергілікті әкімшілік - территориялық бірліктегі басқарушылық қызмет. Жергілікті мемлекеттік басқаруды жоғарғы өкімет тағайындайтын органдар (әкімдер) жүзеге асырады. Мысалы, Францияда, аймақтың басқару органы - Республика префекті Үкімет декретімен тағайындалып, ол Үкімет пен оның мүшелерінің халықпен байланысын білдіреді
Жергілікті өзін - өзі басқару белгілері қандай?
Жергілікті өзін - өзі басқарудың мынадай негізгі белгілері бар:
- аумақтық құрылымның дербес болу мүмкіндігі, ол жергілікті өзін - өзі басқарудың, оның органдарының қоғамды, мемлекетті басқару жүйесіндегі ұйымдастырушылық және экономикалық оқшаулығынан, аумақтық ұжымның занды тұлға статусынан көрінеді; әкімшілік - аумақтық бірлік аймағында күші бар, халықтың мүддесін білдіретін және соның атынан шешім қабылдау құқығына ие жергілікті өкілетті орағандардың болуы және нақты қызмет етуі;
Белгілі бір аймақ халқының жергілікті сипаттағы барлық негізгі мәселелер бойынша шешім дайындау және қабылдау барысына қатысу мүмкіндігі;
- Жергілікті өкімет органдарының барлық мүшелерінің кең демократиялық негіздегі сайланбалылығы, тұрақты ауыспалылығы мен сайлаушынар алдындағы есептілігі, басқару аппаратын бақылауды жүзеге асыруы;
- Жергілікті өзін - өзі басқару органдарының өз өкілеттілігі аясындағы жауаптылығы.
Жергілікті өзін - өзі басқарудың объективті қажеттілігі неде?
Бұл тетік не үшін қажет?
Оның қажеттілігін айқындайтын жағдайлар қазіргі заманғы демократиялық мемлекеттердің кез - келгені үшін бірдей және оның мәні:
1. жергілікті өзін - өзі басқару мемлекеттік басқаруды оңтайландыру әдісі, құралы ретінде қажет. Қалай болғанда да қазіргі заманғы демократиялық мемлекет жергілікті өзін - өзі басқаруға кепілдік бермесе, экономикалың және әлеуметтік процестердің тиімді, басқаруды қамтамасыз ете алмайды. Бұл процесстер өте күрделі және жан-жақты, сондықтан қоғамдық дамудың барлық мәселелерін тек орталықта шешу мүмкін емес.
Басқару қызметінің тиімділігін арттыру үшін өкілеттіліктерді, қолданылуы салықтың жалпы көзқарасы тұрғысынан оңтайлы нәтиже беретін деңгейге дейін «төмендету» керек. Ал бұл өз кезегінде жергілікті жағдайлар мен мүмкіндіктерді, әдістер мен тәсілдерді басшылыққа алуды талап етеді.
2. Жергілікті өзін - өзі басқару азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың бір нысаны ретінде қажет;
3. Әрине, бұл азаматтардың құқықтарын мемлекеттік механизмінің барлық деңгейіндегі басқаруда қолдануға жоққа шығармайды, алайда азаматтардың басқаруға кеңінен қатысуына тек басқаруды халыққа жақындату арқылы ғана шынайы қол жеткізуге болады.
Қауымдастық қай кезде өзін - өзі басқарушы деп танылады?
Қоғамдық жүйені өзін - өзі басқарушы ретінде сипаттайтын ең кемінде екі белгі бар, олар:
А) өз өмірінің мәселелерін өз бетінше, дербес шешуге (жоғарының нұсқауымен орындау емес) құқығы мен мүмкіндігі;
Ә) берілген жүйеге біріккен халықтың кең бөлігінің белгілі бір мәселелерді шешуге (яғни, басқару қызметін жүзеге асыруға) қатысуы.
Жергілікті өзін - өзі басқару дербестігі дегеніміз не?
Жергілікті өзін - өзі басқарудың дербестігі дегеніміз белгілі бір әкімшілік - аумақтық бірлік халқының өздері қарастыратын мәселелер шегін өздері айқындап, оларды шешуді қолданыстағы заңдарға сәйкес кез - келген билік құрылымының араласуынсыз тікелей өзі немесе өзінің өкілдері арқылы жүзеге асыру құқығы.
Жергілікті өзін - өзі басқару туралы барынша кең ұғым беретін қандай нормативті - құқықтық акт бар? Жергілікті өзін - өзі басқару туралы негізгі беделді Халықаралық құжат, Еуропадағы демократиялық дәстүрлер мен адам құқықтарын қорғау миссиясын жүзеге асыратын халыңаралың орган -Еуропалық Кеңеспен, 1985 жылдың 15 қазанында қабылданған «Жергілікті өзін - өзі басқару туралы Еуропалық Хартия» болып табылады. Оған 28 ел мүше, олардың қатарында Австрия, Дания, Германия, Полына, Словения, Ресей, тағы басқалар бар. Қазақстан бұл Хартияға мүше емес. Жергілікті өзін - өзі басқару Қазақстан Республикасынын қандай заңдарымен белгіленген?
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін - өзі басқару танылады, ол Қазақстан Республикасының Конституциясының 89 бабымен бекітілген. Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді халықтың дербес шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін -өзі басқару танылады.
Жергілікті өзін - өзі басқаруды мемлекеттік емес қоғамдық ұйым ретінде қарауға бола ма?
Бірден айтайық, оңтайынан жауап беруге негіздер жетіспейді. Ең бастысы, қоғамдың ұйымдар азаматтардың қалауымен пайда болады және таратылады, ал жергілікті өзін-өзі басқару органдары, муниципалды ұйымдар негізінен міндетті түрде құрылады, олар факультативті сипатта болмайды. Қоғамдық ұйымдар өз қызметінің бағыттарын өз бетінше анықтаса, жергілікті өзін - өзі басқару ұйымдары мен олардың органдарының жұмыс бағытын мемлекет императивті ретпен белгілейді.
Сондай - ақ, қоғамдың ұйымдарға бірігу адамдардың көзқарасынның ортақтығы негізінде жүрсе, жергілікті өзін-өзі басқару ұйымына бірігу адамдардың тұрғылықты мекен -жайының ортақтығы факторымен айқындалады. Адам тұрғылықты жерін өзгертпесе де қарым-қатынас, одақтарын өзгерте алады. Жергілікті өзін - өзі ұйымын өзгерту, мекен - жайын, тұрмыс жағдайын өзгерту дегенді білдіреді. Сонымен бірге, қоғамдық ұйымдардың қьгзметі жергілікті деңгеймен шектелмейді, ал жергілікті өзін - өзі басқару органдарының қызметі әкімшілік шектелген тұрғындардың төменгі аймақтық қауымдастық аясанда ғана жүреді. Сондай- ақ, егер қоғамдық бірлестіктердің басқарушы органдарының шешімі тек олардың мүшелері үшін ғана міндетті болса, жергілікті өзін - өзі басқару органдарының нормативті, өкілдік шешімдері өз өкілеттіліктері шегінде қабылданып, тек бағытталғандар үшін міндетті.
Қорыта келе, жергілікті өзін - өзі басқару ұйымдары ерікті қоғамдық бірлестіктер жиынтығына кірмейді. Олар - қоғамның бұқаралық - билік тетігінің бір бөлігі. Сонымен бірге, жергілікті өзін - өзі басқару органдарында бұқаралық билік және қоғамдық бастаулар тығыз үйлеседі.
Азаматтардың жергілікті өзін - өзі басқаруға қатысудың қаңдай нысандары бар?
Азаматгардың тікелей еркін білдіру нысандары:
- жергілікті сайлаулар;
- жергілікті референдум; азаматтар жиналысы (жиыны) ;
- халықтың заң шығарушылық бастамашылығы;
- азаматтардың жергілікті өзін - өзі басқару органдарына шағымдану.
Жергілікті өзін - өзі басқару органдары қандай мәселелерді шешуі керек?
Жергілікті өзін - өзі басқару органдары халыққа қызмет көрсетудң басты орталығы ретінде өздері шеше алатын, өздері шешуге тиісті, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуі керек.
Жергілікті маңызы бар мәселелер дегеніміз - белгілі бір аймақта тұратын халыңтың өмір сүру жағдайларын тікелей қамтамасыз ету мәселелері.
Жергілікті өзін - өзі басқару органдарының өкілеттілігі қандай заңмен белгіленеді?
Жергілікті өзін - өзі басқару органдарының негізгі өкілеттіліктері Конституциямен немесе заңмен (жергілікті өзін -өзі басқару таралы заңымен) белгіленеді. Алайда бұл тәртіп, жергілікті өзін - өзі басқару органдарына заңға сәйкес басқа да нақты өкілеттіліктердің берілуін жоққа шығармайды.
Жергілікті өзін - өзі басқару экономикалық негізін не құрайды?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz